Отамалы (әңгіме)


«Енді райы қайтса екен, тәңірім-ай!»



бет20/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
«Енді райы қайтса екен, тәңірім-ай!»

Қойларына тағы бір көз тастап, екі күн бораннан аман қалғанына іштей қуанып келеді. Тіпті, осы жерге құлап түсіп, ұйықтап қалғысы да келеді.

Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. Түске жақын қар қайта жауып, жел оны ірітіп ала жөнелді. Ақ дүлей шабысына қайта басты. Енді әрі аяз, әрі боран қатар жұлынды. Қар бетінде қылтиған бір бұта тыныш қалған жоқ, бәрі де иіліп, бүгіліп, зарлап жатыр. Жер үсті — ызыл мен сарын. Жердің өкпесіне садақтың оғы тигендей ыңыранып жатыр. Кешке қарай топтан екі қой бөлініп қалып қойды. Олардың бауырлары қарға малынып-малынып тұр, шамасы, жүрерге әлі қалмаған болу керек. Ызғырық желдің өтінде екеуі шоңқиып-шоңқиып қала берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет