П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет565/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

442
МОРФОЛОГИЯ
3. 
3 А Т 
Е С I М
3.1. 
ЗАТ Е С ІМ Н ІҢ Ж А Л П Ы С И П А ТЫ
( З а т есімнің л ек си к ал ы қ -гр ам м а ти к ал ы к топтары)
Айналамызды қо р ш аған дүниедегі зат пен 
жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға
- болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін 
сөздердің бәрі - зат есімдер. Л ексикалы қ тұрғы - 
дан алғанда зат есімдер оз алды на м ағы налы қ 
дербестігі бар, затты қ ұғымды білдіретін сөздер. 
Табиғат пен қоғамды қ тіршіліктің қыр-сыры қан- 
ш алық алуан түрлі болса, оларды ң бас-басы на 
дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер 
де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім 
арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрсе- 
лерден 
(су, жылқы, тсіғам, жел, дауыл, жейде, тал,
терек, у-іиу, айқай, қойын, қоныіи)
бастап, адамның 
тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нэтижесінде ғана 
түсінілетін түрлі абстракт ұғы м дарды ң 
(наным,
шама-іиарық, ынсап, нарық, мінез-қүлық, кэде-жора,
ырым, пікір, тентектік, үялшақтық, ырыс)
аттарын 
да білдіре алады.
Л ексикалы қ-сем антикалы қ өрісі аса кең сөз 
таптары ны ң бірі осы зат есімдер. М ұны аңғару 
үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің 
мына секілді топтары н іш інара санамалап атап 
өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмы- 
сымызда жиі айты лы п, жиі қолданылатын түрлі 
бұйымдар мен нәрселердің аттары 
(ыдыс-аяқ, киім-
кешек, қасық, табақ, қалам, қағаз, жүген, асық, ке-
реге),
тағамдардың аттары 
(сорпа, қазы-қарта, жент,
түз, қант-шай, өрік-мейіз, нан, сүт, ет, шүжық),
жан-жануарлар атаулары 
(жылқы, түйе, ақбөкен,
киік, түлкі, мысық, ит),
өсімдік атаулары 
(қайың,
баялыіи, тобылғы, бидайық, өлең,раң),
табиғатде- 
нелері мен құбы лы старды ң аттары 
(ай, жүлдыз,
жауын-шашын, боран, аяз, аптап),
адамның кәсібін, 
тегін, м ам анды ғы н, қабілетін, қон ы с-тұрағы н , 
білдіретін сөздер 
(мүғалім, тілші, диқан, қаламгер,
мүсініиі, саудагер, алыпсатар, қызметкер, саятшы,
керей, найман, қазақ, орыс),
тұрмыс-салтқа, әдет 
ғұры пқа байланысты айтылатын сөздер 
(айтыс,
көкпар, шілдехана, жар-жар, қыз қуу).
Мұндай біз 
зат есім арқылы көрінетін сөздердің лексикалы қ 
тобын тек шетпұшақтап қана атап өтгік. Сөздердің 
мұндай тобының бәрін ине-жіпке тізіп санап шығу 
тіпті де мүмкін емес. Олар өте көп.
Сырт пішімі, тұлғасы ж ағы нан алғанда зат 
есімдердің біразы түбір тұлғалы сөздер болып 
келетін болса 
(бас, із, ым, су, жол),
бірқатары әр 
түрлі сөз тОбынан ж ұрнақтар арқылы ж асалған
туынды сөздер 
(тебінгі, маліиы, бағбан, егін, ойық).
Сол сияқты зат есімнің екі сөздің бірігуі арқылы 
жасалған түрлері 
(бірқазан, кәріқыз, өнеркәсіп, қара-
қат, Ақсеңгір, Қаратау)
мен қос сөз тұлғалы 
түрлері де 
(қүрт-қүмырсқа, шөп-иіалам, сай-сала,
келін-кетиік, ер-түрман, бала-шаға)
бар. Екі сөздің 
тіркесі нақтылы бір заттың атауышы ретінде қол- 
данылғанда да ондай лексикаланған тіркестер 
(ақ
іиағыр, сары іиағыр, ақ тікен, темір-тікен, көкқүтан,
аққүтан),
зат есім қатарында танылады.
Дербес заттар мен заттардың белгілі тобы- 
ның атын білдіру ы ңғайы на қарай зат есімдер 
жалқы есім (
Үсен, Гүлнар, Ачматы, Үлытау, Сыр-
дария, Ай, Темірқазык),
жалпы есім 
(адам, қыз, қала,
дала, өзен, көл)
болып бөлінеді.
Б ір-біріне ұқсас, б іры ңғай нәрселер мен 
ұғы м дарды ң атауышы болып келетін есімдер 
жиынтық мәнді зат есімдердің 
(тері-терсек, тау-
тас, жігіт-желең, қыз-келіншек, той-томалақ, кір-
қоң, дэм-түз)
тобын құрайды.
Зат есімдердің тағы бір тобын 
ғаламзат
есім- 
дері мен 
адамзат
есімдері деп атауға болады. 
А дамға қатысты есімдерге кісінің аты -ж өнінен 
бастап оны ң барлық әлеуметтік, қоғам ды қ жай- 
күйін, хал-ахуалын білдіретін 
(ағайын, жекжат,
қарындас, қүдаша, дэрігер, қойшы-қолаң, жарлы-жа-
қыбай)
атаулар жатады да, ал адамнан өзге өлі 
және тірі табиғат біткеннің бәріне қатысты атау- 
лар (жартас, төбе, іиыбын-шіркей, үміт, тілек, кой-
ешкі, қалам , кітап) ғалам зат
есімдері делінедід 
Зат есімдердің бұл екі тобының бір-бірінен түбе- 
гейлі айырмаш ылығы - адамзатқа қатысты есім- 
дер әлбетте 
к ім ?
деген сұрақты ң, ал ғалам затқа 
қаты сты есім деряе?деген сұрақты ң жауабы ре- 
тінде айтылады. Өзге сөздермен сойлем ішінде 
грамм атикалы қ қаты насқа, байланы сқа түсуіне 
орай зат есімге тәуелдік, септік, жіктік жалғаула- 
ры ж алғанады , сондай-ақ олар сойлемде не же- 
кеше, не көпше тұлғада айтылады. Осыған сәйкес 
оның түрлену жүйесін зат есімнің тәуелденуі, сеп- 
телуі, жіктелуі, жекеш е, копш е түрде қолданы - 
луы деп аталатын ірі-ірі грамматикалық катего- 
рияларға бөліп корсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет