Список использованных источников:
1.
Канке А.А., Кошевая И.П. Логистика: Учебник – М: ФОРУМ; ИНФРА – М, 2005. – 352
с.
2.
Целевые индикаторы реализации Государственной программы развития и интеграции
инфраструктуры транспортной системы Республики Казахстан до 2020 года // Транс –
LOGISTICS Казахстан. – 2014. – №1 (4). – С. 51-60.
3.
Изтелеуова М.С. Транспортная логистика: Учебник. – Алматы: Издательство ТОО «Print
- S», 2011. – 293 c.
Казбеков Т.Б.
К.э.н., доцент
Муканова А.С.
м.э.н., преподаватель
Мусабекова А.О.
м.э.н., преподаватель
Карарагндинский государственный университет им. Е.А. Букетова
Казахстан г. Караганда
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАУШЫЛАРЫН ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
Инновациялық даму экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыты
болғандықтан, инновация түрлеріне, инновациялық үдеріс және инновациялық қызмет
ұғымдарына қысқаша сипаттама беруге болады. Төменде инновацияның жіктелу белгілеріне
байланысты ерекшеліктері сипатталады (1-кесте).
249
1-кесте – Инновацияның жіктелуі
Жіктелу белгілері
Жіктелуі
Инновацияның түрлері
1.1. Дәуірлік
1.2. Базистік
1.3. Жетілдіруші
Инновацияның таралу ауқымы
2.1. Әлемдік ауқымдағы жаңа инновациялар
2.2. Ел ішіндегі инновациялар
2.3. Салалық инновациялар
Инновация енгізілетін тауардың өмірлік
циклы
3.1. Стратегиялық маркетинг жүргізу сатысында енгізілген
инновациялар
3.2. ҒЗТКЖ сатысында енгізілген инновациялар
3.3. Өндірістің ұйымдық-технологиялық даярлығы
3.4. Өндіріс
3.5. Өндіруші ұсынатын қызмет және тауар
Инновацияны қолдану жиілігі
4.1. Бір жолғы
4.2. Қайталама (диффузия)
Инновация нысаны
5.1. Жаңалықтар, өнертабыстар, патенттер, ноу-хау
5.2. Тауар белгілері, сауда маркалары, эмблемалар
5.3. Технологиялық, өндірістік, басқарушылық үдерістерді,
конструкцияларды, құрылымдарды, әдістерді сипаттайтын жаңа
құжаттар
Инновацияны енгізу нәтижесінде алынатын
әсер түрлері
6.1. Экономикалық
6.2. Әлеуметтік
6.3. Ғылыми-техникалық
6.4. Экологиялық
Ескерту – Зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, авторлармен жүйелендірілді.
1-кестеде көрсетілгендей, инновация жаңашылдық деңгейі бойынша келесі түрлерге
бөлінеді:
1.
Дәуірлік инновациялар – бірнеше жүз жылдықта бір рет пайда болатын және бірнеше
ондаған жылдарға созылатын инновациялар, олар қоғам өмірінде терең өзгерістердің пайда
болуына, жаңа технологиялық өндіріс тәсіліне, кезекті әлем өркениетінің қалыптасуына әкелуі
мүмкін. Мысал ретінде жер жыртуды, мал шаруашылығын, жазу мен термоядролық қару-
жарақтың пайда болуын, мемлекеттің құрылуын және басқаларын келтіруге болады.
2.
Базистік инновациялар кейінгі жарты ғасырда жаңа көрініс алуда, яғни жаңа
технологиялық укладқа өту кезін бастан кешіріп отыр. Базистік инновациялар өндірісті
ұйымдастыру әдістеріндегі және технологиялық базалардағы өзгерістерде, мемлекеттік-құқықтық
және әлеуметтік-мәдени құрылымдарда көрініс алады. Мысалы, акционерлік қоғамдардың,
монополиялардың қалыптасуы, өндірісті ұйымдастырудың жаңа салаларын, формаларын құру,
мемлекеттік-құқықтық институттарды құру және басқалары.
3.
Жетілдіруші
инновациялар
базистік
инновацияларды
дамытып,
жетілдіруге
бағытталады. Жетілдіруші инновациялар базалық инновацияларға қарағанда жаңашылдығы аз,
қысқа мерзімді өмірлік циклге ие және салаларды қамту жағынан олар басым болып келеді.
4.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 наурыздағы № 135 «Инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес инновациялық қызмет ұғымына қысқаша
анықтама берілген, яғни инновациялық қызмет – бұл инновацияларды өндірістің және қоғамды
басқарудың түрлі салаларына енгізілу арқылы пайдалану.
Инновациялық қызметтің субъектілеріне тоқталар болсақ, олар инновациялық қызметті
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Оларды үш топқа бөлуге болады: мемлекет,
мемлекеттік емес корпоративтік және жеке субъектілер.
Инновациялық қызметтің мемлекеттік емес корпоративтік субъектілері инновациялық
объектілер рыногында инвестициялық және өндірістік қызмет атқарады. Бұл топқа банктер,
инвестициялық компаниялар, мемлекеттік емес инвестициялық қорлар, коммерциялық фирмалар
жатады [1].
Инновациялық қызметтің жеке субъектілері бұл жеке инновациялық қыз-метпен (ғылыми
зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық қызметтер, өнертабыс) айналысатын және оның
нәтижелерін рынокта жүзеге асырушы немесе бос қаражаттарын қор биржасы арқылы осы салаға
инвестиция түрінде бағыттайтын жеке тұлғалар.
Инновациялық қызметтің келесі бір аса маңызды субъектісі – мемлекет. Мемлекеттің
инновациялық қызметті жүзеге асырудағы маңыздылығы туралы осы ғылыми жұмыстың келесі
250
тарауларында толық қарастырылатын болады.
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында инновациялық
қызметтің мамандандырылған субъектілері қарастырылған. Олар: технологиялық бизнес-
инкубаторлар, технологиялық парктер, инновациялық қорлар.
Қазақстанның «инновациялық экономиканы» қалыптастырып, дамытуға мүмкіндіктері бар.
Бірақ өнеркәсібі дамыған елдермен салыстырғанда осы «инновациялық экономиканы»
сипаттайтын көрсеткіштер жағынан артта қалушылығы басым. Мәселен, олардың негізгілерінің
бірі – ЖІӨ-дегі ҒЗЖ-ға жұмсалатын шығындар үлесі. АҚШ, Жапония, ЕО елдерімен
салыстырғанда Қазақстанның осы салаға жұмсаған шығындары ЖІӨ-нің 1%-на да жетпейді.
Инновациялық дамуды сипаттайтын келесі бір маңызды көрсеткіш – ғылыми сыйымды
өнімдер экспорты болып табылады.
Халықаралық рыноктағы жоғары технологиялар өнімдерінің экспорт үлесін сипаттайтын 1-
суреттен ғылым саласын қаржыландыру бойынша алда келе жатқан елдер үлесінің қаншалықты
жоғары екендігін көруге болады. Мысалы, АҚШ-тың үлесі – 35%, Жапония – 29%, Еуропа Одағы
елдері – 24% және т.б.
Егер Қазақстанда ғылыми зерттеу саласына бөлінетін шығындар үлесі ЖІӨ-нің не бәрі 0,6-
0,8% ғана құраса, онда ғылыми зерттеу нәтижелерін экспорттау үлесі туралы әңгіме қозғаудың
керегі де жоқ болар деген тұжырымға келдік.
Инновациялық дамудың келесі бір көрсеткіші – жаңа ақпараттартық технологияларды
дамыту [2].
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі елге сапалы технологиялық өндірісті дамытуға
негізделген ірі бизнестің келуіне әсер етеді. ДЭФ тарапынан ұсынылған бәсекеге қабілетті
экономикалық өсу индексіне сәйкес, Қазақстан 2013 жылдың қорытындысы бойынша есепке
алынып отырған 104 елдің арасында 50 орында болса, 2015 жылы 42 орынға ие болған. Бірақ,
ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты.
35%
29%
24%
12%
0,3%
АҚШ
Жапония
Еуропа Одағы елдері
Азия
Ресей
1-сурет – Халықаралық рыноктағы жоғары технологиялар өнімдерінің экспорт үлесі
2015 жылы ДЭФ талдауының нәтижесі бойынша Қазақстан үшін қолайсыз әсер беретін
көрсеткіштердің бірі денсаулық сақтау және бастапқы білім беру болып тұрғанын көруге болады.
Олар базалық көрсеткіштер қатарына жатады. Қазақстанда институционалдық даму (70),
инфрақұрылым (62), технологиялық дайындық (63), бизнес күрделілігі (70), инновациялық даму
(60) көрсеткіштері жоғары емес. Бірақ, айта кету керек, осы аталғандардың ішінде ең төмен мәнге
ие көрсеткіш – институционалдық даму – ТМД еледері арасында екінші орында тұр. Ең жақсы
көрсеткіштер қатарында макроэкономикалық ахуал (10) орналасқан. ДЭФ-тің 2013-2014 жылдары
мен 2014-2015 жылдарға арналған жаңаша есептеулеріне сәйкес, орнықты экономикалық өсу мен
дамудың жоғары сатысын өнімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізген елдер ғана қамтамасыз ете
алды.
ДЭФ-тің 2013-2014 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан рейтингі тиімділіктің базалық
251
талаптары мен факторлары бойынша 9-тармаққа, инновациялық факторлар бойынша 11-тармаққа
өзгерген.
2014 жылы бағалауда тауарлар мен еңбек рыногының тиімділігі, қаржы рыноктарының
дамуы үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ рынок көлемі сияқты қосымша факторлар да есепке
алынды. Сарапшылардың пікірінше, елдің даму кезеңін сипаттайтын өлшемдердің өзгеруіне
байланысты Қазақстан өндірістің тиімділігіне негізделген даму сатысынан өтпелі сатыға оралды.
Атап айтқанда, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің мөлшерін есептеуге қосымша жаңа өлшем –
жалпы экспорттағы табиғи ресурстар экспортының үлесі енгізілді. 2014 жылы елдің бәсекеге
қабілеттілік рейтингінің төмендеуіне әсер берген тағы да бірқатар себептер бар. Мәселен:
1.
Бәсекеге қабілеттіліктің барынша жоғары көрсеткіштеріне ие елдер ретінде бағаланған
жаңа қатысушылардың – Сауд Арабиясының, Пуэрто-Риконың, Оманның тізімге қосылуы, яғни
бағаланатын елдер санының 122-ден 131-ге артуы. Аталған елдер институттар, инфракұрылым,
технологиялық даму деңгейі, бизнесті дамыту үшін инновация мен жағдайлар бөлігінде барынша
үздік сипатқа ие елдер ретінде бағаланады.
2.
2014 жылы Қазақстаннан бәсекеге қабілеттілік сипаты жағынан өзгерген – Мексика,
Түркия, Индонезия, Мальта, Хорватия, Ресей, Панама, Маврика сияқты елдердің бәсекеге
қабілеттілік рейтингтерінің көтерілуі де себеп болып отыр.
3.
Қазақстанда қолда бар резервтердің жеткіліксіз дамуы. Қазақстан халықтың ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылыммен жеткіліксіз қамтылуы салдарынан бәсекелік позицияларын
едәуір жоғалтып отыр. Мысалы, «технологиялық даму деңгейі» факторы және оның ішкі
құрамдас бөліктері бойынша да (соңғы технологияларға қол жетімділік 9-позицияға,
технологияларды компания деңгейінде қолдану – 28, АК технологиялары – 21, тікелей шетелдік
инвестициялар мен технологиялар – 14) Қазақстан Ресейден едәуір озық екендігіне қарамастан,
Ресей жалпы алғанда халықты ұялы байланыс құралдарымен, интернетке қол жетімділікпен,
дербес компьютерлермен барынша толық камту есебінен Қазақстаннан 5 сатыға алда келеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жанында орналасқан Халықаралық телекоммуникация одағы
жүргізетін сараптамаға сәйкес, пайдаланушылардың саны бойынша есептелінетін елдер
рейтингінде Қазақстан 150 елдің ішінде интернет желісін пайдаланушылар саны – 400 мың
адамды құрайтын 85 – орынды иеленеді (бірақ, басқа да дерек көздеріне сүйенсек, елде
пайдаланушылар саны 1,7 млн. адам), ал АҚШ болса 1 орынды иеленді, оның пайдаланушылар
саны – 161,6 млн. адамды құрайды. Посткеңестік елдер арасында Ресей 12 орында (16 млн. адам)
[4,13 б.].
4.
Келесі бір түйінді мәселе – Қазақстанның инновациялық дамуының төмен деңгейі болып
табылады. Ол 2013-2014 жылғы бәсекеге қабілеттілік индексі 2012-2013 жылғымен
салыстырғанда 11 бірлікке төмендеп, 83-позицияны құраған. Оның ішінде бизнестің бәсекеге
қабілеттілігі факторы бойынша 75-тен 85-ке, ал инновациялар факторы – 65-тен 75-ке төмендеген.
5.
Макроэкономикалық тұрақтылық факторының нашарлауы. ДЭФ-тің жаңа есептеу
әдіснамасына сәйкес макроэкономикалық факторы 2012 жылы – 14, 2013 жылы – 25 позицияны
қамтып, 11 бірлікке өзгерген. Бұл әлемдік ипотекалық дағдарыс салдарынан туындап отырған
инфляциялық үдерістердің шиеленісуіне байланысты пайда болды. Инфляцияның орташа
деңгейінің өсу қарқыны 2012 жылы – 7,6 %, 2013 жылы – 8,6 %, 2014 жылы – 10,8%.
ДЭФ сарапшыларының талдау қорытындысы бойынша елде кеңінен таралған проблемалар
айқындалды [5,15 б.].
1. Мемлекеттік басқару институттары, қоғамдық сектор мен қоғамдық институттар
саласында:
-
мемлекеттік шығыстардың құрылымы мен көлемінің тиімсіздігі;
-
әкімшілік «шеттен тыс реттеушілік»;
-
салық жүктемесінің жоғары болуы;
-
шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығы, шешімдерді қабылдау кезінде олардың тікелей
жеке экономикалық мүдделерінің әсері;
-
зияткерлік меншікті қорғау жүйесі дамымаған;
-
инновациялық өнім бойынша жобаларды іске асыру кезінде венчурлық бизнестің, қор
нарығының дамымауы.
2. Технологиялық және инновациялық даму саласында:
-
ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға жеке сектордың қатысуының төмен деңгейлігі;
-
кәсіпорындардың зерттеулер мен әзірлемелер саласында жоғары оқу орындары және
252
ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық деңгейінің төмендігі;
-
халықтың интернетке, бірінші кезекте мектептерде қол жеткізу деңгейінің төмендігі;
-
азаматтардың ІТ-технологияларды меңгеруінің төмен деңгейі;
-
технология трансфертінде прогрестің болмауы;
-
ғылыми инкубаторлар мен технополистердің болмауы;
-
ғылыми-зерттеу ұйымдарының интеллектуалдық және материалдық-техникалық
жабдықталуының жеткіліксіз деңгейі;
-
ақпараттық технологиялар саласында толық және сапалы заңнамалық базаның болмауы;
-
электрондық сауда жүйесінің дамымауы;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың басты элементі ретінде
дамыған ақпараттық инфрақұрылымның болмауы;
-
кластерлік бастаманы іске асыру жөнінде экономикада белсенді шаралардың іске
асырылуына қарамастан мықты және дамыған кластерлердің болмауы.
3. Инфрақұрылымдық даму саласында:
-
автокөлік жолдарының даму деңгейі;
-
порт қызметтері мен ішкі су жолдарының бәсеке қабілеттіліктерінің төмендігі;
-
әуе көлігінің тиімділігінің жеткліксіздігі;
-
теміржол көлігінің ескіруі;
-
электр қуатының жеткіліксіздігі.
4. Бизнес жүргізу саласында:
-
халықаралық нарықта қазақстандық кәсіпорындардың бәсекелі басымдықтары табиғи
ресурстар кұнының төмендігіне байланысты. Экспорттаушы компаниялар аздаған шетелдік
нарықтарда ғана сатуды жүзеге асырады;
-
қазақстандық компаниялар технологияларды енгізуді лицензияларды сатып алу немесе
шетелдік, әдетте ескірген технологияларды көшіру арқылы ғана жүзеге асырады;
-
компанияның корпоративтік этикасы дамымаған;
-
корпоративтік менеджмент деңгейі төмен;
-
маркетингтік зерттеулер деңгейі тиісінше қарапайым;
-
тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудің өзіндік арналары жоқтың қасы;
-
кәсіпорындардың мамандарды даярлауға жұмсайтын шығындарының аз болуы;
-
Қазақстанда ірі корпорациялардың қызметі кәсіпкерлердің басым саны арасында емес,
негізінен бірнеше кәсіпкерлік топтардың шеңберінде шоғырланған.
Демек, ДЭФ сарапшыларының бағалау нәтижесі бойынша Қазақстан экономикасының
бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер беретін көптеген факторлар бар. Осы аталған кемшіліктерді
жою мемлекеттің, бизнестің алдында тұрған үлкен міндет. Қысқасын айтқанда,
қазақстандықтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, қоршаған ортаның ластанып,
жануарлар мен өсімдік әлемінің күйреп кетуінің алдын алу шараларын іске асыру үшін де жоғары
да келтірілген кемшіліктерді жою арқылы инновациялық экономикалық даму жолына бағытталу
үлкен іс болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
14.12.2012
2
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына
жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа жол» Астана қ. 11 қараша 2014 ж.
3
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-
инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы.
4
Каренов Р.С. Приоритеты и тенденция развития менеджмента в перспективе (Книга
третья): Монография. – Караганда: Издательско-полиграфический центр Казахстанско-
Россйского университета, 2014- 376 с.
5
Жылжақсынова Ш.П. Инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесі // ҚазЭУ
хабаршысы. – 2013. – № 3. – 122–12.
253
Ержанова С.К.
э.ғ.к., доцент,
Стыбаева А.З.
.э.ғ.м., аға оқытушы
Казбеков Т.Б.
э.ғ.к., доцент
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қарағанды қ.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ.
Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу
мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға
жұмсалатын
меншік және иттеллектуалдық құндықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы
ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да
бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар,
материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады. Инвестициялық
қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде
инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау
қорларды көрсетілген жобалар бойьшша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың
көздерін қамтамасыз етеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырады. Мұндай қателіктің
себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі
қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар
құрылыс-монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын
қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең. Сонымен,
инвестициялық қызмет дегеніміз "Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің
инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттерінің жиынтығы" болып
табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырылады: а) күрделі
құрылыс; ә) инновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы; в) қозғалатын және
қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық
пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес
активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер,
авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де
жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін
қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа
да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де
жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар,
аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары ж.б.), айналым сферасыңдағы (дайын өнім,
ақша қаражаттары т.б.) айналым қорларынан тұрады.
Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе - инвестициялық жобаларды
объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық
мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабелділік, ішкі
табыстылық, етелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және
келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша
есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны
жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім
қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төменгі формула бойынша
жүргізіледі:
254
n
mt
Sd
)
1
(
,
(1)
мұндағы
Sd - дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;
mt - ақшаның келешектегі құны;
α- пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
n - ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын
анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу
арқылы жобаның рентабелділік деңгейін есептеп шығаруға болады.
Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі
табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция
деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына
сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап
береді.
Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру,
осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.
Біздің ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған
моделінің логикасын макроэкономикалық (мемлекеттік) деңгейде де қолдануға болады. Түптеп
келгенде, бұл модель төмендегідей (1 - сурет).
1-
сурет. Инвестициялық үрдіс моделі
Суретте көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен қамтамасыз
ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен қатар
"шектеушілері" түрінде көрініп тұр.
Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған (бюджеттік)
қорлар есебінен жүргізіледі, ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға жұмсалған өз қаржыларының
есебінен толтырылады. Осы көрсеткіштердің динамикасын Қазақстан бойынша төменде
келтірілген мәліметтер арқылы байқауға болады (1- кесте).
1 кесте – Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар нақты бағамен, млн теңге
Жылдар
Күрделі құрылысқа
жұмсалған инвестиция
Соның ішінде
Мемлекеттік
кәсіпорындармен
ұйымдарға
Мемлекеттік емес
кәсіпорындар мен
ұйымдарға
Тұрғандарға жеке
меншікті үйлер мен
пәтерлер салуға
Млн
теңге
%
Млн теңге
%
Млн теңге
%
Млн теңге
%
2009
2012
2014
13059
148590
404175
100
100
100
12541
66780
53755
95,3
44,9
13,3
383
80029
342188
2,9
53,8
84,6
225
1781
8232
1,7
1,2
2,0
Стратегиялық жоспарлау
Идеяны
іздестіру
Жобаларды
анықтау және
алғашқы таңдау
Қаржылық талдау
және шешім
қабылдау
Жобаны
жүзеге асыру
Мониторим және
инвестициялық
бақылау
БАҚЫЛАУ
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ
255
Кесте мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы он жылда күрделі құрылысқа жұмсалған
инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте
азайған (95,3 пайыздан 13,3 пайызға дейін), керісінше, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен
ұйымдардың үлесі жоғарылаған (2,9 пайыздан 84,6 пайызға дейін).
Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекеттік
емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.
Енді қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу
көрсеткіштерін талдайық (2 - кесте).
Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың көлемінде бюджеттік қаржылардың үлесі
жылдан-жылға төмендеуде. Егер бұл көрсеткіш 2010 жылы 38,9 пайызға тең болса, 2012 жылы -
5,0 пайызға, ал 2014 жылы -
10,0 пайызға тең. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларының
үлесі, тиісінше, 59,4%, 92,3%, 49,4% болып отыр. Он жыл ішінде жеке құрылыс салушылардың
қаржыларының үлесі айтарлықтай өзгере қойған жоқ.
2 - кесте – Қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу
пайызбен
Көрсеткіштер
2010
2012
2014
Күрделі құрылысқа инвестициялар,
барлығы
Бюджеттік қаржылар
Соның ішінде:
Республикалық бюджеттің
Жергілікті бюджеттің
Бюджеттен тыс қаржылардың есебінен
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары
Жеке құрылыс салушылар
Шет ел инвестициялары
100,0
38,9
-
-
-
59,4
1,7
-
100,0
5,0
3,5
1,1
0,4
92,3
1,2
1,5
100,0
10,0
3,2
6,8
-
49,4
2,0
38,6
Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеуде шетел инвестицияларын тарту мен тиімді
пайдалану маңызды рөл атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек, олардың үлесі 2012 жылғы
1,5 пайыздан 2014 жылы 38,6 пайызға дейін өскен.
Шетел инвестицияларында жетекші орындарды Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік
Корея т.б. алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарылатуға
ұйымдастырушылық-құқықтық
және
салық
жүйелеріндегі
жиі
өзгерістер,
халық
шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық т.б. кедергі болуда.
Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей, мемлекеттің инвестициялық жобаларды
бағалауы ғана емес, сонымен бірге, шетелдік инвестицияларды тарту формаларын таңдауы да
стратегиялық мақсаттар мен жоспарлардың шеңберінде жатыр.
Бұл шетел капиталының құйылымын ынталандыру мен тиімді пайдалану - ұзақ мерзімдік
стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың тактикалық жолдары екендігін көрсетеді. Осы
стратегияға сәйкес, барлық каналдар бойынша тартылатын шетел инвестициялары көбінесе
төменгі екі бағытта пайдаланылуы тиіс: а) алдымен - капиталды, содан кейін - еңбекті, содан соң -
ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту; ә) шетелдік инвесторлардың қаржыларын
экономииканың жеке меншік секторына бағдарлау.
Шетелдік инвесторлардың қызметі мен тартылған инвестициялық қорларды тиімді
пайдалануға ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси, институционалдық т.б.
жағдайлар жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге,
осы жағдайлардың жетіспеушіліне, қүқықтық негіздердің жиі өзгертілуіне, инвестициялық
қорларды пайдалану үрдісінің жариялы болмауына, экономикалық басқару органдарының тізімі
мен құзырының жиі өзгертілуіне, билік құрылымдарының сыбайлас жемқорлығына т.б.
байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға немесе бекітілген келісім-шарттардан
біржақты пайда көздеуге мәжбүр.
Сол себептен, біздің ойымызша, мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары
төмендегідей болғаны жөн:
- шетел инвесторларына кепілдік беретін құқықтық, қаржылық, сақтандырушылық т.б.
механизмдерді жетілдіру;
256
- олардың инвестициялық келісімдерде көрсетілгей міндеттемелерін толық орындауын
бақылау;
- басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылық пен дамыту үшін инвестицияларды
тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен қолдану;
- отандық және шетелдік инвесторлардың импортты ауыстыратын өнімді дайындаушы
өндірістерге, экспорттық әулетті жотарылатуға қаржы жұмсауын ынталандыратын механизмдерді
әзірлеу және іс жүзінде қолдану;
-
басыңқы салалардың, әлеуметтік және экономикалық жағынан артта қалған аудандардың
(қалалардың) дамуына қаржы жұмсайтын инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату,
несие беру;
-
экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын заңды
және жеке тұлғаларға материалдық-техникалық, қаржы-бюджеттік, салықтық, несиелік т.б қолдау
жасау.
Жоғарыда айтылған мемлекеттің инвестициялық қызметінің бағыттары тек негізгі болып
саналады, олардың нақты құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін
мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты анықталады [3].
Достарыңызбен бөлісу: |