Орталық азия инновациялық



бет5/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
lek 2131 163248.618

Лекция 2.

Тақырыбы: Қазіргі заманның инновациялық технологиялары. Оқу тәрбие дерісін инновациялау –бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Инновация туралы жалпы түсінік. Инновацияның негізгі қағидалары. сының ерекшеліктері.

Жоспары:


    1. Педагогикалық технологияның процессуалды бөлігі.

    2. Жаңа технологияларға қойылатын талаптар

    3. Педагогикалық технологиялардың түрлері

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы


оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл- ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. Егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер “Барыс текті намысты ұрпақ” өсіру үшін мына шарттарды есте ұстағанымыз жөн.

  1. Ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып тәрбиелеу үшін “Мұны білуге саған әлі ерте, оған тиым саламыз” деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны баланың ойын еркін айта білуге, білімге жетелеудің бір арнасы деп ұғу абзал.

  2. Жас ұрпақты адамға тән табиғи, адами сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету керек. Ол үшін жанды жансыз тіршілік деген тұтас әлемнің қадір қасиетін танытқан дұрыс.

  3. Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындырған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп шындықты үйрету мектебі болуы тиіс.

Технология-өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Кез келген елдің рухани,мәдени дамуы экономикалық дамуы сол елдің оқыған білімді индивидумдар деңгейімен анықталады.Ал жеке тұлғалардың білімділігі, кеңінен ойлауы ,анализдей білуі мектеп қабырғасында алатын біліміне тікелей байланысты. Яғни, болашақ деп аталатын үлкен құрылыстың кішкене кірпіштерін дайындап шығаратып жатқан фабрика – мектеп. Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеументтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Ал оны игеруге бөлінетін уақыт өзгеріссіз қалуда. Білім берудің сапасын жақсарту,білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет