Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы


№16. Заңдылық және әділдік ұғымдарының арақатынасы



бет24/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Жинақ. Эссе жазудың тиімді әдістері 9 02.2022ж.

№16. Заңдылық және әділдік ұғымдарының арақатынасы


Заңдылық пен әділдік санаттарының арақатынасын теориялық ұғыну қажеттілігі туындайды. Ежелгі римдіктер «әділдік және ортақ игілік заңның заңы болып табылады»,-дей отырып заңдылық әділдік идеясының басты ролі екендігін атап өтті. Қазіргі кезде біздің елімізде әділеттілік принципі ретінде құқықтың түрлі салаларында – қылмыстық, әкімшілік, азаматтық салаларында өзінің іске асырылуында қолдау табады, соның әсерінен қолданыстағы заңнама құрылады. Менің ойымша, азаматтық құқықтағы әділдік деген: адалдық пен парастаттылықтың қатарларының және оның қағидаттарының бірі болып табылады.
Біріншіден, қоғамның адам құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға, қоғамдық өмірден озбырлық пен жеке бассыздықтарды алып тастауға бағытталуы – құқықтық мемлекетті қалыптастырудың және әділдік идеясын іске асырудың негіздері ретінде заңдылықты нығайтуды көздейді [1.Б422], ал бұл идеяның жай-күйі қоғам мен оның азаматтарының құқықтық өмірінің бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Демек, әділдік азаматтарының құқықтарының басты қағидаттарының бірі.
Екіншіден, қоғамда пайда болған барлық қақтығыстар, даулар, наразылықтар, олар кімге қатысты болса да, заңдылық пен әділдік тұрғысынан шешіледі. Заңдылық пен әділдік барлық құқық қолдану қызметінің негізін құрайды. Олардың жалпы талаптары құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау, азаматтардың заң мен сот алдында теңдігін сақтау болып табылады. Қорытындылай келе, заңдылық пен әділдік, әрқашан бірге жүруі тиіс. Заңдылық болған жерде, әділдік орнайды, әділдік болған жерде заңдылық жойылмайды. Бұл азамат құқығының ажырамас қағидаттарының бірі.


11-сынып Кадырбеков Кайсар


Эссенің талдау үлгісі

№1. Абай Құнанбаев «Қара сөздерінің» өмірлік мәні


Абай Құнанбаев қазақ халқының маңдайына біткен жауһары, сөз өнерінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы (түсіну сөйлем). Қара сөздерімен өрнектелген қырық бес сөзі, адамның өткен шағын, осы шағын, болашағын бейнелеп тұрғандай-ақ (өзектілік ). Менің ойымша, ақынның қарасөздері, өмірлік ұстанымда, өмірлік жолда, адам болып қалыптасуға зор үлесі бар (позиция). Неліктен? (кіріспеден негізгі бөлімге өтуші сөйлем). ( Кіріспе, 41 сөз).
Абай Құнанбаев адам болып ерте кезден қалыптасу үшін, дұрыс тыңдай білудің өзі өнер екендігін айтқан. «Бір нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар (пікір). Әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші сол нәрсені көргенде, я естігенде ішінен бірнеше рет қайталау керек...»-деп, дұрыс тыңдай алу үшін, сол нәрсеге зер салып, іштей қайталап, зейін қойып тыңдай білу керектігін айтады (дәлел).
«Тыңдалмаған сөз - жетім» демекші сөздің терең ойын түсіну, қадір- қасиетін ұғыну адам өміріне керекті ең басты қасиет (анализ және бөлімге өтуші сөйлем)
Өмірдің бастауы ғылым мен білімде екенін (пікір): «Егер балаларыңыздың ақылды болғанын қаласаңыз, оны оқытыңыздар. Ғылым-білімнің барлығы орыстарда»-деп, Абай атамыз өзге тілді меңгеру дүниеге деген көзқарасты өзгертетінін әрі ғылымға бір қадам жақындауға септігін тигізетінін жеткізген. Ендігі бір ойында: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» -дей отырып (дәлел), ақын қанша жерден өзге тілді білсең де, өз тіліңе деген махаббатың, сүйіспеншілігің әрқашан биік тұру керек деген мақсат қояды. Яғни өз ана тілін қадірлеп, сүйе білген әр адам өзге тілді де солай құрметтейді, аялайды (анализ және бөлімге өтуші сөйлем).
Абай Құнанбаев өмірлік жолда өз-өзіңді шыңдау үшін ақылды бола білу керек екендігін(пікір): «Ақыл, қайрат, жүректі теңдей ұста, Сонда ғана боласың елден бөлек», - деп (дәлел), хакім Абай ақыл дараланбайды, ол тек жалынды қайратпен, мейірімді жүрекпен бір тұтас қасиет деген(анализ және бөлімге өтуші сөйлем).(190 сөз).
Қорытындылай келе, Абай атамыз өмірдің жолы – соқпақ жол, сондықтан да, оны дұрыс таңдау, ғылым - білімді меңгеруде саналы түрде өмір сүруге болатындығын айтқан (позицияға перефраз). Қарасөздердің тұжырымы ретінде, өмірлік ұстаным ретінде, Абай Құнанбаевтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан»( айтылған үш ойдың түйіні) (57 сөз).

69



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет