ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет71/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1.Қарашай-балқарлар Кавказдың қай елді-мекендерінде тұрақтаған?

2. Қарашай-балқарлардың салт-дәстүрлері туралы не білесің?

3. Қарашай-балқар тілінің әдебиет үлгілерін талдап, зерделе.

4. Қарашай-балқар тілінің ғылыми тұрғыда зерттелуі.

5. Қарашай-балқар тілінің бүгінгі саяси-әлеуметтік жағдайы


Қырым татар және қырымшақ әдеби тілі
Қырым татарлары – түркі тілдес халықтар қатарына жатады. Қырым хандығы кезінде Қырым түбегін мекендеген байырғы халық. Өз атауы қырымлы, негізінен қазіргі таңда халықтың негізгі бөлігі Украинаның Қырым автономиялық республикасында тұрады.

Қазіргі уақытта, қырым татарлары Украинадан бөлек Болгария, Румыния, Түркия мен Қазақстанда тұрады. Қырымтатар тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қырым татарлары тілінің қалыптасуы тілдік, тарихи деректерге қарағанды Алтын Орда ыдыраған дәуірмен (XV ғ.) сәйкес келеді. Ғалымдардың пікірлерінше, қырым татарларының қазіргі әдеби тілінің негізгі ұйтқысы әуелде құман тілінен өрбіген орталық диалект негізінде қалыптасқан.

А.Н. Баскаков екі диалектіден тұрады десе, Э.В. Севортян үш диалект бар деп есептейді. Қазір тілдік тұрғыдан алып қарғанда үш диалектіге бөлінеді: Солтүстік, оңтүстік, орталық аталатын 3 диалектіге бөлінеді.

Қырым татарларының жазба әдебиетінің қалыптасуын келсек, 1929 жылға дейін араб, 1938 жылға дейін латын жазуларын қолданды, ал 1938 жылдан кирилл әліпбиіне ауысты, 1992 жылы қайтадан латын әліпбиіне көшткен. Осы аталған жылдарда көркем шығармалар, газет журналдар, оқулықтар осы жазулар негізінде басылып шыққан. Алғашқы жазба мұралары: Жанмұхаммедтің («Исләмгерейдің Польшаға шабуылы» (ХVII ғ.), Сейд Мұхаммед Ризаның «Ассеб-сейярі» (ХVII ғ.), т.б .

Қырым татарларының әдеби тілі Қырымның орта жолақ тұрғындарының негізінде қалыптасқан. А.Н.Баскаков қырым татар тілі бамың хун тілдерінің қыпшақ-половец тобына жатады десе, С.Бизақов «Қырым татарларының тілі бамың қыпшақ немесе құман тобына жатады» дейді.

Қырым татарларының негізін орыс жылнамаларында «половецтер» деп аталған бамың қыпшақтары құрайды. Дешті Қыпшақтан қоныс аударған олар ХІ ғасырда Қырымға өте бастаған. ХVІІІ ғасырда Қырым татарлары халық ретінде толық қалыптасқанға дейін өздерін «қыпшақпыз» деп атаған. Қырым Хандығы-Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым түбегінде құрылған мемлекет (1430 - 1783). ХІІІ ғасырдың аяғында Қырым түбегінде Алтын Ордаға тәуелді ерекше аймақ құрылды. Оның орталығы Солхат қаласы болды. Алтын Орда билеушілерінің өзара күрестерінен кейін Меңлі Гирей хан(1428 -1515) болып, 1443 жылы тәуелсіз Қырым Хандығының негізін қалады. Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі де кірді. Ол хандықтың астанасын Бахшасарайға көшірді. 1475 жылы Қырымға түрік әскерлері басып кіріп, хандық Түркияға тәуелді болды. Қырым Хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558-1583) кезінде жиіледі. ХV-XVI ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым татарларынан қорғау үшін шекара бекініс шептерін құрды. Орыстардың 1687-1689 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. XVIII ғасырдағы орыс-түрік соғысында Ресей жеңіске жетіп, Қырым хандығы әлсірей бастады. 1774 жылы Күшік-Қайнарджа бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның қол астынан шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз ел болып танылды. 1783 жылы Қырым хандығы Ресей империясының құрамына кірді.

ХVІІІ ғасырдың аяғынан Қырым татарларының өздері «қара ғасыр» деп атайтын кезең басталды. Ресей Осман империясымен арадағы соғыста жеңіске жеткеннен кейін, Қырымды басып алып, өзіне бағынышты етті. Орыстың отарына көнбеген татарлар Қара теңіздің арғы жағына жаппай қоныс аудара бастады. Қырымда татарлардың саны барынша азайып, ХІХ ғасыр соңында олар барлық Қырым халқының үштен бірін, 1917 жылы ¼ бөлігін ғана құрады.

ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында Қырым татарларының зиялы қауымы ағартушылық қызметті өрістетіп, ұлт-азаттық күреске белсене кірісті. Солардың бірі – Исмаил Гаспралы болатын. Оның шығарған «Тәржіман» газетін тек Қырымда емес, Қазан, Орта Азия, Кавказ, Қазақстан халықтары оқыды.

1921 жылы Қырым АССР-і құрылды. 1928 жылы араб әліпбиі латыншаға, 1939 жылы кириллицаға ауыстырылды. 1937-38 жылдары қуғын-сүргін болып, мыңдаған қырым татар зиялылары айдалып, атылды. Осы оқиғалар қырым татарларының тіліне де қатты әсер етті. Осыдан ары қарай қырым татар тілінің одан әрі қолданылу аясы тарылды. Мысалы, қырым татарлары Сталин режимі кезінде Қырымнан Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстан мен Оралға күштеп жер аударылды.

Ал 1957 жылға дейін оларды тіптен жеке халық ретінде атауға тыйым салынды. Тарихтан белгілі тек өткен ғасырдың 1990-шы жылдары ғана 200 мыңдай Қырым татарлары атамекеніне қайтып оралған екен.

Қырым деген сөздің өзі түркі тілінде «таулы қырат» деген мағынаны білдіретіндігі. Одан бөлек Қырымда түркі тілінде айтылатын жер-су атауларының жиі кездесетіндігі. Нақтырақ айтқанда, Аюдаг, Карадаг, Чатырдаг, Коктебел, Узунлар, Джанкой, Салгир, Карасубазар, Биюк Карасу, Ески Крым, Саки мен Бақшасарайдың мағынасы біз үшін түсінікті. Қырымдықтар айтып жүрген «яйла» деген сөз қазақ тілінде «жайлау» деген мағынаны білдіреді.

Қырым татарлары үш этникалық топқа бөлінеді: далалы қырымда – ноғайлар, орталық таулы қырымда – таттар, ал оңтүстік жағалауда – ялыбойлылар.

Қырым татар тілінің шығу кезеңінен бастап, қырым татар әдеби тілінің даму тарихы үш негізгі кезеңге бөлінеді: XIII – XV ғ.ғ. – «ескі (көне) қырым татар тілі» (эски къырымтатар тили) кезеңі; XV және XX ғасырдың бірінші жарты жылдығы – «орта қырым татар тілі (орта къырымтатар тили) кезеңі және XX ғасырдан қазіргі уақытта дейінгі» «жаңа қырым-татар тілі» (янъы къырымтатар тили) кезеңі.

Аталмыш тілдің даму кезеңдерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. «Ескі қырым татар тілінің» дәуірі хазар, печенеж және басқа түркі тайпалары мен рулардың араласуымен қыпшақ тайпаларының негізінде қырым татар халқының қалыптасу кезеңімен байланысты.

Ескі қырым татар тілі Сирия және Мысыр аймақтарында XII-XV ғ.ғ. пайда болған осы ескерткіштің және басқа да қыпшақ жазба ескерткіштерінің тікелей мұрагері болып табылады. Қырым татарлардың ата-бабалары ерте кезеңдердегі Дунай және Солтүстік Кавказдың түркі руналық ескерткіштеріне тікелей қатынасқа ие. Ескі қырым татар тілі қыпшақ тайпалары (половецтік) тілдерінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік элементтерінің негізіндегі қырым татар тілінің пайда болуымен сипатталады.

«Орта қырым-татар тілі» дәуірі Қырым хандығының гүлдену және құлдырау кезеңдерімен байланысты. Көршілес Осман империясымен Қырым хандығының саяси және мәдени жақындасуына байланысты қырым-татар тілі осман тілінің ықпалына түсті, осман тілі сол кезеңде барлық дерлік мемлекеттік қызметтің салаларында, әдебиетте, ғылымда және өнерде жоғары үстемдік сипатқа ие болды. Бұл кезеңде қырым татар және осман тілдері өздеріне көптеген араб және парсы сөздерін сіңіріп алады, нәтижесінде әдеби тіл көпшілік халыққа түсініксіз болып, халықтың ауызекі тілінен алыстай бастады.

Классикалық қырым татар әдебиетінде шығыстық аруз өлең өлшемі үшін араб-парсы сөздері жиі қолданылды. Түрік әдебиеттанушы Рауф Мутулайдың ойынша, осының нәтижесінде түрік және араб-парсы тілін меңгергендерге түсінікті әдеби тіл пайда болды.

Орта қырым татар тілінің кезеңіндегі барлық жазба ескерткіштері араб графикасымен жазылған. XVI-XVIII ғ.ғ. ескерткіштеріне мыналар: Джан Мұзаммедтің «Ислям-Гирейдің Польшаға жорығы туралы», Сеид Мұхаммед Ризаның «Ассаб-ус-сейяр» - «Жеті ғаламшар», «Эль Муһит-уль-бурхани» - «Дәлелдер мұхиты», В.В. Вельяминов-Зерновпен басылған және Петербург университетінің оқытушысы Хұсаин Фаиызхановпен баспаға дайындалған көптеген хандық жазбалар жатады.

Халықтық қырым татар тілінде батырлық шығармалар ( «Чорабатыр»- «Шора батыр», «Кёр огълу» - «Соқырдың баласы»), қоғамдық- тұрмыстық шығармалар («Таир ве Зоре» - «Таир және Зоре»), ертегілер (сиқырлы жануарлар туралы), халық әндері (үйлену тойы туралы, лирикалық, жауынгерлік, күлкілі), аңыздар, мақал-мәтелдер және жаңылпаштар, жұмбақтар, тапқыр сөзбен сөйлеу, тақпақтар пайда болды. Бұл шығармалардың тілі басқа тілдердің кірме сөздерін аз қамтыған, ол жалпы халыққа түсінікті болып келді.

Нәтижесінде Қырым хандығының Осман державасымен саяси және мәдени жақындасуына байланысты жазбаша қырым татар тілі грамматикасы, сонымен қатар сөздік жағынан оңтүстік-түрік тіліне сіңісе түсті, осылайша ол – казіргі кезде осман-түрік тілінен аз ғана ерекшеленеді».

Қырым татар мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Исмаил Гаспралының түркі халықтарын біріктіру мақсатымен барлық түркі халықтары үшін араб және парсы сөздерінен тазарту шартымен осман әдеби тіліне (оның Ыстамбұл диалектісінің негізіне негізделген) бейімделген ортақ түркі әдеби тілін жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырады. XX ғасырдың басында қырым татарларының әдеби қырым татар тілін түсінуін бағалай отыра, А.Н. Самойлович былай деп жазады: « .... өзімнің бақылауым бойынша, ол қырым татарларына арнайы оқытудан кейін ғана түсінікті болатындығын айта аламын. Мұсылман мектебінен өтпеген менің тыңдаушыларым өз ана тіліндегі қарапайым әдеби мәтіндерді оқығанда қиындықтарға тап болды, себебі мәтіндерде күнделікті ауызекі тілге енбеген араб және парсы сөздері болды».

XX ғасырдың басында академик А.Н. Самойлович қырым татар жазушыларына және педагогтарға заманауи әдеби тілді нағыз халықтық бастапқы қалпына келтіріп, ана тіліне жақындастырып, жалпыға қолжетімді ету қажеттігін ұсынды.

1920 жылдары жаңа қырым татар тілінің кезеңі басталады. Ресейдегі Қазан төңкерісінен және кеңес билігінің орнатылуынан кейін ұлттық тіл мәселелері филологиялық тұрғыдан идеологиялық және саяси салаға көшеді. 1928 жылы I бүкілқырымдық ғылыми конференцияда екі негізгі диалектінің (солтүстік және оңтүстік) қайсысын әдеби тіл негізіне қабылдау мәселесі көтеріледі.

1928 жылы I бүкілқырымдық ғылыми конференцияда әдеби қырым татар тілінің негізіне бірауыздан қыпшақтық типтен оғыздық типке өткен орта диалект қабылданды.

1929 жылдың тамызында Симферполь қаласында болған II бүкілқырымдық ғылыми-орфографиялық конференцияда әдеби қырым татар тілінің болашақ тағдырын шешуші үш негізгі мәселе талқыланды:

1) қырым татар әдеби тіліні даму жолдары;

2) қырым татар әдеби тіліндегі терминология мәселелері;

3) қырым татар әдеби тіліндегі орфография.

«Әдеби қырым татар тілінің даму жолдары туралы» атты тақырыпқпен негізгі баяндамамен Мамүт Недим шықты. Өзінің баяндамасында М. Недим қырым татар тілін қырым татар халқына түсініксіз басқа тілдерден келген кірме сөздерден, әсіресе араб, парсы және түрік сөздерінен тазарту жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Қырым татар тілінде жаңа терминдерді жасау мәселелері бойынша II бүкілқырымдық ғылыми конференцияда А. Лятифзаде баяндамамен шықты. Баяндамашы жаңа терминдердің жасалу барысында ана тілінің лексикалық байлығын, оның сөзжасамдық мүмкіндіктерін, диалекті сөздерін, халықаралық терминдер мен орыс тілінен кірме терминдерді қолдануды ұсынды.

Қырым татар тілінің лексикалық құрамымен сөзжасам құралдарын қолдана отырып, жаңа терминдер жасалынды, мысалы: къаназлыкъ- қаназдық, нефесёл – тыныс жолы және т.б. «Өңеш» түсінігін түсіндіру үшін А. Лятифзаде солтүстік диалектінің «энъеч» сөзін қолдануды ұсынды [16]. III бүкілқырымдық ғылыми конференция 1934 жылы Симферполь қаласында 15-20 қазан аралығында өтті.

Бұл конференцияда «әдеби қырым татар тілінің даму жолдары туралы» атты тақырыптағы негізгі баяндамамен Р. Александрович шықты. Ол әдеби қырым татар тілінде орыс тілінің кірме сөздерін, ғылыми-техникалық терминдерді қолдануды ұсынды, қырым татар тілінде оқулықтар, сөздіктер мен оқу құралдарын басып шығаруға мемлекеттік мекеменің бақылауын енгізуге кеңес берді. Р. Александровичтің нұсқауын орындау нәтижесінде қырым татар әдеби тіліндегі қырым татар тілімен игерілген араб және парсы кірме сөздері қысқа мерзім ішінде орыс сөздерімен алмастырылды.

1935 жылдың Қырым тілдік экспедициясының меңгерушісі Н.К. Дмитриев өзінің есебінде қырым татар әдеби тілінің дамуының өзіндік ерекшелігі ол ескі араб, парсы сөздерін кеңестік және халықаралық сөздермен алмастыру болып табылады деп жазды.

Жаңа қырым татар тілінің» кезеңі қырым татар әдеби тілінің негізгі оңтүстік (оғыздық) диалектісінің Қырымның ортақ жолағындағы (орта ёлакъ) аралас диалектісіне ауысуымен, сонымен қатар қырым татар тілінің көне араб және парсы сөздерінен тазартылумен сипатталады.

Әдеби қырым татар тілінің дамуының ерекшелігі диалектілердің және сөйленістердің кең көлемде қолдануы болып табылады, сонымен қатар басқа түркі тілдерінен кірме сөздерді алу, бұл бірінші кезекте, әсіресе, Орталық Азия республикаларында және Қазақстанда туылған жас жазушылар мен ақындардың тілінде анық байқалады. Қазіргі уақытта қырым татар зиялыларының арасында әдеби қырым татар тіліннің әрі қарай дамуы туралы қызу талқылаулар өрбуде.

Қоғамдық саяси қайраткерлер (әсіресе, оңтүстік диалектінің өкілдері) әдеби қырым татар тілінің негізгі диалектісін қайта қарастыруға талап етуде және оғыздық нұсқаға оралуды ұсынады.

Дегенімен олар өздерінің ауызша және жазбаша сөздерінде түрік сөздерін кең қолданады. Қырым татар ғалымдарының, жазушыларының, журналистерінің, ақындарының және қоғам қайраткерлерінің негізгі құрамы қырым татар әдеби тілінің негізгі базасының сақталап қалуын талап етуде және өздерінің байырғы сөздері тұрғанда өз ана тілінің жаңартпалармен ластануына жол беруге қарсы. Қырымдағы әдеби тілде үстемдік етуге аталмыш екі тілдік бағыттың күресінің жеткілікті ұзақ тарихы бар.

XX ғасырдың басында А.Н. Самойлович былай жазды: «Қырымда екі басты диалектінің бар болуы жергілікті әдеби тілдің тағдырына теріс сипат әкелді»..., Қырым татар әдеби тілі үшін базалық диалектіні қайта қарастыру туралы пікірталастар әлі де бой көрсетіп тұрады.

Бүгінгі таңда қырым татар тілін өркендетудің басты саласы, ол – әлеуметтік сала. Оған жататтындар: қажетті көлемде мектептер ашу, газет-жураналдардың тиражын көбейту, көркем әдебиеттер шығару. Аталған мемлекеттегі тілдің деңгейін, комуникативтік тілдің қуаты мен демографиялық жағдайын анықтау қажет.

Қырым татарларының бүгінгі күндегі әлеуметтік деңгейіне келсек, 1941 жылы Қырымды немістер жаулап алғанға дейін мемлекеттік тіл статусы болды. Бірақ қырым татар халқын күтіп тұрған ең ауыр зұлмат әлі алда еді. 1944 жылы оларды немістерге жақтастыңдар деп, түгелдей Сібірге, Орта Азияға қоныс аудартып жіберді. Сол кезден бастап Қырымда бірде-бір ұлты татар адам қалған жоқ, ал тілі тіпті жойылудың азақ алдында болды.

Өзге жерлерге көшірілген халықтың жарымына жуығы аштық пен аурудан көз жұмды. Тек 1989 жылы ғана олар туған жерге қайтуға мүмкіндік алды 1992-1998 жылдар аралығында заң қайта қаралып, украйын, орыс тілдері секілді бұрынғы мәртебесіне қайта ие болды. 1996 жылғы Украйна заңдарына және 1998 жылғы Автономды Қырым республикасының заңына сәйкес аз ұлттар тілі мәртебесін иеленді. Қырым татарларының бұрынғыдай мемлекеттік тіл мәртебесін алуы үшін оларда жеке мемлекет болуы керек, сол жағдайда ғана олар өздерінің мемлекетік тіл статусын ала алады. Ал бүгінгі күнде бұл тіл алға қадам басып, өзінің комуникативтік қызметін қалпына келтіруге қадам басуда. Осы негізде қазіргі таңда қырым татар тілінің төмендегідей әлеуметтік өзгеру деңгейі байқалады:


  1. Автономиялық Республика тілінің тілдік деңгейіне көтеру қажеттілігі туындап отыр.

  2. Аймақтық тіл деңгейіне немесе жергілікті халық тілі деңгейін беруге қол жеткізу. Тек қырым татар тілі мемлекетік тіл статус алған жағдайда ғана оның дамуы мен нық қалыптасуына жол ашылады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда қырым татар тіліне мемлекеттік тіл статуысын беру мүмкін болмай отыр. Оның бірнеше себептері бар. Атап айтқанда біріншіден Украйна мемлекетінің конституциясына аз санды халықтардың мүддесі үшін өзгерістер енгізу қажет.

Жалпы зерттеулер барысында қырым татарларының мекен ету аймағы мен тілінің қолданылу аясы біршама деңгейде анықталған. 2001 жылғы санақ бойынша Қырым татарларының бірқатары өздерінің тарихи отандарында тұрады: Украинада - 248,2 мың адам, оның 243,4 мыңы Қырымда тұрады. 22,4 мың - Румынияда (2002 жылғы санақ бойынша), 10 мың - Узбекистанда (2000 жылғы санақ бойынша), 4,1 мың - Ресейде (2002 жылғы санақ бойынша), 1,8 мың - Болгарияда (2001 жылығы санақ бойынша) [20] тұрады.

Қырым татары халқының тарихына қарасақ, ана тілі талай қиын да күрделі тағдырды бастан кешірді. Заманның тар жол тайғақ кешуінен аман қалған қырым татар тілі әлемдегі күллі қырымдық татарларды біріктіретін басты фактор. Дегенмен тіл туралы, олардың қолданылу аясы туралы пікір таластар аймақтық газет, журналдарда көп жазылып, көтеріліп тұрады. Негізінен қырым татар тілінің сақталуы мен дамуы мәселесесі көп талқыланатынын байқаймыз. Украйна Республикасындағы Қырым татарлары автономиялы халықтарында тарихи-саяси және әлеуметтік этникалық пробемалар бары анық. Тарихи жағдайлардың себебінен ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында жүзден астам ұлт өкілдері өз тағдырын осы елмен байланыстырып, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Көптеген ұлт өкілдері ғасырлар бойы осы елде бейбітшілік пен келісім арқасында қатар өмір сүріп келеді. Қазіргі таңда әркімнің ұлттық мүддесі мен қажеттілігі бар. Қырым татарларының тілдік жағдайына этномәдени, этносаяси факторлар әсер етіп отрығаны анық. Толерантты этносаралық байланыс титулды этностың, яғни қырым татар тілін және Украйна мемлекеттік тілін, орыс тілін жақсы игеруінен байқалады. Сонымен қатар қырым татарлары тілінің ресми салаларда шет қақпай қалуы да жоқ емес.

Дегенмен, бүгінгі күнде бұл тіл алға қадам басып, өзінің коммуникативтік қызметін қалпына келтіруге қадам басуда. Осы негізінде теориялық сипатта ғылыми жұмыстар жазылуда, орта және жоғары мектептерге арналған оқу құралдыры, оқулықтар жазылуда. Сонымен қатар әр түрлі салаларды, бағыттарды қамтитын түрлі әдебиеттер жариялануда. Бүгінде қырым татар тілін пактикалық жағынан игеруге арналған іс-шаралар қолға алынып жатыр.

Украйн, орыс тілі мемлекеттік тіл және ана тіл ретінде қырым татарларының әлеуметтік өмірдің барлық саласында нық тұр. Оны әрбір тұрғын жақсы біледі. Ал екінші қырым татар тілінің жағдайы мектептер мен басқа да оқу орындарында оқытқанына қарамастан, кісі қуанатын жағдайда емес. Дегенмен қырым татар тілінің мәртебесі оны білу қажеттілігін білідіреді. Қорыта айтқанда, түркі тілдерінңң асыл бір бұтағы қырым татарлары мен қырымшақ тілі тағдырдың тар жол тайғақ кешулерінен аман өтіп, кемелденген әдеби тіл болып қалыптасты. Әлем әдебиетіне небір жауһар дүниелер қосты. Мемлекеттік мәртебесі де бекітілді. Бірақ қырым татарлары мен қырымшақтарға тілі үшін, ана тілі үшін күрес әлі аяқталған жоқ.

Қырым таталары туралы айтқанда қаперге алатын түркі тілдес бір этнос – қырымшақтар. Қырымшақтар саны жағынан аз, мүлдем жойылудың алдында тұрған ұлт. Ертеректе олар жеке этнос, тәуелсіз ел болған. Қырымның Симфирополь, Федосия, Керчь, Карасубазар жерін мекендеген. Тілі жағынан олар қырым татарларына өте жақын соның бір диалектісі іспетті. Қырымшақ тілі (кърымчах тыльы) – қырымшақ ұлтының тілі болып табылады, түркі тілдерінің ішінде қыпшақ-полвец тобына жатады. Қазіргі жазба және ауызекі сөйлеу тілінде оғыз тілінің элементтері көптеп кездеседі. Соған қарағанда біз оны оғыз-қыпшақ тобына жатқыза аламыз. Қырымшақ тілінің сақталуына көне бейне-көріністің сақталуы үлкен ықпал етуде. Олай дейтініміз оғыз осман тілдік элементтерінің сақталуына қарамастан, А.А.Глашев: Крымчакский язык сохранил древнейшие архаичные черты, которые, несмотря на заметное влияние османского или огузского языка, разительно сближают его с карачаево-балкарским языком больше даже, чем с караимским. При этом, говоря об османском влиянии, необходимо отметить, что это влияние проявляется лишь в фонетике и некоторой лексике, но не в морфологии, что очень важно при отнесении крымчакского языка в одну группу с карачаево-балкарским и караимским языками»,– деп фонетикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшеліктерінен осман тілдік ерекшелігіне жақындығына байланысты қарачай-балқар, қарайым, қырымшақ тілдерін бір топты құрайтындығын атап өткен.

Бір қызығы XIX ғасырдың аяғына таман қырымшақтар өз тілдерін «чагатай тілі» деп атаған. Құрылымы жағынан қырымшақ тілі қырым татар тілінің ортаңғы диалектісіне жатады, тек тарихи тілдік, жеке ұлттық ерекшелігімен, гебраизмнің барлығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ХV-XVI ғасырларды жазылған «Ритуар Каффы» деген жазба ескерткіші сақталған.

Тілдік ерекшелігіне келсек, сингорманизм заңына бағынатын 8 дауысты дыбыс бар, морфологиялық ерекшелігі қатты байқалмайды, қырым татарларының ортанғы диалектісіне ұқсас.

Қырымшақ тілін қолданушылар мәселесіне келсек, бүгінде жалпы саны: 1,5 мың адам оның Израильде - 1000 адам,Өзбекстанда - 600 адам, Украинада (Крым) - 204 адам, Россияда - 157 адам, АҚШ-та - 130 адам, Литвада - 10 адамдай тұрады. Кейбір деректерде Ұлы Отан соғыс жылдарына дейін Қырымда 6000 жуық қырымшақ тұрған делініп көрсетілген. Олардың бірқатары өздерінің ана тілінде сөйлеген. 1941-1944 жылдары немістер Қырымды жаулап алғанда олар қырымшақтарды жойған. Тек соғысқа кеткен ер адамдардың 1000 тартасы ғана аман қалған. Бүгінгі күні қырымшақ тілі жойылып кеткен тілдердің қатарына жатады, өйткені қырымшақ тілін ана тілім деп білетіндер тек қарт адамдар ғана.

Қырымшақ тілінің жазуы арамей алфавитімен тығыз байланысты, өйткені сол кездегі қырымшақ тіліне аударылған діни дұғалар арамей алфавитімен басылған. Олай дейтініміз иудизм дінінің дұғалары көне еврей тілінде жазылған болатын.

1930 жылдары қырымшақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары латын алфавиті негізінде болған. 1936 жылдан кейін қырымшақ тілінде кітап шығару тоқтатылған. Одан кейін кирилл алфавитіне ауысқан.

XX ғасырдың басында Симферополь мен Карасубазарда екі бастауыш қырымшақ тілін оқытатын мектеп жұмыс істеген. 1989 жыдары кешкі мектеп болған, оған тек қарт және ересек адамдар барған. Қазір оның бірі де жоқ. Тек 2004 жылы 1000 данамен «Қырымшақ-орыс тілі» сөздігі шыққан. Көп ұлтты Ресейде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тіл мәселесі ең өткір проблеманың бірі болса да, ХХ ғасыр басына дейін аз ұлттардың ана тілдерінің мәртебесі заңнамалық негізде немесе басқа да мемлекеттік құжаттармен бекітілмеген. Қазіргі РФ үкіметі де қырымшақ тілін сақтауға, дамытуға мүдделі емес. Қырымшақтар тілін сақтау үшін түркі әлемі бірлесе жұмыс істеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет