С ДЫБЫСЫ МЕН ӘРІПІ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық С . Сейфуллин атындағы
жалпы орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Сабира Салимбекова
Сабақ тақырыбы : С дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: С дыбысы мен әріпін таныстыру. С дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау , білуге
үйрету, қол жаттықтыру. Дәптеріне с әріпін баспа түрінде жазуды үйрену.
Өрнекті құралдар: суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер, қол жаттығулары, жазба дәптері.
Сабақтың барысы
Сәлемдесу: үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге.
Құрметпенен біз.
Сабақ басталды:
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгін қандай дыбыс өтетінімізді білу үшін мына жұмбақты шешіп, соның бірінші дыбысын атайық. Сонда
қай дыбыс екенін табасыңдар.
Сытырлайды күнімен,
Сытырлайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (сағат)
- Сағат деген сөзіңді бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- С дыбысы
- Балалар, бүгін біздің өтетін дыбысымыз «С» дыбысы екен. Тобымызда «С» дыбысынан басталатын немесе
есімінде «С» дыбысы бар балаларды атаңдаршы.
- Сәнімкүл, Сара,Сабыр,Әсемкүл, Сәния, Асхат.
- Осы балалардың есімдерінде «С» дыбысы қай жерде келетінін талдайық.
- «Сәнімкүл» сөзінде – басында
- «Әсемкүл» өзінде – ортасында
- «Алмас» өзінде аяғында тұр
- Олай болса балалар ортасында, басында, аяғында келе береді екен. Осы «С» айтып көрлік (Мұғалімнен
кейін хормен айтады)
(«С»дыбысының ерекшелігіне тоқталамын). Сөздің басы мен ортасында «СЫ» деп , аяғында «ЫС» деп
қолданатыннын мысалдар арқылы түсіндіремін. Мысалы: сәбіз, сиыр , сабын, сақина, сүлгі, арыстан, бесік ,
қас, тас суреттері тақтаға ілінеді. «С» дыбысының астын көк текшемен белгілеймін
С дыбысы
Жануар
Өсімдік
Құстар
Сиыр
Сілеусін
Сарымсақ
Сәбіз
Сандуғаш
Сарышымшық
Осылардың патшасы кім?
Патшасы адам
Жаңа үйретілген «С» дыбысына байланысты мысалдар айтылады.
Тапсырмалар: 1) Жаңылтпаш неше «С» дыбысы бар екенін табыңдар.
Сол самат солсқай
Солақай Самат сол
Самат сол солақай.
2) Шығармашылық жұмыс. Түрлі түсті қағазбен сәбіз, сағат, кесе жасау.
3) Жазба жұмысы Қол жаттықтыру дәптерге «С» дыбыс үлігі бойынша жазылады.
Сабақтың тақырыбы : 3 саны мен цифры. Үшбұрыш.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық С . Сейфуллин атындағы
жалпы орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Сабира Салимбекова
Мақсаты:
1. 3 саны және цифрымен таныстыру. Үшбұрыш оның белгілері туралы түсініктерін
қалыптастыру.
2. Ойлау қабілетін дамыту.
3. Ұрпақтылыққа, адамгершілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар,кестелер геометриялық фигуралар, интерақтифті тақта, суреттер.
Әдісі: Ойын, сұрақ – жауап, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын «Кім жылдам?» Ойыны арқылы қорытындылау.
2+1 қосындысы неге тең екен? 1+2 қосындысы неге тең болады? (Жауабы)
Екі бұрышты салыстыру, айырмашылықтарын сұрау.
Логикалық есептер шешу.
Ойын: «Сиқырлы қалта»
4.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Енді қолымызбен 3 цифрімен мүсіндеп көрейік.
2 саны:
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3 саны:
Екіден соң әрқашан,
Үш саны болып қаламын.
Қос мүйізі майысқан,
Ұлттық ою саламын.
Сандар туралы не білеміз?(Жауабы)
Балалар, бізге тағы қонақтар келіп тұр. Мінекей қараңдар. Кімдер келіп тұр? (Аталар)
Балалар, біздің ұлтымыз қай ұлт? (Қазақ)
Біздің қаламызда қай бидің атында көше бар? (Әйтеке бидің атында көше бар) Осы көшеде кім тұрады,
балалар? (Әйтеке би көшесінде тұратын балалардын атын атау).
О О О – Мынау қандай гиометриялық пішін? (Шеңбер)
Сіргіту сәті:
Ептеп - ептеп жерден бидай терейік,
Теңгерінің торғайларға берейік.
Тойған торғай тампаң – томпаң секірсін.
Ол да біздей үлкен болып жетілсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
Балалардан құстардың пайдасы туралы сұрау. (Балалардың жауаптары.)
Түсі қандай?(Қызыл)
Нешеу? (үшеу)
-
Мынау қандай геометриялық пішін?(Үшбұрыш)
Үнтаспадан құстардың дауысын таңдату. (Құстардың дауысын ажырату.)
(Геометриялық пішіндерден машина құрастыру)
(Балалар «сиқырлы қалтадан» сандарды тауып алу)
Дәптермен жұмыс 3 цифрын дұрыс жазу.
Одан кейінгі тапсырмалар мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.
Өз бетінше жұмыс . 2 мен 3 сандарын құрамын бекіту үшін «Өнімді жина» «Арифметикалық лото»
ойындарын ұйымдастыру шартымен таныстыру.
Мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу ән: «Бағдаршам»
Үйге тапсырма беру. Сабаққа жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау.
Қазыбай Әлібек Мағаданұлы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
С.Жиенбаев атындағы орта мектебінің
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
•
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары туралы мәлімет беру.
•
Сабақты теориялық жағынан қарастыра отырып, оқушыларды күнделікті өмірде, сондай-ақ болашақ
әскер қатарында өздерін тәртіпті, тәрбиелі азамат ретінде ұстау қасиеттерін дамыту.
•
Қазақстанды мақтан тұтатын, оның халқына адал болатын, жері мен табиғатын құрметтейтін,
Қазақстандық патриот бола алатын, Отан қорғау міндетіне дайын азаматты қалыптастыру.
•
Уақыты: 45 минут
•
Өткізілетін орны: 10 сынып , АӘД кабинеті
•
Құрал-жабдықтар мен көрнекті құралдар:
•
Оқулық.
•
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары.
•
Интерактивтік тақта.
•
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты тусіндіру
•
Сабақты жүргізудің әдіс-тәсілдері: бөлімшеге бөліп дамыта оқыту
•
Сабақтың барысы:
•
І . а) Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.
•
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу,
оқушылардың сырт көрінісін тексеру. Рапорт қабылданғаннан кейін бірден Қазақстан
Республикасының Әнұраны орындалады, осы кезде қосымша интерактивті тақтадан патриоттық тәрбие
беретін, Әнұранның мағынасын ашатын, Қазақстан туралы, оның Қарулы Күштері, көп ұлтты халқы,
одағы бейбіт өмір, оның тұңғыш Президенті, батыр бабалары, өнері, байлығы, білімі, Астанасы туралы
қысқаша мәлімет беретін, оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятатын бейне таспа
ойнатылады.( 2 минут )
•
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
•
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үй тапсырмасы төмендегі сұрақтар бойынша тексеріледі:
•
Жалпы әскери жарғыларды айтып беріңіздер?
•
Жауынгерлер мен матростар құрамына кімдер жатады?
•
Сержанттармен старшиналарға кімдер жатады?
•
Аға офицер құрамына кімдер кіреді?
•
Кіші офицер құрамына кімдер кіреді?
•
Жоғары офицер құрамына кімдер кіреді?
•
Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
•
Рота бойынша кезекші міндетін айтыңыз?
Жаңа тақырыпты өту және бекіту: 30 минут
Жаңа тақырыпты үш бөлімге бөліп және осы үш бөлімді үш бөлімшеге бөліп беремін:
І-бөлімше: Әскери тәртіп. Әскери тәртіптің міндеті мен тәрбиелеу әдісі.
Қазақстан Республикасының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер.
ІІ-бөлімше:
Жауынгерлер мен матростарға қолданылатын көтермелеулер.
Әскери қызметті келісім шарт бойынша жауынгерлер (матростар) мен сержанттар (старшиналар)
лауазымында өткеруші әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер түрлері.
Көтермелеулердің жариялану реттері.
ІІІ-бөлімше: Тәртіптік жазалар. Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын
тәртіптік жазалар. Тәртіптік жазаның атқарылуы және жариялануы.
Сұрақтарды алдын-ала құрастырып, оны оқушылардың назарына интерактивтік тақта арқылы ұсынамын. Әр
бөлімшенің командирі өзінің қарамағындағы оқушыларға сұрақтар бойынша тапсырмаларды тең етіп бөліп
береді де, өзі қалған екі бөлімшенің тапсырмалары бойынша сұрақтар әзірлеуге кіріседі. ( 10 минут )
Оқушылардың сырт келбеті мен киім-киісіне, сабақ басында орындаған саптық дайындық бойынша
жаттығуға , тәртіптеріне қортынды жасап баға беремін. Тапсырма орындауға берілген уақыт бітісімен әр
бөлімше кезегі бойынша өздеріне берілген тапсырманы талдауға кіріседі және басқа бөлімшенің сұрақтарына
жауап қайтарады. ( Әр бөлімшеге 10 минуттан 30 минут )
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы.
Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты -
әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери
жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери
қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.
Әскери тәртіп - әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке
жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.
Әскери тәртіп - әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери
борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.
а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;
ә) алғыс жариялау;
б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2 тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;
в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері
туралы хабарлау;
г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;
ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке
фотосуретімен марапаттау;
д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;
е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті
әскери атақ беру;
ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;
з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;
и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.
Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында
немесе сап алдында жарияланады.
Тәртіптік жазалар.
Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол
әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.
Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:
а) сөгіс;
ә) қатаң сөгіс;
б) кезекті сейілдемеден айыру;
в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;
г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;
ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;
д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7
тәулікке дейін;
е) сержанттардың лауазымын төмендету;
ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;
з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.
Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін
жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.
Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен
қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті
айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.
Тәртіптік жаза ол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен
соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.
Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында,
сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.
Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.
Бекіту сұрақтары :
Интерактивтік тақта: 1 минут
-
Әскери тәртіп дегеніміз не?
-
Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?
-
Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?
-
Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?
-
Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?
Қорытынды : Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің : «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш
бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол
жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.»
Бағалау: 2 минут
Үйге тапсырма : Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы.
ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Орнашбаева Ақмарал Әбуханқызы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Сағи Жиенбаев атындағы орта мектебінің
биология және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін шығармашыл
тұлғалар қажет. Олай болса, сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қана қоймай, оқушылардың
жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Оқушыларға ғылым негізін
үйретіп, адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға -мұғалім. В.Д.Сухомлинскийдің
айтуы бойынша , бала өз күшіне деген сенімін ешқашанда жоғалтпауы , өзінің қолынан еш нәрсе
келмейтінін сезінбейтін болуы тәрбиешінің педагогтық көрегендігі болып табылады .Әрбір жұмыс
оқушы үшін аз да болса алға қарай ілгерілеу болуы қажет . «Баланың білместігін құрметтей
біліңдер», - деген поляк педагогы Януш Корчактың осынау сөздерінің мұғалім үшін маңызы бар .
Мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті, қажырлы және табанды етіп қалыптастырады. Мұғалім
сынып оқушыларының толық үлгірімі жолында күш-жігерін салып еңбек еткенде ғана, бұл міндеттерді
орындай алады. Мұғалім өзінің барлық білігі мен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісіне дұрыс ұйымдастырып,
тиімді жүргізуге жұмсайды.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысымның мақсаты: оқушылардың үлгерімін бақылау, түсінбеген
сұрақтарымен жұмыс жүргізу. Биология пәні маңызды сабақтардың бірі, оқушылар тірі ағзалардың барлығы
қоршаған ортамен тығыз байланысатынын үйренеді, сондықтанда бұл пәнге немқұрайлы қаралмауы керек.
Әр жұмыс кезінде үлгермеушілерге жетістіктерге жетулеріне жағдай жасалады. Оларды моральдық,
психологиялық тұрғыда қолдау , жұмыстарын бағалау және мадақтау.
«Биология » оқу пәнінің негізгі мақсаты – дүниенің қазіргі замандағы-ғылыми-жаратылыстану
биологиялық ғылымдардың рөлі , бейнесін қалыптастырудағы рөлі , тірі табиғат нысандары туралы білімді
өздігінен меңгеруді , тірі табиғат процестерін , құбылыстарын , заңдылықтарын түсіндіру және практикада
қолдану үшін біліктіліктерін қалыптастыруды және жаратылыстанымдық білім алу.
Оқушының сабақты нашар оқуының, сабақты үлгере алмауының басты себебі, оқыту жұмысының са-
пасыз болуында. Педагогикалық талаптар мен әрбір пәнді оқыту әдістемесін шебер де толық қолдан-
баса, оқу жұмысы дұрыс ұйымдастырылмайды. Оқушылар өтілген материалдарды толық түсінбейді,
үйге берілген тапсырманы орындап келе алмайды, не шала орындайды. Оқушының қатардан қалып
қоюы әуелде уақ-түйектен басталуы мүмкін. Мысалы, оқушы сабақтың дұрыс өткізілмеуі себепті,
өтілген материалдардың біраз жерін не бәрін түсіне алмай қалады, болмаса нашар не теріс түсінеді.
Көпшілік оқушының үйінде түсінбегенін сұрап алатын адамы болмайды. Осылардың салдарынан
оқушы материалды меңгере алмайды. Жаңа сабақ өткен материалдарға негізделіп жүргізілетіндіктен,
оны да шала түсінеді. Сонымен біртіндеп оқушы бағдарламаның бір бөлігін шала түсінген немесе
мүлде түсінбеген болып шығады. Осыдан келіп оқушының сабақты үлгірмеушілігі келіп туады. Кейде
сабақ әдістемелік жағынан дұрыс өткізіледі. Бірақ, кейбір оқушылар сабаққа ынта қоймай, басқа
жұмыспен айналысып (тәртіпсіздік жасап) не алаң көңіл болып отырады. Мұғалім мұндай оқушыларды
байқамай қалады немесе мән бермей олар ақырында сабақ үлгірмеушілерге айналады.
Сабақтың сапасыз өтуі - мұғалім білімінің жеткіліксіз, тәжірибесінің кем, әдістемені жете
меңгермегендігінен болады. Дайындықсыз сабақ - қашан да нашар өтеді. Бұл да үлгірмеушілікке
апарады.
Сабақты үлгірмеудің тағы бір себебі - мұғалім оқушының білім көлемін жиі-жиі тексеріп, есепке
алмағандықтан. Оқушының нақтылы білімін саралап анықтамайды. Ережелерді құрғақ жаттауына жол
береді. Сабақ үстінде уақыт жетпейді деген сылтаумен үй жұмысысына көп уақыт жібереді. Содан
барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады. Сабақта мұндай тәсілді
қолдану әлсіз оқушылардың сабақ үстінде – ақ өз білімдеріндегі олқылықтың орнын толтыруына
көмектеседі . Бірнеше сабақтың барысында дәл әрі тұжырымдалған сұраулар қойған оқушылар
қойған оқушыларға «жақсы» , «өте жақсы» деген баға қоямын , ал мұндай жұмыс үстінде
олардың белсенділігін кемітпеу үшін білмей қалған сұрақтарына төмен баға қоймастан , тек
олардың жауаптарының сәтсіздігін атап өтемін .Оқушылар материалдың биологиялық және
практикалық маңызын бағалана білуі үшін биология сабақтарында тақырыптың маңызын анықтау
тәсілін қолданамын .Биология сабақтарын оқытуда оқушылардың практикалық танымдық
іскерліктеріне көп көңіл бөлінеді .Үлгерімі төмен оқушыларға сабақта түрлі тақырыптарға сай
кинофильмдер,танымдық тапсырмалар мен сұрақтар , электрондық оқулықтар , интерактивті
деңгейлік тапсырмалар ,білімді жүйелеуге арналған тесттер , суреттер , кеппешөптер , мульяждар,
терминдермен жұмыс , таблицалармен , схемалар , сөзжұмбақтар мен ребустар шешіліп және
қатемен жұмыс түрлері орындалады .Дайындық кезінде үлгермеуші оқушыларды екі топқа бөліп
немесе аралас жұмыстар жүргізіледі және оларды салыстырып , қорытынды жасап отырамыз .
Оқушылардың сабақты үлгермеуінің тағы бір себебі - үйге тапсырма беру мен оны тексеру, әдіс-
теменің дұрыс болмауы. Өйткені кейде үйге берілген тапсырманың саны мен сапасына жете көңіл
бөлінбейді, тапсырма мөлшерсіз, үстірт, қалай болса солай беріле салады. Сол себепті оқушы түсінбей
қалады да үйге барғанда орындай алмайды немесе шала, қате орындайды. Осындай бір-біріне ұласқан
кемшіліктерден келіп үлгірмеушілік шығады.
Оқушының сабақ үлгірмеуінің басқа бір себебі - мұғалім оқушының ата-анасымен тығыз байланыс
жасамайды. Біріншіден. ата-ана оқуға қажетті жағдайды өз дәрежесінде туғызбайтындықтан, баласы
сабаққа даярлана алмайды. Оқушының сабаққа көп келмей қалып (не ауырып қалып) өткен сабақты
білмеуінен де күн тәртібінің болмауынан болған күнде де оны дұрыс орындамауынан үлгірмеушілік
шығады.
Сабақты үлгірмеушілік - оқушының денсаулығына да бірден-бір байланысты. Оқушының бір жері
ауырып отырса, сабаққа ықыласы болмайды. Не болмаса сынып ауасы жиі тазартылып тұрмаса да
немесе іші ыстық болсада, оқушының көңілі сергек болмайды, тез шаршап, бойлары ауыр тартады,
өтілген сабақты жөнді ұқпайды. Оқушылардың сабақты үлгірмеушілігінің және бір себебі - оларға бір-
біріне жолдастық көмектің дұрыс ұйымдастырылмауынан, ұйымдастырылған күнде әрбір оқушының
меңгере алмаған тақырыбына ғана нақтылап көмектеспей жалпылама қосымша сабақ түрінде
өткізілуінен. Сабақты үлгірмеушіліктің тағы бір себебі - сыныптағы оқушы санының көп болуы,
оқулықтың толық жетіспеуінен де. Сабақ кестесінің тұрақты болмауы, оның бағдарламалық талаптарға
сай жасалмауы да оқушылардың үлгіріміне кері әсер етеді.
Енді оқушылардың сабақты үлгірмеу себептерін біліп алғаннан кейін, негізгі мақсат - оны болдыр-
маудың жолдарын көрсетуге тырысу. Озат мұғалімдердің тәжірибелері сыныптағы оқушылардың сабақ
үлгірімін толық қамтамасыз етуге болатындығын әлдеқашан шешкен. Демек, барлық оқушының
сабақты жақсы оқуын қамтамасыз ету - әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс.
Әрбір оқушыға сабақ барысында берілетін сұрақтарды алдын ала ойлап қою керек, тапсырманы да
әрбір оқушының күші мен қабілетін ескере отырып, берген жөн. Біздің педагогикалық
жұмыстарымыздағы ең негізгі іс - сабаққа әзірлену. Сабаққа мұғалімнің ұқыпты даярлануы мен
сабақты сапалы өткізілуінің жолдары мен әдістері көп бола тұрса да соның ішінде үйге тапсырма беру,
жаңа материалды түсіндіру, үй тапсырмасын тексеруге тоқталып отырмын.
Біріншіден, оқушылардың үй тапсырмасын тексеру жолдары (оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге
дағдыландыру ісі).
Екіншіден, үйге тапсырма беру әдістері.
Үшіншіден, жаңа материалды түсіндіру тәсілі.
Оқушылардың үйде орындап келген жұмысын мұғалім үнемі қадағалап, тексеріп отыратын болса,
олар үйге берілген жұмысты тыңғылықты етіп орындауға дағдыланады. Бұл әдіс жалқау оқушыға да
қозғау салып, тапсырманы дұрыс, ұқыпты орындауға міндеттейді.Үй тапсырмасын тексергенде, оқуы
нашар, сондай-ақ тапсырманы қалай болса солай орындайтын оқушылардың дәптерлерін жиі-жиі
тексеру керек. Бұл әдіс артта қалғандарды оқуға талаптандырып, олардың белсенділігін жақсартады.
Мұғалім сабақ соңынан оқушылардың дәптерлерін жинап алып, үйде ұқыптап тексеріп шығады. Үйге
тапсырылған есептің, мысалдардың нәтижелерін тексергенде, сол тапсырмалардың қалай орындалуына
да мән беру керек. Сонда ғана оқушының ұқыптылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, тапсырмаларды дұрыс
орындауына, оның сауаттылығын арттыруға қол жетеді. Үйге тапсырылған жұмысты жақсы орындаған
оқушыларды дәріптеп, көтермелеу, басқаларға үлгі етіп көрсету - үлгірімі төмен оқушыларды сабаққа
ынталандырудың бірден-бір әдісі.
Өткен материал жөніндегі оқушылардың ұғымын тексерудің тиімді жолдарына тоқталу. Жеке
оқушыны тақтаға шығарып, тиісті сұрақтарға жауап алу. Сұрақты сынып оқушыларына тұтас беріп, олар
ойланып болғаннан кейін, жауап беретін оқушының аты-жөнін атау. Бұл екі әдісті де қолдану пайдалы.
Мұғалімнің оқушыға берген сұрағы дәл, анық, ұғымды болғаны дұрыс. Жүйесіз сұрақтан аулақ болу
керек. Мұғалім оқушының берген жауабының тек мазмұнына ғана көңіл аударып қоймай, тіліне де,
сөйлемді құрастырып дұрыс айта білуіне де көп көңіл бөлуі керек. Оқушы тілін тек дұрыс сөйлеу, ойлау
арқылы ғана дамытамыз. Бұл оқу, ана тілі сабақтарында ғана емес, барлық пәндерге де ортақ міндет.
Баға қою - өте жауапты кезең. Бағаны дұрыс қоймау оқушыларға үлкен кері әсер етеді. Бұның тәр-
биелік және оқушылардың сабақты дұрыс оқулары үшін маңызды екендігін мұғалімдер ұмытпауға тиіс.
Әр уақытта оқушылардың жауабына сәйкес өткен материалға қысқаша қорытынды жасап отыру -
олардың білімін нығайтуға пайдасын көп тигізеді.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқыту жұмысының нәтижелі болуы - материалды дұрыс түсіндіруге
және сабақты дұрыс жабдықпен өткізуге байланысты. Жаңа материалдың идеялық мазмұндылығы, оны
мұғалімнің ұғымды түрде анық түсіндіруі, сөйлегенде қимыл әрекетінің орынды болуы, оқушылардың
сабақты көңіл қойып тыңдауына ерекше әсер етеді.
Әдістемелік тәсілдерді өзгертіп, түрлендіріп отыру, оқушылардың сабақ үстінде өз бетінше істейтін
жұмыстары мен жаттығу жұмыстарын тиімді етіп, түрлендіріп жүргізу - олардың сабаққа белсене
қатысуына жол ашады.
Сабақтың ең бір жауапты кезеңі - үйге тапсырма беру. Бұл сабақтың негізгі бөлімінің бірі.
Оқушылардың сабақты дұрыс үлгіруі, жаңа сабақты меңгеруі - үйлерінде істейтін жұмысының
нәтижелілігіне тікелей байланысты.
Үйге тапсырманы үнемі сабақтың соңында, болмаса қоңырау соғылған кезде, үстірт асығыс ,беру өте
пайдасыз. Үйге тапсырма түсіндіріліп, реті келген жерде, нормаға сәйкес, сыныпта істелген жұмыстарға
ұқсас болмаса жеке оқушының психологиялық ерекшеліктері ескеріліп берілуі керек. Үй тапсырмасының
сапалы орындалуына оқушыларға үйде толық жағдайдың жасалу басты шарт.
Мұғалімде әр пәнге арналған ауызша және жазбаша, сондай-ақ, бақылау жұмыстарының мөлшерлері
жазылған көрнекілік болса жақсы. Оны білім тексеру, бақылау жұмыстарын талдау кезінде оқушылардың
көз алдына іліп қойса, өзінің және өзгелердің алған бағаларының әділдігін саралап отыруына ыңғайлы
болады.
'
Сонымен сабақтағы оқушы білімін бағалау - шығармашылық жұмысты қажет етеді. Мұғалім еңбегі
баланың білім сапасымен өлшенеді десек, бұл жұмыс педагогикалық және психологиялық жағынан
ойластырылып, сабақтың жауапты бір кезеңі есебінде жургізіліп отырылады.
Мұғалім бағаны қай кезде, кімге қою керектігін білуі керек. Мысалы, сабақтың басында, өткен
материалдарды жақсы меңгеріп, тапсырманы дұрыс орындап келсе, сабақтың ортасында, ерекше
белсенділік танытып, біліктілік көрсете алса, сабақтың соңында, өте жақсы үлгеретін оқушы жауап
берген кезде аз-кем олқылықтар жіберіп, оны толықтырып айту үшін тапсырма алып, кейін оны
меңгергенін көрсетсе және қалыс келе жатырған оқушының сабақ бойындағы жұмыстары есепке
алынып бағаланады. Сонымен, бағаны сабақтың кез келген жерінде қоя беруге болады. Үлгерімі төмен
оқушыны бүгінгі сабаққа қатысымын мадақтаса оқушылардың белсенділігін арттырады . Бүкіл
сынып алдында ұстаз аузынан шыққан жылы лебіз балалардың қай-қайсысын да бей-жай
қалдырмайды. Олар келесі жұмысты тыңғылықты орындауға құлшына кіріседі. Баға –оқушы білімінің
басты көрсеткіші және сол күнгі табысы екендігін естен шығармауымыз қажет.Бағалау дегеніміз –
өлшем .Өлшемді дұрыс қолдану –шәкірт білімін әділ анықтайтын қазылық жол .Оны
ойластырмай , үстіріт жүргізуге болмайды .Бағалау бес баллдық жүйемен де, ұстаздың ауызша
мадақтауымен де жүзеге асырылады.
Бағалау туралы айтқанда, оның қалай қолданылатыны туралы баяндау да орынды. Баға жазба
жұмыстарына, ауызша жауаптарға, түрлі тексеру жұмыстарына, дәптер тазалығына т.б ескеріледі .
Биология пәнінде жаңа тақырыпты меңгергеннен кейін зертханалық және практикалық жұмыстар
орындалып бағасы журналға қойылуы тиіс.Үлгермеуші оқушы зертханалық жұмыстарға қызыға
орындауы да мүмкін .
Атап айтқанда: оқушылардың үй тапсырмасын күн тәртібіне (режиміне) сәйкес орындауын мұғалім
және ата-аналары да күнбе-күн қадағалап отырса, үйде шамның жарық болуы, жарықтың сол жақтан
түсуі, жұмыс істейтін арнаулы орынның болуы, керекті оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі,
сабақ даярлап отырғанда ештеңеге алаң болмауы - осының барлығы оқушының сабақты толық үлгіруін
қамтамасыз етеді. Оқушылардың сабақты үлгіруіне оқу құралдарының жеткілікті болып, орынды пай-
далана білуі, сабақтан қалмауы үлкен әсер етеді. қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстарды жолға
қою, ата-аналарымен педагогикалық түсінік жұмыстарын күнбе-күн үзбей жүргізіліп отыру- оқу тәрбие
ісіндегі мақсатымызға жеткізері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |