Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет79/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113

Сыпайылық  сабақтары:  оқушылардың  адамгершілігін  дамытуда  тəрбиелік 

жұмыстарды  жүргізудің  маңызы  бар:  біріншіден,  оқушылар  этика  нормалары  мен 

ережелерін,  мəдениет  əдебін  игереді;  екіншіден,  балаларды  мəдениетке  тəрбиелеу 

мүмкіндігі мол. 

682


Ойын-саяхат – тиімді  əрі  қызықты  дəстүрлі  емес  сабақтардың  бірі.  Ол  оқу 

ақпараттарын қайталауда танымдық ойындар өткізудің əдістемесін жетілдіреді. 

Оқу мен тəрбие егіз деп бекер айтылмаған Сабақ барысында оқушының ізденуі 

мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,пəнге деген қыжығушылығын арттыру 

мақсатында  СТО  бағдарламасын  күнделікті  сабақ  жоспарына  енгізіп  келемін.  Бұл 

бағдарламаның 

əдіс-тəсілдері 

оқушыларды 

тынымсыз 

ізденімпаздыққа 

баулиды,қызығушылығын істе байқатады. 

 Дүниетану  пəнінен    «Адам  жəне  өсімдіктер  мен  жануарлар»  тақырыбын 

өткенде СТО -ның мынадай əдістерін қолдандым. 

1.Қызығушылықты ояту   Психологиялық даярлық

Оқушыларға  өсімдік  түрлері  мен  жануарлар  түрлерінің  аттарын        «Менің  сүйіктім» 

атты əдіспен таңдату. Сөз атауларына орай топтасады. 

Ой шақыру А)  тақтаға жəндік, құстар, аңдар, ағаштар суреттері бейнеленген. Сурет 

бойынша топтың атын таңдайды 

Б)  осы сурет бойынша өз ойларын дəптерге түсіруге тапсырма беріледі ойлануға 1-2 

мин,. Жазуға -2мин,. Ой қорытып айтуға -5 мин. 



2 Мағынаны тану  А) Балалардан суреттер арқылы түйген түйіндерін қандай? деген 

сауал арқыл  бүгінгі тақырыпты  тапқызу. 

ə ) Оқулықтағы мəтінді оқуға уақыт беру. 

б)  Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою əдісі арқылы мəтін бойынша сүрақ қойылады.  

1-мұғалім, 2-оқушы болып саналады 

в) Бес жолды өлең  құрау 

І топ Торғай                      ІІ топ Қасқыр                          ІІІ топ Ағаш 

д оқушылардың білімін нақтылау үшін семантикалық карта толтырады. 

 3 Ой толғаныс  Не оқып үйренгендерін ортаға салады. 

Тірі  табиғат    Ол  не?  Не  істеді?  Маңызы  қандай?  Тірі  табиғаттың  адам  өміріндегі 

маңызы қандай?Сабақта оқушыларды еңбек етуге, табиғатты қорғауға,адамгершілікке 

тəрбиелей аламыз 

 

 

Рухани адамгершілік 



тəрбие берудегі топ жетекшісінің 

қызметі


Өмірдегі маңызды құдылықтар мен 

рухани құндылықтарды оқып үйрену 

Топ оқушыларының рухани 

потенциалын ата-аналарға көрсету

Оқушылар бойындағы дарынды 

талантты дəріптеу 

Өз адамгершілік қасиеттері мен 

рухани түсінігін анықтау мақсатында 

өзін-өзі дамытудың тренингтерін 

тəжірибеге енгізу 

683


Интеракти

вт

і (



ойын

əдіс



ті

 қолдану


 арқыл

ы

 



Ой белсенділігі, сөйлеу тілі, мəдениеттілігі алға 

жылжиды


Оқушылардың өзін-өзі басқару қабілеті жетіледі 

Оқушының мұғаліммен ынтымақтастығы 

Белгісіздік алдында қорқынышты жеңе біледі 

Жарыста көшбасшы болуға талпынады 

Қорыта  айтқанда,  интерактивті  тəсілдің  ерекшеліктерін  ескере  отырып 

құрастырылған  тапсырмаларды  орындау  оқушыларға  оқытылып  отырған  тілдің 

практикалық тұрғыдан қолдану нəтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді жəне осы 

жағдай  олардың  оқып  үйренуге  деген  қызығушылын  арттырады.  Сонымен  қатар 

оқушылар  əрекетін  белсендіру,  оқу  материалын,  оқыту  əдістері  мен    тəсілдерін 

жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мəселелерді іске асырады.        

684


Əдебиеттер тізімі 

1. Мен  адаммын  Жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілігін  дамытуға  арналған

əдістемелік құрал. Алматы 2000 ж.

2. Қосыбаев Р.М. Педогогика. Алматы 2002 ж.

3. Білім əлемі. 2010 №1,2,3,4.

4. Педогогиклық кеңес. 2009 ж. №4

5. Тəрбие туралы 2004 ж. №5

6. Тəрбие құралы. 2005 ж. №5

7. Бастауыш мектеп 2007 ж. №7,8,9.

8. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010 ж. №8

9. Сынып жетекшісі 2010 ж. №4

10. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №8

685


БІЛІМ БЕРУ МЕН БІЛІМ АЛУДАҒЫ ЖАҢА ТƏСІЛДЕР  

Жандильдинова Б. А. 

№3 қазақ- түрік лицей- интернаты, Жезқазған қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Мақалада критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы əр оқушының ізденімпаздық 

қабілеті  дамытуды,  жұпта,  топта  бірлесе  жұмыс  жасағаны,  бір-бірінің  сөзін  тыңдап, 

құрметтеуге 

 

үйренеді. 



Топ 

алдына 


шығып, 

еркін 


өз 

ойын 


айтуға 

дағдыландырады.Практикадан мысал келтірілген. 



Аннотация 

Доклад  расскрывает  тему    «Применении  критериального  оценивания!  и 

эффективности  данной  методики.Приведены  примеры  из  практической  деятельности 

учителя. 



Abstract 

In this article given a using criterial assessment to develop research ability, working in a 

group and respect to each other in students. Students learn to be a leader and express their thoughts. 

Practical examples are given. 

Мектептің  жаны – мұғалім.  Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  білім  берудің  деңгейі  мен 

сапасына    жаңа  талаптар  қойылып  отыр.  Жаңа  заманның  білімді  ұрпақтарын  тəрбиелеп 

оқытуда  түрлі  қиындықтар  кездеседі.  Соның  жолдарын  іздеуде  көптеген  іс-тəжірибелер 

жасаудамыз.  Ең  бастысы  білімді  де  білікті,  ұшқыр  ойлы  шығармашылық  қабілеті  мол 

ұстаздың шəкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етілуде. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру 

үшін  жаңа  технологиялар  қажет.  Осы  тұрғыда  жалпы  білім  беретін  мектептегі  география 

пəнінің  оқу  мазмұны  оқушылардың  қызығушылығы  мен  қабілеттерін  арттыру  мақсатында 

сабақтарды  жаңа  технологиялар  мен  əдіс-  тəсілдерімен  көрініс  беруі  тиіс.  Сондай-ақ  

педагогикалық  технологиялардың  бірі - оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»  - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты 

пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, 

ойын  тұжырымдау,  қасындағы  балалармен    пікірлесу,  топтасу.  Соның  бірі - критериалды 

бағалау  жолдары.  Біз  бұл  бағалау  жолын  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы 

арқылы  жүзеге    асыра    аламыз.  Оқушылар  əр  пəннен  алатын  білімдерін  мұғалім  арқылы 

қабылдайды. Бұрын оқытуда  оқушылар  тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал 

қазіргі  оқушы  өздігінен  білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мəн  беруіміз  керек. 

География сабағында «Еуразия материгінің географиялық орны» тақырыбын өткенде «Сыни 

тұрғыдан  ойлауды  дамыту»  модульдерін  пайдаландым.  Мерсердің (2005) еңбегінде 

балалардың  өзара  қарым-  қатынасқа  түсуі  оқуда  маңызды  əрекеттердің  бірі  болып 

саналатындығы  айтылған.  Сол  себептен  АВС,  яғни,  сұрақ  қою  арқылы  сұхбаттасу  тəсілін 

пайдаландым. Мен география сабағында сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің 

түрін  қолдандым.  Мұндай  бағалау  жүйесінде  біз  балаларды  оқытуда  жеке  жұмыс,  топтық 

жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия  сияқты  бірнеше əдістерді 

қолдана аламыз. Осындай əдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын 

оқушылырымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, нақты екі үш сөйлем жазып, 

686


жеке  жұмыс  жүргізуге  талпынды.  Қойылған  сұрақтар  төңірегінде  жеке,  жұппен,  топпен 

ақылдаса отырып, өз ойларын сындарлы түрде  ортаға салады. 

 Критериалды  бағалау  жүйесін  əрбір  сабақта  тиімді  пайдалануға  болады.  Əрбір 

жаңа    сабақты  оқытуда      тек  бір «A» критериін  алуға  да  болады.  Өткен  сабақтарды 

қайталауда «B» критериін алуға  болады.  Тарауды қорытындылағанда  «C» критериімен 

бағалау тиімді. Мен  7 сыныптарда  география  сабағында бұл əдісті былай қолдандым.  

«Еуразия» материгінің географиялық орны  тақырыбын өткен кезімде   оқушыларды қима 

қағаздар  арқылы    топқа  бөле  отырып,  олардың  əрқайсысына    тапсырма  берілді,  сол 

тапсырманың орындалу барысына қарай мынай дескриптор құрылады 

1. топ. Гималай

Еуразия қандай материк? 



 1 топ   «Гималай» 

2

 

топ   «Памир» 

Суреттермен жұмыс, Гималай таулары туралы не білеміз? Сарқырамалары. 



3

 

топ  «Тянь-Шань» 

Критерий

 

Балл

 

Дескриптор

 

«В»

 

Топпен жұмыс

 

«Гималай»

 

Еуразия материгі  

сызбасын толтыру

 

0



 

  Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.



3

 

Тапсырманы орындады, топтың  кейбір  мүшелері толық 



қатыспады. Мəлімет аз. 

 

5



 

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Топтың барлық 

мүшелері ойларын толық жеткізген. Мəлімет жеткілікті.

 

Критерий

 

Балл

 

Дескриптор

 

«В»      

Топпен жұмыс 

«Памир» 

 

Суреттер сыры -  

картамен жұмыс

 

0



 

  Тапсырманы орындамады. Топтың барлық мүшелері 

жұмыс істемеді.

 

3

 

Тапсырманы толық  орындамады, топтың барлық 



мүшелері толық қатыспады.

 

5



 

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Памир тауы туралы 

біледі. Топтың барлық мүшелері қатысты. 

 

Еуразияның шеткі 



нүктелері

687


таулар тақырыбына эссе жазу 

4 топ «Амур» 

«Еуразия» сөзжұмбақ шешілді. 



7. Болмасаң да  ұқсап бақ

Тапсырма : Сандар сөйлейді,  сандарға қарап қай тау екенін анықтап, сипаттап беру. 

Сабақтың соңында  ББҮ кестесін толтырайық. (INSERT) картасы беріледі 



Білемін 

Нені білдім? 

Білгім келеді 

Топтарды  сабақтың барысына қарай   мынадай  бағалау парағы арқылы қорытынды 

баға қоя аламыз 

Критерий

 

Балл

 

Дескриптор

 

«В»

 

Топпен жұмыс

 

«Гималай»

 

«Памир» 

тақырыбына эссе 

жазу

0

 

  Тапсырманы орындамады.  Топ бірге жұмыс істемеді.



3

 

Тапсырманы орындады,  топ  бірге жұмыс істемеді, 



эсседегі ой қорытындыланбаған.

 

5



 

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Топтың барлық 

мүшелері белсене қатысты. Ойларын толық жеткізе алған.

 

Критерий

 

Балл

 

Дескриптор

 

«В»

 

Топпен жұмыс



 

« Амур»

 

«Еуразия» 

сөзжұмбақ 

шешу

 

0

 

  Тапсырманы орындамады.



3

 

Тапсырманы орындады, кейбір сөздердің мағынасы жоқ. 



Топтың мүшелері толық қатыспады 

 

5



 

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Топ мүшелері толық 

қатысты. 

 

Критерий 



Балл 

Дескриптор 

688


Тапсырмалар 

Топтардың аты  

Сұрақ

 - 

жауап

  

жүргізу

 

Суреттер

 сы

р

ы

 

Венн

 

диограмма

сы

 

Топпен

 жұ

мыс

 

Сандар

 

сөйлейді

 

Жалпы

 балы

 

Қорытынд

ы

 

Гималай 

Памир 

Тянь-Шань 

Амур 

Əр сабақта рефлексия ретінде  «Екі жұлдыз бір тілек» стикерлерге  өздерінің  

тілектері немесе ой толғаныстарын жазып іле алады. 

Ұйымдастыру  кезеңінде  сынып  оқушылары 4 топқа  бөлінеді.  Тақтада  сабақты  бағалау 

критерийлері  ілінеді. Жоғары-схемадағы  əр  тапсырмадан  соң  бағалау  жүргізіліп  отырады. 

Сабақ жоспарымен таныстырылып өтіледі. Негізгі бөлімінде екеуара жұмыста  бір-бірін үйге 

берілген  тапсырманы  тексереді.  Əрбір  орындалған  жұмысқа  ұпай  сандары  қойылып 

отырады. Қазіргі жаңашыл ұстаз  жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тəрбие  

ісіне  жанашырлық  танытатын,  қоғамның  ең  озық  бөлігінің  бірі.  Оқу-тəрбие  үдерісінің 

мазмұнына  жəне  ұйымдастырылуына  комплексті  тұрғыда  қарайтын,  зерттеушілік  ыңғайға 

бейім,  теория  мен  практика  іс-əрекетін  біріктіре  білетін,  өмірлік  құндылық  қағидалары 

адамгершілік,  ізгілік,  еңбекқорлық,  парасатты  мінез - құлық  қасиеттерді  бойына  сіңірген 

ұстаз. 

       Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тəрбиелеу.  



       Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық 

бағытын  белсенді  позицияға  бағыттаймыз,  тұлғаны  өзіндік  жауапкершілікке,  тұлғалы 

нəтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын 

кез келген кезеңде анықтаймыз, əртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға 

қол  жеткіземіз.  Бүгінгі  оқушының  білім  сапасын  критериалды  бағалау  жүйесі  арқылы 

жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолданамын.  



Əдебиеттер тізімі 

1. ҚР Президентінің "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр" атты

Қазақстан халқына Жолдауы. 

2. Ибраева  Г.  Оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  арттырудағы  инновациялық

технологиялар //Республикалық ғылыми-əдістемелік жəне ақпараттық-сараптамалық журнал 

«12-жылдық білім беру». №12(96), 2010. 62-б.,  №6(90), 2010. 78-б., №10(94) 2010. 75-б.  

3. Женебаева  Ж.К.  Жоба  технологиясын  оқу  процесінде  қолдану //Білім  беру  мекемесі

басшыларының анықтамалығы. №11(59) 2011, №1(73) 2013, №11 (47) 2010.  

689


«ДАМЫТА ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ 

МƏСЕЛЕЛЕРІ 

Жапбаров А.  

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты  



Касимова Х.И  

Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Оқытуда баланың даму үдерісін ескеру басты рөл атқарады.  Дəстүрлі оқыту 

барысында бар күш мұғалімге жүктеледі, ал дамыта оқыту кезінде бар күш оқушылардың 

өздеріне түседі. Осылайша олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер 

ашылады. 

Аннотация 

Выполняет главную роль в процессе развития ребенка. В традиционном обучении все 

усилия  возлагается  на  учителя,  то  в  развивающем  обучении  все  силы  возлагается  на 

учащегося, развиваются его творческие способности. 



Annotation 

         In  this article, the technology of developing training which arrival news excludes the old is 

considered. Are shown three facts the developing training carries out a leading role in development 

of the child. In tradition training, all efforts are assigned to the teacher that in developing all forces 

assigned to the pupil creative abilities develop. 

Мен  “Дамыта  оқыту”  технологиясын  оқып-үйреніп,  тəжірибемде  қолданып  келемін. 

Сондықтан бұл технологияның кейбір теориялық мəселелеріне тоқталмақпын. 

“Дамыта  оқыту”  технологиясының  авторлары – белгілі  ғалымдар  Д.Б.Эльконин, 

В.В.Давыдов.  Олар  дамыта  оқыту  деп  “оқыту  мақсаты,  міндеттері,  əдіс-тəсілдері  баланың 

даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытуды” айтады. 

Ал  “Даму” ұғымының  психологиялық  анықтамасы – жаңару  процесі,  жаңаның  өмірге 

келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала 

психикасы  да  үнемі  диалектикалық  жолмен  дамып,  өзгеріп,  бір  деңгейден  екінші  деңгейге 

өтіп  отырады.  Ғалымдардың  зерттеулері  баланың  дамуы  үш  түрлі  күш  пен  үш  түрлі 

фактордың қатысатындығын дəлелдейді. 

1. Биологиялық  фактор.  Бұл  ата-анадан  ауысқан,  туа  бітті  жəне  өмір  сүру  барысында

қабылданған  дененің  барлық  мүшелерінің,  оның  барлық  жүйесі  құбылысының  ерекшелігін 

білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нəтижесі. 

2. Əлеуметтік  фактор.  Бала  өмір  сүретін  орта,  ең  алдымен  адамдардың  ортасы.  Бұл

сондай-ақ  баламен  қарым-қатынас  жасайтын  адамдардың  сипаттары,  мінез-құлық  жəне 

ақыл-ой  бейнелері,  олардың  мүдделері  мен  пікірлері,  істері  мен  сөздері,  талаптары  мен 

дағдыларын, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта. 

3. Баланың  өз  белсенділігі.  Даму  процесіне  əсер  ететін  бұл  үшінші  күш  болып

саналады. 

Оқитын пəн қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары 

болмасын,  егер  мұғалім  баланың  өз  белсенділігін  туғыза  алмаса,  оған  ұсынылған  іс  пен 

690


еңбекте баланың əрекетке қатынасуы əрекет күткеннен нəтиже бермейді. Баланың организмі 

дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. 

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Ғалымдар алғаш рет бала дамуының 

екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады. 

1. Бала  дамуының  жақын  аймағы – баланың  тек  үлкендердің  көмегі  арқылы  атқара

алатын істері. 

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын

істері. 


Дамыта  оқытудың  В.В.Давыдов  жасаған  жүйесінің  көздеген  мақсаттарына  жету  тек 

баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің əдіс-тəсілдері де оқушының 

белсенділігін  ұйымдастыруды,  талап,  көмектесіп  отыруды  көздемейді.  Дамыта  оқытуда 

баланың  ізденушілік-зерттеушілік  əрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін 

бала  өзінің  бұған  дейінгі  білетін  амалдарының,  тəсілдерінің  жаңа  мəселені  шешуге 

жеткіліксіз  екенін  сезетіндей  жағдайға  түсу  керек.  Содан  барып,  оның  білім  алуға  деген 

ынта-ықыласы  артады,  білім  алуға  əрекеттенеді.  Сабақ  мынадай  жағдайда  үш  құрамдас 

бөліктерден тұратын болады. 

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.

Бұл  үшеуі – дамыта  оқытудың  В.В.Давыдов  жасаған  жүйесінің  негізгі  компоненттері. 

Мақсатты  шешу  іштей  талқылау,  сонан  соң  жинақтау  арқылы  іске  асады.  Мұғалім  сабақ 

процесін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде.  Шешім  табылған  кезде  əркім  оның 

дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретеді. Əр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік 

береді,  жауаптар  тыңдалады.  Əрине  жауаптар  барлық  жағдайда  дұрыс  бола  бермес. 

Дегенмен,  əр  бала  жасаған  еңбегінің  нəтижесімен  бөлісіп,  дəлелдеуге  талпыныс  жасайды, 

жеке тəжірибесін қорытындылап үйренеді.  

"Дамыта  оқыту"  деп  ол  баланың  білім  алуға  əрекет  етуін  ұйымдаcтыратын  оқытуды 

атаған. "Жаман"  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  бeреді,  ал  жақсы  мұғалім  оқушының  өзін 

ізденуге  жетелейді"  деген  кaғидaны  негізге  алады.  Дамыта  оқытyды  ұйымдастыру,  балаға 

ақыл-ой əрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту caбaқтapдaғы 

ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ерекше  қарым-қатынас.  Мұғалім - бұл 

жағдайлар  дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы,  бағалаушы  емес,  танымдық ic-

əpeкeттi  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің  ұйытқысы.  Тек  осындай  оқыту  ғана  баланың 

интеллектісінің  көзін  ашып,  шығармашылығын  дамытады.  Оқушының  шығармашылық 

қабілеті де оның ойлау мен практикалық əpeкeттepi арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін 

caбақтapды дамыта оқытy сабақтары деп білеміз.  

"Дамыта  оқыту"  технологиясын  барлап  қарасақ,  ең  алдымен  "Нені  дамыту  керек?" 

деген сұрақтарға жауап іздестіреді. Əрине, ол оқушының  

1) сезім, түйсігін

2) қабылдауын, тұшынуын, ынтасын

Д  

З) зейінін, есте ұстауын 



А  

4) ұғынуын

М  

5) ойлау, қиялдау, болжау қабілетін



Ы  

б) ерік-қайратын 

Т  

7) оқу іс-əрекеттерін, дағды-машықтарын



У  

8) жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін

691


(жеке адам қасиеттерін)  

Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  жаңа 

қағидаларға  негізделеді.  Олар – ынтымақтастық,  өзара  сыйластық,  түсіністік  сияқты 

қасиеттер.  Бұл  технологияның  маңызды  тағы  бір  ерекшелігі - сынып  оқушыларын  жақсы, 

жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат 

тұтуы.  Нашар  оқушыныңда  өз  шамасы  келгенінше,  қабілеті  жеткен  жерге  дейін  еңбек  етуі 

ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дəрежеге дейін дамыта алады. Бір жолда оның 

қателесуі,  жаңылуы  əбден  мүмкін.  Тек  мұғалім  тарапынан  көрсетілген  сабырлылық, 

байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді деп есептелінеді.  

Оқушы дамуының негізі болып табылатын əрекет, оқу əрекеті əрбір сабақтың өзегi деп 

түсіну  керек.  Сабақтың  əрекeт  теориясына  сəйкес  ұйымдaстырылуы - баланың  жеке  басын 

дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:  

- баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның алға жылжуға 

деген  табиғи  талап - тілектерін,  сұраныс  пен  мұқтаждарын  ескеру,  шығармашылығын 

жетілдіру;  

-  білімді  өз  бетінше  іздену  арқылы  алуға  қолайлы  жағдай  жасау;  өзін-өзі  дамытатын 

тұлға қалыптастыру.  

Мұғалім,  бала  бойындағы  жаратушылық  сапалардың  болатындығын  мойындауы,  əрі 

қарай дамытуы керек.  

Дaмытa оқытумен дəстүрлі оқыту жүйесінің айырмашылықтары. 

Дамыта  оқыту  мен  дəстүрлі  оқыту  жүйелерінің  ерекшеліктері  мен  өзгешеліктеріне 

тоқталсақ.  Дəстүрлі  сабақтарда  мұғалімнің  міндеттері,  атқарар  істері  де  ұшан-теңіз.  Ол 

тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған оқушылар 

кедергі келтірмей, тып-тыныш отырып тыңдау керек. Дамыта оқыту жүйесінде оқу мақсатын 

шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-əрекетінің негізінде жүзеге асады. Демек, мұғалім 

мəселе  қояды,  ойлаудың  жолдарын  ашады,  əрекеттің  барысында  бағдар  береді,  жетелейді. 

Яғни  оқушы  белсенді  субъектіге  айналады  да,  ал  мұғалім  көмек  беруші,  ұйымдастырушы, 

бағыт  беруші  деңгейде  болады.  Дəстүрлі  оқытуда  балаға  білім,  білік,  дағды  алуға  қажетті 

ақыл сана бар деп есептеп, сол ақылға білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту 

бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге 

негiзделген.  Дəстүрлі  оқыту  жасауға,  есте  сақтауға  үйретсе,  дамыта  оқыту  дербес  жұмыс 

істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. 

Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерінің айырмашылықтары 

Мазмұнындағы басымдылық 

Педагогикалық процесінің 

компоненттері 

Дəстүрлі сабақ (түсіндірме 

əдісі) 


Дамыта оқыту 

Мақсат 


Оқушыларға білім, білік, 

дағды қалыптастыру 

Байқампаздығын, ойлауын, 

практикалық əрекетін 

дамыту 

Бастапқы мазмұн 



Факторлық, мысалдар, 

тақырыптар, дəлелдер 

Заңдылықтарды, 

теорияларды, ұғымдарды, 

ережелерді қорыту 

Оқытудың формалары 

Жеке, топтық, фронтальды 

Бірлескен ұжымдық іс-

əрекет 

692


Оқыту əдістері 

Ауызша түсіндіру, 

көрнекілік, практикалық 

Проблемалық, баяндау, 

ізденушілік, зерттеушілік 

Бақылау, бағалау 

Оқытудың нəтижесін 

мұғалімнің бақылауы, 

бағалауы 

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі 

бағалау, рефлекция 

Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  оқушының  өзі apқылы,  оның  іс-əрекетін  ұйымдастыру 

арқылы  ойлау  дағдыларын  дамыта  отырып  жүзеге  асырылады.  Сабақта  дамыта  оқыту 

технологиясын  жиі  пайдаланудың  тиімді  жағы  оқушылардың  ақыл-ойы  мен  өзіндік 

тұжырымы  арқылы  жаңа  тақырыпты  саналы  түрде  меңгеру  дағдыларын  қалыптастырады. 

Білімді меңгеру осы жүйенің əр сатысында дами түседі.  

Əрбір  ұстаз  өз  Отанын  шексіз  сүйетін,  білімді,  іскер,  адамгершілігі  мол,  парасатты, 

мəдениетті  жан-жақты  жетілген  ұрпақ  дайындауға  міндетті.  Яғни,  сабақта  əр  түрлі  əдіс-

тəсілдерді  пайдалану,  оқушылардың  жеке  басын  құрметтей  отырып,  білім  беру – қазіргі 

оқытудың  негізгі  талабы.  Өйткені  оқушылардың  бəрінің  ойлау  қабілеті  бірдей  емес. 

Сондықтан бұл мəселеге  психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық əрекет, əдістемелік 

шеберлікпен келу керек.  

Қазіргі таңда оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өз дəрежесінде көрінбей 

келеді.  Оқушыларды  құрметтey,  олардың  жеке  басына  сүйіспеншілікпен  карау,  сөйлесу, 

пікір  алысу,  ойын  білу,  оқушы  қабілетін  мөлшерлеу,  білімге  ынталандыру,  белсенділігін 

арттыру,  оқушы  білімін  əділ  бағалау  сияқты  толып  жатқан  мəселелерге  мəн  берілуі  керек. 

Бұл  оқыту  жүйесінде  жас  ұрпақтың  оқуға  деген  ынтасы  мен  білім  алуға  қызығушылығын 

арттыру,  əділ  бағалау,  əр  істе  ақылдасу  оқытушының  беделін  арттырады.  Оқытушыға 

көрсетіп отырады, сапалы білім алуға талпынады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет