592 СИНТАКСИС 2.1.1. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері Табыс септігінің пысықтауыш қызметін атқа-
рудан біртіндеп арылып, бірыңғай тура толықта-
уыш қызметін атқаруға кошуі, соған орай оның
с а б а қ т ы етіс тік те р м е н тір к е с ет ін д е й болы п
жүйеленуі етістікгердің меңгеруін қалыптастырды.
Өйткені орхон-енисей ескерткіштер тілінде
табыс септігінің салт етістіктермен тіркесіп, пы-
сықтауыштық қатынастарда жүмсалуы - кездесіп
отыратын қүбылыс. Мысалы:
Көгмен йышыг йо- рып қырқыз бодуныг уда басдымыз (Ктб.,35) -
Көгмен жотасынан асып, қыргыз халқын уйқыда жатқанда бастық. Бен өзум білге тониқуқ өтукен йеріг қонмыс (Т.,17) -
Мен өзім данышпан То- никөк өтікен жерінде турдым (қоныстандым). Аны субуг баралым (Т.,27) -
Анна өзенімен барамыз. Осы келтірілген мысалдарға назар аударатын бол-
сақ , соз тіркестерінің басы ңқы сы ңарлары -
қимыл-әрекеттің кеңістіктегі бағытын, мекенін,
іске асу тәсілін білдіретін салт етістіктер. Сон-
дықтан да бүлар табыс септігіндегі создермен емес,
жанама септіктермен тіркесуге тиісті. Бірақ осы-
ған қарамастан, жоғарыдағы салт етістіктер та-
быс септігі түлғасындағы сөздермен тіркескен,
соған орай табыс жалғаулы создер толықтауыш
емес, пысықтауыш қызметін атқарған. Бүл - осы
типтес етістіктердің әлі де болса салт, сабақты-
лы қ мағынасы жағынан толық жіктеліп болма-
ғандығын, табыс септігінің пысықтауыш қызметін
атқару дертінен арылып, бірыңғай толықтауыш
қызметін атқаратындай болып қалыптаспағанды-
ғын корсетеді. Басқаша айтқанда, тым оріден келе
жатқан жүйесіздіктің қалдықтары, сілемдері деу-
ге болады. Белгілі бір септіктің оз қызметінен
тыс басқа септіктер қызметін атқаруы жоғарыда
корсетілген табыс септігінен ғана емес, озге
септіктер бойынан да табылады. Мүндай ауыт-
қулар тек ертедегі ескерткіштер тілінде ғана емес,
ауыз әдебиеті нүсқалары мен ақын, жазушылар
еңбектерінде де кейде бой корсетіп қалады. Мы-
салы:
Қайгыменен қан жутып (Қобыланды ба-
тыр) - нормаға сайы
қайгыдан қан жутып, жеті пірге танысқан (сонда) -
жеті пірмен танысқан, киімнен муқтаж болган (Базар) -
киімге муқтаж болган, аязбен қызарып (Абай) -
аяздан қызарып, қутыла қоюга ойлайсыздар (Мүқанов) -
қутыла қоюды ойлайсыздар, кедейлігінен пайдаланып (Жансүгіров) -
кедейлігін пайдаланып т.б. Осы
келтірілген фактілер меңгеріле байланысқан соз
т ір к е с т е р ін ің тіл дам уы б а р ы с ы н д а тал ай
озгерістерге түсіп, қазіргі кездегідей дәрежеге
жеткендігін дәлелдейді.
Меңгеріле байланысқан соз тіркестерінің ба-
ғыныңқы сыңарлары мен басыңқы сыңарлары-
ның байланысу дәрежесінің біркелкі емес екендігі
тілші ғалымдарды ертеден-ақ ойландырды. Коп
жылғы зерттеулердің қорытындысы меңгеруді
іштей “берік жөне әлсіз меңгеру” деп болуге алып
келді.
Қолдағы бар материалдарға сүйене отырып,
берік және әлсіз меңгерудің ара жігін былайша
айқындауға болады:
1. М еңгеретін соз бен меңгерілетін создің
аралығында ішкі мағыналық байланыс болатын
болса, берік меңгерудің қатарына жатады да,
мүндай мағыналық байланыс болмайтын болса,
ондай соз тіркестері әлсіз меңгерудің қатарына
енеді.
2. Б е р ік м е ң г е р іл е б а й л а н ы с қ а н соз
тіркестерінің бағыныңқы сыңарының белгілі бір
түлғада (септік жалғауында) түруы басыңқы сы-
ңардың тікелей лексика-грамматикалық мағына-
сына байланысты болса, әлсіз меңгеруде бағы-
ныңқы компоненттің белгілі бір септік жалға-
уында түруы басыңқы компоненттің тікелей лек-
сика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай,
жалпы айтылмақшы ойға, сойлемнің мазмүны-
на, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардьщ қосалқы
грамм атикалы қ м ағы насы на қатысты болады.
Бірақ бүған қарап берік меңгеруге басыңқы сы-
ңардың лексика-грамматикалық мағынасынан тыс
жалпы грамматикалық мағынасы осер етпейді
деген қорытынды шығаруға болмайды. Өйткені
меңгеруші компонентке тән грамматикалық ма-
ғына берік меңгеріле байланысқан соз тіркестеріне
де, әлсіз меңгеріле байланысқан соз тіркестеріне
де қатысады, ы қпал етеді. Мысалы,
“а” әрпін
тақтаға бормен жазды деген сойлемді алатын бол-
сақ, мүндағы жазды етістігі қатарынан үш септік
жалғаулы созді меңгеріп түр:
“а ” әрпін жазды,
тақтага жазды, бормен жазды. Егер озара салыс-
тырып қарайтын болсақ,
“а” әрпін
жазды соз
тіркесі берік меңгерудің қатарына жатады да, қал-
ғандары олсіз меңгерудің қатарына жатады. Бірақ
осыған қарамастан,
“а ” әрпі созінің табыс септік
жалғауында түруына
жазды етістігінің әрі лек-
сика-грамматикалық мағынасы (қимыл-әрекетті
білдіру), әрі жалпы грамматикалық мағынасы (соз
табы ретінде) әсер етеді. Алайда бүлардың ара
салмағын тең деуге болмайды, ойткені берік мең-
геруде басыңқы сыңардың лексика-грамматика-
лық мағынасы басты, шешуші қызмет атқаратын
болса, оның грамматикалық мағынасы комекші
қызмет атқарады. Ал аркауы бос әлсіз меңгеруге
басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамма-
тикалық мағынасы емес, жалпы грамматикалық
мағынасы ықпал етеді.