символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге,
180
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына
орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді
неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен
жасалған дәрі –дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік
қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу –
фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем – домды жасауды
дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды
пайдаланып қорғай біліудің маңызы зор «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген
халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені
тәжірибеден мәлім.
Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген
орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану
тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII –ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды,
ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің
2500 – інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға
болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық
өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.
Лалагүлділер тұқымдасы алоэның сипаттамасы.
Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл.
Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі
араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” дегенсөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдікқасиетіне байланысты ”Үй
гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие.
Алоэнің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын
сақтауда үлкен маңызға ие.
Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің
жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа)
пайдаланылады.
Орны мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста
жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Жақсы өсіп келе жатқан
алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін
топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген
кірпіш ұнтағы мен ағаш кө-мірі қосылады.
Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің сусақтағыш ұлпалары (суккуленттері)
ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтыңкебуі (құрғауы) керек. Қыста
салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп
соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды. Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш
арқылы топырағын құнарландыруға болады.
Көбеюі. Тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту
процесі тұқым, жанама тымыр және сабақты құмды топыраққа отырғызу/егу арқылы іске асады. Алоэ
бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және . сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейті-леді.
Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептірін, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған
құмыраға не жайпақ төре лкеге отырғыз ады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.
Алоэ дарақ (тал) тәріді өсімдік болғандықтан, өсу барысында жан-жағына өркен жаяды. Сол себепті де үлкен
әрі биік болып өсуі ықтимал. Алайда, мұндай үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ
салынған құмыраға (горшок) немесе ауыр капшоға отырғызу керек.
Алоэнің түрлері. Алоэ вера Үйде өсірілетін алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның
барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі
әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.
Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе
алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе
ара тіст. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да,
ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі. Көбеюі
вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар,
әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды
емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады.
Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып,
физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.
181
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді.
Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны
дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.
[2]
Химиялық құрамы. Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин,
геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер,
фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде
кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу – ацеманнан тапты.
Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті
емдеуге қолдануда.
Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5
жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.
Алоэның қарсы көрсетілімдері: өт жолдары аурулары - бүйрек, бауыр аурулары - гипертония
-гемморой -жүктілік мерзімі
Алоэның пайдасы: Өкпе туберкулезі , Иммунитет , Тәбет ашады, Ангина, Күйік, Суық тию, Жараларды
жазу, Рак жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды, Жараларды жазу жасушаларының өсуіне тосқауыл
жасайды
Алоэның қолданылуы: Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады.
Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің
жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа
жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті
толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы
уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді
стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы
іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы
аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы
қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны
Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ
сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.
Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы
1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет
тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу
керек.
2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның
соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі. сондай-ақ адамның
тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ
шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.
Халық қоспасы
Қоспа № 1
Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей
какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне
2 рет қолдану керек.
Қоспа № 2
Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен
езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдыднда
1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.
Қоспа № 3
Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына
қолданады.
Қоспа № 4
Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа № 5
Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Қоспа № 6
182
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай
қасықтан қолданады.
Қоспа № 7
Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.
Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері зерттеу нәтижесі.
Тәжірибе №1
Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу
Мақсаты: Жағдайын жақсару
Уақыты: 24,25,26 қараша 2012 жыл
Зерттелуші: Абдраманова Айдана
Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы соль тамызу
Қорытындысы: Жағдайы жақсы
Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады.Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.
Тәжірибе № 2
Алоэның күйікпен жараға әсері.
Зерттеу әдісі: Жараға таңу.
Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы
Уақыты: 01-03 желтоқсан 2012 жыл
Зерттелуші: Әбілдаев Серік.
Зерттеу барысы: күйкпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.
Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы
Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.
Тәжірибе № 3
Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.
Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.
Мақсаты: Ауырғанды басады.
Уақыты: 15-16 желтоқсан 2012 жыл.
Зерттелуші: Мәдиев Қойшыбай
Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.
Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.
Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.
Тәжірибе № 4
Туберкулез және өкпе ауруларына.
Зерттеу әдісі: Күніне 2 рет ішу, кешке және таңертең ыстық 1стакан сүтке 1 қасық сөлді араластырып ішу.
Мақсаты: Туберкулез таяқшасын жою.
Уақыты: 30 қараша 30 желтоқсан аралығы 2009 жыл.
Қорытындысы: Жөтелі тоқтап, өкпе тұсының шаншуы басылды.
Ұсынылады: Күнделікті қолдану
Көбеюі
Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады.
Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы
керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп
отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын
ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 25
0
С –тан төмен болмауы тиіс.
Қорытынды. Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ
үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу
денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да
атсалысамыз. Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне
қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі
нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа
болады. Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте
183
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның
арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында
кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың
жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам
ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден
алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп
қойғым келеді:
- Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар
немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
- мектеп қабырғасынан емдік қасиеті бар алоэ өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш
берілсе;
- тек алоэ өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәрілерден ата-аналарымыз көп
пайдаланса ;
- алоэ өсімдіктеріне түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер
секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!
ҚЫЗЫЛ КІТАП ЖӘНЕ ОҒАН ТІРКЕЛГЕН БУЫНАЯҚТЫ ЖӘНДІКТЕР
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданны білім бөлімі
«№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі» КМК
География - биология пәнінің І-санатты ұстазы Мамутова Гауһар Бахарамқызы
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Жәндіктерді қорғау және
зиянкестермен күрес.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктермен таныстырып, оларды қорғауға және
зиянкес бунақ денелілермен күресу жолдарын үйрену.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың жаратылыстану пәніне деген қызығуын арттыру, қосымша материал
пайдалануға дағдыландыру;
б)тәрбиелігі: Бунақденелілердің алуан түрлілігі туралы білімін қалыптастырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап
Сабақтың пәнаралық байланыс: География, экология
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, электронды оқулықтар.
Сабақтың типтері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Өтілген материалды қайталау сұрақтары
3. Үй тапсырмасы
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Сабақты қорытындылап, бағалау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, керекті материалдарды журналға түсіріп, оқушы
зейінін сабаққа аудару.
2. Өтілген материалды қайталау.
Перфокартамен жұмыс.
Типтің
атауы
Ақ сұлама
Зымырақ
Гидра
Нерейда
Мысық
сорғыш
Ішек сорғыш
Ішек
қуысты
лар
Жалпақ
құрттар
Жұмыр
құрттар
Буылты
қ
184
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
құрттар
2. Сөзжұмбақ шешу.
а)Жануарлардың сыртқы, ішкі құрылысын, алуан түрлілігін зерттейтін ғылым саласы?
ә) Кенелерді зерттейтін ғылым саласы?
б) Өрмекшітектестерді зерттейтін ғылым саласы?
в) Жәндіктерді зерттейтін ғылым саласы?
г) Ұлуларды зерттейтін ғылым саласы?
д) Шаянтектестерді зерттейтін ғылым саласы?
1
и
я
2
и
я
3
и
я
4
и
я
5
и
я
6
и
я
3. Үй тапсырмасын сұрау:
а) Тікентерілердідің ғаламшарымызда неше түрі бар?
ә) Тікентерілердідің өкілдерін атаңдар және сипаттама
бер?
б) Сутүтікшелі жүйе дегеніміз не және оның атқаратын
қызметі қандай?
4. Жаңа сабақты түсіндіру
Қазақстан Республикасы Қызыл кітабында тіркелетін жануарлар 5 санатқа бөлінеді.
1 санат - жойылып бара жатқан түрлер мен түр тармақтары.
2 санат - саны азайып бара жатқан түрлер мен түр тармақтары.
3 санат - сирек түрлер мен түр тармақтары.
4 санат - белгісіз түрлер мен түр тармақтары.
5 санат - қалпына келтірілген түрлер мен түр тармақтары.
Нәзікқұйрық инелік - жыртқыш жәндік. Арал теңізіне таяу су алабында тіршілік етеді. Бұл ерекше
қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік.
Еөркемше - инелік. Бұл өзге инеліктерлен қанатындағы ерекше белгінің болмауымен ерекшеленеді.
Шолғыншы инелік. Бұл - күйтенді инеліктердің бір түрі. Шолғыншы инеліктің қанаттары біркелкі қалыпта
болмайды.
Ақтеңбіл дәуіт. Бұл Қызық кітабына тіркелген ең жалмауыз дәуіт. Ақтеңбіл дәуіттің дернәсілі 85 күнде 147
жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын және 266 бөлме шыбынын қорек еткен.
Далалық кергі. Ол - сирек кездесетін,Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Қанаты жоқ,
шырылдамайды, жыртқыш. Далалық кергі дала табиғатына нағыз бейімделген жәндік. Табиғатта кергілердің
аталығы көп кездеспейді. Сондықтан олардың аналығы партеногенезді жолмен көбейеді.
Бұғықоңыз. Саны күрт кеміп бара жатқан тұрқы 87 мм шамасындағы ең ірі қоңыз. Ол еменді ормандарда
өмір сүреді.
Көкқасқа шегіртке, қызылша бізтұмсығы, колорад қоңызы - астық және алқа тұқымдастарына, жеміс
бағындағы өсімдіктерге орасан зор зиянын келтіреді.
Сабақты пысықтау сұрақтары.
а) Қазақстанда сирек, жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрі бар?
ә) Ақтеңбіл дәуіт пен далалық кергінің тіршілік әрекетін салыстырыңдар?
б) Партеногенез дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау. а) Негізгі терминдерді қайталау.
ә) Оқушының берген жауабына қарай бағалау. б) Үйге тапсырма. Қызыл кітап.
СУДЫ ҚОРҒАУ
Кушабаева Бакыткул №64 орта мектеп Арал қаласы
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты:1)Білімділік:Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын,пайдасын түсіндіру,оны қорғау
туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2)Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілттерін,сөздік қорын дамыту.
185
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
3)Тәрбиелік:Айналаны,қоршаған ортаның әрбір бөлшегін үнемдеп,тазалап,тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,карта
Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
Тест әдісі бойынша.
1.Су қандай зат?
а)қатты ә)сұйық б)газ
2.Судың түсі қандай?
а)ақ ә)түссіз б)мөлдір
3.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
а)үштен бірі ә)екіден бірі б)үштен екісі
4.Судың тірі ағзалар үшін басты қызметі қандай?
а)еріткіш ә)аққыш б)түссіз,дәмсіз
5.Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?
а)тұщы ә)минералды б)қышқыл
6.Ең терең көл қандай?
а)Алакөл ә)Балқаш б)Байкал
7.Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?
а)теңіздің тасуынан ә)дауылдың соғуынан б)судың көп булануынан
Сұраққ- жауап:
1. «Сусыз тіршілік жоқ»-дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Жер асты сулары қалай пайда болады?
3.Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар?
4.Арал теңізіне және Балқаш көліне құятын қандай өзендерді білесіңдер?
5.Картадан Қазақсатнда кездесетін көлдер мен өзендерді көрсету,атау.
IIIЖаңа сабақ.
Мағынаны таныту
Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды.Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына
кіреді.Адам денесінің жалпы салмағының жартысынан астамы судың үлесіне тиеді.Су егін
егуге,өндіріске,күнделікті тұрмысқа пайдалануға керек. Бір адам тәулігіне 700 литр су жұмсайды екен.Біз
пайдаланған су ластанған су деп аталады.Көлден жылына 1 метр су қабаты буланады екен.
Арал мен Балқаш көлдері туралы суреттер сөрсете отырып,олардың тартылып кету себебін түсіндіру.
Болашақ ұрпақ осы көлдерді сақтап қалу үшін күрес жүргізуі керек.
IV.Сабақты пысықтау.
1.Оқушыларға оқыту.
2.Сұрақ-жауап.
3.Ассоциация құрастыру.
Мұнай өнеркәсібі
4.Топтық тапсырма
Судың пайдалы және зиянды жақтарын айту.
I топ-судың пайдасы,II топ-судың зиянын айту.
Пайдасы
Зияны
Жуынамыз
Ыдыс жуамыз
Ас пісіреміз
Үй тазалығына
Егін
Бақша суару
Тау жыныстарын бұзады
Тасқын пайда болады
Жер бетін өзгертеді
Ауру туғызады
Жұмбақ шешу
1.Аспанға да ұшады, Жерге де сіңіп батады. (Су)
2.Көбейткен жердің олжасы (Жаңбыр)
186
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
3.Аспанға ұшар болып, Жерге қайтар су болып (Бұлт)
Суға байланысты мақал-мәтелдер айту
1.Сулы жер-нулы жер. 2.Сөздің басы-бұлақ, Судың басы-бұлақ.
3.Жақсы болсаң -жердей бол, Бәрін шыдап көтерген,
Таза болсаң-судай бол, Бәрін жуып көтерген.
4.Су ішкен құдығыңа түкірме. 5.Сыйлап берген су да тәтті.
6.Таулы жер бұлақсыз болмас-сулы жер құрақсыз болмас.
Достарыңызбен бөлісу: |