сақылыққа үйретті
(Д. Досжанов). Сүйетінім
сақылық ат,
Сақы десе көңілім шат
(«Мың бір түн»). Салауатпен киіну − сәнденіп киіну. Қалқам, жылдам киінші,
Салауатпен киініп, Ағаңа сырттан көрінші
(Нұртуған). Санағат −
өнеркәсіп (қазып шығару және өндіру кәсіпорындарынан құралатын халық шаруашылық саласы). Жүргізіп ұсталығын Мысыр Дәуіт,
Үйреніп теміршілік
санағаттан. Үкімін күллі ғаламға етіп рауаж, Сүлеймен
дүр-жақұттан тақ жасатқан
(Ерімбет). Қасибият бар, сауда уа
санағат бар, −
деді Мұғалім
(І. Жансүгіров). Санат −
1) тірек, сүйеніш, таяныш; 2) тау беткейі; 3) тілхат, документ, ақша міндеттемесі, қарыз; 4) бағалы, қымбат қағаздар; 5) ауыс. бедел, абырой, беделді, абыройлы; 6) ауыс. әсем, тамаша. Бүгін барып сұрадым
Жәніке бидің Қара атын. Бермек түгіл ол маған, Кеуліме салды
санатын. Неғылайын қайғырып, Бұл да Алланың ісі да – Ол тағдырда болатын
(Нұртуған). Мырзағұл, көріп оңай, көп ұстасты, Жоқ қылмақ, жеңсе егер, көңлі
қастай. Көп жерден барып қайтты көріп
санат, «Қылам,− деп,− ең болмаса,
аяқасты-ай!»
(Ерімбет). Ұлық тақтан таймайды елге жақса, Қатын байға
221
еркелер бала тапса. Иілген сегіз бұтақ – сегіз
санат , Жайылған жапырағы қағаз
ақша
(Әсет). Ауызбен айтып жеткізбес сәні менен
санатын (Дулат). Екі жақсы
бас қосса
Санат емей немене
(Бұхар).