Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет96/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Беспалько В.П. О критериях качества подготовки специалиста // Вестник высшей школы.

№1.1988., 13-14-б. 

2. Стапкин М.И. Профессиональные способности педагога. М.: «Флипта», 1998.

3. Кузьмина Н.В. Методы исследования педагогической деятельности. Л.: ЛГУ, 1970.

831


4. Қазақстан  Республикасында  жаңа  формация  педагогының  үздіксіз  педагогикалық    білім

концепциясы (жоба) // 12 жылдық білім. №12.2006., 28-30-б. 

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.

832


ЖОСПАРЛАУ БАРЫСЫНДАҒЫ ТАБЫС КРИТЕРИЙЛЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ 

Казыгулова Г. Я. 

Педагогикалық шеберлік орталығының  

Талдықорған қаласындағы филиалы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Андатпа  

Қазіргі білім беру жүйесінде жоспарланған іс –шаралардың  нəтижелі болғанын саралаудың 

құралы - табыс критерийлер. Бұл мақала жоспарлау үдерісінің барысындағы табыс 

критерийлерінің маңыздылығын қарастырып,  мұғалімдердің Бағдарламаның негізгі 

идеяларын тереңінен түсінуіне мүмкіндік беріп, өзінің тəжірибесіне өзгеріс енгізуге, 

рефлексия жасауға жəне кəсіби шеберлігінің өсуіне ықпал етеді.

   

Аннотация  

Критерий успеха определяют результативность запланированных мероприятий  современной 

системы  образования.  Статья  рассматривает  важность  критериев  успеха    в  процессе 

планирования,  способствует  более  глубокому  пониманию  основных  идей  Программы,  дает 

возможность    рефлексировать,  внести  изменения  в  собственную  практику  и  влияет  на 

развитие  профессионального мастерства учителя. 



Abstract     

Criteria for success determines the effectiveness of the planned activities of a modern system of 

education. The article discusses the importance of criteria for success in the planning process 

contributes to a better understanding of the basic ideas of the Program, provides an opportunity to 

reflect, to make changes in their own practice and affects the development of professional skills of 

teachers.

 

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса 



жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан 

бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің 

өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де  білмей 

қалыппысың? [1] 

Жоғарыда, ұлы Абай  XIX –ғасырдың өзінде –ақ əрбір адамның өз ісіне есеп беруін ұдайы 

жасап отыруы туралы өзінің он бесінші қара сөзінде атап өткен еді. 

Тренерлер  алдағы  уақытта  өзінің  жұмыс  тəжірибесін  жетілдіру  үшін  тренер  ретіндегі  өзі 

туралы 


жəне 

оқу 


бағдарламасының 

тиімділігі 

туралы 

білімін 


пайдаланады.  

Олар: 


- өздерінің мұғалімдермен қарым-қатынастарын; 

- жаттығулар мен ресуртардың лайықтылығын; 

- оқуға арналған материалдың қамтылуын; 

- сабақтардың құрылымын; 

- оқыту тəсілдері мен стратегияларын; 

- қарым-қатынастың тиімділігін; 

- ұсынылған қолдаудың жеткіліктілігін; 

- бағалау үдерісінің дұрыстығын, ақиқаттылығы мен негізділігін жəне т.б. зерделейді. [2, 18-

б] .  

833


Тəжірибенің өзгеруі, білімдердің жинақталуы жоба аяқталған соң емес, оның басында 

сезілуі  керек  деп,  бағдарламаның  идеясы  айтады.  Ол  шынымен  –ақ  теориялық  жинақтаған 

біліміңді іс-тəжірибеден өткізгенде, оны зерделеп, өзіндік  талдау жасап, бағалап, рефлексия 

жасағанда  байқайсың.              

Жоспарлау  барысындағы  табыс  критерийлерінің  тиімділігі  деген  тақырыппен  жұмыс 

жасауда,  мен  осы  тақырыптың    мұғалім  жұмысына  қажеттілігі    мен  пайдасын  саралауға 

тырыстым. Қазіргі білім беру жүйесінде жоспарланған іс –шаралардың  нəтижелі болғанын 

саралаудың  құралы - табыс  критерийлер.  Мектеп  мұғалімдеріне  қатысты  жоспарлауды 

алатын  болсақ,  оның  ішіндегі  мектептің  бағдарламалық  жоспары,  пəн  мұғалімінің 

күнтізбелік жəне сабаққа жазатын күнделікті жоспарларының табысты болуы, нəтижеге қол 

жеткізілуі қойылатын мақсат пен  табыс критерийінен  туындайтыны сөзсіз.                                                

Білім  беру  саласында  қол  жеткізілген  бітімнің  мəні  оқушылар  үшін  білімнің  де, 

дағдылардың  да  тең  дəрежеде  маңызды  екендігіне  саяды.  Заманауи  тəсілдің  ең  негізгі 

ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде 

қолдана  білуіне  басты  назар  аудару  болып  табылады,  ал XXI ғасырда  талап  етілетін 

дағдылардың  мəні  осында.   Экономикалық  Ынтымақтастық  жəне  Даму  Ұйымы  (ЭЫДҰ) 

жасаған  Құзыреттерді  Анықтау  жəне  Іріктеу  Жобасы  дағдылардың  барынша  кең  ауқымын 

қамтитын XXI ғасыр  дағдыларының  моделі  болып  табылады.  Аты  аталған  осы  жоба 

оқушылардың  терең  тұжырымдамалық  түсінікпен  астасқан  негізгі  сауаттылықты 

меңгергендігін  көрсететін,  кең  мағынасында  шешімдер  мен  іс-əрекеттерді  таңдау 

қабілеттілігі сияқты түйінді құзіреттер жүйесін сипаттайды. [3, 4-б]        

Оқушының  білімді  ғана  меңгермей,  дағдыны  қатар  алып  жүруіне  жоспарлау  барысындағы 

табыс критерийлері Блум таксономиясының танымдық мақсаттарына негізделген жағдайда, 

тікелей ықпал ететіні белгілі.  Деңгейлік бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін 

арттыру  курстарында  мұғалімдер  оқу  көшбасшылары  деп  саналады.  Бұл  ретте  оқу 

көшбасшылары  қолданатын  тетіктер  оқу  мен  оқыту  тəжірибесіне  өзгеріс  енгізуге 

көмектеседі. [4, 15-б]  

Өзгеріс  енгізу  үшін  үшінші  (базалық),  екінші  (негізгі)  жəне  бірінші  (ілгері)  деңгей  

бағдарламасын  игеру  барысында  оқу  көшбасшыларынан  талап  етілетін  жұмыстың  бірі - 

жоспарлау,  оның  ішінде  үшінші  деңгей  бағдарламасын  оқыған  мұғалімдер  өздерінің 

сыныптарында  өзгеріс  енгізу    мақсатында  қысқа  мерзімді,  орта  мерзімді  жоспарлауды  іске 

асырады.  Екінші  деңгейдегі  мұғалімдер    мектептегі  көшбасшылықты  дамыту  мақсатында 

Коучинг  жəне  Тəлімгерлік  жоспарын  іске  асыруды  көздесе,  Бірінші  деңгейде  мұғалімдер  

мектеп  базасында  кеңінен  іс-əрекеттегі  зерттеу  жұмысын  жүргізу  мақсатында  мектепті 

дамыту жоспарын жоспарлайды. Ал жоспарлаудың өзі мұғалімдердің Бағдарламаның негізгі 

идеяларын  тереңінен  түсінуіне  мүмкіндік  беріп,  өзінің  тəжірибесіне  өзгеріс  енгізуге, 

рефлексия жасауға жəне кəсіби шеберлігінің өсуіне ықпал етеді.

 

Əр деңгей мұғалімдері іске 



асыруға тиісті жоспарлау үдерісін жақсарту мақсатында, мен тренерлік тəжірибемде бірнеше 

тиімді тəсілдерді пайдаландым.  

Алғашқы 2012 жылы 3-деңгей  тыңдаушылармен  орта  жəне  қысқа  мерзімді  жоспарлаудағы 

мақсатты,  күтілетін  нəтижені  іске  асыруда  табыс  критерийлерін  құру  бойынша 

тыңдаушылардың  кездескен  кедергілеріне    үлгі  жоспар  даярлау,  пəн  мұғалімдерін 

топтастыра  отырып,  бірлескен  жоспар  құру,  тыңдаушылармен    жеке  жұмыс  барысындағы 

оның кедергілерін анықтап, қолдау көрсету жұмыстары жасалынды. 

Дəл  осы  тақырып  бойынша 2013 жылы 3- жəне 2- деңгей  тыңдаушыларымен    жұмыс 

жасағанда, мен тренерлік тəжірибемді жетілдіруге тырыстым. Алдымен, Блум таксономиясы 

барлық  оқу  мақсаттары  мен  нəтижелері  бірдей  маңызға,  құндылыққа  ие  бола 

834


алмайтындығына  негізделген    идеяның  мағынасын  ашу  барысында  мұғалімдерге  арнайы 

таныстырылым  жасап,  теориялық    негіздемелерге  сүйендім.  Мұғалімдерге  қадам-қадаммен 

Блум  таксономиясындағы  білу,  түсіну  əр  сатысына  байланысты  өз  сабақтарында  

пайдаланатын етістіктер тізімін, сонан соң сұрақтар тізбегін, келесі кезекте тапсырма құрата 

отырып дайындық жұмыстарын жүргіздім. Мұғалімдерге апталық ресурс көзінде ұсынылған 

кестеде  əр  сатыға  жазылған  етістіктер  тізімін  ұсына  отырып,  Қысқа  мерзімді  жоспар 

жасауда мақсат пен табыс критерийін құрудың дайын үлгісін бермей, төмендегідей сұрақтар 

үлгісін пайдаландым:    

1. Сіз  өз  таңдаған  тақырыбыңыз  бойынша  оқушыларыңыздың  нені  білгенін  немесе

түсінгенін қалайсыз/қалар едіңіз?

2. Сіздің  оқушыларыңыз  түсінген  тақырып  бойынша  нені  жасағанын,  жазғанын,  есептеп

шығарғанын, мазмұндағанын т.б. қалайсыз?   

3. Сіз оқушыларыңыздың өз пікірін ашық айту, көзқарасын білдіру, дəлелдеу жəне басқаның

көзін жеткізу үшін осы тақырып бойынша нені талдағанын қалар едіңіз?  

4. Сіз  өз  оқушыларыңыздан    өздері  ұсынған  мəліметтердің  ішінен  ең  маңыздыларын  қалай

жинақтап ой тұжырымдағанын қалар едіңіз?

5. Сіз оқушыларыңыздың осы тақырып бойынша өзіндік қорытынды жасауына, тақырыптың

маңыздылығына баға беруіне қалай ықпал жасар едіңіз? 

Осы  сұрақтарды  беру  арқылы  жақсы  қолдау  жасай  алдым.  Бұл  жұмыс  түрі  арқылы 

мұғалімдер  орта  жəне  қысқа  мерзімді  жоспарлаудағы  мақсат  пен  табыс  критерийлерінің 

маңызды  екендеріне  көздерін  жеткізді.  Бұл  стратегия  өте  тиімді  болды,  біріншіден  өздері 

қиналса  да  ізденіске  түсті,  ойланды,  екіншіден    итремелеу  əдісін  емес,  тарту  əдісін 

қолдандым.  Осы  тұста  мен 2-деңгей  бағдарламасының  Тəлімгерлік  үдерісінде  пайдалануға 

ұсынылған  ресурс  көзін  пайдаланып,  яғни  «Итермелеу» -проблемаларды  шешуге  басқа 

біреудің араласуы, «Тарту»-өз проблемаларын өзі шешеді деген идеяны басшылыққа алдым.  

Жұмыстың  келесі  қадамының  бағытын  өзгертіп,  жоспар  құруды  жақсы  түсінген 

мұғалімдерді топтастырып, топтың қалған адамдарын бірін-бірі оқытуын көздедім. «Алтын 

балыққа арналған аквариум»  əдісін пайдаланып жақсы түсінігі қалыптасқан 9 адамды ортаға 

дөңгелене  отырғызып,  қалғандарын  сыртқы  шеңбермен  орналастырдым  да,  осы  жоспарлау 

барысында табыс критерийлері қаншалықты тиімді деген сұрақты алдымен қойып, сонан соң 

оған  қалай  қол  жеткізуге  болады  деген  сұрақтармен    ұластырып,  ішкі  шеңбердегі 

мұғалімдердің    осы  тақырыпты  өздері  түсіндіруін  іске  асырдым.  Осылайша  мен,  өзінің 

əріптестері  арқылы    мұғалімдер  осы  мəселені  түсінуіне  ықпал  еттім.  Бірін-бірі  оқытуда, 

Александердің  «Оқытудағы  əңгіме – қарым-қатынас  жасаудың  бірсарынды  үдерісі  емес, 

керісінше,  əңгіме  барысында  идеялар  екіжақты  бағытта  жүріп,  соның  негізінде  оқушының 

білім  алу  үдерісі  алға  жылжитын  белсенді  үдеріс»  деген  идеясының  мəнін  тереңірек  іске 

асқанын байқадым. Осы бірі-бірі оқыту арқылы, мен тəлімгерлік жəне коучинг жоспарларын 

құруда  мұғалімдер  өздеріне  қажетті  əдістерді  біліп  қана  қоймай,  оны  түсіне  отырып, 

сабақтарында қолдануға мүмкіндік алатындықтарын, ол əдістердің тиімді / тиімді емес екені 

талқылауға,  ең  үздік  идеяларды  жинақтауға  мұғалімдерді  жұмылдыру - жоспардағы  табыс 

критерийлері    арқылы  ғана  қол  жеткізетіндіктерін  түсінгендерін  байқадым.  Мен  олардың 

түсінгендіктерін бірнеше мұғалімдердің жасаған коучинг жоспарына жазған рефлексивтік ой 

-толғауынан,  мектептегі  тəжірибеден  келген  соң  жазған  есептерінен  анықтадым. 

Тəжірибемдегі  бірінші  (ілгері ) деңгей  бағдарламасын  игерген  жəне  игеріп  жатқан 

тыңдаушылармен мектептің даму жоспарын жоспарлауды іске асыруда, бүгінгі күнге дейін 

835


жинақтаған  тəжірибемнің    үлкен  көмегі    болғанымен  де,  көшбасшы  мұғалімге  қолдау 

көрсету  үшін,  тренер  ретінде    өзімнің  теориялық  білімімді  жаңартып  отырдым. 1981жылы 

Джорж  Доран  енгізген SMART-аббревиатурасы  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін 

сипаттайтын жиынтық сын есімдерге негізделген  зерттеулерді қарастырып,  тыңдаушыларға 

қолдау  көрсетуде,  мен  тəжірибеме  біраз  тəсілдерді  енгіздім.  Қолданған  тəсілдердің 

мұғалімдерге  көмек  болғанын,  ықпал  ете  алғанымды  мен  қадағалау  əдісі  арқылы  бірінші  

жəне  екінші  «Бетпе-бет»  кезінде  əр  деңгейдегі  мұғалімдердің  талқылау  кезіндегі  ой 

пікірлерін  тыңдай  отырып,  жоспарлаудағы  табыс  критерийлеріне  сүйене  отырып 

оқушыларға  ұсынылатын  тапсырмалардың  мазмұнын  қарапайымнан  күрделіге  бағыттауды 

үйренгенін, жоспардағы іс-шаралардың табысты болуын табыс критерийлері арқылы бағалай 

алғандықтарын  байқадым.  Сонымен  қатар,  осы  тақырып  аясында  өз  жұмысымда  

қаншалықты нəтижеге жеткенімді сапалық зерттеу əдісінің бірі- сауалнама жүргізу арқылы 

анықтадым.                                     

Сауалнама  мақсаты  мұғалім  енгізген  тəжірибесіне  талдау  жасай  отырып,  оны 

жетілдіру,  қолдау  көрсетуге  бағытталды.  Мұғалімдерге  арнайы  сұрақтар  тізбегін  ұсынған 

себебім, «иə – жоқ» деген жауаптардан аулақ болып, өз ойларын ашып көрсеткенін қаладым. 

Алынған  сауалнаманы  зерделей  отырып,  мен  мұғалімдердің  көп  бөлігі  қысқа  мерзімді 

жоспарлауда  табыс  критерийлерінің    маңызды  екенін,  сабақ  мақсатына  жету  үшін  табыс 

критерийлерін  құратынын,  бірнеше  мұғалім  сабақ  жоспарын  жасаудағы  табыс 

критерийлерінің  тиімділігін  сабақта  оқушылар  нені  үйреніп,  оған  қаншалықты  қол 

жеткізгендіктерін анықтай алатындарын тұжырымдаған, табыс критерийлерінің  жоспарлау 

барысындағы  тиімділігін  қалай  білдіңіз?-  деген  сұраққа  мұғалімдер  оқушылардың  сабақ 

барысындағы  талдау,  жинақтау  дағдыларының  да  қалыптасып,  сабақтың  мазмұнының 

өзгергенін  байқағандарын  қуана  бөліскен.  Ал  бірнеше  мұғалім  өз  тəжірибесіндегі 

жетістіктерін  басқа  да  əріптестермен  бөлісе  алатынын  атап  өткен.  Мен  осыдан  қорытынды 

шығара отырып,          

-  мұғалімдердің  жоспарлау  барысындағы  табыс  критерийлердің  тиімділігін    сабақта 

оқушыларға ұсынған   тапсырма мазмұнынан 

- оқушылардың білу, түсіну, қолдану дағдылары ғана емес, проблемалық сұрақтарды талдау, 

өз пікірін дəлелдеу, одан ой қорытып жинақтау, тапсырма маңыздылығына баға берулерінен 

-  өз  жоспарларының  қойған  мақсаттарына  қаншалықты  жеткендеріне  табыс  критерийлері 

арқылы  сыни  баға  беріп,  өз  тəжірибелерін  жақсартуға  бағыт    алғандарын  түсінгендіктерін 

пайымдай алдым.   

Осыған зер сала отырып, мен жоспарлау барысындағы табыс критерийлері  тиімділігін 

мұғалімдер    өз  жұмыстарында    анықтай  отырып,  неге  қол  жеткізе алғандарынан,  оның  оқу 

мен  оқыту  үдерісіндегі  нəтижесі  қаншалықты  мұғалім  үшін  де,  оқушы  үшін  де  ұтымды 

болғанын өлшей алғандарынан  білдім.                                              

Осы  тақырыппен  жұмыс  жасау  барысында  басқа  да  тренер  əріптестермен, 

мұғалімдермен ой бөлісуді əдетке айландырып, өзімнің де кəсіби шыңдалуыма қолдау алып 

отырдым.  Себебі,  бағдарлама  идеясы  атап  көрсеткендей  «Бірлескен  оқу – өзара  іс-əрекет 

жасау  философиясы,  ал  бірлескен  жұмыс  соңғы  нəтижеге  немесе  мақсатқа  жетуге  ықпал 

етуге  бағытталған  өзара  əрекеттің  құрылымы  болып  табылады.  Бірлескен  оқу  сыныпта 

пайдаланатын  əдіс  қана  емес,  жеке  философия  болып  табылады. [5, 36- б].  Осы 

философиялық  тұжырымдаманың  мəнін  мен  басқа  да  тренерлердің  осы  бағыттағы 

жұмысыма  ұсынған  сындарлы  көзқарастарынан,  пікірлерінен  түсіндім.  Осылайша  мен 

өзімнің  тəжірибемді  жетілдіруде  басқа  да  əріптестермен  пікірлесудің  тиімділігін,  курс 

836


тыңдаушыларына  үйрете  жүріп,  өзімнің  де  үйренгенімді  рефлексия  жасау  барысында 

сезіндім.   

«Мұғалімнің  сана  сезіміндегі  рефлексивті  үдерістер  атты»  еңбегінде  Бизяева  А.А 

рефлексия  ұғымына  терең  талдау  жасап,  «Рефлексия  адамның  өзін  –өзі  тексеруге  жəне 

өзінің  қоршаған  əлеммен  қарым-қатынасын  ұғынуға  қабілеттілігі  жəне  нақты  жағдайға 

теориялық  білімді  қолдана  отырып,  онымен  қатар  жаңа  білімді  туындата  отырып 

(тəжірибелік  теория),  əрдайым  жаңа  жұмыстың  шақыруларына  жауап  бере  алады.  Бұл 

қабілеттілік  мұғалімнің  бойында  кездейсоқ  емес,  кəсіби  рефлексивті  ойлау  мəдениеті  мен 

технологиясын игеру нəтижесінде пайда болады. [6]  

Олай болса, кəсіби рефлексивті ойлау мəдениеті мен технологиясын игеру үшін, өзенге 

лақтырған тастың толқындарының астарына үңіліп, өз жұмысыңның ықпалына талдау жасап, 

оны дамыту үшін өз тəжірибелерімізді үздіксіз жетілдірейік. 



Əдебиеттер тізімі 

1.

http://www.abay.nabrk.kz/index.php?page=content&id=115



    Абай Құнанбайұлы  Қара

сөздер (08.09.2014) 

2. Тренерге арналған нұсқаулық.  Бірінші (ілгері) деңгей. www.cpm. © «Назарбаев

Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 

3. Мұғалімге  арналған  нұсқаулық,  Екінші  (негізгі)  деңгей. © «Назарбаев  Зияткерлік

мектептері» ДББҰ, 2012  

4. Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  Бірінші  (ілгері)  деңгей. © «Назарбаев  Зияткерлік

мектептері» ДББҰ, 2012 

5. Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  Үшінші  (базалық)  деңгей. © «Назарбаев  Зияткерлік

мектептері» ДББҰ, 2012 

6. Бизяева А. А. Псков мемлекеттік университиеті Ресей Мұғалімнің сана сезіміндегі жəне

қызметіндегі рефлексивті үдерістер.Таныстырылым материалы, ІІІ Республикалық семинар-

кеңес 11-13.06.2014 

837


ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫНА ГЕОГРАФИЯ ПƏНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ 

БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Кайрлиева Г. Е. 

Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Бұл  мақала  география  пəнін 9-11сыныптарда  ағылшын  тілінде  өткізудің 

ерекшеліктеріне осы орайда оқушыларда кездесетін қиындықтар туралы тəжірибеге сүйенген 

нəтиже арқылы баяндалады. 



Аннотация 

В  этой  статье  автор  делиться  с  опытом  как  начать  преподавать  географию  на 

английском языке и предлагаю некоторые свои опыты исследования. 

Annotation 

In this article, author shares her experience and research about teaching geography by using 

CLIL in English language.  

        


Бүгінгі  күні  еліміздің  үш  тұғырлы  саясатына  байланысты  үш  тілде  білім  беру 

мектептерде  де  жүзеге  асырыла  бастады.  Қаламыздың  бірнеше  мектептерінде  пəндерді  

ағылшын  тілде  жүргізу  жəне  қосымша  сабақтар  өткізу  оқушылардың  қызығушылығын 

арттырып тіл біліміне деген құштарлығын оятуда. №42 «Ақ ниет» гимназиясында география 

пəні мұғалімі ретінде «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтіп алғаш рет ағылшын 

тілінде  сабақ  берудің  ерекшеліктеріне  көңіл  аудара  бастадым.  Өйткені  ағылшын  тілінде 

география  пəнін  өткізу  оқушылардың  əлем  географиясына  деген  қызығушылығын  ашып, 

сабаққа деген ынтасын оята түседі. Ағылшын тілінде сабақ берудің қиындықтарын бірнеше 

зерттеулерге сүйеніп, мақалаларды саралай бастадым, сонымен қатар Финляндияның HAMK 

ғылымдар  университетінің ағылшын тілінде сабақ беру жөніндегі маманы Брайн Джойстың 

көмегімен  Химелинна  қаласының  бастауыш 6-сыныбында  географияны  алғаш  ағылшын 

тілінде өткізу əдістерімен таныстым. Осы орайда, Финляндияның Ювяскюл университетінің 

ғалымы Дэвид Марштың еңбектеріне сүйене отырып өз зерттеулерімді бастадым. Мақсатым 

қазақ оқушыларын ағылшын тілінде география пəнін оқыту кезінде қандай қиыншылықтар



кездесуі  мүмкін  жəне  оларды  шешудің  қандай  жолдары  бар  екендігін  айқындап  

педагогикалық  шеберлігімді  арттыру  болып  табылады.  Бүгінгі  күні  өз  зерттеулерімді 

гимназияда  жалғастыру  мақсатында 9,10 сыныптарда  «географияны  ағылшын  тілінде 

үйрену» атты қосымша курс ашып жалғастырудамын. 

Осы курсты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылықтарын анықтау барысында  

9-10 


сынып  оқушыларына  сауалнама  жүргіздім.  Сауалнама  қорытындысы  бойынша 

«

неліктен пəнді ағылшын тілінде оқуға қызығасың?» деген  оқушылардың 98% ағылшын тілі 



халықаралық тіл болғандықтан деп жауап берген. Яғни оқушылар біріншіден болашақ маман 

болу  үшін  тіл  біліміне  баса  назар  аудара  отырып  өздерінің  білімінің  дамуына  көңіл 

бөлетіндігі  байқалады.  Оқушылар  үшін  сабақ  барысында  қандай  қиыншылықтар  кездеседі 

деген сұраққа «сабаққа дайындалу кезінде мұғалімнің жетіспеушілігі» деген жауаптар 62%-

ды  көрсетуіне  қарағанда  пəннің  жүргізілуі  барысында  оқушылар  мұғалімнің  назарын  көп 

қажет етеді деген қорытындыға келуге болады. «Оқудың барысында қандай материалдармен 

жұмыстанғанды ұнатасың?» деген сұраққа 23% аудио материалдар десе, 56% мəтіндер, видео 

материалдарды 21% таңдаған.  Сондықтан  оқу  материалдарын  таңдау  кезінде  жəне  сабақ 

838


əдістерін  ұйымдастыру  барысында  мұғалімнің  көп  көңіл  бөліп  сабаққа  тыңғылықты 

дайындалуын  қажет  етеді.  Сабақ  өткізу  барысында  ұстаз  оқытудың  белсенді  əдістерін 

пайдалануы,  эссе,  рольдік  ойындар,  автор  орындығы,  театрландырылған  көріністер 

ұйымдастыру  оқушылардың  қызығущылығын  сабаққа  аударып  пəнге  білімнің  нəтижелі 

болуына  ықпалын  тигізеді.  Осы  орайда  қазіргі  заманның  жаңалықтары  ұстазға  зор  көмек 

бола  алады.  Интернет  ресурстарына  сүйеніп  сабаққа  қажетті  ағылшын  тіліндегі 

түсіндірмелерді  табуға  немесе  мұғалілм  өзінің  шеберлігін  пайдаланып  электронды 

оқулықтардың легін жасап шығаруына да болады. Бүгінгі күні менің тəжірибемде 10-сынып 

оқушыларды мен құрастырған сайттың материалдарын қолдануда. 

Ағылшын  тілінде  сабақ  өту  барысында  оқушыларда  төмендегідей  қиыншылықтар 

болуы мүмкін: 

Тілдік кедергі, 



басқа сыныптастарының алдында ұялу, 

қателесуден қорқу,  



жауап беруден бас тарту, 

күмəндану,басқаға ысыру, 



берілген жауаптарын анық айтпау т.б. 

Жоғарыдағыдай  жағдайлардан  шығу  үшін  оқушыға  жеке  кеңес  беру,  мотивациясын 

ояту  жаттығуларын  жасату,  назар  аудару,  жеке  тапсырмалар  беру,  топпен  жұмыс  кезінде 

ынталандыратын  сөздер  айту,  өз-өзін  бағалауға  үйрету  қажет.  Қажет  болған  жағдайда  ата-

анасымен сөйлесіп біріккен жұмыс түрлерін жасау да нəтиже береді. Пəнді ағылшын тілінде 

жүргізетін  мұғалімге  əріптестерінің  көмегі  аса  қажет  болып  табылады.  Əсіресе,  ағылшын 

тілінің  грамматикасын  үйрететін  мұғалімдер,  психологтардың  тренингтері  оқушының 

мотивациясының жоғалмауына əсерін тигізеді. Мысалы, тілді оқу жаңа дүниені ашумен бірге 

миға да белгілі бір дəрежеде салмақ салуы мүмкін, өйткені оқушы жаңа дүниелермен таныс 

болап  бірден  меңгеріп  алуға  тырысқанымен  оның  мүмкіндіктері  тиісінше  сəйкес  келмеуі 

мүмкін,  осындай  жағдайда  оқушыға  қолпаштау,  жігерінің  талмауына  түрткі  болатын  ұстаз 

қажет. 

География  пəнінде  күнделікті  сабақтармен  қатар  практикалық  сабақтар  қатар 



жүргізіледі.  Оның  қатарына  экскурсия,  саябақтар  жасау  кіреді.  Осы  сабақтарды  өмірмен 

байланысты  сабақтар  ретінде  оқушылардың  өз  жұмысын  жасап  ағылшын  тілінде 

көрсетулеріне  мүмкіндік  бар.  Осындай  жұмыстардың  барысында  оқушы  өз  шеберлігін 

пайдаланып  тіл  білімімен  қатар  пəндік  білімін  де  көрсете  алады.  Мысалы, «Қазақстанның 

болашағы» тақырыбында оқушылардың ағылшын тілінде даму жоспарын жасап таныстыруы 

оқушылардың өз-өзіне сенімділігін жоғарылатып тілге деген бейімделушілігін арттырады. 

Пəнді  ағылшын  тілінде  оқыту  кезінде  оқушыларды  бағалау  қиындық  тудырады. 

Өйткені  олардың  əрқайсысы  дайындалу  кезінде  кедергілерден  өтуге  тырысады,  жаңа 

ақпараттармен танысып өз ана тілі емес тілде жеткізуге тырысады, материалдарды ағылшын 

тілінде  тыңдап,  ағылшын  тілінде  көреді.  Осы  бағытта  ұстаз  ретінде  өзін-өзі  бағалаудың 

критерийлерін  жасап  сол  арқылы  бағалау  маңызды  деп  санаймын.  Сонымен  қатар 

оқушылардың  бір  біріне  деген  көмегі  аса  маңызды,  өйткені  қолайлы  атмосфера  тиімді 

оқудың  кепілі  болып  табылады.  Оқушылардың    бір-бірінің  қателіктеріне  күлмеуге  үйрету, 

сыныптастарын  тыңдауға  үйрету.  Оқушыларға  жаңа  терминдерді  айтуға,  жаттауға, 

қолдануға  мүмкіндік  беретін  тапсырмаларды  қолданудың  маңызы  зор.  Мысалы,  оқушыға 

берілген  жеке  тапсырмаға  белгілі  бір  терминдерді  таңдап  беріп  осы  терминдерді  қолдана 

отырып  презентация  жасау  немесе  фразаларды  қолдану  деген  секіді  тапсырмалар  берудің 

маңызы  бар.  Визуалды  айғақтарды  пайдалану  үшін  сынып  ішінде  картиналар  іліп  оның 

839


түсіндірмелерін астына жаздыру, географиялық фильмдер қаратып субтитр арқылы ұғынуға 

көмектесу  сияқты  тапсырмалар  оқушының  зеректігінің  ашылуына  аса  көмек  бола  түседі. 

Рөлдік ойындар кезінде оқушылар жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігі арта түседі. 

Белгілі  саяхатшы  ғалымдардың  ролінде  сөйлеуге  үйренеді.  Географиялық  кітаптар  оқуға, 

карта  пайдаланып  сөйлеуге  үйрету  бастапқы  іс-əрекеттер  болып  табылады.  Өйткені 

қарапайым  фразаларды  пайдалану  кезінде  оқушылар  қиындық  сезінбей  əрі  қарай 

географиялық  терминдерді  пайдаланып  сөйлей  бастайды  жəне  ол  білім  нəтижесіне  əсерін 

тигізеді.Алғашқы кезеңдерде оқушы қиындықтар сезінуі мүмкін, бірақ кейіннен кітаптарды 

пайдалануға  үйреніп  өздігінен  жұмыс  жасауға  əдетеніп  кетеді.  Осы  бағытта  мұғалімнің 

міндетті түрде сауалнамалар,əңгімелесу əдістерін пайдалануы қажет. Сонымен қатар бейне 

таспаға  түсіру  арқылы  оқушылардың  тілдік  деңгейінің  қаншалықты  дамығандығын 

бақылауына болады. 

      

Қорыта  айтқанда,  өзге  тілде  оқытудағы  ең  маңызды  мəселе,  тілді  оқушы  тілді  оқуды 



дағдыға айналдыру қажет. Біріншіден, үнемі сабаққа қатынасу, өзін-өзі дамытудың маңызды 

екенін жете түсіну. Мұғалім осы бағытта жұмыстану қажет. Екіншіден, оқушының қабілетін 

шектемеу,  өйткені  кейбір  оқушылардың  қабілеттілігін  мұғалім  ескерусіз  қалдырмау  қажет. 

Үшіншіден, ұстаздардың біріккен жұмысы немесе желілік қауымдастықтың маңыздылығын 

түсіну.  Ағылшын  тілінде  пəндік  материалдардың  жинағын,  дидактикалық  құралдардың 

жинағын жасақтау мұғалім үшін ерекше талапты қажет ететін іс болып табылады. Өйткені 

жаңа заман талабына сай ағылшын тілінде өз ойын еркін айтумен қатар білімін жеткізіп өз 

зерттеулерін  жасап  жаңа  идеяларын  ұсынып  қоғамға  өз  пайдасын  келтіре  алатын  өскелең 

ұрпақты  тəрбиелеу  үшін  сапасы  жоғары  оқу  материалдары  мен  құралдар  қажет.  Осы 

бағыттағы жұмысымда өз зерттеулерімді əрі қарай жандандырудамын. 

840



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет