Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізуБасы: Өткен сабаққа 5 минутқа арналған тест беріледі. Өткенді қайталау. Ортасы
1580452370-қмж
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына рефлексиялық есеп Іс-тәжіребие барысында мен өз алдыма мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыру керек деп ойлаймын: біріншіден, мақсатқа бағытталған сабақ жоспардарын құру, жаңаша тиімді әдіс-тісілдерді оқу үдерісіне кезектеп көшуді көздеп отырмын. 7 модульды біріктіріп отырып оқу мен оқытудың жаңа түрлерін қолдану арқылы білім сапасын арттырамын деген ойдамын. Сабақ кезінде және тапсырмаларды тексеру кезеңінде оқушыларға оқу үшін және оқуды бағалау модуліне сәйкес өз - өзін бағалау, дескрипторлар, екі жұлдыз бір тілек, мұғалімнің кері байланысы әдісін қолданамын, бұл сыныптағы оқушының не оқып білгенін саралау үшін пайдаланамын. Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабаққа бір немесе бірнеше модульді енгізу барысында мен сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, АКТ-ы модульдерін сабақ барысында оқушылардың қажеттіліктеріне бағыт бағдар беретін боламын. 5-сыныптың «Көркем еңбек» пәнінен бағдарлама бойынша «Тамақтану мәдениеті» төртінші бөлімді тандадым. Орта мерзім жоспардағы «Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу» тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспарын жаздым. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының оқу мақсатын зерделеп, сабақтын мақсатына шығамын. Бұл сабақтағы менің мақсатым дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттап зерделеу, дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастырып, шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуына көмек беру болып табылады. Осы мақсаттарға сүйене отырып, сабағымдағы тапсырмаларда осы мақсатқа бағытталған болады. Жалпы оқушыда осы тақырып төңірегінде өзіндік түсініктер болады. Оқушы жалпы тамақтану, ас мәзірі не екенін біледі. Осы білімін ескере отыра мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын келесідей жасадым. Ұйымдастыру кезеңінде мен «Шеринг» әдісі қолданамын. Осы әдіс арқылы оқушының танымдық дамуы зерделеніп (ЖАДА), кері байланыс беріледі. АКТ арқылы оқушыны танымдық және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыру үшін интербелсенді тақта көмегімен бейнебаян көрсетіп, оқушының сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейдім. Мақсаты ой бөлісу. Өткен тақырып бойынша ойын жинақтайды, пікір айтады. Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіліп «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушы ой бөлісу, өткен тақырып бойынша ойын жинақтайды, пікірін айту кезінде «Мұғалім-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін «диалогтік оқыту» әдісін сұрақ қою, сол сұрақтарға жауап алу арқылы өрбітемін. Жаңа сабақ өтер алдында осы әдіспен тиімді сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбна шығатын боламын. Сабақтың тақырыбы анықталған соң, сабақтың мақсаттарын айқындайтын боламыз. Сабақ барсында мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды оқушы орындайтын болады. Жоспарға сай бірінші тапсырмада оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы зиянды тағамдар туралы бейнежазбаларды көрсетемін. Осы жерде оқушының теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастыңғын байқайтын боламын. Оны мен тиімді ашық сұрақтар қою арқылы жүзеге асырамын. Тапсырмаға сай дескриптор жазып қоямын. Екінші тапсырмада табиғи және табиғи емес тағамдардың суреттер беріледі. Суретте берілген тағамдарды «Венн диаграммасы» арқылы пайдалы және пайдасыз тағамдарға бөліп, шығармашылық идеяларды қолдана отырып, АКТ-да ас мәзірін құрастырады. Оқушы өз шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып ас мәзірін безендіру кезінде сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тандау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуын қарастырамын [1]. Осы жерде тапсырмаға дескриптор жазып қоямын. Тапсырманы орындап болған соң жұмысын қалыптастырушы бағалау бойынша «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзін- өзі бағалайды. Сабақтың аяғында оқушы дайын құрастырған ас мәзірін интербелсенді тақта алдына шығып қорғайды. Осы жұмыс барысында оқушы жаңа технологияларды оқуту мен оқуды жетілдіру үдерісін қаншалықта тиімді қолдана алатының байқаймыз. Келешекте АКТ-да білімін жетілдіру үшін тағы қандай тапсырмалар беру керектігін анықтайтын боламын. Сабақ аяғында кері байланыс беремін. Қорытынды бағамдауда қандай екі нəрсе табысты болды? Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? деген сұрақтарға жауап іздейтін боламын. жүктеу/скачать 194,5 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |