Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет45/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142
Байланысты:
Адам ресурстарын басқару

Қызметкерлерге  деген  қажеттілікті  жоспарлау.  Қызмет-
керлерге  жалпы  қажеттілік  жоспары  болашақ  мерзімде  керек 
болатын  еңбек  көлемін  анықтайды.  Ол  біліктілік  топтары 
бойынша бөлініп, жұмыс күші санын санап шығады. Əдебиетте 
жоспарлау əдістері туралы көптеген пікірлер айтылуда. Қызмет-
керлерге  қажеттілікті  жоспарлау  əдістері  есептеудің  əртүрлі 
дəлдік  дəрежесімен  өзгешелінеді.  Қаншалықты  нақтылыққа 
жақындығы  қойылатын  талап  түріне,  санмен  өлшенетіндігіне 
жəне жоспарлаудың уақыт мерзіміне тəуелді. Негізінен əдістер-
дің екі тобын ажыратуға болады: 
-  қажеттілікті жалпы болжау əдістері;  
-  қажеттілікті дəл анықтау əдістері. 
Қажеттілікті  жалпы  болжау  əдістері  қызметкерлерге  деген 
жалпы  қажеттілікті  санмен  есептемей,  тек  қана  оны  долбарлы 
бағалайды. Оны сапалық нышаны бойынша бөліп жатпайды. 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
93
 
 
Уақыт  мерзіміне  бейімделінуіне  қарай  жоспарлау  əдістерін 
екі топқа бөлуге болады: 
-  өткенмен байланысты əдістер; 
-  өткенмен байланысты емес əдістер.  
Өткенмен  байланысты  əдістер  статистикалық  тəсілдер  жəне 
көрсеткіштерге  негізделген.  Статистикалық  тəсілдер,  өзгерістерді 
корреляциондық-регрессиондық  талдау  сияқты,  қызметкерлерге 
қажеттілік пен бір тəуелсіз айнымалы арасындағы функционалдық 
байланысты  орнатады.  Соның  негізінде  тəуелді  айнымалының 
болашақта дамуын анықтайтын формула құрылады. 
Көрсеткіштер негізделген əдістер қызметкерлерге қажеттілік 
пен  кəсіпорынның  өлшенетін  көрсеткіші,  мысалы,  еңбек 
өнімділігі  арасындағы  тікелей  байланысты  пайдаланады. 
Осыған орай қызметкерге қажеттілікті болжауды келесі шартты 
зауыт мысалында келтірейік. 
 
1. 201_жылдағы бастапқы мəліметтер:
- жасалған құны 192000000 
теңге
- қызметкерлер саны
500
- 201_жылдағы жұмыс апталар саны
48
- бір қызметкерге шаққанда орташа
сағат саны 40 
сағат аптасына 
- бір қызметкерге шаққанда жалпы
сағат саны 1920 
жылына 
- барлық қызметкерлерге шаққанда 
жалпы сағат саны 960000 
жылына 
- 201_жылдағы сағаттық еңбек өнімділігі
(бір сағатта жасалған құн) 200 
теңге 
 
2. 201Х жылдың жоспар мəліметтері:
- жоспар бойынша жасаланатын құн
264000000 теңге
- жоспарланған еңбек өнімділігінің өсімі
10%
- жоспарланған сағаттық еңбек өнімділігі
220 теңге
- 201Х жылға қажетті жұмыс сағат саны (жасалынған 
құн/ сағаттық еңбек өнімділігі) 1200000 
теңге 
 
3. 201Х  жылы  жұмыс  уақыты  аптасына 39 сағатқа  дейін  қысқарады,  осыған 
орай əр қызметкер бір жылда 1872 сағат жұмыс істеуге міндетті. 
 
4. Зауыттың қызметкерлерге деген:
- жалпы қажеттілігі
641 қызметкер жылына
- қосымша қажеттілігі (641 – 500)
141 қызметкер
 


Адам ресурстарын басқару 
 
94
 
 
Өткен  құндылықтарға  бейімделінбеген  бағалауды  қолданатын 
əдістер  сарапшылардың  мəселені  жете  білуіне  негізделген.  Олар 
Дельфи  əдісі,  сценарийлер  жазу  сияқты  əдістерді  пайдаланады. 
Мысалы,  сценарий  əдісі  болжанатын  заттың  дамуының  барлық 
мүмкін бағыттарын болжайды. Қызметкерлер қажеттілігіне ықпал 
жасайтын  факторларды  жəне  осы  кездегі  күйін  талдау  негізінде 
осы факторлар жүйесінің даму варианттары жəне олардың болжау 
затына тиетін біріккен ықпалы суреттелінеді. 
Ал  қажеттілікті  дəл  анықтау  əдістері  еңбек  экономикасына 
арналған  оқулықтарда  толық  берілген.  Сонда  да  батыс 
əдебиетінде  осы  мəселеге  қалай  қарайтынын  қарастырған  жөн. 
Біздің  зерттеуіміз  бойынша,  қажеттілікті  дəл  анықтауда  көпте-
ген  ұқсастықпен  қатар  материалды  баяндауына  байланысты 
кейбір өзгешіліктер бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет