П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы


 .4 .2 .2 . Ү н д е с ім дауы сты ларды ң



Pdf көрінісі
бет41/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

1 .4 .2 .2 . Ү н д е с ім дауы сты ларды ң
ф онетикалы қ (ж а с а л ы м ) сипаты
Үндесім дауыстылардың фонологиялық (аб- 
стракт) белгілерінің негізінде сөйлеу мүшелерінің 
белгілі бір жасалым (нақты) қалпы жатады. Сон- 
дықтан оны көрнекі суретпен тиянақтап ш ығу- 
ға болады.
Ф онологиялық талдаудың нәтижелері абст- 
рактылы болып келеді. Сондықтан фонология- 
лы қ сипаттаманы оймен тоқу керек. Ал фонети- 
калы қ талдаудың нәтижелері нақты (оларды 
есітіп-көруге болады), ендеше фонетикалық си- 
паттаманы көрнекі етіп жасауға болады.
Фонологиялық талдау мен фонетикалық тал- 
дау бірін-бірі толықтырып отырады. Ендеше 
үндесім дыбыстардың абстракт ф онологиялы қ 
белгілерін көзге елестету үшін олардың корнекі 
фонетикалы қ жасалым үлгілерін пайдалану ке- 
рек. Екі үндесім дыбыстың жасалым модельдерін 
бірінің үстіне бірін қаттаса, олардың айырым 
және ортақ белгілері бірден көзге түседі.
Ы -І үндесім дауы сты лары ны ң жасалы м 
қиылысында (12-сурет) тілдің тік қалпы (7-нүкте) 
мен ерін қатысы (1-3-нүкте) бірдей. Тіл ж оға- 
ры, ерін бейтарап жатыр. Тілдің колденең қал- 
пы екі түрлі (Ы - 8 нүкте, I - 6 нүкте) орналас- 
қан. Ж уан-ж іңіш ке үндесім белгілерінің жаса- 
лым тиянағы (көрінісі) тілдің ілгерінді-кейінді 
қалпында жатыр.


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫ
31
Ұ-Ү үндесім дауы сты лары ны ң ж асалы м 
қиылысыңда (13-сурет) тілдің тік қалпы (7-нүкте) 
мен ерін қаты сы (1-2 нүкте) бірдей. Тіл жоғары 
жатыр, ерін дөңгеленіп тұр. Ал тілдің көлденең 
қалпы екі түрлі (Ұ - 8 нүктеде, Ү - 6 нүктеде) 
орналасқан. Ж уан-жіңіш ке үндесім белгілерінің 
жасалым ти ян а ғы (корінісі) тілдің ілгерінді- 
кейінді қалпында жатыр.
Ерін-езу үндесім дауыстылардың жасалым 
қиылысы Ы -Ұ, І-Ү жұбының суретінен көрінеді.
Ы -Ұ үндесім дауы сты лары ны ң ж асалым 
қиылысында (14 -сурет) тілдің тік қалпы (7-нүкге) 
мен көлденең қалпы (8-нүкте) бірдей. Тіл ж оға- 
ры және кейін жатыр. Ал ерін қатысы екі түрлі 
(Ы -1-3 нүктеде, Ұ - 1-2 нүктеде) орналасқан. 
Еріндік-езулік үндесім белгілерінің жасалым тия- 
нағы (көрінісі) еріннің еріндік-езулік қалпында 
жатыр.
І-Ү үндесім д ауы сты л ар ы н ы ң ж асалы м
қиылысында (15-сурет) тілдіңтік қалпы (7-нүкте) 
мен көлденең қалпы (6-нүкте) бірдей. Тіл ж оға- 
ры және ілгері жатыр. Ал ерін қатысы екі түрлі 
(I - 1-3 ңүкте, Ү - 1-2 нүкте) орналасқан. Еріндік- 
езулік үндесім белгілерінің жасалым тиянағы
(көрінісі) еріннің еріндік-езулік қалпындажатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет