Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзегеасырылғаны туралырефлексиялықесеп Тәлімгерлік - ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында, сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым – қатынаc құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын тәжірибелік іс-амалдардың тиімділігін жеткізуде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі [1].
Осы курс барысында теориядан түсінгенім бұл ынтымақтастық ұзақ уақыт бой жалғасатын жұмыс болу үшін мен тәліптін қажеттілігін игере отыра, ұйымдастырылған жұмыс болу керек екен. Әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгерістер енгізу мақсатында тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру қажет. Тәліп алушы жас маман, 1-сыныптың бастауыш сынып мұғалімі таңдалып алынды. Тәліп анықталған соң оның қызығушылығы мен мәселелерін кәсіби сұхбат жүргізу арқылы анықталды. Ендігі жерде тағы да кәсіби сұхбат жүргізу арқылы мұғалімнің әдістемесіне қандай өзгеріс енгізу керек екендігі анықталды. Тәлім алушының өз мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тиімді, ашақ сұарқтар қою арқылы даму мақсаттарын айқындауға және оқу мақсаттарын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ойластыруға көмектесемін. Осы жұмыстардың барлығы сенімді қарым-қатынас ұйымдастырудың арқасында жүргізілетін болады.
Мен оқу ісі орынбасары ретінде 1-сыныптың сабақтарына қатысып жүргенде байқағаным, оқушылар сабақ кезінде өздігінен тапсырмаларды орындау қиынға соғатының анықтағам. Тапсырма орындағанда олар әрдайым мұғалімнің көмегін тосып отырады. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтары неғұрлым болатын. Содықтан тәліпке математика сабағында тапсырмамен жұмыс барысында оқушылардың өздігінен бағытталушылығын ұйымдастырудың жоспарын құруға үйретемін. Осы үдеріс жоспарға сай кезеңмен өтетін болады. Бағдарлама бойынша «» бөлімі алынып отыр. Осы бөлім бойынша жұмыс кезінде мұғалімнің тәжірибиесін дамыту үшін тұлғаның мүдделеріне бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі арқылы өзгерістер енгізетін боламын. Осы тәлімгерлік барысында 1-сыныптың математика пәнін таңдаған себебім олар есеп шығару кезінде өздігінен жұмыс істеу дағдылары қалыптаспаған. Өткені мектепалды даярлық тобында оқыған оқушылар жаңартылған бағдарламаға бағытталып оқытылмаған. Олар сабақта еркін, шашырынқы жұмыс істеуге дағдыланған. Ал 1-сыныпқа келгенде бірден жинақылықты, табандылықты, тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайтын, уақытпен жұмыс істеуге болатын ортаға түсті. Сол себептен оқудың даму мақсатында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетін болады. Келесі жоспарланған жұмыс тәліптін дайын сабақ жоспарын отырста қарастырып, сабақта оқушылар өздігінен орындауға берілетін тапсырмаларды жетік қарастыратын боламыз.
Келесі жоспарланған жұмыс тәліптің сабақтарына қатысу. Бұл кезде мен тәліптің оқушылардың тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығын ұйымдастыру әдістерді қалай тиімді пайдаланып жатқанын көретін боламын. Сабақ кезінде бақылау парағы арқылы сабақтың әлсіз және әлді тұстарын анықтаймын. Тәліптің әрбір сабағынан кейін отырс өткізіп, тәліптін сабақтарына байланысты ұсыныстар мен әдістемелік көмектер бергенім дұрыс деп есептеп отырмын. Тәліптің төрт сабағын өткізіп біткенше осы үдеріс қайталанып отырады. Тәліп алушы бірінші сабағын өткізгеннен кейін өзге мұғалімдермен бірге коучинг сабаққа қатысатын болады. Коучинг сабағында тәліп алушы бірінші сабақта кездескене кедергілерді жою үшін өзіне қосымша мәліметтер алады деген ойда қатыстыратын боламын. Ал төртінші сабақ өткен соң оқушылардан сұхбат аламын. Бұл сұхбат арқылы оқушылар сабақ барысында өздігінен тапсырмаларды орындау кезінде қандай кедергілер болды және оларды қалай женді. Осы аралықта оқушылар мұғалімнің көмегіне жүгінді ме, әлде өз-өздерін реттеу арқылы өздігінен шешім қабылдай алды ма деген сұрақтарға оқушылардан шынайы жауаптар алатын боламыз. Барлық сабақтарын жүргізіп болған соң жұмыстың нәтижесін көру үшін отырс ұйымдастырамын. Отырыста біз сыныптағы оқушыларға жеке мінездеме береміз. Ол мінездемені оқушылардан алған сұхбаттың жауаптары арқылы негіздей отырып, мониторинг жүргізілетін болады. Осы нәтиже барысында оқушылар математика пәнінен тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен орындауға сәлде болса дағдыланғандарын талқылайтын боламыз. Осы жерде мен тәліп алушыдан да сұхбат аламын. Бұл сұхбат арқылы тәліп өзінің қажеттіліктері мен оқу мақсаттарына жету кезінде қандай кедергілер немесе тиімді әдістерді қолданығанына көз жеткіземін. Тәліптін сұхбат барысында берген жауаптарын ескере отыра келешекте мұғалімнің өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және қолдануға арналған құралдарды ұсынамын. Тәліп тәлімгерінен алған білімін өз тәжірибиесінде тиімді қолдануды жоспарлайды. Тәліп алушы келешекте оқушы қажеттілігін игере отырып өз жұмысын жүйелі жоспарлауды үйрету.