Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет85/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113

-  Білім  беру.  Бастауыш  сыныпқа  арналған  оқулық – бір  жағынан  білім  мазмұның 

материалданған тасымалдаушы ғана емес, оқушыны ойландыратын, ақыл –ойымен  жүрегін 

баурап  алатын  қоғами  құндылығы  бар  құрал  болса,  екінші  жағынан  оқушының  осы 

мазмұнды меңгеру үрдісінің ұйымдастырушысы болу керек.  



- Оқушының денсаулығын сақтау. Сабақ басталмас бұрын жасалатын 15 минуттік 

дене  жаттығулары.  Қазіргі  таңда  «Қара  жорға»  биінің  кеңінен  пайдалануда.  Дене 

шынықтыру  сабақтары  аптасына 4 рет  болуы  керек.  Оның 2 сағаты  ойын  түрлерімен 

таныстырса, 2 сағаты гимнастикалық жаттығулар жасап үйренсе, оқушылардың денсаулығы 

жақсарады деген ойдамын. 

-  Оқу  сапасын  арттыру.  Əрбір  ұстаз  бастауыш  сынып  оқулығындағы  берілген 

ережені  де,  түрлі  тақырыптарды  да,  жаттығуларды  да  өздерінің  ой  елегінен  өткізіп  барып 

жəне сынып оқушыларының  білім деңгейін ескере отырып тиімді əдіс-тəсілге көшкені жөн. 

Əр мұғалімнің алдындағы міндеті -өз   пəнінен білім беріп қана қоймай əр баланың қабілетін 

шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу керек.  

12 жылдық мектепті бітірген оқушы:  

12  жылдық  мектептің  негізгі  буынында  оқушылар  арасында  кəсіби  бағдарлау 

жұмыстары  жүргізіледі.  Кəсіптік  мектеп  оқушыларының  еңбек  нарығына,  өз  таңдаған 

мамандығына  бейімделуіне  өз  бетінше  өмір  сүруге  дайындықтарының  артуына  септігін 

тигізеді.  Сонымен  қоса  қоршаған  ортаны  сезе  білетін,  ақыл  парасатты  игерген,  ойлай  сезе 

білетін,  алдына  мақсат  қоя  білетін,  оған  жететін  жол  іздейтін  өзін  -өзі    талдайтын,  бағалай 

білетін,  тіл  табыса  алатын  осы  заманға  сай  технологияларды  пайдалана  білетін  қоршаған 

ортада өз орның таба білетін жеке тұлға тəрбиеленіп, шығатынына сенім білдіремін. 

Қазіргі  күнгі  ғылым  психикалық  даму  қоршаған  ортаның  санада  сәулеленуіне  яғни 

танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктеуіне байланысты деп қарайды.Бұл-  

оқу,  білім алу деген сөз. 

     Оқу-  адамның  психикалық  дамуының  формасы,  элементі.  Кез  келген  оқыту  белгілі  бір 

мөлшерде  адамды  дамытады.  Қазіргі  күнгі  ғылым  психикалық  даму  қоршаған  ортаның 

санада  сәулеленуіне  яғни  танымдық  тәжірибені  және  әрекетті  меңгеруіне,  меншіктеуіне 

байланысты деп қарайды.Бұл-  оқу,  білім алу деген сөз. 

     Оқу- адамның психикалық дамуының формасы,  элементі. Кез келген оқыту белгілі бір 

мөлшерде адамды дамытады. 

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен 

аймағы жақын аймақ пен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. 

Бұдан  әрі  психиканың  бүкіл  саласының  қалыптасуы,  адамның  белсенді  қызметі  өрістетуі 

мүмкін  болады.  Бұл  процесте  ол  бір  жағынан  өзінің  іскерлігі  мен  қабілетін  нығайтып 

жетілдіреді,  жаңа  дағдыларды  игереді,  екінші  жағынан  материалдық  және  рухани 

байлықтар  жасап,  осы  арқылы  адамзат  мәдениетінің  өз  үлесін  қосады.  Баланың 

потенциялдық  мүмкіндіктері  неғұрлым  жан-  жақты  үйлесімді,  толығырақ  дамыса,  есейген 

кезде,  оның  қызметі  соғұрлым  мазмұнды,  жан-  жақты,  табысты  болады.  Оның  жүзеге 

асырудың  жолдарын  ол  соғұрлым  серпінді  меңгеріп,  жаңғырта  алады.  Демек,  шын 

мәніндегі- ертегі күнге меңзеу орын алады. 

        Ғалым  психологтар  Л.В.  Занков,  А.А.  Люблинская,  В.В.  Давыдов,  Д.Б.  Эльконин 

зертханаларында  бастауыш  мектепте  оқытудың  мазмұнын,  сипатын  өзгертуге    арналған 

зерттеулер  жасалады.  С.Л.  Рубинштейн,  Е.Н.Кабанова-  Меллер  және  басқалар  өз 

зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.  

И.Я.  Лернер  “даму”деген  ұғымды  педагогикалық  заңдылықтарға    негіздей  отырып,  

адамның  әртүрлі  қиындықтардағы  мәселелерді  шеше  білуге  дайындығы  деп 

741


түсіндіреді.Мұндай  анықтама  интеллектуалдық  іс-  әркетті  жоғары  орынға  шығарады. 

Мәселе қаншалықты күрделі болса,  оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі соншалықты 

кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. 

Қорыта  келгенде,  еліміздің  жарқын  болашағы,  өзіміз  қызмет  істеп  жүрген  мектеп 

болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кəсіптік денгейіне 

байланысты  екенін  жақсы  түсінеміз.  Шындығында  мұғалімнің  алдында  оқушыларға  білім 

мен тəрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Əрине атқарылған іс аз емес. Дегенмен, əлі де 

болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын 

арттыру,  оқушылардың  біліміне,  ойлау  қабілетіне  сай  деңгейлеп  оқыту  ғылым  –ізденіс  

қабілеттерін  қалыптастыру,  т.с.с.  Өйткені XXIғасыр – білімділер  ғасыры . Ендеше  бізге  ой 

өрісі жоғары дамыған, зерделі,  жан -жақты,  парасатты ұрпақ керек екенін бір сəтте естен 

шығармағанымыз жөн. 



Əдебиеттер тізімі 

1.Білім туралы заң

2. Қазақстан Республикасы президентінің жолдауы

3. Т.Машенбаева, С.Керімбаева «12 жылдық мектеп мұғалімінің кəсіби-педагогикалық

бағыттылығы» Қазақстан мектебі №10,11 2009ж, №6,9 2007 ж 

4. Бағдарламалар 12 жылдық мектептің 1-4 сыныптар

5. Бастауыш мектеп №10-2001 №4-2005 №4-2006 №7,8-2008

6. «12 жылдық білім журналы» №8-2006 ж

7. «Білім» журналы

8. Бастауышта оқытудың педагогикалық əдістемесі №12-2007 ж

9. Ə.С. Əмірова «12 жылдық орта білім беруге көшудің кейбір мəселелері»

10. «Білімдегі жаңалықтар» журналы №2-2007 ж.

742


МУЗЫКА ПƏНІНДЕ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТƏСІЛДЕРДІ 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН 

АРТТЫРУ 

Игембекова А

. У. 

№41 ЖББОМ музыка пəні мұғалімі, Қарағанды қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Бұл мақалада мұғалім музыка пəнінде оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдерді қолдану арқылы 

жеке тұлғаның шығармашылығын арттыру туралы жазған. 

Аннотация 

В этой статье учитель музыки отразил о новых подходах в преподавании и обучении 

школьников к творческой деятельности. 

Abstract 

Teacher of music showed new approaches in teaching and learning, help to develope pupils creative 

activity. 

Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік 

қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдер де жан-жақты қаруланған болуы керек. «Балаға білім 

бергенде,  алыстан  жақынға,  таныстан  жатқа  көшіп,  жаңа  білімді  ескі  білімге  байлап  беру 

керек»-деп  Мағжан  Жұмабаев  айтқандай,  оқыту  процесіне  жаңа  көзқараспен  қарау  керек. 

Бүкіл  əлемде  индустриялық  қоғамнан  интерактивті  қатынас  жасауға  оны  жүзеге  асыратын 

техникалық  мүмкіндіктерді  дамытып  отыра  алатын  информациялық  қоғамға,  тасымалдау, 

тарату  жəне  пайдалану  қызметтерін  атқаратын  жаңа  қоғамға  көшу  процесі  жүріп  жатыр. 

Бүгінгі күні оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдерді қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін 

арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  құзыреттілігін  қалыптастыру,  тарихи  объективизимді 

ұстана  отырып  шынайы  дерек  көздерінен  мəліметтерді  жинақтау  ең  негізгі  мақсат  болып 

айқындалады. 

Музыка  пəнінде  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тəсілдерді  пайдалану  арқылы  мектептегі 

сабақтарды  жаңаша  ұйымдастыру,  мұғалімнің  рөлі  мен  қызметінің  артуына  жағдай  жасау, 

теориялық,  ғылыми - педагогикалық  жəне  психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып, 

оқушылардың  құзыреттілігін  қалыптастыру,  ақпараттық  технологиялар  мен  инновациялық 

оқыту  əдістері  арқылы  оқушыларды  ізгілікке,  елжандылыққа,  саналыққа,  адамгершілікке, 

имандылыққа, еңбексүйгіштікке тəрбиелеу. Оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер баланың білім 

деңгейіне  жəне  жас  ерекшелігіне  қарай  оқу  үрдісінде  пайдалану  негізгі  міндет  болып 

табылады. 

Тəуелсіздігімізге  биыл 23 жыл  толуда.  Осындай  мереке    қарсаңында  ұлттық 

тарихымыздың,  ұлттық  менталитетіміздің,  ұлттық  идеологиямыздың  қалыптасуына  білім 

беру  жүйесіндегі  ірі  реформалық  процестер  жетекшілік  ететіні  даусыз.  Теориялық  білімді 

игерту  мен  жаңғырту  жəне  жаңа  жағдайға  іс  жүзінде  лайықтап  қолдануға  үйреткенде  ғана 

оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен 

қалыптасқан  білім  мен  біліктіліктің  танымдық  маңызы  да  зор  болады.  Мен  осы  бағытарда 

сабағымды  түрлендіруде  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тəсілдерді,  ақпараттық  технологияларды 

743


пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: 

Интербелсенді  тақтамен  жұмыс,  мультимедиялық  көрініспен,  жаңаша  тапсырмалар  арқылы 

сабақты түрлендіре отырып өткізуді Қазақстан  Республикасы жалпы білім беретін мектептер 

педагогтерінің  біліктілігін  арттыру  курсының  бағдарламасының  үшінші  (негізгі)  деңгейін 

оқып  бітіргеннен  кейін  дəстүрге  айналдырдым.  Жас  ұрпаққа  эстетикалық  тəрбие  беріп, 

олардың  бойында  туған  өлкеге,  халқына  деген  адамгершілік  пен  сүйіспеншілік  сезімдерін 

сіңіруде ұлттық музыка мəдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы 

мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай жыраулық өнерге, терме 

айтуға,  шешендікке,  тапқырлыққа,  айтыс  өнеріне  үйретуде — музыка  пəнінің  алатын  орны 

орасан  зор.  Оқытумен  тəрбиелеудің  ой  елегінен  өтетін  əдіс-тəсілдерін  жаңашыл 

педагогтардың тапқан əдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны əркім өз мүмкіндігінше 

күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нəтижелі болып білім сапасы артады. 

Əр  мұғалімнің  оқытуға,  үйретудегі  өз  тұғырнамасы  болуы  қажет.  Қазіргі  таңда  мұғалімнің 

рөлі  дайын  білімді  түсіндіруші,  бақылаушы,  бағалаушы,  тəртіпті  қадағалаушы,  білім 

насихатшысы,  танымдық  іс-əрекетті  ұйымдастырушы,  ұжымдық  істердің  ұйытқысы, 

кеңесшісі болып табылады. 

         Музыка пəнінің басқа пəндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен 

оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, 

қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа 

байланыстыСондықтан оқушылардың пəнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта 

тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, 

музыка  əр  саласындағы  белгілі  композиторлар  өмірімен,  Қазақстандағы  əлем  елдеріндегі 

композиторлармен,  музыка  жұлдыздары,  музыка  туралы  толық  мəліметтер  беріп  отыру. 

Сонымен  бірге  оқушыларға  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  журналдардың  тағы  басқа,  əлем 

елдеріндегі атақты композиторлар жəне мəдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы 

тұрғыда  оқушылар  атақты  композиторлардың  жетістіктерге  жетудегі  еңбектерімен  таныса 

отырып, сабақта əр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға ұмтылады. 

Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарының 

бағдарламасы  үшінші  (негізгі)  деңгей,  үшінші  басылым  Мұғалімге  арналған  нұсқаулықта 

«Білім  үдерісінің  нəтижелі  болуы  мұғалімдердің  оқушы  өздігінен  меңгеріп,  таныта  білген 

білім-дағдылары  мен  амал-көзқарастарын  зейін  қойып,  зерделей  білген  білім  модельдері 

аясында  ғана  жүзеге  асырылады.  Білім  беру  бағдарламасының  басында  мұғалімдер  мен 

оқушылар  не  біледі,  оларда  қандай  қате  пайымдаулар  бар  жəне  бұны  қалай  түзету  дұрыс 

екенін  білу  үшін  арнайы  құралдарды  пайдаланады.  Алдыңғы  бөлім  оқу  үдерісінің  басында 

оқушылардың  талқыланатын  тақырып  туралы  шамалы  білімі  болғанын  жəне  осы  бастапқы 

білім  жаңа  материалды  игеру  үшін  бастау  болып  табылатынын  көрсетті.  Егер  мұғалім  мен 

оқушының  білім  игеруді  бастау  нүктесі  өзара  үйлеспейтін  болса,  онда  оқуда  табысқа  жету 

күмəнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең 

жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден 

немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады.  

Осыған орай, əр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу 

керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз 

алдына мақсат қояды, алынған нəтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды 

жəне қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тəуекелге барады» деп көрсеткен 

(1-сурет). 

Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы  

744


Дəріс   

Оқу 


Аудио-визуалды қабылдау 

Көрсетілім 

Талқылау 

Практика 

Білім беру 

Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ 



1-сурет. Оқу пирамидасы 

Мұғалім  оқушылардың  зер  салып  тыңдауын  сақтап  қалу  мақсатында  жұмыс  үдерісі 

барынша күрделі жəне əртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді 

орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. 

Оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі артқаннан кейін сабақта білім сапасының 

артатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А.А.Дистервегтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып 

береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді»-деген. Сондықтан 

оқушы  белсенділігін  арттырып,  білім  сапасын  көтеретін,  ойлауға  үйрететін  ол  жаңа 

инновациялық əдіс тəсілдері болып табылады. Бұл - мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-

қатынас,  сабақты  жақсы  оқитын,  музыкаға  деген  бейім  оқушылармен  ғана  белсенді  жұмыс 

істемей, барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып қабілеті жеткен жерге 

дейін  еңбек  етуін  ойластыру.  Барлық  оқушы  өз  қызметін  ең  төменгі  жеңіл  тапсырмаларды 

орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі 

күрделі  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындауға  көшіп  отырады.  Бұл  оқушылар  арасында 

бəсекелестікті жəне əр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сəйкес жоғары деңгейге көтерілуіне 

толық  жағдай  жасалады.  Осылай  ойын  элементерін  əдістерін  деңгейлеп  орындату  арқылы 

оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «Даму мониторингі» кестесіне 

белгілей  отырып,  оқушы  біліміне  талдау  жасап  отыру  қажет.  Өтілетін  тақырыптарға 

байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп. 

Атап  айтсақ: «Кім  шапшаң?», «Əуенді  тап», «Сөзжұмбақтар»  т.б,  сонымен  қатар  ұлттық 

музыка  əлеміне  байланысты  сабақты  түрлендіріп  өткізуге  жаңа  инновациялық 

технологияларды қолданудың да орны орасан зор. 

Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықта  айтылғандай    Александер `(2004) оқытудағы 

əңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты 

бағытта  жүреді  жəне  осының  негізінде  оқушының  білім  алу  үдерісі  алға  жылжиды  деп 

тұжырымдайды.  Диалог  барысында  оқушылар  жəне  мұғалімдер  нəтижеге  жету  үшін  күш- 

жігер  жұмсайтын  жəне  Мерсер (2000) сипаттағандай,  білімді  бірлесіп  алуда  немесе  «пікір 

алмасу»  барысында  тең  құқылы  серіктестер  болып  табылады.  Пікір  алмасу  оқушылармен 

диалог құру арқылы іске асады,  ол бірлескен зерттеу барысында анықталады. 

           

20% 

10

%



30% 

50% 


745

Мерсердің  зерттеуіне    сəйкес  əңгімелесу  оқушының  əр  сабақта  оқуының  ажырамас 

бөлігі болып табылады. Сол əңгімелесудің бірнеше түрі бар. Олар:  Топтық əңгіме оқушыларға 

топтық  тапсырма  беру  барысында  жүзеге  асады.  Топтағы  оқушылар  берілген  тапсырманы 

ақылдаса  отырып  талқылап,  ортақ  шешімге  келеді.  Бұл  тəсіл  сыныптағы  баяу,  енжер 

оқушының сабаққа қатысуына жол ашады. Себебі ол достарымен, сыныптастарымен бір топта 

жұмыс істеп, сұхбаттасады. Тапсырмаларды орындап, белсенділік танытады. Топ жұмысына 

үлес қосып, бір қырынан көрінеді. 

Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептер 

педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы бағдарламасының үшінші (негізгі) деңгей курсында 

танысқан  жеті  модульді  басшылыққа  алу,  оқытудың  дербес  жəне  топтық  түрлерін 

ұйымдастыру сабақ барысында оң нəтиже береді. 

Әр сабақты жоспарлауда өзіме мынандай талаптар қоямын: 

-

  Оқушыларды ынтымақтастыққа жұмыс істеуге дағдыландыру; 



-

  Оқушының пəнге деген қызығушылығын арттыру; 

-

  Сабақтың əдіс-тəсілдерін түрлендіру; 



-

  Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану; 

-

  Оқушылармен ынтымақтастықта болу; 



-

  Оқуышының пəнге деген қызығушылығын арттыру; 

-

  Сабақтың өмірмен байланысын нығайту; 



-

  Оқушыларды  сыни  ойлата  отырып,  өз  ойын  еркін  айтуға  дағдыландыру  болып 

табылады. 

Менің  ойымша  сынып  оқушыларының  кез-келгені  шығармашылық  тапсырмаларға 

қызыға  қарайды,  табыспен  меңгере  алады.  Сабақ  барысында  осындай  жаңа  инновациялық 

əдіс-тəсілдерді пайдаланып, жұмыстарды меңгергенде ғана оқушылар білімді 90% дəрежеде 

өз бетімен ізденетін, пайдалыны көздей алатын, ой қазанын қайната алатын, шын мəніндегі 

шығармашылық дəрежеге көтеріле алатын дарынды шəкірт дайындай аламыз. 



Əдебиеттер тізімі 

1. ҚР  жалпы  білім  беретін  мектептері  педагогтерінің  біліктілігін  арттыру  курсының

бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей,

2012 ж., 32-38-б.

2. Бергер Н. Музыкальная грамотность и компьютер //Телекоммуникация, математика

и информатика-исследования и инновации, -Вып. 6.-СПб., 2002.12-18-б.

3. Құрманалина Ш.Х. Құзыретті маманға  - нəтижеге бағытталған кəсіби білім //

Жайық ұстазы, №2, 2008 ж.

4. Абдуллина Д. Өнер мен білім ұштасқан //Музыка əлемінде, № 6(18), 2006 ж.

5. www.cpm.kz (Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі курс бағдарламасы бойынша

мұғалімдерге арналған үлестірме материалдары)

746


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН 

АРТТЫРУДАҒЫ  ƏДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ 

Ильясова А. Ш., Альмишева А. Ж. 

«Өрлеу» БАҰО АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл  мақалада  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымындарындағы  педагогтардың  кəсіби  

біліктілігін  жетілдіру  жолдары,  кəсіби  тұлғалық  құзіреттілігін  дамытудағы  міндеттер, 

біліктілікті  арттырудың  негізгі  аспектілері,  əдістемелік  қызмет  бағыттары  мен  қағидалары, 

тəрбиешінің кəсіби дамуындағы бағыттар, жүргізілетін жұмыстар көрсетілген. Педагогтардың 

біліктілігін арттыру мəселесін зерттеген ғалымдардың қысқа анықтамалары берілген. 



Аннотация 

Данная  статья  раскрывает  круг  понятий,  связанных  с  профессиональным  развитием 

педагога,  предоставляет информацию о направлениях содействия профессиональному росту 

педагогов дошкольных организаций  в системе повышения квалификации через методическую 

работу.  В  статье  приводятся  ряд  определений  отечественных  ученых,  рассматривающих 

проблемы профессионального роста



Abstract 

This article reveals the range of concepts related to the professional development of teachers 

and provides information on ways to promote professional development of primary school teachers 

in the training system through the methodical work. The article provides a number of definitions of 

blighty scientists, considering the problems of professional growth. 

Əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  интеграциялануға  байланысты  білім  берудің  барлық 

жүйесін  жаңғырту  үдерісі  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытуды  ұйымдастыруға  жоғары 

талаптар  қояды,  осы  үдеріске  жаңа,  барынша  тиімді  психологиялық-педагогикалық, 

əдістемелік тəсілдемені іздеуді қарқындатады.  

Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың 

əлеуетті  қабілеттіліктерін  ашудың  бірінші  деңгейі  ретінде  мектепке  дейінгі  білім  беру 

жүйесіне  əсер  етеді.  Мектепке  дейінгі  білім  берудің  дамуы,  жаңа  сапалы  деңгейге  өтуі 

инновациялық технологияларды дайындаусыз мүмкін емес.  

Мемлекет  тарапынан  мектепке  дейінгі  тəрбиелеу  жəне  білім  беруге  баса  назар  аударылуы 

мектепке  дейінгі  ұйымның  педагогикалық  қызметкерлерінің  біліктілігіне  қойылатын 

талаптарды, педагогикалық кадрларды даярлау жəне қайта даярлау мəселесінің қаншалықты 

тиімді шешілетіндігін көрсетіп отыр. 

Білікті педагогтар педагог мамандығының мəртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. 

Педагогтың мəртебесі оның интеллектуалдық, кəсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен 

белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа 

арналуы  тиіс.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  педагогтардың  біліктілігін  арттыру  жүйесіне 

өзгерістер ендірілді. 

747


Біліктілікті  арттыру  курстары  арқылы  педагогтарды    оқытуда  оқытушы  жетекшілік, 

бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік əрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының 

осындай  əрекетіне  білім  алушы  педагог  өзі  де  бойындағы  бар  білімін  көрсете    байланыс 

жасағанда  ғана  сапалы  нəтижеге  жетуге  болады  деп  ойлаймыз.  Біліктілік  арттыру 

институттарында мектепке дейінгі ұйымдардың келесі аталған педагогикалық қызметкерлері 

қысқа  мерзімді  біліктілік  арттыру  курстарымен  қамтылуда:  мектепке  дейінгі  білім  беру 

ұйымдарының меңгерушілері, əдіскерлер, тəрбиешілер, шағын орталықтардың педагогтары, 

мектепалды топтар мен сыныптардың тəрбиешілері, психолог, логопедтер, т.б. 

Қазіргі  жағдайда  біліктілікті  арттыру  педагогке  жаңа  импульстар,  бастамалар  алу 

жолымен  өзінің  педагогикалық  қызметін  жақсартуға  барынша  мүмкіндік  беріп,  педагогты 

оқытудың белсенді əдістері мен оқыту құралдары жүйесіне енгізу арқылы оның өз қызметінің 

мəнін  түсіну  жəне  талдау  негізінде  кəсіби  білімі  мен  дағдыларын  жетілдіру  ретінде 

қарастырған жөн (К.С.Шумакованың анықтамасы). Бұл анықтамадан қазіргі мектепке дейінгі 

ұйымдар педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіне қойылатын кемінде 2 талап 

айқын  көрініс  табады,  олар:  бұл  жүйенің  ғылымда,  техникада,  технологияларда  жəне 

педагогтің кəсіби қызметінде орын алып отырған өзгерістерге сəйкестігі əрі конструктивистік 

жəне практикаға бағытталған ыңғай негізінде тыңдаушылармен жұмыс ұйымдастыру, əсіресе 

əдістемелік жұмысты жан-жақты қарастыру. Екінші талапқа сай интерактивті оқыту түрлері, 

сыни тұрғыдан ойлау технологиялары мен ақпараттық технологиялар елеулі орын алады. Осы 

жағдайда  «Ерте  жəне  қарқынды  дамыту  технологиялары  жəне  философиясы»,  əдіскерлер 

санатына  арнап  «Қазіргі  жағдайда  МДҰ-да  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыру», «МДҰ  –да 

əдістемелік жұмысты ұйымдастыру», т.б. курстары оқылады. 

Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  мəселесін  зерттеген  ғалымдар  бұл  саланың  даму 

тенденциясын  жан-жақты  көрсеткен.  Б.А.Əлмұхамбетов  өз  зерттеулерінде  біліктілікті 

арттыру  жүйесінің  тарихы  мен  даму  болашағын  еліміздің  біліктілікті  арттыру 

мəселесін  шетелдік тəжірибелермен салыстыра көрсеткен [1,17-б.].  Республикада біліктілікті 

арттырудың  сапасын  арттыру,  деңгейін  көтеруге  ықпал  ететін  жолдарды  ұсынады. 

А.Ə.Жайтапова  біліктілікті  арттыру  жүйесіне  ғылыми  талдау  жасай  отырып,  жаңа 

инновациялық  бағыттарда  ұйымдастырудың  теориясы  мен  əдістемесін  зерттеген [2, 36-б.]. 

Сондай-ақ  қазақстандық  ғалым  Я.С.Бенцион  əдістемелік  жұмыстардың  тиімді  жолдарын 

ұсынса,  Ш.Таубаева  мұғалімнің  зерттеушілік  қызметін,  озық  тəжірибені  жинақтау, 

инновациялық  əрекетті  үздіксіз  жүргізуді  ғылыми  тұрғыда  негіздеген.  М.С.Керімбаеваның 

зерттеулері жас маманды қалыптастырудағы жоғарғы оқу орындары мен біліктілікті арттыру 

институттарындағы  сабақтастыққа,  Б.Қ.Төлбасова  мұғалімдердің  қазіргі  ақпараттық 

технологияларды  қолдануға  əзірлігіне  арналса,  ал  К.С.Құдайбергенова  мұғалімнің  өзін-  өзі 

жүзеге  асыруына  мектептегі  инновациялық  жұмыстың  жүйелі  жүргізілуінің  ықпалын 

айқындаған. В.Н.Белослюдцева өз зерттеуінде біліктілікті арттыру институттары əдіскерлерін 

даярлау мəселесін көтере отырып, педагогтар мен əдіскерлердің өзара  ынтымақтаса əрекет 

етулері жалпы біліктілікті арттыру сапасына əсер ететіндігін талдаған. Б.А.Тұрғынбаева осы 

саладағы ғылыми — зерттеулерінде шығармашылық əлеует адамды кəсіби əрекеттің биігіне 

шығаратын сапа деп тұжырымдайды. Ұстаздың акме жағдайға жетуі  оның өз бетінше білім 

алуына,  өзін-өзі  тəрбиелеуіне,  өзін-өзі  жетілдіруіне  жəне  осының  бəрін  шығармашылықпен 

қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген [4, 27-б.]. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдар  педагогтарының,  əдіскерлердің  біліктілігін  арттыру 

жолында  кафедра  оқытушылары  «Педагогтың  кəсіби  тұлғалық  құзіреттілігін  дамыту  –

нəтижелі білім беру факторы» ғылыми-əдістемелік тақырыппен жұмыстануда. Бұл мақсатты 

жүзеге асыру үшін мына міндеттер қойылды: 

748


-педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстарының мазмұны мен тиімді түрлерін жоспарлау; 

-жаңалықтарды  игерту  арқылы  педагогтардың  біліктілігін  жетілдіруде  ғылыми-əдістемелік 

қызмет көрсету; 

-инновациялық  үдерістерді,  зерттеу-ізденіс  жəне  сынақ-тəжірибе  жұмыстарының  мазмұны 

мен тиімді түрлерін жоспарлау, өткізу; 

-Республикалық,  облыстық  деңгейде  əдіскерлердің  кəсіби  байқаулары  мен  семинарларын 

өткізу; 

-əдістемелік жұмыстың мазмұны мен тиімді түрлерін жоспарлау, өткізу; 

Əдістемелік жұмыс ретінде біртұтас, ғылым жетістіктері мен алдыңғы қатарлы педагогикалық 

тəжірибеге негізделген өзара байланысты шаралар жүйесін түсіну қажет, ол əрбір педагогтың 

кəсіптік  шеберлігін  арттыруға,  бүкіл  педагогикалық  ұжымның  шығармашыл  əлеуетін 

дамытуға, оқу-тəрбие үдерісінің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталады. 

Əдістемелік  жұмыс  бірыңғай  мақсаттармен  біріккен,  мектепке  дейінгі  ұйымның 

авторлық  моделін  жасауға  ұмтылатын  ұжымды,  пікірлестердің  педагогикалық  ұжымын 

қалыптастыруға  бағытталған,  онда  заманауи  ғылыми  зерттеулер  мен  балаларды  оқыту  мен 

тəрбиелеудің үздік педагогикалық тəжірибесін енгізіледі. 

Əрбір  тəрбиешінің  жеке  тұлғалық  жəне  кəсіптік  өсуі  балалар  бақшасындағы 

əдістемелік  жұмыстың  деңгейіне  байланысты.  Тəрбиешілермен  балаларды  ерте  дамытуды 

ұйымдастыруға қатысты жүргізілетін əр түрлі жұмыстар: педагогикалық оқулар, ізденушілік 

конференциялар,  əдістемелік  бірлестіктер,  семинарлар,  озық  педагогикалық  тəжірибені 

тарату-кейде өз мақсаттарына жетпей жатады. Олардың əлсіз жақтары: 

-кейбір жағдайларда əдістемелік шаралар балалар бақшасының мақсаттарына сəйкес келмейді, 

өзара байланыссыз, əр түрлі бағыттарда өткізіледі; 

-кəсіби  деңгейі  жоғары,  алдыңғы  қатарлы  əдістемесі  бар  педагогтар  кейде  өздерінің 

ізденушілік  жұмыстарын  жүйелеу,  тəжірибеге  талдау  жасау  кезінде  бірқатар  қиындықтарға 

кез болады, жүйелік əдістемелік бірізділікке ие бола алмайды. 

Жоғарыда  аталған  кемшіліктерді  жою  мақсатында  біліктілік  арттыру  институтының 

қызметкерлері  əдіскердің  жұмысын    тиімді  ұйымдастырудың  жаңаша  инновациялық 

бағытында жұмыс істеуде: 

-Педагогикалық шеберхана: Бұл жұмыстың мақсаты тəрбиешілерді жаңа технологиялар мен 

дəстүрден  тыс  жұмыс  түрлерімен  таныстыру.  Бұл  жұмыстың  ұйымдастырылу  түрлері: 

жаңашыл  педагогтың  тұжырымдамалық  идеяларын  талқылаудан  басталып,  балаларды  ерте 

жастан дамыту ерекшеліктері бағытында қолданатын жекеше тəжірибелік тапсырма-əдістерді 

орындаумен аяқталады.  

-Шеберлік  сынып:  тəрбиешілерге  өз  тəжірибесін  тарату  мақсатында  құрылған  жұмыс 

формасы (көшпелі тəжірибелік семинарларды өткізу барысында жиі қолданады). 

-Зерттеу балабақшасы: Арнайы тəжірибелі тəрбиешінің педагогтардың зерттеу іс-əрекеті мен 

тиімді əдіс-тəсілдерін жетілдіреді, сонымен қатар балалармен зерттеу жұмыстарын жүргізудің 

жолдарын үйретеді. 

-Шығармашылық  топпен  жұмыс  (кешенді  қызмет  көрсету  əрекеті).  Шығармашылық  топ  –

əдістемелік  жұмысты  жүзеге  асыруда  жаңаша  тұрғыдан  келу  жəне  зерттеу  элементтерін 

пайдалана жұмыс жасайды. 

  -Ерте  жастан  дамытуды  ұйымдастыру  бойынша  əдстемелік  құралдар  дайындап  оны  оқу 

үдерісінде тəжірибеге енгізу. 

Тəрбиешілерге диагностикалық жəне жекелеу негізінде ғылыми-əдістемелік тұрғыдан 

нақты көмек көрсету мақсатында білім беру үрдісінің сапасын жоғарылату үшін төртжүйеден 

тұратын модель ұсынуға болады: 

749


1-ші блок-аналитикалық талдау: əдіскердің жəне тəрбиешінің қызметіндегі қиыншылықтарды 

анықтау жəне зерттеу; мəселеге бағытталған талдау жүргізу; 

Институт оқытушылары жұмыс барысында кездесетін қиындықтардың себептерін білу үшін 

анықтау  парағын  пайдаланады.  Мұнда  əдіскерлер  мен  тəрбиешілердің  пікірлері  мен 

ұсыныстарымен  танысып,  келесі  курс  бағдарламасын  əзірлегенде  осы  мəселелерге  көңіл 

аударады. 

2-ші  блок-жоспарлы-прогностикалық:  əдістемелік  іс-əрекетті  ұйымдастыру  жұмысын 

жоспарлау  педагогикалық  ұжым  алдында  қойылған  міндеттерді  шешуге,  əдістемелік  іс-

əрекетті ұйымдастыруына бағытталған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі. 

Əдістемелік жұмыстың жоспарын дайындауда мынадай принциптер басшылыққа алынады: 

-ғылымилығы (жоспардың нақтылығы мен шынайлылығы); 

-оптималды (нақты есепке алу мүмкіндігі); 

-мақсатқа бағытталған (жоспардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың бағыттары); 

-перспективалық (болашақтағы мақсат пен міндеттердің қойылысы); 

-мектепке дейінгі ұйым мен педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігін есепке алу; 

3-ші  блок-ұйымдастыру  жəне  үйлестіру:  тəрбиешілердің  мамандық  деңгейін  жоғарлатуына 

бағытталған əр түрлі əдістемелік жұмыс түрлерін дайындау. 

4-ші  блок-бақылау-диагностикалық:  жасалған  жұмысты  оқып  түсіну,  өткізілген  шараларға 

талдау жасап, əрекеттерді түзету. 

Курсаралық  кезеңде  институт  мамандары  сауалнамалар,  диагностика,  тестілеудің 

нəтижелерінен  құрылған  «педагогтың  жеке  даму  траекториясы»  бағдарламасын  ұсынды. 

Яғни, педагог, əдіскер, тəрбиешілер курсаралық кезеңде оқытушылардың қолдауымен, жеке 

кеңестердің арқасында өздігінен білім алады. 

Педагогтардың  мəртебесін  арттырудың  бірден  бір  жолы – өз  құқығын  білуі  жəне 

шығармашылықпен  жұмыс  жасау.  ҚР  «Білім  туралы»  Заңының  51 бабының 2 тармақшасына 

сəйкес  педагог  қызметкер  ғылыми-зерттеу,  тəжірибелік-эксперименттік,  əдістемелік    жұмыспен 

айналысуға, педагогтік практикаға жаңа əдістемелер мен технологияларды енгізуге құқығы бар. Бұл 

қазіргі жағдайда педагогтар үшін бəсекеге қабілетті болуына қажетті негіз болып табылады. 

Тəрбиешілерді жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған əдістемелік жұмыс, 

олардың  білімдерінің  жоғарылауына,  балалармен  жұмыс  жүргізу  барысында  жаңа  тəсілдер 

таңдауға, зерттеу жəне шығармашылық потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызады, ал ең 

маңыздысы  өздігімен  кəсіби  деңгейлерін  жоғарылатып,  мамандықтарына  деген 

қызығушылықтарын  арттырады.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  педагогтарының

 

кəсіби  біліктілігін  жетілдіруде  біліктілікті  арттыру  институты  тарапынан  курстарды  өткізу, 



əдістемелік көмек көрсету жəне т.б. жұмыс бағыттары бойынша мынадай педагогикалық шарттар 

кешенін  есепке  алуды  ұсынамыз.  Олар: 1) педагог  тұлғасын  педагогикалық  қызметтің 

құндылықтарына  бағыттау; 2) педагогикалық  мəдениетті  дамыту  жəне  жетілдіру; 3) қосымша 

кəсіптік білім жүйесіне педагогтарды ендіру; 4) кəсіби шеберлікті жетілдіру мақсатын белгілеумен 

байланысты жетістікке жету ситуациясын тудыру. 

Əдіскердің  жұмысы  барлық  жағынан  өзара  байланысты  жəне  мектепке  дейінгі 

ұйымдарда  тəрбиелеу  мен  оқыту  жұмыстарына  инновациялық  технологияларды  енгізуге 

мүмкіндік береді.  Заман талабына сай жолмен жүруге бағыттау, басқаны ойлап табу, тудыру, 

жасап көру – жаңашыл əдіскердің іс - əрекеті. 

750


1. Əлмұхамбетов Б. А. Жаңа мазмұнды білім беру ісін жүзеге асырудағы біліктілікті арттыру

жүйесінің  рөлі //Білім  беру  мекемесі  басшыларының  анықтамалығы //Справочник

образовательного учреждения. 2007. №1.  23-28-б.

2. Жайтапова  А.А.  Моделирование  и  мониторинг  профессионального  роста  учителей  в

системе повышения квалификации: учебное пособие. Алматы: РИПКСО, 2006. C.36

3. Альмухамбетов  Б.А.  Тенденции  развития  системы  повышения  квалификации

педагогических кадров в Казахстане. Алматы: «Ғылым», 2001. С. 290. 

4. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық əлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында

дамыту. Алматы. 2005, 208-б. 

5. ҚР  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.-

Астана, 2010. 

http://www.edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo/gosudarstvennaja_programma_razvitija_obrazovanija/go

sudarstvennaja_programma_razvitija_obrazovanija_respubliki_kazakhstan_na_2011_2020_gody/ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет