Сборник статей (часть 1) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк



Pdf көрінісі
бет5/47
Дата31.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#10884
түріСборник статей
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

пайдаланылған әдебиеттер 
1. М.Айсауытов «Сирек металдарға – сергек көзқарас». Дала мен қала – №16 (№244), 25 сәуір, 2008 ж;
2. Войцеховский И. Редкие металлы идут в отвалы: О добыче редких и редкоземетьных металлов//Central 
Asia Monitor. – 2006 – 10 фев. (№6) - с6;
3.  Кременецкий  АА.,  Михайлов  Б.К.  Минерально-сырьевая  база  редких  металлов  России  в  условиях 
глоболизации мировой экономики // Разведка и охрана недр. – 2004. – №3;
4. Каренов Р.С. Проблемы формирования рынка редких и редкоземельных металлов в Казахстане//ҚазМУ 
хабаршысы. Экономическая серия: Вестн. КарГУ. – 2007 – №3;
5. Б. Сабырбеков «Қазақ-Жапон тандемі» Дала мен қала – №23 (353), 10 маусым, 2010 ж;
6.  Инновационное  развитие  металлургического  комплекса  Республики  Казахстан  //Д.Муканов 
«Промышленность Казахстана», 1(28) http://www.mining.kz/future.shtml?f=show&type=12&id=33306608879;
7.  Наумов  А.В.  Обзор  мирового  рынка  редкоземельных  металлов  //  Цветная  металлургия  –  №1,  2008  г.,  
с. 22-31;
8.  Жарменов  А.  Казахстан  способен  быть  ведущим  мировым  производителем  редких  и  редкоземельных 
металлов//Горный журнал Казахстана. – 2006. – №2.;
9.  Современное  состояние  мирового  рынка  редкоземельного  и  отдельных  категорий  редких  металлов: 
(обзорное  исслед.)/Сулейменов  Ербол  Занадинович,  Еремеева  Лидия  Михайловна,  Тасекеев  Мурат  Смагулович, 
Нац. Центр науч-техн. информ. – Алматы, 2008 – 168 с.

35
Айгаринова Г.Т.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 
заң ғылымдарының кандидаты, доцент
ҚазаҚстан республикасында ҚорШаҒан ортаны ӨндIрIс ЖӘне 
тҰтыну ҚалдыҚтарымен ластанудан ҚҰҚыҚтыҚ ҚорҒау механизмІ – 
инновациЯлыҚ даму тетІгІ ретІнде 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  адамның  қолайлы  қоршаған  ортамен 
қамтамасыз етілуіне кепілдік беріп отыр және бұл маңызды және міндетті элементі, ұтымды 
табиғат пайдалану мен экологиялық қауіпсіздікті басқару тетігінің стратегиясын жасау болып 
табылатын тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаттың қажеттігін негіздейді [1]. 
Қазіргі заманауи тұрақты дамуға өту кезеңінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері ерекше 
өзектілікке ие болып отыр. 
Бүгінгі күнде өз шешімін таппай отырған мәселелердің бірі болып, өндіріс және тұтыну 
қалдықтарының  мәселесі  танылады:  еліміздің  әртүрлі  аймақтарында  оларды  орналастыру 
мен көму орындарының саны мен көлемі көбейіп отыр: қалдықтарды орналастыру елді мекен 
жерлеріне  жақын  жерлерде  жүзеге  асырылады,  олардың  химиялық  және  физикалық  құрамы 
үнемі  күрделеніп  отырады,  қалдықтарды  орналастыру  үшін  жерлер  жетіспейді  және  оларды 
жою мен зарарсындандыру үшін төлемақылардың мөлшері де көбеюде. 
Еліміздің  аумағындағы  жиналған  өндіріс  және  тұрмыс  қалдықтарының  көп  мөлшері 
халықтың салауаттылығы үшін нақты қауіпті төндіріп отыр, ал қолданылып жатқан шаралар 
жиналып жатқан қалдықтарға қатысты жеткіліксіз болып табылады. 
    Әлемдегі  экологияның  жалпы  жағдайының  мәселесі,  соның  ішінде  жердің  жағдайының 
қалдықтарды  көму  үшін  шаруашылық  айналымнан  шығаруына  байланысты  нашарлап  кетуі 
мәселесі жылдан жылға өткірленуде [2]. 
Біздің  республикамызда  өндіріс  және  тұтыну  қалдықтарын  сақтау,  өңдеу  және  жою 
мониторингін қамтитын қалдықтарды басқарудың тиімді мемлекеттік жүйесі жоқ. Қалдықтарды 
кешенді түрде қайта өңдеудің маңыздылығы, елімізде жиырма екі млрд тоннадан астам өндіріс 
пен  тұтыну  қалдықтарының,  оның  ішінде  он  алты  млрдтан  астамы  техногендік  минералдық 
түзілімдердің үлесі болса, алты млрды қауіпті қалдықтар және 96 миллион тонна қатты қалдықтар
 
болып табылатына негізделіп отыр. Жыл сайын 700 млн. тонна қалдықтар түзіледі, оның ішінде 
250 млн. тоннасы зиянды қалдықтар болып табылады,  96 млн. текше метр қатты қалдықтың бес 
пайызы ғана жойылуға жатады. 
Бұл  жағдайлардың  барлығы  өндірісте  ескірген  технологияларды,  өнеркәсіпте  сапасыз 
шикізат  пен  отынды  пайдалануымен,  сонымен  қатар,  шаруашылық  етуші  субъектілердің 
өндіріс қалдықтарын өнеркәсіптік қайта өңдеуге және жоюға қомақты қаржы бөлмейтіндігімен 
түсіндіріледі. 
Зиянды  қалдықтарды  қоса  алғанда,  өнеркәсіптік  қалдықтар  қазіргі  күнге  дейін  әртүрлі 
жинақтауыштарда орналастырылып сақталуда, ал енді көптеген жағдайда, оларды орналастыру 
барысында  сәйкес  экологиялық  талаптар  мен  нормаларды  да  сақтамай  отырған  жағдайлар 
кездеседі.  Мұның  нәтижесінде  көптеген  аумақтардың  топырақтары,  жер  асты  және  жер  үсті 
сулары ластануға ұшыраған. Орналастырылған қалдықтардың үнемі өсір отырған көлемі жаңа 
техногендік ландшафтарды құрап отыр және олар шаң тозаңның негізгі көзі ретінде танылады. 
Көп жағдайда қоғамның қол жетпейтін статистикалық мәліметтерге сәйкес, экологиялық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мәселесі  әлемде  өткірлікке  ие.  Әлемдегі  халық  санының  өсуі, 
табиғи ресурстардың сарқылуы және қоршаған ортаның ластануы нақты жаһандық экологиялық 
катастрофа қаупін төндіріп тұр. Осыған байланысты қоршаған ортаны өндірістік және тұтыну 
қалдықтарымен  ластанудан  қорғау  мәселесі  мемлекет  саясатында  басымшылыққа  ие  және 
қазақстандық экологиялық заңнаманың қалыптасуына әсер етеіндігі сөзсіз. 

36
Қоршаған ортаны өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластанудан қорғау шараларының 
жүйесі  өндірістегі  қалдықтардың  пайда  болу  көлемін  азайтуға  бағытталған,  жиналған 
қалдықтарды  қайта  өңдеу  өндірісіне  тарту  арқылы  көлемін  төмендетуге  бағытталған  және 
қалдықтарды жою мен көму арқылы қоршаған орта шегінен шығаруға бағытталған шараларды 
қамтуы  қажет.  Көріп  отырғанымыздай  бұл  жерде,  қоршаған  орта  сапасын  қамтамасыз  ететін 
және оның өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен ластану деңгейін төмендетуі немесе алдын алуы 
тиіс, қалдықтармен жұмыс істеудің үш бағыты қарастырылған.
Бірінші  бағыт  –  өндірістегі  қалдықтардың  пайда  болу  көлемін  азайту.  Бұл  Қазақстан 
Республикасының Экологиялық кодексінде қалдықтардың түзілу көрсеткішін белгілеу арқылы 
көрсетілген.  Мемлекет  шаруашылық  етуші  субъектіге  қоршаған  ортаны  ластаудың  шекті 
нормативін  белгілеу  арқылы,  қалдықтардың  түзілуінің  белгіленген  көлемінен  асырмауға 
міндеттейді.
Екінші  бағыт  –  жиналған  қалдықтарды  қайта  өңдеу  өндірісіне  тарту  арқылы  көлемін 
төмендету. Бұл жерде экологиялық заңңнамада да, өзге заңнамада да бұл бағыт жеткілікті түрде 
реттелмеген. Бұл мәселеде тиімді құқықтық тетікті қалыптастыру керек, себебі, қызметтің бұл 
бағыты  кәсіпкерлік  мүддені  де  қозғайды.  Мәселен  Алматыда  қала  әкімшілігінің  қолдауымен 
«Вторма-Экология»  ЖШС  салған  қалдықтарды  қайта  өңдеу  зауыты  ашылған.  Құрылысына 
28  млн  евро  жұмсалған,  бұл  кешен  Қазақстанда,  Орталық  Азияда  ұқсастығы  жоқ  кешен 
болып табылады. Бұл зауыт жылына 450 мың тонна қоқыстарды өңдей алатын қуаты бар, бұл 
қаламыздың  жалпы  қоқыстарының  90  пайызын  құрайды.  Алдын  ала  жасалған  болжамдарға 
сәйкес  бұл  кешеннің  құрылысына  жұмсалған  қаржы  кем  дегенде  үш  жылдан  астам  уақытта 
өндіріп алуға болады екен. 
  Құқықтық тұрғыдан, бұл салықтық заңнаманы, сонымен бірге, азаматтық және экологиялық 
заңнаманы  жетілдіруді  талап  етеді.  Бұл  бағытта  қалдықтарды  қайта  өңдеу  өндірісі  бойынша 
шаруашылық субъектілер үшін экологиялық ынталандыру жүйесін құру керектігін ерекше атап 
өткен дұрыс. Еуропалық мемлекеттерде қалдықтарды кәдеге жарататын кәсіпкерлерді мемлекет 
қолдау  жасап  отырады,  екінші  деңгейлі  шикізатты  пайдаланушы  кәсіпорындарға  қаржылық 
көмек көрсетіледі. Оларға мемлекеттік зайымдар беріледі, жеңілдетілген салық жүйесі әсер етеді. 
Ынталандыру шараларының қажеттілігі, қалдықтарды қайта өңдеу қызметінің құны қалдықтарды 
көміп тастауға жұмсалатын қаражаттан астам болып табылатындығымен түсіндіріледі. 
Жапонияда көптеген министрліктердің бюджетінде екінші деңгейлі шикізатты қайта өңдеу 
қызметімен айналысатын кәсіпорындарға қаржы бөлу қарастырылған. 
Швецияда  қалдықтарды  өңдеу  қызметімен  айналысатын  фирмаларға  бұрынғыларға 
қарағанда жаңа тиімді технологияны қолданысқа енгізетін жаңа зауытты салу немесе өңдеуге 
жұмсалатын қаржының 50 пайызына дейін соманы Үкімет төлейді. Көптеген мемлекеттерде 
қалдықтарды  өңдеп,  олардан  қолдануға  болатын  шикізат  өндіретін  зауыттарға  мемлекет 
тарпынан қолдау жасаудың әртүрлі нысандары қарастырылған.
Мемлекет  шараларының  кең  шеңберін  белгілеуге  болады  –  қалдықтарды  қайта  өңдеу 
және  оған  ұқсас  қызметтерде  мамандандырылатын  кәсіпорындар  үшін  салық  ставкаларын, 
экологиялық  төлемдердің  ставкаларын  төмендету  мен  жеңілдіктер  беру.  Бұл  бағыт  қоршаған 
ортаны  өндіріс  және  тұтыну  қалдықтарымен  ластаудан  қорғаудың  экономикалық  тетігін 
саралауда көрініс табады. 
Үшінші  бағыт  –  қалдықтарды  адамды  қоршаған  орта  шегінен  тысқары  шығару,  яғни, 
қалдықтарды  жою  мен  көму  экологиялық  және  онымен  тығыз  байланысты  санитарлық 
эпидемиологиялық заңнаманы жетілдіру қажеттігін білдіреді. Қалдықтарды көму үрдісі, оларды 
сапалы түрде оқшаулау санитарлық және өзге нормативтерді ескере отырып жүзеге асырылуы 
тиіс. 
Барлық үш бағыт қоршаған ортаны қалдықтармен ластаудан қорғаудың мазмұнын құрайды 
және сәйкес заңнамалық бекітілуі тиіс. 
Қолданыстағы  Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  кодексінде  өндіріс  және 

37
тұтыну қалдықтарына меншік құқығын, қалдықтарды жіктеуді қарастыратын, сонымен бірге, 
қалдықтарды  көмуге  қойылатын  талаптарды  қоса  алғанда,  қалдықтармен  жұмыс  істеуге 
қойылатын  талаптарды  қарастыратын  төрт  тарау  бар.  Экологиялық  кодекстегі  осындай  көп 
нормалар шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс немесе тұтыну 
процесінде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан 
тауарлар (өнімдер) болып табылатын қалдықтардың құқықтық мәртебесін анықтайды. 
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өндіріс және тұтыну 
қалдықтарына  меншік  құқығын  реттейтін  жаңа  нормалар  енгізілген.  Қызметі  нәтижесінде 
өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері 
болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен 
жұмыс  істеу  талаптарын  айқындайтын  шарттар  өзгеше  көзделмесе,  қалдықтар  құралған 
кезден  бастап  олармен  қауіпсіз  жұмыс  істеу  үшін  жауапты  болады.  Мемлекет  мемлекеттік 
меншік объектілерінде немесе сот шешімі бойынша мемлекеттік меншікке түсті деп танылған 
объектілерде  құралатын,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілерінде 
көзделген басқа да жағдайларда қалдықтардың меншік иесі болып табылады. Меншік иесі жоқ 
немесе  меншік  иесі  белгісіз  қалдықтар  иесіз  қалдықтар  болып  табылады.  Жер  учаскелерінің 
меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған 
кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдыруды куәландыратын 
өзге де әрекеттер жасай отырып, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқылы болып 
табылады. 
Экологиялық заңнаманы саралау жасау, сонымен қатар, қалдықтардың әр түрлі түрлерінің 
жалпы сипаттамасын зерттеу қоршаған ортаны өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен ластаудан 
қорғаудың анықтамасын береді.  
Қоршаған  ортаны  өндіріс  пен  тұтыну  қалдықтарымен  ластаудан  қорғау  дегеніміз  – 
қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді және табиғи емес тұрғыда пайда болған шикізат ретінде 
материалдық  өндірісте  тиімді  пайдалануды  қастамасыз  етуге  бағытталған  реттеушілік, 
ұйымдастырушылық  және  құқық  қолданушылық  тәртібіндегі  шаралардың  кешені  болып 
табылады 
Бұл шаралар жинала келіп, қалдықтардың көлемін азайтуға және оларды қоршаған ортадан 
белгіленген көрсеткішке дейін шығаруға бағытталған мемлекеттің, оның құзіретті органдарының 
және шаруашылық етуші субъектілерінің табиғат қорғау қызметінің мазмұнын құрайды. 
Қолданыстағы  Экологиялық  кодекстің  үшінші  тарауын  саралау  нәтижесінде  көретініміз 
[3],  біздің  елімізде  қалдықтарды  басқару  бойынша  арнайы  құзіретті  органның  жоқтығын 
байқаймыз.  Жекелеген  өкілеттіктер  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігіне,  ал  басқалары 
жергілікті  атқарушы  органдарға  берілген.  Өндіріс  пен  тұтыну  қалдықтарымен  жұмыс  істеу 
саласындағы  өзекті  сұрақтарды  шешу  үшін  «2010-2020  жылдардағы  Қазақстан  экологиясы» 
атты  Мемлекеттік  бағдарламасы  шегінде  өндіріс  пен  тұтыну  қалдықтарын  кешенді  басқару 
Орталығын құру ұсынылды. Бұл шара келесі сұрақтарды шешуге негіз болады: 
- қауіпті байырғы ластануларды жою, техногендік минералдық түзілімдердің кадастрын 
құру және инвестицияларды тарту;
- қалалардағы тұрмыстық қалдықтар мен канализацияларды тазалау бойынша экологиялық 
мәселелерді шешу;
-  аса  қауіпті  қалдықтарды  жою  және  Стокгольм  конвенциясындағы  халықаралық 
міндеттемелерді орындау;
- әртүрлі салалардағы өндірістік газдарды тазарту бойынша алдыңғы қатарлы технологияны 
енгізу; 
- жаңа жұмыс орындарын құру [4].
  Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың құзіреттерін зерттеу барысында, олар өз 
қызметтерінде коммуналды қалдықтармен жұмысқа жанасады, ал өзге қалдықтар назардан тыс 
қалады. Сол себептен, министрліктің, ведомстволардың және жергілікті атқарушы органдардың 

38
қызметін реттеп, қалдықтарды басқарып отыратын дербес мемлекеттік органды құру ұтымдырақ 
болар еді. Көптеген шет мемлекеттерде қалдықтарды басқару бойынша арнайы органдардың 
қызметі  қалыптасқан.  Мәселен,  АҚШта  –  қоршаған  ортаны  қорғау  және  қатты  қалдықтар 
бағдарламасын  басқару  Агенттігі,  Англияда  –  екінші  шикізат  бойынша  ұлттық  агенттілік, 
макулатура  бойынша  кеңесші  комитет,  Швецияда  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  және 
қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарының мемлекеттік басқармасы, т.б. 
 Елімізде «Жасыл Даму» мемлекеттік бағдарламасы шегінде өндіріс пен тұтыну қалдықтарын 
басқару бойынша Ұлттық орталықты құру жоспарланып отыр. Оның негізгі мақсаты болып – 
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпкерліктің 
іргесін дамыту экологиялық новацияларды енгізу, технологиялық кешен өндірісін салу танылады.  
Бұл орталық Ұлттық қордың қаражатын пайдалана отырып, қалдықтарды өңдеу саласындағы 
әртүрлі  жобаларды  қаржыландыруды  жүзеге  асырады.  Ұлттық  қорға  жиналған  экологиялық 
төлемдер мен айыппұлдар «Жасыл даму» орталығына бағытталып, жобаларды жүзеге асыруға 
жұмсалады [5]. 
   Қазақстан Республикасының 2007 жылдан бастап әрекет етіп жатқан Экологиялық кодексі, 
республиканың барлық аумағында табиғатты қорғау қызметіне қатысты, түгелдей нормативтік 
базаның  концептуалды  негізін  қалыптастырып  берді.  Өндіріс  және  тұтыну  қалдықтарымен 
байланысты мәселелелер өте өзекті болып табылады, осыған орай эколог мамандардың және 
ғалымдардың  міндеті  табиғатты  қорғауға  байланысты  нормативтік  құжаттардың  тиімділігін 
қамтамасыз етуге байланысты іс шараларды өзара біріктіру болып табылады. 
Қазіргі таңда, қоршаған ортаны және адамдардың өмір сүру ортасын ластау мәселесінің күрт 
өршуі, бірінші кезекте төмендегідей мәселелердің қамтамасыз етілуін қажет етеді:  біріншіден, 
қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік 
базаны кеңейту, егжей тегжейлі айқындау, ал керек болса нормативтік негізді қатаңдату қажет. 
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының айналымын сұрақтарын реттейтін, заңнаманы жетілдіру, 
кешенді  түрде  жүзеге  асырылуы  тиіс,  сол  себепті  біз  осы  жерде  болашақта  экологиялық 
құқықтық тәртіпті тиісті дәрежеде қамтамасыз ету үшін қажетті, кешенді шаралардың мазмұнын 
көрсетеміз. 
Табиғат  қорғау  бағдарламаларының  ғылыми  негізділігі,  әрекет  етуші  заңдарға 
– 
және табиғат қорғау бойынша құқық ғылымының болашағы бар жобаларына негізделуі тиіс. 
Қазақстан үшін жаңа, бірақ ертеректе басқа елдерде (басқа климаттық және аумақтық жағдайда) 
апробациядан өткен, қалдықтарды қайта пайдалану бойынша технологиялық жаңашылдықтарға 
қатысты,  олар  Қазақстанның  нақты  аймағы  бойынша  экологиялық  салдары  мәселелеріне 
байланысты, барлық мүмкін болатын сынақтардан өтуі тиіс. 
Өндіріс және тұтыну қалдықтары айналымы саласындағы табиғатты қорғау заңнамасын 
– 
бұзумен күрес қызметі, әкімшілік және қылмыстық жазалау шараларын қатаңдатуға бағытталмауы 
тиіс.  Нарық  жағдайында  материалдық  және  басқадай  ынталандыру  шараларының  тиімділігі 
жоғары, қалдықсыз өндірісті құруды және қайталама шикізатты қолданатын кәсіпорындардың 
қызметін қолдау деген сияқты. Көптеген эколог заңгерлер, біздің елімізде аталған шаралардың 
кешенін  нормативтік  реттеуді,  заң  шығарушылық  дәрежеде  жүзеге  асырудың  қажеттілігін 
көрсетеді.  
Бұның  маңыздылығы,  елдің  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуының  алға  жылжуы, 
оның  ішінде  әлем  мемлекеттерінің  неғұрлым  бәсекеге  қабілетті  елу  елі  қатарына  ену 
мүмкіндігіміздің  барымен  арта  түседі.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  қызығушылық  танытатын 
туристік орталықтардың бірі болып қалыптасуда, ал туристік қызмет нәтижесіндегі табыстар, 
өндіруші өнеркәсіптерді табыстарымен сайма сай болу мүмкіндігін ескерсек, онда ол толықтай 
алғанда осы салада көзделіп отырған міндеттердің көлемі мен мәнін анықтайды. 
 Жерлерді, суларды, атмосфералық ауаны ластағаны үшін шығындарды өтеу бойынша 
– 
қаржылық және басқа да шығындарды, ластаушы кәсіпорындарға жүктеу қажет, қазіргі кезде олар 
қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын қажетті дәрежеде орнын толтырмайды. Осы салада 

39
экологиялық заңнама неғұрлым анық және қатаң болуы тиіс. Осы мәселе бойынша Экологиялық 
кодекстің ережелерін егжей тегжейлі айқындау, болашақта экологиялық кәсіпкерлік сұрақтарын 
қарастыратын ережелердің қалыптасуына жол ашады. 
Экологиялық қауіпсіз өндіріс кәсіпорнын құруды ынталандыру атқарушы биліктің тек қана 
орталық  емес,  сонымен  қатар  жергілікті  билік  органдарымен  де  белсенді  жүзеге  асырылуын 
талап етеді [6]. 
Қазіргі таңда өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу барысында көп кезедесетін 
мәселелер болып келесілер танылады:
Мемлекетіміздегі  тұрғын  халықтың  тұрмыс  қалдықтарын  жинаудағы  мәдениетінің 
1. 
жоқтығы,  яғни  осы  саладағы  тәжірибелі  шет  мемлекеттерде  тұрмыс  қалдықтарын  жинауда 
қалдықтың әрбір түрін жеке жинау дәстүрі қалыптасқан. Бұл жайт қалдықтарды одан әрі қайта 
пайдалану барысында көптеген жеңілдіктерге мүмкіндік береді;
Екіншіден,  барлығымызға  белгілі  тұтыну  қалдықтары  үшін  төленетін  төлемдер. 
2. 
Әрқайсымыз бұл көрсетілген қызмет үшін бірталай ақша сомасын төлейміз, бірақ бұл қаражаттың 
бағыты мен тағдыры біз үшін тұман, себебі, бұл қаражат қандай қорға шоғырланатыны, бұл 
қаражатты кім басқаратыны, қандай мақсаттарға қолданылатыны және қаламызды өндіріс және 
тұтыну қалдықтарынан қорғау бойынша қандай шаралар жүзеге асырылатыны белгісіз;
Үшіншіден,  Өндіріс  және  тұтыну  қалдықтарымен  жұмыс  істеу  шаралары  біздің 
3. 
елімізде әрқашанда жергілікті деңгейде шешіліп отыр, оған дәлел ретінде Алматы қаласының 
маслихатының өндіріс және тұрмыс қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсындандыру 
тәртібі  туралы  2008  жылғы  22  желтоқсандағы  шешімі.  Менің  ойымша,  өндіріс  және  тұтыну 
қалдықтарымен  жұмыс  істеу  мәселері  бұл  елімізде  жергілікті  деңгейде  емес,  республикалық 
деңгейде  қарастырылып  орталықтандырылған  күйде  шешілуі  тиіс.  Бұл  мәселені  шешуге  біз 
елімізде өндіріс және тұтыну қалдықтарының айналымы туралы заңды қабылдау арқылы қол 
жеткіземіз. Бұл заңда келесі мәселелер көрініс табуы қажет:
өндіріс  және  тұрмыс  қалдықтарын  есепке  алу,  кәдеге  жарату  және  залалсындандыру 

тәртібі;
өндіріс  және  тұрмыс  қалдықтарының  айналымы,  яғни  бұл  қалдықтарды  қайта  өңдеу 

нәтижесінде экологиялық кәсіпкерлікке жол ашу
өндіріс және тұрмыс қалдықтарын мемлекет тарапынан басқару;

өндіріс және тұрмыс қалдықтары үшін төленетін төлемдерді бір қорға жинау нәтижесінде 

қалдықтарды  қайта  өңдеу  қызметімен  айналысатын  шаруашылық  субъектілерін  мемлекет 
тарапынан қолдау;
Халықтың қалдық жинау мәдениетін көтеруге бағытталған іс шараларды үгіт насихаттау 

және оларды қаржыландыру;
өндіріс және тұрмыс қалдықтарының жіктелу критерийлерін көрсету, себебі, қолданыстағы 

экологиялық заңнамада тек қауіпті қалдықтардың жіктелуі ғана қарастырылған.
пайдаланылған әдебиеттер 
Конституция Республики Казахстан // Ведомости Парламента Республики Казахстан. – 2007. – № 4. –  
1. 
С. 217.
Назарбаев  Н.А.  «Казахстан  –  2030:  Процветание,  безопасность  и  улучшение  благосостояния  всех 
2. 
казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана». – Алматы, 1998.– 62 с.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі // Параграф ақпараттық анықтамалық жүйесі
3. 
Об  утверждении  Правил  учета,  утилизации  и  обезвреживания  отходов  производства  и  потребления 
4. 
в  городе  Алматы  Решение  XIV  сессии  Маслихата  города  Алматы  IV  созыва  от  22  декабря  2008  года  N  163. 
Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 6 февраля 2009 года за N 810.
Программа  «Здоровая  окружающая  среда  города  Астаны  на  2005-2007  годы».  Утверждена  решением 
5. 
маслихата города Астаны от 24 декабря 2004 года № 109/15-III//http://eco.gov.kz/strategiya/region.php
Взимание  платы  за  выбросы  в  Казахстане  отстает  от  требований  времени
6. 
//http://www.kursiv.kz  /
anonses/1195200793-vzimanie-platy-za-vybrosy-v-kazakhstane.html. 13 марта 2008.

40
Алайдаров А.А.
Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы
құқық магистрі
ҚазаҚстан республикасы ЖоҒарҒы сотыныҢ нормативтІк 
ҚаулыларыныҢ ҚабылдануыныҢ теориЯсы мен тӘЖІрибесІ 
Кез  келген  құқықтық  мемлекеттің  билік  негізі  оның  Ата  Заңы  болып  табылады.  Оның 
күші  Қазақстан  Республикасы  бойынша  барлық  мемлекеттік  органдар,  жергілікті  өзін-өзі 
басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтарға тең дәрежеде 
жүргізіледі.
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  заңнама  мәселелерінің  қарқынды  дамуы  құқық 
қабылдаушыларға үлкен жауапкершілік туғызатыны айқын. 
Осыған  байланысты  құқықтық  нормаларға  түсініктеме  беру  құқықтық  тәртіпке  енгізу 
механикасының бір элементі ретінде заңның нақты және жалпыға бірдей күшіне енуін,  қоғамда 
заңсыз қайшылықтарға жол бермеу жолдарын қолға алуды реттейді.
Ата Заңның күшіне енуі және оның нақты жүзеге асырылуы үшін қабылданатыны барлық 
азаматтар  үшін  белгілі  жәйт.  Құқықтық  нормалар  талқысы  олардың  күшіне  енуінің  алғы 
шарттары болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  бекітілген  принциптер  маңызды 
құқықтық принциптер болып табылады. Бұл принциптер Қазақстан Республикасы Ата Заңында 
көрсетілгендей мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар тарапынан сақталады. 
Сонымен қатар, заңда азаматтар, әкімшілік немесе сот органдары тарапынан қолданысқа енген 
«күші жоқ ережелері» қамтылады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің өзінің 
халқына жолдауында «...құқық қорғаушылар және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық тәртіп 
орнату негізінде заң шығару және ұйымдастыру тәсілдерін жақсарту іс-шаралары келісімділігін 
күшейту керектігін...» айтып өткен [1,2].
Дегенмен, заң талаптарын дұрыс әрі қажетті қолдана білу үшін оны алдымен дұрыс ұғыну 
керек. Осыдан түсіндірме теориясы, соның ішінде белгілі бір құқықтық ереже жасау қажеттілігі 
туындайды. Е.В. Васьковскийдің пікірінше, бұл ережелерді жоғары дәрежеде ұғынып игерген 
жағдайда заң шеңберінде қателіктер мен келеңсіздіктерге жол берілмейді. Заңға түсініктеме беру 
ережелері мемлекеттік органдар тарапынан қадағалануы мен істің шешілу заңының шынайы 
мағынасымен үйлесуі негізге алынуы тиіс [2,11]. Заң нормаларының сот тарапынан түсініктеме 
құқықтық норма интерпретациясының маңызды бір бөлігі болып табылады. Сот билігі заңның 
қайшылығы  мәселесінде  негізгі  арбитр  және  мемлекеттік  билік  механизмі  қызметтерін 
атқарады.  Бұдан басқа, сот төменгі сатыдағы құқық қолданушының рөлін атқарады «заң сот 
билігінің күш салу нәтижесінде жүзеге асады». Сот өкілеттігінің шеңбері анағұрлым кеңейді, 
дамудың  демократиялық  жолын  таңдаған  мемлекет  қоғамды  заңсыз  әрекеттерден  қорғаудан, 
сот құзіретін социалистік қоғамды қорғауға бағытталған орган ретінде ғана көру сияқты саяси 
көзқарастардан  алыстауда.  Дүниежүзі  бойынша  әділетті  сот  құзіреті  көп  қырлы  құқықтық 
биліктермен жүйеленген. Бұл құзірет мемлекеттік органдардың ішінде тек сот билігіне тән. Сот 
жүйесі әділетті төрелік орнатуда тікелей және жанама және көп жағдайда өзін-өзі басқаратын 
жағдайда басқа мәселелердің шешімін заң шеңберінде орындайды. Жоғарғы сот үкімінің күшіне 
енуін  қадағалау,  сонымен  қатар  сот  органдарының  шешімдерінің  жүзеге  асуын,  ведомствоға 
қарасты соттарға, әкімшілік заңбұзушылық келеңсіздіктерін талқыға салу мен шешімін қарауы 
сияқты  міндеттерді  қамтиды.  Жоғарыда  айтылған  міндеттер  процесінде  сот  органдары  заңға 
қосымша  актілер  мен  түсінік  беруге  міндетті  болып  табылады.  Бұл  міндет  арнайы  түсінік 
берілуге  міндеттелген  акт  берілген  жағдайда  ғана  немесе  барлық  жағдайда  міндетті  болып 
табылуы туралы сұрақ туындайды. 
Заң әдебиеттерінде сот түсініктемесі сот төрелігін орнатуда казуальді ресми талқы ретінде 

41
ғана қарастырылу керек екендігі айтылуда. В.В.Лазарев «КСРО кезеңінде сот түсініктемесі тек 
казуальді болады», деп атап өткен. Дәл осы көзқараста Н.Н.Вопленко сот түсініктемесі казуальді 
талқысы түрінде қарастырады, ол оны – соттық және әкімшілік деп екіге бөліп қарастырады 
[4,14]. А.С.Шляпочников жоғарғы сот тарапынан жасалатын заңның нормативті түсіндірілуін 
легальді талқыға жатқызады. «Жоғарғы Сот Пленумын жетекші түсінігін сот түсініктемесінің 
бір түрі ретінде қарастыруға болмайды, олар әділетті шешім орнату тәртібінде емес, қылмыстық 
заңын  қолданысқа  енгізуде  ауытқу  орындарын  сақтап  қалу  үшін,  тиісті  ерекшеліктерді 
қамту  үшін  беріледі.  Жоғарғы  Сот  Пленумының  маңызды  түсініктері  кеңестік  кезеңдегі  әділ 
сот  органдарына  міндетті  болғаны  үшін  легальді  талқыға  қатысты  болып  табылады.  Сот 
түсініктемесі  заң  талқысының  қылмыстық  заңының  негізі  болып  табылады.  Түсініктемеде 
жалпыға міндетті күш болмайды, заңды қолдану процесінің негізгі элементі болып табылады» 
[5,182].  Ал  П.Е.Недбайло  «ресми  түсініктеменің  ерекше  бір  түрі  сот  түсініктемесі  болып 
табылады. Бізге керегі нормативті сипаттағы сот түсініктемесі», деген пікірді ұстанған [6,354]. 
П.Е.Недбайлоның  бұл  сөйлемінен  сот  түсініктемесі  нормативті  және  казуальді  болып  екіге 
бөлініп тұрғанын байқаймыз. Ол Жоғарғы Сот Пленумы нормативті қаулылары сот түсініктемесі 
ретінде қарастырады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл пікір дұрыс деп есептеледі. Талқылау 
нәтижелері міндеттілігі мәселесі заңдық сот түсініктемесіне жатпайды, дискуссиялық сипатқа 
ие  болады.  Сот  тәжірибесінде  орын  алған  құқықтық  нормаға  түсініктеме  беру  және  қолдану 
міндеттері жайлы жазған С.И.Вильнянский, оны құқықтық нормаға түсініктеме беру формасының 
бір түрі ретінде қарастырған [7,28]. Осыған ұқсас ұстанымды А.Б.Венгерев «сот түсініктемесі 
нақты бір жұмыс берілгенде ғана жүзеге асады. Алайда, нақты бір жұмыстар негізінде Жоғарғы 
Сот  тарапынан  берілген  заң  түсінігі  басқа  соттардың  осы  іспеттес  жұмыстарда  заңды  дұрыс 
қолданбауға айтарлықтай әсер етеді» [8,4]. Қорытындылай келе, А.Б.Венгерев құқықтық норма 
талқысына прецедент қатынасын қажет деп негіздеген. Бұл норма тек төменгі сот төрелігіне 
міндеттеледі, ал Жоғарғы Сот жүйесі тарапынан ресми түрде жасалған компонентті-казуальді 
талқы төрағаның тек өзіне ғана міндеттеледі. Жоғарғы Сот органдарының нормативті сипаты 
негізіндегі талқыны сот түсініктемесіне емес легалді талқыға жатқызу тәжірибе жүзінде дұрыс 
есептелмейді.  Сонымен  қатар  А.Б.Венгеревтің  «сот  түсініктемесі  нақты  бір  жұмыс  берілген 
жағдайда ғана» деген сөзінен оның сот түсініктемесі мен нормативті сипатты нақты емес бір 
жұмысты меңзегенін ашық байқауға болады. Сондықтан да, сот түсініктемесінің негізгі белгісі 
ретінде құқықтық норма жасайтын субъект болады, яғни бұл субъектке құқықтық норманы жеке-
дара немесе ұжымдық шешімде түсіндіретін сот органдары және сот төрағасы жатады.
Бұл туралы қазақстандық ғалымдар былай дейді: «сот түсініктемесі құқық шығару және 
құқық түзету құзіретіне ие болады». Құқықтық нормада шешілетін қайшылықтар немесе соттың 
өзі шешетін іс-шаралар, мысалға, Конституция ережелеріне сәйкес осы немесе бұдан да басқа 
заңды ережені қолданулығын шешу Жоғарғы Сот қаулыларында кездеседі. 
Сонымен,  сот  түсініктемесінің  нәтижесіне,  біріншіден  ҚР  Жоғарғы  Сот  нормативті 
ережелерін жатқызамыз, екіншіден, Жоғарғы Сот органдарының қаулысы мен шешімдері нақты 
принципті істерге байланысты, үшіншіден, азаматтық істер бойынша казуалды сот шешімі және 
қылмыстық істер бойынша сот үкімі дәлелді бөлігінде заң талқылауы толық жеткізіледі. 
Құқық  нормалары  объективті  себептермен  заң  шығарушылар  тарапынан  толық 
тұжырымдалмаған  жағдайда  және  сот  төрешілерінде  құқық  нормасы  мазмұнының  заң 
шығарушылар ұлттық жүйе кешенінде жан-жақты көрінісі байқалмаса сот тәжірибесі тікелей 
немесе  жанама  түрде  нормаларды  нақтылайды.  Жанама  түрде  құқықтық  норманы  айқындау 
және  нақтылау  Жоғарғы  Сот  органдары  тарапынан  сот  тәжірибесі  анализі  арқылы  өтеді. 
Нормативті  қаулы  жетекшілердің  нұсқауымен,  анықтауымен  және  негізгі  принциптермен 
барлық елдерде дерлік қабылданады. Бұл нормативті қаулылар абстрактті түрде жасалады және 
өзімен  сот  шешімінің  құқықтық  мазмұнының  айрымы  ретінде  көрсетіледі.  Істің  мән-жайы 
негізінде қабылданған шешімдер үстірт немесе мүлде көрсетілмейді, ал негіздеменің туындауын 
көрсететін  жүйенің  өзі  әдетте  айтылмайды.  Мысалы,  заң  шығарушы  органын  нормативті 

42
қаулылар арқылы дамытатын және толықтыратын сот тәжірибесі шын мәнінде құқық қайнары 
болып табылады. Қазақстан Республикасындағы осы іспеттес жетекші принциптер заңға сүйене 
отырып, сот тәжірибесінде пайдалану мәселесін түсіндірмелі түрде жеткізеді, көбіне істің мән-
жайымен  байланысы  жоқ  және  жеке  түзетілген  тұжырымдар  түрінде  беріледі.  1998  жылдың 
14-інші  мамырынан  бастап  ҚР  Жоғарғы  Сот  Нормативті  қаулыларының  2-нші  және  3-інші 
баптарында (ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы бойынша енгізілген өзгерістер №2 11.04.99 
күнінен; №19 22.12.00 күнінен; ҚР Жоғарғы Сот нормативті қаулысымен №7 11.07.03 күнінен;) 
«Есірткі заттары, улы және психотропты заттардың заңсыз қолдануына байланысты қылмыстық 
істер  бойынша  заңды  күшіне  енгізу»  осы  заңды  анықтауын  және  нақтылауын,  соның  ішінде 
ҚР қылмыстық кодексінің 259 бабына сәйкес есірткі және психотропты заттарды қолдану және 
сақтау  заңсыздық  түсінігін  ашатын:  «Психотропты  және  есірткі  заттарын,  оны  жасау  құрал-
жабдықтарын сатып алу, басқа заттарға айырбастау, қарыз орнына төлеу, қарызға және сыйлыққа 
беру, иелену, жабайы есірткі шөптерін немесе олардың бөліктерін жинау, бұл шөптердің жинау 
біткеннен кейін егіс алқабынан қалдықтарын теру қылмыстық іс-әрекетке жатады. Заңсыз сақтау 
түріне арнайы жоспарланған, рұқсат етілмеген есірткі және психотропты заттарды және оны 
жасайтын құрал-жабдықтарды қолдану және сақтау (өзінде,жасырын қоймада, үй жағдайында, 
көлікте және басқа орында) және сақтау мерзімі сияқты іс-әрекеттерге байланысты жағдайлар 
қылмыстық іс-әрекет деп танылады.
Заңсыз  сақтау,  сату  пиғылы  бар  мәселелерінің  шешілуі  осы  заттардың  сату  әрекетіне 
дайындалған  (мысалы,  сол  заттарды  үлкен  мөлшерде  жеке  пайдалануын  қоспағанда,  дозаға 
бөлу,  дайындайтын  құрал-жабдықтардың  болуы,  қылмыскердің  өзі  пайдаланбаған  жағдайда) 
кезде дәлелденеді» [10,165].
Қазақстан  Республикасында  осы  сияқты  түсініктер  құқықтық  негіздерге  жатады  және 
заң  тәжірибесінде  құқықтық  норма  ретінде  пайдаланылады,  әйтсе  де  ғылыми  доктрина  осы 
құқықтық  түсініктердің  негізгі  шыққан  түбін  осы  күнге  дейін  анықтамаған.  Сонымен  қатар, 
кеңестік құқықтану ғылымында кейбір зерттеушілер Жоғарғы Соттың негізгі түсініктемелері 
құқықтық негіз сапасы тұрғысынан анықтау қажет деп таныды. Мысалыға, М.Д.Шаргородский 
Жоғарғы  Сот  Пленумының  негізгі  қаулысы  құқықтық  негіз  болып  саналатынын  және  сот 
құрылымы  туралы  заңның  75-інші  бабына  сәйкес  жаңа  құқықтық  нормаларды  шығармайды 
деп  атап  көрсеткен.  Жоғарғы  Сот  Пленумы  заң  шығару  функцияларының  негізін  қалаған 
М.Исаев, құқықтық аналогия пайдалану жолы түсіндірмелерін кең шеңберде және шектеулі заң 
талқыларында жаңа құқықтық нормалар пайда болады деп дәлелдеп көрсеткен [11,197]. Сонымен 
зерттеушілердің басым бөлігі сот талқысы және тәжірибесі қабылданған немесе қабылданбаған 
жағдайда да ресми түрде құқықтық негіз болып саналады. Ал ғалымдардың екінші бөлігі Жоғарғы 
Сот түсіндірмелерінің басым бөлігі құрылымында жаңа құқықтық норма кездеспейтін жәй ғана 
интерпретациялық  сипаттағы  актілерді  көрсетеді.  Сонымен  қатар,  С.И.Тишкевич  Жоғарғы 
Сот Пленумының негізгі қаулылары құқықтық негіз бойынша қателік болып саналатындығын, 
сот тәжірибесінің жинақтауы, құқықтық норма есебінде саналмайтындығын көрсеткен, себебі 
кеңестік кезеңдегі сот, соның ішінде жетекші сот органдары жәй ған сот қызметімен шектелген 
және заңшығару құзіретінен толық айырылған [12,58]. Н.Н.Вопленко басты түсіндірмелердің 
нормативті  сипатын  негізге  ала  отырып,  сот  тәжірибесі  заң  жүйесіне  әсер  беретіндігін  және 
сол  уақытта  олардың  билік  органдарымен  құқықтық  нормаларды  түсіндіруін,  детальдауын 
және  нақтылауын  анықтау  керек  екендігін  атап  көрсеткен  [13,105].  Пленумдардың  негізгі 
түсіндірмелерін нормативті актінің бір түрі есебінде қарастыра отырып А.Ф.Черданцев олардың 
құқықтық  негіз  болып  саналмайтындығын,  нормативті  жаңартатын  сипаты  болмайтынын, 
құқықтық нормаға өзгертулер енгізуге немесе күшін жоюға бағытталғандығын атап көрсеткен. 
Егер  осы  сияқты  жағдай  орын  алатын  болса,  бұл  олардың  құқықтық  жаратылысына  қарама-
қайшы келеді [14. 157].
Дегенмен, осындай үзілді-кесілді жауапқа қарамастан, біз сот тәжірибесін жинақтайтын 
Жоғарғы  Сот  түсініктемелері  көбінесе  құқықтық  негіз  белгілерін  қамтитындығымен 

43
келісуге  мәжбүрміз.  Нормативті  құқықтық  акт  болып  саналатын  министрлік  және  мекемелік 
актілердің көбіне нақтылау сипаты тән, олар заң күшіне сәйкестіре отырып толықтырылады. 
Ал  интерпретациялық  актілерде,  А.С.Черданцевтің  сөздеріне  қарағанда,  абстрактілі  және 
интерпретациалық  нормалардан  алынған  логикалық  тұжырым  нәтижесі  негізінде  алынған 
нақтылау  нормалары  қамтылады.  Бұл  сияқты  нормаларда  түсіндіру  нормаларын  түзетуді 
реттейтін заң күшіне және қатысты тұлға міндеттеріне бағытталған нұсқаулар қамтылған, бірақ 
бұл  сияқты  интерпретациялық  нормаларда  тұлғалар,  жағдаяттар,  құқық  пен  міндеттемелер 
жалпы және абстрактілі нормамен салыстырғанда детальданған және түзетілген [15,121].
Осы  сипаттағы  интерпретациялық  нормалармен  сәйкес  келетін  кейбір  ғалымдардың 
пікірлері көңіл аударарлық жаңдай, бұлар «Жоғарғы Сот нормативті актілері – сот билігіндегі 
жоғарғы орган Актісі. Мемлекеттік органның еш біріне де бұл актіні қабылдау құзіреті берілмейді. 
Конституцияға негізделген және Жоғарғы Сот тарапынан қабылданған кейбір жағдайлар күшіне 
енген құқық нормалары және Конституция ережелеріне қайшы заңдармен салыстырғанда ғана 
сот төрелігіне ықпал етеді 
Демек, нормативті қаулылардың, ортақ міндеттілік, заң күшінің ықпал ету ұзақтылығы, 
көп қолдану, белгілі тұлғалардың сол шеңберде көп таралуы секілді сипаттарын ескере отырып 
осындай түсініктемелердің ерекше сападағы сипаттылылығы туралы шешімге келуге болады. 
Бұл  түсініктемелерді  заңды  интерпретациялық  нормалардың  жиынтығы  және  нормативті 
құқықтық актілердің иерархия дәрежесінде тұрғандығы ретінде, Конституция мен жалпы және 
абстрактілі заң нормаларының нақтылануы ретінде көреміз. 
Осылайша  заң  нормаларында  сот  түсініктемелерінің  жалпы  сипаттағы  ерекшеліктерін 
қарастыра отырып, мынадай басты шешімдерге келуге болады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативті қаулыларындағы сот 
түсініктемесі  интерпретациялық  қызметтің  ерекше  маңызды  түрі  болып  табылады,  себебі, 
ғылыми және мемлекеттік доктринада құқық туралы тартыстардың бәрі сот тәртібінде шешіледі. 
Демек, ғылыми негізде сауатты, професионалды түрде заң түсініктетемесін іске асыратын сот 
органы құқық қабылдау қызметінде негізгі орын алады, сот органына заңдылық тәртіп, жеке 
және  заңды  тұлғалардың  бостандығын  және  құқықтарын  қорғау  сияқты  жауапкершіліктер 
міндеттеледі.
 
Екіншіден,  жоғары  мамандалған  сот  түсініктемесі  сотты  заң  нормаларына  көз  жұма 
сүйенуіне итермелемейді. Нормативті қаулылардың «рухын» табумен қатар сот Конституцияда 
қарастырылған,  жеке  тұлғаның  мүддесін  қорғау  негіздегі  объективті  қажеттілік  критериіне 
сүйенеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет