1 - тақырып: 1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҦНЫ Қоғам мен ӛндірістің даму ҥрдісінде адамдар әр тҥрлі ҧйымдық-
экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады.
Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың ӛзінде
кӛпестер, саудагерлер, колӛнершілер жаңадан қалыптасып келе жатқан
кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму
тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бӛлінісі мен жалпы
нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты.
Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» тҥсінігі бірінші рет 1723 жылы
Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ
сӛздігінде» келтірілген. Мҧнда кәсіпкер – ӛнім ӛндіру немесе қҧрылыс обьектісі
бойынша міндеттемесін ӛз мойнына алатын адам деген тҥсінік беріледі.
Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» тҥсінігі белгілі ағылшын экономисі
Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық кӛрген «Коммерция
табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы
бойынша сҧраныс пен ҧсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында
кейбір субьектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға
мҥмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым – қатынастағы субьектілерді
кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына
береді. Сонымен қатар, ол мҧндай адамдар тек қана айналым саласында ғана
емес, тауар ӛндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар
аударған және олар ӛндірістік қҧрал – жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті
емес деп санаған.
Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, ӛзінің
қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп
тҥсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің
негізгі функциясы ӛндірістің қызметін біріктіру және ҥйлестіру деген пікірді
ҧстанған. Альфред Маршал мен жолын ҧстанушылар кәсіпкердің
ҧйымдастырушылық функциясына ерекше кӛңіл бӛлген. Олардың пікірінше
әрбір қалаушы – кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп
есептеген.
Кәсіпкерлік туралы ерекше бағытты ҧстанған Иозеф Шумпетер, кәсіпкер
тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адамдар тобынан да қҧрыла алады
деген кӛзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең
басты – инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген қҧқық
кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке
тӛмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік – меншік тҥрлеріне қарамастан,
азаматтар мен заңды тҧлғалардың тауарларға (жҧмысқа, қызметке) сҧранымды
қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке
кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық қҧқығына (мемлекеттік