Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет54/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

ҮРДІСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 

 

520 

 

Өз  ана  тілін  құрметтей  білетін,  оның  сөздік  қорын  мейлінше  жоғары 



игерген  оқушыдан  таным-түсінігі  терең,  қазақтың  салт-дәстүрін,  ұлттық 

құндылықтарын бойына сіңірген тұлға тәрбиелеп шығару. 

 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  көркем  мәтін,  синоним, 

картотека. 



 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – 

Қазақстан  дамуның  басты  бағыты»  атты  жолдауында  [4]  жүктелген  міндетке 

сәйкес  елімізде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

мақсатында  бес  жылдық  ұлттық  жоспар  қабылданғаны  баршаға  аян.Ұлттық 

жоспардың басты мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдіру үшін негізгі 

бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 

атқарылар  шаралардың  жүйелілігі  мен  тұтастығын  қамтамасыз  ету.  Сонымен 

қатар, оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Ол орта білім 

жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылғандықтан да 

оқушылардың  қалай  оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік 

дәлел-уәждерін  нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  пікір-

көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын 

оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды [5]. 

Функционалдық  сауаттылық  дегеніміз  –  адамдардың  (жеке  тұлғаның) 

әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы 

және  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  факторы,  яғни  бүгінгі 

жаһандану дәуіріндегі заман ағымына жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның 

мамандығына,  жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы 

басшылыққа  алынатын  функционалдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық 

тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік. 

Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың  төрт  негізгі 

механизмін  бөліп  көрсеткен.  Ұлттық  жоспарда  көрсетілген  функционалдық 

сауаттылықтың механизмінің бірі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. 

Бағалау  жүйесі  функционалдық  сауаттылықта  сырттай  бағалау  және  іштей 

бағалау  болып  бөлінеді.  Іштей  бағалау  –  оқу  пәні  бойынша  оқыту  сапасын 

диагностикалау  және  мемлекеттік  жалпыға  білім  беру  стандарты  өлшеміне 

сәйкес  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Ал  сырттай  бағалау  –  әрбір  деңгейді  аяқтау 

бойынша  білім  алушының  оқу  жетістіктерінің  нәтижелеріне  сәйкес  (ҰБТ, 

ОЖСБ),  сондай-ақ  халықаралық  зерттеулерге  (TIMSS,  PISA)  қатысуы  арқылы 

жүзеге  асырылады.  Білім  алушылардың  өзін-өзі  бағалауы,  ұйымдастыруы, 

жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. 

«Сыныптағы  бағалау  тек  қана  техникалық  тәсіл  емес,  мұғалімдер 

жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын 

кез-келген нысанның артында объективті емес нормалар мен стандарттар ғана 

емес,  сондай-ақ  баланың  дамуы,  оқу  және  ынтасы  туралы  түсінік,  сонымен 

қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты 

құндылықтар жатады» [Александер 2001]. 



521 

 

Осы пікірді алға тарта отырып, оқушылардың түсіну дәрежесін бағалауда 



қалыптастырушы және жиынтық бағалау негізінде жүргізуге  тырыстым. Өзін-

өзі  бағалау  және  жұптық,  топтық  бағалау  негізінде  бағаланды.  Бұл  оқушылар 

үшін  үлкен  өзгеріс  еді.  Себебі  бұрын  оқуда  немесе  басқа  сабақтарда  тек 

суммативті  бағалау  болатын.  Оқушыларға  бірін-бірі  бағалау,  өзін-өзі  бағалау 

бағалау  ұнады.  Әрине  алғашқы  сабақтарда  жақсы  болды  деу  өте  қиын.  Осы 

мақсатта  түрлі  әдістерді  қолдандым.  Сабақ  барысында  түсіну  дәрежесін 

жақсартуда  кері  байланыс  орнаттым.  Рефлексия  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек», 

«Бағдаршам» арқылы кері байланыс орнаттым, берілген стикерлерге қағаздарға 

сабақ туралы, оқушылар өз пікірлерін жазып қалдырады. Оқушылардың оқуды 

бағалауға  қызығушылықтары  арта  түсті.  Өз  тәжірибем  барысында  оқыту  мен 

оқуды  оңтайландыру  бағытында  бағалаудың  дәстүрден  тыс  үрдісін  қолданып 

отырдым. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы оларды білімге құштарландырып өз 

білім  дәрежесін анықтауға  оқу  үрдісін  жақсартуына  көмектесетінін байқадым. 

Оқушылардың  өзін-өзі,  бірін-бірі  бағалауы  арқылы  өзін-өзі  реттей  отырып,  өз 

білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате 

кеткен  жерлерін  түсініп,  әділ  бағалауды  үйренеді,  дағдыланады.  Бағалау 

оқушылардың  өзі-өзінің,  басқалардың  ойлары  мен  жұмыс  жасауын  бақылау 

болып  табылатындықтан  оқушы  өзінің  ойлауын,  түсінуін,  тәртібін  қадағалап 

отыруды  үйренеді,  дағды  қалыптасады.  Мұны  іс-тәжірибе  жасау  барысында 

байқадым.  Оқушыларға  әртүрлі  бағалау  әдістерін  қолданып  көрдім.  Мұндағы 

мақсатым – оқыту үшін бағалауда қайсысы ыңғайлы екендігін байқау. 

Алғашында бағалау кездерінде кішкене қиындықтар болды, айтар болсам 

оқушылар өздеріне жоғары  баға беріп, бірін-бірі  көтермелеп  қойды, бірақ  бұл 

алғашқы  кезде  ғана  орын  алды.  Сонымен  қатар,  өздерін  сыныптастарының 

бағалауына  келіспей,  өздерінің  кемшіліктері  мен  жіберген  қателіктерін  ескере 

отырып  әділ  бағалайтындар  да  кездесті.  Сабақ  барысында  оқушылар 

бағалаудың  маңыздылығын  түсінеді.  Ол  топтардың  бірін-бірі  бағалауы, 

марапаттауынан  көрінеді.  Осының  нәтижесінде бала  жауапкершілікті  сезінеді, 

өз  білімін  жетілдіру  қажеттілігін  түсінеді,  талдау  жасауды  және  өз  білімін 

басқалармен  салыстыруды,  білім  алу  барысында  шешімдерді  қабылдай  білуді 

үйренеді.  Білімін  жақсарту  үшін  бағалауды  түсінеді.  Қорыта  келгенде 

оқушының  өзін-өзі  бағалауы  оқуға  деген  оның  қызығушылығын  арттырып, 

білім  алуға  көп  көмегін  тигізеді,  өзінің  оқуын  қалай  жақсартуға  болатынын 

түсінеді. 

Функционалдық  сауаттылықтың  механизміне  қосымша  білім  және 

мектептен  тыс  сабақтармен  қамту  жатқызылады.  Жүсіпбек  Аймауытовтың 

мына  бір  қағидасын  басшылыққа  алсақ,  функционалдық  сауаттылықтың  бұл 

механизмі жүзеге асқан болар еді: «Балаға ең қымбат, ең жылы, ең жақын нәрсе 

–  туған  жері,  туған  жерінің  құбылыстарын  білу  балаға  өте  қызық.  Мұндай 

оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың 

санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет 

тұрмысына,  төңіректегі  әлемге  терең  көзбен  қарап  үйреніп,  жолығатын  қиын 

мәселелерді  оңай  шешетін  болады,  бұрынғыдай  мектептен  шыққан  соң  бала 


522 

 

үйренген  білімін  ұмытып  қалмайды,  қайта  білгенімен  өмір  жүзінде 



пайдаланатын  болады.  Балалар  туған  жердің  табиғатын,  туған  елдің  әдет-

ғұрпын біледі» [6]. 

Мектепте «Абайтану» қолданбалы курсы өтіледі. 

Ұлы  Абайдың  шығармашылық  мұрасы  –  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

маңызын  жоймайтын  рухани  қазынасы.  Абайдың  сөзі  –  қазақтың  бойтұмары, 

Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер 

туғызады.  Заман,  уақыт  талабына  орай  Абайды  жаңа  қырынан  тану,  ғылыми 

тұрғыдан тың байламдар жасалуы –заңдылық. 

Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, 

халқымыздың  әдебиетін,  өнерін,  салт-дәстүрін,  мәдениетін,  тілін  ұлттық 

құндылық  ретінде  бағалайтын,  эстетикалық  талғамы  жоғары,  білім,  білік 

дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, 

ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты терең 

ойлайтын дара тұлға қалыптастыру. 

Сол  себепті  мен  өз  тәжірибемде  қазақтың  маңдай  алды  бас  шығармасы 

«Абай жолы» роман-эпопеясын пайдаландым. М.Әуезов қазақ тілінің бар інжу-

маржанын қағаз бетіне түсірген. Жазушы сол кезеңдегі көне қазақ мәдениетін, 

яғни  халық  тілінің  байлығын,  әсіресе,  ондағы  байырғы  құбылыстарды, 

шешендік  нақыл  сөздерді,  мақал-мәтелдерді,  ас  беруге,  қыз  ұзатып,  келін 

түсіруге,  той-томалақ  түрлеріне,  әр  алуан  этнографиялық,  рухани  мәдениетке 

байланысты  лексикалық  қабаттардың  қай-қайсысын  да  қажетінше  қамти 

пайдаланды. 

«Айтқысы  келген  сырын,  танытқысы  келген  шындығын  жан  тебірентер 

әсерлі  суретке  айналдырып,  қағаз  бетіне  көңілдегі  қалпынан  айнытпай  түсіру 

үшін ең қажетті бірден-бір сөз іздеп табу – шебер суреткердің қасиетті парызы. 

Оның  дәл  осы  жағдайда  сөз  іздер  атырабының  бірі  -синоним»,-дейді 

З.Қабдолов. 

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, 

шығармашылыққа  ұмтылдыру,  ойлана  іздене  білім  алуға,  өз  ойын  дәлелдеп, 

тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту  – 

білім саласындағы өзекті мәселе. 

Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру 

мақсатында  мен  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  «Абай  жолы»  роман-

эпопеясында  қолданылған  синоним  сөздер  негізінде  жасаған  картотека 

материалдарымды пайдаландым. Мақсатым: шығармашылық іске жұмылдыру, 

іздене  білім  алуға,  өз  ойын  дәлелдеп,  тиянақты  айтып  беруге  дағдыландырып 

дамыту. 

Л.С.Выготский  «Шығармашылық  деп  жаңалық  ойлап  табатын  іс-

әрекетті» атаған. 

Қазақ  тілі  сабағында  оқушыларды  шығармашылық  жұмыстарға 

жетелеуде  жазба  жұмыстарының  маңызы  зор.  Жазба  жұмыстары  – оқушының 

іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің 

көрінісі. 


523 

 

Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол 



жеткізу – мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс. 

Қазақ  тілінде  жүргізілетін  жазба  жұмыстарының  мақсатын  А.Жапбаров 

төмендегіше  көрсеткен:  «Жазу  жұмыстарын  жүргізудегі  басты  міндет  –

шәкірттерді  кітаппен  жұмыс  істей  алуға,  өздігінен  іздене  білуге,  өмірден 

көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой-түсінігін, 

сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс». 

Оқушылар  картотекадағы  сөйлемді  талдау    барысында  көркем  мәтінді 

оқудың төмандегідей түрлерін пайдаланады: 

-

 

Көркем  мәтіндегі  жазушы  ойын  мұғалім  көмегімен  аңғара  оқу. 



Қиын, түсініксіз сөздерді ұғына оқу. 

-

 



Таңдап оқу. Өзара мағыналас сөздерді, синонимдерді теру. 

-

 



Іштей  оқу.  Әр  оқушыға  жеке  берілетін  тапсырма  болғандықтан, 

әркім  өз  бетімен  орындайды.  Бұл  оқушыны  ойлануға,  өз  бетімен  ізденуге, 

сұраққа  жауап  табуға,  бәсекелестік  негізінде  белсенділігін  арттыруға 

көмектеседі. 

-

 

Ұжымдық  және  жұптық  оқу.  Мәтінді  өз  алдына  дербес  оқып 



шыққан  оқушылар  бір-бірін  мұқият  тыңдай  білуге,  сыни  көзқараспен  қарай 

білуге, бір-бірінің жұмысын талдай білуге жаттығады. 

Мысалы: «Қайтқанда» тарауы бала шәкірт Абайдың өзінің туған ауылына 

ерекше  алабұртып,  асығып  келе  жатқан  қалпын  суреттеуден  басталады.Оның 

бұл сәтін бейнелеуде жазушы барын салды, асықты  деген сөздерді қолданады. 

«Қорықтан  күн  шыға  атқа  мінейік  деп  асық-қанды.  Бұны  қаладан  алып 

қайтқалы  барған  ағайыны  Байтасты  да  таң  атар-атпастан  өзі  оятып  тұрғызып 

еді».  Осындағы  күн  шыға,  таң  атар-атпастан  деген  сөздер  де  оның  туған 

өлкеге ынтыққан бейнесін аша түскен.  

Эпопеяның  «Жолда»  аталатын  тарауы  төмендегідей  синоним  сөздердің 

қатарласа  қолданылуымен  басталады.  «Бейуақ.  Кеш  қараңғылығы  қоюланып 

келеді.  Үлкен  үйдің  бұрыш-бұрышынан  қарауытып  түн  туып,  тұтасып  келе 

жатқан  тәрізді...  Шыңғыс  кешкі  шақта  ымырт  жабыла,  көкшілденіп,  суық 

тартып алыстай береді». 

Қыр  кеші  Абайдың  бір  ұғымсыз  әміршісі,  сүйсіндіре  мүлгіткен  зор 

мұңдасы тәрізді. Ол сындай сәттерде өзімен-өзі қалғысы келеді. «Осы қыстауға 

қонғаннан  бері,  кеш  сайын  Абай  ешкімге  білдірмей,  елеусіз  ғана  әжесімен 

оңаша қалады. Осындайлық бейуақ шағын Абай әрқашан үнсіз, жым-жырт қана 

өткереді.  Өзімен-өзі  ғана  болуын  сүйіп,  саяқ  қалады.  Егер  ол  кей  күндер  бұл 

шақта тыста болса, жапа-жалғыз төбе басына шығып кетеді». 

Абай  кеш  сайын,  бейуақ  шағында  ешкімге  білдірмей,  елеусіз,  өзімен-өзі 

ғана,оңаша, жапа-жалғыз, саяқ қалады. Міне, бір ғана ойды білдіруде жазушы 

осыншама мәндес сөздерді пайдаланған. 

Эпопеядағы  Әбіштің  дүниеден  өтетін  кезінде  ақын  біршама  контекстік 

синонимдерді  пайдаланады.  «Таң  жаңа  сызат  беріп  ата  берген  шақта,  Әбіш 



үзілді.  Көптен  бері  барлық  пен  жоқтық  арасында  жатқан  аяулы  жан,  өмір 

шегінен  баяу  ғана,  ақырын  ғана  жылжып  өтіп  кеткендей».Эпопеяда  үзілді 

524 

 

дегеннен  басқа  Мағауияның,  Бөжейдің  өліміне  қатысты  өлді,  дүниеден  озды, 



қайтыс болды, жантәсілім етті тәрізді синонимдерді пайдаланады. Ал Абайдың 

өзі дүниеден озған сәтті жазушы былай бейнелеген: «Ұлы жан дүниеден көшті

Мағаштың  қырқын  беріп  болған  күннің  ертеңінде  Абай  қаза  тапты.Ұлы 

кеуденің  ыстық  демі  тоқталды.  Шөл  дарияны  жарып  аққан  дариядай,  игілік 



өмір үзілді, алып шынар құладыӨмірден Абай кетті» [7]. 

М.Әуезовтің  бас  еңбегі  «Абай  жолындағы»  синоним  сөздердің  көп 

қолданлуы жазушы тілінің көркем де кестелігін, һас шеберлігін, жазушы тілінің 

байлығын танытаныны анық. 

Шеберлік  –сөздің  орнын  таба  білу.  Әрбір  сабақ  басталар  алдында 

оқушыны  қызықтырып  әкететіндей  кіріспе  ойлап  табу  керек.  Бейнелі  сөздер, 

қызықты мәлімет, тартымды үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 

Жүргізілген  жұмыстардан  оқушыларда  сөздікпен  жұмыс  істеу  дағдысы 

қалыптасады,  өздігінен  кітап  оқуға  қызығушылығы  артады,  ұжым  болып 

жұмыс істеуде бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсарады, шығарманы талдай 

білуге үйренеді, әдеби тілде сыпайы сөйлеуге үйренеді. 

Синоним  сөздер  халық  тілінің  байлығын,  сөздік  қорының  молдығын 

танытады.  Ал  синоним  сөздерді  жетік  меңгерген  оқушының  тіл  байлығы 

молайып,  шешен  де  шебер  сөйлеуге  дағдыланады.  Өз  ана  тілін  құрметтей 

білетін, оның сөздік қорын мейлінше жоғары игерген оқушыдан таным-түсінігі 

терең,  қазақтың  салт-дәстүрін,  ұлттық  құндылықтарын  бойына  сіңірген  тұлға 

шығатынына әбден сенуге болады. 

Оқушы  көркем  мәтінді  талдай  білу  арқылы  нақты,  дәлелді  сөйлеуге 

дағдыланады,  сөз  құдіреті  мен  қасиетін  ұғынады.  Сол  себептен,  ең  алдымен 

көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой,  

сол  ойды  анық,  айқын  кестелейтін  сөз  оралымдары  болу  керек.  Күнделікті 

пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп,әдемілеп қолдануға 

дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын 

нақтылап  беруге  шорқақтық  көркемдеп  сөйлеуге  зиянын  тигізеді.  Сондықтан 

көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Оразахынова  Н.  Функционалдық  сауаттылықты  жүзеге  асыру 

жолдары//Қазақ тілі менәдебиеті.-2013.-№2.-18-23б. 

2. Құрманова 

Ж.  Оқушының  шығармашылық  іс-әрекетін  тиімді 

ұйымдастыру 

арқылы 


жеке 

тұлға 


қалыптастыру 

жолдары.- 

Өскемен,2014.-7-10б. 

3. Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея.-Алматы,2002. 

4. Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты// Ана тілі.-2012.-№5,2-8 ақпан. 

5. Мұғалімге 

арналған  нұсқаулық.-Астана:  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектебі» ДББҰ,2012.-306 б. 

6. Аймауытов Ж. Бес томдық жинағы.Vтом.-1999,301 б. 



525 

 

7. Әуезов  М.  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  қолданылған  синоним 



сөздер негізінде жасалған картотека материалдары. 

 

 



Салима Симбаева 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ 

Казақстан, Өскемен қ. 

 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ – 

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  талдау 

жасалған.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың 

негізгі  әдістері  мен  тәсілдері  көрсетілген.  Репродуктивті  және  конструктивті 

әдістерге салыстырмалы талдау жасалған. 

 

Түйін  сөздер:  сындарлы  оқыту,  сындарлы  оқыту    философиясы,  білім, 

дағды, шеберлік. 



 

Заман  талабы  алға  тартып  отырған  функционалдық  сауаттылық  оқушы 

бойынан  пәнге  қатысты  теориялық  білім  мен  қоса  оны  өмірдің  әр  саласында 

тиімді  қолдана  білуін  талап  ету  қағидаты  негізінде  туындап  отыр. 

Функционалдық  сауаттылық  –білім  берудің  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы 

әлеуметтік  бағдарлануы.  Қазіргі  тез  өзгермелі  әлемде  оқушының  әлеуметтік 

мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ, 

өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  фактор.  Функционалдық 

сауаттылықты  қалыптастыруды  жүзеге  асырудың  негізгі  кілті  -  сындарлы 

оқыту.  Сындарлы  оқытуда  соңғы  жетістікке  жетуге  дейін  оқушы  мұғалім 

ұсынған  әртүрлі  стратегиялар  арқылы  бірнеше  әрекеттер  негізінде  біртіндеп 

құрастыра  отырып,  білімнің  тұтас  картинасын  шығарады.  Кейбір  еңбектерде 

құрастырушы білім беру деп беріліп жүруі сол себепті болса керек. 

Сындарлы оқытуға тән ерекшеліктер: 

-  оқушылар  күні  бұрын  және  сабақ  үстінде  берілген  тапсырмаларды 

орындауда қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады; 

- оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі; 

- өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді; 

- өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге дағдыланады

-  бірін-бірі  бағалау,  бір-біріне  пікір  айту  арқылы  шыншылдық,  әділдікке 

дағдыланады; 

- өзгенің пікірімен санасуға үйренеді; 

- әртүрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады; 

- өз пікірін қорғай және дәлелдей алады; 

- топпен жұмыс істеуге үйренеді; 


526 

 

-  алған  білімін  өмірлік  әртүрлі  жағдаяттарда  ұтымды  пайдалануға 



дағдыланады; 

- бірін-бірі оқыта отырып, сөйлеу, тыңдау мәдениеті қалыптасады; 

- ізденушілік қабілеті дамиды; 

- сыни ойлауға үйренеді; 

- өзін-өзі тәрбиелейді. 

Сындарлы оқыту – бұл оқушы өзінің тәжірибесі мен бұған дейін білетін 

білімі  негізінде  жаңа  білімге  қол  жеткізетін  шығармашылық,  әрекеттік-

операционалдық  оқыту.  Сындарлы  оқыту  философиясы  –  шығыс  және 

батыстық  оқытудың  синтезі;  бұл  -  жеке  білімнен  тұтасқа  және  керісінше 

тұтастан  жекеге  өту.  Ондай  оқыту  тек  оқу  үдерісі  ғана  емес,  оның 

компоненттерін  де  өзгертуге  бағытталған  оқушы  мен  мұғалім  әрекетінің 

өзгерісіне әкеледі. Дәстүрлі оқытудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып 

табылатын:  «білім»,  «дағды»,  шеберлік»  ұғымдары  ақырын  ғана  «түсіну», 

«білу», «қолдану», «жинақтау», «бағалау» сияқты ұғымдарға ауысады. 

Ф. Бунятова  пікірі  бойынша  сындарлы  оқыту  арқылы  өз  тәжірибесі  мен 

жинақтаған  білімі  негізінде  оқушы  ойлау  жүйесінің  жұмысы  арқылы  өзінің 

жаңа  білімін,  өз  әлемін,  түсінігін  қалыптастырып,  білімнің  тұтас  кеңістігін 

құрады  [1].  Сындарлы  оқыту  көбінесе  операционалдық-шығармашылық 

сипатта  болады.  Оқушылар  өздерінің  ішкі  түйсік,  болжаулары  арқылы  жаңа 

дүние  жасайды,  ойлап  табады,  оларды  құрылымдайды,  Сөйтіп,  білімді 

меңгеруде  оқушы  логикалық  операцияларды  жасай  отырып,  оларды  бойына 

сіңіреді.  Егер  оқушы  жеке  жұмыс  жасаса,  бұл  шығармашылық  даралық,  ал 

басқалармен  қоғамдастықта  әрекет  етсе,  кооперативтік  болып  табылады. 

Ф. Бунятова сындарлы оқыту философиясын американдық ғалым Д. Брунердің 

оқыту  философиясымен  ассоциацияда  қарастырады.  Американдық  ғалымның 

пайымдауынша өз тәжірибесі туралы ойлана отырып, өмір туралы, әлем туралы 

өзінің дербес түсінігін қалыптастырады. 

Ф. Бунятова ұсынған сындарлы оқытудың қағидаттары. 



1 Ізденіс - барлау жасау 

Сындарлы  оқыту  тақырып  мағынасын  іздеуден  басталады.  Ізденіс 

пікірталас  түрінде  өтеді.  Тақырып  мағынасын  анықтаған  соң  оқушылар  оның 

алдыңғы  және  келешектегі  мағынасын  бір-бірімен  кіріктіре  отырып,  білімнің 

толық жүйесін құрайды. Тұтастықтың осындай сызбасында тақырыптың орны 

мен мағынасы анықталады. 



2 Тұтастық 

Ж.  Пиаженің  тұтастық  логикасына  сүйенетін  болсақ,  пәндік  білім 

тұтастық  сызбасында  құрылады.  Білім  беруді  құрылымдаудың  бұл  логикасы 

дәстүрлі қалыптасқан түсінікке түзету енгізеді.  

Жалпы,  білімді  құрылымдау  көбінесе  баланың  даму  кезеңдеріне  сәйкес 

жүргізіледі. Сондықтан да жас ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. 



Мұғалім және оқушы қызметіндегі сындарлы оқытудың ролі 

Сындарлы  оқытуда  оқушы  ақыл-ой  және  әлеуметтік  қызметтің  әртүрлі 

үлгілеріне  тартылады.  Олай дейтін  себебіміз  алға  қойылған  міндеттерді  шешу 


527 

 

үшін әрбір оқушы өзінің ішкі болжамына, түсінігіне, түйсігіне сүйенеді. Өзінің 



өмірлік тәжірибесін қолданады, ойын дәлелдеу үшін әртүрлі қарым-қатынасқа 

түседі. Осы жердің өзінде оның әлеуметтік келбеті көрінеді. Операционалдық-

қызметтік  әрекеттер  атқара  отырып,  оқушы  өз  түсінігін  құрастырады.  Ішкі 

ойлаудың  даралық  сыртқы  көрінісі  немесе  ойлаудың  тәсілдері  оқытылып 

отырған  тақырып  бойынша  оқушының  шығармашылық  қызметін  танытады. 

Бұл қызмет оқу үдерісінде динамикалық жағдайда дамиды, тығырыққа тіреледі, 

қайтадан  құрылады,  беки  түседі.  Өйткені  оқушы  өзі  іздеп  оытрған  ақиқатқа 

жету үшін бірнеше қайшылықты тұжырымдар жасайды. 

Сындарлы  оқытуда  мұғалім  оқушының    ақыл-ой  және  әлеуметтік 

қызметтерін  ұйымдастыра  отырып,  бұл  әрекетке  өз  түсінігі  тұрғысынан 

араласады.  Ол  берілген  міндеттерді  шешуде  айтылған  оқушылардың  барлық 

жауаптарын,  пікірлерін,  көзқарастарын  қабылдайды.  Оларды  жинақтап, 

қорытындылай  отырып,  оқушылар  алдына  тағы  да  міндеттер  қойып,  оларды 

түсінудің бұдан да жоғары деңгейіне жетелеп отырады. Мұғалімнің осы әрекеті 

арқылы  оқушы  әрбір  игерілген  деңгейдегі  білімді  біріктіре  отырып,  өз 

дүниетанымдарын  кеңейтеді.  Сындарлы  оқытуда  мұғалім  даму  үдерісінен 

оқушылармен бірге  өтіп шығады. Себебі, оқушы алдында тұрған қол жеткізуге 

тиісті мақсатты мұғалім қояды. 



Сындарлы оқытуда мұғалім мыналарды білуі тиіс: 

-  бала дамудың  қай  сатысында  тұрғанын  және оның ойлау  қабілетін;  бір 

сатыдан келесіге өту формаларын

- оқушының сабақтағы әрекетінің құрылымын; 

-  оқушының  белсенді  ойлау  қызметін  қалай  және  қайтіп  ұйымдастыру 

керектігін; 

- пәндік білім мазмұнын тұтастай білу. 

Сындарлы оқытуда мынадай білім, дағды, шеберлікті меңгеруі тиіс. Ол 

үшін оқушылар мынадай үлгіде жұмыс істейді: 

- интербелсенді әрекет етеді; 

- дербес ойланады. 

Оқушының  интербелсенді  қызметі  мынадай  құрылымда  жүзеге 

асырылады: 

- жұппен, топпен пікірталаста; 

- дөңгелек үстел, брейн-ринг түрінде; 

- диалог, дебат негізінде; 

- қате жауапты анықтау немесе дұрысын табу; 

- өзін тексеру, бір-біріне түсіндіру, т.б. үлгіде. 

Оқушының дербес ойлау қызметі мынадай жұмыс түрлерінде көрінеді: 

-

 

 пікірталас; 



-

 

диалог; 



-

 

дебат; 



-

 

 тестік тапсырмаларды орындауда; 



-

 

 бақылау жұмысында; 



-

 

жекелей, шығармашылық, жобалау  тапсырмаларын орындағанда. 



528 

 

Оқушылар сындарлы оқыту негізінде білім ала отырып, әлеуметтік және 



академиялық мынадай білім, дағды, шеберлікті меңгереді: 

әлеуметтік: 

-

 



басқаларды тыңдау; 

-

 



шыдамды және мейірімді болу; 

-

 



 басқалардың көзқарастары мен пікірлерін қабылдай алу; 

-

 



әңгімені жүргізе және өрбіте білу; 

-

 



 басқаларды қолдау; 

-

 



бірлесе жұмыс істеу; 

-

 



мәселелерді, шиеленістерді шешу; 

-

 



жауапкершілік; 

-

 



сыйлау; 

-

 



шектен шықпау; 

-

 



 өз пікірін басқаларға мойындата алу; 

-

 



 өзіндік «менін» таныту; 

-

 



 пікірін дәлелді айту; 

-

 



 логикалық қисынды сөйлеу. 

академиялық: 

 - өз әлемінде білімнің тұтас жүйесін құру; 

- ақпаратты білімге айналдыру; 

- түсініктерді қалыптастыру және оларды алған ақпараттарымен байытып 

отыру; 

-  бар  білімін  алдыңғы  және  жаңадан  алғандарымен  белсенді  түрде 



үйлестіре білу; 

- талдай алу; 

- синтездеу; 

- қорыту; 

- негізгіні айыра алу; 

- тұтастай елестете, көре білу; 

- құру; 

- құрастыру; 

- байыту . 

Сындарлы оқытуда сабақты жобалаудың 7 элементі [1]. 



1.

 

Ізденіс. 

Мұғалім  тақырып  бойынша  оқушылардың  нені  білетінін,  не  істейтінін, 

қандай шешім қабылдайтынын,  қандай қорытынды жасайтынын анықтау үшін 

сұрақ  қояды.  Ізденіс  –  сол  тақырып  бойынша  оқушының  білім  деңгейін 

анықтап, сол бойынша болашақта оны кеңейтудің, қолданудың жолын табудағы 

әрекет. Сол арқылы мұғалім алдын ала шамалаған межеге оқушыларды жеткізу. 



2.

 

 Құрылым. 

Сындарлы  оқытуда сабақ құрылымды түрде беріледі. 

Бірінші  –  білімнің  логикалық  құрылымы.  Тақырыптың  мазмұнына,  алға 

қойған мақсатқа қарай мұғалім пәндік білімнен білімнің логикалық құрылымын 

табады  немесе өзі  құрастырады.  Логикалық  құрылым  анықталған  соң  мұғалім 


529 

 

оқушы  білімді  меңгеруде  қандай  ойлау  операцияларын  жүзеге  асыратынын 



анықтайды. 

Екінші – ойлаудың логикалық операциясы. 



Сындарлы оқытуда білім алу үшін бірнеше логикалық құрылымдалған ой 

әрекеті, яғни операциялар жүргізіледі.  



3.

 

Оқу қызметін құрылымдау. 

Мұғалім сабақ дизайнін (жоспарын) жасай отырып, қандай кооперативтік 

немесе  жеке  әрекет  құрылымында  оқушы  жұмыс  істейтінін  анықтайды. 

Әрекеттің  әрбір  құрылымы  оқушы  бойында  толеранттылық,  түрлі 

көзқарастарды  қабылдай  алу,  жауапкершілік,  кешіре  және  мадақтай  білу, 

біреуді  тыңдап  және  үніне  құлақ  асу,  көмек  көрсету,  т.б.  сияқты  жеке 

қасиеттерді  қалыптастыруға  негізделеді.  Оқушылар  мұғалім  бақылауында 

үнемі осы құрылымда жұмыс істей отырып, өз тәртіптерін де түзей бастайды. 



4.

 

Байланыс. 

Сындарлы  оқытудың  бұл  элементі  білімнің  бір  құрылымын  екіншісімен 

байланыстыруға  қызмет  етеді.  Бұнда  пәннің  өз  ішіндегі  байланыс  қана  емес, 

пәнаралық байланыс та анық көрінеді. 



5.

 

Сұрақтар. 

Сабақ дизайнін жасай отырып, мұғалім сабақты қандай сұрақпен бастап, 

қандаймен  аяқтау  керек  екенін  анықтауы  тиіс.Мұғалім  қойған  сұрақ  оған 

тақырып  туралы  оқушылардың  нені  білетінін,  оны  қалай  елестетенін,  өз 

болжамдарын  дәлелді  түрде  қалай  түсіндіретінін  немесе  түсінбеген  мәселесі 

бойынша сұрақты қалай қоятынын анықтайды. 



6.

 

Толықтыру және байланыс. 

Сабақтың  бұл  элементі  меңгеріліп  отырған  білімнің  өткен  және 

болашақтағы біліммен байланыс қызметін атқарады. Осы байланыста жасалған 

мұғалім толықтыруы білімді сапалық тұрғыдан өзгертеді. 



7.

 

Таныстырылым немесе бейнелеу. 

Сындарлы  оқытуда  мұғалім  төрт  адамнан  тұратын  оқушылар 

комаандасына немесе жеке адамға жұмыс қағазын алдын ала дайындап қояды.  

Бұл қағаздың бетіне ол алға қойған мақсат негізінде тапсырма жазады, нұсқау 

береді.  Олар  сыныпта  атқарылған  жұмыстарды  қамтуы  және  түсінуден  ғана 

емес, терең ойлауды қажет ететін жеңілден басталып, байсалды түрде қиынға, 

күрделіге ауысып отыратын тапсырмалардан тұруы тиіс. 

Жалпы сындарлы оқыту туралы айтылған Ф. Бунятова еңбектеріне сүйене 

отырып, мынадай қорытынды шағруға болады: 

-

 



сындарлы  оқыту  -  оқушыны  әлеуметтендірудің  қолайлы  құралы. 

Олай  дейтін  себебіміз,  түрлі  ойлау-әрекеттік  операцияларды  орындап  және 

командада жұмыс істей отырып,  өзін көрсете, пікірін дәлелдей алуға үйренеді. 

Сөйтіп, өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдауға бейімделеді

-

 

алған білімін   тәжірибемен үйлестіруге үйренеді; 



-

 

алған ақпаратын сұрыптап, білімге айналдырады; 



-

 

сыни ойлау қабілеті дамиды; 



-

 

өз бетімен ізденуге дағдыланады; 



530 

 

-



 

шығармашылық ізденісі артады

-

 

білім  алушы  субъектінің  ешқайсысы  назардан  тыс  қалмайды,  олай 



болса, олар өздерін қоғамның тең құқылы азаматы екенін ерте жастан сезінеді; 

-

 



шешім қабылдауға үйренеді.  

Дәстүрлі оқытуда басты назар неғұрлым академиялық білімге аударылса, 

сындарлы оқытуда білуге, дағдыға, жинақтауға, қолдануға аударылады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Бунятова  Ф.  Педагогическая  технология  конструктивного  обучения.  // 

Интернет-журнал "Эйдос". - 2010. - http://www.eidos.ru/journal/2007/0301-5.htm.- 

В надзаг: Центр дистанционного образования "Эйдос", e-mail: 

list@eidos.ru

2.  Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы: «Заң 



әдебиеті», 2011.- 176 б. 

3. Бөрібаев  Б,  Балапанов  Е.  Жаңа  ақпараттық  технологиялар.  –  Алматы, 

2012.-130 б. 

 

 



Марионелла Васильевна Слесарь 

Олеся Александровна Аккерман 

Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПО  

по Костанайской области» 

Казахстан, Костанай 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет