часть респондентов указали, что социальные сети являются для них средством самовыражения,
помогают заявить о себе и опубликовать своё творчество для широкой публики.
Интересным является тот факт, что подавляющее большинство молодых людей ничего серьёзно-
го не обсуждают в сети, а просто болтают с друзьями и знакомыми.
– Глупое просиживание времени! Ни интересных, ни важных для опыта событий. Вечная
гонка людей кто лучше, у кого друзей больше, фото по интереснее и т.п.- говорит некая Айсулу.
На втором месте по популярности обсуждаемых тем среди молодёжи являются – отношения
между людьми и на третьей позиции стоят – проблемы учёбы и на работе. Так же среди часто обсуж-
даемых тем в социальных сетях указывались – взаимоотношения между полами, вопросы философ-
ского характера, вопросы моды и стиля, вопросы культуры, политические проблемы, экономические
вопросы. Всё это говорит о том, что социальные сети молодёжи нужны не для помощи в решении
каких-либо проблем, а просто для развлечения, «убивания времени» или самое страшное, что мо-
жет произойти с пользователем – это, то, что со временем обычная переписка с друзьями может
превратиться в патологическую зависимость. Результатом, которой может стать потеря работы
и сломленная личная жизнь.
Современное подрастающее поколение проходит свое становление в очень сложных усло-
виях ломки многих старых ценностей и формирования новых социальных отношений. Отсюда
растерянность и пессимизм, неверие в себя и общество. Одни живут в прошлом, слушая рас-
сказы старших о «прекрасном времени, когда якобы успешно решались все проблемы». Другие,
346
наоборот, агрессивно ведут себя по отношению ко всем нововведениям, критикуют «все и вся»,
занимаются поисками «врагов», на которых можно было бы свалить причины всех бед.
Итак, по результатам проведённого исследования можно сделать вывод, что социальные
сети занимают важную часть в жизни современной молодёжи, т.к. общение в сети является для
них важнее всего и именно на это они тратят всё своё свободное время. У каждого пользователя
своя цель и мотивация использования социальной сети.
Но виртуальное общение вытесняет реальное, становится преобладающим в жизни челове-
ка. В особенности данная проблема касается детей и подростков. Социальные сети сами по себе
не порождают такие недостатки. В основном возникновение «минусов» обусловлено человече-
ским фактором, психологии человека, поведением отдельно взятого человека.
Также хотелось бы добавить пару интересных фактов связанных с социальными сетями.
Люди, зависимые от социальных сетей, часто обновляют статусы, отражая в них малей-
шее изменение своего настроения. Некоторых эта привычка спасла от трагедии. Например, 16-
летняя жительница штата Мэриленд умудрилась спасти жизнь юного англичанина из Оксфорда
с помощью Facebook. Юноша впал в депрессию и оставил в соцсети очевидный намек на то,
что он собирается совершить самоубийство. Девушка рассказала об этом своим родителям, те
связались с посольством Великобритании, которое, в свою очередь, сообщило о надвигающейся
беде в Скотланд-Ярд и оксфордскую полицию. Несмотря на то, что в Facebook было указано
только имя юноши и город, где он живет, полицейским удалось сузить список адресов до вось-
ми. По каждому из них были высланы наряды, и вскоре парня нашли. Он и в самом деле принял
большую дозу лекарств, но был еще жив, и врачи сумели его спасти. С момента, когда девушка
из Мэриленда увидела роковую запись в Facebook, прошло всего три часа. Этим летом на аме-
риканском Интернет-сервисе PostSecret появилось сообщение: «Я живу в Сан-Франциско с юно-
сти... Я нелегал... Я здесь никому не нужен... Я вообще никому не нужен... Я спрыгну с «Золотых
Ворот»». В течение 24 часов на это послание отреагировали 20 тысяч пользователей сервиса, а
в социальной сети Facebook появилась группа «Пожалуйста, не прыгай» (Please don’t jump), на
странице которой все желающие смогли разместить слова поддержки. Ответы на письмо буду-
щего самоубийцы разнились от «Мы хотим, чтобы ты остался с нами» до «Если бы я знал, в ка-
кой день ты окажешься на мосту, то проехал бы всю страну от Огайо до Сан-Франциско, чтобы
встретиться с тобой и заставить тебя изменить твое решение».[2]
Год назад полиция задержала Родни Брэдфорда из Бруклина, молодому человеку были
предъявлены обвинения в ограблении двух людей. Брэдфорд провел под стражей 12 дней, все
это время он продолжал настаивать на своей невиновности. По утверждению молодого чело-
века, в момент ограбления он находился в квартире своего отца в Гарлеме, в 13 милях от места
преступления, и общался со своей девушкой на сайте Facebook. В тот самый момент, когда «че-
ловек, похожий на Брэдфорда» угрожал пистолетом случайным прохожим, настоящий Родни
Брэдфорд менял свой статус в профиле пользователя. Отец подозреваемого и его жена подтвер-
дили алиби подростка, полицейские также проверили IP-адрес компьютера, используемого для
доступа к сайту Facebook. Убедившись в том, что молодой человек говорит правду, окружной
прокурор снял с него все обвинения. «Это первый известный мне случай, в котором обновление
страницы Facebook было признано убедительным алиби, – утверждает юрист из Далласа Джон
Браунинг. – Впрочем, принимая во внимание растущую популярность социальных сетей, в бли-
жайшем будущем подобные истории не будут вызывать удивления».[3]
И сегодня в связи с вышесказанным можно с уверенностью говорить о таком понятии как
виртуальная компьютерная социализация и что нужно по чаще обновлять статусы, фотографии
и свою страницу в целом. Вопрос только в том, станет ли девочка из Актау бить тревогу, если
увидит суицидальный статус у мальчика из Павлодара, и как отреагирует павлодарская полиция,
если поступит сообщение о вероятности самоубийства на основании такого факта. Боюсь, что в
вопросах сознательности, ответственности и взаимоподдержки мы пока сильно уступаем англи-
чанам и американцам. Но возможно, социальные сети помогут это исправить.
347
список использованных источников:
1. По материалам сайта http://www.profit.kz/news/5490-Rejting-populyarnih-socialnih-setej-v-Kazahstane/
2. По материалам сайта http://remamedia.org/index.php?option=com_k2&view=item&id=77:ourblog&Itemid=102
3. По материалам сайта http://interestingeventsclub.uol.ua/text/1119647/
Шнарбекова М.К.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
2 курс магистранты
ӨмІр деҢгейІ мен сапасын ӨлШеу мен интеграциялау мӘселелерІ
«Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының
өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы
санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын бо-
лады. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен
қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады» Н. А. Назарбаев, 29.01.10 ж.
Қазіргі кезде «өмір сапасы» мен «өмір деңгейі» түсініктеріне ортақ анықтама және олардың
көрсеткіштер жиынтьғы арқылы сипатталуы туралы ортақ пікір қабылданған жоқ. Көбіне олар
өзара алмастырылып қолданылады, ал олардың көрсеткіштері өзара ұқсас болып келеді. Деген-
мен, бұл түсініктерді бір- бірінен ажырату керек.
Өмір сапасы өмір деңгейінен ауқымды категория болып табылады. Өмір деңгейі адамның
тұтыну саласындағы өмір шарттарымен айқындалады және адамның жалпы әл-ауқатының
әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерімен өлшенеді. Бұл көрсеткіштер табыс, тұтыну, тұрғын
үй мәселесі, білім беру қызметтері, денсаулық сақтау және т.б. Олар статистикалық көрсеткіштер
жүйесі немесе субъективті бағалау пікірлері арқылы сипатталады.
Өмір сапасы адамның өмір шарттарының ауқымды жүйесін және өмір деңгейін, сонымен
қатар, қоршаған орта экологиясына, әлеуметтік әл – ауқатқа, саяси жағдайға, психологиялық
жайлылыққа жататын құрылымдарды да қамтиды. Өмір сапасын өлшеу үшін жан-жақты,
нақты статистикалық мәліметтердің өзі жеткіліксіз, осы көрсеткіштердің адамдардың
қажеттеліктеріне сәйкестігінің субъективті бағалаулары қажет. Табиғаты бойынша өмір сапасы
– бұл өмір шарттарының адамның қажеттіліктері мен оның өз өмірін субъективті бағалауына
тәуелді объективті – субъективті сипаттамасы. Өмір сапасының кейбір объективті құрамдас
бөліктері адам санасында нақты бейнеленуі мүмкін, екіншілері салыстырмалы, ал үшіншілері
тәжірибе деңгейіне, мәдени капиталға, құндылықтарға байланысты көкейкесті болмауы мүмкін.
Субъективті бағалау маңыздылығы ерекше, олар аймақтар, әлеуметтік, демографиялық топтар
бойынша жіктелінуі мүмкін және қоғамдағы көңіл – күйдің бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
Өмір сапасының субъективті бағалауын өлшеу қоғамда әлеуметтік қысымның пайда болуы мен
қалыптасуы туралы мәліметтер береді.Өмір сапасына мынадай анықтама беруге болады: «өмір
сапасы» – объективті көрсеткіштер мен адамдардың мәдени ерекшеліктеріне, құндылықтар
жүйесіне және қоғамдағы әлеуметтік стандарттарға тәуелді өзінің жағдайын қабылдаумен
материалдық, әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттануын субъективті бағалау
негізінде сипатталатын халықтың өмір шарттарының жүйелі сипаттамасы [2].
Өмір «сапасы» мен «деңгейі» категорияларының көрсеткіштері көп. Екі мысал келтірейік.
Өмір сапасы мен деңгейі бойынша мемлекеттерді салыстыру үшін БҰҰ-ның жасалған
агрегатталған көрсеткішінде – адам потенциалының даму индексінде (АПДИ) бүгін үш жеке
индекс қолданылады: 1.Күтілетін өмір сүру ұзақтығы; 2.Халықтың сауаттылығы; 3.Адам ба-
сына шаққандағы ЖІӨ. Сонымен бірге, екінші көрсеткіш алғашқы екі индекстен жасалына-
ды: оқитын оқушылардың саны мен ересек адамдардың сауаттылығы. Осы жеке үш индекстің
348
орташа арифметикалық саны адам потенциалының даму индексі болып табылады. Мұнда тек
материалдық құндылықтарды тұтыну көлемінен өзге денсаулық сақтау және білім беру сала-
ларымен қамтамасыз етілетін адам дамуының мүмкіншіліктері айқындалады. Бұл индекс әлем
елдерінің дамуын тек экономикалық деңгейде емес, сонымен қатар, халыққа демографиялық
жаңғырту, мәдени даму мен әл – ауқатын жақсарту үшін жасалатын шарттарды есепке ала отырып
салыстырады. 1990жылдан бері БҰҰ АПДИ көлемі туралы мемлекеттер мәліметтерін баспаға
шығарады. Осы көрсеткіштің динамикасын 1990 жж Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі
өмір сапасының деңгейін төмендеуіне әкелді. АПДИ бойынша 174 мемлекет келесідей топтарға
бөлінеді: өте жоғарғы, жоғары, орташа және төменгі даму деңгейі. 2010жылғы көрсеткіш бой-
ынша, бірінші топқа 42 мемлекет енеді, екіншісі 43, үшіншісі 42, ал төртіншісі 42 мемлекетті
қамтиды. Қазақстан екінші топтамаға кіреді (АПДИ 0,714).
Екінші мысал – бірнеше көрсеткіштертің жиынтығынан тұратын бес құрылымдық бөліктерді
қамтитын С.А.Айвазян әдістемесі: 1.Халық сапасы (12 көрсеткіш); 2.Халық әл-ауқаты (14),
3.Әлеуметтік қауіпсіздік (немесе әлеуметтік ортаның сапасы(11); 4.Қоршаған ортаның сапасы
(8 көрсеткіш); 5.Табиғи-климаттық шарттар. Бұл көрсеткіш бірнеше параметрлер бойынша экс-
перттермен бағаланады және өмір сапасының жалпы индексінде түзеу коэффициенттері ретінде
қолданылады. Осы автор өзінің басқа еңбегінде өмір сапасына қатысты 300 көрсеткіштен тұратын
әдіснаманы қолданады [7]. Тәуелсіз әлеуметтік саясат институтында жасалынған келесі индексті
қарастырайық. Бұл «өмір сапасының дағдарыстық индексі» деп аталады және аймақтардың
статистикалық көрсеткіштерінде тіркелген өтпелі кезеңнің көкейкесті мәселелері бейнеленген.
Оны айқындау үшін мынадай жеке индекстерді алу қарастырылады: 1. Жан басына шаққандағы
орташа табыс пен ең төменгi күнкөрiс деңгейi қатынасы индексі; 2.Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен
табысы жоғары халықтың үлесі; 3.Халықтың жұмысбастылық индексі; 4. Күтілетін өмір сүру
ұзақтығы; 5. Бала өлімі. Интегралдық индекс төрт индекстің орташа арифметикасы, соңғысы
бала өлімі мен күтілетін өмір сүру ұзақтығын біріктіреді. Соңғы статистикалық мәліметтер бой-
ынша, 2011 жылдың екінщі жартысында елімізде жұмыссыздық деңгейі 5,4%, орташа жалақы
– 92 933 теңге, инфляция 5,9%, ЖІӨ 107,1 %. Өмір сапасының аймақтық аспектілерін қарастыра
отырып, орта республикалық көрсеткіш 6,5% – пен салыстырғанда кедейшілік деңгейі жоғары
аймақтарға мыналарды жатқызуға болады: Маңғыстау (11,6%), Оңтүстік Қазақстан (11,5%) об-
лыстары және кедейшілік деңгейі орташа облыстарға Шығыс Қазақстан (8,4%), Қызылорда
(6,7%), Батыс Қазақстан және Алматы (6,7%), Қостанай (6,4%), Ақтөбе (6,0%) және Атырау
(5,9%) жатады [4].
Жоғарыда қарастырылған индекстердің барлығы ресми статистикалық мәліметтермен
айқындалған. Оның ішінде көптеген көрсеткіштер жалпыланған және аймақтар бойынша орташа
есептелінген. Сонымен қатар, осы әдістеменің кемшіліктерінің бірі: халықтың өзіндік пікірінің
есепке алынбауы. Мемлекет тұрғындары пайдаланатын қызметтер мен олардың әл-ауқатының
көлемі халық категорияларымен түрліше бағаланады. Субъективті пікірлер қазіргі статистика
бейнелемейтін әлеуметтік феномен, өмірдің жеке жақтарымен қанағаттану деңгейі, әлеуметтік
тұрақтылық немесе қақтығыс және т.б маңызды мәселелер туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл
контексте өмір сапасы – адамның өзіндік субъективті бағалауы негізінде өзінің өмірімен жалпы
және оның жеке жақтарымен қанағаттану деңгейі. Сонымен бірге, өмір сапасын бағалау кезінде
халықтың пікірін елемеу қателік болады. Сондықтан осы зерттеуде объективті көрсеткіштерге
қосымша өмір сапасының субъективті бағалау әдіснамасын қарастырамыз. Мұнда жеке шкала-
ларды қолдану арқылы өмір сапасының түрлі көріністерін өлшеуге және осы өлшемдерді бір
шкалаға біріктіруге мүмкіндік беретін индекстік әдіс қолданылады. Индекс – бұл өмір сапа-
сы сияқты күрделі жиынтықтың мәліметтер коэффициентінің интеграцияланған көрсеткіштері.
Әдістемені сипаттамастан бұрын жоғары өмір сапасына вербалды анықтама берейік. Бұл сипат-
тама индивидтердің қоғамдағы жағдайларына мынадай әсерлері арқылы ашылады:
1. тұрғындардың өз аймағында және мемлекетінде тұрғысы келу және мақтаныш сезімдері
қалыптасатын өзіндік сәйкестендіру деңгейі;
349
2. әлеуметтік практиктер барлық салаларда: саяси, қоғамдық, ғылыми, кәсіпкерлік, мәдени
және т.б жалпы халықтың өмір сапасын жақсатру үшін өз үлесін қосқанда қоғамның оң өмірлік
потенциалы қалыптасады;
3. мемлекеттің барлық тұрғындарына өмір сапасының әлеуметтік стандарттары қамтамасыз
етіледі;
4. тұрғындар мемлекетті өздерінің құқықтарын қорғайтын нәтижелі институт ретінде
қабылдайды
5. барлық деңгейде тұрғындар билік органдарына сеніммен қарайды және олардың іс-әрекетіне
әсер ете алады.
Халықтың өмір сапасының субъективті көрсеткіштері
Өмір сапасының құрамдас бөліктері
Жеке индекстер
I.Өмір деңгейі (халықтың әл-ауқаты)
1. өмір деңгейінің материалдық
2. тұрғын үймен қанағаттану
3. медициналық қызметке қолжетімділік
4. білімге қолжетімділік
Өмір деңгейінің жалпы индексі:
жеке төрт индекстің орташа арифметикасы
II Әлеуметтік ортаның сапасы
1. өз аймағының тұрғындарымен өзіндік иден-
тификациялану
2. Қылмыстан қорғалу
3. кедейшіліктен қорғалу
4.шенеуліктердің озбырлығынан қорғаныс
5.құқық қорғау органдарының озбырлығынан
қорғаныс индексі
III. Экология сапасы
1.экологиялық қауіптен қорғаныс
2. ауаның тазалығы
3. су тазалығы
IV. Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі
1. болашаққа сенімділік
2.өмірмен қанағаттану
3.тәуелсіздік
Өмір деңгейі – өмір сапасының бірінші компоненті. Ол кестеде көрсетілгендей бірнеше
жеке индекстерді қамтиды. Олардың қалыптасуын қарастырайық.
1. Өмір деңгейінің материалдық индексі материалдық әл-ауқатты бағалаумен қатар, өткен
жылмен салыстырғанда оның динамикасы есептелінетін шкала жиынтығы. Осылайша, бұл ин-
декс құрылымдық сипаттамаға ие.
2. Тұрғын үй шарттарымен қанағаттану индексі. Елбасының айтуы бойынша, жыл сайын
елімізде 6 млн. шаршы метр тұрғын-үй салынып жатыр. Бірақ бұған қарамастан өз үйіне ие
бола алмай отырған тұрғындардың, әсіресе, еліміздің демографиясын жақсартуға үлкен үлес
қосатын жас отбасылардың саны азаяр емес. 2011 жылғы ақпанда республика бойынша жаңа
тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы орта есеппен 147,7 мың теңгені құрады және өткен
аймен салыстырғанда 0,9%-ға, көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату тиісінше – 108,5 мың
теңге және 1,8%-ға көтерілді [5]. Қазақстан бойынша үйдің орташа бағасы 140000 тенге бол-
са, Алматы қаласы бойынша шаршы метрі 260000 тенге. Бір отбасыға толыққанды өмір сүру
үшін 70 шаршы метр керек болса, үйдің бағасы 182 000 АҚШ доллары. Алматы қаласында бір
адамның орташа табысы 400 доллар, ал отбасы деп алатын болсақ 800 доллар (ерлі-зайыптылар).
Банк стандарттары бойынша отбасы максимум өз табысының 28% ғана ипотекаға төлей алады.
350
Ол 224 доллар. Осылай жас отбасы үй ақысын 67 жыл бойы төлейді. Тұрғын-үйдің қолжетімді
ету үшін мына іс-шараларды іске асыру керек:
Ипотекалық жүйені жою керек. 2000ж ипотекалық жүйені енгізу туралы шешім
•
қабылданды, 2001 жылы алғашқы «Қазақстандық ипотекалық компания» ААҚ құрылады. Дәл
осы жылдан бастап үйдің бағасы шарықтады;
Салықтық реттеу. Мұндай тәжірибе шет елдерде бар, нақтырақ айтсақ Оңтүстік Корея-
•
да. Мәселен, бір азаматта бір үй болса, ол қарапайым салық төлейді, ал егер де оның екінші
үйі болса онда салық еке есе көбейеді, ал егер үшінші үйі болса 5 есе, төртінші үйге 10 есе …..
Сонда артық үйді ұстау тиімсіз болар еді. Қазіргі жағдайды қарасақ, 2, 4, 6 немесе 10 пәтері бар
адамдардың күнкөріс көзі – пәтерлерді жалға беру.
3. Медициналық қызметке қолжетімділік индексі. 2010 жылғы Жолдауда Елбасы жақын
онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты өмір салты
мен адамның өз денсаулығына жауапкершілік қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың
күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап
көрсетті. Дегенмен, жүргізілген сауалнаманың нәтижелері негізінде халықты уайымдататын
медициналық қызмет көрсетудің мынадай мәселелерін айқындауға болады: «дәрігерге жету қиын
– өте үлкен кезектер» 1-орында; «дәрігерлердің квалификациясының жетіспеушілігі» екінші
орында; үшінші орында «дәрігерлердің жазып берген дәрілерін табу қиындықтар туғызады
немесе олар қымбат болады». Осы кемшілікті атаған адамдардың пайыздық көрсеткіштері
сәйкесінше 41%, 35%, 23%. Қазіргі кезде жұмыс істейтін азаматтардың 19,7 пайызы санитарлық
– гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін шарттарда жұмыс істейді [8].
4. Білімге қолжетімділік индексі. Қазақстанның білім саласындағы жетістіктері талассыз
екені анық. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша 2009, 2010 жылдары Республикамыз білім дамуының
ең жоғарғы индексі (БДИ) бойынша Жапония, Норвегия, Германиялармен қатар әлемнің үздік
төрттігіне енген еді. 2010 жылы білім саласына бөлінген қаржы 797 млрд. теңгеге жетті [5].
Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі. Осы индекс арқылы халықтың өздерінің болашағын,
қазіргі өміріне қанағаттануы және мәселені тәуелсіз шеше алу мүмкіншілігіне сенімділік
негізінде әлеуметтік оптимизм индексі есептелінеді. Қазақстан Республикасының Президентінің
қарамағындағы стратегиялық зерттеу институтының тапсырмасымен жүргізілген сауалнама бой-
ынша, респонденттердің көп бөлігінің әлеуметтік – экономикалық жағдайымен қанағаттанбауы
айқындалды, нақты айтқанда 48,7% өздерінің қиыншылықтарына төмен табыстар деп есептейді.
Біреулер үшін бұл төмен жалақы, ал біреулер үшін зейнетақы, шәкіртақы. Әлеуметтік –
экономикалық жағдайымен қанағаттанбайтын респонденттердің 24,6%-ы, жұмыссыздықты
негізгі себеп деп есептейді. Респонденттердің 5,5%-ның төмен материалдық жағдайының себебі
– отбасылық жағдай (жалғызбастылық, ажырасу, асыраушысынан айырылу және т.б).
Осылайша, ұсынылған әдістерді өмір сапасының объективті көрсеткіштеріне қосымша
пайдалану халықтың жеке пікірін білуге мүмкіндік береді. Бұл әдістеме Қазақстанның жеке
аймақтарында өмір сапасын талдау үшін де пайдалы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу,
Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» 29 қаңтар 2010 жыл
2. Вебер. М. Основные понятия стратификации//Социологические исследования, №56 1994ж
3. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология – Алматы: Lem, 2010 – с. 380
4. http://qogam.kz/
5. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, Алматы 2010
6. Уровень жизни населения и бедность в Казахстане: Статистический мониторинг. Расширенная тематиче-
ская группа ООН по бедности. – Алматы: ПРООН, 2010
7. Айвазян С. А. Межстрановой анализ интегральных категорий качества жизни населения (эконометрический
подход). Препринт N WP/2001/124, М., ЦЭМИ РАН, 2001.
8. Айвазян С.А. Интегральные показатели качества жизни населения: их построение и использование в
социально-экономическом управлении и межрегиональных сопоставлениях. – М.: ЦЭМИ РАН, 2000. – С.118.
351
9. Диагностика социальной напряженности в обществе: региональный аспект /Под ред. П.В. Акинина, С.В.
Рязанцева. – Ставрополь, 2002.-С240
10. Парсонс Т., Говард Л. Человек в современном мире. – М.: Прогресс, 1985.- 428с
11. Вебер М. Избранные произведения. – М.: Прогресс, 1990.- 804с.;
12. Сорокин П.А. Социальная мобильность. – М.: Academia, 2005.- 588с.
13. Парсонс Т. О структуре социального действия. – М.: АНКД. Проект, 2000.-879с.
Иманбаева С.Ж.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті, 2 курс магистранты
ҚазІргІ ҚазаҚстандаҒы бІлІм беру ҮрдІсІндегІ Жастарды
неке-отбасылыҚ ҚатынасҚа даярлау мӘселесІ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым мен білім, мәдениет саласындағы жа-
салынып жатқан шаралардың барлығы бүгінгі ұрпақтың жалпы азаматтық, ұлттық тәлім-тәрбие
беру істерін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Еліміз білім беру ісін дамытуда
көш басшылар қатарында. Сондай-ақ, сапалы білім беруді жаңғырту көптеген жетістіктермен
іске асуда. Оның бір дәлелі Астанада ашылған «Назарбаев университетінде» нарық сұранысына
бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптастырылуда.
Жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, білімді
де білікті, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі
мәселелерінің бірі. Әсіресе, білім беру үрдісінде неке-отбасылық қатынасқа даярлау мәселесі
батыстық бағыттағы үлгіні ұстанған жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасып, әлеуметтенуіне
үлкен рөл атқарары сөзсіз.
Отбасы мен неке тағдыры қандай болмасын қоғамдық құбылыспен, ондағы өндірістік
қатынаспен тығыз байланысты болады да, әр қоғамдық формациядағы әлеуметтік өзгерістер
отбасы мен неке сипатына да әсер етіп өзгертіп, жаңарып отырады. Мұның өзі отбасы мен неке
мәселесінің, оның даму тарихының үлкен қоғамдық проблема екендігін айқындай түседі де,
оны зерттеу ісі ғылым алдындағы аса жауапты да, өте қажетті де, әлеуметтік мәні бар үлкен
мәселенің бірі болып есептеледі [1, 3 б.].
Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық өмірдің барлық саласында батыл өзгерістерді
бастан кешіріп отыр. Сондықтан да стратеги ялық бағытын, қоғамымыздың негізгі даму бағытын
анықтау; қоғамымызды, ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге
мүмкіндік беретін проритет жүйесін құру өте маңызды.
Ел басымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: “Біз жергілікті деңгейде от-
басын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табуымыз
керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар
проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың
бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге
тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда,
әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда – еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл
ұсыныстар Қазақстан халқына қашан да тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау
қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуі тиіс.
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды
айырықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан
көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.
Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым керек пе, жоқ па
деген мәселе пікірталасына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де
мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп
төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркенниетті жолына түсуіміз керек.
352
Жас шамасына қарай жүргізілген саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ
жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.” – деп атап көрсетті [2, 88 б.].
Демек қоғамымыздың маңызды проблемаларының бірі – отбасы тұрақтылығын, отбасылық
қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Отан отбасынын ба-
сталады десек, отбасы проблемалары бүгін ғана туындап отырған жоқ. Некеге және отбасына
қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару осал некенің пайда бо-
луына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын
көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігі мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар
құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған.
Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай
жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының
тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады. Толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі-зайыптылар
жанжалы, сондай-ақ, жалғызбастылар проблемасы бұрын да болған, бірақ оған толық мән
берілмеген. Оған қоса, бүгінгі таңда адамның өзінің жеке өміріне, некеге, сүйіспеншілікті
мүдделерінің қанағаттандырылуына, рухани жақындыққа деген талабы да арта түскен.
Неке-отбасылық қатынас аса маңызды қоғамдық-әлеуметтік мәселенің бірі. Жұбайлар
қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігінің, ұстанымының,
құндылықтарының және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп көрсетеді [3, 160 б.].
Отбасы – қоғам жұбында ең маңызды орта. Сонымен қатар, отбасы – халықтың өсіп-
өркендеуінде, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабаларымыз мұра еткен саяси-
әлеуметтік тәрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды роль атқаратын қоғамның
құрамдас бөлігі.
Бүгінгі таңда отбасы да, мектеп те, жоғары оқу орындары да бірінші кезекте баланың
әлеуметтенуінде парасатты өсуіне бағыт алып, жеке бастың мүшелік, әсемдік, өнегелі дамуына
көңіл бөліп, бірақ жастарды отбасы өміріне даярлау аспектісін қарастырмауда.
Жастарды неке-отбасылық өмірге даярлауды зерттеу үшін отбасы құндылығын, пробле-
маларын, оның пайда болуын, эволюциясын білу қажет. Қазақстанның бүгінгі өзгермелі, даму
үстіндегі әлеуметтік жағдайында отбасының даму үрдісін бақылап отыру және жас ұрпақты
отбасылық-некелік өмірге даярлауда осы үрдісті ескере отырып білім беру жүйесінде жүзеге
асыру өте маңызды. Отбасының не екенін, отбасының қандай түрлері барлығын, отбасының
қандай әлеуметтік қызмет атқаратынын, ол қызмет тарихи процесте қалай өзгеріп отыратынын
және отбасы мәселелерінің даму болашағы қандай екенін білмей, келешектегі отбасы иесін
даярлауға тиімді ықпал етуге болмайды.
Қазірігі қоғамда мәнділігі жағынан отбасы бірінші орында емес екенін біздің өміріміздің бар
болмыстары айқындайды: отбасының болуы, оның мөлшері, таяуда отбасын құру және ата-ана
болу адамзаттың барлық тұрмыс тіршілігінде бейтарап. Жұмысқа жалданғанда, материалдық
игіліктерді таратқанда, білімдік және кәсіптік өсуде, тұрмыстық және медициналық қызмет
көрсеткенде, демалысты ұйымдастырғанда және мәдени құндылықтарға қатыстырғанда,
зейнеткерлікті қамтамасыз еткенде және т.б. отбасының болуы тиімсіз. «Ұзақ уақыт бойы
экономикалық дамудың экстенсивтік факторларын пайдалану, отбасы тұрмыс тіршілігінің про-
блемасын күшейтіп жіберді, оның жағымсыз үрдісінің көбею қарқынын үдетіп, көріну форма-
сын шиеленістірді» [4, 160 б.].
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай біршама жақсарғанымен, ажырасу санының көбеюі
және осыған байланысты баланың панасыздығы, қараусыз өсуімен қатар, жалпы айтқанда,
отбасының әлеуметтік құлдырауы болмайды деп айта алмаймыз. Некеге тұру мерзімі 28-30
жасқа дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек төрттен бір бөлігін ғана сау деп есептеу-
ге болады. Ата-аналардың көбісі, басқасын айтпағанда, балалардың жатсынуының дарашылдық
пиғылдың етек алуының, бетімен кетудің өсуінен байқалған дағдарыстан шығудың жолы туралы
түсінігі әлі де қалыптаспады. Сонымен қатар ақыл-ой және мүше дамуының кемшілігі бар ба-
лалар саны өсіп, елде нашақорлық, балалар маскүнемдігі азаймай отыр, жыныстық қатынастың
бей-берекеттілігінен СПИД ауруы болашақ ұрпаққа қауіп-қатер төндіріп тұр.
353
Алайда тек қоғам отбасына әсерін тигізбейді, отбасы да қоғамға әсерін тигізеді. Сондықтан
жастарды некеліотбасы өмірге дайындаудағы басты әлеуметтанулық іс-әрекет – неке-отбасылық
өмір туралы көзқарастарын қалыптастыру, неке-отбасылық өмір туралы толық әлеуметтік
көзқарас қалыптастыру және неке-отбасылық өмірдегі үлгілі іс-әрекеттерге тәрбиелеу болып
табылады.
Осы орайда, мәдениетінің және саяси-экономикалық жүйенің айырмашылығына қарамастан,
әлемдегі көптеген елдер отбасылық өмірге даярлау білім беру үрдісінде жүргізілудің қажеттілігіне
бірауыздан келіседі.
Ұлыбритания мектептерінде жыныстық тәрбие және отбасылық өмірге даярлау саласында
кейбір прнциптердің сақталуы міндетті:
- баланың туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі өміріне деген құрмет көрсету оған
отбасылық және жыныстық өмір туралы білім берудің алдындағы тамаша дайындық;
- жастардың жыныстық қатынастарға байланысты алған мәліметтерінің барлығы отбасы
мен неке туралы мәліметтерімен берілуі тиіс;
- жастарға жыныстық қарым-қатынас туралы заңсыз және табиғи заңдылықтардан тыс
баспасөз материалдарын үйретуге, олармен пікір таластыруға және таныстыруға болмайды;
- жастар қоғам алдында ұятсыз болып есептелетін заттарды құрал ретінде пайдаланбауы
қажет;
- контрацептивтік заттарды қолдануды үйрету, талқылау отбасы мен неке туралы
мәліметтермен бірге берілуі қажет;
- барлық порнографиялық және ұятсыз кітаптар, баспасөз басылымдары, фильмдер, бейне-
кассеталар оқу жүйесінен шығарылуы қажет [5, 170 б.].
Польшада «Отбасылық өмірге даярлау» тақырыбы бойынша оқу сағаттары 1973 жылдан
енгізілген және де ол 15-16 жастағы жастарға арналған. Бағдарлама екі негізгі бөлімнен тұрады
және поляк ғалымы М.Козакевичтің баяндауынша төмендегідей:
Бірінші бөлімде – «Эротикалық өмір» мәселелері мынандай сұрақтар бойынша
қарастырылады: психосексуалды даму жеке дара дамудың бір бөлігі ретінде; сексуалды
сезімдердің дамуының жағдайлары; махаббат пен сезімдер және олардың әлеуметтік-тарихи
маңызы; жастық эротикалық байланыстар және олардың моральдық статусы; жас кездегі психо-
сексуалды жетілу (жыныстар арасындағы айырмашылықтар); махаббаттың үлгілері мен идеа-
лы, сүйкімділікті анықтау; жас кездегі сексуалды белсенділігі, жауапкершілігі; бала туудың пси-
хологиясы мен контрацептерді пайдалану әдістері; аборттың психологиялық және моральдық
зардаптары.
Екінші бөлімде – отбасына қатынасы мынандай мәселерді қарастыру көзделген: жас кездегі
отбасы мен некенің идеалдары; отбасы туралы заңдар мен кодекстер; кеңестер; аналық және
әкелік; жүктілік және бала туу [6, 40 б.].
Бүгінгі таңда жастардың демография, бала туу, жүктілік, аборт, жыныстық қатынастан
жұғатын аурулар, гомосексуализм, отбасы, ата-аналық, бір-біріне қарама-қарсы жыныстардың
сезімдері мен көңіл күйлері туралы түсінік алу қажеттігінде ата-ананың тілігінің зор екендігі
соншалық әр елдің үкіметі осы мәселені шешу үшін шара қолдануға мұқтаж болып отыр.
Белгілі американдық отбасы облысының маманы Дж. Добсон өзінің жастарды отбасылық
өмірге даярлау және жыныстық тәрбиеге көзқарасын айта келе, былай дейді: «Біріншіден,
репродуктивті процестің анатомиясы мен физиологиясын оқып үйрену қажет; екіншіден,
жауапкершілік пен моральдың сұрақтарын талқылау қажет. Бұл екі компонент бір-бірінен
моральдық мінез-құлық мәселесінің маңыздылығын барынша мойындамайынша ажырамауы
қажет. Жауапкершілікті сезінбей еліктеу сексуалдық апатқа соқтырады. Жастарға өздерінің
сексуалдық мінез-құлқын жүріс-тұрысын бақылауды және дұрыс көзқарасты бойына сіңдірмей,
репродуктивтік процестің механикасын түсіндіру жас балаға оқталған мылтық ұстатып, оны
қалай қолдануды үйретпегенмен тең» [7, 98-99 бб.].
354
Жоғарыда берілген мәлімет бойынша мынандай ұйғарымға келуге болады, жастарды
отбасылық өмірге даярлауда бірінші жыныстық тәрбиенің рөлі зор, оны осы еңбекте отбасының
әлеуметтік функция иерархиясында сексуалдық функция басқасынан басым деген пікір растай-
ды. Қарапайым үндеулермен отбасын нығайту мүмкін емес. Қазіргі таңда көптеген үкіметтің
әлеуметтік институттары қажетті шара қолдануы қажет. Сонымен қатар біздің елдің көпшілігі
жастардың жыныстық тәрбиесіне және отбасылық өмірге даярлыққа үлкен сенімсіздікпен
қарайды және де бұл сенімсіздік негізсіз емес.
Бірақ қазіргі заманның шындықтары жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселесін
әлеуметтік тұрғыдан қарауды талап етеді.
Қоса айта кетер жайт, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының жас ұрпақтың жеке дара
дұрыс дамуына барлық уақытта ықпал ете алмайтын кезде, кей елдердің басынан өткеріп, ал
басқалары сексуалды революцияны енді ғана басынан өткізіп жатқанда, бүкіл жер шарында
СПИД жайылып бара жатқанда, нашақорлық етек алған заманда келешек жастарымызды осы
індеттен арылтудың бір жолы, әрі мемлекеттің тірегі отбасын сақтау, ол жастарды отбасылық-
некелік өмірге даярлау болып табылады.
Сондықтан жастарды неке-отбасылық өмірге дайындаудағы басты әлеуметтік іс-әрекет,
олардың көзқарастарын қалыптастыру, отбасы туралы толық білім беру және отбасындағы үлгілі
іс-әрекеттерге тәрбиелеу болып табылады.
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектелмеген жастардың барлығы дерлік білім алуда. Қазіргі білім
беру үрдісінің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Демек жастардың неке-отбасылық қатынастарын
қалыптастуында білім деру үрдісінің рөлі ерекше.
Бұрынғы кездері халқымыздың отбасылық өмірдегі әркімнің өз орны, міндеті жайлы
жазылған және жазылмаған заңдылықтары болды. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» бұл мәселе
жайына кеңінен тоқталған. Соған қарағанда, бұл мәселе адамзат баласын тек бүгінгі күні емес,
сан ғасырлар бұрын да мазалаған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» отбасы мүшелерінің құқы
мен міндеті, оның орындалуының қатаң тәртібі белгіленген.
«Баланы жастан, әйелді бастан» деген қағиданы ұстаған да біздің ата-бабаларымыз. Тым
ерте жасынан-ақ баланың отбасы алдындағы жауапкершілігін түсіндіре білген. Сондықтан да
болар, «Он үште отау иесі» болып және оның шырқын бұзбай ұл-қыз тәрбиелеп, адамзат да-
муы көшін жалғастырғаны. Ата-бабамыз бұл мәселеде ұл-қызын арнайы дайындықтан өткізген
жоқ, күнделікті тіршіліктің арасында-ақ қайтсе қалай болатынын ұқтырған. Ата-ананың өздері
үлгі бола отырып берген тәрбиесі баланың жасөспірім шағында-ақ барлық ғұмырына жеткілікті
білім алып, тәжірибе жинақтауына жеткілікті.
Өкінішке орай, қазіргі кезде жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауда
жауапкершіліксіз қарауда. Олардың рухани құндылықтарға деген қызығушылықтары да аз
байқалады. Біздің ата-аналар мен жастарымыз болашақ отбасылық өмірге емес, жоғары оқу
орнына түсіп, мамандық алып шығу және жақсы қызметке тұруға бағыт алады. Болашақ ата-
аналарды мақсатты түрде бағдарлама жасап дайындау не орта мектепте, не жоғары оқу орында-
рында жоқ. Сондықтан да жастарға «отбасылық өмірге бейім емес» деп кінә артып жатамыз. Ал
мұның салдары жас жұбайларды көп уақыт өтпей жатып түсініспеушілікке ұрынтып, ажырасуға
алып келетіні шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |