«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

біреуі парлас келмеді,

Айбаттанып айқайлап,

сәмбет ер күшін жайғанда.

сол уақытта күн батып,

ұясына  ол батты.

есім батыр қайғырып,

ұйықтамастан түн қатты.

көшеге панар шам жағып,

Қарауыл қарап тұр қатты.

Машырықтан сарғайып,

Мезгілімен таң атты.

Жамиғат болып әр жерде,

оқып алды памдатты.

кіремін деп қалмақтар,

Қақпаның аузын шаңдатты.

баяғы сәмбет тағы да,

«Жеке, қазақ, жеке,—деп, 

келші, қазақ-еке»,—деп,

Майданға мініп салды атты.

тамадан адам бармады,

«бар!»—деп есім зорлады.

барғаны қайтып келген жоқ,

Қайтсін қорықпай, жан тәтті.

«бір талапкер бар ма?»,—деп,

6800

6810


6820

6830


394

394


395

ер  шорА


Үш қарады есім жан-жаққа.

бармақ түгіл майданға,

бәрінде зәре қалмапты.

Үрейі кетіп тұрғанын,

Ақылмен есім аңлапты.

күдерін жұрттан үзген соң,

ойланды есім бармақты.

Мұны естіп нәрікбай,

есімге келіп зарлапты:

—барамысың шыныңмен,

Қарағым, қалқам, ардақты?

Ара тұрмас жанға мал,

Қарағым, мұнан хабар ал.

бітімге келер күн болса,

Аямайық мал жақты.

ерегіссе ер өлер,

дұшпанның түбі салмақты.

лажы болса тоқтауға,

Алдайық малмен қалмақты.

Жауда жазым боп кетсең,

сексенге келген ағаңа

Өлімнен үлкен салмақ-ты.

талай жауды көріп ем,

талайға жаза беріп ем.

осы келген бәлені,

сол бәленің бәрінен

көремін қиын алмақты.

лажын тапсаң татулас,

батырып кетер бармақты.

шаншуы солға айналса,

Жазуы қиын қармақты.

әлімхан, шора мұнда жоқ,

Мәсілат кеңес қылатын,

біреуі де қалмапты.

Менің берген ақылым,

Қарсылық қылма кәпірге.

Аз күн алдап тұра тұр,

Жад етіп Құдай, әруақты.

6840

6850


6860

6870


396

бАтырлАр  Жыры

396

397


Ағасының айтқанын

Мақұл алды есім ер.

біреуді дереу жұмсады,

—Қалмаққа елші болып кел,

дұшпандықты тастайық,

татуласып болып ел.

көңілдегі жұмысын,

оны да сұрап біліп кел.

әйтеуір малға тоқтаса,

Мақұл деп уәде қылып кел.

Ашуланып сөз айтса,

сен жауабын күліп бер.

сұрап келгін тағыда,

осынша қалың қалмақты

Жиып алып Қазанға

бастап келген қандай ер?

елші келді қалмаққа,

Қамалып жатқан қол жаққа.

Қалмақтың қолын қараса,

есепсіз келген сан адам.

Қолбасшысын қараса,

толмаған жасқа баладан.

тұлғасына қараса,

барабар келмес жан адам.

ойланғанмен ой жетпес,

Артықша туған шамадан.

Алдына келіп Алыптың,

Арызға тұрды тама ағаң.

елші тама сөйлейді,

Жаңылмай сөзін сараман:

—Ассалаумәликүм,

Арыз қып сізге қарадық,

Қазан халқы тамамын.

ұрысты қойдық ойланып,

сұраймыз елдің аманын.

бекер набыт боп кетер,

кәрі-жас, қатын-баламен.

Жетім-пақыр ақы үшін

6880

6890


6900

6910


396

396


397

ер  шорА


тілейміз сіздің панадан.

Қаһатшылық биыл біздің ел,

көп ел көшті қаладан.

диқаншылық іс қылып,

таппаққа тамақ даладан.

Жайымыз біздің осылай,

тыңласаңыз, патша-хан!

рақымет Алладан,

не дейсіз бұған ал енді,

сөзімді қылдым мен тамам.

бастан аяқ есітті,

таманың Алып сөздерін,

—осындай дейді мынау ел,

не дейсің бұған, көздерім?

татушылық көп жақсы,

керегі не өзгенің?

Малға бітім қылайық,

ұрыс қылмай тынайық.

Жұртқа теріс көрінер,

татулықтан безгенім.

Жақсылар, қапы қалмаңдар,

көңілде болса сөздерің.

Алып ердің ағасы

сөйледі сонда ер бақай:

—Айтқаның мақұл, ер Алып,

Айтпасаң іште шер болғай.

әзірге тату болар бұл,

түбінде кетер ел болмай.

Қазақтың сөзден тануы,

көрген түстен тіпті оңай.

сен білмейсің, ер Алып,

Арада кеп көп бір талай.

обал, сірә, тамаға,

көрсетсе жұмыс бірталай.

Атаңыз сіздің Қараман

білемісің, қалқам-ай?

тамада шора батыр бар,

Қойдағы қошқар марқадай.

Қараманды өлтірген,

6920


6930

6940


6950

398

бАтырлАр  Жыры

398

399


шора батыр бұл тама-ай.

Атаңыздың қысасын,

Алмайсыз ба, ер Алып?

есіңе түсер ер жетсең,

Құмарың жүрер тарқамай.

ордаңа салған ойранды,

Қыз-келін қойдай айдалды.

көп жұмыс болған ілгері,

бәрін де тұрмын айта алмай.

еріп келген артыңнан,

әр жұрттан келген батыр бар.

Аламыз деп көп олжа,

Мейрімізше әр қалай.

Артыңды ойла абайлап,

бұл жерге келдік дәм айдап.

тым болмаса олжа сал,

таманың жұрты малға бай.

ер бақайдың бұл сөзін,

батыр Алып аңлады.

әр жұмысты ойланар,

бар еді бастан саңлағы.

ел болуға тамамен,

Қоймады шулап қалмағы.

Қараманның қысасын,

ойланды тағы алғалы.

тамадан келген елшіні,

шақырып алды ер Алып,

«Мұнша нәрсе берсін»,—деп,

тамаға салық салғалы.

Мың түйе, қой, мың жылқы,

бермекке болды парманы.

—Мың құл мен мың қыз бересің,

ойласаң аман қалғалы.

осы құлдың басшысы,

ер Алыпқа бересің

тоғыз құл, тоғыз қызбенен,

Жылқыдан тоқсан жорғаны.

уәзірлерге көп айттым,

6960

6970


6980

6990


398

398


399

ер  шорА


Мұнан кемге болмады.

тағы да ұстап бересің

есім менен шораны.

сонан соң тату боламыз,

болмаса ұрыс қыламыз.

осы айтқан нәрсенің

болмаса таяр заманы.

елші мұны есітіп,

Қайтып кетті тамаға.

Қалмақтан қорқып қазақтар,

шықпай тұр бірі далаға.

елші келді ылажсыз,

көрінді келіп көбіне.

Алыптың айтқан сөзінің

баршасын салды араға.

оңатұғын іс емес,

келмейтін бәрі шамаға.

Қайраттанып есім ер,

бұл сөзді айтты жана да:

—бәріміз бір күн шығайық,

Қамалғанша қалаға.

Жан сақтап қалған жарамас,

ешкідей үріккен панаға.

ойда-түзде болғанмен,

Қаза жетпей қала ма.

Қырық жыл қырғын болғанмен,

Ажалсыз адам өле ме?

келетін болды уақыты

Ауға кеткен шора да.

ойлап қара, жамағат,

Қыз-қатынның баршасын,

олжа ғып беріп қалмаққа,

күн көрген тірі бола ма?!

кәпірден қорықсаң, тамалар,

ұрысқа өзім барамын.

салғанын ақтың көремін,

біреуің жақын жолама!

7000


7010

7020


400

бАтырлАр  Жыры

400

401


бұл сөзді айтып есім би,

Жар салдырды жұртына.

Жастайынан бұл есім

көріп жүрген талайды.

талай ермен алысқан,

бәрінен келді бұл дұрыс.

шамұраттай батырды,

Анау-мынау жұмыспен,

Алмағы қиын болды күш.

Ары-бері салысты,

Арыстандай алысты.

бір-бірін жеңіп алмады еш,

Қылышпен кезек шабысып.

тұрмады қарап бір тыныш,

Қылышты да қынға сап.

шоқпармен ұрды дүріспе-дүрс,

шоқпармен де болмады,

бұған да көңіл толмады.

осы түрлі жұмыспен,

күн батып, дүние болды кеш.

Қосынына қайтады,

екі батыр айрылып.

уәде қылды екі ер,

келмекке ертең қайрылып.

төрт батыры өлгенге,

Қалмақтар жатыр қайғырып.

Қосынға барды шамұрат,

бұйрық қып он қой сойдырып,

Жарты құлаш нан жеп он қоймен,

тамағын алды тойдырып.

ұйықтап рахат қылды енді,

төсегін салып жайдырып.

есім һәм қайтты еліне,

Жаратқанға зар қылып.

«Жаратыпсың Құдай-а,

әзелде маған пар қылып.

бір күн ұдайы ұрысып,

Жеңбедім деп ар қылып,

Қор қылма, Құдай, кәпірге,

7030


7040

7050


7060

400

400


401

ер  шорА


әулиелерді жар қылып,

Жетпістен өтіп бұл күнде,

сексенге жақын келді жас.

кәпір менен мұсылман,

әуелден ақыр дінге қас.

Қаһары түссе Алланың,

Жүндеп тозар қара тас.

Қазат үшін, Құдай-а,

Ақ жолына бердім бас.

бір белгілі тілегім,

күлмесін сырттан кәрі-жас.

досты һәм қылдың Махамбет,

әлемге нәмі болды паш.

Үрметі үшін расулдың,

рахметіңмен маған есік аш.

шаярмен  асхабдың,

Үрметі слам қарындаш.

Жәми расул, әнбия,

Машайық, зәміт, әулие.

төрт мақырап, көп мәлік,

дін жолында жәми нас,

кәпірмен қылдым дін талас.

он сегіз мың ғаламның

Ақтай анық патшасы».

түні бойы зарланып,

Атқызды көзі таңды рас.

шам болып, памдат оқыды,

Артықша қылып ықылас.

бата алып көптен есім ер,

Майданға ұрды ол құлаш.

сауытын киіп аттанды,

найзасын алып он құлаш.

«шапшаң шық, шамұрат кәпір»,—деп,

Майданға барып тұрды бас.

егерге шоқпар ілулі,

Қолында қылыш жалаңаш.

сауыт пен қалқан киінген,

Жаннан қорқып аянбас.

ішіп-жеп әбден тойынып,

26–253


7070

7080


7090

7100


402

бАтырлАр  Жыры

402

403


Аттанды енді шамұрат.

Жолбарыстай жұлқынып,

Майданға шықты бұл нәкәс.

Айбаттанып ақырып,

есімге келді қарсылас.

әуелі мылтық атысты,

нәубетпе-нәубет партылдас.

Місе тұтпай мылтықты,

Қылышпен қылды шартылдас.

Қылыштан да кәр болмай,

шоқпармен қылды тарсылдас.

Аянбай жүр екі ер,

Өлімнен қорқып тартынбас.

он сағат ұдайы ұрысты,

біреуі шаршап алқынбас.

шоқпарды қойып, найза алды,

шаншыспаққа айналды.

он кез найза есімде,

шамұрат қалай шаншылмас?

Ашуланды есім ер,

Қайраты қатты қысылып.

Қапы қалма, жақсылар,

Аңлап отыр түсініп.

шамұратты шанышпаққа,

найзасын алды ұсынып.

«Алла!»  деп салды найзасын,

Құртты кәпір айласын.

бауырынан батырды,

тұрғанда кәпір көсіліп,

дендеп кіріп кеткен соң,

Құлады шамұрат асылып.

Қарасып тұрған қалмақтар,

«енді өлер есім»,—деп еді.

Қайраты асып есімнің,

Мұны да жайпап жөнеді.

Жат етіп есім аруақты,

бірме-бір келген қалмақты,

Жіберді жанын жәннемге.

Ажалдан шербет [береді],

7110


7120

7130


7140

402

402


403

ер  шорА


шамұраттың өлгенін,

көргеннен соң қалмақтар,

зәресі кетті бәрінің.

Қайғы түсті көңіліне,

Жасы менен кәрінің.

есім ердің қайратын,

Қайратына мезгеді.

әзіреті әлі шерінің,

бара-бар келмей батыры,

Жекпе-жекке қалмақтар,

болмады табы бәрінің.

Қорыққаннан көбісі

Қия алмай жатса жарығын.

«шық!» десе ешкім шықпайды,

бір-бірін қалмақ ықтайды.

бұйырды сонда ер Алып,

бір мыңы тегіс жабылды.

Мұны естіп қалмақтар,

бір мыңы бірден ат қойды.

есімді алды ортаға,

Жан-жақтан қағып дабылды.

тамалар да есітті,

Аттанған қосын дабырды.

бастығы болып нәрікбай,

кеткізді ақыл-сабырды.

«Алла!» деп, олар да ат қойды,

тәрк қылмай байдың әмірін.

Мұсылман-кәпір қосылды,

Қызыл қан судай жосылды.

«ниет-қазат!»—деп кірді,

ойламай қамын жанының.

Қалтырайды қалмақтар,

есім ердің ұрыста,

есітсе дабыс, сарынын.

Жарым сағат өтпей-ақ,

есімнің өзі ұрысып,

Қалмақтың қырды жарымын.

сол уақытта тамалар,

Қатарын түзеді сапының.

7150


7160

7170


7180

404

бАтырлАр  Жыры

404

405


бес жүз он бес кісі еді,

Жиылған тама жәмінің.

Мың қалмақ тағы ат қойды,

Алыптың тұтып әмірін.

таманың қатын-баласын,

ұрыс болып жатқанда,

Қалаға айдап қамады.

баршасын тегіс малының

екі қосын ат қойды

бір-бірінен аянбай.

«Аллалап» жүр тамалар,

кәпірдің тілі шаяндай.

есім батыр ерлігі,

бәріне қалмақ аянды-ай.

Мың қалмақты тағы да,

сап қылуға таянды.

Мұны көріп ер Алып,

Қосынның бәрін бұйырды.

Қарап тұрмай бәрі  де,

Қалмастан қалмақ жүгірді.

ұрыспаққа Алып та,

Қынаптан қылыш суырды.

Алдымен кірді ер Алып,

Астында тұлпар бүйірлі.

Қылышқа-қылыш шартылдап,

шақпақтай оты жарқылдап,

күрзіге-күрзі тарсылдап,

Мылтықтың даусы партылдап,

Аз таманың қалмақтар,

әпшісін жаман қуырды.

Қаптап кетті майданға,

әскер қалмақ бәрі де.

бір тамаға он қалмақ,

Қылыш сапты серіне.

ер Алыптың кім шыдар,

Қарсы келсе зәріне?

көпшілікке күш келмей,

бұзылды тама сәні де.

біреу емес, екі емес,

7190


7200

7210


7220

404

404


405

ер  шорА


келмеді онға әлі де.

ұрыс қылды ойсан қып,

нәрікбайдай кәрі де.

осы ұрыс ішінде,

Айқайлап қырып қалмақты,

есім батыр кез келді

Арыстан  Алып шеріге.

Қайтер екен есекең,

Жолықты бір бура кеп,

Айдаһардай ысқырып,

есімді тартты деміне.

Жүрегін жаудан қайтармай,

есім де келді шеніне.

Аты-жөнін сұрасып,

тұрды біраз көріне.

Қайран қалды есім ер

тұлғасына Алыптың.

сұлулығын ұқсатты,

он бес күн ай жарықтың.

бой сымбаты шорадай,

бет әлпі мысал нәріктің,

түсі суық аңдатты,

білтесіндей замықтың.

есімнің түсті мехірі,

бұрғандай сарын зақардың.

есім ер айтты Алыпқа:

—Атаң менен асылың,

білдірші кімнен нәсілің?

порымыңа айран қалыппын.

Алып сонда сөйледі:

—Атамның атын сұрасаң,

Хан болып өткен Қараман.

Қара қалмақ нәсілім,

Қараман ұлы боламын.

батыр Алып—өз атым,

белгілі халыққа сарамын.

ілгеріде ел шауып,

Өліпті атам тамадан.

басшы болған сонда сіз,

7230


7240

7250


7260

406

бАтырлАр  Жыры

406

407


Қазасы жеткен шорадан,

Атамның енді қысасын

бұл күні сізден аламын.

еліңді шауып еңіретіп,

Қой-қозыдай маңыратып,

Қараңғы түнді саламын.

болмаса қалмақ дініне,

Қалап сіз кірсең жан аман,

Айтқаныма көнбесең,

тыныштықты жақсы көрмесең,

күдеріңді үзе бер

Қатын менен баладан.

Ажалға тоқтар айла жоқ,

көп сөйлеуден пайда жоқ.

бір азырақ ойнайық,

тұрғанша қарап, ағажан.

есім мұны есітіп,

суырып алды қылышын.

Мейірі түсіп Алыпқа,

ойланды тағы жұмысын.

—кезекті бердім ал, балам,

ләзім-дүр мені ұрысың.

Жетпіс бес жыл өткердім

Өмір, дүние-сұм үшін.

зәредей арман қалған жоқ,

Өкінбей өткен күн үшін.

лаж жоқ шексіз кеседі,

бір мәрте тисе қылышың.

сыпатыңа қарасам,

Ашылған бақтың гүлісің.

Аға деп салдың, жан балам,

Ағасы аяр інісін.

Ал енді жылдам қайрат қыл,

болмайды қарап тұрысың.

Алып айтты есімге:

—әуелі сіз ұрыңыз,

Жасыңыз үлкен бір нәубет.

білгеніңді қылыңыз,

Жұрт билеген сияқты

7270


7280

7290


7300

406

406


407

ер  шорА


көрінеді түріңіз.

Жол-жобаға салғанда,

Жасы кіші ініңіз,

сақалдың ағын сыйламай,

келіспес, сірә, мұнымыз.

есім би айтты: «ер Алып,

Мен қойдым енді ұрысты.

тағдырда қылар бір Құда

Жақсы-жаман жұмысты».

Алыпты аяп есім ер,

Қынапқа салды қылышты.

ұрыс қылмай екеуі,

бір азырақ тұрысты.

Арада сағат өткен соң

ойланды Алып бұл істі:

—зәбір қылмай жаныңа,

Алмағым байлап дұрыс-ты.

ұзатпай азат қылармын,

шорамен қылсам тынысты.

Қол қатпай бұған жіберсем,

Қорыққанынан қойды деп,

Артымнан келген көп халық

сыртымнан қылар күлісті.

басшысын байлап алайын,

Халқыма олжа салайын.

Мұны қатты силармын,

тамамен қылсам шығысты.

Мұны ойланып Алып ер,

байлады барып есімді.

Қарсылық қылмай есекең,

Жөніне қарай есілді.

байланғанын есімнің

көргеннен соң нәрікбай,

Қырқылып тілі кесілді.

Айқай салып ұмтылып,

«Жығылды, тама, туың»,—деп,

Қалмақтың бәрі есірді.

Мұсылман-кәпір ұрысып,

намыс үшін тырысып,

7310


7320

7330


408

бАтырлАр  Жыры

408

409


опыр-топыр майданда

талайдың басы кесілді.

соғыспаққа Алыппен

киімін нәрік шешінді.

көңіліне қайғы толтырып,

Қанды жас көзге келтірді.

—Аяйтын енді қалған жоқ,

сексеннен асқан жасымды.

Артымда қалған халқымдар,

шораға сәлем айтыңдар.

Қарағым есім, жолына

Қыламын құрбан басымды.

Қарағым есім, қайдасың,

Айрылдың ба дауыстан?

кәпірге жалған жар болып,

замана шіркін ауысқан.

Жатырлас, парлас, жан бауыр,

бір ішіп сусын тауысқан.

тай-құлындай тебісіп,

бір төсекте жатысқан.

Асық ойнап алысқан,

көп қызыққа батысқан.

таласып емшек емісіп,

Қой-қозыдай табысқан.

таяғымды көтерген,

тал шыбықтай майысқан.

бір ауыз сөзі тимеген,

ұрсам да темір, қайыспен.

Жал-қанатым, құйрығым,

Айбатым болған алыстан.

тетелес өскен тең серік,

Хабары болған әр істен.

Жасынан халыққа қорған боп,

Жақсылармен жарысқан.

найза бойы қар жауса,

Жұтамайды сауысқан.

Қанды қалпақ кисе де,

шыдамайды туысқан.

балапандай пар өсіп,

7340


7350

7360


7370

408

408


409

ер  шорА


дән жеген бір ыдыстан.

Аты-жөніңді естіп,

көп дұшпан сырттан қорықан.

Аш бөрідей шайнадың,

батырды талай салысқан.

Жетпіс беске жеткенде,

Қолына қалмақ тұтылдың.

Қандай күйде жатырсың,

Қарағым, қалқам, арыстан.

нәрікбай көп зарланып,

көзінің төкті жастарын.

Қаһарменен қамшы ұрып,

Атының төкті бастарын.

біраз қырды қылышпен,

Қалмақтың кәрі-жастарын.

Жетіп келді Алыпқа,

Қолына алып шоқпарын.

Ашуланып ақырып,

салып кетті Алыпты.

екі-үш ұрып өткен соң,

деп айтты: «баба, тоқта енді».

тоқта деп екі-үш айтса да,

тоқтамады нәрікбай.

ұрғаны шыбын құрлы жоқ,

әйтеуір көкірек, дәриға-ай.

нәрікбайдың шоқпарын

тартып алды ер Алып.

денесіне дарытпай,

Қолына алды найзасын.

Жан қамын неғып ойласын,

байлауда есім нарттай.

нәрікбайдың найзасын

тартып алды тағы да.

бетіне Алып қаратпай,

Қылышын тағы суырды.

Жүрегі жаудан қайтпай,

Мұны да жұлып алды Алып.

Қарудың бәрін сап қылды,

Қаһарланып сөз айтпай,

7380


7390

7400


7410

410

бАтырлАр  Жыры

410

411


бар қарудан айрылып,

нәріктің болды көңлі дақ.

—опасы жоқ сұм жалған,

басымнан парлап өтті бақ.

көп жәбір көрді мұсылман,

кәпірге дүние болды жақ.

Қомсынған ерге тәңірім бар,

Жұмыстың бәрі болды тап.

сексеннен асып секіріп,

патша мысал міндім тақ.

бұл жерлерге келгенде,

осындай жұмыс көрмекті,

тағдырда тәбділ болмайды,

Жазғаны шығар мұны да ақ.

Мұны ойланып нәрікбай,

Алыпқа қарап жүрді енді.

Ары-бері толғанып,

сөйлеуге жүзін бұрды енді.

«бәлі, шабаз, бәлі»,—деп,

Мәрттік жауап қылды енді.

ұрысқанмен өшігіп,

шамасы келмес, білді енді.

елдесіп ел болуға,

Жөн сөзге ашты тілді енді.

нәрікбай сонда сөйледі:

—сипатыңа қарасам,

толмаған жасы баласың.

келбетіңе қарасам,

оттай қаулап жанасың.

зер қадірін білгендей,

Жас та болсаң данасың.

бәллі, шабаз абзалым,

ұшқан құсты шаласың.

ойранды бір қыларсың,

Қаһарлансаң, қырарсың.

Қазан халқы—тамасын,

елдеспекке ептесіп,

Қайтсең де жарас боласың.

ырзамыз айтқан әміріңе,

7420


7430

7440


7450

410

410


411

ер  шорА


Қай түрлі салық саласың.

Үмбеті расул Махамбет,

шулатпа қатын-баласын.

Жақсы-жаман жұмыстан,

көңліңізде бар болса,

сөйлеңіз бердім мен нәубет,

Айтылмай арман қалмасын.

Алып сонда сөйледі:

—Атым Алып, атеке-ау,

Атамның аты Қараман,

Хан болып өткен халқына,

баласы соның боламын.

бір заман ұрыс болыпты,

Қазан халқы -- тамамен.

сол ұрыста атамның

Қазасы жеткен шорадан.

әуелі шораны өлтіріп,

Атам қанын аламын.

онан соң күллі тамаға,

бұл салықты саламын:

—Мың жылқы, қой, мың түйе,

Мың құл, мың қыз баламен,

осы айтқанның баршасы,

даяр болса баба-еке-ау,

сонда жарас боламын.

ойланып қара өзіңіз,

осынша қол аттанып,

күн-түн қатып арада,

көп бейнет көріп келемін.

әкімді таптым аңлыған,

Қалайша наүміт қаламын.

бұл айтқанға көнбесең,

Айтатын тағы бір сөз бар,

көңлімде менің қалаған.

Ата-баба қалмақтың

әуелден діні сараман.

Амандық болар еліне,

Қалмақтың кірсең дініне,

Қаларсың сонда жан аман.

7460


7470

7480


7490

412

бАтырлАр  Жыры

412

413


Алмақ түгіл сіздерден

сізге мен олжа саламын.

бір елді дінге салдық деп,

шаттанып елге барамын.

Мақұл десең мұны, еліңе

әм тату болам шорамен.

бұл айтқанды қылсаңыз,

сөзіме мойын бұрсаңыз,

уағдада тұрсаңыз,

дұшпандық кетер арадан.

нәрікбай сонда сөйледі:

—батыр туған, ер Алып,

сөзіме құлақ салсаңыз.

Мен шынымды айтайын,

Жалған деме, наныңыз.

әлімхан, шора далада,

Ауға кеткен нарымыз.

Қатын, бала-шағамен,

Мұнда жас-кәрі шалымыз,

зәрлі болса егер де,

Алдыңа тарту барымыз.

әлімхан мен шораны

Қолыммен ұстап беруге

келмейді біздің әліміз.

олжада болса көңілің,

Қалада барлық малымыз.

сап тартып ұрыс қылуға,

болмайды біздің сәніміз.

ойланып түбін жұмыс қыл,

батып тұр әзір зәріңіз.

не қылсаң ерік өзіңде,

Алсаң да даяр жанымыз.

Мұны есітіп ер Алып,

шақырды сонда бектерін.

кеңеске салды келтіріп,

нәріктің айтқан кепдерін.

әлімхан, шора ілгері,

Хабарсыз ауға кеткенін.

7500

7510


7520

7530


412

412


413

ер  шорА


падышасыз, батырсыз,

басына қайғы жеткенін.

ер бақай сонда сөйледі,

ілгері болып өткенін:

—Қараман атаң хан болған,

Жер алып, халі жеткенін.

Ақырында ер шора

Өлтіріп, талан еткенін.

Қысас қан алмай шорадан,

Ар-намыссыз кетпегін.

Өз қылғанын өзіне ет,

дұшпанды құрсант етпегін.

Мақұл көрсең, Алыпжан,

таманың еркек адамын

Қол-аяғын байлайық.

Қатын, қыз, жесір әйелді

Малға қосып айдайық.

Жүруге жолға жараса,

Алалдан айдап қоймайық,

итіне шейін жиып ал,

бұл сөзге, қалқам, назар сал.

Өткен істі ойлайық,

шора келсе артынан,

Айрылған[ын] көрсін халқынан.

Қарап жатпас, бір келер,

Жолықса, жолда ойнайық.

бақайдың айтқан сөзінің,

баршасын қылды бұл мақұл.

таманың бәрін байлады,

шулатып жесір айдайды.

таптық деп жақсы бір ақыл,

төрт түлік малды айдады.

Қалаға мал симады,

Алалын қоймай ап кетті,

Жан-жаққа шауып көп кәпір.

шал менен кемпір бұл қалды,

бесікте ұл мен қыз қалды.

ойран қылып орданы,

7540

7550


7560

7570


414

бАтырлАр  Жыры

414

415


Жиып алды көп шатыр.

Қыз, келін кетті айдалып,

ерлері кетті байланып.

емшегі жоқ емуге,

тұла бойы қалтырап,

сары жай түсті тақымнан.

—япырмау, мұның баршасын,

сұрады кім деп жапырған,

Қандай бәле болды кез?

келді ме дұшпан жақыннан,

нәрікбай, есім бұл қайда,

Қыз, жігіт, құл мен күң қайда?

көрінбес нышан шатырдан.

Жауап берді ханына,

сонда шалдар жиылып.

иектері кемсеңдеп,

Қойнына жасы құйылып.

Өксігін баспай өкірді,

сөз айта алмай түйіліп.

әлімхан келді деген соң,

шаһардағы кемпір-шал,

кеп жатыр бәрі үйіліп.

нәрікбай, есім, Құлқаныс

түспеген соң көзіне,

шора тұр қатты күйініп.

бурабайұлы пайыз шал

сонда тұрып сөйледі:

—Ау аулап кеттің, тақсыр-ай,

салмастан назар артыңа.

баяғы өлген Қараман[ның]

Алып деген баласы,

батыр болып ер жетіп,

болыпты патша халқына.

Қосын тартып келіпті,

әскерін ертіп артына.

батырды барлық қалмақтар,

дұшпандық түсіп салтына,

келіп кетті [жұртыңа].

7580

7590


7600

414

414


415

ер  шорА


тұрмады қарап тартына,

Қалдырмай шауып қаңғыртып,

кемпір-шалды аңыратып,

Қой-қозыдай маңыратып,

Жетті сөйтіп сертіне.

нәрікбай, есім байланып,

Қолды болып ұл кетті.

көңлі жасып көп жылап,

сәлем айтты жалпыға.

Ат ойнатты қалмақтар,

Үш күн ұдай ұрысып.

тоғыз мың келді қалмақтан,

тамадан бес жүз тұрысып.

Азбын деп тама тұрмады,

Аянбастан жұлысып.

Жібердік елші дүниемен,

кетсін деп бізбен тынысып.

тоқтатпады ұрысты,

бейнаһият қырысып.

есінен танды тамалар,

келмеді кәйтсін шамалар.

Қалаға кіріп қамалып,

кіргізбедік тырысып.

Ақым қазды қалмақтар,

Астымен жердің жылысып.

Қазған ақым жақындап,

шаһарға жетті ығысып.

бұзатын болды қаланы,

Құрыды жұрттың амалы.

Қақпаны аштық лажсыз,

тәуекел аққа қылысып.

Қалмақтан өлді бес батыр,

ұрысты есім жүрісіп.

нәрікбай атаң бұл кетті,

Қамалға қалың кірісіп.

Қарсыласты есім ер,

Алыппен қарсы тұрысып.

Жеңе алмады Алыпты,

Айламен қайрат қылысып.

7610


7620

7630


7640

416

бАтырлАр  Жыры

416

417


Құлқаныс, нәрік, есімді,

Қанша мал, ел мен жесірді,

ер Алыптың күшімен,

байланды ақыр тырысып.

Қанша ерлер қырылды,

соғыс қылып майданда.

ер Алыптың қайраты

Қалдырды жанды айранға.

әлі келмей әлсіреп,

тамалар тегіс байланды.

Алалын қоймай ап кетті,

Жарлыдан да, байдан да.

сіз ауылдан кеткен соң,

Жеті күн арада өткен соң,

Қалмақтар сонда шаң берді.

шыққан соң сіздер сайранға

Аң аулап сіздер құрыдың,

біз түстік мұнда ойранға.

ер Алыптың қайраты,

шеріден артық айбаты.

баяғы рүстем-дастаннан

бір мысқал кем деп ойланба,

ертерек же қамыңды,

Мұнда бекер ойланба.

Жинағыл жылдам халқыңды,

түзетіп ерлік, салтыңды.

Артынан жылдам жете көр,

ел-жұртың барад айдауда.

Ата-ана һәм ағаң,

бұл кетіп барад байлауда.

«шораға бір айқаспай,

нар бурадай шайқаспай,

Жолбарыстай алыспай,

Қарыс шеңгел салыспай,

Өлеміз бе көріспей».

барады басын шайқауда,

Алды-артыңды аңлаңыз,

Қапыл боп түсіп қалмаңыз.

шора қашан келер,— деп, 

7650


7660

7670


7680

416

416


417

ер  шорА


келсе дереу өлер деп,

Жүрген шығар ер Алып

ертелі-кеш байқауда.

шора сонда сөйледі:

—Ағарсын сенің көздерің,

Құлағыма кірмейді,

дәркер емес сөздерің.

күндерің қарап қатыннан,

әйтеуір бар «біз»  дерің.

Майданда есім ұрыссын,

басшы боп есім тұрыссын.

шапқыншы бізге жібермей,

не бітірдің өздерің.

Алыпты ер деп айтасың,

көрінбей ісі өзгенің.

балаға шыдас бере алмай,

Мал-жаныңнан безгенің.

ұзатпа енді сөзіңді,

оярмын екі көзіңді.

көрінбей жоғал көзіме,

Малтанды енді езбегін.

Мұны естіп пайыз шал,

сөйлемей аузын жымырды.

ер Алыппен кездессең,

көрермін деп көтіңді,

ішінен қылды пышыңды.

барабан-дабыл қақтырып,

Атырапқа адам шаптырып,

Қылды шора қимылды.

Қайраттанып қағады,

бетіне қонған шыбынды.

Ары-бері шапқылап,

көрмей жүр, сірә, тынымды.

енді шора шындады,

ойыншық еді бұрынғы,

екі күн әскер жиналып,

Үш мыңға есеп қылынды.

«Ар лайық, жүдә, өлсек»,—деп,

Алаштың елі жұлынды.

27–253


7690

7700


7710

7720


418

бАтырлАр  Жыры

418

419


Қатуланып қазақтар,

білегін жаман түрінді.

Қазатқа белін байланып,

Жүрмекке қылды ырымды.

падышасы әлімхан,

Қасына ерді үш мың жан.

батыр шора ішінде,

бәрінен де білімді.

Алты арыс бабасы,

Ақ жолда келіп қосылды.

«Ашқыл,—деп,—Алла, ділімді»,

дамыл алмай арада,

Ал енді күн-түн жүрілді.

Қабағы қатып сүзіліп,

ұйқыдан ерлер сүрінді.

Өткір қылып найзасын,

Қылышты тағы қайрасын.

көбейтіп келер көрінді,

дәл тоғыз күн болғанда,

ел қарасы білінді.

Алыстан шора абайлап,

болжаушы еді Қырымды.

Жер тебініп ойнақтап,

шұбар да сонда ұрынды.

шыдамай шора ат қойды,

деп нысанаға ілінді.

Өзі қызған жануар,

Үстіне қамшы ұрылды.

түбінен құлақ тер шығып,

шығартып танау пырылды.

оғындай мылтық атылып,

көбейтіп және дүрілді.

Жоғары құйрық қайқайтып,

Жолдары тіке тігілді.

төтелеп басып барады,

тау-тас, өзен, қырыңды-ай.

әні-міні дегенше,

Айтып ауыз жұмғанша,

Жетіп келді бір ауылға.

7730


7740

7750


7760

418

418


419

ер  шорА


сонда шора бұрылды,

Жүре келіп ауылға,

«кім бар»,—деп айқайлады.

ол ауылдың адамы

Айқайынан шораның

Ақыл-есін танады.

Жас балалар шырылдап,

Адамның бәрі есі ауып,

тілдесер адам қалмады.

әрі-бері шора тұрса да,

ешкімнен әуез болмады.

Айқай салып әр үйдің

есігіне барады,

Айқайының зорымен,

сол ауылдағы адамның

бәрі де өліп қалады.

сол уақытта ер шора,

«бұл ауылдың адамы

басқа жаққа кеткен»,—деп,

бір жаққа қарай салады.

тағы да бір қыстаққа

шауып жетіп барады.

ең шеттегі бір үйдің

есігінен қарады.

«Жөн сұрайтын кім бар?»—деп,

Қаттырақ айқай салады.

әуезіне шораның,

Айбатына шыдамай,

бұлар да талып қалады.

Қаншама айқай салса да,

ешкімнен жауап болмады.

Атынан түсіп ер шора,

бір үйге кіріп барады.

бәрі де өлген қараса,

Абайлап назар салады.

Қайбір үйге барса осындай,

шора аң-таң қалады.

сол уақытта шораның

Артындағы әскері

7770


7780

7790


7800

420

бАтырлАр  Жыры

тегіс жетіп алады.

Қалмақтың жеті қыстағын,

бар малын тама талады.

«шора келді» деген сөз,

бір мал баққан малшыдан

Алыпқа хабар барады.

байлауда еді сол күнде,

нәрікбай, есім тамамы.

«шораны көріп өлсек»,—деп,

байлауда жатқан бәнденің

сол еді көңілге алғаны.

әлімхан мен шораның,

бұларға һәм жетті хабары.

Құлқаныс, нәрік өкірді,

Құлаққа тиген заманы.

Мұны есітіп ал сонда,

есім сынды батырың,

көзін салып қарады,

Айдаһардай ақырып.

7810


7823

420

тоМғА енген Мәтіндерге тҮсініктеМе

«шорА бАтыр» Жыры турАлы

«шора  батыр»—әрісі  түркі  халықтарының,  берісі  қазақ 

халқының  ең  сүйікті  қаһармандық  жырларының  бірі. 

ғасырымыздың  30-жылдарына  дейін  бұл  шығарманың 

мазмұнын  білмеген  қазақ  кемнен  кем  болған.  ұлы  отан 

соғысынан  кейін,  1947-1953  жылдар  аралығындағы  ұлттық 

эпостарды «феодалдық идеологияның сарқыншағы» деп айып-

тап,  жариялауға,  зерттеуге  тыйым  салған  кеңестік  саясаттың 

тосқауылы да, жырдың даңқтылығын күшейтпесе, әлсірете ал-

мады. 50-жылдардың аяғында өзге батырлық жырлар ақталып 

жатқанда, «шора батырға» ол «бақыт» та бұйырмады. Өзі тәрізді 

«орақ-Мамай», «едіге», «еңсегей бойлы ер есім» сияқты жыр-

лармен бірге «жабық тақырып» болып қала берді.

бұл  жырлардың  ең  басты  «айыбы»  ретінде  «орыс  халқына 

қарсы шығарылған туынды» деген сияқты қорытынды жасал-

ды. Ал «шора батырдың» кеңес үкіметіне туғызған қаупі бұл 

жырлардың барлығынан да күшті болды. бұл жөнінде оксфорд, 

гарворд  университеттерінде  дәріс  беруші  ғалым—Х.б.  пак-

сой  «шора  батыр»—келешек  ұрпақтар  үшін  бір  татар  өсиеті» 

деген  мақаласында  былай  дейді:  «шора  батыр»—орыстарды 

жау  етіп  көрсететін  бірден-бір  түркі  эпосы.  (...)  бұл  жырдың 

өздерін жау етіп көрсеткені үшін ғана емес, орыстар мен кеңес 

үкіметінің  тарихты  өз  қалауынша  жасамақ  болған  бастама-

сын  теріске  шығарғандықтан  да,  оның  көзін  жоймақ  болды-

1

 Studies in Comparative Communism. Vol. ХіХ, №3/4, 1986, 253.



424

бАтырлАр  Жыры

424

425


»

1

.  Эпостың  «жабық  тақырып»  ретінде  қалуы  халықтың  оған 



деген  қызығушылығын  бұрынғыдан  да  күшейтті.  Жырдың 

көптеген нұсқалары шет елдерде: түркияда, румынияда, поль-

шада баспа бетін көріп, сол елдердің зерттеушілері ол жөнінде 

пікірлерін айтып жатты. Жырдың шет елдердегі жарық көрген 

нұсқаларының  дені  қырым  татарларынікі  болды.  себебі  шет 

мемлекеттерде айтылған жыр варианттарын әркелкі дәуірлерде, 

әр  түрлі  себептермен  сол  жақтарға  қоныс  аударған  қырым  та-

тарлары  алып  барған.  Ал  жырдың  қазақ  варианттары  Қазан 

төңкерісінен  бұрын  және  кеңес  үкіметі  тұсында  1939  жылға 

дейін  баспа  бетінде  жарияланып  келді  де,  одан  соң  жоғарыда 

айтылған саяси тосқауылға ұшырады. бұл кезде үш нұсқа баспа 

бетін  көрді.  оның  бірі—1884  жылы  Қазанда  М.әлиакбарұлы 

бастырған  «Қисса-и  нәріктің  ұғлы  шора  батыр»  атты  вари-

ант. кейінгі екеуі—ә.диваев кеңес үкіметінен бұрын да, кей-

ін  де  жариялаған  проза  және  поэзия  түріндегі  нұсқалар.  осы 

екі  вариантты  ол  1922  жылы  ташкентте  шыққан  «батыр-

лар»  жинағына  енгізген.  бұл  екі  нұсқаның  проза  түріндегісін 

ол  атақты  Майлықожа  ақыннан  жазып  алып,  алғаш  рет  1895 

жылы  «сырдария  облысының  статистикасына  арналған  мате-

риалдар  жинағының»  іV  томында  «шора  батыр»  деген  атпен 

жариялаған болатын. Ал жыр түріндегі екінші нұсқаны ә.ди-

ваев  кейіннен  1917,  1920  жылдары  қарақалпақ  эпосы  ретін-

де  жариялаған

2

.  осы  нұсқаны  диваев  «батырлар»  жинағына 



қазақ  қаһармандық  жыры  деп  енгізген.  оның  өзіндік  сыры 

бар: текстологиялық салыстырулар жасаған кісі бұл нұсқаның 

М.әлиакбарұлы  бастырған  вариантының  редакцияланған 

үлгісі екеніне көз жеткізе алады. Өйткені екі нұсқаның мәтіні 

ұқсас.  М.әлиакбарұлы  нұсқасын  редакциялаушы  төрткүл 

болысының  қарақалпағы  ермұхамед  нығматуллин  көбінесе 

қысқартулар  арқылы  ғана  өзгеріс  жасаған.  редакцияланған 

нұсқа  қазір  Қазақстан  республикасының  орталық  Архивінде 

сақтаулы

3

. ә.диваев редакцияланған нұсқаны 1919-1920 жыл-



дары  жариялаған  кезде  М.әлиакбарұлы  нұсқасын  білмеген 

сияқты.  бұл  жөнінде    ә.диваев  н.катановтан  естігеннен  соң 

2

 туркестанское слово, №54-55, 1917; труды оренбургского общества изуче-



ния киргизского края. вып., ііі. – оренбург, 1920.

3

 929 фонд, 3 дәптер.



424

424


425

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

ғана, жырды қазақ эпосы ретінде қайта жариялаған болуы ке-

рек. ол екеуі 1896 жылдан бастап хат жазысып тұрған

4

. дива-


ев е.нығматуллин қолжазбасын дәл осы жылы қолға түсірген. 

Ал  н.катанов  болса  М.әлиакбарұлы  жариялаған  нұсқаның 

қазақтардікі  екенін  жақсы  білген,  ол  жөнінде  арнайы  сөз  ет-

кен


5

.    кеңес  үкіметінің  ұлы  отан  соғысына  дейінгі  дәуірінде 

жыр жөнінде пікір айтқан зерттеушілер осы екі нұсқаны арқау 

етті.  оларды  алғаш  рет  ғылыми  тұрғыдан  талдаған  М.әуезов 

болатын.  ол  1927  жылы  Қызылордада  шыққан  «әдебиет  та-

рихы» атты оқу құралында бұл нұсқалардағы тарихи шындық 

көріністерінің  деңгейі  олардың  қара  сөз  немесе  жыр  түрінде 

айтылуымен  де  тығыз  байланысты  екендігін  көрегендікпен 

көрсетіп берген. сондай-ақ ол бас қаһарманның Қазан қаласын 

құтқаруға  аттануының  бұл  жырда  ғана  емес,  көптеген  қазақ 

эпосында  кездесетін  дәстүрлі  сарын  екендігін  айта  отырып, 

осы мотивтің тарихи-әлеуметтік сырын ашып берген. Өкінішке 

орай, ғұлама ғалымның бұл еңбегі 1929 жылы авторымен бір-

ге  репрессияға  ұшырады.  М.әуезов  тұтқыннан  босатылғаннан 

кейін  де  еңбекті  қайта  жариялай  алмады.  1939  жылы  л.со-

болевпен  бірігіп  жазған  «Қазақ  эпосы  мен  фольклоры»  атты 

еңбекке  «әдебиет  тарихындағы»  фольклорлық  шығармалар 

талданған  тараулардың  көбі  аздаған  өзгерістермен  енгізілді. 

бірақ одан «шора батыр» жөніндегі бөлім мүлдем алынып та-

сталынды.  М.әуезов  1927  жылы  «шора  батырдың»  жоғарыда 

айтылған  екеуінен  басқа  нұсқалары  барын  білмеген  сияқты. 

Ал  1939  жылы,  яғни  «Қазақ  эпосы  мен  фольклоры»  еңбегін 

жазғанға  дейін    эпостың  кейбір  көркем  әрі  көлемді  вариант-

тарын  ел  ішінен  естіп-білгенге  ұқсайды.  бұған  оның  1937 

және  1938  жылдары  екі  рет  басылған  «әдебиет  хрестоматия-

сы» атты еңбегінде Молда Мұсаның «ер шора» дастанын атап 

өткендігі куә

6

. Алайда бұл жөнінде одан әрі әңгіме өрбітпеген. 



соған  қарағанда,  «шора  батыр»—жазушыға  1928  жылы 

тағылған  айыптың  бірі  болған  сияқты.  ол  осыдан  кейін  бұл 

тақырыпқа  қайта  айналып  соқпады.  егер  мұндай  мүмкіндік 

болғанда,  ол  «әдебиет  тарихындағы»  ойларын  өзі  танысқан 

4

 диваев ә. тарту. – А., 1992, 6 б.



5

 известия общества Археологии при казанском университете. – т.15,вып.,і-

іі, 1899, с.36

6

  әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы., 17 т. – А., 1985, 132 б.



426

бАтырлАр  Жыры

426

427


жаңа нұсқалардағы тың мәліметтермен толықтырып, одан әрі 

тереңдетер  еді.  с.сейфуллиннің  1932  жылы,  Қ.  Жұмалиевтің 

1942  жылы  шыққан  «Қазақ  әдебиеті»  атты  оқулықтарында 

М.әуезовтің жыр жөніндегі «әдебиет тарихында» айтқан ойла-

ры  қайталанады.  әрине,  бұдан  с.сейфуллин  мен  Қ.Жұмалиев 

саяси  айып  тағылған  әріптестерінің  құнды  ойларын  пайда-

ланып  кетуді  мақсат  еткен  деген  теріс    пікір  тумауы  керек. 

олардың өз қаламдастарының мәні жойылмас құнды ойларын 

сақтап қалуды көздегендігі кәміл. 

ұлы  отан  соғысы  кезінде  Қазақстанға  эвакуациямен 

келген  академик  А.с.  орлов  1945  жылы  Москвадан 

жарық  көрген  «Қазақтың  қаһармандық  эпосы»  атты 

монографиясында  «шора  батырдың»  осы  нұсқаларын 

орыстың  әйгілі  былиналарымен  салыстырып,  ғылым  үшін 

құнды  ойлар  айтқан  болатын.  Ал  с.Мұқанов  1939  жылы 

Алматыдан  шыққан  «батырлар  жыры»  жинағының  1-

томына  жазған  алғы  сөзінде  жырдың  бұлардан  басқа  да 

көлемді  нұсқалары  барлығын  ескертіп  өткен.  демек, 

жырдың классикалық нұсқалары 30 жылдардың аяқ кезінде 

ғана  ғылыми  қауымға  танымал  бола  бастаған.  1945  жылы 

баспаға  дайындалған  «Қазақ  әдебиеті  тарихында»,  «шора 

батырға»  арнайы  бөлім  берілген

7

.  Мұнда  жоғарыдағы  екі 



нұсқамен  бірге  ә.сариевтікі  деп  айтылатын  көлемді  жыр 

варианты да таныстырылып өтілген. кейіннен, 1948 жылы 

бұл  еңбек  жарық  көрген  кезде  мұндағы  осы  бөлім  алынып 

тасталынған. 

Жырды  зерттеуге  тыйым  салынғаннан  кейін  ғалымдар 

бұл  тақырыпқа  көпке  дейін  беттей  қоймады.  70  жылдардың  

бас  кезінен  бастап  кейбір  р.бердібаев,  ә.оспанұлы  сияқты 

ғалымдар  батылдық  көрсетіп,  бұл  шығарма  жөнінде  там-

тұмдап айта бастады. Өзі тектес басқа да халықтық жырлармен 

бірге  «шора  батырдың»  да    жұртшылықпен  қайта  табысуы 

керектігін  айтып,  ерекше  жанашырлық  танытқан  ғалым—

р.бердібай  болды.  ол  1983  жылы  одан    бұрынырақ  (1974  ж.) 

жарық  көрген  в.М.Жирмунскийдің  «түркі  халықтарының 

қаһармандық  эпосы»  атты  әйгілі  зерттеу  еңбегін  сәттілікпен 

пайдалана  отырып,  зерттеуге  тыйым  салынған  жырларды 

7

 оғк. Қ 2 д, 388-400 б.



426

426


427

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

ақтап  алу  қажеттігін  кеңес  одағы  көлемінде  мәселе  етіп 

қойды


8

.  бұл—шын  мәніндегі  ғылыми  ерлік  болды.  осыдан 

соң баспасөз беттерінде бұл игі бастамаға үн қосушылар көбейе 

түсті. кейінгі жылдары р.бердібай жырдың ұлттық нұсқалары 

мен  қазақтардағы  Молда  Мұса  жырлаған  вариантына  арнап 

жеке-жеке зерттеу мақалаларын жариялады

9

. бұл зерттеулер де 



жырдың көркемдігіне, әсіресе тарихилығына қатысты көптеген 

мәселелер сөз болды. Алайда бұл туындыны барынша тереңдетіп 

зерттеудің қажеттілігі әрдайым аңғарылып тұрды.

Эпос  нұсқаларындағы  тұрақты  сюжеттік  желілер  мен 

эпизодтардың  көбі  тарихи  шындықтан  туғанын  байқауға 

болады.  шораның  Қазаннан  Қырымға  келуі,  әлібиді  өлтіруі, 

татар,  қырым  татар,  ноғай  нұсқаларындағы  оның  суға  кетіп 

мерт болуы—осындай тұрақты желілер. ш.уәлиханов Қырым 

ханы  сағдад-керейдің  жарлықтарының  біріне  «Ақташ  Али 

би»  деп  қол  қойған  тарихи  тұлғаның  осы  жырдағы  әлібиге 

негіз  болғандығын  нық  сеніммен  айтады

10

.  бұл—шораның 



Қазанға  Қырымнан  келгендігін  де  айқындай  түсетін  мәлімет. 

бас  қаһарманның  суға  кетіп  мерт  болуының  да  тарихи  негізі 

бар. Эпосқа арқау болған тарихи оқиғалардың тірі куәсі болған 

белгісіз  орыс  адамы  жазған  кітапта  тарихи  шораның  өлімі 

өзен  жағасында  болғандығы  білінеді

11

.  Жырдағы  көптеген 



кейіпкерлердің  тарихи  түп  тұлғалары  бар  екендігін  орыс 

жылнамалары  мен  дипломатиялық  жазбалар  жинақтарынан 

көруге  болады.  Және  осы  тұлғалардың  шорамен  замандас, 

тікелей қатынаста болған адамдар екендігін, олардың эпикалық 

көрініс табу ерекшелігін жырдың ұлттық нұсқаларынан анық 

байқаймыз. 

«шора батыр» жырына негіз болған басты тарихи оқиғалар—

ХV-ХVі ғасырлардағы Қазан, Қырым, ноғай ордасы, Астрахан, 

сібір,  Қасым  хандықтарындағы  ішкі  саяси-экономикалық 

жағдайлар  мен  олардың  өзара  және  орыс  патшалығымен 

8

 бердибаев р. проблемы казахского литератураведения //советская  тюрко-



логия. 1983, № 4, с.43.

9

 бердібаев р. сарқылмас қазына. – А, 1983, 198-199 б.; сонікі. егіз ел, етене 



өнер. //Қарайдар мен Қызылгүл. – А., 1989, 12 б.; сонікі. р. ғасырлар толғауы. 

– А., 1977, 75 б.; бердібай р. Эпос – ел қазынасы. – А., 1995, 173-193 б.

10

 валиханов Ч.Ч. собр. соч. в 5-х томах. т. А., 1961, с.138.



11

 казанская история. под. ред. г.н. Мойсеевой. М-л., 1955. с.80-82.



428

бАтырлАр  Жыры

428

429


жасаған  әр  түрлі  қарым-қатынастары.    Ал  Қазан  хандығы 

үшін болған саяси, әскери күрестер эпостан негізгі фон ретінде 

орын алған. осы жағдайлардың барлығы бас кейіпкерлердің іс-

әрекеті арқылы түрлі деңгейде көрініс тапқан.

Эпостың  әр  түрлі  варианттарында  Қазан  үшін  болған 

ұрыстардың  реалды  белгілері  және  сол  дәуірге  тән  болмыс 

түрлері молынан көрініс тапқан. шығармада бейнеленген тарихи 

тұлғалардың  көпшілігі  бір  мезгілде  өмір  сүріп,  бір-бірімен 

қарым-қатынаста  болғандығына  және  өзін  тудырған  тарихи 

дәуірдің  реалды  суреттерінің  молынан  көрініс  тапқандығына 

қарап,  «шора  батырды»  тарихи  жыр  жанрына  жатқызуға 

болмайды. «Эпос жекелеген  оқиғаларды ғана қамтымайды»,—

дейді  в.я.пропп  тарихи  жыр  мен  қаһармандық  эпостың 

айырмашылығына  тоқтала  келіп

12

.  «шора  батырда»  үздіксіз 



бір  тарихи  кезең  аясында  болған  жеке  оқиға  емес,  ХіV-ХVі 

ғасырлардағы түрлі  тарихи оқиғалар жинақталып берілген. Ал 

жырдың классикалық нұсқаларындағы эпикалық жинақтауға 

түскен  тарихи  дәуір  мен  оқиғалардың  ауқымы  бұдан  да  кең. 

орталық  қаһарман  бейнесі  де  қаһармандық  эпостың  жанрлық 

шеңберінде  сомдалған.  Жырдың  көркемдік  тәсілдері  де  оның 

қаһармандық эпосқа жататындығын айқындай түседі.

«шора 


батыр»—қыпшақ 

тілдік 


тобындағы 

түркі 


халықтарына  ортақ,  ноғайлы  циклына  жататын  жыр.  Алайда 

өзге  ноғайлы    жырларының  көбінен  оның  таралу  аймағы 

ауқымдырақ.  ол  сонау  румыния,  түркия  жерінен  бастап, 

Қырғыз  Алатауына  дейінгі  ұлан-ғайыр  аумаққа  тараған.  

Жырдың  барынша  кең  таралу  себебі  оған  негіз  болған  тарихи 

оқиғалардың,  яғни  Қазан  хандығы  үшін  болған  күрестердің 

бүкіл түркі халықтардың тағдырын шешерліктей дүниежүзілік 

маңыздылығында жатыр. Жырдың өзге ноғайлы эпосынан тағы 

бір  өзгешелігі—онда  тарихи    фактілер  мол.  бас  қаһарманның 

Қазанды жаудан құтқаруы көптеген қазақ  батырлық жырларына 

тән дәстүрлі  сарын болғанымен, «шора батырдағы» бұл мотив 

қиялдан емес, тарихи шындықтан туған.

Жырдың  таралу  аймағы  және  ондағы  тарихи  болмыс 

белгілері  кейбір  ру-тайпалар  тарихымен  тікелей  байланысты. 

12

 пропп в.я. русский героический эпос. второе издание. – М., 1958, с.370-



371

428

428


429

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

Эпостың барлық ұлттық варианттарында шораның руы—тама 

деп айтылады. тама руының бір кезде Қазан хандығы құрамында 

болғаны да тарихи шындық. оған қазақ тамаларының шежіресі 

нәрік  пен  шорадан  басталатынын  қоссақ,  тарихи  шораның 

тама руынан шыққаны күмән туғызбайды. Алайда шығарманы 

таратуға  тек  тама  руы  ғана  емес,  XV-XVі  ғасырларда  Қырым, 

Қазан  хандығы  құрамында  болған  барлық  ру-тайпалар 

қатысқан. Мәселен, XVі ғасырдың соңына қарай еділ бойынан 

түркістан қаласының атырабына қоңырат тайпаларының үлкен 

бір бөлігі қайтып оралды. Қайтып оралды дейтініміз, олар бір  

кезде    шыңғысхан    әскерімен    Қырым    түбегіне    осы  жерден 

барған болатын

13



олар  еділ  бойында  «шора  батыр»  жырына  арқау  болған 



оқиғалардың  куәсі  болып,  ол  туралы  аңыздауларды  оңтүстік 

Қазақстан  өлкесіне  ала  келген.  бұл  тайпалар  қазіргі  қазақ 

қоңыраттарының 

және 


қарақалпақтардың 

көп 


бөлігін 

құрайды.  «шора  батырдың»  оңтүстік  Қазақстандағы  және 

қарақалпақтардағы нұсқаларында жырдың тарихи белгілері ғана 

емес,  көркем  қиял  үлесінің  де  ұқсас  болып  келу  сыры  осында. 

сондай-ақ  бұл  өлкелерде  ноғайлы  циклына  жататын  жырлар 

тобының  ішінде,  ноғай  ордасы  тарихынан  гөрі,  Қырым  және 

Қазан хандықтарына көбірек қатысы бар жырлардың таралуы да 

(батыс Қазақстан жыршылық мектебінен айырмашылығы) тегін 

емес.  «шора  батырдың»  оңтүстіктегі  варианттарында  Хорезм, 

сұрхандария,  памир  өлкелеріндегі  жер-су  атауларының  көп 

кездесуі де ол жерлердің қоңырат руларының кейінгі замандарға 

дейінгі тарихи мекені болып келуімен байланысты

14



«шора батырдың» ұлттық нұсқаларының танымдық мақсат-



та айтылғандарын «көне» деп, сейілдік мақсатта айтылғандарын 

«классикалық»  деп  үлкен  екі  топқа  бөлуге  болады.  Эпостың 

қазақ  нұсқалары  да  сейілдік  мақсатта  айтылғанға  дейін 

татар,  қырым  татар,  ноғай  нұсқаларындағыдай,  жанрлық 

ерекшеліктерге  ие  болған.  тіпті  ХіХ  ғасырдың  орта  тұсында 

да  қазақ  қаһармандық  жырларындағы  жыр  мен  қара  сөздің 

қолданылу  аясының,  жоғарыда  айтылғандай,  тұрақтылығы 

болғандығын  ш.уәлиханов  еңбектерінен  көруге  болады

15



13



 тынышпаев М. Аталған еңбек, 12 б. 

14

 Марғұлан ә. ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985, 181 б.



15

 валиханов Ч.Ч. Аталған еңбек, 196 б. 



430

бАтырлАр  Жыры

430

431


осындай  жанрлық  ерекшелігін  сақтаған  жекелеген  эпос 

нұсқаларының мұндай белгісі жоқ және бірыңғай жыр түрінде 

келетін нұсқалардан әлдеқайда көне екендігін в.М.Жирмунский 

де нақты мысалдармен дәлелдеген

16



«шора  батырдың»  барлық  ұлттық  нұсқаларын  екіге 



топтастыра  келіп,  ноғай,  қырым  татар,  татар,  башқұрт 

варианттарын көне нұсқаларға, оңтүстік Қазақстан, сыр бойы, 

Жетісу өлкелеріндегі қазақ варианттары мен қарақалпақ, қырғыз 

варианттарын  классикалық  нұсқаларға  жатқызуға  болады. 

Ал  М.әлиакбарұлы  вариантының  поэтикалық  ерекшелігі, 

классикалық  нұсқалардан  гөрі,  көне  нұсқаларға  көп  жақын. 

Жырдың  классикалық  нұсқаларында  жалпы  қаһармандық 

эпосқа тән сюжеттік желілер, типтік мотивтер аса мол, мәселен 

батырдың  ғажайып  туылуы,  ат  таңдауы,  алғашқы  ерлік 

көрсетуі,  руластарын  жау  қолынан  құтқаруы,  сан  мыңдаған 

жау әскерімен жалғыз соғысуы т.б. сарындар бұл нұсқалардың 

эстетикалық  әсерлілігін  күшейткен.  Жоғарыда  аталып  өткен 

Мұрын жыраудың «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» атты  

гениологиялық топтама жырлар құрамында жырлаған «нәрік», 

«шора»  бөлімдері  көркемдігі  мен  құрылымы  жағынан  көне 

нұсқалар  мен  классикалық  варианттардың  аралық  сипатын 

танытады.  Ал  қазақ  даласына  жер  аударылып  келген  поляк 

халқының қайраткері б.залесский Мырзақай деген ертегішіден 

жазып  алған  «шора  батыр»  ертегісінде

17

  классикалық  эпосқа 



тән  сарындар  мол  байқалады.  соған  қарағанда,  айтушы  жыр 

түріндегі нұсқаны ертегіге айналдырып айтқан болуы керек.

Эпостың өзге ұлттардағы жарияланған және жарияланбаған 

варианттары өте көп. ең аз жарық көргені—қарақалпақтардікі. 

Қарақалпақтардағы  «ер  шора»  жырының  есемұрат,  карам, 

сейітжан,  Өтенияз,  Жанназар  сияқты  жыраулардың  аузынан 

1958-1970  жылдар  аралығында  жазылып  алынған  6  нұсқасы 

бар


18

.  есемұрат  нұсқасы  2  рет  жазылып  алынған,  соның 

алғашқысы 1995 жылы жарық көрді

19

.



16

 Жирмунский в.М. тюркский героический эпос. – М-л., 1974. – с.642.

17

 әлем. Альманах. і басылым. 1990, 136-137 б. 



18

  Өзбекстан  ғылым  Академиясы  Қарақалпақстан  бөлімінің  ғылыми 

кітапханасының Қолжазбалар фонды. р-139. инв., №27051; р-84, инв., №711-

359; р-189, инв., №34646; р-136, инв., №40275; р-139, инв., №26104. 

19

 ер шора. нөкис, 1995. 



430

430


431

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

Қырғызстанның  талас  өңірінде  «шора  батыр»  жиі 

айтылып  келген.  бұл  жырдың  қырғыздарға  қазақтардан 

ауысып  барғандығы  анық.  Қырғыз  ұлттық  академиясындағы 

қолжазбалар  қорында  сақтаулы  тұрған  т.сырдыбаев  және 

с.Чойбеков  нұсқаларының

20

  Майкөт  варианты  негізінде  пайда 



болғандығы айқын сезіледі. осы нұсқаның қырғыздар арасында 

кең  таралуына  Майкөттің  өз  ұлы  Арқабай  себепші  болған 

тәрізді.

«шора  батырдың»  қазіргі  ноғайлардағы  нұсқалары  дер 

кезінде  жазылып  алынбағандықтан,  оның  санаулы  ғана 

үлгілері  бізге  жетті.  олар—М.османов  жариялаған

21

  және 


А.Жәнібеков  Ажи-Молладан  жазып  алған  варианттары

22



добружда жеріндегі ноғайлардағы жырдың тағы бір варианты

23

 



Ажи-Молла  нұсқасымен  өте  ұқсас.  екі  нұсқадағы  ұқсастық, 

негізінен  алғанда,  олардағы  кейіпкерлердің  сөздерінен 

аңғарылып  отырады.  бұл  вариант  бұдан  бұрын  румынияда 

жарық  көрген  еді

24

.  Қырым  татарлары  жариялаған  добружа 



татарлары  арасында  «шора  батыр»  барынша  кең  тараған. 

Жырдың  бұдан  басқа  да  польшада,  румынияда  жарияланған 

добружалық нұсқалары аз емес

25



«шора  батырдың»  қырым  татар  нұсқаларын  ең  алғаш 

жариялаушы—в.в.радлов.  ол  жырдың  үш  бірдей  вариантын 

жарыққа шығарған еді

26

. олардың көлемі өте қысқа. 1935 жылы 



қырым  татар  масалджысы  (жыршы)  бекмамбет  Құлмамбеттің 

айтуымен  хатқа  түскен  вариант  бірнеше  рет  симферопольда 

және ташкентте жарық көрді

27

. Қырым татар музыка зерттеушісі 



20

  Өзбекстан  ғылым  Академиясы  Қарақалпақстан  бөлімінің  ғылыми 

кітапханасының Қолжазбалар фонды. р-139. инв., №27051; р-84, инв., №711-

359; р-189, инв., №34646; р-136, инв., №40275; р-139, инв., №26104.

21

 османов М. ногайский и кумыкские тексты. – спб, 1883. – с.20-31.



22

 шора баътир. //ногай халк йырлары. – М., 1969. – 67-81 б. 

23

 Чора батыр. //йылдыз. 1994. №3. – 130-145 б. 



24

 Cora batіr. //Dobruca Masallarі. Bukres: Kreterіon kіtabevі, 1988. 

25

 Cora batіr. //Polska Akademja Umіeqetnostcі, Prake Komіsqі Oreqentalіstyez-



neq. №20, 1935; Dobruqa Masallarі. Bukres, Krіterіon kіtabevі, 1985. 

26

 радлов в.в. образцы народной литературы северных тюркских племен. 



т. Vіі. – спб., 1986. – с. 21-22; 122-132; 167-184. 

27

 Чора батыр. //Эдебият ве культура. 1939, №2. – с.3-5; дестанлар. – таш-



кент, 1980. – с.26-45; къырымтатар халкъ яратаджылгъы. – ташкент, 1991. 

– с.57-72. 



432

бАтырлАр  Жыры

432

433


я.шерфединов  жариялаған  варианттың

28

  сюжеттік  желісі 



ноғайлардың  Ажи-молла  вариантымен  сарындас.  түркияда 

жарияланған  жыр  нұсқалары

29

  да  қырым  татарларының 



аузынан  жазылып  алынған.  Жырдың  башқұрттардағы

30

  және 



Қазан  татарларындағы

31

  нұсқаларының  мазмұны  өзге  түркі 



халықтарындағы варианттармен ұқсас. бірақ башқұрттардағы  

осы  тақырыптағы  аңыздардың

32

  мазмұны  өзгеше.  Чуваштарда 



да шора жөнінде ерекше мазмұндағы қысқаша аңыздық әңгіме 

сақталған

33

.  татарлардың  «Қазан  бәйіті»  атты  шағын  көлемді 



шығармасында  басқа  түркі  халықтарының  «шора  батыр» 

жырындағы фабулалық желі сақталған. бұл шығарма бірнеше 

рет жарық көрді

34



Қазақ  нұсқаларының  жинаққа  енгізілгендерінен  басқа  да 

үлгілері  көп.  Жоғарыда  тоқталған  қаһармандық  жырды  қара 

сөзге,  ертегіге  айналдырып  айтқан  Майлықожа,  Мырзақай 

варианттарынан басқа, 1896 жылы А.Алекторов «дала уәлаяты» 

газетінде жариялаған «нәрік батыр» атты ертегі де бар

35



Жинаққа  қазақ  нұсқаларының  ең  үздіктері  таңдалып 

алынды.  оған  енгізілген  төрт  нұсқаның  алғашқысы—

М.әлиакбарұлы  жариялаған  үлгі.  нұсқада  эпостың  көне 

белгілері көп. кейіпкер сөздері жыр түрінде, ал баяндау көбіне 

қара  сөз  түрінде  беріледі.  сондай-ақ  сюжет  құраған  түрлі 

эпизодтардың  біріктірілгені,  олардың  ара  жігі  айқын  сезіліп 

тұрады.  баяндалған  оқиғаларда  логикалық  қайшылықтар 

да  байқалады.  варианттың  қара  сөздік  бөлімдерінде  кітаби 

стиль басымырақ болса, жыр түріндегі бөлімдері таза далалық 

поэзияның ерекшеліктерімен танылады. Мазмұны 1984 жылы 

жарияланған  Қазан  татарларының  нұсқасымен  өте  ұқсас. 

28

 шерфединов я. звучит кайтарма. – ташкент., 1978. с.16-18. 



29

 Hasan Ortekіn. Cora Batіr Destanі. іstanbul, 1939; Cora Batіr. //Kіrіm Derqі-

sі. Vіl: 1, Sayі: 3, 1993, 27-28 s. 

30

 сура батыр. //башкорт халк ижады. – Өфө, 1982. 69-70 б. 



31

 Чура батыр. //татар халық ижаты. Қазан, 1984, 108-119 б.

32

 башкирское народное тврочество. т.2. – уфа, 1987, с.190,551.



33

 дмитриев в.д. Чувашские исторические предания. – Чебоксары, 1986. – с.50. 

34

 катанов н. исторические песни казанских татар. //известия общество Ар-



хеологии при казанском университете, 1899. т. 15. вып. 3. – с.3-21.: Мөтәржим 

язучи. Қазан татарларының тарихи жырлары. //шура. 1911. №17. – 255 б.

35

 дала уәлаятының газеті. әдеби нұсқалар. 1895-1898. – А., 1990, 330-339 б.; 



ертегілер. 4 т. – А., 1989. – 255-289 б. 

432

432


433

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

осыдан бұл нұсқаның сейілдік мақсатта айтыла қоймаған кезде 

хатқа  түскенін  аңғаруға  болады.  Мұрын  жырау  жырлаған 

«Қарадөң  батыр  және  оның  ұрпақтары»  атты  топтама  ішінде 

айтылатын нұсқамен және  ш.уалиханов фабулалық желісін 

баяндаған

36

  вариантпен,  А.Алекторов  жариялаған  ертегімен 



кейбір  сюжеттік  желілерінің  ұқсастығына  қарап,  мұны  да 

батыс  Қазақстанда  жырланған  деп  қорытындылауға  болады. 

нұсқа  тілінен  Астрахан  қазактарының  сөйлеу  ерекшеліктері 

байқалды.

«ертедегі шора батыр» деп аталатын келесі вариантты сыр 

бойы  жыршылық  мектебінің  белгілі  өкілі  Мұсабай  жырау 

айтқан.  ол  өзінің  көптеген  ерекшеліктерімен  оңтүстік  Қазақ-

стан дағы  нұсқаларға  ұқсайды.  бірақ  ертегілік  сарындары-

ның  молдығымен  олардан  біршама  ерекшеленеді.  әулие-

әнбиелерден перзент сұрап зарыққан кәрі ата-ананың басынан 

өткен жағдайларды суреттеуде оңтүстіктегі варианттарды еске 

түсіреді.  оның  көне  нұсқаларымен  де  ұқсас  тұстары  аз  емес. 

Эпикалық  жауды жырда «қалмақ» деп атағанымен, әуел баста 

көне  нұсқалардағыдай    «орыс»  деп  жырланғаны  байқалып 

тұрады. оны жау әскерін «сандат» (солдат) деп айтқанынан және 

жырда  баяндалатын  соғыс  қимылдарын,  дәрімен  атылатын 

қару-жарақ  түрлерін  суреттеуінен  көруге  болады.  шамасы, 

жырды  е.А.Александров  сияқты  орыс  ұлығының  алдында  

айтқандықтан,  Мұсабай  жырау  осындай  өзгерістер  жасаған 

болуы мүмкін.                   

«Қисса  нәрікбай—шора»  нұсқасы  өзінің  көркемдігі 

жағынан  дараланып  тұрады.  нұсқада  шораның  Қазанға 

барғанға дейінгі жері арагідік қара сөз аралас жыр түрінде ке-

леді  де,  одан  әрі  қарайғы  оқиға  қара  сөзбен  қысқаша  баянда-

лып өтеді. бұл вариантты әуел баста  Майкөт ақын жырлағаны 

анықталып  отыр.  Майкөт  жырлауындағы  жырдың  кейінгі 

бөлімінің  де  осындай  көлемде  болуы  мүмкін  екенін  ескерсек, 

нұсқаның әуел баста 10000 жолға жуық болғаны аңғарылады. 

Мәтін тілдік көріктеу құралдарына өте бай. көне формулалық 

түрлері  шығармаға  эпос  пайда  болған  замандар  шындығының 

калоритін беріп тұрады. 

36

 валиханов ш.ш. собрание сочинение в пяти томах. т.і. – А., 1961. – с.419.



28–253

434

бАтырлАр  Жыры

434

435


Молда  Мұса  варианты  деп  аталатын  «ер  шора»  жыры 

бірыңғай жыр түрінде айтылған. бұл нұсқаның сюжеті «Қисса 

нәрікбай—шора» вариантына ұқсас, мұндағы нәрікбай мен 

Құлқаныстың баласыздық зарын тартуы, шораның ғажайып 

туылуы,  тамалардың  қырық  баласына  зорлық  көрсетпек 

болған  түрікпендердің  балаларын  және  әлібиді  өлтіруі, 

соның  себебінен  Қазанға  кетуі  Майкөтте  де,  Мұсабайда  да 

бар. Қалмақ қызы Жөрметөзден туылған шораның ұлы Алып 

жөніндегі  тарау—нұсқа  сюжетіндегі  ең  басты  ерекшелік. 

«Қисса  нәрікбай—шораға»  қарағанда  мұнда  тұрақты  жыр 

жолдары,  тирадалар  азырақ  және  оңтүстік  Қазақстанға  тән 

жергілікті тілдік ерекшелік айқынырақ байқалады. 

Жинақтағы  нұсқалардың  негізгі  ерекшеліктерін  көлемі 

шектеулі  алғы  сөзде  толық  айтып  шығудың  мүмкіндігі  жоқ. 

сондай-ақ  жырдың  тарихилығы,  таралу  аймағы,  генезисі,  по-

этикасы  сияқты  мәселелерге  жеке  еңбектер  арнауға  болады. 

«шора батырдың» біз ұсынып отырған бұл нұсқалары жырды 

одан әрі тереңдете зерттеуге мол мүмкіндіктер бере алады. соны-

мен қатар оқырман қауымның эстетикалық, рухани сұранысын 

қанағаттандыра алатын құндылығы да мол.

ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр

кімнен, қашан жазылып алынғаны белгісіз. Жариялаушы-

сы  Мұхамбетнәжіп  әлиакбарұлы  жөнінде  де  нақты  мәлімет 

жоқ. Жыр 1884 жылы Қазанда ескі (қадымша) араб әліпбиінде 

жарық  көрген.  оның  жариялаушысының  Мұхаммед-наджиб 

Алиакберов  екенін  1899  жылы  «Қазан  татарларының  тарихи 

жырлары»  деген  еңбегінде  атап  көрсеткен  н.катанов  болатын 

(алғы  сөзде  айтылған).  кітаптың  бір  нұсқасы  қазір  орталық 

ғылыми  кітапхананың  шығыс  кітаптары  бөлімінде  сақтаулы 

тұр.  оның  алғашқы  төрт  беті  жоқ.  бұл  кітап  өте  аз  тиражбен 

шыққан  болса  керек.  оны  көшіріп  алушылар,  өз  бетінше  ре-

дакция  жасаушылар  көп  болған.  бұл  жөнінде  арнайы  мақала 

жазылды

1

. осындай көшірменің бірін 1910 жылы ауыз әдебиеті 



үлгілерін  жинаушы  Құлмұқамбет  байғұлыұлы  жасаған.  оны 

1

 ізденіс. гуманитарлық ғылымдар сериясы. 1998, № 1, 48-54 б.



434

434


435

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

зерттеуші  с.ордалиев  1961  жылы  Қостанай  экспедициясы  ке-

зінде тауып, М.о.әуезов атындағы әдебиет және өнер институ-

тына  тапсырған.  нұсқа  қазір  сондағы  қолжазба  қорында

2

.  біз 



жариялап отырған мәтін М.әлиакбарұлы бастырған кітап пен 

осы көшірмені салыстыру арқылы дайындалды. 

нұсқаның  қара  сөздік  бөлімдерінен  кітаби  стиль  белгілері 

байқалғанымен, лексикалық құрамы біршама таза. Араб, парсы 

сөздері аз кездеседі. тек қана қазақ сөздері татар тілінің дыбыстық 

ерекшелігіне  бейімделіп  хатқа  түскен.  сонда  да  кейбір  тұстарда 

қазақ  сөздері,  кездейсоқ  түрде,  өз  қалпымен  жазылып  қалып 

отырған. Мысалы, бастан-аяқ  «Чырын» деп жазылған шораның 

қарындасының  аты  кітаптың  11  бетінде  «шырын»,  осылайша 

жазылған «қашқыр», «асман», «никах» сөздері 7 бетте «қасқыр», 

10  бетте  «аспан»,  11  бетте  «неке»  болып  қазақша  таңбаланған. 

осы  ерекшелікті  ескере  отырып,  біз  нұсқаның  тілін  дыбыстық 

тұрғыдан  табиғи  қалпына  лайықтап  бердік.  Ал  лексикалық, 

морфологиялық  тұрғыдан  кітаби  тілге  бейімделген  сөздерді  сол 

күйінде қалдырдық. Мәселен, «тұрдылар», «сұрадылар», «меңа», 

«сеңа» сияқты сөздерді өз қалпында бердік. 

біз  салыстырған  түпнұсқа  мен  көшірменің  арасында 

айырмашылық  жоққа  тән.  тек  Қ.байғұлыұлы  санаулы  ғана 

қате  басылған  сөздерді  түзеткен,  кей  тұстарда  өзі  де  кездейсоқ 

қате жазған. біз мәтінді дайындауда, негізінен алғанда, кітапқа 

сүйендік. Ал кітаптың жоғалған алғашқы беттерін көшірмеден 

алдық. сондай-ақ кітаптағы қате жазылған сөздерді көшірмедегі 

түзету  бойынша  бердік  те,  сол  сөздердің  жанына  олардың 

баспадағы  жаңсақ  нұсқасын  көлбеу  жақша  арқылы  көрсетіп 

отырдық. кітапта жазылмай қалғандығы айқын көрініп тұрған 

дыбыстар мен сөздерді де өзгеріссіз көшіргендігі—көшірмешінің 

туындыны өңдеу мақсатының мүлдем болмағандығын аңғартады. 

біз мұндай кемшін тұстарды, жоғарыда айтып өткеніміздей, тік 

жақша арқылы көрсеттік.  

бұл  вариант  қарасөз  аралас  541  жыр  жолынан  тұрады. 

Жанрлық  көркемдігі  жағынан  жырдың  ноғай,  татар,  қырым 

татар нұсқаларына жақын, олармен тіпті кейбір жыр жолдары 

да ортақ болып келеді. әсіресе, «Чура батыр хикәяте» деп ата-

латын 1984 жылы жарияланған татар вариантына өте жақын. 

2

 әӨи . 127 папка, 1 дәптер, 143-151 б.



436

бАтырлАр  Жыры

436

437


бұл  нұсқа  кеңес  дәуірінде  де,  одан  кейін  де  қайта  жарық 

көрмеген. кирилл жазуында бірінші рет жарияланып отыр.

ертедегі шорА бАтыр

нұсқаны  тауып,  Мәскеудегі  Мемлекеттік  тарихи  музейден 

оның микрокөшірмесін алып, әдебиет және өнер институтына 

1960  жылы  тапсырушы—М.ғұмарова.  Қазір  микрокөшірме 

сонда, қолжазба бөліміндегі № 4 қорапта тұр.  

Қолжазба  ескі  орыс  әліпбиінде  жазылған.  Жазба  соңында 

«1885  жылы  Қазалы  уезінде  қырғыз  (қазақ-б.Қ.)  Мұсабайдан 

(өлеңші) жазылып алынды» деген хатқа түсірушінің ескертпесі 

және «е.А.Александров» деп қойған қолы бар. бұдан жырдың 

айтушысы—Мұсабай жыршы, ал хатқа түсіруші е.А.Алексан-

дров екенін білеміз.  

вариант 1600-ден астам жыр жолынан тұрады. ішінара ер-

тегілік  сарын  араласқан.  Жырдың  қарақалпақ  нұсқаларымен 

ұқсас сарындары да бар (мәселен, шораның өлген атын пірлері 

қарақұс кейпінде алып кетіп тірілтуі.).

е.А.Александров 

қазақ 

тілін 


жетік 

меңгергеніне 

қарамастан,  Мұсабайдан  жырды  жазып  алу  барысында  си-

рек кездесетін аз-кем сөздерді түсінбегендіктен қате жазған. 

сондай-ақ  кейбір  жыр  жолдарын  қалдырып  кеткендігі 

аңғарылады.  сондықтан  нұсқаның  кейбір  тармақтарындағы 

ой  аяқталмай  қалып  қойған.  бірақ  баспаға  дайындауда 

мәтінге  ешқандай  жол  қосылған  жоқ,  түпнұсқадағы  қалпы 

сақталды. 

Жинақтағы  мәтін  микрокөшірмеден  алынды.  Мәтінді 

дайындау барысында техникалық жәрдем берген Айтоты нұры-

шова, гүлзира еділова, Маржан Қарсанбаеваларға  алғысы мыз-

ды білдіреміз. нұсқа тұңғыш рет баспа бетін көріп отыр. 

 

ҚиссА нәрікбАй—шорА



5250-ден астам жыр жолынан тұрады. нұсқа әлі баспа бетін 

көрмеген. ол  орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында 



436

436


437

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

тұр

3

. осы вариантпен бірге сақтаулы тұрған садықбек нүсірепов 



және нақанбек оразбековтер айтқан нұсқалардың мазмұны да 

осыған жақын. Айырмашылықтары жекелеген жыр жолдары-

нан ғана көрінеді. зерттеуші ә.оспанұлының «Қаратау шайыр-

лары» атты еңбегінде, 1945 жылы баспаға дайындалып, жарық 

көрмей  қалған  «Қазақ  әдебиеті  тарихының»  і  томында  бұл 

варианттың жырлаушысы, халық ақыны әбдіғали сариев деп 

айтылады.  Алайда  ә.сариевтің  «шора  батырды»  жырлағаны 

жөнінде  нақты  дерек  жоқ.  1922  жылы  Жетісу  облысындағы 

Қосшы одағының съезіне қатысқан он тоғыз ақынның өміріне, 

жыршылық  репертуарына  қатысты  деректерді  қамтитын  тіл-

ші-ғалым  шамғали  сарыбаевтің  «Қазақ  әдебиеті,  оны  жинау 

жолдары»  деген  мақаласында  да

4

,  «Ақын-жыраулар»  атты 



1979 жылы шыққан жинақта да ә.сариевтің «шора батырды» 

айтқандығы туралы мәлімет жоқ. Қолжазбаның бірінші бетінде 

«бұрынғы  баспа  сөзі  бойынша  жазылған.  Аударушы—сариев 

әбдіғали. 15 июнь,1938 жыл» деген жазу бар. бұдан ә.сариевтің 

жырды  жатқа  айтпағанын,  тек  ескі  араб  жазуындағы  мәтінді 

жаңа (жәдидше) араб әліпбиінде көшіріп алушыға оқып берген-

дігін ғана байқаймыз.

бұл  нұсқа  мәтіні  Майкөт  ақын  жырлаған  вариант  негі-

зінде  хатқа  түскен  сияқты.  Майкөт  жырлауындағы  «шора 

батыр»  жыры  ХіХ  ғасырдың  аяғында  орысшаға  жолма-жол 

аударылып  қағазға  түскен.  Мәскеу  Мемлекеттік  тарихи  му-

зейіндегі  бұл  аударманың  микрокөшірмесін  де  әдебиет  және 

өнер  институтына  1960  жылы  тапсырған  М.ғұмарова  еді. 

Қазір микрокөшірме сондағы № 5 қорапта. Аударма нұсқаның 

алғашқы бетінде «әулиеата уезінің жыршысы Майкөт жырла-

уы  бойынша  (по  певцу  Аулие-Атинского  уезда  Майкуту)»  деп 

жазылған. соңғы бетте «соңы жазылмады» деген белгі бар.  тек 

Майкөт аудармасында негізгі ойды беретін жолдар ғана жазы-

лып,  созылыңқы  монолог,  диалог,  баяндаулар  қысқартылып 

берілген.  бір  өкініштісі,  аударма  нұсқаны  қашан  және  кім 

жазғаны  көрсетілмеген.  Алайда  халық  мұраларын  жинаушы-

лар мен зерттеушілердің ішінен Майкөтпен кездескені ә.дива-

ев болғаны және аудармадағы жазудың оның жазбаларындағы 

3

  оғк. Қ.375, 1,2,3 дәп.



4

    тәрбие,  білім,  әдебиет  жайындағы  мақалардан  терме.  –  ташкент,  1925.– 

№1.


438

бАтырлАр  Жыры

438

439


жазу  үлгісімен  ұқсастығы—аударма  жасаушының  сол  кісі 

екендігін  аңғартады.    н.смирнова  келтірген  дерек  бойын-

ша,  ә.диваев  ақынға  1883-84  жылдар  шамасында  кездес кен

5

.  



әрине  аудармашының  эпосты  тікелей  ауызша  жырлау  бары-

сында  емес,  хатқа  түскен  мәтін  негізінде  тәржімалайтыны 

анық. Алайда аударма жасалған түпнұсқа бізге белгісіз. 

Жоғарыдағы  үш  нұсқаны  аудармаға  негіз  болған  осы  жаз-

бадан  тараған  түрлі  жырланыстар  (ауызша  редакция)  деп 

батыл  болжам  жасауға  болады.  олай  деуге  дәйек  боларлық 

үлкен    тағы  бір  айғақ—бұл  үш  нұсқаның  поэзиялық  бөлімі 

Майкөт  нұсқасының  (аударма)  аяқталмай  қалған  жерінен 

бітетіндігі.  кейінгі  айтушылар  жырдың  аяқталмай  қалған 

соңын қара сөзбен жедел бітіре салған. «шора батырды» жатқа 

айтушылардың  бірі—Майкөттің  ұлы  Арқабай  да  жырды  тіке-

лей  әкесінен  емес,  аталмыш  қолжазбадан  үйренген  сияқты. 

оның жырды «нәрікбай» деген атпен жырлау себебі де бітпей 

қалған  жыр  сюжетінде  нәріктің  басынан  өткендері  көбірек 

баяндалатындығымен  байланысты  болса  керек.  Мұндай  ерек-

шелікті осы жинаққа енген ә.сариев нұсқасынан да көре ала-

мыз. бұл  вариантты  Майкөт—ә.сариев  нұсқасы деп қосарлап 

атаған дұрыс. нұсқа бірінші рет жарияланып отыр.   

ер шорА

бірыңғай жыр түрінде келеді. көлемі 7600 жолдан астам. 



біздің  оймызша,  хатқа  түсірген  М.тоққожаев  бұл  нұсқаны 

Молда  Мұсаның  араб  әліпбиіндегі  қолжазбасынан  көшірген. 

Жырды Молда Мұсаның өзі жазып алғандығы жөнінде дерек 

бар. Жоғарыда көрсетілген Қызыл жырау жырланысын 1942 

жылы  хатқа  түсірген  белгілі  ғалым  ә.Қоңыратбаев  жазба 

соңында:  «бұл  жырды  қолжазба  түрінде  Молда  Мұса  түсіріп 

алады  екен,  одан  бір  кісі  жазып  алған.  сол  кісіден  нұсқасын 

алып,  Қызыл  жырау  жырлап  келген»,—деп  дерек  келтіре-

ді

6

.  демек  туынды—халықтық  жырдың  ақын  жасаған  жаңа 



варианты.  бұл  көшірмені  әдебиет  және  өнер  институтына 

5

 смирнова н. казахская народная поэзия. Алма-Ата, 1964. – с.14.



6

 2 дп., 17 б.



438

438


439

ғылыМи  ҚосыМшАлАр

зерттеуші—ә.оспанұлы  тапсырады.  Қазір  сонда  268  папка-

да  сақтаулы.  нұсқаны  белгілі  жыршы  сұлтанбек  Аққожаев 

жырлаған  деп  айтылып  жүр.  орталық  ғылыми  кітапхана 

мен  М.о.әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер  институтының 

қолжазба  қорларындағы  болатбек  ердәулетов

7

,  Мырзабек 



байжанұлы  (Қызыл  жырау)

8

  сияқты  белгілі  ақын-жыршы-



лар  жырлаған  және  әбдіқаппар  әлімжанов

9

,  кенжеғали 



есжановтар

10

  ескі  жазбалардан  көшірген  үлгілерді  Молда 



Мұса  вариантының  әр  түрлі  жырланыстары  деп  есептеуге 

лайық.  олардың  айырмашылықтары  кейбір  жолдардан  ғана 

байқалады. оған қарағанда оңтүстік Қазақстанда жырды Мол-

да Мұса қолжазбасынан жаттап, ауызша таратқан айтушылар 

көп болған сияқты. 

М.тоққожаев  1917  жылы  Молда  Мұсаның  жырларын 

ақынның өз тапсырмасымен араб әрпінде хатқа түсіреді де, 60 

жылдардың  басында  оны  кирилл  жазуына  қайта  көшіреді

11



Молда Мұса өзімен бірге жүрген Құлыншақ сияқты ақындардан 



естіген жыр желісін өзіндік үлгімен қағазға түсіріп, осы мәтінді 

түзеген  тәрізді.  Ал  Алып  жөніндегі  екінші  бөлімді  бұрыннан 

бар  сюжет  негізінде  оның  өзі  шығарғандығы  анық.  Мұны 

жырдың мәтінінен де байқаймыз. бұл бөлімде ақынның өзіндік 

қолтаңбасы  айқын  сезіледі.    Алайда  ақын  бұл  бөлімді  жай 

қиялдан немесе әкесі мен баласының соғысуы сияқты дәстүрлі 

шығыстық сюжеттерге еліктей отырып туғызбаған, М.османов 

жариялаған  ноғай  варианты  сияқты  көне  нұсқалардан  алған. 

ноғай  вариантында  да  орыс  қызы  шорадан  жүкті  болып,  елі-

не қашып кетеді. кейін шора жау әскерімен келген өз ұлымен 

соғысуға  мәжбүр  болады.  Мұндай  сарын  кейбір  қырым  татар, 

татар  варианттарында  да  бар.  ескіше  де,  орысша  да  сауат-

ты  ақынның  бұл  басылымдардан  хабары  мол  болғаны  күдік 

туғызбайды. 

М.тоққожаев  көшіру  барысында  көне  қолжазбадағы 

жоғалған беттерді көрсетіп отырған. Мәселен, елін Алып ша-

7

   әӨи, 920/19 п.



8

  оғк,Қ. 1447, 1-2 дп.

9

  әӨи, 129 п., 1 дп.



10

  әӨи, 732 п., 10 дп.

11

 оразбекова з. Мұсабек байзақұлының ақындық мұрасы. түркістан, 1999. 



– 10-11 б.

440

бАтырлАр  Жыры

уып кеткен кезде шора мен әлімханның аңнан оралатын сәті 

суреттелетін  тұстағы  парақтар  табылмаған.  біз  мәтіннің  бұл 

жерін  көп  нүкте  арқылы  белгіледік.  Алайда  нұсқа  соңының 

бітпей  қалуы  жазба  беттерінің  жоғалуынан  емес,  ақынның 

жырды  аяқтамай  қойғандығынан  болса  керек.  М.тоққожаев 

көшірмесі негізінде ә.оспанұлы шығарған кітаптағыдан (Мол-

да Мұса. ер шора. шымкент, 1995.) осы жинақтағы мәтіннің 

көлемі  біршама  үлкен.  бұрын  қысқартылған,  сызылып 

тасталынған жолдар қайта анықталып, мұнда кәдеге жаратыл-

ды. М.тоққожаев қолжазбасының 74, 289 беттерінде жазылмай 

қалған 70-тен астам жыр жолын ә.оспанұлы кітабынан алдық 

(25,75 б.б.). оның есесіне, кітаптың 24, 25, 60, 61, 65, 67, 74, 

75  беттерінде  жоқ  196  және  соңғы  жағына  қосылмай  қалған 

461 жыр жолын қолжазбадан алып бердік. бұл жинаққа енген 

мәтінді ә.оспанұлы шығарған кітап пен М.о.әуезов атындағы 

әдебиет  және  өнер  институтының  қолжазба  қорындағы 

М.тоққожаев 

қолжазбасын 

текстологиялық 

салыстыру 

арқылы  дайындалды  деп  айтуға  болады.  бұл  екеуінің  салы-

стырылуы ғылыми мақсатқа қайшы келмейді, себебі олардың 

түпнұсқалық негізі бір.       

  

Болат Қорғанбеков,      

филология ғылымдарының кандидаты


440

Мәтіндерде кездесетін тАриХи Және діни 

есіМдер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет