264
СӨЗЖАСАМ
дық ұяға түбірлес емес сөздер қатыспайды. Я ғни
бір сөзж асам ды қ ұяда түрлі негізгі түбірден
өрбіген бірнеше туынды түбірлес сөздер болмай-
ды, сөзжасамдық ұя тек бір түрлі түбірлес сөздер-
ден ғана тұрады. Өйткені бір сөзжасамдық ұяда
бір негізгі түбір болады да, одан өрбіген түбірлес
сөздер ғана болады. Басқаша айтқанда, әр сөзжа-
самдық ұяны ң өзіне ғана тән түбірлес сөздері
болады.
Бұдан ш ы ғаты н қорытынды: тілде қанш а
сөзжасамдық ұя болса, сонша түбірлес сөздердің
түрлері бо л ад ы . С о н д ы қ та н тілде тү б ір л ес
сөздердің түрлері өте көп. Олардың бір-біріне
қатысы жоқ. Сөзжасамдық ұя бір түбірлес сөздер-
ден тұратын болғандықтан, сөзжасамдық ұяның
бір белгісі ретінде оны ң құрам ы ны ң өзіндік
түбірлес сөздерден тұратынын таны ған дұрыс.
Сөзжасамдық ұядағы түбірлес туынды түбір
сөздердің бәрі де сөзжасамдық жұрнақтар арқы -
лы жасалады. Қазір синтетикалы қ тәсіл арқылы
ж асалған түбірлес туынды түбірлерден тұратын
сөзжасамдық ұя сөз болып отырғандықтан, сөзжа-
самдық ұядағы түбірлес туынды түбірлердің бәрі
сөзжасамдық ж ұрнақ арқылы жасалған түбірлес
туынды түбірлерге жатады.
С өзж асам ды қ түрлі ұялардың құрам ы нан
тілдегі сөзжасамдық жұрнақтардың бәрін кезде-
стіруге болады . Ә рине, тілдегі созж асам д ы қ
ж ұрнақ атаулыны ң бәрі бір сөзжасамдық ұядан
орын алуы м үмкін емес, бірақ тілдегі барлы қ
сөзжасамдық ұя оны толық қамтиды. Олай бол-
са, әр сөзжасамдық ұяда қызмет атқаратын сөзжа-
самдық жұрнақтар көлемі түрі ж ағы нан әр түрлі
бола береді, бірақ бұл бірсыпыра ж ұрнақтардың
бірнеше ұяда қолданылуын ж оққа шығармайды.
Бұл тұрғы да қалы птасқан қатал заңды лы қ ж оқ.
Оны төменде келтірілген, әр түрлі сөзжасамдық
ұяны ң түбірлес туынды сөздерінің құрам ы нда
қолданылып тұрған жұрнақтардан көруге бола-
ды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: