Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата08.01.2017
өлшемі3,87 Mb.
#1422
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51

Әдебиеттер 
1.
 
Бюллетень международных договоров Республики Казахстан № 9 2002 г. 
2.
 
Казахстанская правда, от 3 октября 2001 года.  
3.
 
Время ПО от 5 октября 2001 г. «Надежда на новый импульс» 
4.
 
Центральная Азия № 3-4 2001 г. Дэангужин Р. «Геополитическая проблема транспортировки    
            казахстанской нефти» 
5.
 
Казахстанская правда, 1 октября  2001г. 
 
 
ӘОЖ  745\749 
 
ҚАЗАКТАРДЫҢ ҚҦНДЫЛЫҚТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ҚҦРЫЛЫМЫ 
 
Мамбеталиева А.А. 
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  структура  и  натура  направления  ценностей  казахов. 
Раскрывается  национально-психологическая  и  многовековая  опыт  в  формировании  ценностей  казахского 
народа. В статье дается анализ научным теориям видных  ученых  исследовавших национальные казахские 
ценности. 
 
Summary 
In given article the structure and a nature of a direction of values of Kazakhs is considered. Experience in 
formation  of  values  of  Kazakh  people  reveals  national-psychological  and  centuries-old.  In  article  the  analysis  to 
scientific theories of visible scientists investigated national Kazakh values is given. 
 
«Халықтың  қҧндылықты  бағыттарын  қалыптастыруда    оның  замандастарының  тек  ҧлттық-
психологиялық  қҧндылықтары  ғана  емес,  алдыңғы  ата-бабалардың  кӛпғасырлық  тәжірибесі,  яғни 
ҧлттық дәстҥрлері қатысады»[1]. 

92 
 
Ҧлттық  салт-дәстҥрлер  халықтың  тарихи  жадының  қалпына  келуіне,  ҧлттық  психологияның 
қасиеттерін  бекітуге  септігін  тигізеді.  Халықтың  тарихи  жадын  қалпына  келтіріп,  ҧлттық 
психологияны  дамытып,  ҧлттық  салт-дәстҥрлер  тҧлғада  ӛз  халқына  деген  қҧрметтілік,  сыйлау 
қатынасын қалыптастырады. 
Кӛшпенділер  мәдениетінің  тҧтастығының  қасиеттерінің  бірі  болып  синкретизм  табылады,  ол 
қоғамның  материалдық-ӛндірістік  және  рухани  ӛмірдің  барлық  тараптарының  тоталдық  бірлігіне 
сілтейді. Табиғат, әлеуметтік ӛмір және шығармашылықтың заңдылықтары адамның ӛмірлік маңызды 
қажеттіліктерін қамсыздандыратын тәжірибе арқылы ғана емес, ӛнер, мифология, жол-жора арқылы да 
жҥзеге асырылады. 
Кӛшпенділер қоғамының барлық ӛмірлік салаларының синкретизмі нақтыны мифологиялықтан, 
материалдықты  руханидан,  тәжірибелік-тҧрмыстықты  ӛнерден,  қисындық-ҥнемшілікті  сезімдіктен 
ажыратуға  мҥмкіндік  бермейді.  Сол  себептен  дәстҥрлік  мәдениетті  зерттеуде  «экономика»,  «саясат», 
«философия»,  «дін»,  «ӛнер»  т.б.  олардың  қазіргі  тҥсінігінде  дифференциялау  (бӛлу)  кҥрделі  болады. 
Осылайша,  мысалы,  ӛнер  сарындарын  біз  әрине  адамдардың  ӛндірістік-тәжірибелік  әрекетімен 
байланысты  дәстҥрлік  салт-дәстҥр  және  әдет-ғҧрыптарда  табамыз.  Немесе,  мысалы,  жол-жора 
мифологияның  тәжірибесі  және  теориясымен,  қоғамдық  қҧрылыстың  идеологиясымен  байланысты  - 
яғни философия және саясатпен, тайпа, ҧлттың денсаулығын, қҧт-берекетін, материалдық және рухани 
бірлігін қамсыздандыратын билікпен байланысты. 
Соңғы  зерттеулер  бойынша,  кӛшпенділер  қоғамының  ӛнеріндегі  барлық  жҥйелілік 
байланыстардың  қайнарлары  оның  дҥниетанушылық  негізі  негізделген  жол-жоралық  сиқырлық 
тәжірибесінде  қамтылған.  Қазақстандық  ғалымдар  осындай  нәтижеге    тек  сәндік-қолданбалы 
шығармашылық секілді ӛнер тҥрін зерттеуде ғана емес, ӛнердің басқа тҥрлерін зерттеуде де қолдануда. 
Қазақтардың  халықтық  дҥниетанымының  негізінде  нақты  оқу  болмаса  да,  дегенмен,  халықтың 
объективтік  әлемге  қатысты  философиялық  ҧстанымын  білдіретін.  Ол  ӛмірдің  барлық  саласын 
қамтитын: яғни бҧрыңғы заманда мәдени, тарихи және басқа да рухани институттар мен мекемелерді 
алмастыратын  ҧлттық  салт-дәстҥрлерде,  діни  және  азаматтық  ғҧрыптар,  әдептік  нормалар,  әсемдік 
идеалдар  т.б.  Қазақтардың  халықтық  дҥниетанамы  ӛмір  және  тіршіліктің  тҥрлі  салаларына  қатысты 
«маңыз», «ішкі тәртіп» ҧстанатын. 
Қазақтардың  кӛне  дҥниетанымдық  кешені  ғылыми  мәселе  ретінде    алғаш  ҧлы  ғалым 
Ш.Уалихановтың  еңбектерінде  қарастырылды.  Ӛзінің  «Следы  шаманства  у  киргизов»  еңбегінде  ол 
шамандықты дәстҥрлік пікірлер және салт-дәстҥрлердің кешені ретінде қарастырады. 
Қазақтардың дәстҥрлік дҥниетанымы- тҧрақты кӛзқарастардың, қҧндылықты бағыттардың, салт-
дәстҥрлердің тҧтастық жҥйесі болып табылады. 
«Бірегей  қасиетті  және  әлеуметтік  контекстіде  тамырлаған»  80нақты  тарихи  тағдыр,  ӛмір  сҥру 
географиялық  жағдайлары  мен  табиғат  ерекшеліктері,  этностың  психологиялық  мінез-қҧлқысы, 
ӛмірдің  кӛшпенділік  ерекшеліктері  нәтижесінде  ӛндірілген  қазақтардың  дәстҥрлік  дҥниетанымдық 
принциптері, ҧлттық мәдениеттің рухани ӛзегін қҧрайды. 
Номадтың дҥниетҥсінушілігі әлемнің қҧрылуының барлық элементтері арасындағы ҥйлесім және 
ӛзара  байланысының  тҧжырымдамасына  негізделген:  Адам  және  табиғат,  Дҥниежҥзі.  Кӛшпенді  ӛмір 
сарындары бойынша сақталған экологиялық теңдік, ӛмір мәнін дҥниені қҧру заңдылықтары бойынша 
ҧғыну  ӛнердің  ӛмір  нормалары  мен  тәсілдеріне,  кҥнделікті  тҧрмысқа,  халықтық  салт-дәстҥрлеріне  
енетін. 
Дәстҥрлі қазақ мәдениетінің әйгілі ӛркендеуінің уақытысы- ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басы. 
Бҧл  туралы  Қазақстан  елінің  жазушысы  және  мәдениеттанушысы,  әйгілі  публицисті  М.М.Әуезов 
келесідей  пікірін  білдірген  болатын:  «Біздің  ғасырда  ҧжымдандыру  салдарынан  атты-кӛшпенділі 
ӛркениеттің киреуге ҧшырағанын сезінгендей, ХІХ ғасыр қазақ даласы сахнаға ҧлы ақын, композитор, 
әнші, инструменталист, атақты шешен, аңыз айтушыларын, ғибадатты сәулет, сәндік және қолданбалы 
ӛнердің  қҧрылысшыларының  атын  шығарады».  Осы  кӛшпенділік  әлемнің  қоштасу  салтанаты 
әсемденген  еді...  Бірақ  тҥпкі  мәдениет  жалпыадамзаттық  болып  табылады,  сол  себептен  мәңгілік 
келеді»[2].  
Адамдардың  материалдық  және  рухани  әрекетінің  заттық  нәтижелері  ретіндегі  мәдениет 
ескерткіштері- мәдениеттануды зерттеудің салаларының бірі. 
Осы  пәннің  кӛптеген  теориялық  негіздерін  салған  халық  шығармаларын зерттеушілердің  бірі  - 
В.С.Вороновтың  пікірі  келесідей:  «Тарихи  ӛткеннің  жолдарын  сілтеуге  септігін  осы  ӛнердің 
иконографиясын қарастыру алдында, жалпы сипатта  осы ӛнер дамыған және тіршілік еткен әлеуметтік 
ортаны сипаттау қажет». 
Халық  ӛнерінде    негізгі  заңдылықтардың  бірі  болып  маңызды  ерекшелік  орын  алады-  яғни 
дәстҥрлерді жинақтау және сақтау ерекшелігі қалыптасатын ҥздіксіз сабақтастық орын алады. Оларды 
туындаған жағдайлар, ӛткенге ӛтсе де, әрекет етуде». 

93 
 
«Халық  ӛз  ӛнерін  тарих  ғасырлары  бойы  баласы  секілді  алып  ӛтеді.  Ол  халық  тарихын 
білдірумен  қатар,  табиғатпен,  қоршаған  әлеммен  қарым-қатынас  жасаудың  кҥрделі  кешенін  білдіру 
формасы болып табылады. Ӛнерге ӛз баласына секілді қарау, мҥмкін, халық ӛнерінің дҥниетанымдық 
негізін - оның гумандығын белгілейді»[3]. 
Академик  Б.А.Рыбаков  халық  ӛнерін  зерттеу  туралы  пікірі  келесі:  «Бҧл  зерттеуде  бірігу  тиіс: 
этнография  және  фольклористика,  ӛнертану  және  археология,  дін  тарихы  және  семиотика».  Тек 
осындай  жан-жақты    зерттеу  ғана  алуан  тҥрлі,  ӛз  мазмҧны  бойынша  тҧрақты  және  терең  аялай 
сақталған халық ӛнерінің жоққа шығарылған тҥсініктерінің бай әлемін айқара аша алады. 
Этникалық  мәдениеттерді  зерттеуде  қолданатын  сапалық  жағынан  жаңа  деңгей  мәдениетті 
тҧтастық феномен секілді қарастыруды болжайды. Мҧндай тәсіл осы мәдениеттің тҥрлі қҧбылыстарын 
органикалық бірлікте тҥсіндіруге мҥмкіндік береді. 
Кез-келген  дәуір  және  мәдениет  адамдарының  рухына  универсумын,  әлем  ҥлгісін,  сана  және 
тәртіптің  дәстҥрлік  белгілерін  жаңарту  дәстҥрлік  әлемді  тҥсіну  негізінде  салынған  әмбебаптық 
тҥсініктердің ашылуы арқылы мҥмкін. Дәстҥрлік мәдениеттің дамуының қисыны ӛзіндік ерекше әлемді 
тҥсінуде шоғырланған. 
Сол  себептен,  тҥпкі  мәдениеттің  ӛзегі  болып  дҥниетаным  табылады.  Дҥниетанымды  әлемге 
деген  кӛзқарастар  жҥйесі  және  ондағы  адамның  орны  ретінде  анықтайды.  Дҥниетанымның  орталық 
санаттары    «әлем»  және  «адам».  «Мҧнда  әңгіме  мәдениетке  тән  адам  және  әлемнің  мәселелерін 
бастапқы  ойластыру,  жалпыадамзаттық  сипаттағы  универсалиялар  туралы,  және  мҧнда  бірінші 
маңыздылықта жай уақыттағы тіршілк ету мәселелері ғана емес, адамның тіршілік ету уақытысы мен 
оның маңызды ӛмірлік мазмҧны туралы сауалдар ӛзекті келеді .Халық ӛнерін зерттеу, яғни, халықтың 
оның  қоршаған  ортаны  тануда  бастапқы  қадамдарынан  бастап,  дҥниетанымдық  негіздерін  зерттеу 
болып  табылады.  Бҧл  қадамдардың  барлығы  табиғат  және  әлемнің  кӛптеген  қҧбылыстарын  ҧғыну, 
тҥсіну қалауынан жасалғаны ықтимал.  
Ӛзінің танымдық қабілеттерін сезіну және ескі адамның танымдық тәжірибесі, қоршаған әлемнің 
нысандарының  кӛпсанды  ҥлгілерін  және  кӛптеген  қҧбылыстарының  бейнелерін  шарасыз  бейнеледі. 
Мысалы, кҥн (солярлық белгілер деп аталатын(, ай, от, жер т.б. бейнелері. Осы бейнелер мен ҥлгілер, 
тҧрақты  тҥрде  адамның    ӛмірі  және  әрекет  саласында    болып,  оған  тек  жеке  адам  арасы  және  ҧжым 
арасындағы  коммуникативтік  байланыстарды  жеңілдетпей  ғана,  осы  әлем  қҧрылуына  деген  деңгейі 
мен маңызын анықтауға кӛмек етті. 
«Бҧрыңғы  замаңда  ӛмір  сҥрген  қазақтарда  тҧрмыс,  сапа,  сан,  кеңістік,  уақыт,  шама  және 
форманың   әлемі жақсы игерілген. Бҧл пайдалылық әлемінде жеке адам заттар шамасына және ӛзінің 
тіршілік  ету  шамасына  сай  әрекет  етеді».  Осы  әлемнің  дәстҥрлік  суреті  толығымен  қазақтардың 
дәстҥрлік ӛнерінде ӛз белгілемесін табады. 
Қыпшақ,  қаңғыл  және  наймандар  туралы  ақпарат  Плано  Каприни  және  Вильгельм  Рубруктың 
еңбектерінде  қамтылған.  Оларлың  пікірінше,  бҧл  тайпаларда  ҥй  тҧрмысының  заттары  мен  киім-
кешектерін  әйелдер  қауымы  жасайтын.  П.Каприни  берген  мәліметке  сҥйенсек,  қыпшақтар  қайтыс 
болған адаммен бірге молаға алтын және кҥміс бҥйымдарын, киімін және қайтыс болған адамды салып 
әкелген  арбасын  да  салып,  оның  ҥйін  де  бҧзатын.  Бҧл  дәстҥр  қазақ  халқында  да  сақталған-  бірақ 
қайтыс болған адамның киіз ҥйі тек белгі ретінде-ақ бҧзылатын – яғни  ҥйдің ҥстінен тек қамшымен 
ҧратын. В.Рубруктың дәлелі бойынша,  қыпшақ тайпасында «ер кісілер садақ және  оқ, ат әбзелдерін 
жасайды, ҥй және арбалар соғады».  
1868-1869 жж. Сібірден Орта Азияға  «тҥрік әлемін» ғылыми зерттеу мақсатында саяхат жасаған 
ірі  тҥріктанушы  тіл  маманы  В.В.Радловтың  зерттеулері,  бізге  кӛне және  ортағасырлық Қазақстанның 
тарихы,  этнографиясы,  дін  және  мәдениеті  бойынша  маңызды  қайнартанушылық  материал  болып 
табылады. Радлов қола дәуірінің ескерткіштерін (менгир, қорған, сәндік-қолданбалы ӛнердің заттары), 
скиф  мәдениетін  (қоладан  жасалған  қазандар,  ҧсақ  пластика,  қҧрбандық  мехраптары,  тас  мҥсіндер), 
кӛнетҥрік  кезеңінің  ескерткіштері  (  мҥсін  және  антопоморфтық  стелалар,  койтастар).  Ол  ортағасыр 
шығармаларының  тек  тҥрлі  тҥрік  тайпаларының  діни  тҥсініктері,  дәстҥр  ерекшелігімен  байланысын 
ғана  ескермей,  олардың  тҧрмыс-тіршілік,  салт-дәстҥр,  халық  наным-сенімдерінің  сипатын  да  есепке 
алады. 
Әр адамның, тотемизмге сай, ата-анасы, бабасы, әкесі болуы тиіс. Барлығы- жҧлдыздар, кҥн, тал, 
тау,  ӛзен,  жануар,  адамдар-  барлығы  пайда  болудың  элементарлық  актісінің  ӛнімдері.  Тотемикалық 
сана- сананың кӛне тҥрі, бірақ ол діни тҥрге жатқызылмайды. 
 
 
 
 
 

94 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Назарбаев Н.А. Основные направления внутренней и внешней политики на 2004 год: Послание 
Президента народу Казахстана: Астана 4 апреля 2003(Сохранение культурно-исторического наследия)  //  
Казахстанская правда. 2003. - 5 апреля. - С. 2. 
2.
 
Ақатай С. Древние культы и традиционная культура казахского народа. Алматы: КазНИИКИ, 2001. 
- 365 с. 
3.
 
Жиенбекова А.А  Қазақ халқының сәндік қолданбалы ӛнері. Оқу қҧрал 2012ж Шымкент ОҚМУ 
 
 
ӘОЖ  79.008 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Мапетов А.М., Халменова А.Б., Исатаева З.Ж. 
ОҚМПИ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматриваются педагогические основы формирования познавательной активности 
студентов о казахских традициях и обычаях. 
                                                                                       Summary 
Pedagogical basis formation of students cognitive activity about Kazakh traditions and customs  are 
considered in this article. 
 
Қазіргі кезеңде Қазақстанда болып жатқан тҥбегейлі ӛзгерістер, елдің жалпы білім беретін 
мекемелеріне де ӛз ықпалын тигізуде. Әсіресе жастарымызға ҧлттық тәрбие беру, оны оқу-тәрбие 
мазмҧнына ендіру мәселесі кең етек алып ӛрістеуде. 
Ӛркениетті қоғам мен қҧқылы мемлекеттің қалыптасуы, ӛскелең ҧрпақтың рухани байлығы 
мен  мәдениеттілігін,  еркін  ойлау  қабілеті  мен  шығармашылығын,  кәсіби  біліктілігі  мен 
білімділігін талап етеді. 
Бҥгінгі кҥні студенттерге қойылатын басты талаптардың бірі – оларды танымдық іс-әрекеті 
арқылы  жан-жақты  дамыған,  шығармашылықпен  жҧмыс  істейтін  жеке  тҧлға  ретінде 
қалыптастыру болып табылады.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жҥйесін  дамыту  стратегиясының  мақсаттары  мен 
міндеттері  2030  жылға  дейінгі  білім  беру  саласын  дамыту  стратегиясының  негізгі  қағидаларына 
сәйкес жҥзеге асырылуда. Жоғары білімнің басты мақсаттары мен міндеттері ретінде: 
-  адам  қҧқықтарын,  демократия,  бейбітшілікті  нығайту  мақсатында  барлық  адамдардың 
бҥкіл ӛмір бойы дамуы мен әлеуметтік әрекетіне  қажетті мҥмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс; 
-  ғылым  мен  технологияны  дамыту  жолымен  қоғамның  мәдени,  әлеуметтік  экономикалық 
дамуына сҥбелі ҥлес қосу; 
- ӛзі ҥшін жауап бере алатын жоғары іскерлікті мамандарды, азаматтарды даярлауды жҥзеге 
асыру; 
-  тҧтас  алғанда  қоғамның,  оның  ішінде,  білім  беру  жҥйесінің  дамуы  мен  жақсаруына  ҥлес 
қосу аталып кӛрсетілген. 
Қоғамдық ӛзгерістерге сәйкес студенттерге бҥгінгі таңда тиянақты білім беру ҥшін олардың 
танымдық  қабілетін  дамыту  басты  мақсат  болып  отыр.  Танымдық  белсенділік  қалыптастыру 
педагогикалық  негіздерге  сҥйеніп  атқарылуы  тиіс.  Ол  бірбағыттылық  болғанымен,  кӛпсалалық 
қызмет  атқарады.  Біздер  ҥшін  ол  қызметтің  маңыздылығы  жастардың  салт-дәстҥр  саласындағы 
дҥниетанымдық әрекеттер арқылы, олардың ҧлттық сана-сезімін жетілдіру маңызды болып отыр. 
Студенттердің  танымдық  белсенділігін  арттыру  жолында  олардың  ҧлттық  дәстҥрге  қызығуын, 
ӛздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу  – әр 
мәдени-тынығу  жҧмысының  міндеті.  Сол  себепті  білім  мазмҧнын,  оқыту  әдістерін,  тҥрлері  мен 
қҧралдарын,  әдістемелік  жҥйені  жаңа  сапалық  негізде  қайта  қҧру  қажеттілігін  естен 
шығармағанымыз абзал. Білім мазмҧны ақпарат кӛзі ғана болып қоймай, студенттердің ӛздігінен 
білім  алу  қҧралына  айналуы  керек.  Соның  ішінде  болашақ  мамандардың  ҧлттық  санасына  әсер 
етіп, ӛз елінің рухани әлемінің жасампаздары қатарында болу кәсіби біліммен теңдестікте дамуы 
шарт. Бҧл мақсатқа жету жолында студенттердің ӛздік танымдық белсенділігін дамытуға арналған 
дәстҥрлі  және  дәстҥрлі  емес  сабақтар  мен  бос  уақытындағы  әрекеттердің  тҥрін  ӛзгертіп  отыру 

95 
 
нәтиже  беретіні  сӛзсіз.  Педагогикалық  ахуалға  байланысты  дайындықтың  дара  және  ҧжымдық 
тҥрлерін біріктіру, оқу тәрбиелеу амалдарын дҧрыс пайдалана білу де маңызды. 
Бҧл мәселе кӛптеген автор тарапынан қарастырылып келеді. Бірақ олардың кӛпшілігі мектеп 
оқушыларының танымдық белсенділік мәселесін әдістемелік тҧрғыдан, пәндерді игеру мәселесін 
зерттеген.  Аталған  еңбектер  мен  танысу  әуелі  негізгі  ҧғымдарға  берілген  анықтамалар  мен 
талдамалардан басталады. 
Студенттерді  танымдық  іс-әрекеті  –  жас  ҧрпақты  ӛмір  мен  кәсіби  қызметке  даярлаудың 
маңызды кезеңі болып табылады. Аталған әрекет кез келген қызмет тҥрімен біртҧтас қҧрылымдық 
бірлікті қҧрай алады. 
Студенттердің  танымдық  іс-әрекеті  –  танымдық  қызығушылық  пен  қажеттілікті  туғызуға 
бағытталған  оқу  әрекетінің  тҥрі  болып  саналады.  Танымдық  іс-әрекеттің  қалыптасуы  негізінде 
студенттердің  ой-ӛрісі  толысып,  белсенді  ойлау  әрекеті  мен  шығармашылық  ойлау  ҥдерісін 
дамытумен қатар, студенттердің кәсіби мәдениеті мен ізденімпаздығын дамытады.  
Студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыру  қоғам  сҧранысына  жауап  бере  алатын, 
мәдени  ҥдеріс  міндеттерін  оңтайлы  шеше  білетін,  халықтың  рухани  қҧндылықтарын  дамыта 
алатын  қоғам  мҥшелерін  қалыптастыруға  мҥмкіндік  береді.  Интеллектуалдық  операцияларды 
орындауға  даярлықтың  жеткіліксіздігінен  танымдық  іс-әрекетті  кез  келген  студент  ӛз  бетінше 
орындай  алмайды,  ол  білім  алушылардан  ерік-жігер  мен  ақыл-ойды  талап  етеді.  Осыған  сәйкес, 
психологиялық-педагогикалық  зерттеулер  барысында  танымдық  іс-әрекетті  қалыптастыру  білім, 
білік,  дағдыны  меңгерту  ретінде  ғана  емес,  ерік  пен  жігерді,  ҧлттық  дҥниетанымын  дамыту 
тҧрғысында талданады. 
Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында салт-дәстҥрлер арқылы студенттердің танымдық 
іс-әрекетін  ынталандыруға  септігін  тигізетін  оқу  ҥдерісін  ҧйымдастырудың  тәсілдерін,  әдістері 
мен нысандарын іздестіру қажеттілігі туып отыр. 
Студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыру  –  мәдени  іс-шараларды  ойдағыдай 
ҧйымдастырудың  негізгі  шарты  болып  табылады.  Ол  бос  уақыттың  тиімділігін  арттыру, 
студенттердің  оқу  әрекетінің  психологиялық  ерекшеліктеріне  сай  ҧлттық  дәстҥріміздің  әдіс-
тәсілдерін  қолдануды,  оқытудың  дамытушылық  қызметін  толық  пайдаланып,  танымдық  іс-
әрекетті дамытуды талап етеді. Жоғары оқу орындарында салт-дәстҥрлерді оқытуда оқытушылар 
мен білім алушылардың ӛзара субъективтік қатынасына негізделген танымдық іс-әрекет оңтайлы 
ҧйымдастырылғанда  оқытудың  нәтижелілігі  артады.  Сондықтан  студенттердің  танымдық  іс-
әрекетін  қалыптастыру  –  жоғары  оқу  орнында  мәдени  іс-шараларды  ҧйымдастырудың  маңызды 
міндеті. 
Жастардың 
танымдық 
белсенділігін 
қалыптастыру 
мәселесіне 
педагогтардың, 
психологтардың кӛптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әртҥрлі 
пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері 
жеке тҧлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.  
Таным  –  ол  адамға  бірден  келмейді,  ол  ӛмір  кӛріністерін  топшылау,  салыстыру,  тәжірибе 
жинақтау,  оны  қорыту  арқылы  терең  де  тиянақты  білім  негізінде  пайда  болады.  Танымдық  іс-
әрекетке баланың ақыл-ойын ӛсіру ҥшін олардың елестеулерін дамытуға кӛбірек зер салу керек. 
Егер жастар оқу әрекеттері арқылы айналысындағы дҥниемен тығыз байланыста болса, заттарды 
қабылдауға  әрекет  етсе,  оның  танымы  артады.  Танымдық  іс-әркет  арқылы  тҥрлі  обьектілерді 
кӛреді, байқай алады, оларға назар аударып қызығушылығы пайда болады. 
П.И.Пидкасистый ӛз зертеуінде «жастар ӛздігінен меңгеріп алуы ҥшін ол ӛзінің танымдық 
әрекетінің мәселесін және қалай жҧмыс істеу керек екендігін білу»,- дейді[1, 178] 
Студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі – ӛзіндік жҧмысы. 
Ӛздігінше жҧмыс, жастардың мидың белсенді жҧмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты 
танудың  белсенділіктің  негізі  пайда  болады.  Студенттердің  ӛзіндік  әрекетінің  нәтижесінде  оның 
бойында мынандай қасиеттер қалыптасады: 
 
Ӛз бетінше ойлану біліктері 
 
Оқуға деген ынта-ықыласының артуы 
 
Ӛз ойының дербестігі 
 
Ӛз бетімен жҧмыс жҥргізуі 
Ӛзіндік  жҧмыстың  дәстҥрлі  тҥрі  –  дайындық  жҧмысы,  оны  студент  педагогтың  кӛмегінсіз 
жасайды.  Әр  бір  іс-шара  дайындығы  студенттің  алдына  кӛптеген  міндеттер  қояды  және 

96 
 
студенттердің  әрекетінің  жиынын,  олардың  алған  білімдерін,  арнайы  біліктерді  пайдаланып, 
жҧмыс істеуді талап ететін, әр тҥрлі сипаттағы ӛзіндік жҧмыстар тҥрінде анықтайды. 
Жастардың  ӛзіндік  жҧмысын  зерттеумен  айналысатын  кӛптеген  авторлар  оның  негізгі 
қызметі  студенттердің жеке  тҧлға  ретіндегі  қасиеттерін шығармашылық қабілетін  дамытып қана 
қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне кӛтеру деп санайды. 
А.Байтҧрсынов  жастардың  ӛзіндік  жҧмысының  маңызын  тәжірибе  арқылы  ӛздігінен  алу 
керектігін айтқан. Жалпы білімге деген қҧштарлық - кез-келген жастағы студентке тән қасиет. Ал 
В.Г.Лембергтің пікірінше ӛзіндік жҧмыстарды ҧйымдастыру мына шарттарға байланысты: 
а) Жҧмыстың мақсатын тҥсінуі 
ә) Жҧмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы 
б) Жҧмыстың ӛз еркімен, қалауымен орындауы[2, 319]. 
Мәдени  тынығу  жҧмысында  білуге  деген  қызығушылық  танымдық  белсенділіктің 
қозғаушысы  болып  табылады.  Студенттердің  танымдық  қызығушылығы  олардың  білім  сапасы 
мен даму деңгейіне байланысты болып келеді. 
Жастардың  танымдық  ынта-ықыластары  олардың  білімнің  деңгейі  мен  санасына  ойлай  іс-
әрекетінің қалыптасуына байланысты. Танымдық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда келесі 
қызметтердің  маңызы  зор:  мәдени  тынығу  жҧмысындағы  жетістіктерді  қамтамасыз  ету, 
жастардың  артта  қалуының  алдын  алу,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану,  ақыл-ой 
қабілеттігін дамыту т.б. 
Сонымен  жастардың  танымдық  белсенділігі  дегеніміз  –  педагог  пен  студенттердің  оқу  іс-
әрекетінің  субъектісі  ретіндегі  ӛзара  әрекеттесуі  мен  студенттердің  ӛзара  қарым-қатынасының 
бірлігін сипаттайтын кҥрделі тҧлғалық қҧрылым болып табылады. Жоғары оқу орындағы таным 
ҥрдісі  тек  білім  берушілік  емес,  сонымен  қатар  тәрбиелеушілік,  дамытушылық  сипатта  болады. 
Танымдық  білімді  игеру  барысында  студенттердің  ақыл-ой  қабілеттері  дамиды,  олардың 
көзқарастары мен сенімдері қалыптасады. 
 
Әдебиеттер 
1.    Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся. М.: Педагогика 1972, 178с. 
2.    Байтұрсынов А. Шығармалар. Алматы, 1989, 319б. 
 
 
 ӘОЖ 79 
 
МУЗЕЙЛІК ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТАРИХИ ДЕРЕК КӚЗДЕРІ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ 
ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
Мусаева С.Т., Исенгалиева А.Г.  
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  процессе  формирования  фондов    музея  встает  вопрос  о  значимости  предмета  для  документирования 
общественного развития, определенных событий, процессов и структур. Эта ценность вытекает в первую очередь из 
истории  предмета,  его  первоначального  назначения,  места  в  жизни  общества.  Совокупность  всех  признаков  дает 
представление о культурно-исторической ценности предмета и позволяет сделать вывод о его музейном значении и, 
следовательно, необходимости его сохранения. 
В  статье  говорится  о  том,  что  по  результатам  музееведческих  исследований  необходимо  определить 
ценность каждого «музейного предмета» для правильного их использования в коммуникации 
 
Summary 
In  the  progress  of  making  museum  fund  we  face  the  question  of  the  significance  of  every  its  exhibit  item  for 
documenting the social development of the represented time, certain events, processes and structures. The value of the fund is 
first of all determined on the history of the exhibited thing, of its primary application and the place of it in the life of the society it 
belonged. The article is devoted to the results of the research in musicology which allows to came to conclusion that the totality 
of all these features dives the presentation of cultural and historical value of the museum exhibit, necessity of its safe keeping and 
proper use in communication. 
The  article  deals  with  the  research  in  museology  which  results  in  necessity  to  determine  the  value  of  the  
exhibit> for its proper use in communication. 
   
«Музейлік  зат»  ӛткен  сәтті  ӛз  бойында  сақтау  арқылы  оны бҥгінгі кҥннің қҧндылығы етеді  де, 
ӛмірдің ҥздіксіз процесс екендігін еш нәрсенің қҧрдымға кетпейтінін пайымдайды. Табиғи процесстер 

97 
 
нәтижесінде  жойылған  немесе  жойылуға  шақ  қалған  заттық  дәлелдерді  музей  сақтап,  қалпына 
келтіреді. Қандай да болсын қор бӛліміне «сақтауға» тҥскен зат ӛзінің алғашқы ортасымен байланысын 
ҥзіп,  басқа  функция  атқаруға  кӛшеді.  Егер,  белгілі  бір  автордың  картинасы  немесе  белгілі  бір  шебер 
дайындаған тҥскиіз сән ҥшін, декоративті элемент ретіндегі негізгі әдемілік, кӛркемдік функциясынан 
айырылып, енді эстетикалық қана емес негізінен ақпараттық «тілдік», «хабаршы» мазмҧнға ие болады 
да ҥлкен мәтіннің бір бӛлігі қызметін атқарады. 
 
Мераб Мамиашвили: «сӛздің екі критерийі бар – біріншіден, сӛздің ӛзі, екіншіден, сӛздің ӛзінен 
басқа - заттың мәнін тҥсіну мҥмкіндігі», - деп жазды. Музейдегі мәтіндер, тарих осы сӛздің орнына зат 
қою  -  яғни  сӛздің  мағынасын    кӛрсету.  «Музей  тілі»  бҧл  -  кітап  сӛзін  әсіресе  тарихи  және 
биографиялық мәтіндерді дәлелдеу, пайымдау, бекіту тілі [1].   
 
Музей  тілінің  ерекшелігі  -    оның  сол  мәтінді  қҧраушы  заттарды  қайталауға  келмейтігінде. 
Мысалы,  музыканы  қайталап  тыңдауға,  фильмді  қайта  кӛруге  болады.  Немесе  фотосуретті  бірнеше 
басылым етіп шығаруға болады. Ал, «музейлік затты» қайталаудың мҥмкін еместігі - біз сол заманға 
сол  музейлік  зат  жасалған  уақытқа  қайтып  бара  алмаймыз,  уақытты  қайтару  мҥмкін  емес.  Айталық, 
қазіргі  шеберлер  қандай  да  болмасын  музейлік  заттың,  мысалы,  бесіктің,  білезіктің,  ер-тҧрманның 
болсын,  дулыға  делік,  ыдыс-аяқтың  тҥрлерін  немесе  домбыра  тағы  басқа  толып  жатқан  ескінің  кӛзі 
кӛнерген  заттардың  аудырмай  дәл  сондай  етіп  екінші  бір  кӛшірмесін  жасайды.  Бірақ,  бҧл  кӛшірмеге 
қарап  біз  негізгі  тҥпнҧсқаны  жасаған  шебердің  кӛңіл-кҥйін,  кімге  арнағанын,  алғашқы  қажет  еткен 
материалдарын  (ағашты,  теріні  немесе  металл  бӛлшектерін)  қандай  жағдайда,  қалай  даярлағанын, 
жҧмысты жасау барысындағы шебердің қол қимылдарын,  оны жасаған қҧрал-саймандарын бәрін кӛз 
алдымызға  келтіре  алмаймыз.  Біз  кӛшірмені  қабылдағанымызбен  тҥпнҧсқаның  қҧндылығын 
мойындаймыз. 
Тіпті  жазушының  қолтаңбасымен  сыйланған  кітап,  дәл  сол  қолтаңбаны  немесе  сол  романның 
тҥпнҧсқасын  жазып  шыққан  қаламсап,  алғашқы  адамдардың  қҧрал-саймандары  -  мҧның  бәрін  қайта 
қайтару мҥмкін емес.  
Олар  ерекше,  себебі  музейлік  ескерткіш  әрбір затта  сол заманның,  сол дәуірдің,  затты жасаған 
шебердің, оның иесінің ӛмір тарихы, тағдыры, наным- сенімі, рухы берілген.   
 
Музей  ісінде  музейдің  қҧрылымдық  реттілігін,  сол  арқылы  экспозициялық  кеңістікті  ажырату 
және әрбір экспозициялық кеңістікті толтыратын экспонаттардың музейлік қҧндылығын ашу бар. 
Сондықтан  да,  музей  қорындағы  әр  экспонаттың  даму  процесіндегі  (ежелгі  дәуірден  бастап 
бҥгінгі  кҥнге  дейін)  орнын  табу,  танытуды  ғылыми-зерттеу  жолымен:  орны  анықталған,  даму 
процесінде  ӛзіндік  ҥлесі  бар  экспонаттарды  таныту,  насихаттауды  мәдени-ағарту  жолымен  жҥргізу 
тиімді,  әрі  нәтижелі  болады.  Осы  екі  сала  бірін-бірі  толықтыра  отырып,  кез-келген  музейді  «сенімді 
сӛйлетері хақ» [2]. 
Тарих адамзат баласының ғҧмыр шежіресін қалт жіберместен ӛзінің ӛн бойына жазып жатады. 
Тек оны оқи алатын кӛз, тҥсіне білер кӛкірек керек.  
Алғаш жалама жартас тҥбіндегі ҥңгірді паналаған адам бҥгінде космос кеңістігіне кӛтерілді. Тас 
тҥнек  ҥңгір  мен  шексіз  кеңістік  аралығында  кӛне  тасқорымдар,  балбалдармен жалама  жартастардағы 
белгі-бедерлер, кҥңгірлеген мазарлар, музейлер қорында сақталған кӛне жәдігерлер – бәрі-бәрі ғҧмыр 
шежірелеріміз. Әр ҧрпақ, бҥкпесіз шындықпен ӛз болмысының ізін қалдырды.Тас ҥңгірден бергі талай 
ғасырлық  жолдың  ӛн  бойынды  мың  сан  ҧрпақтың  ӛмір  ҧшін  кҥрескен  тынымсыз  тіршілігі,  ҧғым-
сенімі,  салт-дәстҥрлері,  тірнектеп  жинаған  тәжірбиесі,  бір-біріне  кӛрсеткен  зорлығы  мен  қорлығы, 
қуаныштары сайрап жатыр. Бҧл - таным жолы. Аталарымыз табанын табанын тасқа тілдіріп, маңдайын 
кҥнге  кҥйдіріп,  кӛбесін  сӛгіп,  ӛкпесі  ӛшіп  ілгері  жылжыған  сайын  ӛзінің  асқақ  тҧлғасын,  танымын, 
дәстҥрін, сҧлулық туралы ҧғымын шыңдап отырды. Ғасырлыр бойы атадан балаға ауысып, шыңдалған 
қолӛнері  де  халықтың  сҧлулыққа  деген  талғамын  қандай  бір  болмашы  тапқырлықтар  арқылы 
тәрбиелегені анық. Бҥгінде музейлер тӛрінен орын тепкен әр бір ескерткіш - музейлік зат кӛрерменге 
иненің жасуындай болса әсемдік дарытып, сол арқылы талайдың кӛзін қуантып, кӛкірегіне кӛркемдік 
ҧялатары  шындық.  Қарасаң  кӛз  тоймайтын  халық  шығармашылығындағы:  киіз  ҥй  жасауларында, 
жиһаздары,  оюлы  киім-кешегінде,  зергерлік  бҧйымдарында,  ағаштан,  теріден,  сҥйектен  жасалған 
тҧрмыстық  заттарындағы  айқындылық  пен  әсерлілігі  оның  бай  да  кӛркем,  мәнерлі  ою-ӛрнектерінен 
кӛрінетіні даусыз.  
Бабаларымыздың  дҥниетанымы,  талғам  тҥсінігі  әлемнің  тҧтастығын,  ӛлшеусіз  шексіздігін 
тҥйсінуі  қолӛнер  бҧйымдарында  шартты  бейнелерге  айналып,  ою-ӛрнекте  кӛрініс  тауып  отырған. 
Ғасырлар бойы ежелгі Қазақстандағы мекендеген кӛшпелі және жартылай кӛшпелі тайпалар туғызған 
барлық мәдени қҧндылықтардың ішінде  ең жақсы сақталғандары халықтық эпос және ою- ӛрнек, ал 
сәулет ӛнері ескерткіштері, тас мҥсіндері секілді басқа да кӛне ескерткіштер іс-тҥзсіз жолғалды немесе 
бізге  олардың  тек  сынықтары  және  қорғандар  мен  мҧнаралардың  қираған  орындары  ғана  жетті-,  деп 
жазды  Әлкей  Марғҧлан  [3].Ҧлттық  мҧра  болып  бізге  жеткен  заттық  қҧндылықтарымыз  оның  ішінде 

98 
 
қолӛнер  туындыларында  бейнеленген  аңдар,  қҧстар,  жануарлар,  қиял-ғажайып  кейіпкерлер,  табиғат 
қҧбылыстары қазақ халқының аңыз-әңгімелерінде, ертегілерінде де кездеседі. Осыған қарағанда ауыз 
әдебиеті  фольклорын  қҧрайтын  ертегілер,  жырлар,  ӛлеңдер,  әдет-ғҧрыптар,  тиымдар,  халықтың 
бейнелеу  фольклорына    жат  емес,  керісінше  ӛте  жақын.  Себебі,  ауыз  әдебиеті  фолкьлорында 
айтылатын ойлар, бейнелеу фольклорында бейнелеу элементтері арқылы беріледі. Бейнелеу және ауыз 
әдебиеті фольклорының сипаты мен мҥмкіндіктері әртҥрлі  болғанымен, олардың ортақ ҧқсастықтары 
да  аз  емес.  Олардың  мазмҧндық  қҧрылымының  ҧқсастығын  ҧмытуға  болмайды.  Тек  қана  бейнелеу 
фольклорының мазмҧны белгілі бір дәрежеде шектеулі болып келеді. Ауыз әдебиетінде  мҧң тақырыбы 
жиі    кездессе,  бейнелеу  фольклорында,  әсіресе  сәндік  ӛнерде  жабырқаулық  та,  уайым  да  болмайды. 
Ауыз  әдебиетінде  арбау,  бақытқа  жету  жолындағы  мҧңды  және  ауыр  тағдырмен  кҥрес,  ҥнемі 
кездесетін  қиындықтар  мен  кедергілерді  жеңу  жолдары  беріледі.  Ал,  барлық  ою-ӛрнек  жҥйесі  -  бір 
зҧлымдықты жеңудің кӛрінісі. Қарап отырсақ, кӛне заманнан бізге жеткен барлық қҧндылықтарымызда 
адамдардың  тҥсініктері,  тҥйсік-талғамдары,  арман-тілектері,  ойлары  шартты  символикалық 
белгілермен  берілгенін  байқаймыз.  Халық  ӛнеріндегі  ең  маңыздысы  -  бҧл  кемелденген  әлемнің 
сҧлулығымен  әсемдігіне  қол  жеткізуді  жҥзеге  асыру,  арман-ойларды  кӛркемдіктің  белгілі  бір 
образдары  арқылы  жанды  және  кӛрнекті  етіп  бейнелеу.  Осы  әдеміліктің  барлығы  да  бізді  қоршаған 
бҧйымдар  мен  заттарда,  атап  айтқанда,  қыштан,ағаштан  жасалған  ыдыстарда,  қыз-келіншектердің 
әшекейлерінде,  ерлердің  қҧрал-саймандарында,  зерлі  ер-тҧрмандарында,  кестелі  киім-кешекте 
берілген.  
Халықтың киіз ҥй жасаулары, жиһаздары әсемдік туралы тҥсінік беріп қана қоймайды, сонымен 
қатар  бізді  ертедегі  және  мәңгілік  образдар  әлемімен  таныстырады.  Ою-ӛрнектер  ӛткенді  елестету 
қҧралы  емес,  сол  дәуірдің  тілі  болып  табылады.  Сондықтанда  біз  сол  ою    ӛрнектерден  ертедегі 
образдарды  кӛре  отырып  бабаларымыздың  арман-  тілегімен  танысып,  оларды  зерделеп,  іске  асыруға 
талпынамыз. 
Жалпы,  біздің  дәуіріміздің  алғашқы  мыңжылдығында  кӛшпелі  дала  тайпаларының  арасында 
«бӛрі»  атауы  ерекше  орын  алады.  Оны  біз  тҧтастай  бір  тайпа  атауларынан  немесе  билеушілерінің 
есімдерінен  кӛреміз.  Мына  бір  деректе:  «…  Сведения  китайских  источников  об  офицерах  тюркской 
гвардии  фули  (др.  –  тюрк.  bori-  волк),  бытование  у  тюрков  должности  фулин  –  кагана-  титула, 
«который  должен  указывать  на  манию  убийства»,  увенчании  их  знамен  золотой  волчьей  головой, 
могут  рассматриваться  как  свидетельства  существования  у  древних  тюрков  «волчьих»мужских 
союзов», - деген пікір білдіреді [4].                                                                                                   
Халқымыздың  қол  ӛнерінде  кездесетін  осы  бӛріге  байланысты    «бӛрікӛз»,    «бӛріқҧлақ»  ою-
ӛрнектерін сӛйлетсе кӛп нәрсенің астарын тҥсінуге болады.  
М.  Ӛмірбеков:  «Бӛрікӛз»,  «бӛріқҧлақ»  ою-ӛрнегі  бӛрінің  кӛзін,  қасқырдың  басын,  қҧлағын, 
сондай-ақ  бӛріқҧлақ  деп  аталатын  жапырықты  тҧспалдайды.  Бҧл  ою  ӛрнектер  зергерлік  бҧйымдарда 
және былғарыдан жасалған заттарда бейнеленеді  [5], - деген пікірді жазды. 
Әлкей  Хақанҧлы  Марғҧлан:  «…Бӛрінің  етіне  жерік  болып  туған  баланы  жҧртшылық  мақтан 
қылып,оған «маңғыс» (маңғыт),(ноғай) деген ат береді. Мҧндағы «Маңғыс», «ноғай» дерен сӛздер бір 
кезде «бӛрі» (кӛк аспан) мағынасын білдірген. Ерте замандағы «бӛрі қҧс»,  «маңғыт» бергі кезде «ит-
қҧс»,  «кӛктің  қҧсы»  деген  мағынада  туған.  Жҧртшылық  ӛзінің  ардақты  батырын  қасиеттеу  ҥшін, 
«маң»,  «шың»,  «бӛрі»,  «қҧс»  сӛздерін  қосып,  онымен  жҧрт  ағасы  болған  иналдарын  атайтын болған. 
«Шыңғыс»  «Маңғыс»  деген  сӛздер  «биіктегі  кісі»  мағынасында    «таң-ері»,  «кӛктің  алыбы»  саналып, 
ғҧндардың  бектері  осылай  аталатын  болған.  «Шыңғыс»,  «Маңғыс»,    «тәңірі»  ескі  гректің  «уран», 
«нептун», «сатурн» сияқты ҧғымдарына орайлас», - деп жазды [6].  
Осы орайда  Ә.Х. Марғҧланның «Казахское народное прикладное искусство» атты  еңбегінің  1- 
томында кӛрсетілген Шыңғыс Уалихановтың Омбы музейіне сыйға берген шапанға назар аудармауға 
болмайды. Біріншіден, шапан Уалихан тҧқымынан тараған ортадан шыққан. Екіншіден, дәлірек айтсақ 
шапанды тапсырған Уалиханның ҧлы - Шыңғыс. 
Ҥшіншіден, шапанда келтірілген кӛптеген ою-ӛрнектер арасынан ерекше арқа тҧспен екі жеңде 
кӛптеп  келтірілген  ҧлттық  нақышта  жасалған  қаншама  қҧндылықтарымызда  тіпті  кездеспейтін  «бӛрі 
қҧлақ»  ӛрнегін  кӛреміз.  Бҧл  алдыңғы  жолдарда  мысал  ретінде  келтірілген  Әлкей  Хақанҧлының 
адамдар арманы мен  еліне лайық азаматты дҥниеге келтіріп еліне, ата дәстҥріне берік, жау жҥрек, адал 
ҧрпақ тәрбиелеу мақсатында алдына қойған мақсатқа жетудегі жол сілтегіш жҧлдызы, бҥткіл болмыс – 
бітімімен сенген тҧмары іспеттес ӛрнек. Бҧл бҥкіл бір атадан тараған ҧрпақтың мақсат мҥддесін келесі 
ҧрпаққа жеткізген белгісі, жазып кеткен хаты іспеттес дҥние. Уәлихан негізгі киімдерінің бірі шапанға 
«бӛрі  қҧлақ»    ӛрнегін  салғызса,  ҧлына  азан  шақыртып  «Шыңғыс»  есімін  берсе,  бҧл  атаның  баласын  
«биіктегі кісі» болсын деген тілегінің дәлелі. Осы ырымның жҥзеге асқаны, ата тілегінің ақталғанына 
Шыңғыс Уәлихановтың ӛмірі дәлел.  

99 
 
Тӛртіншіден,  ерекше  кӛңіл  бӛлерлік  нәрсе,  ол  -  бҧл  шапанның  әйел  адамға    арналып 
тіктірілгендігі.  Альбомның    1-ші  томында:  «Халат  Дар  Чингиза  Валиханова».  Омский  историю-
краеведческий  музей»,  -  деп  берілген.  Ал,  Ә.  Х.  Марғҧланның  жеке  архивінен  алынған  фотосуретте 
Ә.Х. Марғҧланның ӛз қолымен: «Табл. СССLXI. Шапан - женский халат с пестрым орнаментом в виде 
геральдического  расположения  волчих  ушей.  Дар  Чингиза  Валиханова.  Омский  музей.  -  деп 
кӛрсетілген [7]. 
Демек,  ҧрпақты  дҥниеге  әкелетін  әйел  болғандықтан  Уәлихан  әулеті  әйелдеріне  болашақ  ана-
қыздарына  жібектен  арнайы  «бӛрі  қҧлақ»  ӛрнегімен  шапандар  тіктіріп,  кигізген.  Дәл  осы  шапанда 
ҧлтының  мақтанышы  болып,  қазақ  халқының  мақтанышы  болып,  туған  Айғанымдай  алып  ананың 
кимегеніне кім дау айта алады? Уәлихан ҧрпағы ҥшін «бӛрі қҧлақ» ӛрнегі ҥлкен ырым болуы да әбден 
мҥмкін. Егер  Әлкей Қақанҧлы  Марғҧлан  еңбектеріне  ден қоймасақ біз  осы болашаққа мәдени мҧра  - 
музейлік  зат  кҥйінде  Шыңғыс  Уәлиханов  ӛз  қолымен  әкеліп  музейде  қалдырған  -  бҥкіл  бір  әулеттің 
сыры мен ӛмір сҥру мақсаты, тарихы мен аманаты жазылған осы хатты оқи алар ма едік, әлде? Жалпы 
бӛріні  қҧрметтеу  біздің  заманымызда  тек  Ҧлы  жҥздің  шапырашты  руында  сақталған  деген  тҧжырым 
болатын.  Этникалық  тҧрғыдан  шапырашты  ғҧндардың  екей  тайпасынан  тараған.  Атақты  ақындар 
Сҥйінбай мен Жамбыл осы екей руынан. Жамбыл ақын: 
Бӛрі басым ҧраным 
Бӛрілі менің байрағым, - деуі сондықтан [8]. Республика кӛлемінде музейлер қорында оқылмай 
жатқан ғасырлар сыры тҧнған талай хаттар кезегін кҥтіп жатыр емес пе?  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет