Орталық азия инновациялық



бет8/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
lek 2131 163248.618

Баламалы технологиялар


Германиядағы Вальдорф мектебі. Кейбір әдебиеттер жарияланған мәліметтер бойынша қазір қолданылып жүрген технологитялардың жалпы саны қырықтан асады,біз оның бәрін түгелдеп келтіруді мақсат етедік. В.М.Монахов:«Педагогикалық технология-оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі»-деген анықтама берген еді.Ендеше педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеген әрбір ұстаз осы технологиялардың біреуін басшылыққа алып өз жұмысын сол технологияға сәйкестендіріп құрғаны жөн болады.Қазіргі заман талабы осындай екендігін әр ұстаз түсінуі және сезінуі керек.Технологияны таңдауда мынаны ескеру керек.

Бақылау сұрақтары:


  1. Педагогикалық технологиялардың түрлері

  2. Сынып ішіндегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы (Н.П.Гузик)

  3. Ұжымдық тәсілімен оқыту технологиясы (В.Дьяченко)

  4. Модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова)

  5. Жобалап оқыту технологиясы

Пайданалылған әдебиеттер.


  1. Н.М. Верзилин, Д.И. Трайтак. Общая методика преподавания биологии. Москва : Просвещение-1983.

  2. Паделко Н.В., Федорова В.Н. Ботаниканы оқыту методикасы. Алматы: Мектеп-1976.-383б.

  3. Шалекенова К. Ботаникадан өтілетін лабораториялық сабақтар. Алматы: Мектеп-1968 ж. -80б.

  4. Қуанышбаева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент-2000ж- 300бет.

  5. В.В. Травникова. Биологические экскурсии. СПб.: «Паритет»,2002.



Лекция 3. Педагогикалық технологиялардың терминологиялық аппараты

Инновациялық технологияның негізгі мақсаттары


Жоспары:

  1. XXI ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар.

  2. 2.Мұғалімнің кәсіби шеберлігін шындаудағы басты бағыттар.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші,жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді. Ал бұл жұмыстарға қол жеткізу үшін мектепішілік әдістемелік қызметті және мұғалімдердің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдарын жаңартудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру қажет.Мектептің оқу-тәрбие жүйесін дамыту бойынша «Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды кешенді енгізе отырып, адамгершілікті,шығармашыл тұлғаны қалыптастыру» түйінді мәселесін іске асыру мақсатында 2006-2011 жылдар аралығында мектепішілік педагогикалық эксперимент жарияланды. Мектеп оқу-тәрбие жүйесін дамыту динамикасының басты мақсаттары мен негізгі міндеттері төмендегідей айқындалды:



  1. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды кешенді енгізу жолдарын зерттеп,меңгеру;

  2. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды кешенді енгізе отырып,оқушылардың

  3. Шығармашылықты қабілетін дамыту бойынша мұғалімнің ролін жетілдіру;

  4. Тәрбие үрдісіне инновациялық әдістерді енгізе отырып,шығармашыл ізденімпаз,адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру;

  5. Мұғалімнің іс-әрекетін бақылау мен бағалаудың инновациялық әдіс- тәсілдерін іздестіру,меңгеру;

Педагогикалық эксперимент барысында,педагог-мамандардың ісәрекетін, оқушылардың білімгерлік ынта-ықыласын,тәрбиелік деңгейін мониторингілеу мақсатында диагностикалық зерттеу лабораториясы құрылды. Эксперимент барысында мектеп жүйесін дамытудың перспективалық бағдарламасы жасалып,кезеңдер бойынша жүзеге асыру межеленді. Негізгі мақсаты- зерттей отырып білім беру технологиялары негізінде оқушылардың ойлау мәдениетін, ой-өрісін шығармашылық қабілетін дамыту. Оқу жылы барысында дамудың негізгі міндеттемелері орындалуда:

  • Мұғалімдердің кәсіптік іс-әрекеттеріндегі инновациялық көріністерді басқа мұғалімдердің іс-тәжірибесіне енгізуді ұйымдастыру;

  • Мұғалімдердің педагогикалық кәсіптік шеберлігін шыңдау,инновациялық іс-әрекеттері бойынша эксперимент нәтижелерін зерттеу;

  • Диагностикалық зерттеу лабораториясы өз жұмысын жүргізуде.

Бұл лабораторияның қызметі- мектептің жан-жақты даму заңдылықтары мен дамуын тежеуші себептерін зерттеу, мектептің жекелеген компоненттерін күрделі педагогикалық жүйе ретінде қарастырып, даму барысында оның тиімді және тиімсіз, жағымды және жағымсыз жақтарын айқындап отыру. Диагностикалық зерттеу лабораториясының сарапшылар құрамына мектеп директоры, орынбасарлары, мектеп психологы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, жоғары санаттағы ұстаздар, информатика пәнінің мұғалімі кірді. Сарапшылар міндеттері айқындалды. Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен инновациялық технологиялар бойынша шағын 4 шығармашылық топ жұмыс атқарады. Атап айтқанда: «Дарын», «Сын тұрғысынан ойлау», «Модульдік оқыту», «Сатылай кешенді талдау» топтары. Оларға тәжірибелі ұстаздар жетекшілік етеді. Әр топ бекітілген тақырып төңірегінде жан-жақты ғылыми- теориялық зерттеу,тәжірибелік эксперименттік жұмыстарды іске асырады жүйелеп талдайды.Оқу жылында топ мүшелерінің ұйымдастыруымен,қатысуымен пән апталықтары, педагогикалық оқулар, семинарлар ұйымдастырылып, педагогикалық инновацияларды байытып аудан көлемінде таратуда. Биология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ» семинар өткізу. Семинардың мақсаты- жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың ізденімпаздық қасиетін дамыту, шығармашылыққа баулу. Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен жұмыс жүргізетін тәжірибелі ұстаз өзінің іс-тәжірибесін , «Қоршаған орта» тақырыбындағы сабағында мультимедиалық кабинеттің оқу-тәрбие процесіндегі тиімділігін көрсету керек. Электронды оқулық,интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу, тыңдау, түсіну дағдылары мен іс-әректтерін дамыту қажет. «Биология кабинетінің мүмкіндіктерін оқу-тәрбие процесінде қолдану» атты семинарға Биология пәнінің мұғалімдері шақырылады.
Семинардың мақсаты- Биология сынып зертханасындағы оқытудың инновациялық нысандарын пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін тәжірибеде нақты түрде пайдалана білуге баулу. Семинардың бірінші бөлімінде ашық сабақтар және шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Педагогикалық және әдістемелік кеңестерде «Дарынды балаларды өз бетімен білім алуға және ғылыми-зерттеушілік жұмысқа ынталандыру», «Білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың ролі», «Модулдік технологияны биология сабағында қолданудың тиімділігі», «Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу әдістемесі» тақырыптары бойынша есеп беріледі. Бірлестіктер мен шығармашылық топтар әдістемелік кеңесте өз жұмыстарына есеп беріп отырады.
дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, мот, интерактивті оқыту, сатылай- комплексті талдау, т.б. педагогикалық технологиялар басшылыққа алынды.Жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде атқарылып жатқан жұмыс ауқымы, міне осындай. Әрине, алда тұрған міндеттер одан да көп. Сол жолда мектеп ұстаздары еселі еңбектерін одан әрі жалғастыра беретініне сенімім зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет