Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет35/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

АҢСАҒАН АПА
Жəмпейістің сөзін маған біздің немере апамызды алған жездеміз Аубакір
да айтты. Оның əйелі Кəкіш — менің, əкемнің, немере інісі Еменалының
қызы. Аубакір да, оның əкесі Тұрабай да Құтырлағанда туып-өскен
«потомственный»
48 
жатақтар екен. Мен Байбан үйінде жүрген, қыста
Аубакір Кəкішті ертіп Еменалының өлген баласына бата қыла келеді. Со
кезде Жаманшұбарға жəмшік тартып Мен де келе қалдым...
Біздің елде ол кезде кеңірдек барқыттан (вильвет) қамзол-шалбар киетін
кісі жоқ. Онда қамзол-шалбарды біз Əлти мен Сəпінің балаларынан ғана
көретінбіз. Аубакір біздің елге осындай қамзол-шалбармен келді.
Біздің жаманшұбарлықтар ішінде ол кезде құлақшын киетін кісі де жоқ.
Аубакір басына құлақшын киіп келді.
Аубакірдің аяғында «казанский» аталатын қызыл шұбар пима. Ондай
пима біздің бүкіл Жаманшұбарда Нұртазада ғана бар.
Аубакір сыртына қараға боялған қой терісінен орысша тіккен тон киіп
келді, ондай тон киетін кісі біздің Жаманшұбарда атымен жоқ.
«Жатақ» деген менің ұғымымда — жалшы. Аубакір — жатақ. Бірақ бұл
жатақтың киімін біздің ауылдың мырзасы да киіп көрген емес.
Ал, Кəкіш ше?
Біздің елдің ғұрпында шəліні жас келіншек қана бүркенеді, оған да
жылға жетпей жаулық салындырады. Кəкішті ұзатқалы он шақты жыл
болған. Бірақ оның басында астынан жамылған қызыл-ала кəріс шəлі,
суықта үстінен жамылатын, жүннен тоқыған көк ала шəлі.
Елдің əйелі ішкі-тысқы қамзолдарының белін қынап киеді. Кəкіш
əйелше киіну былай тұрсын, еркек киімінің де біздің елдің бозбаласы киіп
көрмеген пиджагін киген. Бəтес көйлекті біздің елдің байының əйелі ғана
киеді, онда да сыпайы жерге жолаушы шыққанда ғана. Кəкіштің үстінде
қызыл бəтес көйлек!..
Кəкіш мəстің сыртынан галош формалы жаңа резеңке киігі келген.
Ондай резеңке біздің ауылдың өзге əйелдері түгіл, Нұртазаның бəйбішесі
Бибізарада да жоқ!..
Кəкіште сыртына пальто сияқтандырып тіккен қара топ киіп келген!..
Қысқасы, біздің ауылдың əйелдерімен салыстырғанда Кəкіш — барып
тұрған барыня
49 
...


Ауыл адамдарының ұғымынша: «Жатақ дегендер тыраш келеді, олар мал
жинауды білмейді, бар жиғанын киімі мен тамағына салады. Олардың
байымайтындығы да сондықтан».
Ауылдың ұғымы осылай болғанмен, əйел атаулының Кəкішше киінуі,
еркек атаулының Аубакірше киінуі маған арман сияқтанды. Бұл екеуі маған
Жəмпейіс айтқан сөздердің куəлігіндей боп көрінді.
Бойым үйренгеннен кейін мен осы ойымды Аубакірге айтып едім:
— Жөн сөз екен мұның, — деді ол, — кету керек бұл арадан. Қазақ
арасында жүріп оңбайсың. Орыс арасына барып жұмыс істеу керек те, адам
сияқты тұру керек.
Аубакір мені алып та кетпек болып еді, Нұртаза ризаласқан да еді, нақ со
кезде қырсық шалып, тымауратып қалдым.
Содан кейін менің ойым орыс арасына кетуге шапты да тұрды. Бірақ
оған сылтау керек. Осы сылтау, ұзатқан апам Ұлтуған болды да, соған
барам деп, көктем ауа Байбаннан ұлықсат алдым.
Мені немере ағамыз Ыбырай алып жүрді. Апамның ауылына біз ара
қонып жеттік.
Сағынысқан екі жетімнің жолыққандағы жылауларың əсіресе, мұңды
апаның зарын бұл арада сипаттаудың қажеттігі жоқ сияқты. Оқушыға ол
сипаттамай-ақ түсінікті хал!
Жайылған деген ауыл қалың ағаштың ығын қыстайды екен. Жаз үшке
бөлінетін бұл ауылдың қысқы мекені, Жаманшүбар сияқты бір-ақ жерде.
Ауылының биі Көбдіктің Құсайыны мен Қиқым дейтін адам екен. Байы —
«бай жатақ» аталатын: Ырыске, Серікбай дейтін екі шал. Оларды «бай
жатақ» дейтін себебі: екеуі де бай орыста жалшылықта тұрады да, баласы
жоқ орыс кəртайып өлгенде, мал-мүлкін осы екеуіне актілеп беріп кетеді.
Мол қазына қолына тиген олар, туған ауылдарына көшіп келеді де, аппақ
кигіз үйлер тігеді, желілеп бие байлайды, қысқы мекеніне ағаш үй салады...
Біз барған кезде, жездем Болатбай кигіз үйін тігіп қырға шыққан екен.
Жамаулы қоңыр кигіз үй, ішінде көзге түсер жасауы жоқ. Со жылы
Болатбайда екі бұзаулы сиыр, он шақты қой, ешкі ғана бар екен. Екі
бұзаулы сиыры мен бір биесін Ұлтуғанның қалыңмалына Мұстафаға
беріпті.
Ыбырай тез қайтып кетті де, мен қалып қойдым. Ішкі пікірім —
Құтырлағанға, Аубакірге бару.
Менің бұл ойымды Ұлтуған да қолдай кетті, өйткені оның қайынатасы
Нұралы əйелі көп өліп, «қатынбасша», боп қазан-ошаққа араласып өскен


кісі екен де, жаңа түскен жас əйелдің, шаруа істегенін, ас ұстағанын
ұнатпай күңкілдеп сөйлей береді екен.
Болатбайдың өзі жұмсақ мінезді, үй-ішіне жайлы адам екен. Бірақ:
«қатыныңа оны істетпейсің, мұны істетпейсің» деп Нұралы мүжиді де
отырады екен. «Əке, қойсайшы» деген Болатбайдың сөзіне, «нені қоям,
қойғанда осы ма» деп Нұралы көпіре жөнеліп, кейде Болатбайды сабайды
да екен.
Мен осындай кикілжіңге көп кездестім. «Ашыққан ұры, ашынған тілді
болады» деген мақал бар емес пе. Қайынатасы күн сайын құлағын мүжи
берген соң менің апамның да тілі шығып, қарсы жауап қайыратын бопты...
Осындай бір ұрсысудың уақытында, Болатбай Ұлтуғанға:
— Сен енді қойсайшы, кəрі кісіменен жағаласып, сөйлеспей, — деп
отырды да, тілін батырып отырған шалдың сөзіне жауап қайтарудан
Ұлтуған тиыла қоймаған соң:
— Қап, мына иттің баласы қоймадың ба! — деп қасында жатқан
шабаланы Ұлтуғанға жіберіп кеп қалды. Темір шабала Ұлтуғанның
маңдайына тиіп, жырып түсті...
Со кезде не боп кеткенімді білмей қалдым. Бар білгенім:
— Өй, əкеңнің... — деп Болатбайды боқтап жіберіп, қасымда
жуындысымен тұрған дегенді бетіне төңкере саппын. Содан кейін білгенім:
еңіреп, жылап жаяу қаша жөнеліппін. Бетім — Сағындық ауылы...
Жайылғанның ауылында екі-үш шақырымдай жерде шөптесіндеу кел
болады екен. Соған жаяу жеткенімде, жайдақ мінген Болатбай артымнан
қуып келді.
— Шырағым, саған не болды? — деді ол, мені ұстай ап, құшақтап
тұрып, — Əлгі, бір кəрі бейшараның сөзіне ерем деп... Тіпті бірінші рет қол
жұмсағаным еді... Қайт, шырағым, ауылға, ренжіткенімнің алды-арты осы
болар...
Тағы да біраз сөздер айтқаннан кейін Болатбай мені атына мінгестіріп
алып қайтты.
Бірақ мен ол үйде ұзақ болған жоқпын. Əуелі апамды көндірдім де,
содан кейін Болатбайға:
Қолым бос отырып, мұнда не бітірем... — деп Аубакірдің
шақырғанын айттым.
Болатбай бірер күн қынжылып жүрді де:


— Жарайды, шырағым, барсаң бар, өзім апарып салайын, артыңнан
барып жүрем. Ендігі үйің осы болар, — деді.
Ертеңіне тарантасқа жеккен атпен Болатбай екеуміз Құтырлағаннан
жүріп кеттік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет