Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


Жылдамдықты-күштік сапаның (қуаттылықтың)



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47

Жылдамдықты-күштік сапаның (қуаттылықтың) 

физиологиялық негіздері

Максималды  қуаттылық  (кейде  «жарылыс»  қуаттылығы  деп 

те  атайды)  күш  пен  жылдамдықтың  оптималды  үйлесуі  болып  та-

былады.  Қуаттылық  лақтыру,  секіру,  қысқа  қашықтыққа  жүгіру, 

күрес  сияқты  көптеген  спорттық  жаттығуларда  көрінеді.  Спортшы 

неғұрлым қуаттылығын жоғары дамытса, соғұрлым оның снарядты 

лақтыру  немесе  өзінің  денесінің  қозғалу  жылдамдығы  жоғары  бо-

лады. Себебі снарядтың немесе дененің мəрелік жылдамдығы оған 

берілген күшпен, жылдамдықпен анықталады.

Қуаттылық  бұлшық  ет  күшінің  немесе  жылдамдығының  неме-

се  екеуінің  де  өсуі  есебінен  артуы  мүмкін.  Көбіне,  қуаттылықтың 

айтарлықтай өсуіне бұлшық ет күшінің артуы есебінен жетеді.



Қуаттылықтың  күштік  компоненті  (динамикалық  күш). 

Бұлшық  ет  жұмысының  динамикалық  режимі  жағдайында 



171

(концентрлі  немесе  эксцентрлі  жиырылу)  өлшенетін  бұлшық  ет 

күші  динамикалық  күш  (Ғ)  ретінде  белгіленеді.  Ол  бұлшық  еттің 

концентрлі  жиырылуы  кезінде  үдеумен  (а),  массамен (m) немесе 

бұлшық еттердің эксцентрлі жиырылу кезінде масса қозғалысының 

баяулауы бойынша (кері белгімен үдеу) анықталады. Бұл анықтама 

физика  заңына  негізделген:  Ғ= m х  а.  Мұнда  көрінетін  бұлшық  ет 

күші орын ауыстыратын масса көлеміне байланысты: орын ауысты-

ратын  массаның  артуымен  күш  көрсеткіштері  кейбір  шекте  өседі, 

əрі  қарай  массаның  артуы  динамикалық  күштің  артуымен  қатар 

жүрмейді.

Динамикалық күшті өлшеу кезінде зерттелуші күрделі бұлшық 

еттен  тыс  жəне  бұлшық  ет  ішілік  координациялы  қозғалысты 

орындайды.  Сондықтан  динамикалық  күш  көрсеткіштерінің  түрлі 

адамдарда  айтарлықтай  айырмашылықтары  бар  жəне  сол  бір 

адамды  қайталап  өлшеу  кезінде  изометриялық  (статикалық)  күш 

көрсеткіштеріне қарағанда көбірек болады.

Бұлшық  еттердің  концентрлік  жиырылуы  кезінде  өлшенетін 

динамикалық  күш  статикалық  күшке  қарағанда  аз.  Əрине,  мұндай 

салыстырулар  екі  жағдайда  да  зерттелушінің  максималды  күш  са-

луы жəне бірдей буындық бұрыштар кезінде жүргізіледі. Эксцентрлі 

жиырылу  режимінде  бұлшық  еттер  максималды  изометриялық 

күштен айтарлықтай асатын динамикалық күшті көрсетуге қабілетті. 

Бұлшық  ет  жиырылуының  осы  режимінде  қозғалыс  жылдамдығы 

неғұрлым  жоғары  болған  сайын  соғұрлым  көрінетін  динамикалық 

күш жоғарырақ болады. 

Зерттелушілерде 

статикалық 

жəне 

динамикалық 



күш 

көрсеткіштері арасында шамалы корреляция байқалады (корреляция 

коэффиценті шамамен, 0,6-0,8).

Динамикалық  жаттықтыру  нəтижесінде  динамикалық  күштің 

артуы  статикалық  күштің  жоғарылауын  тудырмауы  мүмкін. 

Изометриялық жаттығулар немесе динамикалық күшті арттырмай-

ды немесе статикалық күшке қарағанда айтарлықтай азырақ артты-

рады (48-сурет).

Мұның  барлығы  жаттықтыру  əсерінің  төтенше  арнайылығын 

көрсетеді: жаттығудың (статикалық немесе динамикалық) белгілі бір 

түрін қолдану нəтиженің неғұрлым айтарлықтай жоғарылауын тап 

сол жаттығу түрінде тудырады. Мұнымен бірге бұлшық ет күшінің 

барынша  өсуі  сол  жаттықтыру  жүретін  қозғалыс  жылдамдығы 

кезінде байқалады. 



172

Бұлшық  ет  күшінің  біріне  бұлшық  ет  күшінің  тез  көрінуі 

қабілеттілігін сипаттайтын жарылыс күші жатады. Ол мысалы, түзу 

аяқпен жоғары секіруде немесе тұрған орнынан ұзындыққа секіруде 

биіктікті,  максималды  мүмкін  болатын  жылдамдықпен  қысқа 

біртұтамға  жүгіруде  орын  ауыстыру  жылдамдығын  едəуір  шамада 

анықтайды.  Жарылыс  күші  көрсеткіші  ретінде  күш  градиенттері

яғни  максималды  көрінетін  күштің  оған  жету  уақытына  қатынасы 

ретінде немесе қандай да бір бұлшық ет күшінің таңдаулы деңгейіне 

(абсолютті  градиент),  немесе  максималды  күштің  жартысына,  не-

месе  оның  қандай  да  бір  басқа  бөліміне  (салыстырмалы  градиент 

күші)  жету  уақыты  ретінде  анықталатын  оның  өсу  жылдамдығы 

қолданады.  Күш  градиенті  жылдамдықты-күштік  спорт  түрлері 

өкілдерінде  (қысқа  қашықтыққа  жүгірушілерде)  спортпен    ай-

налыспайтын  адамдарға  немесе  төзімділікке  жаттығатын  спорт-

шыларға  қарағанда  жоғары  келеді.  Əсіресе,  күштің  абсолюттік 

градиенттерінде айтарлықтай айырмашылықтар болады. 

Жарылыс  күш  көрсеткіштері  максималды  ерікті  изометриялық 

күшке  көп  тəуелді  емес.  Мəселен,  изометриялық  жаттығулар 

статикалық күшті арттыра отырып, күш градиенттері көрсеткіштері 

бойынша немесе секіргіштік көрсеткіштері бойынша (биіктікке түзу 

аяқпен секіру немесе тұрған орнынан ұзындыққа секіру) анықтала-

тын  жарылыс  күшін  айтарлықтай  емес  өзгертеді.  Сəйкесінше,  жа-

рылыс күштеріне жауапты физиологиялық механизмдер статикалық 

күшті анықтайтын механизмдерден ерекшеленеді. Жарылыс күшінің 

көрінуінде  координациялық  факторлар  арасында  активті  бұлшық 

еттер мотонейрондары импульсациясы  маңызды рөл атқарады. Ол 

разряд басындағы импульсациясы жиілігі мен əртүрлі мотонейрон-

дар  импульсациясының  синхрондалуымен  сипатталады.  Неғұрлым 

мотонейрондар импульсациясының бастапқы жиілігі жоғары болған 

сайын соғұрлым бұлшық ет күші тезірек өседі. 

Жарылыс  күшінің  көрінуінде  жылдам  жəне  баяу  бұлшық  ет-

тер  қатынасына,  яғни  олардың  композициясына  айтарлықтай  ша-

мада тəуелді бұлшық еттердің жылдамдықты жиырылу қасиеті өте 

үлкен рөл атқарады. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің жоғары 

білікті  өкілдерінде  жылдам  талшықтар  бұлшық  ет  талшығының 

негізгі  массасын  құрайды.  Жаттықтыру  үдерісінде  бұл  талшықтар 

баяу  талшықтарға  қарағанда,  неғұрлым  елеулі  гипертрофияға 

ұшырайды.  Сондықтан  жылдамдықты-күштік  спорт  түрлерінің 


173

өкілдерінде  жаттықпаған  адамдармен  немесе  басқа  спорт  түрі 

өкілдерімен,  əсіресе,  төзімділіктің  көрінуін  қажет  ететін  спорт-

шыларымен  салыстырғанда  жылдам  талшық  бұлшық  еттің  негізгі 

массасын құрайды немесе көлденең қимасында айтарлықтай үлкен 

алаңды алып жатады. 



Қуаттылықтың  жылдамдықтық  компоненті.  Ньютонның 

2-заңына  сəйкес  неғұрлым  массаға  жұмсалған  күш  көп  болған  са-

йын  соғұрлым  сол  масса  қозғалатын  жылдамдық  жоғары  болады. 

Осылайша бұлшық ет жиырылу күші қозғалыстың жылдамдығына 

ықпал етеді: неғұрлым күш көп болса, соғұрлым қозғалыс жылдам 

болады. 


48-сурет. Жаттықтырудың əртүрлі əдістері кезінде «күш-жылдамдық» 

тəуелділік өзгерісі (А) мен күш моментінің салыстырмалы өзгерістері (Ə) 

(Д. Ю. Бравая, Я. М. Коц бойынша):

0º/с – изометриялық жаттықтыру, 40 º/с жəне 160 º/с - көрсетілген 

қозғалыс жылдамдығымен изокинетикалық жаттықтыру

Қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы екі факторларға: 

1. Жылдамдықты арттыру өлшеміне (жылдамдық екпініне);

2. Максималды жылдамдыққа байланысты.



174

Бірінші фактор спортшының жүгіру жылдамдығын қаншалықты 

тез  арттыратынын  анықтайды.  Бұл  фактор  қысқа  біртұтам 

арақашықтыққа (10-15 метр) жүгіруде, дененің бір қалыптан басқаға 

максималды  тез  орын  ауыстыруын  талап  ететін  спорттық  ойын 

түрлерінде  айтарлықтай  маңызды.  Неғұрлым  ұзақ  арақашықтыққа 

жүгіруде  жылдамдықты  арттыру  өлшеміне  қарағанда  максималды 

жүгіру жылдамдығы аса маңызды. Егер спортшыда жылдамдықтың 

көрінуінің  екі  түрінің  де  жоғары  деңгейі  болса,  ол  оған  қысқа 

қашықтыққа жүгіруде үлкен артықшылық береді. 

Жүгіру жылдамдығының осы екі факторы бір-бірімен тығыз бай-

ланыста  емес.  Бір  спортшыларға  баяу  жылдамдықты  арттыру  тəн, 

бірақ  олар  жоғары  максималды  жылдамдыққа  ие.  Ал  басқаларда, 

керісінше,  тез  жылдамдық  арттыру  жəне  салыстырмалы  көп  емес 

максималды жылдамдық болады.

Қуаттылықтың  жылдамдықтық  компонентін  жоғарылатудың 

маңызды механизмдерінің біріне бұлшық ет жылдамдықты жиыры-

лу қасиетінің артуы жатады, басқаға бұлшық ет жұмысының коор-

динациясын жақсарту болып табылады. 

Бұлшық  еттің  жылдамдықты  жиырылу  қасиеті  айтарлықтай 

дəрежеде  жылдам  жəне  баяу  бұлшық  ет  талшықтарының 

арақатынасына тəуелді. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің ай-

тулы өкілдерінде, əсіресе, қысқа қашықтыққа жүгірушілерде спорт-

пен шұғылданбайтындарға, тіптен, төзімділікке жаттығатын айтулы 

спортшыларға қарағанда жылдам бұлшық ет талшықтарының пайы-

зы айтарлықтай жоғары. 

Бұлшық  ет  ішілік  жəне  бұлшық  ет  аралық  координация  да 

қозғалыс  жылдамдығының  (қуаттылықтың)  артуына  мүмкіндік 

туғызады,  себебі  жоғары  жылдамдықпен  сыртқы  кедергіден  өте 

отырып, бұлшық ет координациялық жұмысы кезінде олардың күш 

салуы  серіктеседі.  Атап  айтқанда,  жақсы  бұлшық  ет  аралық  коор-

динация  кезінде  бір  бұлшық  еттің  (немесе  бұлшық  ет  тобының) 

жиырылуға  күш  салуы  басқа  бұлшық  еттердің  (немесе  бұлшық 

еттер  тобының)  алдындағы  күш  салумен  жасалған  жылдамдық 

шыңына жақсы сəйкес келеді. Сəйкесінше, келесі күш салу неғұрлым 

тиімдірек болады. Антагонист бұлшық еттер босаңсу дəрежесі мен 

жылдамдығы қозғалыс жылдамдығына ықпал ететін маңызды фак-

тор болуы мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығын арттыру керек бол-

са, жаттықтыру жаттығуларында қолданатын жылдамдыққа тең не-


175

месе одан асатын арнайы қозғалыстарды (жарыс жаттығуларындағы 

сияқты) жаттықтыру сабақтарында орындау керек.

Жылдамдықты-күштік жаттығулардың энергиялық 

сипаттамасы.

Барлық жылдамдықты-күштік жаттығулар энергиялық тұрғыдан 

алып қарағанда, анаэробтық жаттығуларға жатады. Олардың шекті 

ұзақтығы 1-2 минуттан аз. Бұл жаттығуларға энергиялық сипаттама 

беру үшін:

1. Максималды анаэробтық қуаттылық; 

2. Максималды анаэробтық сыйымдылық (қабілеттілік) сияқты 

екі негізгі көрсеткіштер қолданады.



Максималды анаэробтық қуаттылық. Сол адам үшін жұмыстың 

максималды  қуаттылығы  бірнеше  секундқа  ғана  созылуы  мүмкін. 

Мұндай қуаттылықты жұмыстар бұлшық ет фосфагендерінің (АТФ 

жəне КрФ) анаэробтық ыдырауы есебінен орындалады. Сондықтан 

бұл  заттардың  қоры  жəне  əсіресе,  олардың  энергиялық  утилдену 

жылдамдығы  максималды  анаэробтық  қуаттылықты  анықтайды. 

Қысқа қашықтыққа жүгіру (спринт) жəне секіру нəтижелері макси-

малды  анаэробтық  қуаттылыққа  тəуелді  жаттығулар  болып  табы-

лады.  Максималды  анаэробтық  қуаттылықты  бағалауда  Маргарий 

тесті қолданады. 

Жоғарыдағы  кестеде  əйелдер  жəне  ерлер  үшін  максималды 

анаэробтық қуаттылықтың «нормативті»  көрсеткіштері келтірілген 



(9-кесте).

Максималды  анаэробтық  сыйымдылық  бағалауда  шекті 

ұзақтықты жұмыстан соң (1-ден 3 минутқа дейін) айқындалатын ба-

рынша оттектік қарыздылық, яғни максималды оттектік қарыздылық 

өлшемі кең қолданылады. Бұл жұмыстың кейін пайдаланатын артық 

оттегі мөлшерінің едəуір бөлігі жұмыс кезінде анаэробтық үдерістер-

ге шығындалған АТФ, КрФ жəне гликоген қорларын қалпына келтіру 

үшін  қолданылуымен  түсіндіріледі.  Қандағы  катехоламиндердің 

жоғары  деңгейі,  дененің  жоғары  температурасы,  жиі  жиырылатын 

жүрек  пен  тыныс  алуға  қатысатын  бұлшық  еттерінің  оттегіні  көп 

пайдалануы  сияқты  факторлар  да  ауыр  жұмыстан  кейін  қалпына 

келу  уақытында  оттегі  пайдаланудың  жоғары  жылдамдығының 


176

себебі болуы мүмкін. Сондықтан максималды қарыздылық өлшемі 

мен  максималды  анаэробтық  сыйымдылық  арасында  тек  қалыпты 

байланыс ғана бар.



9-кесте

Максималды анаэробтық қуаттылық көрсеткіштерінің 

жіктелуі (кгм/с)*

Жіктелуі

(классификация)

Жас, жылмен

15-20 20-30 

Ер адамдар:

Нашар


Орта

Орташа


Жақсы

Өте жақсы

113-тен аз

113-149


150-187

188-224


224-тен көп

106-дан аз

106-139

140-175


176-210

210-нан көп



Əйел адамдар:

Нашар


Орта

Орташа


Жақсы 

Өте жақсы

92-ден аз

92-120


121-151

152-182


182-ден көп

85-тен аз 

85-111

112-140


141-168

168-ден көп

*1 кгм/с=9,8 Вт

Спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 

максималды  оттектік  қарыздылықтың  орташа  мөлшері  жоғары, 

ол  ерлерде 10,5 л  (дене  салмағына 140 мл/кг),  ал  əйелдерде 5,9 л 

(дене  салмағына 95 мл/кг).  Спортпен  айналыспайтын  ер  адамдар-

да  олар 5 л  (дене  салмағына 68 мл/кг)  жəне  əйелдерде 3,1 л  (дене 

салмағына 50 мл/кг). Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің айту-

лы тұлғаларында (400 жəне 800 м-ге жүгіретін желаяқтарда) макси-

малды оттектік қарыздылық Н. И. Волков мəліметтері бойынша 20 


177

л-ге  жетуі  мүмкін.  Оттегі  қарыздылықтың  мөлшері  өте  өзгермелі, 

сондықтан нəтижені нақты болжауда қолданылмайды.

Оттегі  қарыздылықтың  алактацидті  (жылдам)  фракция-

сы  өлшемі  бойынша  жылдамдықты-күштік  сипаттағы  (спринт) 

өте  қысқа  мерзімдік  жаттығуларды  қамтамасыз  ететін  анаэробтық 

(фосфагендік)  сыйымдылық  бөлігін  бағалауға  болады.  Ол  арнайы 

формуламен есептеледі.

Оттегі  қарыздылықтың  «фосфагендік  фракциясының»  типтік 

максималды өлшемі дене салмағына 100 кал/кг жуық немесе 1,5-2 

л О

2

. Жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттықтыру нəтижесінде ол 



1,5-2 есеге артуы мүмкін.

Шекті ұзақтығы бірнеше ондаған секундқа созылатын жұмыстан 

кейін  оттегі  қарыздылықтың  едəуір  (баяу)  фракциясы  анаэробтық 

гликолизбен,  яғни  жылдамдықты-күштік  жаттығуларды  орын-

дау  үдерісінде  сүт  қышқылының  түзілуімен  байланысты  жəне 

сондықтан лактацидті оттектік қарыздылық деп белгіленеді. Бұл 

оттектік қарыздылықтың бөлігі СО

2

 мен Н



2

О дейін тотығу мен гли-

когенге дейін ресинтезі арқылы организмнен сүт қышқылын жоюға 

қолданылады.

Анаэробтық энергияның лактацидті компонентінің максималды 

сыйымдылығы жас жаттықпаған ер адамдарда дене салмағына 200 

кал/кг жуық, ол қанда 120 мг% (13 ммоль/л) жуық сүт қышқылының 

максималды  концентрациясымен  сəйкес  келеді.  Жылдамдықты-

күштік  спорт  түрлерімен  шұғылданатын  айтулы  спортшыларда 

қандағы  сүт  қышқылының  максималды  концентрациясы 250-300 

мг%-ға дейін жетуі мүмкін. Ол дене салмағына 400-500 кал/кг мак-

сималды лактацидтік (гликолиздік) сыйымдылыққа сəйкес келеді. 

Мұндай жоғары лактацидті сыйымдылықтың бірнеше себептері 

бар.  Ең  алдымен,  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда 

спортшылар  неғұрлым  жұмыстың  жоғары  қуаттылығын  дамытуға 

жəне  оны  барынша  ұзақ  сақтауға  қабілетті.  Бұл,  атап  айтқанда, 

жұмысқа  көп  бұлшық  ет  массасының  қатысуымен  (рекрутир-

леу),  соның  ішінде  жоғары  гликолиздік  қабілеттілікке  ие  жылдам 

бұлшық  еттер  талшықтарының  жұмысқа  қатысуымен  қамтамасыз 

етіледі.  Жоғары  білікті  спортшыларда – жылдамдықты-күштік 

спорт  түрлері  өкілдерінде  бұлшық  еттердегі  бұл  талшықтардың 

көп  мөлшері  жоғары  гликолиздік  қуаттылық  пен  сыйымдылықты 

қамтамасыз  ететін  факторлардың  бірі.  Бұдан  басқа  жаттықтыру 


178

сабақтары үдерісінде, əсіресе, анаэробтық қуаттылықты қайталама-

интервалдық  жаттығуларды  қолдану  кезінде  спортшының  жоғары 

жұмыс  қабілеттілігін  сақтай  отырып,  қанда  жəне  дененің  басқа 

сұйықтықтарында  сүт  қышқылының  едəуір  жоғары  концентра-

циясына  (жəне  сəйкесінше  рН  едəуір  төмен  мəні)  оның  «шыдауы-

на»  мүмкіндік  беретін  механизмдер  дамиды.  Əсіресе,  бұл  орташа 

арақашықтық желаяқтарына тəн.

Н. Н. Яковлев мəліметтері бойынша күштік жəне жылдамдықты-

күштік  жаттықтыру  жаттықтырылған  бұлшық  еттерде  белгілі 

бір  биохимиялық  өзгерістер  тудырады.  Жаттықпаған  адамдарға 

қарағанда,  оларда  АТФ  жəне  КрФ  мөлшері  біршама  жоғары (20-

30%-ға) болса да, оның жоғары энергиялық мəні жоқ. Фосфагендер 

(АТФ,  АДФ,  АМФ,  КрФ)  айналымының  (ыдырау  жəне  ресинтез) 

жылдамдығын анықтайтын ферменттердің, соның ішінде миокина-

за мен креатинфосфокиназаның белсенділігінің жоғарылауы көбірек 

маңызды.

Спорттық практикадағы жылдамдық түсінігі. Жылдамдық – 

адамның қысқа уақыт аралығында көп қозғалыс жасай алу қабілеті. 

Жылдамдық  дене  сапасы  қарапайым  жəне  күрделі  жан-жақты 

қозғалыс деп шартты түрде екіге бөлінеді.

Қарапайым  қозғалыс:  əсер  етушіге  жауап  жылдамдығы,  бір 

реткі  қозғалыс  жылдамдығы,  қозғалыс  қарқыны  жылдамдығы  деп 

бірнеше түрге бөлінеді.

Əсер  етушіге  жауап  жылдамдығына – тітіркендіргіштерге  (ды-

быс, жарық, ыстық – суық, т.б.) жауап беруге кететін уақыт мөлшері 

алынады. Ол қарапайым жəне күрделі болып бөлінеді.    

Қарапайым түріне алдын ала белгілі əсер етуші тітіркендіргіш-

терге жауап беру уақыты жатады. Мысалы, сөреден жүгіріп шығуға 

берілген дыбысқа кететін уақыт аралығы.

Күрделі  жауапқа,  алдын  ала  белгісіз  жағдайға  жауап  беру-

ге  кететін  уақыт  мөлшері  алынады.  Мысалы,  спорттық  ойын-

дар  кезіндегі,  күрес,  жекпе-жек  түрлеріндегі  аяқ  астынан  болатын 

өзгерістерге жауап беру уақыты. Күрделі жауап берудің: бірі талдау 

арқылы, екіншісі қозғалыстағы затқа жауап беру жылдамдығы деген 

екі түрі болады.

Бір  реткі  қозғалыс  жылдамдығына  сыртқы  əсердің  төменгі 

жағдайында  орындалған  жəне  көп  күш  жұмсалмаған  жеке 

қозғалысты орындауға кеткен уақыт мөлшері есептеледі. 



179

Қозғалыс  қарқыны  белгілі  бір  уақыт  аралығында  орындалған 

қозғалыс жиілігімен есептеледі. 

Жоғарыда  көрсетілген  қозғалыс  түрлері  бір-бірімен  тығыз 

байланыста  болмайды.  Мысалы,  сыртқы  тітірткендіргішке  жауап 

жылдамдығы өте тез болғанымен, қажетті қозғалысты орындау баяу 

болуы ықтимал.

Спорттық  практикада  жылдамдық  түрлерінің  бір-бірімен 

қосылатындығын  көруге  болады.  Мысалы,  спринттік  жүгіруде 

сөреде берілген дыбыс белгісімен, сөреден ытқып шығу жəне жыл-

дам жиі аттаудың барлығының өзара қосындысын көруге болады. 

Жылдамдық түрлерінің бір-біріне берілуін өзара ұқсас қозғалыс 

түрлері  кезінде  байқауға  болады.  Мысалы,  орында  тұрып  секіруді 

жақсы  орындау,  қысқа  қашықттыққа  жылдам  жүгіру,  ядро  итеру 

т.б.  жаттығуларының  сапалы  болуына  əкеледі.  Себебі  көрсетілген 

барлық спорт түрлерінде аяқтың жылдам серпіліп-жазылуы шешуші 

рөл  атқарады,  бірақ  дəл  осы  көрсеткішнің  суға  жүзуге,  боксқа, 

клавиштерді басуға қатысы шамалы. 

Спорт  түрлерінде  кездесетін  күрделі  жаттығу  түрлерінің 

барлығындағы  жылдамдық  түрлерінің  қосындысы  шапшаңдықтың 

дəрежесін көрсетеді. 

Адам 


организмінің 

морфологиялық, 

физиологиялық, 

психологиялық  ерекшелігі  жəне  спорттық  шеберлігі  дайындығы 

деңгейі спортшының  жылдамдық, шапшаңдық қабілетін анықтайды. 

Жылдамдық дене сапасын анықтайтын көрсеткіштер

Адамның  жылдамдық  қабілеті  көрсеткіштері  оның  туа  біткен 

морфологиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен 

қатар,  оған  əсер  етуші  арнайы  педагогикалық  жаттықтыру 

жұмыстары сапасынан тұрады.

Морфологиялық көрсеткіштер:

 

– адамның антропометриялық ерекшелігі (дене салмағы, бойы);



 

– адам  денесі  бұлшық  етінде  туа  біткен  ерекшелігі  бойынша 

жылдам талшықтардың көп болуы. 

Жылдам  талшықтар  бойында  гликоген  көп  болады,  төзімділігі 

аз, капилярлар мен миоглобин мөлшері аз болғанымен, қысқа уақыт 

аралығында жылдам жəне күшті қозғалыстар жасауға бейім келеді.

Физиологиялық факторлар: 

 

– жүйке  жүйесіндегі  қозу  жəне  тежелу  үдерістерінің  жылдам 



өтуі;

180

 

– орталық  жүйке  жүйесінен  бұлшық  еттерге  команда  келу 



жылдамдығы;

 

– бұлшық  еттің  күші  (АТФ  адинозинтрифосфат),  АТФ-



тың  бөліну  жылдамдығы  жəне  АТФ-тың  қайта  қалыпқа  келу 

жылдамдығы. АТФ-тың бастапқы қалпына келу жылдамдығына кре-

атинфосфат (КФ) əсер етеді. 

Психологиялық  жағынан,  жылдамдыққа  əсер  етуші  фак-

тор  ретінде  жүйке  жүйесінің  бұлшық  еттердің  жиырылуы  мен 

босаңсуына  команда  беру  жылдамдығымен  байланысты  келеді. 

Осы  жағдайды  ескере,  спортшыны  психологиялық  жағынан  бола-

тын алдағы жұмысқа дайындау негізгі үлкен жұмыс болып табыла-

ды.  Жылдамдық  сапасының  əртүрлі  болып  келуі  бұлшық  еттердің 

биомеханикалық  ресинтездік  жұмыстарды  атқару  мүмкіндігі  жəне 

адамның ерік-жігерінің күштілігімен анықталады.

Қимыл  бірлігінің  құрамына  əртүрлі  мөлшердегі  бұлшық  ет 

талшықтары  кіретіндігі  белгілі.  Мысалы,  көз  алмасының  сыртқы 

бұлшық еттерінде талшықтар саны 3-6, саусақта 10-25, қол бұлшық 

етінде 500, балтыр бұлшық еттерінде 2000-7000 аралығында бола-

ды.  Спортшылардың  бұлшық  ет  талшықтары  түрлерінің  санына 

қарай  стайер  жəне  спринтерлер  деп  ажыратады.  Стайер  спортшы-

ларында баяу ет талшықтарының мөлшері 70%-дан кем болмайды. 

Марофоншылардың балтыр бұлшық етінде баяу ет талшықтарының 

мөлшері 93-99% жетсе, спринттік қашықтықжелаяқтарының балтыр 

бұлшық етінде баяу ет талшықтарының мөлшері 23%-ды құрайды.

Спорттық шеберлікті жоғары дəрежеде меңгеру, оны үнемді түрде 

жылдам жəне уақытында орындай білу жүргізілген педагогикалық 

жұмыстардың  сапасына  байланысты  болып  келеді  (Д.  Оңғарбаева 

жəне əріпт., 2013).

Төзімділіктің физиологиялық механизмдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет