Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет17/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Алдыңғы ұлулық ядро, nucleus cochlearis anterior, мен артқы ұлулық ядрода, nucleus cochlearis posterior, ішкі құлақтың ұлуынан шығатын есту сезімталдығы қабылданады.
Кіреберістік ядролар: кіреберістік медиалды ядро, nucleus vestibularis medialis; кіреберістік латералды ядро, nucleus vestibularis lateralis; кіреберістік жоғарғы ядро, nucleus vestibularis superior; кіреберістік төменгі ядро, nucleus vestibularis interior,- ажыратылады. Олар ішкі құлақтың жартылай дөңгелекті түтіктері ампулалаларының қыршаларынан; жатырша, utriculus, және қапшаның, sacculus, дақтарынан келетін дене қалпының өзгеруі туралы ақпаратты ( нервтік импулсті) қабылдайды.
IX жұп, тілжұтқыншақ нервінің, n. glossоpharyngeus, сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш үш ядросы бар. 1. сезімталы - жеке ядро, nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болады; 2. парасимпатикалық ядросы - төменгі сілекей бөлетін ядро, nucleus solivatorius inferior,- деп аталады; 3. қозғалтқышы – қос ядро, nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді.
X жұп, кезбе нервінің, nervus vagus ,үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш ядролары бар:
1. сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, бұл ядро VII, IX және X жұп нервтерге ортақ болады;
2. парасимпатикалық ядросы : кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi, - кезбе нервтің үшбұрышы, trigonum nervi vagi, аймағында жатады;
3. қозғалтқышы – қос ядро, nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді.
XI жұп, қосымша нервтің, n. accessorius, қосымша нервтің ядросы, nucleus nervi accessorii, деп аталатын қозғалтқыш ядросы, сопақша мидың төменгі жағында және жұлынның жоғарғы 5-6 сегменттері деңгейінде, алдыңғы мүйіздің артқы бөлігінде орналасады.
XII жұп, тіласты нервінің, n. hypoglossus, тіласты нервінің үшбұрышында жататын тіласты нервінің ядросы, nucleus nervi hypoglossi, деп аталатын бір қозғалтқыш ядросы бар .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет