П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет438/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

3.3.3. Күрделі субстантив зат есімдер
Күрделі субстантив зат есімдер өздерінің сырт 
қалпы , тұлғасы ж ағы н ан бірде аналитикалы қ 
тәсілмен жасалған күрделі зат есімдермен байла- 
нысты болып келсе, енді бір жағдайда фразеоло- 
гизмдік композиталармен шектесіп жатады. Лин- 
гвистикалы қ табиғаты екі басқа осы тіл құбы - 
лыстарының ара жігін кейде айырып болмайды. 
Мысалы, мына бір тіл құбылыстарына көңіл ауда- 
рып корейік: 
аксакдл, бойжеткен, атқамінер, ақсар-
бас, көкжал, көкқасқа, бозқасқа, шолақ етек, қара-
таяқ, тік бақай, шүйке бас, қол жаулықт.б.
сырт 
қарағанда бұлардың бәрі - субстантивтер. Бірақ 
бәрінің субстантивтену дәрежесі біркелкі емес. 
Қ иы нды қ міне осы жерден келіп ш ығады. Егер 
оларды өзара салыстырып, салғастырып көрсек, 
ақсақал, бойжеткен, атқамінер, ақсарбас, бозқасқа,
көкқасқа, көкжал
дегендердің субстантивтенудің 
ең ж оғарғы деңгейінен өтіп, реестр сөз дәреже- 
сінде күрделі зат есімдік статус алғаны айқы н 
байқалады. Ө йткені бұлар субстантивтенудің 
нәтижесінде н ом и н ац и ял ы қ сапа алған. Оны 
мына бір үзінділерден коруге болады. 
Ж ағалай
сойылып жатқан ақсарбас, көкқасқалар қүр ғана
келіс қуанышы емес
(Әуезов). 
Әлденеше бозқас-
қаны да сойғызды, көкқасқаны да жесті
(Сонда). 
Салтанат бойжеткеннің Тінібек үйіне алғаш кел-
гені бүл емес
(Сонда). Ал, 
қол жаулық, шолақ
етек, атқа мінер, қаратаяқ, шүйке бас
сияқты - 
ларда жоғарыдағылардай айқы н номинациялы қ 
(атаулық) ұғымнан гөрі фразеологизмдік (образ- 
дылық) сипат үстемірек.
Туынды субстантив зат есімдер си яқты , 
күрделі субстантив зат есімдер де өздерінің сырт 
қалпы , тұлғасы ж ағы н ан , сондай -ақ қолданы - 
луы ж өнінен әр түрлі болып келеді. Олар әдетте 
кемінде екі сыңардан тұрады. Екі сыңар және 
атау қалпыңда да, жұрнақ қосылып та әр тұрпатта 
қолданы лады . Екі сы ң ары да м ұндай түбір 
түріндегі күрделі субстантив зат есімдер көбінесе 
жалқы есім болып келеді. Кейбірі, мысалы, мы- 
налар: “ Қ ұлагер” , “Т о р ж о р ға” , “ Б о зж о р ға ” , 
“Көкбесті”, “ Назқоңыр” , “М айдақоңыр”, “Жай- 
мақоңыр” , “Ж айқоңы р” , “М аңмаңгер”, “Ақкер-
без” , “Ешкіөлмес”, “Аласапыран” тағы осы сияқ- 
тылар.
Атау тұлғалы күрделі субстантив зат есімдер 
құрамы ж ағы нан бұлай үнемі есім типті ғана бо- 
лы п келе бермейді. Соны мен қоса олардың бір 
сы ңары , көбінесе соңғы сы есімш е тұлғасы нда 
келіп отырады. М ысалы мына сияқтылар: 
қолке-
сер, қолүздік, ауызашар, сірге мөлдіретер, жанкүйер,
нақсүйер, атүстар, антүрған, “кісен ашқан ”, “көбік
шашқан ”, “түрмеден қашқан ”, “Көңіл ашар ”, ал-
т ыатар
т.б. 
Мәніке Ысқақтың ж алғыз нақсүйері
боп қалған
(Әуезов). Күрделі субстантив зат есім- 
дер қатарында терминдік ы ңғайдағы мына тәрізді 
біраз ж асалымдарды да атауға болады. Бұлар 
тілімізде негізінен кеңес дәуірінде қалыптасты. 
Кейбірі мыналар: 
сүтқоректілер, қос жарнақты-
лар, әскери міндеттілер, асыра сілтеушілер, артта
қалушылар, ту үстаушылар (знаменосцы), қос м е-
кендіклер, қос жүпаяқтылар, бауырымен жорғала-
ушылар, көп аяқтылар, коян тәрізділер, шаян
тәрізділер, аша түяқтылар, желбезек қүйрықты-
лар, желбезек тыныстылар, буын аяқтылар, бас
сүйектілер, бас сүйексіздер, желбезек аяқты шаян
тәрізділерт.Ь.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет