Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47

41-сурет. Бұлшық ет талшықтары типтері  жəне олардың даму барысы. 

ГБК- гистосəйкестіктің басты кешені түрлері (A. Giovanelli мəліметтері 

бойынша)

Моторлық бірліктегі барлық талшықтар дəл сондай талшықтар 

типінен, мəселен,  баяу қимыл бірліктері сəйкесінше, баяу бұлшық 

ет  талшықтарынан  тұрады.  Бұл  кезде  миозин  сəйкесінше,  АТФ 

қышқылын баяу жылдамдықпен пайдаланады. Митохондриялардың 

көп  болуы  себепті  АТФ  толықтырып  отыруға  əкелетін  жоғары 

сыйымдылық  тəн.  Изометриялық  жиырылу  кезінде  күшті  үнемдеп 

пайдалану  мен    қайталама  баяу  изотониялық  жиырылудың  тиімді 

орындалуы тəн.  Ал жылдам қимыл бірліктері сəйкесінше, жылдам 

бұлшық  ет  талшықтарынан  құралады.  Мұнда  миозин  энергияны 

циклдік жылдам темпте пайдаланады. Неғұрлым жоғары қуаттылық 

немесе  изометриялық  жиырылу  кезінде  баяу  қимыл  бірліктерінің 

күші  жеткіліксіз  болады.  Бұл    баяу  бұлшық  ет  типтері  төзімділік 

жаттығулары,  ал  екіншісі  күштік-жылдамдық  жаттығулары  үшін 

бейімді  келеді.  Мұндағы  баяу  бірліктер  жиырылуға  ұзақ  уақыт 

қабілетті,  алайда  өте  төмен  күш  тудырады.  Ал  жылдам  бұлшық 

ет  талшықтары  жоғары  күшке  ие  болғанымен,  бірақ  тотығусыз, 

сондықтан қажу да тез орын алады (42-сурет).

Бұл суретте көрсетілген 3 қимыл бірліктерінің жоғарыдан төмен 

қарай  (жылдам  қажитыннан  баяуға  дейін)  максималды  күш  салу 

деңгейі  кеміп  отырса,  керісінше,  төменнен  жоғары  қарай  (баяу-

дан жылдам қажитын бірлікке дейін) сіресе жиырылу уақыты азая 

түскен.  Сонымен  Бурке  зерттеулері  бойынша  ең  жоғары  күшке 

жылдам  қажитын  бірліктер,  ал  ең  төмен  күшке  баяу  бірліктер  ие. 



159

Уақыт бойынша баяу қимыл бірліктері бірінші, ал жылдам қажитын 

бірліктер  соңғы  орынды  иеленген.  Жылдам  қажитын-резистентті 

бірліктер екі көрсеткіш бойынша да орташа мəнді көрсеткен. 



Координациялық  (орталық-жүйкелік)  факторларға  бұлшық 

ет  аппаратын  басқарудың  орталық-жүйкелік  координациялық 

механизмдері – бұлшық ет ішілік жəне бұлшық ет аралық координа-

ция механизмдері жиынтығы жатады.



Бұлшық  ет  ішілік  координация  механизмдері  сол  бұлшық 

еттердегі  мотонейрондар  импульсациясы  саны  мен  жиілігін  жəне 

олардың  импульсациясының  уақытпен  байланысын  анықтайды. 

ОЖЖ осы механизмдер көмегімен сол бұлшық еттердің максимал-

ды  ерік  күшін  (МЕК)  реттеп  отырады,  яғни  осы  бұлшық  еттердің 

ерікті  жиырылу  күшінің  қаншалықты  оның  максималды  күшіне 

(МК) жуықтығын анықтайды. Кез келген бұлшық ет тобының, тіпті, 

бір буынның МЕК көрсеткіші көптеген бұлшық еттердің жиырылуы 

күшіне тəуелді болады.

42-сурет. Қимыл бірліктерінің физиологиялық профилі: моторлық 

бірліктегі барлық талшықтар дəл сондай талшықтар типінен тұрады  (Mod 

from Burke and Tsairis, Ann NY Acad Sci 228:145-159, 1974)


160

Бұлшық  ет  аралық  кординация  сол  жəне  басқа  буындардағы 

«қажетсіз»  антагонист  бұлшық  еттер  белсенділігіне  шек  қоюда, 

«қажет»  синергист  бұлшық  еттерді  адекватты  (барабар)  таңдауда, 

аралас  жəне  т.б.  буындардың  бекітілуін  қамтамасыз  ететін  антаго-

нист бұлшық еттер белсенділігінің күшеюінде көрінеді.

Сонымен,  бұлшық  еттердің  МЕК  көрінуі  талап  етілетін  кез-

дерде  оларды  басқару  ОЖЖ  үшін  күрделі  міндет  болып  табыла-

ды.  Осыдан  кəдімгі  жағдайларда  бұлшық  еттің  МЕК-нің  олардың 

МК-не қарағанда неліктен азырақ екені түсінікті. Бұлшық еттің МК 

мен  олардың  МЕК  арасындағы  айырмашылық  күштік  тапшылық 

(мұқтаждық) деп аталады.

Бұлшық ет аппаратын орталық басқару неғұрлым жетілдірілген 

сайын сол бұлшық ет тобының күштік тапшылығы соғұрлым аз бо-

лады. Күштік тапшылық мөлшері үш факторларға: 

1. Адамның психологиялық, эмоциялық күйіне;

2. Бір мезгілде белсендірілетін бұлшық ет топтарының қажетті 

санына;

3. Оларды ерікті басқарудың жетілдіру дəрежесіне байланысты.



Бірінші  фактор.  Адам  кейбір  эмоциялық  күй  кезінде  кəдімгі 

жағдайдағы оның максималды мүмкіндіктерінен асып түсетін күшті 

көрсете алатыны белгілі. Мұндай эмоциялық (стрестік) күйге соның 

ішінде спортшының жарыс кезіндегі күйі де жатады. Эксперименттік 

жағдайларда  МЕК  көрсеткішінің  айтарлықтай  жоғарылауы,  яғни 

күштік тапшылықтың азаюы зерттелушінің күшті эмоциялық реак-

циясын тудыратын жағдайларда, оның күшті мотивациясы (əуестігі) 

кезінде  байқалады.  Мысалы,  күтпеген  қатты  дыбыстан  соң  жəне 

гипноз,  кейбір  дəрілік  препараттарды  қабылдаған  кездерде  де 

аңғарылады.  Мұнда  оң  əсер  (МЕК  артуы,  күштік  тапшылықтың 

төмендеуі)  жаттықпаған  адамдарда  күшті,  ал  жақсы  жаттыққан 

спортшыларда əлсіз көрінеді немесе мүлдем көрінбейді. Бұл спорт-

шыларда  бұлшық  ет  аппаратын  орталық  басқарудың  жетілуінің 

жоғары дəрежесін көрсетеді.



Екінші фактор. Бірдей жағдайларда күштік тапшылық мөлшерін 

өлшеу неғұрлым бір мезгілде жиырылған бұлшық ет тобының саны 

көп  болған  сайын  соғұрлым  жоғары  болады.  Мысалы,  тек  қолдың 

бас  бармағы  иілуіне  əкелетін  бұлшық  еттің  МЕК  өлшеген  кезде 

түрлі зерттелушілерде осы бұлшық еттердің МК-нен 5-15%-н күштік 

тапшылық  құраған.  Бас  бармақ  жəне  оның  бөліктерінің  бүгілуіне 



161

əкелетін  бұлшық  еттің  МЕК-н  анықтау  кезінде  күштік  тапшылық 

20%-ға дейін артқан. Балтыр бұлшық еттері көп топтарының макси-

малды ерікті жиырылуы кезінде күштік тапшылық 30%-ға тең.



Үшінші 

фактордың 

маңызы 


түрлі 

эксперименттермен 

дəлелденген. Мысалы, аяқ-қолдың белгілі бір қалпында жүргізілген 

изометриялық  жаттықтыру  сол  қалпында  өлшенген  МЕК-нің 

айтарлықтай  жоғарылауына  əкеледі.  Егер  өлшеу  аяқ-қолдың  басқа 

қалпында  жүргізілсе,  онда  МЕК  жоғарылауы  айтарлықтай  бол-

майды немесе мүлдем өспейді. Егер МЕК өсуі жаттыққан бұлшық 

еттердің (шеткі фактор) көлденең қимасының артуына ғана байла-

нысты болса, онда ол аяқ-қолдың кез келген қалпында өлшеу кезінде 

байқалушы еді. Сəйкесінше, аталмыш жағдайда МЕК өсуі жаттығуға 

дейінгіге қарағанда дəл сол жаттыққан қалыпта неғұрлым жетілген 

бұлшық ет аппаратын орталық басқаруға байланысты. 

Координациялық  фактор  рөлі  салыстырмалы  ерік  күші 

көрсеткішін анықтау кезінде де айқындалады. Ол МЕК көрсеткішін 

бұлшық  ет  көлденең  қимасының  мөлшеріне  бөлумен  анықталады. 

Изометриялық  жаттығуларды  қолдана  отырып, 100 күндік 

жаттықтырудан  кейін  жаттыққан  қол  бұлшық  етінің  МЕК 92%-ға, 

ал олардың көлденең қимасы ауданы 23%-ға өскен. Сəйкесінше, са-

лыстырмалы ерік күші орташа 6,3-тен 10 кг/см² дейін артты. Соны-

мен  жүйелі  жаттықтыру  бұлшық  етті  ерікті  басқарудың  жетілуіне 

мүмкіндік  жасайды.  Жаттықпаған  қол  бұлшық  етінің  МЕК  бұл 

қолдың бұлшық ет көлденең қимасының ауданы өзгермесе де соңғы 

фактор  есебінен  біршамаға  артқан.  Бұл  бұлшық  еттерді  неғұрлым 

жетілген  орталық  басқару  симметриялық  бұлшық  ет  топтарына 

қатысты көрінуі мүмкін екенін аңғартады. Мұны жаттықтыру əсерін 

«тасымалдау» құбылысы дейді.

Бұлшық  еттің  жылдам  қозғалыс  бірліктеріне  ең  жоғары 

табалдырық күші тəн екені белгілі. Олардың бұлшық еттердің жалпы 

ширығуына үлесі мол, себебі олардың əрқайсысы көптеген бұлшық 

ет  талшықтарынан  құралады.  Жылдам  бұлшық  ет  талшықтарында 

көп миофибрилдер бар, жуандау жəне сондықтан олардың жиырылу 

күші  баяу  қозғалыс  бірліктеріне  қарағанда  жоғары  келеді.  Осыдан 

неліктен МЕК бұлшық ет композицияларына тəуелді екені түсінікті, 

яғни оларда неғұрлым жылдам бұлшық ет талшықтары көп болса, 

соғұрлым олардың МЕК жоғары болады.

Спортшының  алдында  жарыс  жаттығуларын  орындау  кезінде 



162

айтарлықтай  бұлшық  ет  күшін  дамыту  міндеті  тұрса,  онда  ол 

жаттықтыру кезінде жоғары бұлшық ет күшімен (оның МЕК 70%-

дан  аз  емес)  орындалатын  жаттығуларды  жүйелі  түрде  қолданып 

отыру керек. Бұл жағдайда бұлшық етті ерікті басқару, атап айтқанда, 

негізгі  бұлшық  еттердің  қозғалыс  бірліктерінің,  соның  ішінде 

неғұрлым табалдырық күші жоғары, жылдам қозғалыс бірліктерінің 

көп мөлшерінің қатысуын қамтамасыз ететін бұлшық ет ішілік коор-

динация механизмдері жетіле түседі.

Бұлшық ет талшықтары зақымдалуы жəне дене жаттығулары

Бұлшық  еттер  адам  организміндегі  əртүрлі  қозғалыстарды 

қамтамасыз  ететін  тірек-қимыл  жүйесінің  белсенді  бөлігі 

болғандықтан  дене  жаттығуларымен  шұғылдану  кезінде  де  оның 

зақымдалуы жағдайлары кездеспей қоймайды.      

Бұлшық еттің ұзындығы мен ширығу ерекшеліктеріне байланыс-

ты бұлшық ет талшықтарының зақымдалу дəрежесі де əртүрлі бола-

ды (43-сурет). Бұл зерттеулерден бақылау тобы мен изометриялық 

жиырылуға қарағанда ұзара жиырылу кезінде зақымдалу пайызының 

нақты (р<0,05) бірнеше есе жоғары екендігін көруге болады. Мұны 

спорт  практикасында  ескерген  жөн.  Сондай-ақ  бұлшық  еттің 

зақымдалуына  басқа  да  көптеген  факторлар,  оқыс  жағдайлардағы 

механикалық зақымдар, ферменттер жетіспеушілігі, шаршау, күштің 

азаюы кезіндегі субъективті себептер əсер ететіндігі белгілі. 



43-суретБұлшық ет жиырылуы мен бұлшық ет талшықтары зақымдалуы 

(Koh & Brooks (2001) Am J Physiol 281:R155-R161)



163

44-суреттегі  Фолкнер  мен  əріптестерінің  еңбектерінен  зақым 

алғаннан 3 күн өткеннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының күйін 

анық көруге болады.

Дене  жаттығуларының  организм  үшін  қаншалықты  маңызды 

екендігіне Faulkner, Brooks жəне Zerba жүргізген  зерттеулер  дəлел 

болады.  Зерттеу  нəтижелерінен 2 апта  бойы  жаттығудан  кейін  

күштік тапшылықтың жаттықпаған кезеңге қарағанда 3 есеге жуық  

кемитінін, ал зақымдалған бұлшық еттің талшықтары санының 4 есе-

ге дейін азаятындығын көруге болады. Екі жағдайда да жаттықпаған 

кезеңге қарағанда айырмашылықтар нақты (Р<0,05)  болған (45-су-



рет).

44-сурет. Зақым алғаннан 3 күннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының 

«елесі» (Faulkner, Brooks and Zerba (1995) J Gerontol 50:B124-B129)



45-сурет. Бұлшық еттің зақымдалуы мен  күштік тапшылыққа 

дене жаттығуларының ықпалы (Koh & Brooks (2001) Am J Physiol 

281:R155-R161)


164

Сонымен қатар күштік ташылық пен бұлшық еттердің зақымдалу 

пайызына  пассивті  жаттығу  мен  бұлшық  еттердің  изометриялық  

жиырылуын іске асыра отырып, орындалатын жаттығудың əсері са-

лыстыра зерттелген (46-сурет).

Бұл зерттеулерде бұлшық еттердің дегенерациясы мен регенера-

циясына  назар  аударылған.  Бұлшық  еттің  дегенерациясы  дегеніміз 

оның негізгі қабілеті – жиырылудан айырылу болса, ал оның регене-

рациясы жиырылу қабілетінің қайтадан қалпына келуі болып табы-

лады. Қартаю барысында зақымдарға шалдығудың артатындығына 

жəне  оның  қалпына  келуінің  төмендеуіне  қарамастан  жануарларға 

жүргізілген тəжірибелер оларда да зақымдардың алдын алуға мүмкін 

болатындығын  көрсеткен.  Бұлшық  ет  талшықтарын  жаттықтыру 

əсіресе,  егде  адамдарда  жиырылу  кезінде  оқыс  зақымдалу 

жағдайларын азайтуы мүмкін. 

46-суретте  көрсетілгендей,  əсіресе,  барлық  талшықтардың 

ішіндегі  зақымдалған  талшықтар  пайызы  жаттықпағандарға 

қарағанда пассивті жаттыққан жануарларда 2 есе аз (Р<0,05) болған. 

Күштік тапшылық пайызы жаттықпағандарға қарағанда жаттыққан 2 

топта да (пассивті, изометриялық жаттығу) нақты айырмашылықпен 

төмен болған. 



46-суретБұлшық еттің зақымдалуы мен  күштік тапшылыққа пассивті 

жəне изометриялық жаттықтырудың ықпалы (Koh & Brooks (2001) Am J 



Physiol 281:R155-R161)

Ал  зақымдалудан 4 күн, 2 апта  жəне 4 аптадан  кейін    бұлшық 

ет  талшықтарының  біртіндеп  қалпына  келу  динамикасы  миолог 

ғалымдар түсірген фотосуретте көрсетілген. Перри мен Рудницкий 

(2000) еңбектерінде бағаналы (діңгек) жасушалар – сателлиттерден 


165

бұлшық ет талшықтарының дифференциациялану үдерісіне дейінгі 

кезеңдер бейнеленген (47-сурет).

47-суретСателлит жасушаларының активациясы жолымен бұлшық ет 

талшықтарының қалпына келуі Myology (Sanes, McGraw-Hill, 1994); Perry 

and Rudnicki (2000) Frontiers in Bioscience 5:D750-67)

Спорттық  практикадағы  күш  түсінігі.  Күш – адамның  өз 

бұлшық  еттері  күші  есебінен  сыртқы  қарсылықты  жеңу  неме-

се  оған  қарсы  тұра  алу  қабілеті.  Оның  мөлшері  бұлшық  еттердің 

физиологиялық кесіндісіне, оның талшықтарының ерекшеліктеріне 

жəне биохимиялық қуатына байланысты болып келетіндігі белгілі. 

Күш дене сапасына орталық жүйке жүйесінің қызметі ерекшелігі де 

елеулі əсер етеді. 

Күш  дене  сапасын  жалпы  жəне  арнайы  деп  бөлу,  белгілі  бір 

спорт түріне қажетті күш түрлерінің бағытын көрсетеді, ол жаттығу 

түрлерін таңдауға байланысты болып келеді.

Күштің  берілу  түрлеріне  байланысты  статикалық  жəне 

динамикалық, спорттық кейбір түрлерінде  «жарылыстық» деп ата-

латын күш түрлерінің атаулары кездеседі. Динамикалық күш бұлшық 

еттердің кедергіні жеңу немесе шегінуі жағдайында іске асырылады. 

Бірінші жағдайда бұлшық ет жиырылады, екінші жағдайда созыла-

ды. Динамикалық жұмыс түрлі жылдамдықта, қарқында əрі əртүрлі 


166

күшті  жұмсау  жағдайында  өтуі  ықтимал.  Статикалық  жағдайда 

бұлшық еттер өздерінің ұзындығын өзгертпейтін жағдайда болады. 

Абсолюттік  күш  динамикалық  жəне  статикалық  жағдайда 

ең  жоғары  күш  қабілетін  көрсету  болып  табылады.  Салыстыр-



малы  күшке  спортшының  бір  килограмм  салмағына  бөлінген 

күш  көрсеткішін  алады.  Осы    көрсеткіштің  жоғары  жəне  сапалы  

деңгейде болуы спортшының спорттық шеберлігінің  шыңдалуына 

ықпал етеді.

Арнайы  күш  қабілетін  арттыру  алдымен,  жалпы  дайындық 

кезеңдерін  өткізуден  кейін  іске  асырылады.  Ол  спортшының 

маманданған  спорт  түріне  қажетті  жағдайда  жұмыс  жасауына 

мүмкіндік береді. 

Күш  дене  сапасын  арттыруға  арналған  əдістемелер  бойын-

ша үлкен күш жұмсай орындалатын жаттығулар орындалу уақыты 

жағынан  жылдам,  көп  күшті  жұмсауды  қажет  ететін  болуы  əрі  

бағыты  жағынан  спорт  түрінің  өзіндік  ерекшелігін  сақтауы  керек  

(Д. Оңғарбаева жəне əріпт., 2013).

Бұлшық  еттің  ерікті  күші  мен  төзімділігінің  байланысы. 

Бұлшық  еттің  ерікті  күші  мен  төзімділігі («локалды»  төзімділік) 

көрсеткіштері арасында күрделі байланыс бар. Сол бір бұлшық ет 

тобының МЕК мен статикалық төзімділігі тура тəуелділікке байла-

нысты: сол бұлшық ет тобының МЕК көп болған сайын, соншалықты 

таңдалған күштенуді ұзақ ұстап тұруға болады («абсолютті локалды 

төзімділік»). Түрлі зерттелушілерде бірдей салыстырмалы бұлшық 

ет  (мысалы,  олардың  МЕК-нен 60%) күштенуін  дамытатын  ерікті 

күш  пен  төзімділік  арасындағы  басқа  байланыс  эксперименттер-

де  байқалған.  Мұнда  зерттелуші  күшті  болған  сайын  соғұрлым 

ол  абсолютті  мөлшері  бойынша  бұл  күштенуді  көбірек  ұстап  тұра 

алады.  Бұл  жағдайларда  жұмыстың  орташа  шекті  уақыты  көбіне, 

МЕК  əртүрлі  адамдарда  бірдей  болады («салыстырмалы  локалды 

төзімділік»).

МЕК  мен  динамикалық  төзімділік  көрсеткіштері  түрлі 

мамандандырылған  спортшылар  мен  спортпен  шұғылданбайтын 

адамдарда тура байланыста болмайды. Мысалы, ерлер арасындағы 

сияқты  əйелдер  арасында  да  диск  лақтырушылардың  аяқ  бұлшық 

еттері  неғұрлым  күштірек,  бірақ  оларда  динамикалық  локал-

ды  төзімділік  көрсеткіштері  ең  төмен  болады.  Орташа  жəне  ұзақ 

арақашықтықта жүгіретін желаяқтардың аяқ бұлшық еттерінің күші 


167

бойынша  спортпен  шұғылданбайтын  адамдардан  еш  айырмашы-

лығы жоқ, бірақ алғашқыларында динамикалық локалды төзімділік 

ерекше  жоғары.  Сонымен  қатар  оларда  қол  бұлшық  еттерінің 

жоғары  динамикалық  төзімділігі  байқалмаған.  Бұлардың  барлығы 

жаттықтыру əсерінің жоғары арнайылығын көрсетеді: спортшының 

жаттықтыру  кезінде  негізгі  болып  табылатын  бұлшық  еттердің 

функциялық қасиеттері барлығынан көбірек жоғарылайды. Бұлшық 

ет күшін дамытуға бағытталған жаттықтыру бұлшық ет төзімділігіне 

айтарлықтай аз ықпал ете отырып, бұл сапаны арттыруға мүмкіндік 

беретін механизмдерді жетілдіреді жəне керісінше. 

Бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы

Бұлшық  ет  күші  оның  (жуандығына)  көлденеңіне  байланыс-

ты  болғандықтан  оның  артуы  сол  бұлшық  еттердің  күшінің 

өсуімен  сипатталады.  Денені  жаттықтыру  нəтижесінде  бұлшық  ет 

көлденеңінің  ұлғаюы  бұлшық  ет  жұмыс  гипертрофиясы  (гр. «ги-

пер» – артық,  көп, «трофос» – қоректену)  деп  аталады.  Жоғары 

мамандандырылған  ажыратылған  жасуша  болып  табылатын 

бұлшық  ет  талшығы  жаңа  талшықтарды  түзе  отырып,  жасушалық 

бөлінуге  қабілетті  емес.  Қандай  жағдай  болса  да,  бұлшық  ет 

жасушаларының  бөлінуі  орын  алса,  онда  ол  тек  ерекше  жағдайда 

жəне өте аз мөлшерде болады. Бұлшық ет жұмысы гипертрофиясы 

сондағы  бұлшық  ет  талшықтарының  жуандауы  (көлемінің  артуы) 

есебінен жүреді. Бұлшық ет талшықтарының айтарлықтай жуанда-

уы кезінде жалпы сіңірлермен «еншілес» талшықтар түзе отырып, 

олардың механикалық бойлай ыдырауы мүмкін. Күштік жаттықтыру 

үдерісінде бойлай ыдыраған талшықтар саны артады. 

Бұлшық  ет  талшықтарының  жұмыс  гипертрофиясының: 

саркоплазмалық жəне миофибрилдік сияқты екі типін бөліп көрсе-

туге  болады.  Саркоплазмалық  жұмыс  гипертрофиясы  дегеніміз 

–  бұлшық  ет  талшықтарының  көбіне  саркоплазма  көлемінің,  яғни 

оның  жиырылмайтын  бөлімінің  артуы  есебінен  жуандауы.  Бұл 

тип  гипертрофиясы  жиырылмайтын,  атап  айтқанда,  бұлшық  ет 

талшықтары  митохондриялық  белоктары  жəне  гликоген,  азотсыз 

заттар, креатинфосфат, миоглобин, т.б. сияқты метаболизмдік резерв 

мөлшерінің жоғарылауы есебінен жүреді. Жаттықтыру нəтижесінде 


168

капиллярлардың  санының  айтарлықтай  артуы  да  бұлшық  еттердің 

кейбір жуандауын тудыруы мүмкін. 

Саркоплазмалық гипертрофияға баяу (І) жəне жылдам тотығытын 

(ІІ-А)  талшықтар  неғұрлым  бейім  келеді.  Бұл  тип  жұмыс  гипер-

трофиясы  бұлшық  ет  күшінің  өсуіне  аз  ықпал  етеді,  бірақ  есесіне 

ұзақ  жұмысқа  қабілеттіліктерін  айтарлықтай  жоғарылатады,  яғни 

олардың төзімділігін арттырады.



Миофибрилдік  жұмыс  гипертрофиясы  миофибрилдер  саны 

мен  көлемінің  артуымен,  яғни  бұлшық  ет  талшықтарының 

меншікті-жиырылу  аппаратымен  байланысты.  Мұнда  бұлшық  ет 

талшықтарында  миофибрилдердің  орналасу  тығыздығы  артады. 

Мұндай бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясы бұлшық 

еттердің  максималды  күшінің  (МК)  айтарлықтай  өсуіне  əкеледі. 

Жəне де бұлшық еттердің абсолюттік күші айтарлықтай артады, ал 

бірінші типті жұмыс гипертрофиясы кезінде ол мүлдем өзгермейді 

немесе  тіпті,  біраз  төмендейді.  Миофибрилді  гипертрофияға  жыл-

дам (ІІ-В) бұлшық ет талшықтары барынша бейім келеді. 

Бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы нақты жағдайларда 

олардың  біреуі  басым  келетін  екі  аталған  типтің  комбинациясы 

ретінде  болады.  Жұмыс  гипертрофиясының  бірінші  немесе  екінші 

типінің  дамуы  бұлшық  етті  жаттықтыру  сипатымен  анықталады. 

Бұлшық  етке  салыстырмалы  кішкене  күш  жүктемесімен  əсер  ету 

арқылы  төзімділікті  дамытатын  ұзақ  динамикалық  жаттығулар 

ең  алдымен,  жұмыс  гипертрофиясының  бірінші  типін  тудыра-

ды.  Көп  бұлшық  ет  (жаттықтырылған  бұлшық  ет  тобының  МЕК-

нен 70% аса)  күштенуімен  жүретін  жаттығулар,  керісінше,  жұмыс 

гипертрофиясының екінші типінің айрықша дамуына əкеледі.

Жұмыс  гипертрофиясының  негізіне  бұлшық  ет  белоктарының 

қарқынды  синтезі  жəне  аздаған  ыдырауы  жатады.  Сəйкесінше, 

гипертрофияланған бұлшық етте ДНҚ жəне РНҚ концентрациялары 

қалыпты бұлшық етке қарағанда көп болады. Мөлшері жиырылатын 

бұлшық  етте  артатын  креатин  актин  мен  миозиннің  синтезделуін 

күшейте  отырып,  осылайша  бұлшық  ет  талшықтарының  жұмыс 

гипертрофиясының дамуына əкеледі. 

Бұлшық  ет  массасының  көлемін  реттеуде,  атап  айтқанда, 

бұлшық ет гипертрофиясының дамуында аталық жыныс гормонда-

ры – андрогендер өте маңызды рөл атқарады. Ерлерде олар жыныс 

бездерінде жəне бүйрекүсті безінің қыртыс бөлімінде, ал əйелдерде 


169

бүйрекүсті  безі  қыртысында  ғана  өндіріледі.  Осыған  сəйкес  ер-

лер  организмдерінде  əйелдерге  қарағанда  андрогендер  мөлшері 

көп.  Бұлшық  ет  массасының  ұлғаюындағы  андрогендердің  рөлі 

келесідей  көрінеді.  Бұлшық  ет  массасының  жасқа  байланысты  да-

муы  андрогендер  гормондардың  өндірілуінің  ұлғаюымен  қатар 

жүреді. Бірінші елеулі көзге түсетіндей бұлшық ет талшықтарының 

жуандауы  андрогендердің  түзілуі  күшейетін 6-7 жаста  байқалады. 

Жыныстық  жетілу  басталуымен  ұлдарда 11-15 жаста  жəне  одан 

кейінгі кезеңдерде де жалғасатын бұлшық ет массасының қарқынды 

өсуі басталады. Қыздарда бұлшық ет массасының дамуы негізінен 

жыныстық жетілу кезеңінде тоқталады. Мектеп жасында бұлшық ет 

күшінің өсуі де осыған сəйкес сипатта болады. 

Тіпті,  күш  көрсеткіштерін  дене  өлшемімен  коррекциялаудан 

кейін  де  күштік  көрсеткіштер  ересек  əйелдерде  ерлерге  қарағанда 

төмен  болады.  Сонымен  қатар  егер  əйелдерде  кейбір  сырқаттар 

нəтижесінде бүйрекүсті бездердің андрогендер бөлуі күшейе түссе, 

жақсы дамыған бұлшық ет рельефі пайда болады, бұлшық ет күші 

артады.

Жануарларға жүргізілген тəжірибелерде андрогендік гормондар 



(анаболик)  препараттарын  енгізу  бұлшық  ет  белоктары  синтезінің 

айтарлықтай 

интенсификациясын 

тудыратыны 

дəлелденген. 

Нəтижесінде  жаттықтырылған  бұлшық  ет  массасы  жəне  олардың 

күші артқан. Сонымен бірге қаңқа бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы 

андрогендік  жəне  басқа  гормондардың  (өсу  гормондары,  инсулин, 

тиреоидты гормондар) қатысуынсыз да жүруі мүмкін.

Басқа  жаттықтыру  түрлері  сияқты  күштік  жаттықтыру  да 

бұлшық  еттердегі  жылдам  жəне  баяу  бұлшық  ет  талшықтарының 

екі  негізгі  типтерінің  арақатынасын  өзгертпейді.  Сонымен  қатар 

ол  жылдам  гликолиздік  (ЖГ)  талшықтар  пайызын  арттыра  жəне 

сəйкесінше  жылдам  тотығу-гликолиздік  талшықтар  (ЖТГ)  пайы-

зын  азайта  отырып,  екі  жылдам  талшықтар  түрінің  арақатынасын 

өзгертуге қабілетті келеді. Мұнда күштік жаттықтыру нəтижесінде 

баяу  тотығатын  талшықтарға  (БТ)  қарағанда  жылдам  бұлшық  ет 

талшықтарының  гипертрофия  дəрежесі  айтарлықтай  жоғары.  Ал 



төзімділікке  жаттықтыру  гипертрофияға  бірінші  кезекте  баяу 

талшықтарды əкеледі. Бұл айырмашылықтар бұлшық ет талшықтары 

жұмыс  гипертрофиясының  дəрежесі  олардың  жаттықтыру 

үдерісіне  тартылу  шамасымен  қатар  оның  гипертрофияға  ұшырау 

қабілеттілігіне де тəуелді екенін көрсетеді. 


170

Күштік  жаттықтыру  жылдам  бұлшық  ет  талшықтары  сияқты 

баяу бұлшық ет талшықтары да қатысатын қайталана максималды 

немесе оған жуық бұлшық ет жиырылуының салыстырмалы аз са-

нымен байланысты. Бірақ аз қайталаудың өзі жылдам талшықтардың 

жұмыс  гипертрофиясының  дамуы  үшін  жеткілікті.  Бұл  жыл-

дам  талшықтардың  баяу  талшықтармен  салыстырғанда  жұмыс 

гипертрофиясының  дамуына  аса  бейім  екенін  көрсетеді.  Бұлшық 

еттердегі  жылдам  талшықтардың  жоғары  пайызы  бағытталған 

күштік жаттықтыру кезіндегі бұлшық ет күшінің айтарлықтай өсуі 

үшін  маңызды  алғышарты  болып  табылады.  Сондықтан  бұлшық 

еттеріндегі жылдам талшықтардың пайызы жоғары болатын адамдар 

күш пен қуаттылықты дамыту үшін неғұрлым жоғары потенциалдық 

мүмкіндіктерге ие.

Төзімділікке  жаттықтыру  салыстырмалы  аз  күшті  бұлшық 

ет  жиырылуының  қайталануының  көп  болуымен  байланысты. 

Бұл  негізінен  баяу  бұлшық  ет  талшықтарының  белсенділігімен 

қамтамасыз етіледі. Сондықтан жылдам, əсіресе, жылдам гликолиздік 

талшықтардың гипертрофиясымен салыстырғанда осы жаттықтыру 

түрінде баяу бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының 

неғұрлым айқын көрінуі түсінікті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет