68
ФОНЕТИКА
С: салп, салт, саңқ, сарт; серт, селк; солқ;
сүңқ; сүрт; сылқ, сылп, сымп, сыңқ, сырт;
Т: таңқ, тарқ, тарп, тарт, тарс; тәйт; тоңқ,
томп; төрт; түрт; тырқ, тыңқ, тырп, тырс;
Ш: шалт, іиаңқ, шарқ, шарт; шерт; шолп, шорт,
шолт; іиүрқ; шыйқ, шылқ, шылп, шырт; шіңк.
С оны м ен, қазақ
тіліндегі бір буынды бай-
ырғы сөздердің құрамындағы дыбыстардың тірке-
су тәртібі, сапалы қ және санды қ ж ағы н ан мы-
надай болып келеді:
1. А -
4
2. А Қ -
83
3. А Қ Қ -
15
4. ҚА -
15
5. ҚА Қ -
450
6. Қ А Қ Қ -
120
Барлығы -
687
Негізі
көне дәуірлерден кележатқан, дыбыс-
тардың түріне, тіркесу тәртібіне негізделген бу-
ы нны ң осы алты түрі дауысты және дауыссыз
дыбыстардың өзара берік қию ласып тіркесуінің
нәтижесі, тілдегі барша сөздің негізін құрайды.
2.2. Дауыссыздардың тіркесі
Дыбыстар үндестігі
бойынш а қатаң дауыс-
сыздардан соң тек қатаңдар, ұяңдардан соң тек
ұяңдар, үндіден
соң негізінен ұяңдар, үнділер ғана
тұра алады. Сөздің құрамындағы дауыссыздар да-
уыстылардың ыңғайына қарай бірыңғай не жуан,
не жіңішке болып үндесіп айтылады.
Қазіргі тілімізде табиғи дыбыс тіркестері-
мен қатар, кірме сөздерде ғана кездесетін, жал-
пы заңдылыққа қайшы келмейтін тіркестер бар.
Мәселен,
ғд
(
бағдар, бағдат, дағды, жағдай, тағ-
дыр)
тіркесі байырғы сөздердің түбірінде де, түбір
мен қосымш а аралығында да ұшырамайды. Тек
сөздердің аралығында ғана айтылады:
ағдала (ақ
дала), бағдэулет (бақ-дэулет), бағдэреже (бақ-дэре-
же), т ам ағдэм і (тамақ дэмі), ағдэрі (ақ дэрі),
ағдауыл (ақ дауыл), оғдэрі (оқ-дэрі).
Сөйте тұра,
кірме сөздердің түбірінде
қолданылуы, ұяңнан
соң ұяң дауыссыз келеді дейтін заң ға сиып тұр.
Дәл осындай ұяңдар тіркесі
ғб
екі-ақ сөзде ұшы-
райды:
бағбан (бақ-бан), қағба.
Байырғы сөздер-
де мұндай тіркес жоқ.
Бұл да ды бы сты қ заңға
қайш ы келмейді. Ал
бағлан
сөзіндегі
ғл
олай
емес.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тіркесін
үш тұрғыда (позицияда) қарастыру керек болады:
1) түбір (морфема) деңгейінде,
2) түбір мен қосымша жігінде (жапсарында),
3) сөз бен сөздің аралығында (бунақ ішінде).
Бұлардың бэріне ортақ жалпы заңдылықтар
бар да, әр тұрғы н ы ң (позицияны ң) өзіне тән
тіркесу ерекшеліктері және бар. Мәселен, қатаң-
нан
соң қатаң, ұяңнан соң ұяң дауыссыз келеді
дейтін заң сөз бен сөздің арасында сақтала бер-
мейді. Мысалы: үш м ы ң, төртмы ң, бесм ы ң, се-
гізмы ң, ж үзм ы ң.
Үш түрғы ға (позицияға) да
тән айнымас
заң қатаңдардың ұяңдармен және керісінше, ұяң-
дардың қатаңдармен қатар тұрып (тіркесіп) ай-
тылуы мүлде ж оқ. Ал жазуда бұлар қабаттаса
береді (әсіресе сөз бен сөздің арасында).
Кез келген дыбысты ң тіркесу мүмкіндігін
әлгі айтқан үш позицияда мынадай үлгіде қара-
стыру керек болады:
Достарыңызбен бөлісу: