Орталық азия инновациялық


Лекцияға қажетті схемалар, суреттер, плакаттар, формулалар т.б



бет9/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
lek 2131 163248.618

Лекцияға қажетті схемалар, суреттер, плакаттар, формулалар т.б.: салыстырмалы зерттеулердін сызба –схемасы, презентация (слайд-шоу), әдістемелік нұсқаулар және журналдар.


Бақылау сұрақтары:


  1. Мұғалімдердің педагогикалық кәсіптік шеберлігін шыңдау?

  2. Білім сапасы - мұғалімдер жұмысының айнасы деген не?

  3. Мұғалімдердің ақпараттық коммуникативтік технологияны оқып үйренуінің практикада қолдану нәтижелілігі

  4. XXI ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар.

  5. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін шындаудағы басты бағыттар.

  6. 12 жылдық оқытуға көшу биология мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру



Лекция 4. Сорос Қазақстан қорының оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту атты бағдарламасын паидаланудағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жүзеге асыру.


Жоспары:

  1. Модульдік оқыту технологиясы.

  2. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

  3. Биология сабақтарында модульді технологияларды пайдалану.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқы-тудың дербестігін қамтамасыз етеді. «Модульдік оқыту технологиясы» деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда «толық меңгеру» әдістемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. «Толық меңгеру» - әдістеме-сінің негізгі идеяларын 1960 – жылдары Американ психологтары Д.Ж.Кэррол және Б.Блум ұсынған. Олардың пайымдауынша бала қабілеті қолайлы жағдай кезде оның оқу темпімен анықталады. Оқу нәтижесін тұрақты тіркеліп отыратын параметрге айналдыруды ұсынған.
Модуль деп- дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогын атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші, хабарлаушы рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс - әрекет әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер еңгізе алады. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді. Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі дегеніміз не екенін нақты анықтап алуымыз керек.

  1. Акпараттардың аяқталған блогынан.

  2. ОҚУШЫ іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан.

  3. Бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұныны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша өзге тәсілдерге қарағанда өзгешеліктері мынадай:
Оқу мазмұны қойылған мақсатқа сәйкес меңгерілетін жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып оңда оқылатын мазмұн көлемі мен меңгеру деңгейі анықталады. Оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Жазбаша нұсқаулар әрбір модуль үшін құрылады. Мұғалімнің оқушылармен қарым- қатынас түрі өзгереді. Ол ақыл беруші мен орындаушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асады. Оқушы уақытының көбінде өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді. Модульдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін белсенді іс-әрекетіне негізделген. Оқушының әркезде ғана емес, жүйелі іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан мұғалімнің дайындаған тапсырмалары оқушыларды оқу мақсатына бағыттайтын, жетелейтін болуы керек.
Мұғалім балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін құрып, сол арқылы рефлексивті оқу процесі жүруіне ықпал етуі тиіс. Модульдік технология дамыта оқыту идеясын пайдаланады. Егер оқушы тапсырманы өзгелердің көмегін пайдаланып орындаса ол өзінің жақын даму аймағында деп
есептеледі. Бұдан баланың психикасы дамиды, ертең ол тапсырманы өзі орындаса оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа денгейде келесі цикл бастау алады. Модульдік технология бағдарламалап оқыту идеясын да пайдаланады. Бағдарламалап оқытудың оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, нәтижелерді салыстыру, өзін-өзі бақылау сияқты элементтері модуль әдісінде де қолданылады.
Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет