Бақылау сұрақтары:
Модульді технологияның негізін қалаушы кім?
Қазақстанда модульді технологияның негізін қалаушы кім?
Модульді технология қандай бөлімдерден тұрады?
Модульді технологияның ерекшелігі неде?
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Тұлғаның мәні туралы философиялық ілім; тұлғаның дамып, жетілуі мен толысуының жалпы диалектикалық принциптері
М. Жанпеисованың модульдік технологиясын биология сабақтарында қолдану
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ж.Н.СадуоваЖаңа педагогикалық технологияларды қолдану маңызы Білім беру.- Алматы, 2007.- №5.
Тоқбергенова У. Қ.Жалпы орта білім берудің нәтижелілігін арттыру мүмкіндіктері .2005. № 4. 296-301.
Әлімқұлов Р., Сәтібеков Р. Биология. Оқыту әдістемесі: Алматы: Атамұра, 2004.-96 б.
Қайым Қ., Әлімқұлов ., Қожантаева Ж., Сәтімбеков Р. Биология. Оқыту әдістемесі: Алматы: Атамұра, 2003.-112б.
Қуанышова С.Е. Тәнтану курсында оқушыларға салауатты өмір сүрудіің психологиялық негізін қалыптастыру. ОҚМУ. Шымкент – 2000.
М.М. Жанпеисова. Модульная технология обучения как развития ученика. Алматы, 2001-154с
Лекция 5. Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Жоспары;
В.Шаталов технологиясының принциптері.
Ерекшелігі.
В.Ф.Шаталовтың білім беру концепциясының басты идеясы-нәтижелі оқу технологиясы әрбір оқушының психофизиологиялық потенциалын активтендіру арқасында ашуға рұқсат етеді, ал қабылдау, талдау жеке ха- барды жүйеге келтіруге, сонымен қатар жеке тұлғаға қолайлы психологиялық шарттар жасауды қамтамасыз етеді. Дәстүрлі оқыту әдісі ондай мүмкіншілік бермейді.
В.Шаталов технологиясының принциптері:
Үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау.
Жекелей әрекет жасау.
Ізгілікті қарым-қатынаста болу.
Күш түсірмей оқыту.
Жетістіктің жариялылығы, түзету, өсу жетістікке жетуге жетелеу бола-шаққа жол ашу.
Тәрбие мен оқытуды байланыстыру.
Мақсаты:
Білім, білік дағдыны қалыптастыру.
Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту.
Жеделдете оқыту.
Ерекшелігі:
Материалдар ірілендіріп беріледі. 11.Блок түрде беріледі.
12.Оқу материалын тірек сызба, конспект арқылы беру.
Шаталовтың оқыту үлгісінің жүйесі оқу-тәрбие процесінің қисынымен және оның барлық бөлімдерімен байланысты. Шаталовтың оқыту тех- нологиясының негізгі категориясы – тірек сигналдар мен тірек конс-пектілері
– ауызша бейне мен мәтіннің теңестіру феноменінде құралады. Оқу-тәрбие процесі «бағалау», «қайталау», «бақылау» және «өзіндік бақылау» категориялары негізінде басқарылады. Оқушылардың оқу еңбегін жеңілдетіп, қалай табысқа әкелуге болады? Мұнда оқушылардың есте сақтауы мен түсінігін көмектесуге бағытталған мнемоника туралы ойлану ке-рек. Ең негізгі құралдардың бірі тірек, Шаталов осындай қорытындығы келді.
Шаталов жүйесіндегі тірек сигналдары - өте маңызды роль ойнайтын көрнекіліктің түрі. Тірек сигналдарына сәйкес оқылатын теориялық мате- риалдың бағдарламасы баяндалатын материал сабағында үлгіленеді. Тірек сигналдары белгілерді, айқындаушы құралдарды, абстракты теориялық ма- териалдардың мазмұнын түсіндіру кезіндегі әдістерді нақтылы суреттер, белгілер, маңызды сөздер, қысқа ұсыныстар біріктіреді. Есте жаңа білім- дердің компонентін сақтауға мүмкіндік беретін тіреу сигналдарына міндетті түрде ашық, жарқын материалдар біріктіреді. Ауызша жауаптарға қысқа және дәл 3-5 минут бөлу, оқушылардың білімдерін қысқа, әрі дәл баяндауға мүмкіндік береді. Алдын-ала ескерілген Шаталовтың жүйесі әдеттегі сыныптарға қарағанда анағұрлым жоғарырақ.
Ең қарапайымнан бастайық: сөзде әріп – бұл тіреу сигнал. Егер де ол басқаларға тәуелсіз, өзімен-өзі болса, онда оны қарапайым сигнал деуге болар еді. Біз сөз құрастыра отырып, әрбір жазылғандардың барлығына және әрқайсысына сүйенеміз, оларды есте сақтаймыз. Әріп – тірек, әріп – сигнал. Тек әріптер ғана ма? Тірек сигналдары – бұл әрі буындар, әрі сөз-дер, сандар мен формулалар, ережелер. Мінекей, әрбір адамның есінде меңгерілген информацияны қайта жаңғыртуға көмектесетін миллиондаған тіреу сигналдары сақталады. Сонымен қатар, есте сақтауды жеңілдету үшін ойлап табылған мнемоникалық әдістер белгілі. «Әрбір аңшы қырғауылдың қайда дәл ретіне келтіру үшін бұл сөйлемге кім бұралмайды? Мәліметті үнемді тәсілмен де есте сақтауға болады, мысалы аббревиатуралар арқасында. Кенеттілік және үнемділік – біздің тірек сигналдарымыз құралатын принцип тағы басқалары да бар. Олардың арасында – қауым-дастық принципі. Шынында, тіреу сигналдарын қолдану арқылы естегі мә-ліметтерді қайта жаңғыртуға көмектеседі. Бірақ, айқын белгі оқушы үшін тіреу сигналы болуы қажет. Онымен байланысты мәлімет оқушыларға тү-сінікті болуы тиіс. Тіреу
конспектісі кірпіштер секілді тіреу сигналдары-нан құралады. Ол оқушыларға қандай да болмасын кез-келген тақырыпты бүтіндей қабылдауға көмектеседі.
Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі. Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі совет мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
В.Ф.Шаталов 1927 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1953 жылы Сталин педагогикалық институтын аяқтады. 1973 жылдан НИИ УССР Педагогикасының ғылыми қызметкері және 1985 жылға дейін АПН ССРО істеді. 1987 жылдан УССР еңбегі сіңген мұғалімі. 1990 жылдан ССРО халық мұғалімі.1992 жылдан бастап Білім Институтының доценті. 1956 жылдан бастап өзінің кең танымал «Шаталовтың қарқынды оқыту әдістемесін» жасап, оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізді. Академиялық педагогика сферасында Шаталовтың әдістемесін жаңа оқыту технологиясы деп санауға болады ма, деген қақпайласу тоқталмауда.
Достарыңызбен бөлісу: |