Сабақтың тақырыбы:
Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу
|
Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенбина Алмагуль Толеуовна
Күні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны: 1
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
5.2.4.1-Дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау және зерделеу
5.2.4.2-Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру
5.1.3.1-Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
|
Сабақ мақсаты
|
Дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттап, зерделейді.
Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастырады.
Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істейді.
|
Бағалау критерийлері
|
Дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттап айтады, іріктейді.
Дұрыс және тиімді тамақтанудың ас мәзірін құрастыра алады.
Шығармашылық идеяларды зерттеп, дамыту үшін АКТ-ны қолданып ақпарат көздерімен жұмыс істейді.
|
Тілдік мақсат
|
академиялық тілдік дағдыларын қолдана отырып, жасалған жұмыстары мен дайындау тәсілін сипаттай алады;
жобалық бұйымды кезең-кезеңімен орындау барысын түсіндіре (сөйлеу дағдылары) алады;
өз жұмысын және оны орындау бойынша нәтижелеріне талдау жасап, жұмысын таныстыра алады;
|
Алдыңғы оқу
|
Оқушы жалпы тамақтану, ас мәзірі не екенін біледі.
|
|