Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет17/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ТӨРТІНШІ ТАРАУ
КЕЗДЕСКЕН КƏСІПТЕР
ҰРЛАНҒАН ҚЫЗ
Кескін-кейпі, дене-тұлғасы бір-біріне ұқсас адамдар толып жатады.
Бұндай адамдар əсіресе бір əке, бір шешеден туғандардан, олардың
арасында егіздерден көп кездеседі.
Өмірде осындай кескіндес, тұлғалас адамдарды көре жүре, мен дəл
Андрей
25 
мен Сəдірбайдай бір-біріне ұқсаған адамдарды көрген емен!
Бұл екеуі — мен көрген кезде ақсақалды шал. Екеуінің де кескін
бітімдері аумаған шербидің
26 
короліне ұқсас. Екеуінің бойының биіктігі де,
денесінің, толықтығы да, жауырынының кеңдігі де, бет пішіндері де,
сақалдары да бір-бірінен аумайды. Аса бір жақын кісілер болмаса көлденең
таныстардың, ешқайсысы бұл екеуін еш уақытта ажыратып көрген емес.
Ауыл адамдары оларды дене тұлғасынан немесе келбеттерінен гөрі
киімдерінен таниды. Бір біріне аса ұқсастықтарын білгендіктен, олар
киімдерін өзгеше киюге тырысады. Жұрттың көзі олардың өздеріне емес,
киімдеріне тез үйренеді... Табиғатында жалғыз ғана айырмашылықтары —
Сəдірбай «р» əрпін «ғ» қып сөйлейді...
Мен Мұстафаның үйінен бөлінген кезде Сəдірбайдың əйелі өлді. Өліктің
қырқына шейін құран оқу — мұсылман дініндегі елдердің ол кездегі салты.
Əйелі өлген күннің ертеңіне Сəдірбай Нұртазаның үйіне келді. Сөз
əлпетіне қарағанда, ол əйелін жақсы көретін адам сияқты, өйткені Нұртаза
еске түсіретін сөздер айтқанда, Сəдірбай кеңкілдеп жылап алды да, көзін
сүрткеннен кейін:
— «Құдығеттің, ісіне көнбесең де көнеғсін» деген сөз бағ ғой Нұртаза,—
біг жақ қабығғам сөгіліп тұғған сияқты. Құдайдың құдығетіне қылағ амал
нешік!..
Осылай біраз сөйлесіп отырғаннан кейін:
— Ал, Нұртаза, — деді Сəдірбай, — мен сенен Мұқанның баласын
біздің бəйбішенің қығқына құған оқуға сұғай келдім...
Нұртаза сезге де келмей көне кетті, өйткені, Мұстафадан айырып
алғанмен, мені қайда қоюға білмейді: өз жұмысына салуға да, біреуге
жалдауға да əлі кішкентаймын, бос жəне бөтен баланың тамағын асырауға
ауырсынады...


Сыпайылық білдірген түрде, Нұртаза:
— Қалай қарайсың? — деп менен сұрап еді, ол үйдің көзге түрткісін
көріп жүрген мен ризаласа кеттім.
Еншілері бөлек Андрей мен Сəдірбайдың дəулетті адамдар екендігін
сыртынан білетінбіз: екеуі де ақ үй тігетін, жататын, жылқылары торы-
қасқалы келетін. Білетіндер екеуінде екі жүзден астам қой, қырық-елу сиыр
бар десетін. Дəулеті солай бола тұра, естуімізше не қорқатын, не
сыйлайтын адамы болмаса, Андрей мен Сəдірбайдың үйлері көлденең
кісіге асты сараң тартатын, қара қазан адамдар. Жаманшұбарға олар басқа
рудан көшіп кеп қоңсы боп отыр.
Олардың үй ішімен мен Сəдірбайдікіне барған соң ғана таныстым.
Сəдірбайдың екі баласы бар екен бірі — бой жеткен қызы — Айгүн, бірі —
он жастардағы ер баласы — Тастан. Ұлын Сəдірбай зарығып бертінде
көріпті. Андрейде бала жоқ.
Сəдірбайдың үй іші жасаулы екен. Оның үстіне бой жеткен қызын да
жасап, мүліктері мөлдіреп тұр. Айгүн талдырмаштау келген, орташа бойлы,
ашаң, өңді, шешек дағы бар қоңырлау реңкті, бұйығылау біреу екен.
Жасының шамасы со кезде 18—19 да болу керек. Ауқатты адамның қызы
болғандықтан бір сыдырғы жақсы да киінеді екен: қос етекті қанипас
көйлек, оның сыртынан жөнді-жөнсіз барқыт камзол, олардың өңірін
толтыра, етегін айналдыра күміс қадайды, қысқалау шашына салпыншағы
көп шолпы тағады, екі қолының да саусақтарын толтыра салған күміс пен
алтыны аралас сақина, жүзіктер, оң жақ білегінде бұрамалы жуан күміс
білезік, екі құлағында да салпыншағы көп, күміс сырға, басында үкілеген
құндыз бөрік.
Біздің елдің əдетінде шешесі не əкесі өлген қаралы қыздың үстіне
таққан күмістері мен басына қадаған үкісі жəне саусақтары мен
құлақтарындағы əлем-жəлемдерін алып тастайды. Шешесі өлген бұл
қыздың үстіндегі сəнге арналған бүкіл əлем-жəлемінен тек бөркінің үкісін
ғана қырқып апты, өзгелері түгел.
Тастан еркелеу, шалдуарлау, ойынқұмарлау бала. Молдаға сабаққа
бергенде, ол қашып оқымаған.
Сəдірбайдың үйі асты жақсы ішеді екен онысы тамақтан қоң-тораздау
боп жүрген маған əрине жақсы. Ол үйге бара мен ілезде торалып, бұлтиып
толыға бастадым...
Тойынбағанда ше, күн шығар мезгілде Сəдірбайға еріп барып, əйелінің
қабырына «ясин» оқудан басқа, өлген əйелге шығаратын құранның бірнеше
бетін күндіз бір мезгіл аударудан басқа, немесе кісі келгенде, я ас-аят
оқудан басқа, менде ешбір жан ауыртатын жұмыс жоқ.


Менің құранды бірсыдырғы əдемі оқитын дауысым бар. Жəне мен
молдама ұқсап, бар дауысымды құбылта, күңіренте оқуға тырысам. Менің
не оқып жатқанымнан хабары жоқ сауатсыз Сəдірбай:
— Қағағым, — дейді маған, — жағайсын. Нұртазаға да, саған да
ғизамын. Егеғ өзіңнің, кеткің келмесе, бəйбішенің қығқы біткен соң да тұға
беғ бүздің үйде!
Мен сол үйде тұра берер ме едім, қайтер ем, егерде «тышқан інге кіре
алмай жүріп, құйрығына қалжуар байлапты» дегендей, өзім тиыш жүрсем...
Тиыш жүрмедім мен. Өйтуіме Нəзір дейтін жігіт айыпты. Ол — орта
дəулетті Тоғанас деген кісінің баласы.
Денесі де, кескіні де сұлу, əрі бұла боп еркін өскен Нəзір, бір сыдырғы
əнші де, домбырашы да еді. Жаманшұбарда со кезде жігіт те, қыз да көп.
Мал бағудан басқа кəсібі жоқ бұл ауылда жастардың ойын-сауығы жиі боп
тұрады, сонда басқарушылары — Нəзір. Осы Нəзір, Сəдірбай үйінде
жүрген мені бір күні қалың шіліктің арасынан ұстап алды да:
— Кəне, отыр мұнда! — деп етегімнен басып қасына отырғызды.
Балалармен ол қолын батыра ойнайтын жігіт те. Біз одан қорқатынбыз.
— Қалай, Сəдірбайдың үйі ұнай ма? — деді ол маған қылжақтаған
кескінмен.
— Ұнайды, — дедім мен қипақтап, бұл сұрауды неге бергеніне түсінбей.
— Қалай, Сəдірбай сақ ұйықтай ма? — деп сұрады ол, кескінін
құйқылжыта түсіп.
Мен расын айттым: неге екенін кім білсін, Сəдірбай сауатсыз адам бола
тұра, түні бойы кірпік қақпай, əлсін-əлсін дəретке шығып, əлсін-əлсін
намаз оқи береді, таңертең əйелінің қабырына барып, аят оқып қайтқаннан
кейін ғана қалғиды. Нəзірге оны мен айтып ем:
— Əй, боқмұрын, — деді ол, ойнақы кескінін жинап ап, — расың ба,
ойының ба? Өтірік айтсаң, ішке-ішке тепкілеймін, расыңды айт!
— Рас.
— Ендеше, сен сол қызға жолық, іңірде осы араға келіп кетсін. Айтасың
ба?
Мен үндемеп ем:
Осыдан айтпай бақ, желкеңді үзейін, — деді Нəзір, зілденіп, — айт,
жаның барда; айтасың ба, жоқ па?
— Айтайын! — дедім мен ұрар деп қорқып.


Нəзірге берген уəдемді екі-үш күнге дейін орындай алмадым, бет-
моншағым үзілмеген жас бала, батылым бармады. Бірақ Нəзірден құтыла
алмайтын болдым. Қаншама қашқалақтайын десем де қапымды тауып
ұстап алады да, неге сөйлеспейсің деп қыстайды.
Бір күні оңашалау мезгілде Айгүнге Нəзірдің сөзін айтып ем, ол əуелі:
— Не былшылдап отырсың өзің? — деп маған жекіп тастады да, мен
соңынан қалмаған соң, — айтып қоясың, — деп былқылдап, — айтпаймын,
— деп қарғанған соң, — жарайды, барайын, — деді.
Қыз бен Нəзірдің оңаша кездесуі мен айтпай-ақ тарап кетті. «Сенен
тарады» деп мені Айгүн де, Нəзір де қысады. Амалың болса істе!..
Айгүннің қайыны — Жаманшұбардан бес-алты шақырым жерде, «Нұр»
аталатын томардың жағасында қыстайтын, Шөгелдің Төрежаны дейтін əрі
бай, əрі хажы адам екен. Төрежан он бес баласының бірі Махметке
атастырыпты.
Қашан қызды ұзатып алғанша, əке-шешесінің ұлықсатынсыз есігін
ашпау, ашқысы келсе қалыңмал үстіне қосымша айып төлеп ашу, — о
заманғы ауыл күйеуінің салты. Бірақ қайын жұртынан біреу-міреу өле
қалса, оған кеп бата оқу əдеті де бар. Бұндай жағдайда, күйеу қайын
атасының өз үйіне емес отауына, отауы болмаса көршілерінің біреуіне
түседі.
Сол дағдымен Махмет те келіп көрші үйдің біріне түсті. Күйеуді
күтісушінің біреуі мен болдым. Сол міндетімді атқарып жүрген қаға-беріс
шақта қасыма келген Махмет:
— Əй, бала, былай шығып кетші, — деп мені жағамнан ұстап алысырақ
жерге апарды да, Нəзір мен Айгүннің жайын сұрай бастады. «Мен түк те
білмеймін» деп танып ем, кімнің соншама бақылап жүріп түгел дəттеткенін
кім білсін, Нəзір мен менің бұл темада алғаш сөйлеуімнен бастап, барлық
болған оқиға Махметтің алақанында екен.
Мен сонда да «білмейміннен» танған жоқпын. Мені мыти ұстаған жəне
боқтай сөйлеген қалпына қарағанда, «сорым енді қайнаған болар» деп-ақ
тұр ем, сыр тарта алмайтынын білгендей Махмет қатаң үнін жуасытты да:
— Ел арасында осындай бір есек қашқан соң, — деді мені босатып, —
жай анығын ғана білейін деп ем, менен несін жасырасың? «Қымызды кім
ішпейді, қызбен кім ойнамайды» дегендей, менің, қалыңдығыммен де
Нəзірдің ойнап, күлуі мүмкін. Сөйтті екен деп, мен қалыңдығымнан безер
деп отырмысың? Бəрібір, алам оны. Сенен, жəй, расын ғана білейін деп ем
де... Айтпасаң мейлің білсін... Мойныңа алғаныңды көріп отырмын...
Маған ол да жетеді...


Солай емексіте сөйлеп отырып, ол маған расымды айтқызып қойды...
— Расыңды айтқаныңа тəңір жарылқасын, — деді ол маған, — бұл кеңес
осы арада қалсын. Сен де, мен де аузымыздан шығармайық...
— Жарайды, — дедім мен.
Кешікпей ауыл Досқа қонды, жұрт «Жапырақ базарына» жүре бастады.
Баласы Тастанды алып Сəдірбай да, асыранды баласы Жақыппен Андрей
де аттанды... Біздің төрт ауылда əйелдер мен балалардан басқа жөнді адам
қалған жоқ. Сəдірбай үйінде қызы мен екеуіміз ғана қалдық. Тек, кешке
ғана Жақыптың əйелі кеп қонады...
Бір күні түнде шырт ұйқыда жатыр ем, əлдекімнің «ойбай!» деген, қатты
дауысы оятып жіберді. Көзімді ашып қарасам, адалбақанға ілулі тұрған
шам жанып қапты, үйдің ішінде танымайтын бірнеше еркек жүр, бəрінің де
түсі суық!.. Қамшы көтерген біреуі Жақыптың, босағаға тығылған үрейлі
əйеліне төніп тұр, біреулері көйлекшең қызды ортаға алып киіндіріп
жатыр!.. Біреуі маған да қамшы үйіріп: «Жат, өлмейін десең!.. Дыбысыңды
шығарма!» деп жекіп қойды, бүркеніп жата қалдым... Көрпенің бұрышынан
сығаласам: Айгүнді қоршаған жігіттің біреуі — оның күйеуі Махмет!..
— Сен ғой, Тоғанастың Нəзіріне тием деп ойладың, жүзі қара! — деп
тұр ол қалыңдығына, — қалыңмалыңды мен берейін де, қызығыңды біреу
көрсін!.. Əкең неге созғылап жүр десем, осы екен ғой ойында. Қызын
сатып қоңсы болған екен ғой Жаманшұбарға!..
Амалсыздығын білгендей, не айыбын мойнына алғандай, немесе зəресі
ұшқандай, Айгүнде үн жоқ...
Ауылда қауіп күтер адам жоғына көзі жеткен күйеу мен оның
қосшылары, Сəдірбай үйін еркін жайлады: қорқытып еркіне көндіріп алған
қыз бен жеңгесіне сандық атаулының бəрін аштырып, бума атаулының
бəрін шештіріп, қыздың жасауына арнаған да, арнамаған да іске татырлық
мүліктің бəрін алды. Сөйтті де Жақыптың əйелі мен мені «ауылға хабар
айтып қояр» деп қауіптенгендей қол-аяғымызды тас қып байлады.
«Бақырмасын» дегендей, əйелдің аузына қойдың бір уыс жүнін кептеп
тықты. Маған оны істеген жоқ... Сөйтіп олар қызды алып кете барды...
«Жапырақ базарынан» қайтқан Сəдірбайдың ойынша: Махмет пен
қыздың арасында сөз тасыған, екеуін байланыстырған мен болдым, ол:
— Көғінбе, көзіме, қапығ!.. Жоғал, аулақ!.. — деп мені үйінен қуды да
жіберді. Амалсыздан, мен тағы да Нұртазаның үйіне бардым...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет