Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет93/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113

Əдебиеттер тізімі: 

1. Əлімов  А.Қ.  Интербелсенді  əдістемені  ЖОО-да  қолдану  мəселелері.  Оқу

құралы.Алматы, 2013.

2. Адырбекова  Г.Т.,  Кемелбекова  Г.Ə.Оқыту – білімгерлердің  ойлау  іс-əрекеттерін

басқару.

http://icite.ukgu.kz/sites/default/files/Volume2013/Volume-N5-(2013).pdf  (22.09.2014)

3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Қазақ тілі» (бірінші тіл ретінде – Т1) пəні

бойынша оқу бағдарламасы. Негізгі мектеп. Нұсқа 4. Астана 2014.

4. ҚР  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарының    бағдарламасы.

Мұғалімге арналған  нұсқаулық. «НЗМ» ДББҰ, 2012.

5. «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ.  Қазақ  əдебиеті  бойынша  оқу  жоспары.

Астана 2014.

806


МЕКТЕПТЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТА ҚҰРУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ТИІМДІ ОҚЫТУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТƏСІЛІ РЕТІНДЕ 

Исиргепов Д. Б. 

Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған  

қазақ-түрік лицей-интернаты 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақалада  оқыту  үрдісінде  ынтымақтастық  ортаны  қалыптастыру  оқытудың  тиімді  тəсілі 

екендігін  жəне  оның  маңыздығы  қарастырылады.  Сонымен  қатар  ұстаз  ынтымақтастық  орта 

құрудағы тəжірибесіндегі өз əдіс-тəсілдерімен бөліседі. 



Аннотация 

В  статье  рассматривается  важность  формирования  в  классе  коллаборативной  среды 

как  эффективный  метод  обучения.  Также  учитель  делится  применяемыми  методами 

установления коллаборативной среды на практике. 



Abstract 

The article discuss the importance of creating a collaborative environment as an effective 

teaching method in the classroom. Also, the teacher divided the methods used to establish the 

creating a collaborative in practice. 

Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр ол білім заманы ғана емес, сонымен қатар 

сол білімді алудың жолдарының түрленген, ізденіс заманы десек қате болмас. Сол түрленген 

заманның  ағымындағы  маңызды  тұлға  мұғалім  болып  қала  бермек,  өйткені  ол  білім 

бұлағына жетелеуші тұлға.  

Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі 

келсе  əрекет  етуі,  күш  салуы  қажет. К.Ушинский  «Мұғалім – өзінің  білімін  көтеріп 

отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденісті тоқтасымен оның мұғалімділігі жойылады», - деген 

өз даналығында. Сондықтан əрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. 

Мұғалімнің  кəсіби  құзіреттілігі - оның  жан-жақты  білімінен  ұстаздық  шеберлігімен, 

оқытудың жаңа əдістерін меңгерумен өлшенеді. 

Оқытудағы  тəжірибенің  өзгеруі  дегеніміз – бұл  білімнің  өзгеруі  деген  сөз. 

Сапалы 


дамыту жұмысына жаңа технологияларды енгізгенде ғана өзгертушілік əсері болады. 

Қазіргі 


таңда  оқытуда  ынтымақтастық  орта  құру  оқушылардың  тиімді  оқытуын  қалыптастырудың 

тəсілі  десек  қате  айтпаймыз.  Міне  сондықтан  оқытуда  ынтымақтастық  орта  құру  маңызды 

болмақ.  Менің  ойымша  мектептегі,  яғни  оқыту  үрдісіндегі  ынтымақтастық  ол  білім 

сапасының көтерудің бірден-бір тура жолы. 

Мектептегі 

тəжірибеде 

біздер 

білетіңіміздей 



сабақтың 

кіріспе 


бөлімі 

яғни,"ынтымақтастық  ортаны  құру"  кезеңінен  басталады.

 

Білім  сапасы  оқушының  білімге 



деген  құштарлығымен,  қызығушылығына  тікелей  байланысты.  Баланы  ынталандыру  үшін 

түрлі  мотивациялық  бейнероликтер  мен  ситуациялық  суреттер  қолдануға  болады.  Сабақ 

барысында  оқудың  белсенді  əрекет  əдістерін  қолданудың  нəтижелілігін  осыдан  көруге 

болады.Сонымен қатар,оқудың белсенді əдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру 

жəне бірін – бірін тексеру жатады.   

Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы 

мен  оқушыға  шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  итермелейді,  себебі  оқушы  білімді 

өздігінен  іздену  арқылы  алу  керек  болса,  мұғалім  оқушының  білім  алуына  себептер, 

807


жағдайлар  тудыру  керек.  Ол  үшін  мұғалімнің  сабақты  жан-жақты  дайындауы  қажет,  сабақ 

үстінде  қандай  болмасын  оқушы  тарапынан  əртүрлі  сұрақтар  туындау  мүмкін  сол  жерде 

мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. 

Білімді  бере  салу  оңай,  ал  оқушыны  ізденуге  үйрету  қиынырақ,  ізденіс  барысында 

түйінді  мəселелерді  бекітуде  сыни  ойлауды,  өз  қызметіне  сынмен  қарауды  үйрету  қажет. 

Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан 

бағалау  ізгі  болуы  керек  қайталап  айтуға  ұмтылысы  болуы  тиіс  деген  идея  ұсынады. 

Оқушылардың  білімін  бағалау  олардың  жауаптарын  мұқият  тыңдағаннан  кейін,  оқушының 

жеткен  жетістігін  талқылап  бағалау  өзара  əрекеттесуіне  əсер  етеді.  Əр  сабақтан  кейін 

оқушының  жеткен  жетістіктерін  айтып  мадақтау,  қолдау,  топ  ішінде  ізденістеріне  табыс 

əкелгеніне,  сəтті  орындағандарына  өзара  баға  беріп  отырды.  Кез  келген  тапсырмалар 

орындау  кезінде  оқушыларға  өз  пікірлерін  білдіріп,  талқылау  үшін  шамалы  уақыт  беру 

керек. 

Сабақта ынтымақтастық атмоферасын құру:  



Оқушылардың  достықта  бірін-бірі  түсінуге,  қимыл-əрекет  жасауға  жəне

тапқырлықпен шыдамдылыққа үйретеді.

Оқушы сыныптастарымен  қарым – қатынасын  түзетуге  мүмкіндігі алады.



Ең  бастысы  сыныпта  жағымды  эмоциялық  атмосфера  орнайды.  Бұл  өз  кезегінде

оқушылардың барлығы сабақ барысында белсенді болуына əкеледі.

Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында мен өз тəжірибемде мынадай

əдістерді қолданып жүрмін: 

Жалпы мектепте ынтымақтастық орта болуы үшін, ең алдымен Выготскийдің тілімен 

айтқанда  ЖАДА  (Жақын  арадағы  даму  аймағы)  орнауы  қажет.  ЖАДА  дегеніміз  мен  үшін 

ұстазбенен - оқушының - оқушымен арадағы айналмалы үрдіс.  

Оқыту  үрдісіндегі  ынтымақтастық  ортаны  қалыптастырудың  тиімді  əдісі  диалогтік 

оқыту.  Оқушылар диалог  əдісін  қолдана  отырып,  оқушылар  бірлесіп  мəселені  талқыға  сала 

отырып білім алады. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығы 

артып, олардың білім деңгейі көтеріліп, сөйлеу мəдениеті қалыптасады.  

   Мерсер (2005)  құрдастар  тобындағы  өзара  қарым-  қатынас  оқуда  маңызды  рөл 

атқаратынын  көрсетті.  Оқушылар  жұпта  немесе  топтарда  жұмыс  істегенде,  олар  «мұғалім-

оқушы»  сұхбаты  түріндегі  өзара  іс-қимылға  қарағанда  мейлінше   «симметриялы»  болып 

табылатын өзара іс қимылға тартылады [1, 29 б.]

. Өз тəжірибемде ынтымақтастық орта құру 

мақсатында үнемі сабақтарымды топтық жұмыс ретінде жүргіземін. Өйткені топтық жұмыс, 



біріншіден,  оқушыларға  бірігіп  жұмыс  істеу  мүмкіндігін  тудырады.  Екіншіден

ұйымшылдыққа  тəрбиелейді.  Үшіншіден,  бірін-бірі  оқытуға,  бірінен-бірі  үйренуге  жағдай 

жасайды. Бұл əдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға, ойын 

еркін ортаға салуға, бірінен-бірі үйренуге септігін тигізді. 

Сонымен қатар «суреттердің айырмашылығын табыңыз» атты тапсырмаларды беруге 

болады.  Бұл  тапсырманы  орындау  барысында  оқушы  сыни  тұрғыдан  ойлайды  жəне  оның 

көңіл-күйі көтеріледі. Егер суреттер тақырыпқа қатысты таңдалса тіпті тиімді болады.  

Тіпті  сыныпта  оқушылардың  көңіл-күйлерін  көтеру  мақсатында  түрлі  комикстер 

немесе  көңілді  суреттерді  көрсетуге  болады.  Бұл  өз  кезегінде  жағымды  атмосфера 

қалыптастырудың жолы. 

Барлық  ұстаздар  білім  сапасы  оқушының  білімге  деген  құштарлығына, 

қызығушылығына  тікелей  байланысты  екендігін  біледі.  Сондықтанда  баланың  білім  алуға 

деген құштарлығын ояту үшін, сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасау қажет екендігін тағы да 

ескере  отырып,  психологиялық-ынталандырушылық  тесттерді  көптеп  алудың  маңызы  зор. 

808


Сондай психологиялық-ынталандырушылық тапсырмаларының бірі - «мінезін қандай?». Ол 

бойынша оқушыларға түрлі фигураларды таңдата отырып, оларға мінездеме беру. Мысалы, 

үш  бұрышты  фигураға – «Сен  көшбасшысын,  үнемі  белсенді  болып  жүргенді  ұнатасың» 

немесе  төртбұрышты  фигураға  «Сен  жайлы  адамсың,  көңілді  жүргенді  ұнатасын»  деген 

сияқты жағымды ынталандырушылық сөз тіркестерін қолдануға болады. 

Сыныпта  жағды  атмосфера  орнатудың  тиімді  жолы  ретінде  мен  тренингтерді  де 

қолданудың маңызы зор. Мысалы, «Энерджайзер – қол алысуды жинау». Бұл тренингте 1-2 

минут аралығында мейлінше мол қол алысу. Бұл өз кезегінде сыныптағы оқушыларды бір-

бірімен  жақындатады,  сонымен  қатар  көңіл-күйді  көтереді,  қалыптасқан  сыныптағы 

қолайсыздықты жояды [2, 28 б.].   

Танымдық  даму - ол  баланың  оқу  жəне  проблемаларды  шешу  қабілеті.  Дəлірек 

айтқанда,  танымдық  даму  оқуға  деген  қабілеттілік,  сондай-ақ  зейін,  сөз  сөйлеу  дағлылары, 

ойлау,  негіздеу  жəне  шығармашылық  зияткерлік  сияқты  қабілеттерді  дамытуға  жəне 

тұрақтандыруға  қатысты.  Жан  Пиаже,  Джин  Пиагет,  Мария  Монтессори  жəне  Лев 

Выготский  сияқты  ғалымдар  кіші  жастағы  балалар  дəл  өзін  қоршаған  ортамен  жəне 

адамдармен  əрекеттесу  кезінде  оқу  жəне  даму  жүзеге  асады  деп  сендірген.  Педагогтер  мен 

ересектер тікелей балалармен қарым-қатынас жасайды, олар орындайтын қызмет түрлері оқу 

мазмұнындағы балалар тəжірибесін пайдалануда аса маңызды.   

Оқытудағы гуманистік тəсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тəсілдің 

негізін  қалаушылар  Маслоу  мен  Роджерс.  Карло  Роджерстің  зерттеуі  логикалық  жəне 

интуитивті,  зият  пен  сезім  үйлесім  тапқан  барлық  тəжірибесімен,  білімімен  қоса  алғанда 

жеке тұлғаны қамтиды. Осындай тəсілмен оқығанда біз бүтінбіз (Роджерс, 1983ж.)

.

 Осы ойға 



байланысты  метасананың  оқыту  жолдарының  бірі - ойлау  тілін  анық  етіп  жасау  жəне  оны 

сыныпта  талқылауға  қосу.  Мысалы  үшін  "біз  не  туралы  ойлаймыз,  бұл  сабақта  не  туралы 

ойладық " деген сұрақтарды ой бағдар ретінде ұсына отыр. Оқушылардың өзіндік ойлауымен 

түсінігінің  артуына  көмектеседі.  Ұқсастық  бойынша  ойлау  қабілеті  адамның  санасы  жəне 

білім  алуы  үшін  өте  маңызды.  Ұқсастық  бойынша  ой  жүгірту  дағдылары  оқушыларға 

тапсырманы  табысты  орындауға  мүмкіндік  береді.  Əр  түрлі  тақырыптар  бойынша  алынған 

түрлі  ақпаратты  пайдалану  арқылы  оқыту  мен  білімді  жаңа  жағдайларға  қатысты  бейімдей 

ойластыру  қабілеті  (Чен 1997, Джентер,  Холиак 1997, Госвами  жəне  Браун 1990) 

[1, 79-81 

бб.]


Өз  тəжірибемде  ынтымақтастық  ортада  танымдық  қабілетті  жетілдіретін 

тапсырмаларды  қолдануды  басшылыққа  алудың  маңызы  зор  деп  ойлаймын.  Осы  мақсатта 

«Айғақ па, əлде пікір ме

» атты тапсырманың маңызы зор. 

Ол бойынша Мысалы:  

Сарматтарда амазонкалар болды. 

Сақтар өте жауынгерлер болды. 

Ғұндар қытайлықтарға ұлы қорған салуға мəжбүр етті т.б.с.с. ойға желетейтін 

сауалдарды қолдануға болады. 

Айғақ  əрдайым  дəлелдемелерге  негізделген.  Пікір  əдетте  біздің  эмоцияларымыздың 

өнімі немесе  айғақтың жеке тұжырымдамасы. 

Тəжірибе  барысында  сыныптағы  ынтымақтастық  орта  құруда,  тапсырманың  дұрыс 

таңдап алынуы да маңызды рол атқарады. Өйткені таңдап алынған тапсырма оқушылардың 

белгілі  ауқымына  байланысты.  Осы  мақсатта  мен  өз  сабақтарымда SVOD анализді 

қолданамын. SVOD анализді өткізуге нұсқаулық:  

Ең  алдымен  тақтаны  төрт  бөлікке  бөлемі,  одан  əрі  қарастырылатын  мəселені  немесе 

тақырыпты  əлсіз  жақтары,  күшті  жақтары,  мүмкіндіктері,  қауіптері  деп  бөлеміз.  Əрине 

мұндай  тапсырманы  орындау  ең  алдымен  оқушыларды  ынтымақтасттықтта  əрекет  етуге, 

809


өзгенің  ұстанымдары  мен  логикасына  сүйенуге,  əрбір  оқушының  ой  алмасуына, 

талқылауына  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы  оқушылардың  танымдық  қабілетін  жетілдіріп 

қана қоймайды, сонымен қатар сыныптың мүшелерін жақындата түспек. 

Сонымен  бірге  сыныптағы  көп  аудиторияны  ынтымақтасттықта  əрекет  етуге 

шақыратын  Токио  университетінің  профессоры  Каору  Ишикаваның  «Балық  сүйегі» 

диаграммасының  маңызы  зор.  Бұл  əдісті  тəжірибеде  қолдану  жеңіл.  Ишикаваның  «Балық 

сүйегі» диаграммасын орындауға нұсқаулық: 

Ең алдымен қарапайы тұрғыда тақтаға балық қаңқасын салу керек. Балықтың басы - 

қарастырылатын  мəселе,  балықтың  сол  жақ  қабырғалары – неге  бұл  мəселе  туындады,  ал 

балықтың  оң  жақ  қабырғалары – мəселені  қалай  шешеміз,  құйрығы – мұны  болдырмау 

шаралары. 

         Тұжырымдай  келе,  қазіргі  заман  талабына  сай  мұғалім  «білім  бұлағы»  емес, «білім 

бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай 

оқушының  білім  алу  белсенділігін  жоғарылату  мақсатында  жаңа  технологиялар  меңгеруі 

қажеттілігі  туындап  отыр.  Сөз  сонында  Абылай  ханның  өлең  жолдарымен  аяқтағым  келіп 

отыр. 


Білекке сенген заманда, 

Ешкімге десе бермедік, 

Білімге сенер заманда, 

Қапы қалып жүрмелік! 



Əдебиеттер тізімі 

1.

Мұғалімге  арналған  нұсқаулық. «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  ДББҰ, 2012 жыл. -



306 бет.

2. К.З.Жақсылықова. Тренингтік ойындар мен жаттығулар: əдістемелік құрал. –Алматы,

2014 ж. – 72 бет.

810


СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ - САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ 

Искакова А. Ж. 

№123 Т.Жүргенов атындағы орта мектеп 

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

 

Аңдатпа    

  Баяндамада  деңгейлік  курс  бағдарламасы  идеяларын  оқыту  процесінде  тиімді 

қолдануға байланысты құнды мəліметтер келтірілген. Мұғалім жеке мұғалімнің іс-əрекеттегі 

зерттеуін  жүргізіп,  нəтижесінде  білім  сапасының  артқандығын  көрсетеді.  Сыни  тұрғыдан 

ойлауға  үйретудің  əдіс-тəсілдеріне  құрылған  сабақ  үлгісін  беріп,  оған  талдама  жасайды. 

Жаңа  формация  мұғалімдеріне  қойылатын  талаптардың  бірін  шығармашылық  дағдылармен 

байланыстырып,  өзінің  ойлап  тапқан  əдіс-тəсілдерін  ұсынады.  Деңгейлік  курс  негізінде 

жүргізген  жұмыстарында  кездескен  қиыншылықтармен  бөлісіп,  шешу  жолдарын  табуға 

тырысқан. 

Аннотация 

В  докладе  приведены  ценные  сведения  из  Программы  уровневых  курсов  в  учебном 

процессе.  Учитель  проведя  исследование  в  действий,  показывает  на  повышение  результата 

качества  знаний.  Дает  образцовый  урок,  основанный  на  приемах  и  методах  критического 

мышления, анализирует его. Связывая требования к учителю новой формации с творческим 

навыкам, предлагает разработанные приемы и методы. 



Annotation 

          To the lecture valuable information is given from Program of level courses in an educational 

process. Teacher searching in actions, shows on  increase of result of knowledges’ quality. Gives an 

exemplary lesson based on techniques and methods of the critical thinking, analyses it. Linking 

requirements to the teacher of new structure with creative skills, offers worked out techniques  and 

methods. 

Білім  берудің  негізгі  мақсатына  қатысты  қазіргі  қоғамда  жаңа  ұғым  пайда  болды. 

Мұғалім,  ең  алдымен,  оқушыда  өзін-өзі  дамыту  қабілетін  қалыптастыруға  ат  салысу  керек. 

Өйткені,  бұл-тұлғаны  ұлттық  жəне  əлемдік  мəдениетке  үйлесуге  апаратын  сара  жол.  Бүкіл 

дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты 

дайындау  міндетімен  байланысты.  Біздің  қоғамға  жаңа  мағлұматтарды  қабылдап  қана 

қоймай,  оны  ойлана  отырып,  сыни  талқылап,  ой  елегінен  өткізе  білетін  оқушылар  керек. 

Яғни,  оқушылар  мағлұматтар  мен  идеяларды  өз  беттерімен,  тəуелсіз  меңгеріп,  осы  алған 

мəліметтері  пайдалы  болатындай  ойланулары  керек.  Олар  жаңа  идеяларды  əр  түрлі 

көзқараспен  зерттеп,  шынайылығы  мен  пайдасын  талқылап,  идеяның  жалпы  құндылығын 

анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашаққа 

лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау - білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-

келген  маман  үшін  кезек  күттірмейтін  мəселе.  Яғни,  гуманизм  мен  демократия  идеялары 

басты  бағыт  болып  тұрған  жаңа  ғасырда  білім  беру  жүйесіне  де  жаңа  тəжірибелер  енгізу 

керек. Сонда ғана болашақта нəтижелі жұмыс атқарамыз. Осы идеяны құптаушы ретінде 45 

минуттық  əрбір  сабағымда  оқушылардың  бойына  аталған  дағдыларды  қалыптастыруға 

811


тырысамын.  Деңгейлік  курстың  бірінші  деңгей  сертификатына  қол  жеткізгеніме  көп  уақыт 

өткен  жоқ,  курстың  бізге  бергені  өте  көп  болды.  Мектепке  енгізген  біздің  басымдығымыз 

əріптес,  ата-ана,  оқушылардың  сауалнама  нəтижесінде  шықты:  Сын  тұрғысынан  ойлауға 

үйретудің  əдіс-тəсілдерін  қолдана  отырып    білім  сапасын  арттыру.  Сондықтан  сабақтар 

көрсетіп, өзгерісті өзімізден бастау басқа мұғалімдерге бағыт-бағдар бергенде өзімізге тиімді 

болады.  Глоссарийде  Action research (сөзбе-сөз - Іс-əрекеттегі  зерттеу)-оқыту  мен  оқу 

тəжірибесін  жетілдіру  мақсатында  бірізді,  тізбектелген,  жоспарланған  іс-əрекеттерді 

орындауды,  сондай-ақ  зерттеу  барысында  алынған  нəтижелерге  жүйелі  түрде  мониторинг 

жүргізуді көздейтін үдеріс  деп көрсетілген. Ол проблеманы анықтау, деректерді жинақтау, 

деректерді  түсіндіру,  деректер  негізінде  əрекет  ету,  нəтижелерді  бағалау,  келесі  қадамдар 

секілді  кезеңдерді  қамтиды.  Іс-əрекеттегі  зерттеудің  Ферранс (2000) ұсынған  жеке 

мұғалімнің іс-əрекеттегі зерттеуі, бірлескен іс-əрекеттегі зерттеу,  мектептің кеңейтілген іс-

əрекеттегі  зерттеуі,  кеңейтілген  аймақтық  іс-əрекеттегі  зерттеу  секілді  түрлері  бар. 

Басымдығымызбен  байланыстырып  əрі  оқушылардан  алынған  сауалнама,  ата-анамен 

сұхбаттасу  нəтижесінде  жоғарыда  аталған  кезеңдер  бойынша  сын  тұрғысынан  ойлауға 

үйретудің  əдіс-тəсілдерін  қолдана  отырып    оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  қалай 

арттыру  болады?  деген  сауалды  қоя  отырып,  жеке  мұғалімнің  іс-əрекеттегі  зерттеуін 

жүргіздім. Сондықтан нақты осы сынып турасында ағылшын тілінен мен сабақ беретін 8 «Б» 

сыныбындағы  оқушылардың  сабаққа  деген  ынта,  ықыласын  арттыру  жолдарын  шешуге 

тырысып, жоспар құрдым.  

Оған  дейінгі  сабақтарда  Не?  Қашан?  Қайда?  секілді  сұрақтарды  қазіргі  əрбір 

сабағымда: Не себепті деп ойлайсың? Олай айтуыңа не негіз болды? Қандай дəлелдер келтіре 

аласың?  сұрақтарына  алмастырдым.  Оқулықтан  тыс  ізденуге  тапсырмаларды  жиі  беремін, 

бұл  оқушылардың  өзін-өзі  дамытуына  көп  ықпалын  тигізеді.  Сабақ  барысын  мұғалім,  яғни 

өзім  хабарлап  отырғаннан  гөрі  оқушылар  осы  үдерісті  мұғалімнің  бағыттауымен  өздері 

жүзеге асырса, қызығушылық жоғары болады. Қызығушылық бар жерде білім сапасының да  

нəтиже болатыны анық. 

Бұл  бағдарлама  оқушылардың  ойлана  білуіне,  өз  оқуына  таңдау жасау,  басқалардың 

идеяларына  күмəнмен  қарау  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі.  Мұғалім  шеберлігі  арқылы 

баланың  білімді  игеруге  қызығушылығын  ояту  қажет.  Ал  ол  сұрақ  əр  түрлі  əдіс-тəсілдер 

арқылы  баланың  алдына  жан-жақты  мақсат  қойып,  іске  асыруына  жол  көрсетеді.  Сыни 

тұрғыдан  ойлаудың  əдістерін  қолданғанда,  үнемі  əріптестермен  бірге  талқылап,  тəжірибені 

ой  елегінен  өткізіп  отыруды  жөн  деп  санаймын.  Сабақтарымда  көптеп  қолданатын 

стратегияларым: «Джигсо», «Ассоцация», «Кластерлеу», «Бес жолды өлең», «Əдеби үйірме», 

«Эссе», «ББҮ», «Түртіп алу», «Миға шабуыл», «Инсерт», «Екі жақты түсіндірме-күнделік», 

«Автор  орындығы», «Үш  қадамды  сұхбат», «Сөзжұмбақ», «Кубизм», «Галереяға  саяхат», 

«Бірін-бірі  оқыту», «Дөңгелек  үстел», «Сиқырлы  қалам»,  «Ойлан,  жұптас,  талқыла», 

«Пікірталас», «Құрылымдалған шолу» т.б. Жəне əдіс-тəсілдерді өзіме қолайлы етіп сабақтың 

əр кезеңдеріне ыңғайлап бөліп қойдым. Сабақ беретін сыныптарымдағы оқушылар бұл əдіс-

тəсілдерге  төселген,  ережелерін  біледі,  басқарушылық,  көшбасшылыққа  ұмтылып,  өзін-өзі 

басқара  алады.  Сонымен  қатар  оқушылардың  оқуға  деген  ынта-ықыласының  артқандығын, 

адами  жақсы  қасиеттердің  қалыптасқандығын,  мұғалімнің  шыдамдылық,  төзімділік  сияқты 

сапаларымен  қатар  оқушылардың  басқаны  қабылдау,  түсіну,  сыйлауды  үйренгендігіне  көз 

жеткізіп, əрі қарай əдістемемді жетілдіруді мақсат етудемін. Сыни тұрғыдан ойлау əдісін өте 

аз  пайдаланамыз,  енжарлыққа  бой  алдырамыз,  ендігі  ойым  келешекте  осы  əдісті  əр 

сабағымда  пайдалану.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  баланың  оқуға  деген  қызығушылығын 

812


арттырып қана қоймай, кез келген нəрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-

өзі реттей алатын тұлғаны тəрбиелеуде көп көмегін тигізеді. 

Топтарда  бірлесе  жұмыс  жасауда  өзіміздің  ережелерімізді  жасап  алғанбыз.  Оны 

сынып  бөлмесінің  оқушылардың  көзіне  көрініп  тұратын  жерге  іліп  қойғанмын. 

Жауапкершілік,  сыйластықтың  болуы;  Топтарға  бөлгенде  топ  құрамының  əртүрлі  болып 

отыруын  естен  шығармау;  Кезекпен  сөйлеп,  топтардың  ұтымды  жұмыс  жасау  дағдысы.  Ал 

оқушылар  үшін  бұл  жоба  бойынша  жұмыс  жасау  үшін  төмендегідей  міндеттер  орындалып 

отырғаны дұрыс деп таптым: өз алдарына сұрақтар қойып, оның жауабын табуға тырысу; өз 

бетімен білім алуға ұмтылу; зер сала тыңдай білу; өз пікірін дəлелмен жеткізу; Топта, жұпта, 

жеке  жұмыстардағы  ізденіске  жетелейтін  əдістерге  тез  бейімделу. Өзім  үшін  оқушылармен 

ашық,  достық  қарым-қатынас  орнату;  Жұмыстың  əртүрлі  формаларын,  сын  тұрғысынан 

ойлауға үйретудің əдіс-тəсілдерін тиімді ұйымдастыра білу; Оқушылардың өз бетімен білім 

алуына  ықпал  жасайтын  стретегияларды  дұрыс  қолданып,  өз  шығармашылығыммен 

ұштастыра пайдалануды міндеттер етіп алдым.  

8-сыныпта  өткен «Values» тақырыбындағы  сабаққа  төмендегідей  мақсаттар  қойып 

алдым: Real Conditional-ды меңгерту; “The smell of  bread” мəтінін оқу арқылы өз пікірлерін 

айта  алуға  дағдыландыру;  Сын  тұрғысынан  ойлауын  дамытатын  тапсырмалар  орындату 

арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу; Оқушыларды тыңдай білуге, қолайлы ортада 

жұмыс жасауға тəрбиелеу.  

Оқушыларды  «Гүл  күлтелері»  ойыны  арқылы  топтарға  бөлдім.  Оқушыларға  «Бір-

бірімізге гүл сыйлаймыз» дегенде, арлы-берлі жүреді, «Үш күлтелі гүл сыйлаймыз» дегенде, 

үшеуден, «Алты күлтелі» дегенде, алтаудан бірігеді. Ең соңында «Бес күлтелі гүл» дегенде, 

бесеуден бірігіп, сол топтар бойынша орындарына отырады.   Үй жұмысына   «Art is long, life 

is short» тақырыбында  эссе  жазу  тапсырылған.  Кіріспе  кезеңінде  мақал-мəтелдердің  қалып 

қойған сөздерін тауып, бас əріптерін қосу тапсырылды. 

1. Find the missing words of proverbs.

1.Virtue is its own reward.

2.All that glitters is not gold.

3.He laughs best who laughs last.  

 4.Better unborn than untaught.

5.

East or West — home is best.



 6. Art is long, life is short.

Сөйтіп, жаңа сабақтың  Values тақырыбы шығады.  How do you understand the meaning of the 

word “Values”?  «Ойлан, жұптас, талқыла» əдісі арқылы əр оқушының тақырып жөнінде не 

білетінін жазу үшін 3 минут уақыт бердім. Оқушылар содан кейін жұптасып, жазғандарымен 

бөлісті.  

Негізгі  бөлімге  «Ойлан,  жұптас,  талқыла»  əдісінің  талқыла  бөлігі  арқылы  көштім. 

Яғни,  оқушылардан  топтарда  жұмыс  жасап,  өзімнің  ойлап  тапқан  əдісім  «Жаңылыспаған 

идея»  əдісі  арқылы  оқушылар  жұмыс  қорғайды.  Бірінші  топ  ойларын  плакатқа  суретпен 

жеткізді,  екінші  топ  ассоцация  арқылы  көрсетті,  үшінші  топ  диалог  құрастырды.  Əр  топ 

төмендегі  бағалау  парақшалары  арқылы  бір-бірінің  жұмыстарын  бағалап,  пікірлерін  айтып 

өтті.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет