Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

М.К. Алимходжаева 
Балтабай орта мектебі 
Алматы обылысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылы 
 
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ - НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ 
 
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық 
деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда.  
Білім  –  адамзаттың  терең  және  үйлесімді  дамуын  бекітетін  құралдардың  бірі,  прогрестік, 
әлеуметтік  тұрақтылық  пен  ұлттық  қауіпсіздіктің  маңызды  факторы.  Қазіргі  білім  беру  үрдісі 
адамның  ішкі  табиғи  мүмкіндіктерін  ашып,  әр  адамның  өзінің  «Менің»  сезінуге,  толықтыруға 
көмектесетіндей,  сыртқы  әлеммен  әлеуметтік  қарым-қатынастарда  өз  орнын  табуға,  өзін 
шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Білікті ұстаз, білімді маман болу 
үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. 
Білімін  тұрақты  көтеріп  отыру  –  мұғалімдердің  құқықтары  әрі  міндеттері,  білім  беру 
жүйесінің тұрақты дамуының кепілі болып табылады. 
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың 
жаңа  әдістерін  меңгерумен  өлшенеді.  Мұғалім  қаншалықты  білімді,  шығармашыл  болса,  оның 
құзыреттілік  аясы  да  соғұрлым  кең  болмақ.  «Құзыреттілік»  ұғымы  педагогика  саласында  тұлғаның 
субъектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылық-
белгілі  сала  бойынша  жан-жақты  хабардар,  білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып,  қандай  да  бір 
сұрақтар  төңірегінде  беделді  шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді.  Мұғалімнің  кәсіби 
құзіреттілігінің  негізгі  шарттары:  тұлғааралық  және  еңбектегі  байланыс;  қызметтің  экономикалық, 
әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі; қызметті жаңа жағдайға 
бейімдеудегі,  басқару  шешімін  қабылдаудағы  дайындығы;  практикалық  кәсіби  тапсырмаларды 
орындаудағы  дайындық  әлеуеті;  нақты  жағдайларға  байланысты  қандай  да  бір  әдістерді  пайдалану 
біліктілігі; тиімді шешім қабылдау қабілеті. 
«Құзырлылық  –  тек  кәсіби  білімі  емес,  тұлғаның  жалпы  мәдениеті  мен  шығармашылық 
әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді  белгілі оқымысты Т.Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек 
кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. 

36 
 
Қазіргі  оқытудың  жаңаша  технологиясын  меңгерудің  өзі  ұстаздан  шығармашылықты  талап 
етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы 
қажет.  Мұғалімнің  өз  кәсіби  қызметтерін  шығармашылықпен  атқаруына  әр  деңгейдегі  әдістемелік 
жұмыстарды  иновациялық  бағытта  ұйымдастырып  өткізудің  ықпалы  мол.  Біліктілігін  арттырушы 
мұғалім  өзінің  білімін,  жалпы  дүниетанымын  кәсіби  және  әдіснамалық  деңгейін  жоғарлатады, 
психологиялық-педогогикалық  сонымен  қатар  әдістемелік  сауаттылығын  жетілдіреді.  Ең  бастысы 
бұл  білімдер  мен  білік  дағдыларды  құзырлылық  ұстанымдарының  талаптарына  сәйкес  өздерінің 
меңгеруі  және  сол  жолдар  арқылы  өздерінің  ойлау  жүйесін,  шығармашылығын  өнертапқыштығын, 
рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. 
Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі 
дамытуға деген қажеттілік туады. 
Білім-тоқтаусыз  толассыз  үрдіс.  Білім  –  мұғалім  үшін  оның  шығармашылық  әлеуетін 
дамытудың  үрдісі.  Шығармашылық  әлеуеттің  дамуы  өз  білімін  көтеруге  негіз  болады.  Мұғалім 
шығармашылық  әлеуетін  дамыта  отырып,  өзінің  құзіреттілік  аясын  кеңітеді.  Кәсіби  құзіреттілік 
маманның  әлеуметтегі  дәл  осы  уақыттағы  қабылданған  стандарттар  мен  нормаларға  сәйкес  өзінің 
кәсіби  педагогикалық  қызметін  атқаруға  дайындығы  мен  қабілетін  анықтайтын  кәсіби  білімдер 
жиынтығы  немесе  жекелік-кәсіби  сипаттама.  Кәсіби  құзіретті  еңбек  деп  мұғалімнің  педагогикалық 
әрекетті  өте  жоғары  деңгейде атқара  алуы,  педогогикалық  қарым-қатынасқа  түсе  алуы  нәтижесінде 
оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы. 
Кәсіби  құзіреттілік  бір  нәрсе  жайлы  беделді  ой,  кесімді  пікір  білдіруге  мүмкіндік  беретін 
білімділердің  сипаттамасы  ретінде  қарастырылады.  Сондықтан  оның  құрылымына  әлеуметтік 
психологиялық,  аутопсихологиялық,  комуникативті,  педагогикалық-педагогикалық,  әлеуметтік, 
перцептикалық құзіреттілік жатады. 
Мұндағы әлеуметтік-перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік яғни тұлғааралық 
қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлекциялау нәтижесінде 
басқаның образын қалыптаструдан түзіледі. 
Аутопсихологиялық  құзіреттілік-тұлғаның  өзінің  сапаларын  өзгертуге  дайындығы  мен 
қабілеттеріне бағытталған психологиялық жұмыс. Оның нәтижесінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, 
өзіндік ресурстарына әсер етуі қамтамасыз етіледі. Аутопсихологиялық құзіреттіліктің жүйе ретіндегі 
құрылымдық  компанентеріне:  рефлексивтік  -  өзін-өзі  бағалау,  бақылау,  жобалаушылық  -  өзін-өзі 
өзгерту  әрекетін  жоспарлау,  өзара  коммуникатифтілік  –  ішкі  диолог,  ұйымдастырушылық  –  ішкі 
ресурстарын  өзін  дамыту  үшін  аша  алуы,  прогностикалық  -  өзінің  даму  сәттеріне  сүйсінуге 
қабілеттілік жатады. 
Аутопсихологиялық  құзіреттілік-тұлғаның  өз  білімділігін  өзі  танып,  бағалап,  бақылап, 
дамытуға бағыттауы, мұның нәтижесінде шығармашылық әлеуеттің дамуы жеделдейді. 
Рефлексифті  құзіреттілік-шығармашылық  әрекетті  жоғарылататын  кәсіби-тұлғалық  дамуды 
жеделдететін  рефлексифтік  үрдістерде  көрінетін  тұлғаның  кәсіби  сапасы.  Ол  маманның  өз 
тәжірибесін  талдау  арқылы  дамуды  ынталандыратын  жаңа  кәсіби  этолондар  мен  стандарттарды 
белгілеудегі рөлін арттырады. 
Рефлексиялық  қабілеттері  дамыған  мұғалімде  оған  деген  тұрақты  қажеттілік  сезіліп  тұрады. 
Кез  келген  істі  ол  өзіне  өзі  сұрақ  беруден  бастайтындай  дәрежеге  жетеді.  Бұл  мұғалімнің 
шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі - одан өзіне қатысты белсенді позицияны 
таңдауды талап ететін рефлекциялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді. 
Мұғалімнің  белгілі  бір  педагогикалық  мәселелер  туралы  барлық  ақпаратты  жинақтай  алуы, 
оның  тиімдісін  таңдай  білуі,  нақты  жағдайды  шешуге  байланысты  оған  өзіндік  қолтаңбамен 
өзгерістер енгізе алу, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білу сыни ойлау нәтижесінде 
жүзеге  асады.  Бұл  жағдайда  сонымен  бірге  тапқырлық  пен  өнертапқыштық  сияқты  сапалар  қатар 
дамуға мүмкіндік алады. 
Шығармашылық  әлеуеті  дамыған  мұғалім  үшін  білім  мазмұнын,  әр  оқушының  өзіндік 
ерекшелігін,  оқушылар  ұжымының  артықшылықтарын,  соған  сәйкес  оқуды  ұйымдастырудың 
формалары мен тактикалары жайлы ақпараттарды есінде ұстау қажет.  
Кез  келген  жаңалық  ең  алдымен  адамның  қиялында  пайда  болатындықтан  шығармашылық 
әлеуеттің құрамдас бөлігінің бірі – фантазия. Бұған дейін белгілі фактілерге қатысты жаңа көзқарас 
тұрғысынан  қарауға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  оның  көркемдік  және  ғылыми-танымдық 
құндылығы  орасан  зор.  Қиялдаудан  туындаған  шығармашылық  белсенділік  едәуір  шамада  ішкі 
ниеттерге,  жекелей  дарындылыққа  және  адамның  қызметі  үрдісінде  қалыптасатын  даралық 

37 
 
тәжірибесіне  байланысты.  Фантазия  арқылы  адамның  есінде  сақталған  қабылдау,  елес  бейнелері 
қайтадан өңделіп, сұрыпталып, жаңартылып, солардың негізінде мида жаңа бейнелер жасалады. 
Фантазия-педагогикалық  актінің  құрамдас  бөлігі.  Ол  жаңа  жоспарлар,  бағдарламалар, 
технологиялар,  т.б.  жасауда,  оны  жүзеге  асыруда  іске  қосылады.  Нәтиженің  қолдай  болатынын 
болжау,  бұрынғы  елес-бейнелерді  өзгертіп  бір-біріне  қосып,  қайтадан  бейнелеу  арқылы,  оқытуда 
жаңа  жолдар  табуға  көмектеседі.  Фантазия  арқылы  көрнекті  ақын,  педагог,  психолог  Мағжан 
Жұмабаев «Мылқау өмірге үн, сақау өмірге тіл беретін», жоқты бар, ал барды гүлді, көрікті қылатын, 
бізді  асыға  аяқ  бастырып  тәңірмен  тілдестіретін  сол  фантазия»  -  деген.  Шығармашылық  әрекет 
жоғары  әлеуметтік  қажеттіліктерден  туатындықтан  оның  нәтижесіне  қарай  қанағаттану  немесе 
қанағаттанбау реакцияларын бастан өткізеді. Бұл эмоциямен тығыз байланысты. Эмоция  – толғану, 
сезім, көңіл-күй деген мағына береді. Эмоцияның жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына 
мүмкіндік туғызады. Эмоциясыз, сезімсіз ізденушілік болмайды. 
Жаңалық  ашу  өздігінен  келе  салмайды,  оған  алдын-ала  жасалған  қажырлы  еңбек 
құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани 
күштерінің  ширығып  өрлеуі,  шығармашылық  толғанысы.  Шабыт  жаңа  туындының  пайда  болуына, 
бастайды.  Ол  адамның  жоғары  белсенділігінен,  әрекеттің  өнімділігімен,  шығармашылықтың 
шаттығын  сезінумен  «құштарлық»  пен  эмоциялық  ойға  шолумен  ұштасады.  Шығармашылық 
үрдістің  санадан  тыс  тәрізді  болып  көрінуі  шығармашылықтың  өзінің  барынша  саналығының 
нәтижесі, сананың ерекше айқындылығының, ойлар мен бейнелердің өзінше бір үлгіде лықси келіп, 
айшықтана  көрінуінің,  естің,  зейіннің,  идеяны  орындауға  бағытталған  құлшыныс  пен  ерік-жігердің 
жемісі. Шабытты шақтарында адам бойындағы бар күш жігермен әрекет етеді. 
Шығармашылық  әлеует  ұғымының  құрамалары  ретіндегі  адамның  тұлғалық  сапаларының: 
еркіндік, шешімділік, тәуекелшілдік, тапқырлық, өнертапқыштықтың алатын орны ерекше. Адамның 
еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның 
ойлау,  пайымдау  және  әрекеттену  еркіндігі  жеке  кәсіби  жауапкершілікті  сезінумен  сәтті 
байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алу, педагогикалық 
догмалардан еркін тұлға ғана тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойнына ала алады. Еркін адам 
өзінің  өмірлік  позицясы,  ұстанымы  болғандықтан  өзгелерді  қайталамай,  жаңаша  тың  жолдармен 
жүреді. Дәл осы сапа шығармашыл мұғалім үшін аса маңызды. 
Шешімділік  –  адамның  өз  бетімен  жауапты  шешімдер  қабылдауға  және  іс-әрекетке  оларды 
бұлжытпай жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барудың және бірнеше 
баламадан  біреуін  таңдаудың  қажеттілігін  туындатады.  Осы  кезде  шешімділіктің  маңызы  зор.  Сол 
қабылданған шешім үшін жауапкершілікті өзіне батыл алуды, іс-қимылдың дер кезінде болуын оны 
тез  орындай  білуді  білдіреді.  Шығармашылық  әлеует-шығармашылық  әрекетке  негіз  бола  отырып, 
шешімді әрекеттің орын алуын қамтамасыз етеді. 
Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуетінің  құрамына  оның  кәсіби  мәнді  сапаларын  жатқыза 
отырып, олардың бастылары ретінде: шеберлік, импровизация мен интуицияны атап өтеміз. 
Шығармашыл  тұлғаның  ерекше  қасиеттерінің  қатарына  педагогикалық  импровизация  жасай 
алуы  жатады.  Педагогикалық  импровизация  дегеніміз-мұғалімнің  алдын-ала  жоспарланбаған 
тосыннан  пайда  болған  педагогикалық  мәселені  шешу  үшін  өзінің  білік,  дағдысы  мен  іскерлігін 
шығармашылықпен  іске  қосуы.  Педагогикалық  импровизация  мұғалімнің  шығармашылықпен  өзін-
өзі  дамытуына  әсер  етуші  фактор.  Өйткені  импровизация  кезінде  мұғалімнің  ішкі  күштері  мен 
қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын алады. Дәл осы жағдайда шығармашылық туады да әлеуеттің 
дамуына мүмкіндік жасалады. 
Педагогикалық  шығармашылықтың  орын  алуына  септігін  тигізетін  тағы  бір  басты  мәселе  –
мұғалімнің  әртістік  қасиеті.  Мектеп  әрине,  театр  емес.  Дегенмен  мұғалім  үнемі  халық  алдында 
тұратын  танымал  адам.  Олай  болса  ол  аудиторияны  меңгере  алуы,  иландыра  білуі,  шабыттандыра 
алуы тиіс. 
Педагогикалық әртістік тек әрекетте педагогикалық білім, білік, дағдыны тиімді пайдаланып 
қою  ғана  емес,  тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  дамытуды  қамтамасыз  ететін  эмоцияналдық-
бейнелік  тетіктер  жүйесі  арқылы  педагогикалық  міндеттерді  шешу  барысында  көркемдік  логиканы 
пайдалану. 
Педагогика  ғылым  ретінде  ой  мен  сезімдерді  дамытады,  адамның  құндылық  негіздерін 
бекітеді.  Ол  педагогикалық  үрдістің  руханилығын  арттырады,  оның  мазмұны  мен  формаларын 
адамсергіткіштік  пен  мейірімін  қанықтырады,  шығармашылық,  шеберлік  сияқты  педагогикалық 
кәсібиліктің  жаңа  сапасы  арқылы  жасампаздыққа  жеткізеді.  Шығармашылық  әрекет  жоғары 

38 
 
әлеуметтік  қажеттіліктерден  туатындықтан,  сол  қажеттіліктерді  жүзеге  асыру  арқылы  мұғалімнің 
құзіреттілігі қалыптасады. 
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-
жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің 
кәсіби  құзіреттілі-бүгінгі  ғасыр  талабына  сай  белгілі  бір  нәтижеге  бағытталған  білім  берудің  негізі 
болмақ. 
Бүгінгі  заман  талабы  -  жан-жақты  дамыған,  өзіндік  «мені»  қалыптасқан  «тұлға»  тәрбиелеу. 
Оқушы  «тұлға»  болып  қалыптасуы  үшін  оның  бойында  түрлі  жағдаяттағы  проблеманы  анықтауға, 
өзіндік  тұжырым  жасай  білуге,  өзіндік  бағалауға,  сыни  ақпараттарды  өз  бетімен  табуға,  талдауға 
логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері 
қалыптасуы қажет. 
Осындай  биік  нәтижеге  қол  жеткізуді  –  кәсіби  құзіреттілігі  жоғары  мұғалім  ғана  жүзеге 
асырмақ . 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2007. 
2.
 
Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. –Алматы, 2007. 
 
 
ӘӨЖ: 159.96 
А.Т. Алпиева 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 
Қазақстан, Семей қаласы 
 
СТРЕСС – ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ РЕТІНДЕ 
 
Қоршаған әлеуметтік ортамен күнделікті қарым-қатынасқа түсу барысында адамдар бір-біріне 
әртүрлі  ықпал  етіп,  әсерлер  алады.  Олардың  жағымды,  жағымсыздығына  қарай  ішкі  жан  дүниеміз 
жауап  қайтарады.  Жүйкелік-  психикалық  эмоциональды  қозу  –  стресс  деп  анықталған.  Стрестің 
деңгейлеріне  қарай,  психикаға  әсері  де  әртүрлі:  физиологиялық  және  психикалық.  Стреске 
ұшырамайтын адам жоқ және одан қорғану мүмкін емес. 
«Стресс»  атауын  медицинаға  Канада  ғалымы  Г.  Селье  алғаш  XX  ғ.  60-шы  жылдары  енгізді 
[2].  Бұл  ғалымның  байқауы  бойынша  әсер  еткен  қолайсыз  ықпалдардың  (ол  жарақат,  жұқпа, 
химиялық  улану  немесе  ауыр  қайғы-қасірет)  түріне  қарамай  оларға  организм  әрқашан  бірбеткей 
жауап  қайтарады.Жоғарыда  айтылғандай,  алғашында  стрессордың  ағзаға  әсері  бейсаналы  деңгейде 
болады. Дегенмен де, стрессордың әсері қауіпті, зақымдаушы фактор ретінде түсіну процесі жүреді 
және түрлі психикалық және психосоматикалық бұзылыстармен сипатталады. Ал бұған дайын емес 
адамдардың  автономды  жүйке  және  гормональды  жүйелері  әдетте  саналы  басқаруға  түспейді. 
Сонымен қатар қазіргі кезде стрестік және дистрестік күйлер дамуының алдын алуда қолданылатын, 
стрестік  қысымның  деңгейін  саналы  басқаруға  мүмкіндік  беретін  белгілі  бір  техниканы  қолдана 
отырып, әдістемелерді меңгеруге болады.  
Г. Селье «стресс» және «дистресті» бөліп көрсетті. Стресс пайдалы ол адаптацияға апарады, 
дистресс зиянды, ол әр түрлі психосоматикалық ауруларға әкеледі. Г. Селье стресті - физикалық және 
психологиялық  қысым,  басымдылықтың  синонимі  деп  түсінсе,  ал  дистресс  қайғы,  жетімсіздік, 
мұқтаждық  деп  түсінді.  1936  ж.  Г.  Селье  бейімделу  ауруларын  зерттей  отырып,  «жалпы  бейімделу 
синдромының» бар екендігіне көзі жетеді. Мұндағы басты орынды стресс алды. Мұнда стресс ағзаны 
ортаның  өзгеріп  отыратын  жағдайына  дайындап  отырады  деп  түсіндіріледі.  Бейімделу  синдромы  - 
күші  және  ұзақтығы  бойынша  маңызды  жағымсыз  әсерлер  -  стрессорларға  жауап  ретінде  пайда 
болатын  және  жалпы  қорғаныш  мінезге  ие,  адам  және  жануарлар  ағзасының  бейімделу 
реакцияларының жиынтығы [2]. 
1.
 
Бейімделу синдромының дамуында 3 кезең бөліп қарастырылады: 
2.
 
Үрей кезеңі - бірнеше сағаттан - бірнеше тәулікке дейін созылып, шок және шокқа қарсы 
фазаларынан түрады. Шокқа қарсы фазасында ағзаның қорғаныштық реакциялары жүйеленеді. 
3.
 
Қарсылық  көрсету  кезеңі  -  ағзаның  түрлі  әсерлерге  табандылығының  жоғарылауымен 
сиптталады. 
Стрессор  түрі  мен  оның  әсер  ету  сипатына  қарай  стрестің  физиологиялық  және 
психологиялық  түрлерін  ажыратады.  Психологиялық  стресс  ақпараттық  және  эмоционалды  болып 
екіге бөлінеді. Ақпараттық стресс - ақпараттық жүктің тым артылып кеткен кезде, адам тапсырманы 

39 
 
орындай  алмаған  кезде,  қабылдаған  жауабы  үшін  тым  жоғары  жауапкершіліктегі  талап  етілетін 
қарқында  шешім  қабылдауға  үлгермеген  кезде  пайда  болады.  Эмоционалды  стресс  қауіп  -  қатерлі 
сезім, ренжу жағдайларында көрінеді. 
Стресстік реакцияның бірінші фазасында стресстік механизмге патология немесе орындаушы 
механизмдердің таусылуы жүктелмейді.Ал кейінгі фазалардың дамуында, ағза қалыпты жағдай мен 
паталогия  шегінде  болғанда  (шекаралық  күйлер)  бір  қатар  авторлар  жасақтаған  топтық  белгілердің 
жүйесін қарастыруға әкеп соғады: 
1.
 
клиникалық - жеке және реактивті үрей, эмоционалды тұрақтылықтың төмендеуі; 
2.
 
психологияльіқ  -  өзін-өзі  бағалаудың,  әлеуметтік  бейімделу  деңгейінің,  фрустрациялық 
толеранттылықтың төмендеуі; 
3.
 
физиологиялық-симпатикалық  жүйке  жүйесінің  тонусының  парасимпатикалық  жүйке 
жүйесіне үстем етуі, гемодинамиканың өзгеруі. 
Стрестік  реакция  -  белгілі  стрессорлардың  әсерінен  белсенділік деңгейінің  өзгеруі.  Сөйтіп, 
әдебиеттерде бар стресс анықтамаларын қарастыра отырып, стресс термині арқылы реакция емес, ал 
ортаның белгілі жағдайларында адамға қажетті белсенділікті қамтамасыз ететін гомеостаз күйі болып 
табылады деген қорытынды жасадық.  
Дистресс  -  бұл  шекаралық  күйлердің  және  психосоматикалық  ауруларға  әкелетін  ағзаның 
түрлі  құбылыстарының  (функционалды  немесе  морфологиялық)  қызметіндегі  бұзылыстарға  әкеп 
соғатын нейроэндокринді механизмдер жұмысының қалыптан шығуы. 
Г.  Сельенің  сипаттауы  бойынша  стрестің  ортақ  адаптациялық  синдромы  бойынша  қобалжу 
сатысы (шок, контршок) және төзімділік сатысы мен әлсіреу сатыларынан тұратын фазалы реакция. 
Стрестің бейімделу сатысы даму заңдылықтарында салыстырмалы түрде терең зерттелген. Стрестің 
психофизиологиялық  механизміне  медицина  саласы  ғалымдарымен  қатар,  психологтар, 
әлеуметтанушылар  ерекше  мән  беруде.  Сондықтан  адамның  қалыпты  психикалық  дамуы  үшін 
стрестің  ықпал  ету  деңгейі  бар.  Стрессорлардың  белгілі  әсерінен  туындаған  стрестік  реакция 
белсенділік  деңгейінің  өзгеруіне  әкеледі.  Стрестің  адам  ағзасына  жағымды  және  жағымсыз 
(дисстресс)  әсерлері  бар.  Стрестік  реакцияның  қажетті  деңгейі  организмге  қажетті  белсенділікті 
қамтамасыз ететін гомеостаз күйін тудырады.  
А.А. Суворова зертханалық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті, адамға қиын және 
жағымсыз  эксперимент  жағдайында  туындайтын,  күй  ретінде  анықтайды.  В.С.Мерлин  стресті  «өте 
қиын  ситуацияда»  туындатын  жүйкелік  қысым  емес,  психологиялық  күй  деп  табады.  «Стресс» 
түсінігінің  түрлі  талқылауында  барлық  авторлар  стресс  -  бұл  өте  қиын  ситуацияларда  туындайтын 
қатты  қысымдағы  жүйке-жүйесі  деген  пікірге  келіседі.  Стрессті  мазасызданумен  сәйкестендіруге 
болмайды,  өйткені  стресс  әр  уақытта  да  шынайы  қиындықтардан  негізделген,  ал  мазасыздану  олар 
болмаған  кезде де көрінуі  мүмкін.  Күші жағынан да  стресс  пен  мазасыздану  күйлері  түрліше.  Егер 
стресс –жүйке жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән 
емес.  Осыдан  стресс  кезіндегі  үрейді  қатер  немесе  сәтсіздікті  күтуден,  оны  алдын  ала  сезінуден 
туындайды  деп  есептеуге  болады.  Алаңдау,  үрейді  зерттеудегі  екінші  бағыт  берілген  уақыттағы 
деңгейді  шарттайтын  тұлғаның  психологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктерін  оқып  -  білу 
жолы бойынша жүреді. Стресс жағдайындағы үрейдің болуы қауіп немесе жағымсыздықты күтумен, 
оны  алдын-ала  сезумен  байланысты  деп  санауға  болады.  Сондықтан  үрей  дәл  стресс  жағдайында 
емес, ал осы күйдің бастауына дейін пайда болуы мүмкін. Мазасыздық – күй  ретінде қолайсыздықты 
сезу  деген  сөз.  Бірақ  үрей  субъектінің  кімнен  қолайсыздық  күткеніне  байланысты  әртүрлі  болуы 
мүмкін: өзінен (өзінің құралмағандығынан), объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан.Осы 
арқылы  мінез-құлықтың  кері  формаларында  мыналар  жатыр  деп  шешім  шығаруға  болады: 
мазасызданудық  көрінуі  ретінде  қарастырылуы  мүмкін  эмоционалдық  күйзелу,  тынышсыздық, 
қолайсыздық  және  өз  аман-саулығына  сенімсіздік.Қорқыныш,  алаңдау,  әлсіздік  және  оңашалану 
сезімдерінен  қорғану  мақсатымен  индивидте  тәжірибе  нәтижесіне  меңгерілген  тұлғаның 
невротикалық белгілері деп атаған «невротикалык, қажеттіліктер» пайда болады. 
Стресстібасқарудың  ерекшеліктері  жайлы  маңызды  ойларды  О.М.  Радюк  зерттеген. 
П.К.Анохин,  П.В.  Симонов,  К.В.  Судаков  стрестік,  дистрестік  күйлермен  байланысты 
психосоматикалық аурулардың дамуындағы орнын зерттеген ғалымдар.  
«Физиологиялық  терминдер  сөздігінде  «стресс»  терминіне  анықтама  берілмеген,  бірақ 
синонимдер  көмегімен  «эмоционалды  стресс»  ұғымы  баяндалған:  психологиялық  стресс,  жүйкелік-
психикалық  эмоционалды  қозу,  психофизиологиялық  стресс.  Бұдан  басқа:  физикалық, 
психоэмоционалдық, ақпараттық стрестер сияқты терминдер кездеседі. Сөздікте «эмоционалды» сын 
есімі стресс генезінде ерекше орын алатыны жайлы көрсетіледі.  

40 
 
Эмоционалды стресс - бұл үрей, қорқыныш, конфликт, эмоционалды бұзылыс күйі, яғни адам 
нақты  психологиялық  тұрғыдан  күрделі  жағдайларымен  кезіккенде,  оларды  шешілмейтіндей  деп 
көруіндегі  эмоционалды күй.  Басқаша  айтқанда,  стресс  ол  эмоция  және жағымсыз  эмоция  есебінен 
пайда болатын күй. Біріншіден, стресс  - ағзаның белгілі бір белсенділік деңгейін қамтамасыз ететін 
өзіндік психофизиологиялық процесс. Үрей, қорқыныштың эмоциялары оған қатысты екіні орында. 
Екішіден, стресс ылғи да зиянды емес.  
Психопрофилактикалық шаралардың  негізгі  мақсаты  – адамның  өміріне  өзгерістер  енгізуіне 
көмектесіп, стресс деңгейін төмендету және болдырмау. 
Сендіру  (суггестия)  ұйқы  бұзылғанда,  стрестің  жоғарғы  деңгейінде  жиі  қолданылады.  Сөз 
арқылы позитивтілікті, адамның өз - өзіне жағымды көзқарасын орнату үлкен жұмыс. ХХғ. 20 ж.ж. У. 
Кеннон  жүмыстарынан  кейін  нейроэндокринді  жүйе  басқарушы  қызметті  атқарады  деген  түсінік 
пайда  болды.  Мұндағы  жоғары  жүйке  жүйесінің  нейрондары  нейроэндокринді  қызмет  атқарады. 
Психопрофилактикалық  шараларды  қолдана  отырып,  стресс  жағдайындағы  адамның  психикалық 
саулығын нығайту және өз - өзіне позитивті қасиеттерін жақсарту, өмір сүру әрекетінде табысқа жету 
деңгейін,  творчестволық  мүмкіншіліктерін  қолдана  білуге,  жеке  басылық  дамуына  жағымды  ықпал 
ету. 
В.М.  Бехтерев,  В.Н.  Мясищев,  М.С.  Лебединский,  Н.В.  Иванов  психотерапия  әдістерін 
стрестік  жағдайда  қолданудың  тиімді  жолдарын  ұсынады.  Стресті  қалыпқа  келтіру  және 
болдырмауда 
қолданылатын 
әдістемелер 
әртүрлі. 
Психологиялық–тәжірибелік 
жұмыста 
психогигиена  мен  психопрофилактиканың,  психотерапияның  әдістері  кең  қолданылуда.  Ең  тиімдісі 
психотерапияның  сендіру,  өзін-өзі  жаттықтыру,  медитация  әдістері.  Психотерапия  грек  тілінен 
аударғанда  «жанды  емдеу»  деген  мағынаны  білдіреді,  адамды  емдеу  үшін  қолданылатын  ғылымға 
негізделген жүйелі психикалық әсер. Негізінен сөзбен әсер ету. Тәжірибелік психологиялық жұмыста 
аутогендік  жаттығулар,  релаксация  және  суггестия  әдістері  стреске  қарсы  психопрофилактикалық 
шаралар екендігі дәлелденген.  
Символикалық  қауіп,  басқа  стрессорлар  әсері  кезінде  стрессорлық  механизмдер  қызмет 
жемісінің  нәтижелерінің  жиналып,  шоғырлану  процесі  жүреді.  Ал  қазіргі  заманда  қоғам  ортасында 
қашу  немесе  күрес  реакциясы  өте  сирек  қолданылады.  Мұның  нәтижесінде  жоғарылаған  стрестік 
реакция  ұзақ  уақытқа  созылып,  дистрестің  жетілуіне  әкеледі.  Дистресс  болса,  түрлі  аурулардың 
қоздырғышы болып табылады. Мұнда стрестің екі мінездемесі - мерзімі және әсер ету күші арасында 
ұзақтық  маңызы  жағынын  күшті.  Стресс  адамға  ұзақ  әсер  еткен  сайын  дистрестік  бұзылыс 
соншалықты күшті болады. 
Сонымен, 
стрессорлардың 
табиғаты 
түрлі 
болады, 
олар 
ағзаға 
генетикалық 
детерминантталған  спецификасыз  қорғаныс  реакциясын  жібереді.  Әдебиеттерде  кездесетін 
«психоэмоционалды стресс» ұғымы стресс және эмоцияның ажырымастай байланысын көрсетеді.  
Стрестің тек жағымсыз әсерлеріне зейінді акценттеу стресс, дистресс және психосоматикалық 
аурулар  терминологиясын  шиеленістіріп  жіберді.  Стресс  деңгейінің  өзгеруі  -  бұл  ең  алдымен  ағза 
үшін  пайдалы  реакция,  ол  эволюция  процесінде  пайда  болып,  ағзаның  өмірдегі  өзгерістік 
жағдайларға  оптималды  бейімделуге  жағдай  жасайды.  Сондай-ақ  күшті  әрі  көп  қайталанатын 
стрессорларының  қайталанатын  әрекеттері  қазіргі  кезде  мамандар  көп  жазып  жүрген  қорқынышты 
нәтижеге әкелуі мүмкін. 
Стрестік  жағдайдың  алғашқы  минутында  гормондар  саны  артық  бөлініп,  содан  кейін  ғана 
реакция ағзаның адекватты жауап беруін бақылайтын жүйелердің активациясы мен регуляциясының 
негізінде жүзеге асатыны туралы анықталған.  
Стресстің  организм  тіршілігінде  маңызы  өте  үлкен.  Оның  әсерінен  организмнің  тіршілігіне 
қажетті  барлық  мүмкіншіліктерінің  жұмылдырылуы  болады.  Осыдан  ұдайы  өзгеріп  тұратын 
қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады. Қазіргі 
көзқарастар  бойынша  стресс  жүйке  жүйесі  мен  эндокриндік  бездердің  қатысуымен  дамитын 
организмнің  күрделі  нервтік-гуморалдық  серпілісі.  Шын  мәнінде  көпшілік  жағдайларда  ұзаққа 
созылған  және  жиі  қайталанған  қолайсыз  стресстік  әсерлерден  кейін  де  организм  тіршілігін 
жоғалтпай,  өмір  сүре  береді.  Демек,  организм  стресстік  жағдайларға  бейімделе  алады  деп 
тұжырымдауға болады. Бұл кезде жағымсыз әсерлерге жауап ретінде организмде стресс дамытатын 
жүйенің белсенділігі артуымен қатар стрессті шектейтін жүйенің қызметі көтеріледі.  
Қорыта айтқанда, стресс – ағзаның нақты бір проблемаға  берген  жауабы. Стресс неғұрлым 
ұзақ, көп болса, ағза соншама күйзелісте болады.  
 
 

41 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Березин Ф.Б. Психическая и психофизиологическая адаптация человека. - Л.: Наука, 1988. 
2.
 
Селье Г. Стресс без дистресса. - М., 1982. 
3.
 
Дарвин Ч. О выражении эмоций человека и животных. - СПб.: ПИТЕР, 2001. 
4.
 
Рибо Т. Психология чувств: В 2ч. Киев: Южно-русское книгоиздательство Иогансона, 1997. - 378 с. 
5.
 
Кеннон В. Физиология эмоций. Телесные изменения при боли, голоде, страхе и ярости. - Л.: Прибой, 
1987. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет