ҮЛЕСТІРМЕ МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Бұл жұмыста PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
ызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасындағы үлестірме материалдар мазмұнына толықтырулар енгізе
отырып, жаттығуларды ынтымақтастықта, бірлесіп орындау жолдары
390
қарастырылады,яғни проблеманы бірлесіп шешу шарттарын сақтай отырып,
PIZA форматындағы жаңа тапсырма, жаттығуларды оқу үрдісіне кіріктіру.
PISA, проблема, стратегия, үлестірме материал, белсенді оқу, рефлексия.
Жаһандану үдерісінде әрбір мемлекеттің әлемдік аренадағы орны, оның
жеткіншек ұрпағының интелектуалдық мүмкіндіктерімен білім беру жүйесінің
заман талабына сай болуымен тығыз байланысты екендігі белгілі.
Заман талабына сай білім беруді - қоғам мүшелерінің рухани, мәдени,
интелектуалдық дамуының жоғары деңгейімен маман-кадрлардың кәсіби
біліктілігін қамтамасыз ететін салауатты тәрбие мен сапалы білімнің үздіксіз
үдерісі деп түсінуге болады.
Сапалы білім алу үшін білім алушылар өзінің танымдық қызметінің
қажеттілігін, мән-маңызын түсініп, ұғынып интелектуалдық мүмкіндіктерін
топтық пайдалана алуы қажет, яғни білім алушы өзінің тек білім қорын
толықтырып, жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар қажетті және жеткілікті
дәрежеде жаңа іске бейім, шығармашыл, іденімпаз, өз бетінше шешім қабылдай
алатын және оны әрі қарай тереңдетіп, әртүрлі жағдайларда қолдана алатын,
бәсекеге қабілетті, еңбекқор тұлға болып қалыптасуы қажет.
Ал оқытудың табысты болуы-оқу әдістемелік кешенің (оқулық, анықтамалық
әдебиеттер, есеп-жаттығулар, тест тапсырмалар, дидактикалыық материалдар
жинақтары т.с.с. сапалы, жеткілікті мөлшерде болуымен тренер, мұғалімнің
кәсіби біліктілігімен сабақ беру шеберлігіне және оның педагогика ғылымының
жаңа ғылыми жетістіктерін өз қызметінде қолдана білуіне, білім алушылардың
– білімге деген ынта-жігеріне, талант-талпынысына, қабілет-қарымына, типті
психологиялық жай-күйіне де тәуелді.
Бүгінгі таңда Республикамыздағы білім беру жүйесінде қолданылып келе
жатқан дәстүрлі оқытудың әдіс-тәсілдерінің нарық талантарын толық
қанағаттандыра алмайтындығы айқын сезілуде.
Сондықтан оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне енгізу білім
беру жүйесін реформалаудың басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Осыған байланысты әлемнің дамыған елдерінің білім беру жүйесінде кеңінен
қолданылып келе жатқан педагогикалық технологияларды насихаттау, оқу-
әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар топтамаларын өзіміздің
дәстүрлі ұлттық, этно-педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерімен
сәйкестендіре, сабақтастыра оқу үдерісінде қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Осындай ізгі мақсаттары жүзеге асыру үшін PISA халықаралық зерттеуін
жүргізу аясында оқушылардың функционалдық (математикалық, ғылыми және
оқу) сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында мұғалімдерді
қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарында оқыту жүргізіліп жатқаны
белгілі.
Бұл курстардың әдістемелік негізін Назарбаев Зияткерлік мектептері желісімен
PEARSON компаниясы ұсынған. Мұғалімнің жұмыс дәптеріү
Тыңдаушының жұмыс дәптері құрайды.
391
Бұл жұмыс дәптерлерінің құрылымы, мазмұны біліктілікті арттыру курс
тыңдаушыларына жақсы таныс.
Біз
«Математикалық
сауаттылық»
бағтындағы
біліктілікті
арттыру
курстарында, жұмыс дәптерлерімен жұмыс жасау барысында жинақтаған іс-
тәжірибелерімізге сүйене отырып, үлестірме материалдар мазмұнын пәнмен
байланыстыру жағына басымдық бердік.
Мысалы: Тыңдаушының жұмыс дәптерлері
1.1-1,1 -Үлестірме материал .Мұз жарығы
Төрт кезендік танысуға:
1-кесте Тренерініз туралы мәлімет
2-кесте Өзіңің жөнінде мәлімет
3-кесте Сіздің әріптесңіз туралы мәлімет
4-кете Мамандығыңыз туралы мәлімет.
Бағдарламадағы өзіңіз және әріптесіңіз жөніндегі мәлметтерге қосымша
тренеріңіз және мамандығыңыз жөніндегі мәлметтерді төрт кезеңде қарастыру
тыңдаушылар үшін үлкен маңызға ие.
Мұғалімнің жұмыс дәптерінің
7- үлестірме материал. Кел шешейік!
Мұнара сынығы тапсырмасы орнына Ақ аюлар мен қара аюлар тапсырмасы
ұсынылады.
Бұл тапсырма
1. Материалдық шығынды қажет етпейді.
2. Ұқыптылықты,жүйелі ойлауды,шығармашылық ізденісті талап етеді.
3. Ынтымақтастықта ,топпен жұмыс жасауға тәрбиелейді.
4. Уақытпен санаса білуге,тиімді шешім қабылдауға үйретеді.
19-удестірме материал. Проблеманы талдау .Оқушылардың күнделікті
сабақтағы, Мемлекеттік аралық бақылау, Ұлттық бірыңғай тестлеу кезіндегі
қате түсініктеріне талдау жүргізіледі.
23-үлестірме материал Қоян тапсырмасымен бірге осы сипаттағы басқа да
тапсырмаларды қарастыру,қолдану арқылы тапсырманың мән-мағынасын
түсіндіру.
33- үлестірме материал .Жаттығудағы ынтымақтастықты талдау.
Олимпиада обектісін таңдау тапсырмасының орнына.
Алгебрадан бірнеше авторлардың оқулықтары бірнеше параметрлер
бойынша әдістемелік тұрғыдан арттықшылықтары мен кемшіліктері
сараланып, талданылып, бағаланады.
Бұндай тапсырмалар математика пәні мұғалімдерінің топтық жұмысқа
бейімдеуде ынтымақтастықта, проблеманы бірлесіп шешу, белсенді болу,
шығармашылық ізденіске, кәсібіне + деген қызығушылығын, жауапкершілік
арттыруға ықпал етеді.
PISA форматындағы тапсырмалардың мән-мағынасына түсініп, өздерінің
қызметтерінде қолдана алуға тәрбиелейді.
392
Ал мұғалім өз кезінде оқушылардың PISA халықаралық зерттеулері
аясында өтетін сынақтарда жақсы көрсеткіштерге жетуіне жағдай жасайды,
оқытып, үйретеді.
Библиографиялық сілтемелер
1. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасы.
Проблеманы бірлесе шешу. Тыңдаушының жұмыс дәптері. NIS.
PEARSON. Астана. 2014ж.
2. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
бағдарламасы тренерді оқыту. Тыңдаушының жұмыс дәптері. NIS
.PEARSON. Астана. 2014ж.
3. Проблеманы бірлесіп шешу.Колабрантивное решения проблем.
Тренерге арналған нұсқаулық. Тыңдаушының жұмыс дәптері. NIS.
PEARSON. Астана. 2014ж.
Меруерт Қозыханқызы Мұқашева
дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл
атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-
интернатының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қазақстан, Өскемен
«ОЙ ТАСТАУ, ОЙЛАНТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТІЛ
ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ
САУАТТЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Дәстүрлі оқытудан бастап күні бүгінге дейін ауызша да, жазбаша да
жүргізіліп келген тіл дамыту жұмыстарын тың жолмен ұйымдастыру – бүгінгі
күннің басты талаптарының бірі. Оқушыларды тіл ұстарту жұмыстарына
жұмылдыра отырып, оларды функциональдық сауаттылыққа баулуда қазақ тілі,
әдебиет пәндерінің маңызы зор.
Әйгілі ұстаз, қазақ педагогикасының жарық жұлдызына айналған Қанипа
Омарғалиқызының «Ой тастау, ойланту» технологиясы - жас ұрпақты
жаңашылдыққа, шығармашылыққа, зерттеушілікке, құзырлылыққа жетелейтін
бірден-бір құрал.
«Ой тастау, ойланту» технологиясын сөз еткенде ұстаздың мына бір
пікіріне жүгінбесек болмас: «Біздің «Ой тастау, ойланту» технологиямыз:
бүгінгі сөз болып жүрген оқушыға субьект ретінде қарау; құзыреттіліктерді
қалыптастыруға негізделген шығармашылық тапсырмалар; оқушылардың сыни
393
тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту; білімді оқушылық деңгейден өнімді,
шығармашылық деңгейге дейін көтеру; дарын көздерін ашу; ғылыми-іздендіру
жұмыстарына баулу мәселелеріне негізделген»,-деп атап көрсетілгендей,
ұстаздың «Ой тастау, ойланту» технологиясы сауатты да салауатты, «Мен»
менталитеті қалыптасқан, дарынды, құзырлы тұлғаны қалыптастыруға негіз
болады [1].
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Ана тілінде
ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу дағдыларын жетілдіруді,
коммуникативтік кұзыреттілігін қалыптастыруды, оқудағы және жазудағы
функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз етуі тиіс»,-деп атап
көрсетілгендей, қазақ тілі, әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру барысында оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын,
функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, қабілеті, дарынын ояту,
шығармашылық жұмыстарға жетелеу - басты мақсаттарымыздың бірі.
Өз іс-тәжірибемізде Қанипа Омарғалиқызының «Ой тастау, ойланту»
технологиясын жүйелі түрде қолданып келеміз. Ұстаздың баға жетпес құнды
еңбектері мен ғылыми мақалалары, құзырлылыққа бағытталған тапсырмалар
жүйесі, тың ізденістерінің өз іс-тәжірибемізде маңыздылығы зор.
«Әдебиет – асыл ойдың сабағы. Бала әр сабаққа ойланып келіп, сабақтан
ойланып кетуі керек. Ойсыз өткен сабақ – бос, өнімсіз сабақ»,-деген ұстаздың
ұстанымын әр сабағымызда санамызда ұстап қана қоймай, сол ұстанымның
биігінен көрінуді мақсат ете отырып, сабақтың ғылымилығына, құзырлылыққа
бағытталған тапсырмаларды орындата отырып, әр оқушының бойындағы
қабілеттерін ашуға түрткі жасаймыз.
Қазақ тілін оқытудың ең маңызды, киелі мақсаттарының бірі –
оқушыларды сауаттылыққа баулу болып табылады. Ал сауаттылыққа баулу
мұғалімнен жүйелі де жанкешті еңбекті талап ететінін айтпай-ақ түсінікті.
Қазақ тілін оқыту тәжірибесіндегі ең күрделі мәселе – алған теориялық білімді
тәжірибеге пайдалана білу, қолдана білу. Сондықтан да жазба жұмыстарын
түрлендіріп, оның оңтайлы әдіс-тәсілдерінен ізденіп, үнемі оқушыларды
жаттықтырып, алған білімдерін тәжірибеге қолдана білуге үйретудің маңызы
ерекше болып келеді.
Қазіргі оқулықтар жаттығу жұмыстарына, әр түрлі мазмұндағы
мәтіндерге кенде емес. Алған білімді тәжірибеде қолдана білу үшін
оқушыларды үнемі жаттығу жұмыстарына жегіп тастаудың тиімділігі зор деуге
болмайды. Бұл жерде жаттығу мәтінін сұрыптап ала білудің маңызын ескерген
жөн. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыратындай, білімді өз
ізденістері арқылы алуға түрткі жасайтындай мәтіндер алуды назардан
шығармау керек.
Сауатты жаза білу ең алдымен орфографиялық ережелерді меңгерту
арқылы жүзеге асатын үдеріс екені түсінікті.
Емлені меңгертудің тиімді жолдарын көрсетуде ғалымдар ізденістері
баршылық. Әсіресе орыс ғалымы Ф.Н.Буслаевтың орфографиялық дағдыны
игеруде бірізділікті сақтау жөніндегі талабы құптарлық: «Оқушылар
394
көрсеткенді әбден берік меңгергенше, жаңаны бастамау керек»-деген ғалымның
бұл тұжырымына сүйенсек, оқушыларға жаңа білім меңгертуде жүйеліліктің
маңыздылығына көз жеткіземіз [2].
Ал ғалым Қ.Жолымбетов орфографияны меңгертудің тиімді жолдарын
төмендегіше көрсетеді: «Орфографияны үйретуде оқушының сөздік қорын
байыту шешуші орын алады. Оқушылардың сөздік қоры неғұрлым мол болса,
орфографиялық сауаттылығы да соғұрлым жетіле түседі. Сол арқылы білімі
артады, ойлай білу қабілеті дамиды» [3].
Қ.Жолымбетовтің
пікірінен
шығатын
қорытынды,
оқушыларды
сауаттылыққа, орфографиялық ережелерді меңгертіп, оны тәжірибеде қолдана
білуге дағдыландыруда тіл дамыту жұмыстарының маңызы зор екен. Себебі,
ғалым оқушылардың сөздік қоры қаншама мол болса сауаттылығы да арта
түседі деген ой тастайды.Тәжірибе анықтағандай сөздік қоры бай оқушы
ұшқыр ойлылығымен ғана емес, ауызша, жазбаша сөйлеу дәрежесінің
артықшылығымен де ерекшеленеді.
Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілген жұмыстар баланың тек ойлау
қабілетінің дамуына ғана емес, сондай-ақ шығармашылық ізденістеріне де жол
ашады. Оны өтіліп жатқан тақырыппен байланыстыра отырып, жүйелі түрде
жүргізу негізгі мақсатқа қол жеткізбек. Оқушының тілін ұстартуда,
шығармашылық жұмыстарға жұмылдыруда, жазба жұмыстарының маңызы
айрықша. Бұл жұмыстар тікелей оқушының дербес іс-әрекетіне, ой еңбегіне,
ізденісіне негізделеді. Ол оқушының білімін ғана жетілдіріп қоймайды,
дарынын, қабілетін дамытуға да түрткі жасайды.
Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады десек, сол сөзді нақты,
жүйелі, ойлы түрде қолдану, оны ережеге сай дұрыс жаза білуге дағдыландыру
да көп еңбектенуді қажет етеді. Атақты ғалым С.И.Ожегов былай дейді:
«Высокая культура речи – это умение правильно, точно и выразительно
передавать мысли средствами языка. Высокая культура речи заключается не
только в следований нормам языка. Она заключается еще и в умении найти не
только точное средство для выражения своей мысли, но и наиболее доходчивое
(т.е. самое подходящее для данного случая)» [4].
Осы жерде ғалым С.И.Ожеговтың тіл дамыту туралы тағы бір пікіріне
орын берген жөн сияқты. «Однако развивать речь – не значит только
предоставлять детям случаи возможно больше говорить или писать, давать
материал и темы для устных и писменных выступлений и ставить отметки за
ответы, за изложения и сочинения. Детей надо учить речи» [5].
Ғалым ең бастысы тілді оқыту, тілді үйрету керек деген ой тастайды.
Қазақ тілін оқытудың қай тақырыбында болмасын оқушылардың жас
ерекшелігіне ерекше көңіл бөліп отырған жөн. Ең алдымен тақырыпты
меңгертудің әдіс-тәсілдерінен ізденуді мақсат етпей, оқушының жаңа білімді
қабылдауына жағдай туғызуды мақсат етіп, соның тиімді әдіс-тәсілдерінен
ізденген жөн. Мысалы, интерактивті әдіс-тәсілдерді басшылыққа алудың
тиімділігі зор. Іскерлік ойындарын оңтайлы пайдалана білу мақсатқа жетудің
бірден-бір жолы деп есептеуге болады. Мысалы, тіл дамыту жұмыстары
395
арқылы сауаттылыққа баулуда, орфографиялық ережелерді меңгертуде «Ойлан,
ізде, тап» ойынына жүгінуге болады. Бұл ойын оқушылардың ішкі
мүмкіндіктерін, мұғалімге беймәлім іскерлігі, қабілетін ашуға әрі олардың жеке
бас қасиеттерін қалыптастыру, дамытуға да түрткі жасайды. Ең алдымен,
оқушыларға «Ойлан, ізде, тап» ойынының шарттарын, жүру тәртібін
түсіндірген жөн. Көмек-нұсқау ретінде ол балалардың алдында жатады: Үлгі:
-Берілген модельге назар аудар. Ол жүйелі төрт қадамнан тұрады.
-Бірінші қадамыңды алдыңдағы тапсырманы түсінуге, мақсатқа қалай
жету жолдарын ойлауға арна.
-Екінші қадамыңды таза ізденіске арна, бұл қадам таза еңбегіңе арналады.
-Үшінші қадамың – шешуші қадамың, өйткені өз бетіңмен тапсырма
орындайсың, мақсатқа жетуге еңбектенесің.
-Төртінші қадамыңды жеңіс қадамы деуге болады. Тапқаныңды
пайдаланысың, қолданасың, соған өзің жол ашасың.
Тапсырма:
1.
Мұғалімдеріңнің көмегімен, өз қалауларың бойынша топқа бөлініңдер.
2.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» бөлімінен кісі,
жер аттарын теріп алыңдар да жазып қойыңдар.
3.
Жазылу емлесін түсіндіріңдер. Жазылу мен айтылуын төмендегі үлгі
бойынша орындаңдар. Орфографиялық нормамен қоса орфоэпиялық нормаға да
яғни дыбыс үндестігіне де ерекше көңіл бөліңдер.
4.
Эпопеядан өздерің теріп алған кісі, жер аттарына ұқсас атаулар ойлап
тауып, оны да жоғарғы мазмұнда талдаңдар.
Жұмысты орындау үшін төмендегі үлгіні басшылыққа алыңдар.
Үлгі:
Кісі аттары
Жазылуы
Айтылуы
Өздерің
тапқан
үндес
атаулар
Жазылуы
Айтылуы
Қамысбай
Қамыс+бай
Екі түбірден
құралған кісі
аты.
Қамыс+пай
Айтбай
Айт+бай
Айт+пай
Ескерту: түсінікті ауызша беруге де болады.
І топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 6-7 бет)
Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәлді білмеді.
Бірақ оның Байтасқа айтқан бір сөзінде Құнанбай тапсырған бір жұмыспен
барып келе жатқаны мәлім боп еді. Бала шәкірт ауылға асыққан, лепірген
396
күйіне қайта келіп, тағы да тебіне жөнелді. Үлкендер қорыққан Есембай да,
тіпті ұрылар да Абайға сондайлық жат, суық боп көріне алмады. Ұры десе, осы
елдің өздеріндей қазақтары.Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау»
деген Есембай – Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім
қоныстары.
ІІ топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 8-бет)
Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты,
аттарын қан сорпа қылған қалпында, кешкі екінді кезінде Көлқайнардағы
Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп
еді.
Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. Жайлауға
қарай Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт аулы қоныпты.
...Жүргіншілер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр.
Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан
мен Айғыздың аулы.
ІІІ топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 12 бет)
Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз. Абай
есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді.
Үлкендер де мұның сәлемін дауыстап алды. Кісі көп емес, Құнанбай мен
Майбасар, Жұмабайдан басқа осы өңірдегі Тобықтының белгілі үлкендері:
Байсал, Бөжей, Қаратай, Сүйіндік екен. Және осылардың жанына ерткен жас
жолдасы тәрізді Байсалдың немере інісі – бала жігіт Жиренше бар. Абайдан
жасы үлкендеу болса да, ол құрбыша ашна еді.
Әкесінің бағанағы кешке күткен кісілері осы үлкендер болды.
Бұл топтың тапсырмада ерекше назарға алатын бір мәселе, мұғалім
мәтінді сұрыптап алғанда оқиға желісін сақтауға тырысуы керек. Үзінді болса
да оқушылар алдындағы мәтіннің мазмұнын түсінген дұрыс. Ол үшін ұжымдық
оқыту бойынша оқушылар жұптасып, алдыдағы мәтін мазмұнын бір-біріне
оқып, түсіндіргені жөн. Тапсырмаға кіріспес бұрын, мұғалім оқушылардың
қызығушылығын арттыру, жұмысты орындауға деген ынталарын туғызу үшін
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы туралы тұжырымды түрде әңгімелеп
берген жөн. Ал төрт топ өзіне берілген үзіндіні жұптаса отырып бір-біріне
түсіндіруі керек.
Іскерлік ойынына негізделген бұл жұмыстың тиімділігін төмендегідей
саралауға болады:
-Іскерлік ойыны оқушылардың қызығушылығын туғызатын әрі күрделі де
маңызды тапсырманы орындаудың жеңіл, оңтайлы жолын қарастырады;
-Оқушыларды сауаттылыққа баули отырып, тіл дамыту үрдісі жүзеге
асады;
-Алған теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге түрткі жасайды;
-Ең бастысы, оқушыларды өз-өзін оқытуы, ізденуі, табуы, пайдалануы
сияқты іс-әрекеттерге дағдыландырады.
-«Абай жолы» сынды ұлы туындыны тани бастайды, оқырмандық
қызығушылықтары артады.
397
Библиографиялық сілтемелер
1. Бітібаева Қ.О. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.А, 2009.
2. Ф.Н.Буслаев. О преподований отечественного языка, Л. Учпедгиз.
1941г. 51бет.
3. Жолымбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. А, 1975ж. 52
бет.
4. С.И.Ожегов .Русский язык, 1982, №1. 5 бет.
5. С.И.Ожегов .Русский язык, 1982, №1. 8 бет.
6. Жанабілова А. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық
жұмыстар арқылы тіл дамыту технологиясы. А, 2006ж.
7. М.Әуезов «Абай жолы» А: Жазушы, 2003ж.
Әсем Мұратқызы Мұратова
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Қазақстан, Өскемен
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІПТІК
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ЖАҢА ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ
ДАМЫТУ
Бұл мақалада білім алушылардың мектепке дейінгі бала тілін дамыту
жұмысын жетілдіру, білім берудің жаңа технологияларын белсенді дамыту
жолдарын қолданудың маңызы көрсетілген. Осы мектеп жасына дейінгі
балалардың сөйлеу тілдерін қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларды
тиімді пайдалану арқылы дамытудың жолдары, әдістері қарастырылған.
Басты сөздер: коммуникативтік құзыреттілік, технология, ойын,
драматизациялық ойындар, саусақ ойындары.
Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ең
дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ
мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі
сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының
сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педагогтан ақпаратты
коммуникативті құзіреттілігін арттыруын талап етеді. Осы тұжырым
бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін
қалыптастыруда педагог құзіреттілігі, білім алушының кәсіби құзіретті маман
қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді азаматтар тәрбиелеуді жүктейді [1].
ХХI ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Сондықтан жас ұрпаққа, жас
буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке
тұлға яғни дарынды, шығармашыл тұлға қалыптастыру тәрбие мен білім
398
берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын
жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі
ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Ол
біздің Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» заңдары
мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2010—2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру
жүйесінде нақты тілдік коммуникацияны меңгерген субъектіні қалыптастыру
мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етеді.
Ұстаз еңбегі, оның шеберлігі мен тәжірибесіне, шығармашылығына
байланысты. Оқытушының педагогикалық технологияларды дұрыс және
орынды пайдалана білуі білім сапасын көтеруге, қойылған мақсаттарға жетуге
көмектеседі.
Педагогикалық технология - бұл тек қана техникалық құралдарды,
компьютерді пайдалану емес; бұл оқу-тәрбие жүйесіндегі ынталандыру әдісін
әрекетті қорытындылау жолымен өрбіту, құралдар мен әдістерді пайдалану
және құрастыру жолымен білім берудің тиімділігін арттыру және қолданылған
әдістерді бағалау болып табылады.
Сонымен қатар білім мазмұны негізімен қатар дамиды, оқу процесін
белсендіруге көмектеседі, оқу элементтерінің қатарын меңгертеді.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы
білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол оқытушы білім
алушы мен бірлесе еңбек етуі талап етіледі [2].
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі білім
алушыларының өз мамандықтарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде
қолданылатын
ойын
технологиясын
іс-тәжірибеде
қолдануларының маңызы зор.
Әлем педагогикасында ойын – белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа
жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.
Ойын ең алдымен қарым – қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау
жолындағы әлеуметтік мәдени ерекшелік болып табылады.
Отандық педагогикада ойын іс-әрекетінің негізін Н.К. Ахметов, Ж.С.
Хайдаров еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды
жолдарының бірі – ойын элементтерінің тиімді пайдалану екенін атап көрсетті.
З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске
асыру деп біледі. Ойын өмірдің әдемілігі мен сәнін мадақтайтын
шығармашылық белсенділікке айналады деген. Ал Л.С. Выготский мен оның
оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы – адам ойнай отырып, өзіне
қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді ойнайды. Осы ойларды
негізге ала отырып, ойын – білу және үйрену, адамның ойнай отырып, өзіндік
білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.
Бүгінгі
таңда
мектепке
дейінгі
мекемелерде
ойын
оқыту
технологиясының мақсаты - дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі
399
ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-
талғамдарына
сүйенеді.
Баланың
бойындағы
білімділік,
танымдық,
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - оқу да, еңбек те.
Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын өмірде
кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың
ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Білім алушылардың білім беру мекемелерінде, білім беру міндеттерінің
негізгілерінің бірі - баланы шынайы жағдайындағы өмірге дайындау. Ұлы
педагог
В.А.Сухомлинский:
«Ойынсыз,
музыкасыз,
ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» -
дейді. Демек, баланың ақыл-ойы парасатты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы
байи түспек.
Білім алушылардың білім сапасын арттыруда оқытушы бала дамуының
мынадай
негізгі
белгілерін:
дербестігін,
проблемалық
ситуация,
шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы мен сөйлеуін
қадағалап, балалар мен жеке, дара ойын жұмыстары жүргізіледі.
Баланы жан – жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында
нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес
табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін - өзі дамытады. Мектепке
дейінгі тәрбие мен білім беру саласында өзіндік із қалдырған М.Монтессори
педагогикасының ұраны: «Мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер»
деуіне жету [3].
Бүгінгі таңда инновациялық технологиялар, оның ішінде ойын
технологиясы сапалы, кәсіби, құзіретті мамандарды даярлауда тиімді
әдістерінің бірі болып отыр.
Осыған орай колледж білім алушыларының кәсіби коммуникативтік
құзіреттіліктерін дамыту мақсатында ашылған педагогикалық шеберхананың
атқаратын маңызы зор. Педагогикалық шеберханада кәсіби мамандарды
даярлауда теориялық - әдістемелік білімдерін іс – тәжірибе жүзінде
қолданылуына толықтай жағдай жасалынған. Осы шеберханамызда ойын
технологияларын кеңінен қолданылады.
Ойын түріне қарай:
-
Драматизациялық ойындар
-
Саусақ ойындары
-
Сюжетті – рөлді ойындар
-
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындардың түріне қарай түрлі тақырыптарда білім
алушылар теориялық білімді алғаннан кейін, оны іс-тәжірибе жүзінде
қолданады. Мысалы мына ойын түрлерін білім алушылар өз беттерімен
жүргізіп, нәтижесі қандай болғанын аңғара білді.
Саусақ ойындарына тоқтала кетсек, бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын
тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақтардың
көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау
болып табылады. Саусақ ойыны арқылы білім алушылар, мектепке дейінгі
400
мекемедегі балалардың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы
артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылатынын байқай білуі шарт.
Саусақ ойынын ойнай отырып, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды,
жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Төменде саусақ
ойынының бір түрінің жүргізілу үлгісі көрсетілген.
Тақырыбы: «Саусақтар сәлемдеседі»
Мақсаты: Саусақтарының қозғалыс-қимылына
қарап, сөзді айту және
өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтау,
балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді
бағдарлай алуды үйрену.
Ойын шарты: Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен
кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы
саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады.
Ойын түрін білім алушылар жасай келе мынадай қорытынды
жасалынды: бұдан шығатын нәтиже, саусақ ойындарын іс-тәжірибе жүзінде
жүргізу арқылы білім алушылар мектепке дейінгі балалардың саусақтарының
нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі
мен ойлау қабілеттерін дамытатынына көз жеткізді. Яғни коммуникативтік
сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық- грамматикалық дайындық
деңгейіне сүйенеді. Білім алушының тиісті лексикалық қоры, сондай-ақ
грамматикалық білімі болуымен бірге, ол бұларды сөйлеу барысында меңгере
түседі [4].
Осы саусақ ойындарын әр жас ерекшелігіне байланысты топтастыра
отырып, білім алушылар кіші топтарда: "Добым", "Қайық", "Құлып", "Қазым":
ал орта және ересектер топтарында: "Қоян", "Әтеш", "Ешкі", "Ақ тауық",
"Торғай" ойындарын ұйымдастырады.
1 сурет. Білім алушылардың ертегіні сахналау сәтінен көрініс
Шеберхананың "Көркем әдебиет" орталығында, білім алушылар
балалардың қызығушылықтарын, ұнайтын әрекеттерін, сүйікті ертегілерін
айқындап,
көрнекі
ұйымдастырылған
ертегі
қойылымдарын
драматизациялайды. Соның бірі "Шалқан" ертегісін сахналаудағы мақсат білім
алушылардың тілін дамытып, ертегіге қызығушылықтарын арттыру, достыққа
тәрбиелеу.
Жүргізілу барысында білім алушылар ертегі кейіпкерлерін таңдап, рөлге
бөлінеді. Сол бойынша арнайы сахнада ертегінің желісі бойынша жүргізеді.
401
Бұл ойынды іс-тәжірибеде жүргізіп, мынадай нәтижеге ие болдық: ойын
арқылы ақыл ойы мен сөздік қоры толығады, бір-бірімен қарым-қатынасқа
түсіп сөйлеседі, бір-бірлерін бақылайды. Осы қасиеттер кәсіби шеберліктерін
шыңдауда кеңінен қолданды.
Сонымен, болашақ мамандардың кәсіптік коммуникативтік құзіреттілігін
ойын технологиялары арқылы тиімді пайдалану арқылы жүзеге асыруға
болады. Сондықтан оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда білім алушылардың
қызығушылықтарын ой толғаныстарын ояту аса қажетті. Өз үйренгендерін
саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қолдану керектігін ой елегінен
өткізеді, технологияны ұтымды пайдалану арқылы пәнге қызығушылық артып,
сөздік қоры молайғанына көз жетеді.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» - деп
кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтқандай, жаңашыл білім тәрбиеші
даярлауға қойылатын талаптар білім алушыларды оқытудың жаңа түрлерімен
қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге
бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізу заман талабынан туындап отыр.
Бұл кәсіптік техникалық білім беру саласындағы мамандарлы даярлаудағы
білім берушінің педагогикалық шеберлігімен қатар жауапкершілігінің негізі
болып табылмақ.
Библиографиялық сілтемелер
1. Н.Ә Назарбаев «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Жетісу газеті,18.01.2014ж.
2. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз.
ТарМУ. 2003.
3. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной
программы. Алматы.1995.
4. Қ.М.Нағымжанова, Н.М. Нұрғазиева «Бастауыш білім берудегі жаңа
технологиялар».
Асел Кадыровна Мұхаметқажина
«Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ
ШҚО Тарбағатай ауданыҚызыл кесік ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |