Орындаған: Калка Мөлдір Тексерген: Тлеулинова Мөлдір Болатбекқызы Нұр-Сұлтан,2022ж Жоспар


Ет және ет өнімдерінен тағамдар дайындау және ұсыну



бет9/22
Дата06.03.2023
өлшемі65,11 Kb.
#71968
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Ет және ет өнімдерінен тағамдар дайындау және ұсыну

Ет және ет өнімдерінен тағамдар дайындау және ұсыну Котлет массасын дайындау үшін сиыр мойынды етінің жұмсағын, құрсақ көк етін, шабынды еттерді, шошқаның шабынды еті, сиректеу қойдың мойынды ет жұмсағы, шабынды еттері пайдаланылады. Бұл мақсат үшін құрамында 10%- ға майы бар семіз малдың еттерін пайдалану қолайлы. Бебебі бұлардан алынған котлет массасының сапасы жақсы болады. Егер ет майсыздау болса, онда оларға май немесе табиғи майдан 5-10% қосады. Шабылған ет котлеттері. Массасы әр сыбағаға 57 г ет өлшеп лаып, қызыл аунатпада аунатады. Қалыңдығы 2-2,5 см, ұзындығы 10-12, ені 5 см болатын, бір бұрышы сүйірленген сопақшалау-жалпақ формада дайындалады. Әр сыбағаға – 1-2 данадан. Шабынды ет биточкалары.


Массасы 57 г етті өлшеп алып, аунатпада аунатады, қалыңдығы – 2-2,5 см, диаметрі 6 см етіп жалпақтау дөңгелек формада әзірлейді. Әр сыбағаға – 2 данадан. Шабылған ет шницелі. Массаны сыбағалап, аунатпада аунатады. Қалыңдығын 1 см етіп, сопақша- жалпақтау форма беріп даярлайды. Әр үлестірме сыбағаға 1 данадан. Шабылған ет зразасы. Котлет массасын аз мөлшердегі наннан дайындайды. Алынған массадан қалыңдығы 1 см, дөңгелек формалы, оның ортасына тартымдар салып, ұштарын қайырып қосады да қызыл аунатпада аунатып, сопақша келген шеті бар кірпіш формасындағы өнім дайындалады. Әр үлестірме сыбағаға 1-2 данадан пайдаланады. Тефтелдер. Котлет массасын аз мөлшердегі наннан дайындайды. Шар тәрізді форма беріп, ұн аунатпасында аунатады. Әр сыбағаға – 2 данадан. Орама(рулет). Аз мөлшердегі наннан котлет массасын дайындайды. Ылғалданған салфеткаға не дәкеге массасын салып, қалыңдығы 1,5-2 см, тік бұрышты формаға келтіріп, ортасына бойлап тартымдар салады да орайды. Формаға келтіру үшін дәкенің бір ұшы екінші ұшын жабатындай етіпң тоқаш нан формасын беріп, айқасқан жерін төмен қаратып даярлайды. Сосын май жағылған суырма табаға салып, сүрткішті алады. Орама бетіне льезон жағып, кепкен нан ұнтағын себеді. Жылумен өңдеу кезінде жарықтар пайда болмас үшін бетінен ине көмегімен тесіктер жасайды.
Дайындалу тәсілі:
 Сиыр етін жуып,тұзды суда қайнатып пісіреді де,салқындатып,сабанға ұқсатып турайды.
 Салма, көк пияз бен сүтшөпті жуады.
 Саңырауқұлақты салқын суда жуып,аса майдаламай турайды.
 Алма мен ірімшікті ірі көзді үккіштен өткізеді.Көк пиязды турайды.
 Етті тәрелкеге төселген сүтшөп үстіне үйіп,бетіне алманы салып,оның үстіне саңырауқұлақты жайлайды.
 Саңырауқұлақ үстіне ірімшікті үйеді.
 Салатқа майонез құйып,бетіне көк пияз сеуіп,дастарханға қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет