Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет94/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113

Groups’ marking papers 

Measure of marking  

1-group  

2-group  

3-group  

Explanation the theme  

Explanation of the speaker  

Decoration  

Points  


 “The Smell of bread” мəтінін  компьютерден    тыңдап,  оқушылар  бір  мəрте  оқып, 

«Əдеби  үйірмелері»  стратегиясы  арқылы  орындап  шықты.  Баяндап  берушілер-өз  ойына 

813


сүйене отырып мəтін мазмұнын айтып берушілер. Зерттеушілер кейіпкердің түр-түсі, мінез-

құлқына сипаттама береді. Сұрақтар құрастырушылар мəтін мазмұнына байланысты жоғары 

деңгейлі  сұрақтар  дайындап,  оқушыларға  қояды.  Сілтемелер  табушылардың  міндеті-мəтін 

мазмұнына  байланысты  тұрақты  тіркестер,  мақал-мəтелдер  тауып  айту.  Бейнелеуші 

суретшілер  оқиғаны  қойылым  түрінде  жеткізеді.  Ал  дəнекерлер  мəтін  мазмұнын  өмірмен 

байланыстырады. Топтар бір-бірінің жұмыстарына екі жұлдыз, бір тілек айтады. 

«Миға шабуыл» сұрақтары арқылы мəтін мазмұны талқыланады. 

1. Was the baker a good man? Why or why not?

2. Do you think the judge was a wise man?

3. Do you agree with the judge? Why or why not?

4. Do you know a story like this one? Tell it to the class. What is the difference about two stories?

Оқушыларға грамматикалық материал түсіндіріледі. Unreal Conditional 

Өзім  ойлап  тапқан  «Балықшы  ауы»  ойынын  ойнату  арқылы  жаттығу  жұмысы 

орындалады.  Шеңбер  құрай  отырып,  тоқыма  жіпті  бір-біріне  лақтырып,  тапсырмаларды 

орындайды.  Жіп  қалыңдаған  соң,  кеттік  балық  аулауға  деп  орындарына  оқушыларды 

жайғастырамын. Əрі қарай оқулықтағы жаттығулар орындалады. 

Қорытынды  кезеңіне  «Дөңгелек  үстел»  əдісінің  ауызша  түрін  қолдандым.  Үш  топқа 

үш ақ парақ беріп, тақырып төңірегінде real conditional-ды пайдаланып, бір сөйлем айтады,  

екінші  оқушы  ол  сөйлемді  қайталап,  өзінің  сөйлемін  қосады.  Осылай  топ  мүшелерінің 

барлығы  айтып  болғанша,  жалғаса  береді.  Егер  уақыт  жеткілікті  болса,  бұл  əдісті  жазбаша 

орындатуға да болады. 

Оқушылардың  сабаққа  кері  байланысы  тақтаға  ілініп  тұрған  смайликтерге  олардың 

стикерді жабыстыруы арқылы көрінді. 

           The lesson was very informative. I’ve got a lot of useful  information. I was active. I    

              answered well. 

          The lesson was quite interesting. I’ve got some information. I understood almost everything.  

           But I was a little tensed. I've made a few mistakes. 

            The lesson was dull. It was difficult for me to take part in it. I’ve made a lot of mistakes. I 

wasn’t ready for it. 

Бұл сабақ үлгімді өз тəжірибеммен бөлісу үшін беріп отырмын. Өзім сабақ беретін 8-

сыныптардың  ішінде 8 «Б»  сыныбына  жаңаша  үлгідегі  сабақ  бойынша  жүргіземін.  Бұл 

сыныптың  оқушылары  салыстырмалы  түрде  оқу  үлгерімінен  де,  өз-өздерін  ұстауы,  өмірге 

басқаша көзқараспен қарауы барлығынан ерекшеленіп, алда тұрады. Былтырғы оқу жылында 

сыныпта 10 оқушы жақсыға, 6 оқушы орташаға үлгерсе, биылғы оқу жылында пəнге деген 

қызығушылықтары ерекше оқушылардың 14-і жақсыға, тек екеуі орташаға үлгеріп отыр. Бұл 

бағдарлама  идеяларының  тиімділігіне  көзім  жеткеннен  кейін,  енді  басқа  да  сыныптарда 

қолдануды қолға алмақпын. 

Жаңа  формация  мұғалімі-рефлексияға  қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған 

əдіснамалық, 

зерттеушілік, 

дидактикалық-əдістемелік, 

əлеуметтік 

тұлғалы, 

коммуникативтілік,  ақпараттық  жəне  тағы  басқа  құзыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен 

сипатталатын  рухани-адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл 

тұлға.  Шығармашыл  мұғалім  үшін  біреудің  тəжірибесін  қайталағаннан  гөрі  өз 

жаңалықтарын,  білгендері  мен  түйгендерін  басқаларға  ұсына  алуының,  шығармашылық 

бағыттылықтың болуының мəні зор.  Сондықтан  ағылшын тілі пəні бойынша өзім  оқытатын  

сыныптарда  сабағымды  қайткенде  қызықты,  тартымды  етіп  өткізем,  қойған  мақсатқа  қалай 

қол  жеткіземін  деген  сұрақтардың  шешімін  табудың  жолдарын  іздестіріп  жүремін.  Осы 

орайда  іс-əрекеттегі  зерттеуімнің  қайта  жоспарлау  кезеңіне  көшкенде,  өзім  ойлап  тапқан, 

814


ағылшын  тілі  пəнін  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктерін  ескеріп  жасаған  оқушылардың  сыни 

ойлауын  дамытататын  20 шақты    əдіс-тəсілдер,  ойындарым  бар,  солардың  бірнешеуін 

əріптестеріме ұсынамын: 

«Мəтін мəні» əдісі («Meaning of the text»). Мəтін мазмұнын игеруде, оны өз сөзімен 

баяндауда  тиімді  тəсіл  болып  табылады.  Ағылшын  тіліндегі  көлемді  мəтіндерді  оқығаннан 

кейін осы кестені толтыруды сұраңыз! Оқушы маңызды оқиғаларды мəтіннен іздей отырып, 

тез игереді. 

Басты 

кейіпкерлер 



Оқиға 

Оқиғаның 

басталуы 

Оқиғаның 

ұласуы 

Оқиғаның 



аяқталуы 

Main characters   Event 

Beginning of the 

event 


Continued  of the 

event 


End of the event 

«Қызықты  əңгіме»  ойыны (game «An interesting story»).  Ойын  жаңа  сөздерге 

сөйлем  құрау,  грамматикалық  материалға  байланысты  мысалдар  келтіруде  тиімді.  Бұл 

ойынды сергіту сəтінде ұйымдастырса да болады. Шарты: Оқушылар шеңбер қүра тұрып, бір 

оқушы  бір  сөз  айтады,  екінші  оқушы  оның  мағынасына  сəйкес  келесі  бір  сөзді  айтып 

жалғастыра  береді.  Сөйлем  аяқталған  кезде  жаңадан  сөйлем  бастауға  болады.  Егер  оқиға 

қызықты  болып  өрбіп  бара  жатса,  шеңберді  екінші,  үшінші  айналымға  дейін  жалғастыруға 

болады. Сонда қызықты бір əңгіме шығады.  

«Балықшы  ауы»  əдісі («Fishing net» method).  Ағылшын  тілі  сабақтарында  жаңа 

тақырыпты  бекітуге  өте  қолайлы  əдіс.  Мұғалім  сабаққа  алдын  ала  тоқыма  жіп  дайындап 

əкеледі.  Сабақтың  соңында  мұғалім,  оқушылар  шеңбер  бойымен  тұрып,  мұғалім  бір  сұрақ 

қойып тоқыма жіптің ұшын өзі ұстап, оқушыға лақтырады. Оқушы ол сұраққа жауап беріп, 

ұшын  өзі  ұстап,  келесі  оқушыға  лақтырады.  Осылай  сұрақтар  жалғаса  береді.  Тор  əбден 

қалыңдаған соң, мұғалім «балық аулауға кеттік деп», оқушыларды орындарына отырғызады.



«Дене мүшелері» ойыны (Game «Parts of the body»). Оқушыларға «Дене мүшелері» 

тақырыбын үйреткен кезде мұғалімдерге таптырмас ойын. Екі оқушыдан жұптастырып, 3-4 

жұпты  тақтаға  шығарып  жарыстырады.  Шарты:  Мұғалім  бір  əріпті  атайды,  оқушы  сол 

əріптен  басталатын  жанындағы  жұбының  дене  мүшелерінің  барлығына  стикерді 

жабыстырады,  қай  жұпта  стикер  өте  аз    жабысқан  жəне  қателер    болса,  сол  жұп  ойыннан 

шығып,  қалған  жұптар  əрі  қарай    ойынды  жалғастырады.   Ескерту:  Мұғалім  дене 

мүшелерінің  бас  əріптерін  сабақтың  алдын  ала  ойластырып  алғаны  жөн.  Себебі  кей 

əріптерден басталатын дене мүшелері мүлдем жоқ. 



 «Гүл  күлтелері»  əдісі («Petals of flower» method) – сандарды  меңгертуде 

қолданылатын, ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқытатын  мұғалімдерге арналған əдіс. 

Оқушылардың  барлығын  ортаға  шығарып,  мұғалім  шартын  түсіндіреді. «Бір-бірімізге  гүл 

сыйлаймыз» («We’ll give flower to each other») дегенде,  оқушылар  арлы-берлі  жүреді, «Үш 

күлтелі  гүл  сыйлаймыз» («We’ll give flower with three petals») дегенде  үшеуден  бірігеді, 

біріккен  оқушылардан  тыс  қалып  қойғандары  ойыннан  шығып  отырады.  «Жеті  күлтелі 

гүл...» дегенде, жетеуден бірігіп əрі қарай осы реттілікпен жалғаса береді. Ең соңында қалған 

оқушылар  жеңімпаз  аталып,  мұғалім  гүл  сыйласа  да  болады,  бұл  олардың  сабаққа  деген 

назарын ынталандыру болып табылады. Осылай оқушылардың қандай сандарды меңгерген, 

меңгермегендігін анықтап, əрі қарай сабақты жалғастыра бересіз. 

815


 «Жаңылыспаған идея» əдісі (method «Right idea»). Əр топқа тақырып төңірегінде 

3-4  сұрақ  беріліп,  сол  сұрақтардың  жауабын  жаңылыспай  нақ  көрсететіндей  жұмыстар 

қорғайды.  Оқушылар  жұмысты  қандай  түрде  қорғайтындарын  өздері  шешеді,  ең  бастысы  

тақырып ашылу керек.  Өзімнің сабақтарымда осы əдісті қолданғанда, оқушылар сұрақтың 

жауабын  плакатқа  кесте  түрінде  көрсетті,  сурет  салды,  көрініс  қою  арқылы  диалог  түрінде 

жеткізді, тіпті кейде мұғалім рөліне еніп, түсіндіріп берген кездері де болды.   

Зерттеу  барысында  бағдарлама  идеясының  бір  модулі  болып  табылатын  сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамытуды  тиімді  қолдану  қажеттігін  түсіндім:  жоспарлауға  дайын 

болуы;  бейімделгіштігі  (басқалардың  идеяларын  қабылдай  алуы);  қайсарлығы  (қиын 

тапсырмаларды  кейінге  қалдырмауы);  жете  түсінуі  (өзінің  жəне  басқа  адамдардың  пікірін 

қадағалау); ымыралы келісімді іздеуі; коммуникативтілігі. Оның шарттары: сын тұрғысынан 

ойлауда  тəжірибе  жинау  үшін уақыт  жəне  мүмкіндік  беру;  оқушылардың  ойлауына  жағдай 

туғызу;  əртүрлі  идеялар  мен  пікірлердің  тууына  мүмкіндік  жасау;  оқыту  үрдісінде 

оқушының белсенділігін қолдау; əрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; оқушының 

өз пікірін білдіруге жетелеу жəне оның пікірін бағалау.  

Үшінші мың жылдықтың білімді, саналы ұрпақтарына білім себуде əлі де ізденіп, өз 

шығармашылығымды  жетілдіре  беру  қоғамның  жақсаруына  қосқан  үлесім  деп  білемін. 

Сондықтан  менің  оқушыларыма  бұл  бағдарламамен  сабақ  жүргізу  мынандай  мүмкіндіктер 

берді, яғни бұларды іс-əрекеттегі зерттеуді бағалау десек те болады: айқын мақсат қоя білу; 

белсенді  қатысуды  қолдау;  жақсы  дискуссияның  болуына  себеп  тудыру;  өзінің  жеке 

сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру; өзінің жеке пікірі мен ойын 

білдіруге көмектесу; оқуға деген оқушылардың ынтасын қолдау; басқалардың пікірлерін де 

сыйлау керек деген атмосфера құру; кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін 

дамыту; өзгеруге себеп болады; сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, бұл курстың да ерекшелігі – оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға 

үйрету,  мектепте  алған  білімді  сыныптан  тыс  жерде  тиімді,  орынды  қолдана  алу.  Осы 

тұрғыда бала бойында білім, білік, дағдының бірлігі-құзыреттіліктің қалыптасуы көп көрініс 

таба бермейтін қалып. Сондықтан алдағы уақытта жіберген кемшіліктерден (Уақытты тиімді 

пайдалану;  Сын  тұрғысынан  ойлаудың  əдіс-тəсілдерін  енгізуді  жетілдіруде,  тапсырмалар 

дайындаудағы  қиыншылықтар;  Зерттеу  сұрағын  анықтаудағы  кедергілер,  яғни  сауалнама 

нəтижесінің  əртүрлілігі  т.б.)  сабақ  алып,  оны  болдырмаудың  жолдарын  қарастырып,  келесі 

қадамымда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің əдіс-тəсілдерін басқа да сыныптарда қолдану, 

Б.есімді баланың əлі де сабаққа мардымсыз қатысуы, соның жолдарын зерттеу, сауалнаманы 

түрлендіру,  бірлескен  іс-əрекеттегі  зерттеу  жүргізуді  алдағы  уақытқа  жоспарлап, 

ізденушілікпен жұмыс жасамақпын. 

Əдебиеттер тізімі 

1. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен əдістері.

С.Мирсейітова. ҚазОА: Қарағанды, 2011. 

2. Хмель Н.Д., Хайруллин Т. Педагогика Дəріс курсы. Алматы: «Нұрлы əлем», 2003.

3. Мұқанова  Б.Ы.,  Төлеубекова  Р.К.  Оқушылардың  ұжымдық  танымдық  іс-

əрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері. 560-б. 

4. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-

Образование , №6. 2006. 

5. Alberta Teacher Association (2000). Action research Guide. [Іс-əрекеттегі зерттеу

бойынша нұсқаулық]. 

http://www.teachers.ab.ca/SiteCollectionDocuments/ATA/Publications/Professional-

816


Development/ActionResearch.pdf.

5. Elliott C., Turnbull S. Critical Thinking in Human Resource Development.— Routledge,

2005. С. 210. ISBN 0415329175; ISBN 978-0415329170                                                   6. 

Король С. А. К классификации особенностей критичности мышления. Вопросы 

психологии, 1981, №4, С. 108-112.                                                                                    7. 

Ивунина Е. Е. О различных подходах к понятию «критическое мышление» //Молодой 

ученый. 2009.                                                                                                                       8. 

Бутенко А.В., Ходос Е.А. Критическое мышление: метод, теория, практика. Учеб.-

метод. пособие. М.: Мирос, 2002. С. 176. 

817


НƏТИЖЕЛІ КӨШБАСШЫЛЫҚ – МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҢ ДАМУЫНЫҢ 

ФАТОРЫ  

Исмаилова М. К. 

  Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы  

дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   

Аңдатпа 

Баяндамада 

мектеп-интернаттың 

тəрбиеленушілерінің 

арасында 

нəтижелі 

көшбасшылықты  еңгізу  тəжірибесі  туралы  айтылған.  Əр  жастағы  топтар  ынтымақтастығы 

тəрбиеленушілердің  жеке  бас  қасиеттерін  дамытады,  сонымен  қатар  топтар  арасында  

берекелілікке, өзара көмекке жəне біліктілікті арттыруға ықпал етеді. 

Аннотация 

В  докладе  излагается  об  опыте  внедрения    результативного  лидерства  среди 

воспитанников  школы-интерната.  Сотрудничество  между  различными  возрастными  

группами  способствует  развитию  межличностных  качеств  в  воспитанниках,  а  также  

сплоченности, взаимопомощи и компетентности в группах. 

Abstract 

In the report it is stated about experience of introduction of rezultatitvny leadership among 

pupils  of  boarding  school.  Cooperation  between  various  age  groups  promotes  development  of 

interpersonal qualities in pupils, and also unity, mutual aid and competence of groups. 



Көшбасшылыққа ұмтылу –  

адамның шығармашылық түйсігінің көрінісі. 

 Фридрих Ницше  

Үрдіске  бағытталған  көшбасшылық – бір  жағынан  ұжымдық  сананың  жəне  қоғамның 

барлық  деңгейлеріндегі  табысқа  ұмтылудың,  екінші  жағынан  жеке  тұлғаның 

ұйымдастырушылық өзгерістері мен дамуының негізі болатын ғаламдық модель. Ұжымдық 

өзгерістер жəне жеке тұлғаның көшбасшылығының дамуы деңгейлердегі əрекеттілікті талап 

ететін жүйелік құрылым болып табылады. Терең Демократияның қосымша өнімдеріне жеке 

тұлғаның  уəжі,  əлеуметтік-экономикалық  дамуы,  қоғамды  қалыптастыруды,  барлық 

деңгейлердегі қақтығыстарды шешу жəне көпжақты көшбасшылықты дамытуды жатқызуға 

болады.  Көшбасшылықты  дамыту - реттелген  даму  жəне  ғаламдық  тұрақтылықтың  негізгі 

компоненті  болып  табылады.  Көшбасшылар  концепциялары  түгел  іскер  əлемде  жəне 

қоғамның  басқа  да  салаларында  өзгеріске  ұшырауда.  Ешкім  бүгінгі  күні   көшбасшылықты 

барлық ұйым жұмысын бір ғана адам реттейтін статикалық модель ретінде қарастырмайды. 

Көшбасшылық – ұйымның 

барлық 

деңгейлерінде 



білімді 

жəне 


бейімделгіш 

индивидуумдарды талап ететін əріптестіктің толыққанды үрдісі. Коучинг (жаттықтыру) жəне 

кəсіпкерлік  шеберлік – психологиялық,  эмоционалдық  жəне  саяси  реттелген  даму 

жолындағы  шығармашыл  əлеуметтік,  саяси  жəне  бизнес-шешімдер  дамуының  маңызды 

аспектілерінің  бірі  осы  көшбасшылық  болып  келеді.  Қазіргі  заманғы  қазақстандық  қоғам - 

оның барлық саласында күрделі бетбұрыстардың орын алуымен ерекшеленуде. Елдің саяси 

818


жəне əлеуметтік -экономикалық дамуында қоғамның əрбір саласында өз орнын таба алатын 

көшбасшы тұлғаларды қалыптастыру өзекті мəселелердің бірі болып қала бермек. Болашақ 

ел  тізгінін  қолына  алып,  келешекке  сеніммен  қарайтын  көшбасшыларды  дайындау  жəне 

олардың  бұл  орайда,  осы  күнгі  сұраныстарын  өтеу,  психологиялық-педагогикалық  тұрғыда 

көмек  беру,  оқу-тəрбие  үрдісінде  көшбасшылық  потенциалды  арттыра  отырып  дайындау - 

мемлекеттің  стартегиялық  міндеттерінің  бірі.  Əрине  жоғарыдағы  үрдісті  орындауда 

мектептің  рөлі  ұшан  теңіз.  Осы  күндердегі  отандық  педагогика  дəстүр  мен  инновацияның 

симбиозында  дамып  келе  жатырған  күрделі  жүйе.   Қоғамның  түрлі  салаларындағы 

көшбасшыларды  дайындау  бірінші  кезекте  үлкен  күш-жігерді  талап  етеді,  яғни  көшбасшы 

шəкірттің артында үнемі оны қолдап отыратын көшбасшы мұғалімдерді қажетсінеді.  

Көшбасшылық бұл - көпқырлы күрделілігімен көзге түсетін психология-педагогикалық 

жəне  əлеуметтік  феномен.  Шетелдік  психолог  мамандардың  пайымдауынша  көшбасшыны 

қалыптастыру  бұл - тұлғаның  белгілі  əлеуметтік  қызметі  барысында  өзгеруін  талап  ететін 

басқарымды үрдіс. Осыған орай көшбасшыны қалыптастыру бұл - стихиялық үрдіс емес, бұл 

-  оқу  мен  тəрбиені  ұйымдастыру  барысында  оған  қатысатын  тұлғалардың  жан-жақты 

белсенділігін арттыруды көздейтін құбылыс. Сондықтан, оқыту мен тəрбие берудің белсенді 

формалары  белсенді  өмірлік  көзқарасымен  айқындалатын  тұлғалардың  қалыптасуын 

көздейді. Яғни бұл құбылысты бір сөзбен «нəтижелі көшбасшылық» деуімізге болады.

 

 

Болашақ көшбасшының мақсаты - өзінің əдістері мен қабілеттерін табу жəне талдау, өз 



мүмкіншіліктерін  анықтау,  өзгеше  əрекет  етуді  үйрену.  Өз  жеңісіңе  сенуіңізге  ешқандай 

негіз  болмаса  да,  жеңіске  жететініңізге  сенгеніңіз  жөн. «Көшбасшылық – ең  əуелі,  өз 

бірегейлігіңді  ұғыну».  Тұлғаның  дамуы  жиі  адамның  өзін  өзгерте  алуына  деген  сенімнің 

жоғымен тежеледі. Өмірдің əрбір сатысында адамдар өмірлік тəжірибенің негізінде өсуі мен 

алынған  сабақтарға  мəн  бермей,  жеңіліске  ұшыраудың  арасында  таңдау  жасап  отырады. 

Көшбасшылыққа деген талпыныс өз өміріңізде жасалған əрбір қадам үшін жауап беруіңізді 

талап  етеді,

 

кейде  адамдарда  өздерін  өзгерту  үшін  қажет  идеялар  мен  табандылық 



жетіспейді. Олар бұл білімді атақты адамдардың өмірбаяндары мен естеліктерін оқу арқылы 

алуға  тырысады.  Бұл - көшбасшылыққа  апаратын  ең  сенімді  жол  деп  ойлайды.  Бірақ,  бұл 

дұрыс  емес.  Əрбір  адамның  өмірлік  жағдайлары,  тарихи  ахуалдары  ерекше.  Нəтижелі 

көшбасшылыққа жету жолындағы  адамда келеcі қасиеттер болу керек: 

 Болжау. Нағыз көшбасшы алға қарай ұмтылғанда, келешегін көру қасиеті болу керек.

Осыған сүйеніп, ол өз командасын мақсаттқа жеткізуді бағыттайды.

 Қозғамдамасы.  Нағыз  көшбасшы  өзін  жəне  өз  командасын  ынталандыра  білу  қажет.

Тіпті  көрінген  ең  шарасызда  жағдайда  да,  көшбасшы  шешім  табылатынына  сенімді

болады.  Көшбасшы айналасындағырын  қанаттандырып, əрекет етуге итереді.

 Əлсіз белгілерден тани білу (сезімталдық). Қазіргі дүние - өзгерістің əлемі. Көшбасшы

сыртқы əлемде жəне өз командасында болып жатқан өзгерістерге деген ықыласты болу

керек.  Ал  кері  байланыс  алып  жəне  осыған  байланысты  тез  шешім  қабылдау – ол

бəрінен бір қадам бұрын болғандығын білдіреді.

 Тəртібіндегі  иілімділік.  Көшбасшы  өз  тəртібінде  тез  əрекет  етумен  қоса  əртүрлі

əдістерді  пайдалануды  білу  тиіс.  Өйткені  адамдар  бірдей  болып  келмейді,  сондықтан

олардың əрқайсысына оған ғана тиімді болатын стратегия пайдаланған жөн. Бұл жерде

əрқайсы  индивидтің  тілін  табу  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  мүдделері  ескерілген

жөн жəне оны өз тарапына өзара ұтыс етіп қаратып алса екі жақ та ұтылмайтыны анық.

Осы  көшбасшыға  тəн  қасиеттерді  өз  тарапымнан  толықтыра  кетсем,  онда  оған  келесі

қасиеттерді  қосқым  келеді:  мақсаттқа  ұмтылушылық,  ішкі  тұтастық,  ойдың  жүйелігі, 

белсенділік,  талапшылдық,  тындырымдылық,  тізбектілік,  үйірімділік,  сенімділік  туғызу, 

819


қайрат,  өткірлік,  сөз  шеберлігі,  есту  мен  тыңдау.  Жəне  көшбасшының  ең  басты  жəне 

маңызды қасиеті – ол осы машық пен дағдыларын өз тəртібінде ұстана білу. Өйткені сөз көп 

болып, іс-əрекет аз болса онда осы көшбасшыға деген сенімділік жойылады.   

Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернатының 

басты  міндеттерінің  бірі  жаңа  форматтағы,  бойында  көшбасшылық  қасиеттері  бар, 

коммуникативті,  өз  Отанының  гүлденуіне  аяңбай  еңбек  ететін  тұлғаларды  тəрбиелеу. 

Құрамына  белсенді  оқушылар  біріккен  "Көшбасшылық  мектеп"  жобасы  өз  алдына 

шығармашыл,  зияткер  дарынды  оқушыларды  қалыптастыруды  басты  мақсат  ретінде 

қарастырады. 2012 жылдан  бастап  мектебіміз  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  іс-

тəжірибесін  трансляциялайтын  базалық  мектептердің  қатарына  енді.  Осы  сəттен  бастап 

мектептің  тəрбие  жүйесін  оңтайландыру  мақсатында  бірнеше  жаңа  жобалар  мен  ұтқыр 

идеялар  қарастырылған  болатын.  Ұлттың  көшбасшысы  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан — 

2050»  бағдарламасында  барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  жəне  əл – 

ауқатының  артуы  жөніндегі  Қазақстан  халқына  жолдауында  негізгі  стратегиялық  бағыт – 

халықтың,  көптеген  топтарының  бірлігі,  жекешіл  жəне  қоғамдық  негіздерін  салиқалы 

үйлестіру,  мұның  өзі  қоғамымыздың  жарасымды  сатылы  дəстүрлерін  толықтыра  түседі 

деуінің  өзі – мектепте  де  оқушылар  ұйымын,  бірлестіктерін,  орталықтарының  құрылуына, 

дамуына мүмкіндік ашып отыр. 

Еліміздің  жас  азаматын  қазақстандық  отансүйгіштікке  тəрбиелеу,  белсенді  өмір 

позициясын  қалыптастыру  барысында  балалардың  əлеуметтік  бастамаларын  дамытатын 

оқушылар  бірлестіктерін  жетілдірудің  маңызы  зор.  Ыбырай  атындағы  дарынды  балаларға 

арналған  мектеп-интернатында 2013-2014 оқу  жылы  басынан    Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымының  тəжірибесінен  тəрбие  жұмысы  бойынша 

«Шаңырақ» жобасын енгізді.  

Бірлестіктің негізгі мақсаты - бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, 

біртұтастыққа  бейімдеу,  жоғары  сынып  пен  төменгі  сынып  оқушылары  арасында 

бауырмалдық,  қамқорлық  қарым-қатынас  қалыптастыру  болып  табылады.  Осы  мақсатты 

негізге  ала  отырып,  бірлестік  тəрбие  жүйесін – жас  ұрпақ  бойына  ұлттық  сана-сезім  мен 

игіліктерді  сіңіру  арқылы  оларды  жеке  тұлға  деп  танып,  ақыл-ой  əлеуетінің  қалыптасып, 

жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауына бағытталған. 

«Шаңырақ»  оқушылар  қауымдастығын  құруға  мынадай  артықшылықтары,  тиімді 

тұстары түрткі болды: 

 əр жастағы  оқушылардың  өзара ынтымақтастығы;

жоғары  сынып  оқушыларының   төменгі  сынып  оқушыларына   қамқорлық  танытуы  өзара 

əріптестік мəдениетін қалыптастырады, көшбасшылық қабілеттерін  дамытады; 

 сабаққа дайындық барысында жəне сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда бір-біріне

көмек көрсетеді;

 біртұтас команда, корпоративті рух қалыптасады

Бүгінгі  күндері  мектеп  оқушылары 13 «Шаңырақтарға»  бөлінеді.  Жыл  бойы 

бірлестіктің  мүшелері   мектепішілік  шараларға  жəне  өз  қалаулары  бойынша  ұсынылып, 

қолдау  табылған  жобаларға  белсене  араласады. «Туған  елге  тағзым»  өлкетанулық-зерттеу 

жұмыстары,  интеллектуалды  жəне  онлайн  интерактивті  ойындар  жарысы, «Патриоттық 

əндер  панорамасы», «Флеш-моб», «Денсаулық  күні», «Өнер  күні» ,«Біз  планетамызды 

қоқыстан  тазартамыз» , «Қайырымды  іс»  жобалары  арқылы  бірлестіктің  шығармашылық 

жұмыстары  шыңдала  түспек.  Өз  шығармашылығының  арқасында  оқушылар  бірнеше 

конкурс пен жарыстардан жүлделі болып оралып қайтты.  

820


Оқушылар  өздерінің  белсенділігін  сонымен  қатар  түрлі  конкурс,  олимпиада,  білім 

додаларында  да  шебер  көрсетіп  жүр.  Соңғы 5 жыл  ішінде  мектеп  ұлттық  біріңғай  тестілеу 

нəтижесі  бойынша  облыс  мектептері  арасында  көш  бастап  келе  жатыр. 2013-2014 оқу 

жылында  облыс  төңірегінде  ҰБТ  нəтижесі  бойынша  бірінші  орынға,  республикалық 

мектептер  арасында  төртінші  орыннан  көрінді.  Бұл  жерде  оқушылардың  жаңа  заманға  сай 

сапалы  білімге  ұмтылатындығын  аңғаруға  болады.  Биылғы  жылғы  түлектердің  көпшілігі 

мемлекеттік  грантқа  ие  болып  отыр.  Оқушылар  пəндік  олимпиада  мен  ғылыми  жобалар 

сайысында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде жеңімпаз атанып жүр.  

  «Өткенге  қарап  басымызды  иеміз,  ертеңге  қарап  білек  сыбанамыз»  демекші,  бүгінгі 

бала-ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің, тəрбиешінің ең басты міндеті-рухани 

бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, 

өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процессі 

нақ  мектепте  басталады.  Оқушылардың  белсенділігі  мен  танымдық  іс-əрекеттері  арқылы 

шығармашылығын  дамыту,  қажетті  жағдайда  айрықша  шешім  қабылдай  алатын  жеке 

тұлғаны  дайындау,  осыған  орай  тəрбие  жұмыстарын    ізгілендіру  мектептердің  алдында 

тұрған  үлкен  міндет  екені  белгілі. 130 жылдық  тарихы  бар  қасиетті  қара  шаңырақ  үнемі 

дəстүр мен инновацияның сабақтастығында осы міндеттерді орындап келуде. Ұтқыр ұлттық 

дəстүріміздің өнегелі тəрбиесі мен жаңашыл идеялардың іріктеліп алынған бағыттары тəрбие 

жүйесін оңтайландырудың  факорларының бірі.   

Жоғарыда  айтып  кеткенімдей  əрбір  көшбасшы  тұлғаның  артында – оны  тəрбиелеп, 

білім нəрімен сусындатып отырған мұғалімдер, тəрбиешілер көшінің еңбегін айта кету керек. 

«Ұстазы  жақсының    -  ұстанымы  жақсы», - демекші  бүгінгі  ұстаздардың  сапалы  білім  мен 

саналы  тəрбие  берудегі  басты  факторы - педагог  мамандардың  кəсіби  дамуы.  Өз  кезегінде 

педагог мамандардың кəсіби дамуы -   деңгейлік бағдарламалар барысында санатты арттыру 

курстары,  семинарларға  қатысу,  тренингтер,  жаңашыл  бағдарламаларды  өз  тəжірибесімен 

ұштастыру.  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  жұмысын  трансляциялау  жүйесіне  енген 

базалық  мектептерінің  бірі  болып  отырған  мектеп-интернатының  басты  мақсаты -  жаңа 

формациядағы  педагог  мамандарды  қолдау,  олардың  іс-тəжірибесін  тарату.  Қазақстандық 

білім беруді модернизациялау саясаты барысында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ (НЗМ) 

жəне  Кембридж  университетінің  (Ұлыбритания)  əзірлеген  бағдарламасымен  Үздіксіз 

кəсіптік  даму  жүйесі  барысында  мектеп-интернаттың  мұғалімдерінің 80 пайызы    деңгейлік 

курстардан  өтті.  Ұстаздардың 60 пайызы  НЗМ  жүйесі  барысында  Астана,  Орал, 

Талдықорған,  Семей,  Көкшетау  қалаларында  ғылыми-практикалық  конференциялар  мен 

семинарларға  қатысып  қайтты,  сонымен  қатар  түрлі  деңгейдегі  семинарлар  мен  сабақтарға 

on-line  режимінде  қатысып  отырады.  Мектеп-интернатта  педагог  мамандардың  үздіксіз 

кəсіби  дамуына  ықпал  ететін  коучинг,  менторинг  жүйелері  жəне  жүйелі  кəсіби  бірлестік 

ұйымдастырылған.  Деңгейлік  курстан  өткен  мұғалімдер  облыстық  мектептердің  педагог 

мамандарына  жүйелі  кəсіби  бірлестік  барысында  Коучингтер  ұйымдастырып  отырады. 

Бүгінгі  күндері  мектеп-интернаттың 2013-2016 оқу  жылына  арналған  стратегиялық  даму 

жоспары əзірленген.  

Баланы  өмірге  бейімдеуде  мектеп,  ұстаз-тəрбиеші  жəне  ата-ананың  орны  бөлек. 

Туындаған  тəлім-тəрбиедегі  жарасымдылық  мектеп  пен  ата-ана,  əлеуметтік  орта  бірлесіп 

жұмыс істегенде ғана үйлесімділік табады. Мектеп ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда 

мынадай негізгі міндеттерді орындайды. 

Оқу  жылының  басында  жəне  оқу  тоқсанының  қорытындысында  сыныпта  ата-аналар 

жиналысын  өткізіп  отырады.  Жалпы  ата-аналар  жиналысында  мектептің  оқу-тəрбие 

жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата-аналар алдында 

821


есеп беруін ұйымдастырады. Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, балаға отбасының 

ықпал деңгейін, баланың  қызығу шеңберін анықтайды. Бүгінгі күндері мектеп-интернаттың 

ұстаздарымен «Көшбасшы ата-ана» моделі əзірленіп отыр. Мұның нəтижесінде мектебімізде 

ата-аналармен қарым-қатынасының мынадай формалары ұйымдастырылды: 

 Ата-аналар жиналысы;

 жалпы сыныптық жəне мектепішілік конференциядар;

 ұстаздардың жеке ақыл кеңесі;

 ашық есік күндері;

 ата-аналар кеші;

 ата-аналар тренингі;

 ата-аналарды мерекелік іс-шараларға тарту.

Ата-аналар қауымдастығы мектептің барлық іс-шараларына тартылады, педагогикалық 

ұжыммен  бірлесе  отырып,  мектептің  оқу-тəрбие  үдерісіне  айтарлықтай  үлес  қосып  келе 

жатыр.  


Əрбір  оқу  жылының  басында  ата-аналар  комитеті  мүшелері  сайланып,  жалпы 

мектепішілік 

ата-аналар 

жиналысында 

перспективалық 

жоспар 


түрінде 

алдағы   атқарылатын   жұмыстар   туралы   ұсыныс,   пікірлер  айтылып  отырады.  Ата-

аналармен  бірлесе  отырып, «Дарындылар  қатарына  өткізу»  жəне  Халықаралық  қарттар 

күніне  орай  «Ауылыңда  қарт  болса,  жазулы  тұрған  хатпен  тең»  қайырылымдылық 

акциялары  өткізілген  болатын.  Ата-аналар  арасында  нашақорлықтың,  темекі  шегудің 

зияндылығы жөнінде мектеп психологымен бірлесе отырып тренингтер ұйымдастырылды.  

Оқу-тəрбие  үрдісіндегі  үнемі  ізденіс,  дамытушылық  бағыт  оқушыларды  жалпы 

адамзаттық  құндылықтарға  тартуға,  оқу  мен  тəрбие  процесін  үнемі  бір – бірімен 

ұштастыруға  жетелейді.  Қазақстан  халқына  арналған  жолдауында  ел  Президенті 

Н.Ə.Назарбаев «...біз  Қазақстанның  барлық  азаматтарының  көшбасшы  болып,  отаншылдық 

сезімі  мен  өз  еліне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз»  деген.  Бұл  процестің  маңызы 

жеке  тұлғаны  жан – жақты  азамат  етіп  қалыптастыруда  өлшеусіз  арта  түсетін  жас  ұрпақ 

бойына сіңіре отырып, тəрбиелеуге тиіспіз. Келешек қоғам – бүгін біздің қалай жұмыс істеп 

жатқанымызбен айқындалады. Болашақта күтілетін нəтиже қандай болмақ? Бірінші кезекте 

бұл – біздің оқушылардың жаңа жеңіс шыңдарында шыңдалуы; 

 жаңа формациядағы ұстаздардың кемелденуі;

 əлеуметтік  қауымдастық  барысында  қоғам  институттары,  ЖОО  жəне  ата-аналармен

тығыз байланыста болу.

Келешек  ұрпақ  жүгін  сеніммен,  ұстаздық  рухпен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 

халқымыздың  дəстүрлерімен,  қазіргі  даму  үрдісіндегі  жетістіктерінің  негізгі  идеяларымен 

қаруланған нəтижелі көшбасшылық стратегиясы көмегімен жеткізуге болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет