П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет831/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   827   828   829   830   831   832   833   834   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

СИНТАКСИС ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЬЕКІ1С1
да бал татыр. Есікте отырган

төрде отырган-
нан дәмелі. Аңиіының кешіккенінен суйін. Қагазга
тіл бітірген - қалам, жансызга жан бітірген -
адам
(мақалдар). 
Осындағы сын есімдер мен 
етістік сөздер заттық мағынаға ие болу (субстан- 
тивтену) арқасында зат есімдерше септіктердің 
әрқайсысында түрленіп, сөз тіркестерін жасап түр.
Тәуелдік жалғау арқылы да сөздер байланы- 
сады: 
менің республикам; сенің тілегің; оның әкесі
т.б. Басы ңқы сыңар қызметін атқарып түрған 
тәу ел д ік ж алғаулы сөз б ағы н ы ң қ ы н ы ң ілік 
септіғінде түруын “талап етеді”. Ілік септігіндегі 
сөздердің, ілгеріде келтірілгендей, есімдер болуы 
да мүмкін, басқа сөздер де болуы да мүмкін: 
аттың туягы, таудың етегі, дәптердің муқаба-
сы, оқыганның пайдасы, ашуланудың нәтижесі,
арсыздың жазасы
т.б.
Көптік жалғаулары 
-лар/-лер, -дар/-дер, -т ар/
-тер
негізінен, сөйлемнің бастауыш пен баянда- 
уыш мүшелерінің қиысуына қызмет етеді: 
сіздер
көпсіздер; булар - студенттер; біз/дер/ қуанамыз
т.с.с.
Жіктік жалғауларына келетін болсақ, бүлар 
сөйлем ішінде баяндауыштың түлғасын корсетіп 
отырады. Жіктік жалғауының ерекшелігі сондай
- жіктік жалғауының белгілі бір түрін қолдан- 
ғанда, бастауыш орнындағы сөзді алып тастауға 
да болады, яғни жіктеу есімдігінің тиісті түрін 
қойса болды: (мен) 
тыңдаймын;
(сен) 
тыңдай-
сың;
(ол, олар) 
тыңдайды
т.с.с.
Аналитикалық және синтетикалық байланысу 
тәсілдері сөйлемдердің тіркесінде де болады: 
Аманның қулагы әңгімеде, көзі жолда
(Мүстафин). 
Бүл м ы сал д ан и н то н а ц и я а р қ ы л ы екі ж ай 
сөйлем нің қүрм алас сөйлем қүрап түрғаны н 
білеміз. 
Ойың жетпей турса, козіңді тесірейткенмен
тереңге бойлай алмайсың
(М ү сір еп о в) деген
сөйлемнің сыңарларының тіркесуін де осылайша 
*>■
түсіндіруге болар еді. 
Ал Қонақтар жақындай
бергенде, ауыл адамдары лап қойды
(Момышүлы) 
мезгіл бағыныңқы сабақтас қүрмалас сөйлемнің 
бағыныңқы сыңары басыңқымен синтетикалық 
тосіл арқы лы тіркескен. Осылайш а, сөйлемді 
түтас алсаңыз да, синтаксистік қатынас жасап 
түрған сыңарларын алсаңыз да, олардың бәрі 
белгілі бір синтаксистік байланыстың нәтижесінде 
тіркесіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   827   828   829   830   831   832   833   834   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет