Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы



бет25/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Термин сөздер


Эссепікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды.
Аргумент (лат. argumentum – – нәрсе, пән, белгі) философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел.
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама- пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
Позиция (лат. posіtіo — орны, жағдайы, орналасқан жері). Белгілі бір нәрсеге деген көзқарас пен осы көзқарасқа сай мінез-құлық көрсетіп, әрекет жасау, жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек.
Тезиске қатысты пікір – жазып отырған адамның тақырыпқа байланысты ақпаратты «ой сүзгісінен өткізуін», мәлімет пен деректерге негіздеуді қажет ететін, соған арқау болатын жеке пікірі (сөйлем, ой).
Дәйектеме (цитата) - белгілі бір шығармадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Анализ (ағылш. Analysis - зерттеу). Объектіні бөліктерге бөлу және оларға сипаттама беруден кұралған зерттеу тәсілі. Күрделі тілдік бүтінді құрайтын элементтерге жіктеу.
Ой тұжырымы - көтерілген мәселе, берілген сұрақ немесе тақырыпқа байланысты тезисті (түйінделген ой, көзқарас, ұстанымды) қорытындылау: жалпы қорытынды шешім немесе өзіндік ұсыныс, өзіндік тың пікір (жазба иесінің ойлау ерекшелігіне орай, ой қозғайтын сұрақ, көпшіліктің ойын қозғауды көздеген екіұшты пікір болуы да мүмкін).
Абзац шешімі айтылған пікір, аргумент, анализдерден кейін абзацты қорытындылап, бекітетін сөйлем.
Эссенің қорытынды ойы - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.
Перифраз (гр. perіphrasіs — айналым) Құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі.

70



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет