Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет95/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасы» , 2004 ж

3. Əлемдік философиялық мұра. 1 том. – А.: Жазушы, 2005. – 560 б.

4. Б.И.Иманбекова.Тəрбиеге жетекші: - Алматы, 2004. – 224 бет.

5. Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б

6. Жұмағұлов Б. Т. «Көшбасшыны көшбасшы тəрбиелейді» - http://conference.nis.edu.kz

7. Қайыпназарова Н.А. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру бағытындағы

жұмыстар»-

 

http://45minutkz.files.wordpress.com



822

8. Жансая Тауова «Жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру - патриоттық,

тəрбиенің басым бағыттарының бірі»-http://www.baq.kz

9. Ғаламдық көшбасшылықты зерттеу орталығының,

Терең Демократия Институтының Миссиясы- http://www.ddi-centralasia.net

823


ДЕҢГЕЙЛІК БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ СЫНДАРЛЫ 

ОҚЫТУДЫҢ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ 

Кабденова А.К. 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  

СҚО, Петропавл қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   



Аңдатпа 

Мақалада  біліктілікті  арттыру  курстары  барысында  сындарлы  оқытудың  теориялық 

негізінде  педагогтарды  оқытудың  тиімді  жолдары  қарастырылады.  Деңгейлік  курстарының 

мазмұнын жүзеге асыру барысында əр жұмысты жоспарлауда мұғалімдердің қажеттіліктерін, 

олардың  білімді  қабылдаудағы  танымдық  деңгейлерін  ескеру  маңыздылығы  баяндалады. 

Сонымен қатар оқушыларды сындарлы оқытуға жетелеудің бастапқы кезеңдері көрсетіледі.  



Аннотация 

В  статье  рассматриваются  эффективные    пути    обучения  педагогов  на  курсах 

повышения  квалификации    посредством  конструктивного  обучения,  актуализируется 

необходимость  познавательного  уровня  для  планирования  деятельности  при  реализации 

содержания  уровневых  курсов.  Наряду  с  этим  предоставлены  основные  этапы 

конструктивного обучения учащихся. 



 Abstract 

           The effective ways of teachers training in the in-service training course through constructive 

learning are considered in this article. The significance of level cognition of  activity planning for 

implementation program content is actualized. Due to this the basic levels of constructive learning 

are presented. 

          Key words:  levels of course, constructive theory of teaching, professional development. 

Қазіргі  таңда  біліктілікті  арттыру  курстарының  жаңашылдық  үдерісі  барысында  əр 

мұғалімге  өзіндік  кəсіби  білімдері  жəне  біліктіліктері  жайында  ойланып,  сындарлы 

оқытудың  негізін  түсініп,  білім  беру  үрдісінде  жаңаша  əрекеттер  жасауға    мүмкіндіктер 

берілуде. 

Педагог  қызметкерлердің  біліктілікті  арттыру  деңгейлік  курстарының  оқу 

бағдарламасы    мұғалімнің  кəсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың  ғылыми-əдістемелік 

негіздері   бағытында   жүзеге  асырады. 

Курс  бағдарламасының  өзектілігі    Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасының мақсаттарымен жəне міндеттерімен үйлеседі [1]. 

Біліктілікті  арттыру  педагогтардың  басқарушылық,  ұйымдастырушылық  жəне 

тəрбиелеу қызметтерін орындауға даярлығын қалыптастыруға бағытталған кəсіби білім түрі 

ретінде  қабылданады.  Ол  жаңа  жалпы  теориялық  жəне  əлеуметтік-технологиялық  білімді 

игеруді,  икем  мен  дағды  аясын  кеңейтуді,  ғылым  мен  технология  арасындағы  байланысты 

түсінуін тереңдетуді қарастырады. Сондай-ақ біліктілікті арттыру бір мезгілде кəсіби еңбекті 

жетілдіруге  бағытталған  үздік  тəжірибені  игеру  нысанының  бірі  болып  табылады. 

Педагогтардың біліктілігін арттырудың негізгі мақсаты олардың тұлғасына жəне қызметіне 

тұрақты  өсетін  əлеуметтік  талаптармен  олардың  мектеп  алдына  қойылған  міндеттерді  іске 

824


асыруға  даярлық  деңгейі  мен  білім  жүйесіндегі  басқару  үдерістерін  құрайтын  заманауи 

ғылыми білім деңгейі арасында сəйкестік орнату болып табылады [2]. 

Деңгейлік  біліктілікті  арттыру  курсының  бағдарламасы  мазмұнына  сəйкес 

мұғалімдерді  оқыту  барысында  педагогтардың  кез  келген  мəселелерді  тұжырымдаудағы 

қабілеттіліктері, ойлаудағы икемділіктері, идеяларды тудыра алудағы талпыныстары артып, 

педагогикалық  ойлары  шыңдалады  деуге  болады.  Əрине,  осының  барлығы  кəсіби  білім 

алудың  нақты  үш  кезеңі  барысында  жүзеге  асырылады.  Бағдарламаның  бірінші  кезеңі 

түйінді  идеяларды  түсініп,  жеті  модуль  аясында  мектеп  тəжірибесіне  енгізу  əдістемесін 

интерактивті  əдістер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл  педагогтардың  танымдық, 

коммуникативті-дамытушылық  қабілеттерін  дамытуға  жетелейді.  Осының  нəтижесінде 

мектептегі тəжірибе кезінде  оқыту мен оқудағы өзгерістерді жүйелі ұйымдастырып, бағалап 

отырады.  Бұл  педагогтің  алдағы  іске  асырылған  өзгерістері  туралы  өздігінен  жəне  өзара 

талдау  жасауына  тікелей  қатысты  десе  болады.  Осылайша  біліктілік  арттырудағы  кезеңдер 

барысындағы білім мазмұнының кезеңдеп жүргізілуінің нəтижесінде мақсаттарды біртіндеп 

шешуге,  қадамдап  жоғарлауға    негізделеді.  Осы  деңгейлік  курстарының  əр  кезеңіндегі 

орындалған  əрекетке  баға  беруді  жүзеге  асыру  арқылы  мұғалімнің  кəсіби  біліктілігі 

шыңдалады. 

Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарының аясында педагогтің шығармашылығын 

дамыту    үздіксіз  үрдіс  ретінде  қарастырылады.  Педагогикалық  білімнің  əр  кезеңінде  жаңа 

тəсілдерді сапалы  игеру,  сол  сапаларды  өз тəжірибесінде  тиімді  қолдану  педагогтің  өзіндік 

кəсіби  біліктілігінің  шыңдауына  бағытталады.  Жалпы  педагогтің  шығармашылығы  жоқтан 

туындамайды,  ол  өте  кең  жəне  өзіндік  ерекше  сипаты  бар  даму  кезеңдеріне  сəйкес  жылжу 

көрсеткіші  бар  үрдіс:  өзіндік  түсінігі  бар  білімді  қолданудан  білім  беру  үрдісінде  мүлде 

дəстүрлі үйреншікті көзқарасын өзгертетін жаңаша амалды қолдану. Осы орайда біліктілікті 

арттыру  барысында  педагогтің  шығармашылығын  дамыту – бұл  жинақталған  білімді 

игеруден    басталып,  тəжірибесін  жаңартып,  өзгеріс  енгізу  жəне  сындарлы  оқыту 

теориясының  мəнін  түсінудегі  үрдіс  болып  табылады  десе  де  болады.  Жаңа  формация 

мұғалімінің  бойында мəселені көре білу, ойлаудың ерекшелігі мен икемділігі, қиялындағы 

сипаттай  білу  қабілеттілігі,  сыни ойлауға  жəне  өзіндік бағалау  деңгейі  басым болуы  керек. 

Осындай  бірлік  компоненттеріне  бағытталған  біліктілік  арттыру  жүйесіндегі  əрекет 

мұғалімнің кəсіби дамуындағы міндеттерді шешу үшін қажет деп ойлаймын.  

 Танымдық    психология  адамның  өз  қолымен  жасағанын  есте  сақтайтындығын, 

тəжірибелік əрекеттер арқылы үйренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық екендігін дəлелдеді. 

Осы  орайда  қытай  ғұламасы  Конфуций  былай  деген: «Маған  айтып  берсең - ұмытып 

қаламын,  көрсетсең – есімде  сақтаймын,  өзіме  жасатсаң - үйренемін».  Осы    ғылыми 

пайымдауларға  сүйене    отырып,  əр  мұғалім  білім  беру  барысында  шəкірттердің  белсенді 

əрекеттерін 

ұйымдастыра 

алса, 

оның 


кəсіби-ұйымдастырушылық 

шеберлігінің 

артқандығының  дəлелі  бола  алады.  Сондықтан  педагогтардың    біліктілігін  арттыру  жүйесі 

кəсіби болу керек. Бұл дегеніміз - педагогикалық білім алудан басталып, педагогикалық өсу 

барысында жалғасын табатын  теориялық  жəне практикалық тəжірибесі  өзара кіріктіріліп 

жүйеленген үрдіс. Сондай-ақ педагогтардың кəсіби біліктіліктерін арттыру – білім берудегі 

оқыту  мен  тəрбиелеудің  технологиялары  бойынша  білімдерін  жетілдіре  отыра, 

педагогикалық  үрдістегі  мəселелерді    қарастыратын  кешенді  шығармашылық  үрдіс.  Осы 

орайда 

 

педагогтардың 



кəсіби 

педагогикалық 

іс-əрекетін 

жаңартуға 

деген 

қызығушылығының  жоғары  деңгейлігі,  кəсіби  педагогикалық  ортадағы  өзгерістерге 



бейімделуі (білім беру  жүйесіндегі өзгерістерге байланысты өзінің іс-əрекетін қайта жаңарта 

білу  қабілеті),  əр  түрлі  педагогикалық  мəселелерді  шеше  білу  қабілетінің  жоғары  болуы,   

825


кəсіби құзыреттіліктерін игере білу қабілеті, педагогикалық іс-əрекет түрлері мен тəсілдерін 

жаңарта білуі жəне  өзінің педагогикалық кəсіби іс-əрекетін сараптай білуі маңызды болып 

табылады.  Ал,  жаттықтырушының  əрекеттерінде:  бағыт  берушілік,  ұйымдастырушылық, 

дамытушылық,  жаңашылдық,  кіріктірушілік    қызметтер  маңызды  болып  табылады.  Бұл 

əрекеттер  барысында    аса  сауаттылық  ересектерді  оқытудың  ерекшелігін  білу  маңызды. 

Осыған орай жаттықтырушы өз қызметінде төмендегі ережелерді басшылыққа алуы тиіс:  



-білім алушыға білім алу барысында жетекшілік ету; 

-барлық  деңгейдегі  ересектерді  оқыту  үрдісі  бірлескен  əрекет  мақсатты  бағытта  

ұйымдастырылады.

  

Деңгейлік курстарының мазмұнын жүзеге асыру барысында əр жұмысты жоспарлауда 



мұғалімдердің қажеттіліктерін, олардың білімді қабылдаудағы танымдық деңгейлерін ескеру 

де  маңызды  болып  табылады.  Тəжірибе  көрсеткендей  бұл  қажеттіліктер  негізінен 

мұғалімдердің  тапсырмалар  мазмұнын  пəн  бойынша  игеруі  жəне  жас  мамандардың 

тəжірибелі  мұғалімдермен  бірлесе  отыра  ой  бөлісулерінен  тұрады.  Сондықтан  да  сабақ 

барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше назар аудару. Себебі, 

жеке  жұмыс  арқылы  мұғалім  өздігінен  ой  түйіп,  мəселе  бойынша  шешім  қабылдай  алуын, 

дəлел ұсына білуін шыңдаса; жұптық жұмыс тəжірибелі маманның өз əріптесіне əдістемелік 

көмек  көрсете  отыра,  қалай  оқу  керектігін  үйретуге  жетелейді,  ал,  топтық  жұмыс 

қарастырылатын  мəселе  төңірегінде    өзіндік  білімдерімен,  идеяларымен  жəне  мəселелерді 

бірлесе  отыра  шешу  арқылы  білімді  өздігінен  игеруді  қамтамасыз  етеді  деп  ойлаймын. 

Сондай-ақ  тапсырманы  орындағаннан  кейін    тыңдаушылардан  «Осындай  жұмыстарды 

сабақтарыңызда  қолдануға  бола  ма?», «Бұл  оқушыларыңыз  үшін  қажет  пе,  жоқ  па?», 

«Жұмыс  жасау  барысында  өзіңіз  үшін,  оқушыларыңыз  үшін  не  алдыңыз?»  деген  сұрақтар 

қойып,  оған  жауаптар  алып  отыру  да  маңызды.  Осылайша    сұрақтарды  қоя  отыра,  өз 

əрекеттерін  талдай  білуге,  өздігінен  шешім  қабылдай  білуге    жетелеп  отыру  қажет.  Бұл 

мəселені шешудің дайын жолдарын беру емес, мəселені шешу жолдарын өздеріне анықтауға, 

өздері  шеше  білуге  жетелейді.  Жұмыс  барысында  топ  мүшелерін  ауыстырып  отыру 

ұстанымын  ұстану  керек  деп  ойлаймын.  Себебі,  мұғалімдер  əр  жағдайда  өздерін  бейімдеп, 

сол  жағдайда  қандай  іс-əрекет  жасап,  қандай    шешім  қабылдау  керек  екендігіне  үйренеді. 

Бұл  əдісті  тыңдаушылардың  өздерін  əр  жағдайда  реттей  білулерін  дамыту  мақсатында 

жүргізуге  болады.  Сонымен  қатар  жұмыс  барысында    мұғалімнің  белсенділігін,  білімді 

түсінуі  мен  ойлануына  мүмкіндік  беріп,  ақпарат  талданып,  шығармашылық  тұрғыдан 

өңделуіне  мүмкіндік  берген  дұрыс.  Осы  орайда  басты  мақсат –  өзіндік  бағалауға,  өзіндік 

бақылауға, өзінің əрекетін жоспарлай білуге, өзіндік білім алуға, метатанымдық қабілеттері  

мен    біліктіліктерін  дамыту  жəне    сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамыту  болып  табылады.  Бұл 

мұғалімдердің  өз  тəжірибесі  барысында  оқушыларды  сындарлы  ойлауға,  мəселеге 

байланысты  ойлана  білуге,  құбылысқа  əртүрлі  көзқарас  тұрғысынан  қарай  білуге  үйрете 

отырып,  оқушыға  мəселенің  мəнін  терең  түсінуге  ғана  емес,  өзінің  жеке  білімін  алған 

біліммен  сабақтастырып  жеткізе  білуге,  бағалауға  үйретеді.  Сындарлы    оқыту  теориясы 

оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың  бұрынғы  алған  білімдері,  жаңа  немесе  сыныптағы 

түрлі  дерек  көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  жəне  достарынан  алған  білімдерімен  өзара 

əрекеттесуі  жағдайында  жүзеге  асады  деген  тұжырымға  негізделген.  Сондықтан  білім  беру 

үрдісі барысында мұғалім өзі үшін келесі жайларды ескеру қажет: оқушының идеясын, білім 

жəне  біліктілігін  дамытуға  ықпал  ету;  əр  оқушы  өз  деңгейінде  жұмыс  жасап,  кейбір 

болжамдар бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау; пікірлері мен көзқарастарын 

нақтылап,  жаңа  ұғым-түсініктерін  өрістеуіне  мүмкіндік  беру;  оқушылардың  бастапқы 

білімдерін жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау.  Əрине, 

826


бұл  бағытта  мұғалімнің  кəсіби  тұрғыдан  терең  ойлануын  қажет  етеді.  Осы  орайда  бізге  

белгілі Б.Блум  таксономиясын алсақ, келесі деңгейлерді бөліп көрсетеді: білім (терминдерді 

қолдану,  нақты    фактілер,  ұғымдар  жəне  т.б.),  түсіну  (фактілерді  түсіну,  материалдарды 

қабылдау,  сызбалар    жəне  т.б.).  Бұл  деңгейлер - репродуктивті  білім  деңгейі.  Бұл  білімді 

тексеру  үшін    біз  тапсырманың  келесі  түрлерін  орындаймыз: «шешім  қабылдау», «оқып, 

танысу», «атап айту», «мазмұндау», «əрекет принципін түсіндіру» жəне т.б. Келесі деңгейлер 

продуктивті  деңгейлер - қолдану,  анализ,  синтез,  бағалау:  білімді  қолдану  (жаңа  жағдаятта 

білімді, белгілерді қолдану), талдау (жасырынған сөйлемдерді бөліп көрсету, логикалық ой-

пікірдегі    қателерді  көрсету,  фактілер  мен  зерттеулердің  арасындағы  айырмашылықтарды 

жүргізіп  көрсету  жəне  т.б),  синтез  (шығармашылық  тапсырманы  жазу,  зерттеу  жоспарын 

жасау  жəне  т.б.),  бағалау  (материалдың    логикалық  тұрғыдан  дұрыс  құрылғанын  бағалау, 

əрекет өнімінің маңыздылығын бағалау жəне т.б). 

Деңгейлік  курстарының  кезеңдері  аясында  педагог  кəсіби  əрекетінің  негізін  шыңдап, 

кəсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіріп, жаңа мақсаттар мен құндылықтарға бағыт алады. Əрине 

осының  түпкі  негізі  ізденістен  қаланады.  Сонымен  қатар  өз  ісіне  жауапкершілік  таныта 

отыра, əріптестерінің пікірін ескеру, ұжымды тығыз байланыста үйлесімді жұмыс жасаудың, 

ынтымақтастық  ортаны  қалыптастыруда  өзіндік  септігін  тигізу  маңызды  болып  табылады. 

Педагогтің  біліктілік  арттыру  барысында  жаңашылдыққа  жаны  құмар,  осының  негізінде əр 

əрекетіне талдау жасай алуы жəне кез келген ақпаратты қабылдаудағы талпынысының болуы 

өз  кəсіби  əрекетіне  өзгерістер  енгізіп,  жаңартары  сөзсіз.  Бұл  педагогтардың  біліктілігін 

арттыру барысында  толыққанды дамуын қамтамасыз ететін жүйелі жұмыс ортасын құрып,  

құзыреттіліктерін қалыптастыратын жағдайлар жасалуына жетелейді. Жағдай жасалған кезде 

педагог  өз  мəртебесін  арттырып,  кəсіби  əрекетінде  биіктерге  жету  үшін  мақсатты    түрдегі 

өзіне  деген    қажеттіліктерін  сезініп,  қанағаттандыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  педагогтің  

жеке  абыройы  мен  болашақ  ұрпақ  алдындағы  өзінің  əлеуметтік  жауапкершілігін  сезініп, 

олардың  психикалық,  əлеуметтік  жəне  эмоционалдық  қауіпсіз  жағдайда  болуын  түсіне 

білуіне көмектеседі. 

Əдебиеттер тізімі 

1. Қазақстан  Республикасында    білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған

мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010. 

2. Каплунович  Т.А.,  Александрова  М.В.,  Тращенкова С.А. Проектирование  этапов

повышения 

квалификации 

педагога 

в 

контексте 



карьерного 

развития// 

Человек и образование, 2012. - № 4 (33). 10-14-б. 

827


КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КƏСІБИ ТƏЖІРИБЕ 

Кабдешева Ж. З. 

Орал қаласындағы №26 орта мектебі  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа

 

Бұл  мақалада  мұғалімнің  кəсіби  дамуына  ықпал  ететін  қоғамдастық  пен 



көшбасшылық үдерістердің мазмұны қарастырылған,  мұғалім іс-тəжірибелік көзқарасымен 

бөліскен. 



Аннотация 

В данной статье учитель рассмотривает понятия «лидерство» и «сообщество», а также 

делится опытом своей работы. 

Abstract 

In this article the teacher wants show the idea of  leadership and association, and she shares 

her experience in this fiel of  her study.  

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  əлемдік  қоғамдастыққа  нарықтық  экономикасы  əлемдік 

жаңа  технологиялармен  енген  мемлекет  ретінде  танылып  отыр.  Мектептегі  басты  тұлға  - 

мұғалім болғандықтан , ол мектептің жүрегі іспетті. Мұғалімдік мамандықты таңдаған əрбір 

адам бұл қызметтің аса жауапкершілік пен аса сапалы білімді талап ететіндігін ұққаны жөн. 

Мұғалім  еңбегі – үнемі  жаңарып  отыратын,  дамып,  өзгеріске  ұшырап  отыратын  процесс. 

Яғни,  бұл  кəсіпті  таңдаған  адам  үнемі  ізденіп,  жаңалыққа  құмартып,  өзін – өзі  жетілдіріп, 

қоғам  дамуынан  кеш  қалмай,  қоғамдық  істерге  белсене  араласып  отыруы  шарт.  Əлемде 

мойындалған жəне кең таралған Мария Монтессоридің пайда болған жүйесіне көз жүгіртсек, 

ол  оқыту  мен  тəрбиедегі  емес,  балалардың  өз  бетімен  атқаратын  іс  –əрекеттерін 

ұйымдастырудағы  ұстаздың  рөліне  баса  назар  аударған.  Осыған  байланысты  «мұғалім» 

сөзінің    орнына  «жетекші»  деген  сөзді  қолдануды  ұнатқан . Ешкім  де  бала  үшін  баланы 

жетілдіріп дамытпайды. Бала мұны өзі істеуі керек. Ұстаздың міндеті осыған көмектесу жəне 

орта  жасау  ғана  деген  екен  ол.  Əлемдік  педагогикада  мінсіз  мұғалім  мен  оның 

дайындығының  моделі  жасалуда.  Мысалы,  жапондық  педагог  Томомучи  Киучи    ұсынған  

мұғалімнің  моделі , оның  пікірінше,  мынадай  маңызды  белгілер  мен  қасиеттерден  тұруы 

керек: бір уақытта оқыта да, тəрбиелей алу қабілеті, мықты теориялық педагогикалық білім , 

жоғары  мəдениеттілік  пен  тəрбие  құндылықтарын    түсіну,  еркіндік  пен  жауапкершілік , 

интелектуалды  топқа  қатысылық  тағы  бақа.Қазіргі  таңда  егеменді  еліміз  оқу-ағарту  ісіне, 

білім  беру  мен  білім  сапасын  көтеру  жұмыстарына,  мектептердің  материалдық-техникалық 

базасын  жақсартуға  ерекше  мəн  беруде.  Білім  берудің  жаңа  моделі  жасалынды,білім 

жүйесінде  жаңа  бағыттар  қалыптаса  бастады . Мемлекеттік  стандарттар  жаңартылып,оқу 

бағдарламалары  жетілдіріліп,жаңа  типтегі  оқу  орындары  ашылуда.  Сонымен  қатар,  білім 

сапасына  қатаң  талаптар  қойылып,  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  жаңa  формалары  мен 

əдістері,  оқытудың  жаңа  технологиялары  кең  көлемде  практикалық  қолданысқа  ие  болуда. 

Мемлекет  басшысы  отандық  білім  беру  жүйесін  бəсекеге  бейімдеп  құру  жөніндегі  нақты 

тапсырма  беріп,  ұлттың  өресі  білім  нəрімен  сусындағанда  ғана  өсетінін,  білім  сапасын 

халықаралақ  дəрежеге  көтеру  мен  əлемдік  білім   тайталасында  дамыған  мемлекеттермен 

деңгейлес  болу  мəселесін  батырып  айтты.  Қазіргі  өзекті  мəселелердің  бірі - өзгермелі 

əлеуметтік  жəне  экономикалық  жағдайда  өмір  сүруге  дайын  ғана  емес,  айналасындағы 

828


шынайы  өмірге  белсенді  қатынасын  байқатып,  оны  жақсартуға  ықпал  ете  алатын,  бəсекеге 

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Осыған  байланысты  жеке  тұлғаға 

қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады:  креативтілік,  белсенділік, 

əлеуметтілік  жауапкершілік,  ой - өрісінің  кеңдігі,  жоғары  кəсіби  деңгейлі  сауаттылық, 

танымдық  əрекетке  қызығушылығының  басымдығы.  Орыс  революционері,  демократы  В.Г. 

Белинский    «Мақсатсыз  əрекет  жоқ,  қызығусыз  мақсат  жоқ , ал  əрекетсіз  өмір  жоқ»  деп 

түйінді  пікір  айтқаны  мəлім.  Ендеше,  адам  баласы  өз    мақсатына  қызығушылық  танытқан 

кезде  ғана  қол  жеткізеді  екен.  Бүгінгі  күні  менің  алдыма  қойған  мақсаттарыма, 

қызығушылық  танытқан  ісіме    ұжымдағы  əріптестерімнің,  желілік  қоғамдастықтағы 

əріптестерімнің, оқушылардың, ата – аналардың   жақсы көзқарастары, оқушы мен мұғалім 

арасындағы байланыс, ынтымақтаса жұмыс істеу дағдылары  оң əсер етіп келеді. 

Сындарлы  теориялық  оқыту  курсында  алған  білімімнің  арқасында,  көшбасшылық 

қасиеттерімнің  ықпалымен  де    өз    мектебімдегі  мұғалімдерді , басшыларды,  оқушыларды , 

ата – аналарды ,  қала  мектептеріндегі  əріптестерімді  серіктестікке  тартып ,  кəсіби 

деңгейімді дамытып келемін. «Қашанда бір істі бастағыңыз келсе, ол іске əуелі ақылыңызды, 

онан  соң  көзіңізді  жұмылдырыңыз,  сонан  соң  ақылыңыз  дұрыстаса,  көзіңіз  көріп  жөнін 

тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ғана ерік беріңіз» деген балалар əдебиетінің 

атасы  Ыбырай  Алтынсариннің    ұлағатты  сөзі    менің  іс - тəжірибемде  көздеген  мақсатыма 

жетуіме жол ашқандай . Ақыл мен көздің үйлесімінен бастау алып , шын ниетпен істелінген , 

қолға алынған  қай жұмыстың да  нəтижесі өзің ойлағандай болатыны хақ . Сондықтан мен 

қолға  алған  ісімді  жүзеге  асыруда , мақсатқа , күтілетін  нəтижелерге  қол  жеткізуде  бар 

мүмкіншілігімді  пайдалануға  тырысамын . Бірінші  деңгейлік  мұғалімдерге  арналған 

нұсқаулықта  «Мектеп  көшбасшыларының    оқушылардың  нəтижелеріне  ықпал  етуі 

халықаралық педагогикалық қоғамда айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр. Білім беру 

саласындағы  саясатты  қалыптастырушылардың  халықаралық  көрсеткіштер  негізінде 

оқушылардың нəтижелеріндегі алшақтықты азайтуға бағытталған амал-шаралары , сондай-ақ 

оқушы нəтижелерін жақсартуда мектеп көшбасшылары басты рөл атқарады деген пікір бұған 

басты себеп болып табылады » деген құнды ой  бар  .  Көшбасшы ретінде тəжірибені өзгерту  

- істеп жатқан ісімді өзгерту , қалыптасқан жағдайды өзгерту , бір – бірімізге деген қарым – 

қатынасты өзгерту деп  білемін жəне оны ұдайы жалғастыруды мақсатым деп санаймын .  

Сабақтарымда жеті  модульдің элементтерін   қолданғанда, олардың  əрқайсысының 

орны ерекше екеніне көзім жетті . Себебі , жеті модуль бір-бірімен өте тығыз байланыста . 

Соның  ішінде  сыни  тұрғыдан  ойлаудың  стратегиялары  өте  көп. «Сын  тұрғысынан  ойлау – 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып  табылатын  қазіргі  ең  басты 

педагогикалық  түсінік.  Бұл  модуль  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  сын  тұрғысынан 

ойлауды  дамытуды  саналы  жəне  оймен  қабылдауын  көздейді» [МАН . І  деңгей.17 – бет] . 

Сабақтарымда оқушыларға ынтымақтастық атмосфераны  құруды (оны қолданғанымда бұған 

дейін  қарым  қатынасы  онша  емес  оқушылар    бір – біріне  жылы  тілектер  айта  отырып,  əрі 

қарай  да  тілдесе  бастады,  демек  ол  пайдаға  асты  деген  сөз) , жаңа  сабақты ,  өткен 

тақырыпты  қайталау  кезеңінде  сұрақтар  қоюды  (бастама , жауап , кейінгі  əрекет , түрткі , 

сынақтан өткізу , қайта бағыттау) меңгерттім ,  Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар 

беремін , оқушылардың  жеке  орындаған  тапсырмасынан  кімнің  тақырыпты  қаншалықты 

түсінгенін , кімнің қабілеті қай жерге дейін жететінін анықтаймын , сабақтар бойында өз – 

өзін  реттеудің  əдісін кірістірдім, жұптық , топтық , жеке жұмыс түрлерін жүргіземін,  тест  

тапсырмаларын,  бағалау  үшін  формативті  бағалаудың    бірнеше  стратегияларын  

қолданамын . Осындай    жаңа  тəсілдерді  қолдана  отырып , оқушылардың  сыни  ойлана 

алатындығын байқадым. Əсіресе , топтық жұмыс оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік берді 

829


, ақыл – ойын дамытуға түрткі  болды , ұжымдық іс – əрекетке  тəрбиеледі , тіл байлықтарын  

жетілдірді,  жан – жақты  ізденуге,  өз  ойын  еркін  жеткізуге  мүмкіндік  туғызды.Үздіксіз 

жүргізілген  жұмыстар  нəтижесінде  оқушылар  оқу  мен  оқытуға  шынымен  сыни  тұрғыдан 

қарай  білуге , топ  болып  жұмыстануға , бір – бірін  əділ  бағалауға  төселіп  қалды.  Сыни 

тұрғыдан  ойлауға  үйрету  менің  көп  жақты  жұмысының  бір  бөлігі  ғана.  Белгілі  ғалым,  ұлы 

педагог    Я.А.Коменскийдің  « Сен  ешбір  жаңа  нəрсе  меңгермеген  жəне  өзінің  біліміне 

ештеңе  қоспаған,  осынау  күнді  немесе  сағатты  бақытсыз  сана » деген  пікіріне  қосыла 

отырып , осындай  жаңа  əдіс – тəсілдерді  пайдаланып  өткізген  əр  сабағымнан  шабыт  алып, 

кəсіби шеберлігімді жетілдіре түскенімді бақыт деп санасам,оқушылардың  бет – жүздерінен 

сабаққа,  білім  алуға  деген  құлшыныстарын  байқағанымда , бұл  курстың  қаншалықты 

маңызды  екендігіне  тағы  бір  көзім  жетті.  Мұғалімдерді  бірлесіп  жұмыстануға , оқыту  мен 

оқуды  талдауға  тартуда  жүргізілген Lesson Study үдерісінің  де  ойдағыдай  өтіп  жатқаны 

қуанышты – ақ.  Бірақ  бұл  үдеріске  қатысатын  əріптестерді  таңдауда  аздап 

қиыншылықтардың  да  кездесетіні  шындық.  Өйткені  қазақ  сыныптарында  сабақ  беретін 

мұғалімдердің саны аз болғандықтан , мен сабақ жүргізіп жатқанда, олар да өз  сабақтарында 

болады. Сабақ кестесіндегі қайшылық , уақыттың аздығы, мұғалімдердің өз жұмыстарынан 

босамауы  бір  сəттік  қиындықтарды  туғызады.  Мектеп  өзгерісі  үшін  қарастырылған  əдіс – 

тəсілдерімнің  негізгілерінің  бірі  ретінде - тəлімгерлік  жұмысымды  баса  айтқым  келеді . 

Тəлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тəлімгер (тəжірибелі, озық педагог) мен тəлім алушы 

(тəжірибесі  аз  педагог)  арасында  сенімді,  жеке  тұлғаға  бағытталған  қарым – қатынас  құру 

үдерісі.  Тəлімгерлік  ету  барысында  тəлімгер  өзінің  білімімен , тəжірибесімен  бөліседі , ал 

тəлім  алушы  еңбек  жолында  айтулы  жетістіктерге  жету  мақсатында  өзінің  кəсіби 

дағдыларын дамыта отырып ,  проблемаларды шешу жолдарын іздейді  (МАН,  І – деңгей , 

37  бет) . Сондықтан  мен  де  өз  мектебімде  тəжірибеге  өзгеріс  енгізуді  жəне  əріптестермен 

жүргізілетін жұмыстарды ойластыра отырып , көшбасшылық пен қоғамдастықтың арқасында  

бұл  ұзақ  үдерістен  қол  үзгенім  жоқ.  Қызығушылық  танытқан    əріптестерімді  үйретіп 

жатырмын  жəне  олардың  көшбасшылық  жеке  қабілетін  дамытуға  ықпал  ететін  жолдарды 

қарастырудамын.  Қала  мектептері  мұғалімдерімен  желілік  қоғамдастық  байланысымызды  

жандандырудамын.  Жоспарланған  іс – шараларымыз  да  əр  мұғалімнің  кəсіби  дамуына 

бағытталған. Сондықтан да,нəтижеге   қол жеткізудегі   ықпалдастықтың бəрі əріптестермен 

үздіксіз  қарым – қатынас  жасаумен  байланысты  болып  отыр.  Біздің  қоғамдастығымыз, 

көшбасшылық    істеріміз    пікірлесу  ,түсінік  беру,  сауалнамалар  арқылы  көзқарастары  мен 

қажеттіліктерін  анықтау  , Lesson Study , коучинг,  желілік  қоғамдастық  аясындағы 

жұмыстарға    бағытталған . Болашақта  мəлімделген  мақсаттарға , тиімді  нəтижелерге  қол 

жеткізуге,  мектебіме  қажетті  оң  өзгерістерді  жүзеге  асыруға  көмектесетін  осындай  желілік 

қоғамдастың жұмыстарын үзбей жұмыстана беруге тырысамын. Өйткені , қарым – қатынас 

орнату, білімді тарату – көшбасшының басты міндеті.  

№ 

Қоғамдастыққа , көшбасшылыққа  қолдау 



көрсеткендер 

Қолдау көрсету бағыты 

Мектеп əкімшілігі 



Ынтымақтастықта  жұмыс  жасауға  қолайлы 

жағдай жасауы 

Əдістемелік бірлестік жетекшілері 



 Үдерісті бақылауы;

 Сабақтарға қатысуы;

 Жоспарлауға көмектесуі.

Деңгейлер курстарынан өткен мұғалімдер



 Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  əдіс –

тəсілдерді іске асыруға көмектесуі;

 Тəлімгерлік, коучинг үдерісіне түсуі;

 Lesson Study  тəсіліне

830


Пəн мұғалімдері 

 Коучингтерге қатысуы;

 Сабақтар өткізуі.

 Кері байланысқа түсуі.

Ата – аналар 



 Басымдықтарды

анықтауға 

көмектесуі;

 Мектептегі шараларға қатысуы

 Балаларының

сабақтағы 

белсенділігіне

ризашылықтарын 

білдіруі

Оқушылар 



 Басымдықтарды

анықтауға 

көмектесуі;

 Өз ойларын ортаға салуы

Деңгейлік курста бірге дəріс алғандар 



 Қоғамдастық,көшбасшылық  туралы

пікірлесу арқылы;

 Кейбір ойларымен  бөлісу арқылы

Тренеріміз 



 Ой қосуы;

 Қажетті материалдарды жіберуі;

 Бізбен 

ұдайы


хабарласып, 

жанашырлық танытуы

Басқа  мектептің  деңгейлік  курстан  өткен 



мұғалімдері 

 Пікір  алмасуы,  өз  тəжірибесімен

бөлісуі;

«Кісінің  бойындағы  үйрену  құмарлығын  оятқан  адам – ең  жақсы  мұғалім»  демекші,  

көшбасшылықтың,  бірлесе  отырып  жұмыстанудың  аясында  біздің  кəсіби    -  тұлғалық 

сапаларымыз  да  арта  түскендей. «Неге  қол  жеткізіп  келеміз?»  деген  сауалдың  да 

туындайтыны рас. 

1. Жұмыста тəжірибелі болу;

2. Іскерлік жиынтыққа ие болу;

3. Еңбек міндеттерін шеше білу;

4. Кəсіби əрекетке шығармашылықпен қарау;

5. Болашақ  үшін білімнің маңыздылығын  түсіну.

Шығармашылық əрекетіміздің негізгі механизмі ретінде анықтағанымыз: 

- қоғамдастық, көшбасшылық  əдістеме, тəсілдерді жетілдіру, жүзеге асыру, 

-  кəсіби  даму  жолында  сонылы  жолдар  мен  тəсілдерді  табу,  белгілі  болған  əдістемелердің 

элементтерін жаңадан қосу.  

«Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, 

кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – əрбір ұстаз 

үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мəселелерді анықтау. Келесі қадам 

– бұл жоспар жүзеге асатындай  жəне оның құрамына кіретін əрбір əлеуетті қатысушы оны

талқылай  алатындай  болу  керек» [МАН.  І  деңгей. 71 - бет]  дегендей,  жасалған  осындай 

алғашқы қадамдардың артында əлі талай мақсаттар мен міндеттердің тұрғаны рас.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет