Əдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары. –Алматы: РОНД, 2002, -360 бет.
2. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы, 2004, 28 бет.
3. Бағдарламалар. Қазақ тілі, 10-11 сыныптарға арналған. Алматы, 2007, 12 б.
4. Коменский Я.А. Мир чувственных вещей в картинках. –М.: Учпедгиз, 1957, -309 стр.
5. Балақаев М., Жанпейсов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –
Алматы: Мектеп, 1974.
6. Шебельников В. Психика-функциялық жүйе. –Алматы: Ана тілі, 1998. 248 бет.
7. Философский энциклопедический словарь. –М.: Советская янциклопедия, 1983, 839 стр.
693
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҚСАТЫ
Жапбарова Г.А.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты,
Абдимусаева К.А.
Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалады оқушылардың сөйлеу мəдениетін қалыптастыру мақсатында пəнаралық
байланыс, оның мазмұны қамтылады. Сөйлеу мəдениеті мен стилистика бөлінбейтін біртұтас
тəсіл ретінде қаралады.
Аннотация
В этой статье особенное внимание уделяется межпредметной связи в формировании
культуры речи. Культура речи и стилистика рассматривается как неразделимое целое.
Abstract
Inter subject communication, its contents, purposes in formation of the standard of speech of
pupils. In this article the special attention is paid to inter subject communication in formation of the
standard of speech. The standard of speech and stylistics are considered as the inseparable whole.
Ана тілін оқытудың бір мақсаты - білімді, сауатты өз ойын дұрыс əрі шебер жеткізе
білетін, мəдениетті жастарды даярлау. Жас жеткіншектерге тіліміздің байлығын, оның
көркемдігі мен өрнегін, ойды анық та айқын жеткізе білу тəсілдерін үйрету қазіргі заман талабы
болып отыр.
Мəселен «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарда»: «Қазақ тілі» пəнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық əлеуметтік
мəнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым қатынастық біліктілігі дамыған, сөз
мəдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» - деп
белгіленген [1].
Мектепте ана тілін оқыту бір-бірімен байланысты маңызды екі мəселені шешеді. Біріншісі,
баспасөзді, кітапты дұрыс оқи білуге жəне сөйлескен кісілерді тыңдай білуге даярлау. Елімізде
мыңдаған кітаптар мен газет-журналдар күнделікті басылып жатады. Сол жазба тіл арқылы
жазушы мен айтушының мақсатын дəл түсініп, терең меңгере бермейді. Мұндай кемшіліктерді
болдырмау үшін жастардың тілін дамыту, тіл мəдениетін жақсарту міндеті келіп шығады. Бұл
мəселелер тілдің стилистикасына байланысты қарастырылады.
Екіншісі, мектеп оқушыларын оқытуда ана тілін қатынасында дұрыс қолдана білетін, əр
сөзді орынды, нақты, тиімді пайдалана алатын, яғни тілдік қарым-қатынасқа тəрбиелеу міндеті.
Бұл мəселелер пəнаралық байланыс негізінде шешіледі.
Бұл тұрғыда қазір қазақ тілі пəнінің мазмұнындағы жаңа бағытқа стилистиканы оқыту,
оқушылардың ауызша жəне жазбаша тілін стилистикалық тұрғыдан дифференциалды дамыту
пəнаралық байланыс арқылы оқушының ойын, тілін дамыта оқытуға айрықша көңіл бөлініп
отыр. Сондықтан оқушыларға қазақ əдеби тілінің нормасы, стилистикасы жəне əдеби тілдің
стильдері туралы терең білім беру, пəнаралық негізде стилистикалық ұғымдарды игерту,
олардың тілін дамыту мен тіл мəдениетін арттырудағы ең маңызды мəселелердің бірі болмақ.
694
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы оқушының лингвистикалық дүниетанымының
қалыптасуна, əрі олардың тəжірибелік іскерлік дағдыларының қоры ретінде қызмет етуге негіз
қалайды. Мұның қайқайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-
қатынастық дағдыларын жетілдіруге, яғни сөйлесім əрекетінің түрлеріне қатысты дағдыларын
қалыптастыруға əсерін тигізеді. Сол себепті «қазақ тілінің» жаңа білім мазмұнын меңгертудің
функционалдық-семантикалық жəне қатысымдық əрекеттік аспектілерін күшейтудің қажеттілігі
арта түседі. Бұл талаптарды орындау мектепте оқытылатын пəндерді өзара байланыстыра
оқытумен байланысты шешілмек.
Пəндерді бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушыларға жүйелі білім берудің тиімді
тəсілдерінің бірі болып саналады. Өйткені көптеген ғылымның жалпы табиғатында, шығу
тегінде туыстық бар. Мəселен, тіл мен əдебиет ғылымдарының төркіні - ортақ. Ол - тіл.
Дегенмен бұл екі ғылымның эстетикалық əсері, құрылымы, жасалу жүйесі сияқты бір-біріне
ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар. Көркем шығарма адамның психологиялық болмыс,
бітімін бейнелейді, азаматтық рухты, халықтық қасиеттерді, уақыт тынысын, заман сипатын
өрнектейді. Əдеби туындының сол қасиетін жақсы түсініп, одан рухани нəр алуы үшін оқушы
тілдің, оның түрін заңдылықтарын жете игеруге тиіс.
Демек, оқушының əдеби шығармалардың табиғатын терең, жан-жақты түсініп, одан
рухани-эстетикалық əсер алуы мен танымының артуына тіл ғылымының тигізер көмегі аз емес.
Сондықтан мұғалім оқушылардың қазақ тілінен оқыған сөз жəне оның лексикалық мағынасы,
тура, ауыспалы мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним, диалект, кəсіби, архаизм,
неологизм, термин сөздер, фразеологиялық тіркестер, т.б. мəліметтерді көркем мəтінмен
байланыстыра оқытады. Себебі əдебиет сабағында көркем шығарманың идеялық мазмұнымен
қоса оқушылардың сөз байлығын молайту, оларды сөздің мағынасын айыра білуге, оны орынды
қолдануға, сол арқылы ойын жүйелі жеткізуге үйрету мақсаты көзделеді. Демек, сөзді, оның
түпкі мағынасын оқушы қаншалық терең ұғынса, көркем шығарманы да соншалық жете
түсінеді. Сол арқылы ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға жаттығады.
Ал бұл бөлімнің негізгі қазақ тілінің стилистикалық ұғымдары меңгерумен байланысты.
Мəселен, білім беру стандартында: «Негізгі сатыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңының қағидаларына сəйкес жалпы білім беретін мектептің жаңа жүйесін негіздеуде қазақ тіл
білімінің салалары бойынша ғылыми - теориялық білім беріледі. Мұнда негізінен тілдік білім
арқылы оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру көзделеді. Мəтіндер арқылы
танымы кеңейтіледі, тілі дамыталады. Сонымен қатар, олардың тіл мəдениетін игеруіне көңіл
бөлінеді. Мектептің негізгі сатысында оқытылатын «қазақ тілі» пəнінде тілдің танымдық
сипаттары мен қатысымдық эстетикалық қызметтері өзара бірлікте танытылады [2,9]. Өйткені
мектепте, əрбір сыныпта əр түрлі ғылым негіздері туралы білім беріледі. Мысалы: 9-сыныпта
тарих, əдебиет, биология, география, физика т.б.
Бұл мақсатты оқу бағдарламасында: «Қазақ тілі сабағындағы пəнаралық байланыс арқылы
қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру» - деген талап
қойылған [3,4]. Бұл пікірлердің мəні белгілі сынып оқушыларының танымын, ойын, тілін
дамыту арқылы өзіндік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Ол туралы Я.АКоменский:
«Все, что находится во взаимной, должно преподаваться в такой же связи», - деген болатын [4].
Бұл пікірлерге қарағанда, оқытуда оқушылардың ойын, тілін пəнаралық негізде дамыту
қазақ тілі стилистикасын білім мен дағды беру айрықша мəнге ие болсын. Өйткені «Стилистика
əдеби тілдер жүйесін талдап, тілдік құралдарды қолдану Заңдылығын түсіндіретін
лингвистикалық пəн» деп анықталады [5].
«Стиль» ұғымы бірнеше мəнде қолданылады. Ал тілге қатысты стиль белгілі тілдегі
лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық т.б. тəсілдердің
695
қолданылуы ұстанымдары жəне стилистика тілдік құралдарды қолдану заңдылықтарын, сөз, сөз
тіркесі, сөйлемді экспрессивті - эмоционалды тұрғыдан пайдалану түрғысын зерттейді. Ал тілдік
құралдар - сөйлеу жүйесін түзеді. Демек, стилистикалық білім, икемділік, дағдылар
оқушылардың сөйлеу əрекетін тілдің функциональдық қызметіне орай құрастыруды
қалыптастырады. Ал функционалды стиль түрлері əдеби тіл стильдері бойынша мəтін бойынша
анықталады. Мысалы, ғылыми сөйлеу - ғылыми мəтін бойынша, ресми сөйлеу - іскери
құжаттары мəтін бойынша, суреттеу, сипаттау - көркем мəтін ретінде анықталады. Сондықтан
мəтін ұғымын, оның құрылымы мен стилистикалық ерекшеліктерін игеру басқа пəндермен
байланыс негізінде де жүргізіледі. Сондық біз зерттеуімізді сөйлеуіміздің нəтижесі болып
табылатын мəтіннің стилистикалық ерекшеліктерін игерту, стилистикалық ұғымдар туралы
түсінігін пəнаралық негізде ұйымдастыруды мақсат еттік.
Бірақ бұл пəнаралық байланыс оқытуда өз дəрежесінде дами алмай келеді. Мəселен, осы
кезге дейін қазақ əдебиеті мен қазақ тілі пəндерін байланыстыра оқытудың əдістемесі бір жүйеге
түскен жоқ. Сондықтан мұғалімдер қазақ əдебиеті мен тілін байланыстыра оқыту ісін тек өз
тəжірибелеріне: ғана сүйеніп жүр. Ал тарих, география, биология т.б. пəндермен қазақ тілін
пəнаралық негізде оқыту мəселесі қолға алынған жоқ.
Тұжырымдағанда, қазақ тілі пəнін оқытуда негізінен теориялық мəселеге, яғни
лингвистикалық білім беруге айрықша назар аударылады да, ал тілдік құралдардың қолданылуы,
яғни тілдің функционалды қатысымдық қызметіне тəжірибелік түрде игеру кенжелеп қалды.
Нақтылағанда, сөйлеу əрекетінен гөрі, тіл біліміне көңіл бөлінді. Ал оны мəтін дəрежесінде,
тілдің функционалды стильдер жүйесіндегі мəтін түрлері бойынша оқушылардың тілін
дамытуға назар аударылмады.
Бүгінгі күнгі ғылымдағы жəне тəжірибедегі əлеуметтік жəне гносеологиялық өзгерістер
дидактиканың əдістемелік негіздерін түсінуді тереңдетеді. Олар оқулық танымдықты
жалпыламалаудың жəне əлеуметтендірудің жоғарғы деңгейіне бағытталғын. қисынды -
əдістемелік дидактикалық тұжырымдаманы құрудың қажеттілігін туындатады. Интеграция жəне
бүтіндіктің идеялары дидактикалық зерттеулерде оқытудың бөлек бір үдерісінде жəне
құбылыстарында білімнің кең жинақталуының арқасында ойдағыдай дамиды, сонымен қатар
олардың өзара байланысы орнатылған жəне бұл арқылы оларды теориялық жалпылауға,
педагогикалық қызмет нысандарын кешенді жəне жүйелі оқып-үйренуге алдын ала жағдай
жасалады.
Пəнаралық байланыстар оқытуда гносеологиялық ұстанымының (принципінің)
жүйелілігінің дидактикалық формасы ретінде қарастырылады. Олар оқу үдерісінде бүгінгі күнгі
əдістемелік негіздерінің қажетті жəне мəнді буыны болып саналады жəне оған жүйе құру
бастамасы ендіріледі. Əрбір тақырып бойынша «пəнаралық байланыстар» арнаулы бөлім
қосатын пəндік оқытудың жəне бүгінгі күнгі бағдарламалардың негізінде олар тек қана
білімдерді интеграциялай жалпыламалап қоймайды, сонымен қатар оларды дифференциялайды,
нақтылайды, қандай да бір болмасын нысандарды оқыпүйренуде жалпыны, ерекшені жəне
бірлікті қоса отырып пəндердің өзара көпжақты байланысы əдістемелік санаттар тұрғысынан
жалпыланған оқушылардың нақты білімдерін қалыптастырады, оларсыз ғылымдар негізін
жүйелік игеруге болмайтын гносеологиялық мəселелерді ашады. Пəнді шын мəнінде білу
олардың əрбір жағын, барлық байланьтстарын толығымен игеруде мүмкін болмақ. Өйткені зат
пен құбылыстардың көп түрлі қатынастарының барлық жиынтығын қарастыру арқылы жүреді.
Пəнаралық байланыстардың оқу-танымдық əдістемелік қызметі əртүрлі оқулық пəндермен
оқып-үйренілетін үдерістер мен құбылыстардың бірлігін жəне көп түрлілігін қамтамасыз етуде
болады. Бұл бірлік алдымен ғылыми фактілердің байланыстарымен деңгейінде бекітіледі.
696
Мұғалімдердің пəнаралық байланыстарды тереңдету үдерісінде əрі қарай синтездеу білімге
салыстырмалы аяқталудың формасын хабарлайды.
Білім жалпы формада, заң тұлғасында, ұстанымымен айқындалады жəне жан-жақтылық
сипатта болады. Бірліктен жалпы формаға өтуіне бірлік туралы білімнің сипаттары көптүрлі
қамтылудан жəне шындықтың жаңа салаларын жалпылаудан өтеді жəне əртүрлі оқу
пəндеріндегі нысанның, құбылыстардын үдерістерінің қасиеттерінің арасында жаңа өзара
байланыстарды орнатады. Пəнаралық байланыстар бұл жағдайды синтетикалық танымдықтың
формасы ретінде орын алады. Əртүрлі оқу пəндерде оқып-үйренілетін білімдер ғылымға
толығымен тəн болатын ішкі аяқталуды, жалпылықты қабылдайды.
Пəнаралық байланыстар танымдық пəндік саласын кеңейтеді жəне танымдықтың арнаулы
жаңа нысаны ретінде олар білімнің бөлек бір элементтерінің арасындағы байланыстарды бөліп
шығарады жəне ғылыми білімді ұйымдастырудың синтездеудің əдісін анықтайды, сонымен
қатар материя қозғалысы формаларының жалпы өзара байланыстарын айқындайды.
Пəнаралық байланыстар оқу-танымдық жəне əдістемелік қызметті атқарады, себебі олар
оқу пəндерінің құрылымдық элементтерінің арасындағы қатынастардың жалпыланған
формасын сипаттайды жəне олардың дүниетанымдық қызметін қамтамасыз етеді. Пəнаралық
байланыстар оқулық танымдық жүйелік принципін іске асыруда өте мəнді құрал (В.В.Давыдов)
жəне оқулық танымдық-теориялық жалпыламауды жəне əртүрлі пəндердің оқулық
материалдарын білімнің дүниетанымдық кешеніне құрылымдайды.
Оқулық танымдықтағы білімді пəнаралық интеграциялаудың тетіктері ең алдымен
құрылымдық қалпына келтірілген бөлек бір пəндердің оқулық материалынан жалпыланған,
ғылымаралық идеяларды жəне танымдықтың əдістерін жəне олардың экстрапояциясын басқа
пəндік салалардың изоморфтық жүйесін асбтракциялауда болады (нысандар, процестер,
əрекеттер).
Пəнаралық байланыстар танымдық əдісінің диалектикалық мəнін құрайтын оқытудағы
қайшылықтарды мəнді жасайды. Пəнаралық байланыстардың көмегімен үдерістер мен
құбылыстардың жалпы өзара байланысын ашу, олардың қарама-қайшылықтардың бөлігінде
жəне таласында дамуы жаңа, жалпыланған танымдық мақсаттарды алға қоюды талап етеді.
Мұндай мақсаттар оқушылардың əртүрлі пəндерден білімді жалпылау шеберліктерін
дамытудың қажеттілігін, бірлікте жалпыны көруді жəне жалпының тұрғысынан ерекшені
бағалауды талап етеді. Бұл жағдайда оқыту үдерісінің жылжыту күші, оның негізін, жаңа
талаптарының жəне оқушылардың ақыл-ойдың дамуының деңгейінің арасында іске қосылады.
Сонымен, пəнаралық байланыстар оқушылардың бүгінгі күнгі оқу үдерісінің жəне
танымдық қызметінің дамуының өте мəнді факторы болады.
Оқыту үдерісінің түгелімен биігірек ғылыми деңгейге көтере отырып, пəнаралық
байланыстар мектеп оқушысының тұлғасына көпжақты əсер етеді, сонымен қатар оқу үдерісінің
білім беру, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтерінің бірыңғайлығын қамтамасыз етеді.
Мектеп оқушыларының көзқарасын қалыптастыру табиғи-ғылыми жəне гуманитарлық
пəндерді оқып-үйренуде ғылыми білімдердің жəне идеологияның бірыңғайлығын ашуда
философиялық жалпылаудың негізінде мүмкін болады. Ерекше мəнді ғылымның өнегелік
аспектілерін ашу, «адамқоғам-табиғат» өзара гуманитарлық-эстетикалық, қоғамдық-тарихи жəне
табиғи-ғылыми циклдар пəндерінің жалпы мақсатын құрастырады. Осыған орай жүйелік ойлау
шеберлігін, бүгінгі күнгі ғылыми танымдықтың əдісі ретінде дамыту ерекше мəнді болады.
Білімдерді кешенді пайдалану шеберлігін қалыптастыру, күрделі синтетикалық мақсаттарды
пəнаралық байланыстар негізінде шешудің тиімді жолдарын түзу, білімнің эклективтігін жəне
утилитаризмін болдырмайтын - мектеп оқушыларына сапалы білім берудің, оларды тəжірибелік
өзіндік қызметке дайындаудың негізгі өзегі, бұл тұрақты түрдегі өзіндік білім ашуды талап етеді.
697
Тұжырымдағанда, пəнаралық байланыста оқыту оқушылардың білімдерінің танымдық
жүйесінің қалыптасуына əкеледі.
Күрделі жүйелердің табиғатын түсіндіруге тырысқан ғалымдар, философтар жүйелерді
элементтердің ерекше ұйымдасуы, ретінде сипаттап, яғни жүйенің анықтамасында алдымен
оның элементтеріне немесе бөлшектеріне көңіл бөледі.
Ол туралы В.Шабельников: «Жүйені түсінудің оны бөлшектерге бөлуге болмайды» деген
түсініктер негізге алынады. Жəне біздің ойлауымызда жүйелер бейнесі бөлу арқылы
жасалынады.
Мəселен, стилистика бүтін нəрсе деп есептесек, тілдік құралдар оның бөлшегі, яғни тіл
бөлшек болып табылады. Демек, жалпы тіл стилистикалық ұғым, осы лексикалық,
граммматикалық, фонетикалық т.б. ұғымдар негізінде қалыптасады да қатысымдық сөйлеу
əрекетінде тілдік жүйе болып табылады.
И.В. Блоцберг, В.Н.Садовский жəне Э.Г.Юдтк жүйелерге берілген əр түрлі анықтамаларға
қысқаша мəлімет келтіреді, олардың ішінде жүйені оның элементтері арқылы жасауға болады
деген анықтамалар басым орын алады: «Шынында да əдебиеттерде жүйені» өзара əрекетте
болатын элементтер кешені болып табылады (Берталанфи); «уақыт ағымымен өзгере алатын бір
нəрсе, реалды машинаға тəн кез келген өзгермелі заттардың жиынтығы» (Росс Эшби), өзара
жəне олардың атрибуттары арақатынасы болатын көптеген элементтер (Р.Фейдшин жəне
А.Холл), «Элементтер жиынтығы, олар» былай ұйымдасады: жаңа элементті өзгерту, алып
тастау немесе енгізу заңды түрде қалған элементтерге əсер етеді (В.Н. Топоров), «əр түрлі
эелементтердің өзара байланысы», бəрі бір - бірімен байланысқан бөлшектер (Ст.Бир),
«обьектілердің кіруін көрсету жəне олардың нысаннан шығуы» (М.Месарович) жəне т.б.» .
Жүйені əлеуметтер жиынтығы ретінде қарастыратын анықтамалар шетел жəне кеңестік
авторларда да кездеседі.«Философиялық энциклопедиялық сөздікте «жүйе» терминін (1983)
В.Н.Садовский былай деп жазады: «Жүйе -(грек сөзінен - бүтін, бөлшектерден құралған бірігу)
бір - бірімен байланысқан элементтердің жиынтығы, ол белгілі бір бүтіндікті, бірлікті құрайды»
[7].
Қорыта келгенде, əрбір ғылымның жүйесі болады, ол бөлшектерден, өзара байланысқан
ұйымдардан құралады. Мысалы, тіл стилистикасы: тілдік құралдар, олардың сөйлеу əрекетінде
қолданылуы, стилистикалық рең, стиль, функционалды стиль, ресми стиль, т.б. ұғымдардан
құралады. Демек, оқушыларға əдеби тіл стильдерінен білім, икемділік пен дағдыларын
қалыптастыру үшін осы ұғымдарды, олардың бір - бірімен байланысын игеру қажет. Ал, ол
лингвистика, психология, дидактикалық ұғымдар жүйесін негізге алады, яғни қандай ғылым
болсын пəнаралық байланысы игертіледі. Бұл стилистикалық ұғымдарды теориялық -
практикалық жағынан игеру оқушының тілінің дамуына əсер етеді. Сондықтан баланың сөйлеу
мəдениетін дамыту стилистикалық ұғымдарды, оның жүйесін оқытуда пəнаралық байланыс
негізінде игертіледі.
Əдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары. –Алматы: РОНД, 2002, -360 бет.
2. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы, 2004, 28 бет.
3. Бағдарламалар. Қазақ тілі, 10-11 сыныптарға арналған. Алматы, 2007, 12 б.
4. Коменский Я.А. Мир чувственных вещей в картинках. –М.: Учпедгиз, 1957, -309 стр.
5. Балақаев М., Жанпейсов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –
Алматы: Мектеп, 1974.
6. Шебельников В. Психика-функциялық жүйе. –Алматы: Ана тілі, 1998. 248 бет.
698
7. Философский энциклопедический словарь. –М.: Советская янциклопедия, 1983, 839 стр.
699
ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ƏДІСТЕР
Жепенова А. Қ.
№30 орта мектеп, Семей қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Оқу үрдісінде ұтымды əдіс-тəсілдерді қолдану сабақтың қызықты өтуіне көмегін
тигізеді. Бұл мақалада бастауыш сыныпта интербелсенді əдісті тиімді пайдаланудың маңызы
туралы жазылған.
Аннотация
Важную роль играют методы и приемы применяемые в учебном процессе. Данная
статья об эффективности применения интерактивных методов в начальной школе.
Abstract
The important role of new pedagogical methods in educational process. This article is about
efficiency using of interactive methods in primary school.
Қазақстанда əлемнің дамыған елдерімен тең дəрежеде білім беру қажеттігі туындады.
Еліміздің болашағын көркейтіп, дамытатын жастарды тəрбиелеп оқыту білім саласындағы
маңызды мəселе. Басты мақсат-Қазақстан Республикасының əлеуметтік, экономикалық,
қоғамдық - саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал
ету. Білім негізі - бастауышта. Бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды,
қайталанбайтын кезеңі. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылықпен ойлауға,
қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық əрекеттерге дайын болуға əкелудің
жолдарын көрсету, оқытудың тиімді жолдары мен əдіс-тəсілдерін іздестіру - əр мұғалімнің
міндеті. Қазіргі білім мазмұны оқушыларды мұғалімнің бағыт-бағдарымен өз бетінше білім
алуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге жетелейді.
Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше оқушыға сауатты, жан – жақты білім
беру мүмкін емес. Осы орайда оқытушының интербелсенді оқыту технологиясын тиімді
пайдалануы жақсы нəтиже берері сөзсіз. Ағылшын тілінен аударғанда «интер-өзара», «акт-
əрекет жасау» дегенді білдіреді. Ендеше интербелсенді əдістер - оқушы мен мұғалімнің өзара
қарым-қатынасын білім алудың негізі деп танитын жəне оқу үрдісіне қолайлы жағдай
жасайтын əдістер. Интерактивті əдістердің мəні - əрбір оқушының оқушылармен өзара
байланыста болып мұғаліммен бірлесе отырып, танымдық нəтижеге жетуі. Сабақта
интерактивті əдістерді пайдалануда мынадай шарттар орындалуы тиіс: Мақсатты нақты
белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мəнін, ережесін түсініп,
жұмыс жасауға толық дайын екендіктеріне сенімді болуы керек:
1-ереже: жұмысқа сынып мүшелерін түгел қатыстыру.Өйткені бұл əдістің негізгі мəні де
оқушыларды танымға жұмылдыру.
2-ереже: оқушыларды осы əдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау.
Қатысушылар өздерін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да
болсын жетістіктерін жиі мадақтап отырған дұрыс.
3-ереже: топтағы оқушылардың саны көп болмағаны жөн. Өйткені əрбір қатысушы өз пікірін,
көзқарасын білдіріп, дəлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет.
700
4-ереже: жұмыс жасайтын орнының талапқа сай болуы. Яғни, оқушылар топ, жұп құру үшін
орындарын ауыстырғанда еркін жүріп-тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушылар
бірін-бірі таңдау, тақта, компьютер, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала
алатындай жағдайды алдын ала қарастыру.
5-ереже: оқушыларда мəселе шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау.
Интерактивті оқыту əдістері дəстүрлі оқыту əдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің
өмірлік тəжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мəліметтерді талдап,
жинақтау арқылы жеке жəне кəсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Оқу үрдісіндегі интербелсенді əдістер ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық
қатысушылардың өзара əрекетіне негізделген ұтымды сабақтар өткізуге көмектеседі. Мысалы:
«Жұптасып жұмыс істеу», «Шағын топтармен жұмыс», «Аяқталмаған сөйлем», «Есептеу
ағашы», «Ролдік /іскерлік/ ойын», «Өз позицияңды ұстан», дискуссия, дебаттар.
Интербелсенді əдістер оқушылардың ақпаратты өздігінен игеру, мəселені айқындау, оны
шешу жолдарын қарастыра білу қабілеттерін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |