Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет42/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   142
Байланысты:
Адам ресурстарын басқару

«Білуге  тиісті»  деген  бөлімде  қызметкерге  арнайы  біліміне, 
сондай-ақ  заң  жəне  нормативтік  құқықтық  актілерді,  ережелерді, 
нұсқауларды  жəне  қызметкер  лауазымдық  міндеттерін  орындаған 
кезінде  қолдануға  тиісті  басқа  да  материалдары,  əдістер  мен 
құралдарды білуіне қатысты қойылатын талаптар көрсетіледі.  
«Біліктілігіне қойылатын талаптар» деген бөлімде қызмет-
кердің жұмыс стажына байланысты көзделген міндеттерді жəне 
қойылатын  талаптарды  орындауға  қажетті  кəсіби  даярлық 
деңгейі белгіленеді [... қосымша материалын қараңыз].  


Сейсембай Жұмамбаев  
 
85
 
 
Лауазымдардың біліктілік сипаттамаларында негізгі кеңінен 
тараған  жұмыстардың  тізбесі  келтірілген.  Қызметкердің  лауа-
зымдық  міндеттерінің  нақты  тізбесі  жұмыс  беруші  əзірлейтін 
жəне бекітетін лауазымдық нұсқаулықта белгіленеді.  
Жұмысшылардың  жұмыстары  мен  кəсіптерінің  бірыңғай 
тарифтік-біліктілік анықтамалығындағы жұмысшылар кəсіптері-
нің  тарифтік-біліктілік  сипаттамалары  қалыптасқан  еңбек 
бөлінісіне, техникаға, технологияға  қол  жеткізу  деңгейіне  жəне 
еңбек  пен  өндірісті  ұйымдастыруға  орай 1-ден  бастап 8-ші 
разряд  бойынша  диапазондағы  жұмыс  күрделілігі  бойынша 
əзірленген  жəне  топтастырылған.  Экономикалық  қызмет  түр-
лерінің  барлық  бөлігіндегі  жұмыстың  негізгі  көлемі  біріншіден 
алтыншы  разрядқа  дейін  бөлінген,  ал  жетінші  жəне  сегізінші 
разрядқа жоғары күрделі жекелеген жұмыстар жатады. Анықта-
малықта  келтірілген  жұмысшылар  қəсіптерінің  тарифтік-білік-
тілік  сипаттамалары  разрядтар  бойынша,  əдетте,  үш  тараудан: 
«Жұмыстардың сипаттамасы», «Білуге тиіс», «Жұмыс үлгілері» 
тарауларынан тұрады. 
«Жұмыстардың  сипаттамасы»  тарауында  жұмысшы 
атқара  алуға  тиісті  осы  кəсібі  мен  осы  разряды  үшін  барынша 
типті  негізгі  жұмыстың  суреттемесі  болады.  Бұл  жұмыстардың 
суреттемесі  еңбек  процесін  көрсетеді:  технологиялық  процесті 
тікелей  жүргізуге  дайындық  операцияларын,  жабдықты  күту 
жəне жұмыс орнын ұстау жөніндегі жұмысшының технологиялық 
процесті тікелей жүргізу жөніндегі əрекеттерін, олардың параметр-
лерін,  сатылары  мен  қысқаша  техникалық  сипаттамалары 
көрсетіле  отырып  жұмысшы  атқаратын  еңбек  функциялары 
беріледі.  
«Білуге  тиіс»  тарауында  «Жұмыстардың  сипаттамасы» 
тарауында  көрсетілген  жұмыстарды  сапалы  атқару  үшін 
қажетті,  яғни  еңбек  құралдарының,  еңбек  жабдықтарының 
технологиялық  жəне  сындарлы  ерекшеліктерін,  технологиялық 
процестің реті мен сатыларын, техникалық жəне технологиялық 
құжаттаманы  білу  секілді,  жұмысшы  біліктілігіне  қойылатын 
негізгі  талаптар,  сондай-ақ  атқарылатын  жұмыстың  айрықша-
лығы  мен  күрделілігінен  туындайтын  арнаулы  білім  талаптары 
баяндалады.  Аса  күрделі,  алтыншы  жəне  одан  да  жоғары 


Адам ресурстарын басқару 
 
86
 
 
разрядтарға  сəйкес  келетін  жұмыстарды  атқарушы  жұмысшы-
лардың  жекелеген  кəсіптері  бойынша  «Білуге  тиіс»  тарауында 
кəсіптік  білім  деңгейіне  қойылатын  орта  кəсіптік  білімнің 
міндеттілігі  түріндегі  талаптар  келтірілген.  Жұмысшылардың 
кəсіптік  даярлығы  мен  кəсіби  біліміне  қойылатын  нақты 
талаптар разрядтар беру кезінде белгіленуі мүмкін.  
«Жұмыс  үлгілері»  тарауында  осы  кəсіп  пен  жұмыстардың 
разрядына  анағұрлым  үйлесімді  жұмыстардың  тізбесі  келтірі-
леді. «Жұмыстардың  сипаттамасы»  тарауында  атқарылатын 
жұмыстардың  суреттемесі  жеткілікті  түрде  толық  берілген 
жағдайларда,  біліктілік  сипаттамаларында  «Жұмыс  үлгілері» 
тараулары келтірілмейді [... қосымша материалын қараңыз]. 
Сонымен,  Қазақстанда  аталған  анықтамалар  қызметкерлерге 
қоятын  біліктілік  талаптарын  орнатуға  негіз  болады  жəне  еңбек 
қатынастарын  реттеу,  ұйымның  қызметкерлерін  тиімді  басқару 
жүйесін  қамтамасыз  ету  мəселелерін  шешуде  қолданылады. 
Біліктілік  сипаттамалар  еңбекті  ұтымды  бөліп  ұйымдастыруға, 
кадрларды  дұрыс  тауып,  орналастыруға  жəне  пайдалануға,  лауа-
зымдық  нұсқауларды  жəне  оларға  қоятын  талаптарды  біркелкі 
жасауға, аттестация жүргізгенде не үміткерлерді іріктеу барысында 
қабылдайтын шешімдерді дəлелдеу үшін негіз бола алады. 
Біліктілік  сипаттамаларын  ішкі  ұйымдастырушылық  құжат-
тарды  дайындауға  пайдалануға  болады,  мысалы,  лауазымдық 
нұсқауларды  жасарда  қызметкерлердің  лауазымдық  міндеттерінің 
нақты  тізімін  өндіріс,  еңбек  жəне  басқару  ерекшеліктерін  ескере 
отырып жасайды, оның құқылары мен жауапкершілігін көрсетеді. 
Осыдан  қызметкерлерді  арнайы  даярлауына  тиісті  талап  туады. 
Ұйымның  техникалық  жəне  экономикалық  даму  барысында, 
заманауи  басқару  технологиясын  игергенде,  еңбек  тиімділігін 
жоғарылату  шараларын  жүргізу  барысында  қызметкерлердің 
міндеттер аясы кеңеюі мүмкін. Мысалы, қазіргі заманда басшылар, 
мамандар  мен  қызметшілер  үшін  біліктілік  талаптарды  белгі-
легенде  тек  екі  көрсеткішті – біліктілік  пен  жұмыс  өтілі – 
ескеріледі,  бұл  əрине  жеткіліксіз.  Сондықтан,  шетелдегі 
қызметшілердің  лауазымдарын  бағалаудағы  озық  тəжірибесін 
қолдану  керек,  соның  арқасында  олардың  жалақыларының 
өлшемін орнатарда еңбектерінің күрделігі дəлірек ескеріледі.  


Сейсембай Жұмамбаев  
 
87
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет