Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»


«Əлемді  бəріміз  өзгерткіміз  келеді,  бірақ,  өзіміз  өзгергіміз  келмейді»



Pdf көрінісі
бет77/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113

«Əлемді  бəріміз  өзгерткіміз  келеді,  бірақ,  өзіміз  өзгергіміз  келмейді» 

деген  Лев 

Толстойдың сөзіне сілтеме жасағаны менің түйсігіме үлкен ой салды.  

Яғни, мен ең алдымен өзгерісті өзімнен бастауым керек екен ғой! 

664


Болашақта  өзім  де,  əріптестерім  де  оқытудың  жаңа  үлгілерін  жетік  меңгерген, 

балалардың жүрегіне жол таба білетін, олардың сыни ойлау деңгейлерін дамыта алатын, өз 

ісінің шебері – ұлағатты ұстаздар болып шығатынына сенімім артты

.  


Əдебиеттер тізімі 

1.

Мұғалімге арналған нұсқаулық.-Астна: Педагогикалық шеберлік орталығы, 2012.



665

СЫНИ   ОЙЛАУ - ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТІ 

Жаксылыкова Г. К.

  

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 



 Көкшетау қаласы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақала математика сабақтарында логикалық есептердің оқушылардың сыни ойлау мен 

математикалық  сауаттылығын  дамытуға  қосатын  үлесі  зор  екенін  көрсетеді.  Логикалық 

есептерді  шешу  біліктілігі  мен  сыни  ойлау  бір-бірін  толықтыратын  бір  тұтас  екенін  

қарастырады.  

Аннотация 

Критическое  мышление  является  основным  компонентом  логического  мышления  и  

одним из навыков при оценивании учебных достижений учащихся. Решение логических задач 

на  уроках  математики  способствует  развитию    критического  мышления  и  математической 

грамотности учащихся.  

Abstract 

Critical thinking is one of the components of logical thinking and one of the skills while 

assessment of pupils training achievement. Solving logic problems at the lessons of Mathematics 

facilitates to enhance critical thinking and mathematical capabilities of pupils. 

Əлемнің  көптеген  елдерінде  математикалық  білімге  ерекше  көңіл  бөлініп  отыр. 

Қарқынды  дамып  келе  жатқан  Қазақстан    -    мектепте  математикалық  білім  беру  деңгейін 

көтеруге қолайлы жағдайлар жасауда. Қазіргі жағдайда математика негіздерін оқып білу, жас 

ұрпақтың жалпы білім алуы бойынша дайындығы  да күннен-күнге маңызды болып келеді.  

Сондықтан,

  

əрбір оқушы  математикалық  сауатты  болу  үшін  мынадай  мақсаттар  



жүзеге  асырылу  керек:  

1. Сыни ойлауды дамыту.

2. Математикалық  іс-əрекеттің  сипатына  сай ойлауды  қалыптастыру.

3. Қоғамдық  өмір  практикасына  қажетті  математикалық  ойлауды  қалыптастыру.

4. Математикалық  білімді  игеру  мақсатында  практикада  қолдану.

5. Болмысты, табиғат  пен   қоғамды  тануға  қажет математикалық  мазмұндай  білу.

6. Алдына  қойылған  сұрауға  немесе  есепті  шығаруға  оптимальды (жылдам, сенімді

жəне  дұрыс)   жауап  беруге  дағдылану, ұмтылу.

Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделінің  бағдарламасында  оқу  мақсаттарын

бағалау кезінде тексерілетін дағдының бірі – сыни ойлау. Сыни   ойлау  жеке бір біліктілік 

емес, ол əртүрлі біліктіліктердің үйлесуі: сұрақ қою біліктілігі, талдау жасай білуі, берілген 

ақпарат  бойынша  қорытынды  жасай  білуі,  болжамдай  білуі.  Сыни  ойлау – сынау  емес, 

шындалған  ойлау.  Оқушының  бұл  жұмысты  дұрыс  үйымдастырған  жағдайда  өз  даму 

деңгейіне сəйкес ойы шындалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.  

Оқушылардың  сыни  ойлау  біліктілігін  жетілдіру  үшін  математика  сабақтарында 

логикалық  есептерді,  тапқырлыққа  арналған  есептерді  шығару  қажет.  Логикалық  есептер 

əртүрлі тəсілдермен шығарылады. Мұндай тəсілдерге Дирихле принципі, инварианттар тəсілі, 

теңдеулерді бүтін сандарда шешу жəне тағы басқалары жатады.  

666


Екі немесе одан да көп шектеулі жиындар бар жəне олардың арасындағы өзара бірмəнді 

сəйкестік  қарастырылатын  логикалық  есептерді  шығару  үшін  əртүрлі  кестелер  мен 

сұлбалардың көмегі  өте зор.  

Логикалық есептер шығарудың бірнеше тəсілдеріне тоқталайық. Кесте көмегімен 

шығарылған есеп: 

1Бір қалада аяқ киім дүкені - əр дүйсенбі, шаруашылық дүкені – əр сейсенбі, азық-түлік

дүкені – əр  бейсенбі  күндері  жұмыс  істемейді,  ал  парфюмерия    дүкені  тек  қана  дүйсенбі, 

сəрсенбі, жұма күндері істейді. Жексенбі күні барлық дүкендер жабық. Бір күні төрт құрбы 

Анар, Інкəр, Қамила мен Жанна əрқайсысы өзінің дүкеніне жəне жалғыз ғана дүкенге барды. 

Жолда олар мынадай пікірлермен алмасты: 

Анар:  Біз  Жанна  екеуіміз  осы  аптада  ертерек  барайын  деп  едік,  бірақ  екеуіміз  де  баратын 

дүкендер бір күнде істемеді. 

Інкəр: Мен  бүгін барғым келген жоқ, бірақ ертең мен өзіме қажетті нəрсені ала алмаймын. 

Камила: Маған дүкенге кеше жəне оның арғы күні баруға болар еді.  

Жанна: Ал маған кеше жəне ертең баруға мүмкіндіктер болған. 

Кімге қандай дүкенге бару керек? 

Шешуі: 

Күндер \ дүкендер 



Аяқ киім 

Шаруашылық 

Азық-түлік 

Парфюмерия 

Дүйсенбі

-

+



+

+

Сейсенбі



+

-

+



-

Сəрсенбі


+

+

+



+

Бейсенбі


+

+

-



-

Жұма


+

+

+



+

Сенбі


+

+

+



-

Жексенбі


-

-

-



-

          Осыдан  барлық  дүкендер  сəрсенбі,  жұма  күндері  істейтіні  анықталады.  Сондықтан 

құрбылар  дүкенге  не  сəрсенбі,  не  жұма  күні  баратынын  анықтадық.  Бұл  жұма  күні  емес, 

өйткені  Анар  мен  Жаннаға  сəрсенбі  күні  баруға  мүмкіндік  болған,  сондықтан  ол  сəрсенбі. 

Інкəр  сəрсенбі  күні  бара  алмаса,  бейсенбі  күні  өзіне  керегін  ала  алмайды,  онда  ол  не 

парфюмерия,  не  азық-түлік  дүкеніне  барды.  Камила  өзінің  дүкенінен  кеше  жəне  арғы  күні 

баратын  мүмкіндіктері  болды.  Сондықтан  ол  азық-түлік  дүкенінен  барды,  ал  Інкəр - 

парфюмерия. Жанна ертең жəне кешегі күні баратын мүмкіндіктері болды. Онда ол аяқ киім 

дүкеніне барды. 

Құрбылар / дүкендер 

Аяқ киім 

Шаруашылық 

Азық-түлік 

Парфюмерия 

Анар

-

+



-

-

Жанна



+

-

-



-

Камила


-

-

+



-

Інкəр


-

-

-



+

Жауабы:  Анар – шаруашылық,  Жанна – аяқ  киім,  Камила – азық-түлік,  Інкəр  –

парфюмерия дүкендеріне барды. 

2. Түнде жанұя  көпірге  келген. Көпірді əкесі - 1 минутта, анасы – 2 минутта, баласы –

5 минутта, ал əжесі – 10 минутта өтеді. Егер оларда бір ғана қолшам болса жəне көпір екі кісіні 

ғана көтерсе, онда 17 минутта олар көпірді қалай өтеді? (Егер екеуі өтсе, онда олар екеуінің 

жылдамдықтарының  кішісімен  өтеді.  Көпірді  қолшамсыз  өтуге  болмайды.  Алыстан  жарық 

түсіруге болмайды. Бір-бірін қолда алып жүруге болмайды.) 

Шешуі: 

667


Бірінші əкесі мен анасы өтеді. (2 минут) Əкесі қолшаммен қайтады. (1 минут) Содан 

кейін əжесі мен баласы өтеді. (10 минут) Анасы қайтады. (2 минут) Соңғы ретте анасы мен 

əкесі өтеді. (2 минут) 

Сонымен, 2+1+10+2+2=17 минут. 

3. Алты оқушы: Амрин, Ғабдуллин, Серіков, Ташенов, Қалиев жəне Хамзин мектепішілік

математикалық олимпиадасына қатысты. Есепті екеуі шығарды. «Кім есепті шығарды?» деген 

сұраққа олимпиада қатысушылары былай жауап берді:  

Амрин жəне Серіков 

Ғабдуллин жəне Хамзин 

Хамзин жəне Амрин 

Ғабдуллин жəне Қалиев 

Ташенов жəне Амрин. 

Осы  жауаптардың  төртеуінде  бір  жеңімпаз  дұрыс  айтылған,  ал  бір  жауапта  екеуі  де 

қате. Есепті кім шығарды? 

Шешуі: 

Екінші жауапта екі оқушы да есепті шығарған жоқ десек, онда Ғабдуллин мен Хамзин 



мекетпішілік олимпиадада есепті шығарған жоқ. Есептің шарты бойынша қалған жауаптарда 

бір ғана жеңімпаз дұрыс анықталған болса, онда мынадай қорытындыға келеміз: есепті Амрин 

мен  Қалиев  шығарды.  Ал 1,3,4 жəне 5-ші  жауаптарда  екі  оқушы  да  қате  жазылған  болжам 

есептің шартына қарама-қайшы келеді. Мысалы, бірінші жауапта екі оқушы қате жазылған 

болса,  яғни  Амрин  жəне  Серіков  есепті  шығармаса,  онда  есепті  Хамзин  мен  Ташенов 

шығарды. Онда төртінші жауапта екі оқушы дұрыс жазылмаған. 

Жауабы: Амрин мен Қалиев есепті шығарды. 

           Əр  мұғалімнің  мақсаты – оқушының  білім    деңгейін    көтеру,  сабаққа  деген 

қызығушылығын  арттыру,  математикалық  сауаттылығын  жетілдіру.  Осы    мақсатты    іске  

асыру  барысындағы   міндет - тақырыпты  игерумен  қатар, кең  ауқымды есептерді  шешуді 

зерттеу, оқушылардың сыни ойлау  қабілеттерін  машықтыру.    

Оқушылардың сыни жəне логикалық ойлау қабілеттерін  жақсартудың    бір жолы - 

қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу. Математиканың сан алуан сырын, сандар əлемінің 

қызық құбылысын, ойлау  элементтерімен өрнектеген зерттеу жұмысы қызықты, əрі ұтымды. 

Зерттеу  барысында  жүргізілетін  жұмыстар  қарапайымнан  басталып,  біртіндеп  қиындап, 

танымдық  қызметін  белсендіруге  назар  аударылады.  Осы  есептердің  ішіндегі  логикалық 

есептердің атқаратын ролі маңызды. 

Сондықтан,  сыни  ойлау,  логикалық  ойлаудың  басты  компоненті  жəне  оқушылардың 

оқу мақсаттарына жетуін бағалауда негізгі дағдылардың бірі болып саналады.  

Əдебиеттер тізімі 

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды

бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы, Астана, 2012. 

2. Спивак А.В. Тысяча и одна задача по математике.М.: Просвещение, 2010.

3. Гусев В.А., Комбаров А.П. Математическая разминка, М.: Просвещение, 2005.

668


ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУДЫҢ ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ 

Жакупова Р. З. 

Өлеңді орта мектебі 

 Наурызым ауданы, Қостанай облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

География сабағында мақаланың авторы деңгейлеп – саралап дамыта оқытудың негізігі 

түсініктерін ашып көрсетеді. Деңгейлеп саралап дамыта оқытудың өзекті мəселелерін 

шешуде, өз тəжірибесінен бірнеше əдіс-тəсілдерді пайдаланғаны туралы нақты мысалдар 

келтіреді. 

Аннотация 

Автор статьи раскрывает такие понятия как дифференцированный подход в обучении 

на уроках географии. Приводит доказательства из собственного опыта и некоторые формы и 

методы, которые очень актуальны в практике развития дифференцированного подхода в 

обучении. 

Abstract

The author reveals such thing as a differentiated approach to learning in geography lessons. 

Results evidence from my own experience and some forms and methods, which are very relevant in 

practice the development of a differentiated approach to learning.



   «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен 

 байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа  

білім беру өте қажет»

Н.Ə.Назарбаев. 

Қазіргі  таңда  білім  берудің  əлеуметтік  құрылымы  маңызды  элементтердің  біріне 

айналып  отыр.  Дүниежүзінде  білімнің  рөлі  артып,  əр  елдің  өзіндік  білім  беру  жүйесі 

тағайындалған.бірақ,  ол  əлем  халықтарының  білім  беру  дегі  тəжірибесімен,  бағыт-

бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім 

беру  саласында  қамтылуы  маңызды  іс-шара  болып  табылады.  Осы  орайда  білім  беруді 

дамыту  тұжырымдамасы  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамытудағы 

маңызды құжат екендігі сөзсіз. 

Білім беру жүйесінің басты-міндеті ұлттық жəне адамзаттық құндылықтар,ғылым мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  жəне  кəсіби 

шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 

технологиясын енгізу , білім беруді ақпараттандыру 

Ұлы  ағартушы  А.Байтұрсынов  «Бала  оқытуды  жақсы  білейін  деген  адам  əуелі 

балаларға  үйрететін  нəрселерін  өзі  жақсы  білу  керек»,  деген  тұжырымында  «Шығармашыл 

мұғалім  шығармашыл  шəкірт  дайындайды»  деген  ой  айқын  көрінетін  бүгінгі  біліктілікті 

көтеру курстарында көптеген жаңалықтар болып жатыр. 

Білім  берудегі  Кембридж  тəсілінің  теориялық  негіздеріне  сүйенсек,  оқушылардың 

ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек 

көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  жəне  достарынан  алған  білімдерінен  өзара  əрекеттесу 

жағдайында жүзеге асатынына толықтай келісемін. Егер үйренгенімізді ұтымды пайдалансақ 

669


оқушы  сабаққа  қуана  келеді  деген  ойдамын.  Мұғалім  үшін  кеше  оқушының  бойында 

байқамаған қабілетті бүгін байқады делік,ал ертең осы оқушыны мүмкін басқа бір қырынаң 

таныйтын сəт пайда болса, мақсатына жеткені деген сенімдемін. 

 «Оқушы  тек  білім  алушы  ғана  ма?»  деген  сұрақ  туындайды.  Оқушы – ізденуші, 

зерттеуші басқарушы, ұйымдастырушы, кеңесші, үйлестіруші дербес тұлға негізінде  

білім  жүйесіндегі  болып  жатқан  жаңалықтар  мақсаты  оқытуда  алғашқы  кезекке  оқушыны 

білім  мен  қаруландыру  емес,  проблеманы  шеше  білуге  үйретуге  негізделген  деп 

ойлаймын.Қазіргі таңда Қазақстан мұғалімдеріне білім жүйесіндегі жаңалық, ол – Кембридж 

бағдарламасын  Қазақстанның  білім  жүйесіне  енгізу.  Сол  мақсатта  қазір  мұғалімдер 

біліктіліктерін 

арттыруда. 

Менің 


педагогикалық 

өтілімімде 

осы 

курсты 


оқып,талдап,тапсырып,куəлігін  қолыма  алып,  қазір  оқушыларыма  эксперименталды  түрде 

қолданудамын.  Пайдасы  өте  зор,бұл  қызығушылықты  оятатын , оқу  пəні  мен  топтық 

жұмысты  ұштастыратын,  оқушының  толық  ашылуына  мүмкіндік  беретін,  оқушыны  əр 

қырынан  таныйтын  ұлы  жобаның  басталу  сəті.  Егер  жоба  сəтті  бастау  алып,аяқталса 

Қазақстанның болашағына еш күмəнім жоқ. 

Бағдарлама  оқу  сапасын  жақсартады,  оған  дəлел  болатын  əр  мұғалімнің  басынан  өтті 

деген  сенімдемін,  үндемейтін  жəне  қызығушылығы  жоқ  баланың  қазіргі  сабақтарда  өзің 

көрсетіп, тобын қорғап, белсенділігі артқаны. 

Жаңа заманның білім жүйесіндегі жаңалықтары: 

Мектептердегі жаңа технологиялар: Интерактивті тақта, флипчартпен жұмыс. 

Топтық  жұмысқа  негізделген,  Кембридж  бағдарламасы  бойынша  жұмыс  түрлері:топпен 

жұмыс жасау,көшбасшының алдыға суырылып шығуы жəне т.б. 

Қазіргі  таңда  интерактивті  тақтасыз  да  білім  жүйесінде  жаңалықтар  жасауға  болады, 

мəселен,  топпен  жұмыс  барысында  ортақ  ойларын  ватманға  сызып,  жазып,  қабырғаға  іліп 

қою.  Міне,  бұл  да  жаңалыққа  жатпай  ма?  Оқушылардың  танымдық  құзырлылығын 

дамытуды  арнайы  ұйымдастыру-оқу  процесін  ойдағыдай  ұйымдастырудын  негізгі  шарты 

болып  табылады.  Оны  жүзеге  асыру  үшін  оқушылардың  танымдық  белсенділігі  мен 

ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудын тəсілдерін, 

əдістері  мен  нысандарын  іздестіруге  өзекті  сипат  беру  қажет.  Оқыту  барысында  баланың 

ізденімпаздығы сəбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі. 

Н.Г.  Чернышевский  енбектерінде  оқу  процесінде  оқушылардың  танымдық 

құзырлылығына  арқа  сүйеудің  маңыздылығы  туралы  көптеген  пікірлер  айтылады.  Егер 

біздің балаларымыз шын мəнінде білімді адам болғысы келсе, өзбетінше ізденіп оқу арқылы 

білім алуға тиіс. Қазіргі заманға оқу процесінде танымдық ізденімпаздық оқушының білімің 

көтеру  мақсатында  жүргізіледі. «Біз  танымдық  белсенділікті  шəкірттің  ақыл-ой  жəне  дене 

қуатын  жай  ғана  жұмылдыруына  жатқызбаймыз,  қайта  оны  жеке  тұлға  əрекетінің  сапасы 

ретінде қарастырамыз, бұл сапа шəкіртің əрекет мазмұны мен процесіне көзқарасына оның 

білімді  жəне  іс-əрекет  тəсілдерін  оңтайлы  қысқа  мерзімде,  тиімді  игеруге  ұмтылуында, 

мінез-құлық, ерік-жігерін оқу танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады. 

Қазіргі  қоғамымызда  болып  жатқан  түбірлі  өзгерістерге  байланысты  əрбір  мұғалім 

оқытудың  сан  қилы  əдістері  мен  формаларын  білуі  қажет.  Сабақ  барысында  щəкірттін 

білімге  құштарлығын  арттыру,  өздігінен  ойлау  қабілетін  жандандыру,  еңбек  етуге  баулу, 

жауапкершілік  сезімін  қалыптастыру  мұғалімнің  басты  талабы.  Жаңа  талаптарға  сай 

көптеген  оқыту  технологиялары  бар.  Солардың  бірі – профессор  Ж.Караевтың  деңгейлеп 

саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына , пəнге деген 

қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Əрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар 

– дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  өйткені  ол  оқушының

670


ойлауын,елестету  мен  еске  сақтауын,  белсенділігін,  дағдысын,білім  сапасын    қамтамасыз 

етеді.Еліміздің,  қоғамның  экономикалық  саяси  мəдени  дамуына  үлес  қосатын  əлемдік 

өркениетке көтерілетін білімді де мəдениетті, парасатты азамат тəрбиелеп шығару ұстаздар 

қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті. 

XXI  ғасырдың  жан-жақты  зерделі,  дарынды,  талантты  адам  қалыптастыру 

бағытындағы  білім  беру  ісі – бүгінгі  күн  талабы.  Бұл  талапқа  жету  жолы – білім  берудің 

тиімді  жолдарын  тандай  білу.  Сондай  жолдардын  бірі – деңгейлік  оқытудың  география 

сабағындағы  тиімділігі.  Оны  меңгеру  мұғалімнің  өзін-өзі  дамытып,  оқу-  тəрбие  үрдісің 

ұйымдастыруына  көмектеседі.  Оқытудың  жаңа  технологияларын  алдымен  жете  меңгеріп, 

одан  соң  оқу  мазмұнына,  оқушылардың  жас  жəне  психологиялық  ерекшеліктеріне  қарай 

тандап  пайдаланудын  маңызы  зор.  Осы  технологияны  колдану  негізінде  əрбір  бала 

бойындағы  дара  қабілет  анықталады,  əр  оқушы  əр  сабақ  кезінде  жаңа  білім  қосып  қана 

қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады. 

Деңгейлі  тапсырмаларды  еңгізгендегі  басты  мақсат – сынып  оқушыларын  «қабілетті» 

жəне  «қабілетсіз»  деп  жасанды  түрде  əртүрлі  топтарға  болуды  болдырмау.  Осы  арқылы 

деңгейлік  жəне  дербес  оқыту  принциптерімен  қатар,  барлық  оқушыға  қатысты  ізгілендіру 

принципі де сақталады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың əртүрлі білім дəрежесіне сай 

ұсынылады.  Деңгейлік  тапсырмаларды  орындағанда  мұғалім – бақылаушы,  кеңесші. 

Деңгейлік  тапсырмаларды  қолдануда  оқушылардың  ақыл-ой  еңбегін  жетілдіру  талабы 

қойылады.Оқушыларға  деңгейлік  тапсырмалар  оны  орындау  əдістемелік  кешенімен 

ұсынылады. 

Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік жəне қосымша шығармашылық деңгей 

талаптарынан тұрады. 

 1-деңгей: міндетті;оқушылық 

 2-деңгей: алгоритмдік; 

 3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру; 

 4-деңгей: шығармашылық-өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру. 

1-деңгейдегі тапсырмаларға : 

1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;

2) Алдыңғы  сабақта  жанадан  меңгерілген  білімнің  өңін  өзгертпей  қайталап,пысықтауына

мүмкіндік беру тиіс; 

3) Тапсырмалар  жаңа  тақырып  үшін  тиімді  жəне  өмірмен  байланысты  болу  керек.Мұндай

тапсырмаларды  құрастырған  кезде  олардың  танымдылығы  мен  қызығушылық  жақтарына 

көңіл аударған жөн.          

2-деңгейлі тапсырмаларға

1) Өтіп кеткен материалды реттеуге жəне жүйелеуге берілген тапсырмалар;

2)

Оқушылардың



ойлау 

қабілетін 

жетілдіруге 

берілетін 

тапсырмалар.Бұлар:ребустар,сөзжұмбақтар

3-деңгейлік тапсырмаларға

1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып

бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым  білімділігін  жетілдіріп,тереңдетумен  қатар , ол 

тағыда  жаңа  білімді  меңгеріп , өзі  үшін  жаңалық  ашуы  тиіс.  Эврика!  Мұндай  жұмыс-

анализбен  синтез  жəне  салыстыру  арқылы  негізгісін  анықтау,  қорытындылау  сияқты  ой-

жұмыстарын қажет етеді. 

2) Əртүрлі əдіс-тəсілдермен шешілетін тапсырмалар.

3) Өздігімен  мысалдар  мен  тапсырмалар  құрастыру  жəне  оны  өздігінен  шығару,  өмірден

алынған  мəліметтер  диаграмма,  графиктер  салу,  жергілікті  жағдайда  өлшеу  жұмыстарын 

671


жүргізу,  көрнекі  құралдар  дайындауға  берілетін  тапсырмалар,  ой  қорытуға  арналған,дағды 

қалыптастыратын тапсырмалар. 



4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары

1) Оқушылардың жинаған өмірлік тəжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы

мен белсенді ой еңбегінің нəтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде 

олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген(заңдылықтарды 

оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қортып шығару). 

2) Олимпиада тапсырмаларын орындау;

3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат,ғылыми жобалар қорғау.

4) Деңгейлеп оқыту əр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай

жасауға мүмкіндік береді. 

5) Деңгейлеп оқыту əртүрлі категория балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік

береді. 

6) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады:

ең  төменгі  деңгей  (базалық,бағдарламалық,күрделенген  деңгей  сондықтан  əрбір  оқушы 

меңгеруі тиіс). 

Деңгейлеп  оқыту  технологиясы  тиімді  нəтижелі  болу  үшін:  а)  Жеке  тұлға 

ерекешеліктеріне,  б)  психологиялық  даму  ерекшеліктеріне,  в)  пəн  бойынша  білімді  игеру 

деңгейіне көңіл бөліп отырамын. 

Сабақ  өткізу  формаларын  жəне  түсіндіру  əдістеріні  жаңа  тəсілдерін  күнделікті  сабаққа 

қолдануға тырысамын.Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін: 

1) сабақтың мазмұны ,

2) сабақты өткізудегі тəсілдері мен əдістерін таңдау,

3) сабақтың нəтижелігі.

Жалпы,  менің  оқытудағы  өз  проблемам  оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  жасауға 

тəрбиелеу, үйрету шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма 

жүйесі  дамыта  оқыту  жүйесін  іске  асырады,өйткені  ол  оқушының  ойлауын,  елестету  мен 

есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан 

көбінесе  сабақтың  мазмұнына,сабақты  өткізудің  əдіс-тəсілдеріне  жəне  нəтижесіне  басты 

көніл бөлемін. Белгілі бір тақырыпты немесе тарауды жалпылауда,қайталауда немесе тоқсан, 

оқу  жылының  сонында  оқушылардың  қорытынды  білімін  тексергенде  деңгейлі 

тапсырмаларды қолдану өте ұтымды. 

Себебі  мен өз тəжиребемде оқушылардың əр тарауды, тақырыпты қанша  меңгергенін 

білім  деңгейіне  байланысты  өздік  білімділігін  қалыптастыру  үшін  құрастырылған 

тапсырмалар  арқылы  тексеремін.  Сабақтың  басында  оқушыларды  тестік  тапсырма 

орындалуы  бойынша  білім  деңгейлерге  бөліп  аламын.  Тестік  тапсырмалардың  нəтижесін 

компьютер  тексеріп,бағалайды.  Бұл  мұғалім  мен  оқушылардың  уақытың  үнемдеуге 

мүмкіндік береді. 

Оқушылардың  теориялық  жəне  практикалық  білімдерін  ұштастыру,  алған  білімдерін 

тиянақты  болуын  қадағалау  үшін  ой-өрісін  дамыту  қажет  сондықтан  сабақтарда 

оқушылардың  ынтасын,  белсенділігін  арттыру  үшін,  оларға  мəселелік  сұрақта  қойылып 

отырады  тақырыпты  тиянақты  меңгертуде  жан-жақты  ойлауды  дамытатын  олимпиадалық 

жəне  шығармашылық  тапсырмалар  орындау керек.  Логикалық  тапсырмалар,  сыныптан  тыс 

жұмыстар арқылы өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға 

қалыптастыруға  болады.  Осылай  құрастырылған  деңгейлік  тапсырмалар  жүйесі  дамыта 

оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

672


Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дəрежесін, ынтасын,ақыл-ой, 

еңбек  дағдысын,  өз  жұмысына  деген  жауапкершілігін  ескеру  қажет.  Деңгейлік 

тапсырмаларды қандай дəрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады. 

Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұ əдістің 

тағы  бір  тиімді  жағы – оқушы  өзінің  білім  деңгейін,  нені  оқыту  керектігін  анықтап,  өзінің 

ізденуіне  болады.  Өйткені  ол  білім  сапасының  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Білім  сапасы 

білім,біліктілік, дағды жəне тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. 

Сабақта  оқушыларға  өз  ойларын  талдауға,  айтуға,  қорытындылауға  көп  көңіл  бөлу 

қажет.  Сабақ  барысында  өздігінен  еңбектенуге , шығармашылықпен  ізденуге , қорытынды 

жасауға  машықтанады.  Тапсырманы  орындау  барысында  жіберілген  қателер  мен 

кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Мұғалім білімі нашарларға 

көмек  беріп,қабілеттілермен  жұмыс  ұйымдастырып  отыру  арқылы  география  пəнін  оқуға 

деген  қызығушылығын,  белсенділігін  арттырады.Тақырыпты  толық  менгере  алмаған 

оқушылармен қосымша сабақтар,сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек. 

Оқушылардың  танымпаздық  ізденімпаздығын  қалыптастыру  барысында  мынадай 

жұмыстар жүргіздім. Əр тақырыпта өткенде əр түрлі ойын сабақтарын қолдандым.Сабақты 

түрлендіріп  өткізу  оқушылардың  қызығушылығын  арттырады  жəне  өткен  тақырыпты  есте 

сақтау қабілеті күшейеді, ен бастысы оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптасады. 

Кез  келген  шытырмандарды  құрастырып,оған  қойылатын  сұрақтарды  күрделендіріп 

құрастырсан, жауабын  оқушылар өздері табады.Материалдарды терең меңгерту мақсатында 

оқушыларға  оқулықтаң  басқа  да  қосымша  суреттер,  венн  диаграммасы,  сөзжұмбақтар, 

ребустар жəне тест əдістерін қолданамын. 

Əлсіз балалардын ойлау қабілетін арттыру барысында жұмбақтар шешуде біршама ой-

қабілетін дамытуға септігін тигізеді.  

Енді орташа буынды ІІ деңгейлі оқушылар үшін мынадай тəсілдерді  қолданған дұрыс. 

Шытырман  жолдарды  шешу  мынадай  тəсілдерді  қолданған  дұрыс.  Сөзжұмбақтар,сөздерді 

сəйкестендіру, сөздерді тауып жазу, кесте толтыру. 

Ал  ІІІ  деңгейлі  кез  келген  тақырыпты  игеріп  кететін  оқушыларға  күрделі  шешулер 

берсек олардың танымдық ізденімпаздығы артады оларға мынадай тапсырмалар беру керек. 

Шартты  белгілер  мен  жазылған  сөйлемдерді  оқы  да  жаз,сөздерді  тіркестіріп,  сөйлем 

құра,сөйлемдерді толықтырып жаз, ребустар шешу. 

Осылай үш деңгейлі оқушыларға үш түрлі əдіс-тəсілдер қолданса өз денгейінде оқиды, 

сабаққа ден қоя бастайды жəне танымдық ізденімпаздығы артады. Жоғарыда айтып өткен үш 

деңгейлі оқушылар деп бөлу себебі, бұл білім жүйесінің мəселелерінің бірі деп есептеймін. 

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі: 

 сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;



 білім көрсеткішінің нақты жəне сапалы болуы;

 оқушының өз білімін өзі бағалап , білім деңгейін дамыта алуы;



 оқушылардың оқуға ынтасы мен пəнге қызығушылығының артуы;

 оқущының іздену дағдысының , ұстамдылығының қалыптасуы;



 оқушы белсенділігінің оянуы ;

 алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы,қиындықтарды женуге ұмтылуы;



 оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;

 оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы.



Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі: 

 деңгейлеп-саралап  оқытуда білім игерудін үш деңгейнің қарастырылуы;



673

 оқушылардың сабақ үсітнде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;

 білім дəрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;



 оқушылардың жұмыстары əділ бағалануы;

 оқушымен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;



 дарынды  оқушыларды  анықтап,олармен  тұрақты  жəне  жүйелі  жұмыс  істеу

мүмкіндігінің орнауы ; 

 олимпиадалық,шығармашылық жұмыс жеңімпаздарынын саны артуы.



Қорытынды 

жасай 


отырып,деңгейлеп 

оқыту 


технологиясының 

негізгі 


ерекшелігін,ұтымдылығын,тиімділігін сабағымда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен 

көрсетуге болады: 

 жаңа  материалды  оқып-үйренуге  жəне  оқып  игеруге  деген  оқушылардың  пəнге



қызығушылығын тудырдым; 

 жаңа  білімнің  мазмұнын  жоспарлағанда  оқушыға  берілетін  тапсырма  оқушының



қабілетін ұштайтындай,ойын,қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім; 

 оқушы  өзін  жеңімпаз  ретінде  сезіне  алатындай  тапсырмаларды  əртүрлі  күрделілік



дəрежеде орындату арқылы оқушылардың  білімін саралауды ұйымдастырдым; 

 білімді дайын күінде бермей ,оқушының өз білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін



тапсырмаларды орындау арқылы жетуін ұйымдастырдым; 

 оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін  тудыратын,қабілеттерін  жан-жақты



дамытатын əр түрлі белсенді оқыту əдіс-тəсілдерді кеңінен қолдандым; 

 оқушылардың  білім  алу  нəтижелерін  жүйелі  талдап , бағалап  қорытынды  жасап



отырдым. 

Бүгінгі  күннің  ұстаздарына  қоғамымыздың  экономикалық,саяси,мəдени  дамуына  үлес 

қосатын əлемдік талапқа сай келетін білімді,мəдениетті азамат дайындап,тəрбиелеп шығару 

міндеті жүктеледі.Оқыту мен тəрбиелеудің жəңа технологияларын ізденіп əзірлену-ғалымдар 

мен тəжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет