«Ойын әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі асб бар балалардың коммуникативтік қызметін дамыту процесі»



бет2/14
Дата14.06.2022
өлшемі123,7 Kb.
#36822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Иманбаева Диплом

Зерттеу нысаны: АСБ бар ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: АСБ бар ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту жұмыстарының жүйесі.
Зерттеу жүргізу мақсаты: АСБ бар ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

  1. АСБ бар ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу;

  2. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша түзеру әдістемелер кешенін қарастыру;

  3. АСБ бар ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша түзету-педагогикалық жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу гипотезасы: АСБ бар ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған мақсатталған және жүйеліленген жұмыстарын жүргізу арқылы осы салада жағымды өзгерістерді байқауға болады.
Зерттеу әдістері: әңгіме, талдау, байқау, салыстыру. Алынған деректердің сапалық және сандық талдауы.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выгодскийдің «жақын даму аймағы» туралы теориясы, М.И. Лисинаның тұжырымдамасы.
Теориялық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері АСБ бар балалардағы қарым-қатынастың мәні мен заңдылықтары туралы түсінік алуға, олардың қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша практикалық жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.
Практикалық маңыздылығы: арнайы оқыту процесінде қолданылатын тапсырмалар мен жаттығуларды ересек мектеп жасына дейінгі балалардың АСБ-мен байланысын түзету практикалық жұмыста қолдануға болады.
Жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 тарау. Балалық шақта қарым-қатынасты дамыту(зерттеу мәселесі бойынша жалпы және арнайы әдебиеттерге шолу жасау)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет