Адам ресурстарын басқару
178
r – дисконт өлшемі;
n – ұйымда қызметкердің жұмыс істеуінің ықтималды
мерзімі.
Сонымен, іске асырылатын құны шартты құнынан аз болып
келеді, ол түсінікті де, өйткені екінші формулаға кету жағдайын
енгізу бірінші формулаға қарағанда басқа позицияда болу
ықтималдығын төмендетеді. УС мен РС ақша өлшемімен анықта-
лады, өйткені позициялық құндар ақша бірлігімен алынған.
Күнделікті тəжірибеде жəне статистикалық мəліметі ретінде
жұмыс күшіне кеткен шығынның құнын (еңбек құнын)
есептейді. Бұл көрсеткіш қызметкерлердің жалдауына жəне
олардың еңбегін пайдалануына байланысты шығындарды
талдайды. Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасы
бойынша: «Жұмыс күшіне кеткен шығынның құны – ол жұмыс
берушінің (кəсіпорынның) жұмыс күшін ұстаумен жəне
пайдаланумен байланысты шығындары». Жұмыс күшіне кеткен
шығындардың халықаралық стандарттық жіктеуі бар, сол жерде
«еңбек құны» статистикалық түсінік ретінде өзіне келесілерді
енгізеді: атқарылған жұмыстың еңбекақысы, ол уақытта жұмыс
істелінбеген, бірақ берілетін төлемдер, сыйақы мен ақшалай
сыйлықтар, тамақтануға бөлінген шығындар, кəсіпкердің
қызметкерлерді пəтер үймен қамтамасыз етуге, əлеуметтік
сақтандыруға, кəсіптік даярлауға, мəдени-тұрмыс пен басқа
мақсаттарға кететін шығындары жəне төленетін тиісті салықтар.
Осы жолмен есептелген Қазақстандағы жұмыс күшінің құны бір
қызметкерге шаққанда 2009 жылы 877599 теңгеге тең болған,
оның ішінде ол көрсеткіш Атырау облысында – 1694874 теңгеге,
Маңғыстауда – 1546496 теңгеге, Алматыда – 1224290 теңгеге, ал
Жамбыл облысында – 547910 теңгеге, Солтүстік Қазақстанда –
570360 теңгеге тең болды.
Достарыңызбен бөлісу: