«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Шораның екінші кітабы

бісміллә деп айтайын,

Жамағаттар, тыңдасаң.

пақыр да көңілім жай болмас,

сөзімді назым қылмасам.

ішімде кетер асыл сөз,

әңгіме-кеңес құрмасам.

Ақырет оңай жігіттер,

Жалғанға мойын бұрмасаң.

дуаң болмас іжабы,

ерте сәһәр тұрмасаң.

рақымет көп Құдайдан,

Ақ жүрекпен шыдасаң.

тозақта жайың даяр тұр,

Құлшылық аққа қылмасаң.

уатылар қара тас,

шойынға салып ұндасаң.

білдіреді молдалар,

шариғат сөзін білмесең.

6110


6120

6130


376

376


377

ер  шорА


есі бар ер түсінер,

Азырақ айтып ымдасаң.

Молдаларға айтпақ парыз-дүр,

Қылсаңыз һәм қылмасаң.

Айттырмай қоймас әлеумет,

сөйлеп беріп тынбасам.

ер шораның айтайын,

екіленші кітабын.

Жалықпастан, жамағат,

Құлағың салып тыңдасаң.

Айтып едім бағана

Жерметөз қашып кетті деп.

Қараманның еліне

Аман-есен жетті кеп.

ортасында бірталай,

күндер өтіп кетті көп.

келіп көрсе Жөрметөз,

орынында елі жоқ.

баяғы шора шапқанда,

кеткен еді ойран боп.

сол уақытта Жөрметөз

ордасының орнына

Жылап келіп тұрыпты.

Жан-жаққа қарап, айран боп,

Жылап тұрып сөйледі:

—Аманбысың, жерлерім,

сағынған соң сарғайып,

Жеріме қашып келгенім.

Арсалақтап келгенде,

Амандасар көрмедім.

о, дариға, кәйтейін,

бекерге кетті еңбегім.

Өз көзіммен көріп ем

Қараман атам өлгенін.

шолпан көлдей анамды

Қиын болды-ау көрмегім.

баяғы заман жоқ болды,

Қаяққа кетті елдерім?

Жылы орнымды суытып,

6140


6150

6160


6170

378

бАтырлАр  Жыры

378

379


иілмей сынды белдерім.

Жүгірісіп ойнаған,

ойынға ойнап тоймаған,

Қадірмен қатар, жеңгелер,

Қайдасың, нөкер серлерім?

осылай жылап тұрады.

Құдайға зарлық қылады.

Қапаланып қайғырып,

Жан-жаққа мойнын бұрады.

Жылай-жылай Жерметөз,

есінен танып құлады.

сол уақытта бір адам

Айқайлап, дабыс қылады.

Қасына келіп жақындап,

әлі-жайын сұрады.

Жөрметөз де сол уақытта

есін жиып тұрады.

таныған соң ал енді,

Айқайлап қатты жылады.

ол адамды сұрасаң,

Қараманның жақыны,

көп қалмақтың ішінен

Асқан екен ақылы,

талай жаннан берік еді,

ұрысқанда тақымы.

Қашқан екен баяғы,

шора келіп ұрысып,

Өлгенінде Қараман,

тебіренбестей батыры.

«тез кетейін көрінбей,

Мені де қоймас ақыры.

шылауындағы қырық шілтен,

Қолдайды шораны ақыры.

ерегісіп қастасып,

бұған да үде шыға алмас,

тұқымымыз құрыр»,—деп,

бұл бопты тапқан нақылы:

«Жауға барсаң бірің бар,

6180

6190


6200

6210


378

378


379

ер  шорА


дауға барсаң бәрің бар»,

ілгері өткен кария

Айтып кеткен ақылы.

бұл сөзді ойлап ол адам,

Қашқан екен елінен.

Қырғыннан қалған қалмақтар,

о да ауған екен жерінен.

барша қалмақ асыпты,

сары жездің белінен.

Қорқып қашып кетіпті,

Айрылған соң елінен.

онан өтіп кетпеді,

орнады жездің кенінен,

патша сайлап қойыпты

Қаңтархан деген көрімін.

Ашаршылық тартыпты,

Айрылған малдың көбінен.

бұл адам аты ер бақай,

Жүреді екен сырымен.

«Аман болсам бір қашып

келемін»,—деп Жөрметөз

кеткен екен білдіріп,

кетерде шора шерімен.

сол есеппен ер бақай,

әр уақыт жұртқа келеді.

«келер ме,—деп,—Жөрметөз

ілгері сөздің жөнімен».

сөйтіп жүріп ер бақай,

Жөрметөзге кез болды.

Аман-есен айтысып,

Арада талай сөз болды.

«тұрмалық мұнда бекер»,—деп,

Жүретін жолды көздеді,

екеуара мінгесіп,

іздеді жолды, тез жолды.

келе жатып ер бақай

Жөрметөзден сұрайды:

—неғылып қашып келдіңіз,

онда барып тұрғанда

6220


6230

6240


6250

380

бАтырлАр  Жыры

380

381


не оқиға көрдіңіз?

сұлулық пен ерліктен

кемдігі жоқ шораның,

көңіліңді нағып бөлдіңіз?

Жайласты ғой Жөрметөз,

келмейді деп ек енді біз.

шүкір енді Аллаға,

Аман-есен көрді көз.

келген-тұрған жөніңмен,

білгеніңді сөйле сөз.

Жөрметөз сонда сөйлейді,

сөйлегенде бүй деді:

—есім ер мен ер шора

шапты ғой келіп біздерді,

Қысусан ойға көп алдым,

толтырып жасқа көздерді.

Алып барды ер шора,

Өз еліне біздерді.

бара жатқан шағымда,

ойланды мына сөздерді.

Қашатын болсам, жүретін

белгілеп қойдым іздерді.

дінін тұттым Қазанның,

Өзімнің дінім өзгерді.

Жөрметөзді шораға

Қосамыз деген сөз келді.

әлімхан деген патшасы

«Өз қызымды шораға

әуел бұрын қосам» деп,

Қылдырып тойын тездеді.

Қосты қызын некелеп,

сонан соң қосты біздерді.

түймебике аты екен,

о дағы бір зат екен,

бір айыбы қайтармай,

сөйлейді жылдам сөздерді.

«Мен бәйбіше, сен тоқал»,—

деп айтты кей қыздарды.

шыдай алмадым, ағажан,

6260


6270

6280


6290

380

380


381

ер  шорА


есітіп мұндай сөздерді.

олжалап келген күңсің деп,

толтырды жасқа көздерді.

Қой дейтұғын адам жоқ,

Алысатұғын шамам жоқ,

бұл жүрісім болмас деп

ойладым елді іздерді.

баяғы кеткен жеріммен,

белгілеп кеткен жөніммен,

бір күнде қашып жөнелдім.

ісімді қойып иірген,

ер киімін киіндім,

Құдайға жалғыз сиындым,

Жеті күн-түн жол жүріп.

барғаннан соң қосылып,

Жүкті болдым шорадан.

кәміл бір ай болғанда,

еліне кетті олардан,

Өз күндесім басшы боп,

соңыма түсті қанша жан.

Анасы да қосылды,

Артықша болды бұлардан.

Үстем болып кетер деп,

туылса ұл баладан.

ендігісін өзің біл,

Құтылдым бір олардан.

осы түрлі жұмыспен,

біз келіп қалдық, ағажан!

Ауылына кетті ер шора,

Жан қалдырмай тамадан,

Қуып келер ешкім жоқ.

шал мен кемпір, қыз-қатын,

әлімхан бармай ол қалды,

онан басқа ешкім қалған жоқ.

осы сөзбен екеуі

елге жақын барысты,

Ағайыны, анасы

Жөрметөзге танысты.

Арманда болып айырылған

6300


6310

6320


6330

382

бАтырлАр  Жыры

382

383


Анасына табысты.

Құшақтары айқасып,

бір-біріне жабысты.

«Жөрметөз қашып келді»,—деп,

Қалмаққа қылды дабысты.

елінде жан жоқ деген соң,

ойланды қалмақ барысты.

«таманы шауып қайтайық,

Жібермейік намысты».

Қантарханның алдына

Мәсілат қылып барысты.

бармаққа пәтуа болғанын,

білдірді айтып мәністі.

Қантархан мұны есітіп,

төмен салып мойынын,

көзін салып әр жаққа,

ойланды Қантар бір істі.

бір уақытта Қантархан,

көтеріп басын алыпты.

—сөзімді тыңда, халық,—деп,

Жан-жаққа көзін салыпты, 

шораның бізді шапқаны

кәрі мен жасқа анық-ты,

есім менен ер шора

набыт қылып халықты.

Қайратына шораның

көрген адам талыпты.

Қайратым асып қаншама,

барайын деп ойлансам,

көріп қалған қу көзім,

шорадан көңлім қалыпты.

шауып кетсек біз барып,

Мал менен жесір, қызды алып,

елінен келсе ер шора,

тағы да келер ізденіп.

бұрынғыдан күйіңді

екі есе қылар тамалар.

Аяқ-қолдан айырылып,

Қаларсың бәрің тізденіп.

6340


6350

6360


6370

382

382


383

ер  шорА


Жесірге кеткен ашынбас,

бұған бола шашылмас.

елін шапсаң ашынар,

Қосынмен келер сазданып,

бұған нысап қылыңдар.

сөзіме мойын бұрыңдар,

тыныштық та қаныбет,

көбі кетті, аз қалып.

бүгінде шора тірі, бар,

бабай түкті пірі бар,

шораға болмас еш зиян,

Азғана халықты мен жиям,

дүниенің адамы

келсе де бәрі қозғалып.

Қайда кетті, халқым-ау,

тебіренбес пен Қараман?

заманында оларға

есепсіз халық қараған,

батырлығы олардың

Ай мен күннен сараман.

олардай болып жан тумас,

әулеті қалмақ қарадан.

тайлы бие жеуші еді,

Артықша қылып шамадан.

батырлықпен жұрт ұстап,

көңілінде арман қалмаған.

сонша батыр болғанмен,

Аспады күші шорадан.

есім батыр ағасы,

тең келмес еш жан һәм оған.

еліне шора келген соң,

Аттаныс болар тамадан.

сұрасып табар ақыры

«Қайда,—деп,—елі Қараман?»

екінші келсе ер шора,

Үмітіңді үзе бер,

Жарық дүние бетінен,

Қатын менен баладан.

көздерің көріп қалып ет,

6380


6390

6400


6410

384

бАтырлАр  Жыры

384

385


Қылғаны шора анық ед.

ұмыт болды бұ күнде

елімде барсың зап адам,

ендігісін, халайық,

ойланып, қарап өзің біл!

көп сапырған жарамас,

тасыса қымыз сабадан.

лайым ассын бақытымыз,

Айтамын бірақ шамамен.

біздің тілді алсаңыз,

Ханым деп құлақ салсаңыз,

ойыңнан таста бұл істі,

тұрғанында жан аман.

Қантарханның қалмақтар,

көп жиылған қосындар,

бұл сөзін мақұл біліпті.

едіреңдеген көп ердің,

басылып көңілі тыныпты.

нәрікбай елге келген соң,

той-тамаша беріпті.

Жөрметөз қашып кеткенін

келген соң жұрты біліпті.

әйелді қумақ ар көріп,

Өзіне күшін пар көріп,

тістеніп жүр ер шора,

сылтауға таппай сынықты.

тыңласаңыз,жақсылар,

Жүкті болған Жөрметөз,

Жақындап күні таянды,

ер шорадан болғаны,

еліне қалмақ аян-ды.

Жиылып қалмақ кеңесті,

кеңескенде не десті

—балағатқа жетсе бұл,

сенің әкең шора деп,

балаға қылма баянды,

Қолымыздан өсіріп,

тарбият әбден қылайық,

6420

6430


6440

384

384


385

ер  шорА


Ата-тегін, нәсілін

білдіріп, баян қылмайық.

бір пар келсе, пар келер

ер шораның күшіне.

Аман-есен ер жетіп,

бұл бала болар ылайық.

«Атам кім?» деп сұраса,

Қараман деп алдайық.

Қатты бейнет көрсетпе,

тілеуін тілеп тұрайық.

келер ме күші шораға,

туғаннан қырық күн өткен соң,

буыны қатып жеткен соң,

баланы бір күн сынайық.

бұл сөзді айтып қалмақтар,

кетті бәрі тарасып.

тоғыз ай, он күн бітті енді,

туатын күні жетті енді.

Жолбарыстай ыңыранып,

дүниеге бір ер кепті енді.

«Ақиқат еркек екен»,—деп,

көрді бәрі қарасып.

көрімдік беріп келгендер,

көреді бәрі таласып.

Жарқыраған ақ жүзін

Мысалы айға санасып.

сынаймыз деп халық жүр,

Жүзін көрген талып жүр.

Қырық күн өтіп арада,

Қырық бір күн келді жанасып.

сол уақытта,жақсылар,

көп қалмақ келді жиылып,

ортаға алып баланы,

Үстіне бәрі үйіліп.

еркек бала туғанға,

Қалмақтың бәрі сүйініп.

Алып деп атын қойдырды,

Молдасы келіп бұйырып.

25–253

6450


6460

6470


6480

386

бАтырлАр  Жыры

386

387


Қарсы келген қалмақтың

бетіне Алып қарайды,

Қабағы тастай түйіліп.

Қолына түссе қай нәрсе,

кетер еді үйіріп.

емшекті қатты сорады,

түсін көрген адамға,

тұрады мұрнын шүйіріп.

Жұмыртқадай қара тас

Алып келді қалмақтар,

«Жарым қадақ келер»,—деп,

Қолына алып салмақтар.

шеңгеліне Алыптың

Қара тасты ұстатты.

сол уақытта Алыпты

Қара тастан күшті етті,

сығымдайды балшықтай,

кіріп кетті бармақтар.

Қалмақтың бәрі қуанды,

«Жар болғай»,—деп аруақтар.

күннен күнге ер жетіп,

Алып бала шалқақтар.

сондай бала туды деп,

есітті қалмақ, жан-жақтар.

ойнасын деп қояды,

Алдына төгіп үйеді,

шеңгелдеп алып қысқанда,

Жүн мысал тозар жаңғақтар.

«шорадан кекті алармыз,

басына қырғын салармыз,

ер жетсе мынау бала»,—деп,

Қуанып жүр қалмақтар.

Қызыл гүлдей жайнаған

ер Алыптың сымбаты.

әр нәрсеге жарайды,

әсіл тастың қымбаты.

болар бала боғынан,

белгілі болар імбаты.

күннен күнге ер жетіп,

6490


6500

6510


6520

386

386


387

ер  шорА


Ай, жыл өтіп арада,

Жолбарыстай жұлқынып,

ет пенен сүйек бұл қатты.

бір жыл кәміл толған соң,

орнынан Алып тұрады.

бір жарым жылға жетпей-ақ,

Апыл-тапыл жүреді.

екі жыл анық толған соң,

Жүрмегін кәміл қылады.

Үшке жасы жетпей-ақ,

тілін де анық шығарды.

төрт жасқа жасы толған соң,

барыстай мойнын бұрады.

белгілі болып бес жылда,

Ата-тегін сұрады.

Алтыда ақыл айланып,

Мінезі жұртқа ұнады.

Жетіге жасы жеткенде,

тұлпарға тоқым ұрады.

сегізге жасы енгенде,

балдармен ойын құрады.

ерегіскен баланы

Жұдырықпен ұрады.

шын қаһары келгенде,

Мыңнан бірді қырады.

Жұдырығы тигендер

тілге келмей құлады.

балалары өлсе де,

Қайғы-дықат көрсе де,

«шорадан кекті алсақ»,—деп,

лажсыз қалмақ шыдады.

тоғызға жетіп толықсып,

ер Алыптың жастары.

Жүзі-нұры ай сыпат,

Қиылған қара қастары.

он жасында ел билеп,

Алыптан ешкім аспапты.

Аттанбақ болды тамаға

Қалмақтың кәрі-жастары.

6530


6540

6550


6560

388

бАтырлАр  Жыры

388

389


Қаңтархан қалды қалада,

бір істі Алып бастады.

есепсіз құлға басшы боп,

Алыптың көңілі тасқаны.

Аттанбақ болды қалмақтар

шаһары Қазан қалаға.

Адамнан есеп алғалы

шаһардан шықты далаға.

Жиылған әскер толыпты,

тоғыз мың бес жүз шамаға.

басшы болып баршасы,

ықтияр берді балаға.

Жеті батыр бар еді,

Жиылған қосын арада.

сәмбет деген бір батыр,

бара-бар хан мен қараға.

Қалмақтан шыққан ер еді,

болмаған пары арада.

сазанды деген бір елден

бір батыр келді жана да,

бұ дағы асқан ер еді,

сұрасаң, аты—Қалаба.

әлімбет, Аран, ер бікен,

Қалмақтан шыққан бәрі де.

бәрі де асқан ер еді,

даңқы кеткен далаға.

Құрыс деген бір қалмақ,

о дағы бір атасы.

тыңдасаңыз, жамағат,

сөзімнің жоқ қатасы.

Құрыстан шықты бір батыр,

Артықша туған жотасы.

сегіз батпан деп еді,

Қолына алған сотасы.

Өзі жалпақ һәм жуан,

денесі тегіс, тұп-тұтас,

ешкіммен ойнап-күлмейді,

бар адамдай қапасы,

сұрасаң, аты—шамұрат,

6570


6580

6590


6600

388

388


389

ер  шорА


тебіренбес еді атасы.

Жетінші батыр сұрасаң,

белгілі болған Алып-ты.

Қайратына Алыптың

Жасынан әркім қанық-ты.

шораның баласы екені,

бәріне қалмақ анық-ты.

Мергендігін өткерген,

білтелі мылтық замықты.

нысанадан өткерген,

судағы көздеп балықты.

Аспаннан атып аққуды,

Қақтырмай қанат алыпты.

Жылдамдықпен ер Алып

түнде атқан жұлдызды.

кезеп тұрған сарыжайын,

түсірмей жерге дарытты.

«Жүреді жауға балаң »,—деп,

Құлағына бір адам

Жөрметөздің салыпты.

есіткен соң Жөрметөз,

Қайғырып жылап қамықты.

«баламнан қалсам болмас,—деп, 

Өзгенің тілін алмас»,—деп,

баласына барыпты.

сол уақытта, жақсылар,

Жөрметөз жылап сөйлейді:

—тілімді алсаң, қарағым,

бұл сапарға бармағын.

Құтылмастай бәлеге

барамын деп қалмағын.

Мысалы, бұл жау-жанған өрт,

Жазылмайтын қанды дерт,

Жанған өртке, шырағым,

Жас жаныңды салмағын

ол елде еркін ерлер бар,

Аш бөрідей жалмауыз,

белгілі батыр—есім ер,

екінші батыр—шора дер.

6610


6620

6630


6640

390

бАтырлАр  Жыры

390

391


солар елді шапқанда,

Құтылдық деп қашып зорға біз.

шора жеті жасында,

шашты әзіз ер қасында.

бес жүз ермен ел шапты,

тығылдық қашып орға біз.

тайлы бие жейтұғын,

Мұнан жан өтпес дейтұғын,

батыр боп тұрған сол күнде,

тебіренбес еді жорғамыз.

Алысқанда тебіренбес,

Мың кісіге барабар.

білімнен де кем емес,

әр өнері және бар.

найзасына есімнің

шаншылған басы, көргенбіз!

Жүрегі жаудан қайтпаған,

бұғанасы қатпаған,

Жаңа өспірім баласың,

Қаларсыз түсіп орға сіз!

ер Алып сонда сөйлейді:

—Қой, шешеке, жылама,

көзіңнің жасын бұлама.

Жақсы-жаман әр істі

баршасын Құдай қылады.

Өлімге бірдей жас-кәрі,

Ажалы келсе, тұра ма?

болынған бастан бұл жұмыс,

болмайтын істі сұрама.

ойланып қара өзіңіз,

Жылайды бекер көзіңіз,

Ажалсыз жан шыға ма?

Ажал келсе адамзат,

бір сағат қарап тұра ма?

шешеке, мені тапсырғыл,

Жоқтан бар қып жаратқан,

он сегіз мың әлемнің

падышасы Құдайға!

6650

6660


6670

6680


390

390


391

ер  шорА


баласынан Жөрметөз

Мұндай сөзді есітті.

көп ойланып толғанды,

Қалуға шара нешік-ті?

Жалтаруға жан-жақтан,

таппады еш бір тесікті.

«тағдырға шара жоқ шығар,

сол жұрттан жазса несіпті.

Өзім де қалмай барайын,

Ақ жазғанын көрейін».

баласы бармай қалудан

Жөрметөз үміт кесіпті.

сарамжалын сайланып,

Жүрмекші болды қалың қол.

баласымен бармаққа

Жөрметөз даяр болды ол.

батырлыққа ер Алып

бірдей еді оң мен сол.

саясатты, сымбатты,

Ашылған сыпат қызыл гүл.

есіткен жерде ел қанша,

бәрінен озған еді бұл.

баласымен бірігіп,

Жөрметөз жүрді болған тұл.

ер Алыпқа жасынан,

Құданың берген бақыты мол.

басшы болды ер Алып,

тоғыз мың бес жүз алып қол.

Айдынды шалқар даламен

тамаға қарап тартты жол,

тұлпар мініп батырлар,

Жау ізденіп желікті.

«тамадан олжа алсақ»,—деп,

нан тиместер елікті.

«Жетерміз қашан жауға?»—деп,

батырлар жаман зерікті.

Ара жолда ат арып,

Айрықша бейнет көріпті.

Үдере көшіп тоқтамай,

6690


6700

6710


6720

392

бАтырлАр  Жыры

392

393


он бес күн жол жүріпті.

Жеріне тама жеткенін

барша қалмақ біліпті.

бір күншілік жерге кеп,

екі күн әскер тынықты.

ілгері шора барғанда,

көргенін қалмақ ұмытты.

әскерді бастап Алып ер,

ел шетіне кіріпті.

Жеті күн бұрын бұлардан

Аңға шора шығыпты.

әлімхан патша һәм кеткен,

Жалғыз-ақ есім тұрыпты.

шаһар Қазан қаланың

Қақпасына жақын кеп,

Алып та туын тігіпті.

сол уақытта есім ер

бір пәленің келгенін

сонда байқап біліпті.

көшеге адам шаптырып,

шаһарға хабар қылыпты.

«бұ не деген бәле?»,— деп,

есіткен адам үрікті.

Қабыл-құбыл жиналып,

барабан-дабыл ұрыпты,

Арасында таманың

Қалмақтан тыңшы жүріпті,

шаһары Қазан қаладан

бес жүз тама жиналып

тоғыз мың бес жүз қалмаққа

сап түзетіп тұрыпты.

сол уақытта, жақсылар,

есімнің айтқан сөзімен

тамадан шықты бір адам,

баһадүр туған ер еді

сұрасаң, аты—саттархан.

Жеке шықты ақырып,

«келші-кел»,—деп шақырып.

ер сәмбет келді қалмақтан,

6730


6740

6750


6760

392

392


393

ер  шорА


не болар деп екі ер

Қарасып тұрды жан-жақтан.

кезекпе-кезек екеуі

ұрыс қылды салмақпен.

Қолына найза алысты,

Қарсыласып барысты.

Атаңа нәлет қу қалмақ

Жібермеді намысты.

ұрыс болса ер сәмбет,

білер еді әр істі.

Жеті сағат өткен соң,

саттархан қолы қарысты.

Ал енді сәмбет ойлады,

Мазақ қылып ойнады.

Мойнына шынжыр арқан сап,

саттарханды байлады.

Қол аяғын мекемдеп,

Қуалап жаяу айдады.

Мұны көріп есім ер,

іші оттай қайнады.

баруға неше ойланып,

тағы да сабыр айлады.

тамадан шықты тағы да ер,

сұрасаң аты байдалы.

Ақырып келді айқайлап,

«кел, ә, қалмақ ойналық».

сәмбет һәм келді сайланып,

Қалмаққа буған айланып.

келді сәмбет сөйлесіп,

байдалының қасына.

отыздан асқан кісі еді,

байдалының жасы да.

Мінезі ауыр ер еді,

Қылмапты істі асыға.

Ата-тегін сұрасып,

тұрғанында абайсыз.

Жылдамдық қылып ер сәмбет,

Қылышты ұрды басына.

«Құдайыңа бар,—деді, 

6770


6780

6790


394

бАтырлАр  Жыры

394

395


осы екен сізге несібе!»

Мұны көріп, жақсылар,

Ақыр заман орнады,

тамалардың басына.

бұрын мұндай көрмеген,

таманың кәрі-жасы да.

Арыстандай ақырып,

тұрды сәмбет майданда.

бірме-бір келген батырды,

Жіберіп тұр «сайранға».

«япырмай, заман қайтер»,—деп,

тамалар қалды айранға.

Жетеуін сәмбет өлтірді,

екеуі тірі байланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет