ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ МЕН
МӘН-ЖАЙЛАРЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДЫ ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ
РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Р.А. Жексембаева, магистрант
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.
geksemvaeba@mail.ru
Мақалада тергеу әрекеттерінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын
қайта жаңғыртуды тактикалық тәсіл ретінде пайдалану мәселелері қарастрылып, тергеу
экспериментінің табиғаты мен маңызына қатысты түрлі көзқарастар сараланды.
Статья посвящена актуальным проблемам следсвенных осмотра места происшествия,
которая применяется в качестве основного приёма при проведении проведении следственных
действии.
The article deals with the problem of judicial investigation of a place incident, which uses in a
quality of main way in carrying out the investigating actions.
Ключевые слова: Таным әдістері, оқиға болған жер, криминалист, таным процессі,
тактикалық тәсіл.
Қылмысты тергеу дегеніміз – болып өткен оқиғаны тану. Материалдық дүние
көрінісінің құбылыстары мен қасиеттерінің жалпылама өзара байланысы, өзара
тәуелділігіне орай бірде-бір құбылыс, соның ішінде қылмыстық әрекет із-түссіз өтуі
мүмкін емес. Ол қылмыс оқиғасына тікелей қатысатын обьектілерде, сондай-ақ осы
қылмыс оқиғасының материалдық жағдайында қандай да бір өзгерістер тудырады.
Қылмысты тергеу кезіндегі таным барлық кезде тікелей сипатқа ие болады. Ол
болып жатқан қылмыс оқиғасын тікелей бақылау арқылы іске асырыла алмайды, олай
болған жағдайда танушы – тергеуші куә рөлін иеленуі тиіс, ол шындығында оқиғаның
қандай көлемде болғандығын қайталай алмайды, бұл жағдайда әрекеттері қылмыс
ретінде саралануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша тану обьектісі айқын болып
тұрмайды. Оның негізін тікелей қабылдана алмайтын өткен күннің жасырын және
жасырылушы
фактілері
құрайды.
Жауапкершілік
алдындағы
қорқыныш
қылмыскерлерді өздерін білдірмеуге мәжбүрлейді.
Қылмысты тергеу түрлі мазмұндағы фактілік деректерді жинау арқылы
жүргізіледі, осы деректер арқылы таным аралық сипатты иеленеді. «Қабылдаудан
абстрактылық ойлауға және одан тәжірибеге», деген ақиқатты тану туралы
76
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
диалектикалық ереже қылмысты тергеу кезінде әсер етеді. «Қабылдау» оқиға болған
жерді тексеру, мәйітті тексеру, куәландыру формасында іске асырылады, соңынан
ойлау арқылы қылмыс оқиғасын және материалдық түрде тыйым салынбаған сипаттағы
оқиғаның жекелеген үзінділерін қайта жаңғырту үшін абстрактілі ойлауға жол беріледі.
Бүкіл таным процесі күрделі сипатқа ие. Тергеуші қылмыскердің қылмысты
жасауының бүкіл механизімін тану үшін, оның барлық әрекеттерін қайта жаңғыртуға,
ойлау арқылы қайта құрастыруға мәжбүр болады.
Қылмысты тергеу кезіндегі таным процесінің өзіндік ерекшеліктері барлық
көрнекті ғалым криминалистердің жұмыстарында атап өтілген. Олардың барлығы
келесі қасиеттерді көрсетуде бірыңғай пікірге келеді: тану үшін мемлекеттік өкілеттігі
бар адамдар таным субъектілері болып табылады, олардың қызметі белгілі бір іс
жүргізу формасында, заңға қатаң сәйкестілікте іске асырылады, танымдық қызмет
заңда белгіленген мерзімдермен шектеледі, мұның өзі қоғамның бүкіл мүшелері
арқылы танылады, тергеушінің танымдық қызметі қай жағдайда да мүдделі
адамдардың тарапынан күшті қарсылық көрсетілу жағдайында өтеді, ол өте жасырын
сипатта болады, кейде ұйымдасқан үлгіде ашық, дөрекі сипатта келеді [1]. Соңғы
жылдары Қазақстандық криминалистикада қарсылық көрсету және онымен күресу
шараларына арналған бірқатар диссертациялық зерттеулер пайда болды.
Таным әдістері мен критерийлері туралы мәселелер қылмыстарды тергеу кезінде
ерекше маңызға ие. Олардың негізгілері қылмыстық іс жүргізу құқығы және
криминалистиканы ғылыми тұрғыдан зерттеу пәні бола отырып, сонымен маңызды
дәлелдеу көздеріне, фактілік деректерді жинау құралдарына айналды: тексеру, жауап
алу, тінту, тергеу эксперименті, оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және т.б..
Қылмыс туралы ақпарат жинаудың көрсетілген құралдары алуан түрлі қызметке ие,
көлемді, маңызды болып келеді, мұның өзі теория мен тәжірибеде танымдық ақпарат
көздері және сондай-ақ дәлелдеудің іс жүргізушілік көздері ретінде қарастырыла
бастады. Сондықтан заңнама актілерінде – одақтас республикалардың қылмыстық іс
жүргізу кодекстерінде бекітіледі [2].
Ғылымтану адамның танымдық қызметінің амалдарын, тәсілдерін жүйелейді,
оларды функциялық мүмкіндіктеріне, қолдану механизмдеріне, қолдану субъектілеріне,
зерттеу обектілеріне қарай жіктейді. Криминалистика ғылым ретінде ғылымтанудағы
танымал әдістер жиынтығын шығармашылық тұрғыдан қайта жасады, оларды
қылмысты ашу, тергеу міндеттерін шешуге бейімдеді, келесі схема бойынша жүйеледі:
диалектикалық әдіс, жалпы ғылыми әдіс, арнайы әдістер . Осы жіктемеден бұрын өткен
ғасырдың бірнеше ондаған жылдар бойында криминалистер арасында пікірталас
жалғасып келді. Мәселен, А.Р. Ратинов әдістердің басқаша бір жіктемесін ұстанады. Ол
әдістерді келесі топтарға бөліп қарайды: бірінші топ – диалектикалық әдіс, екінші топ –
жалпы әдіс және үшіншісі – жеке ғылыми әдістер [3]. М.И. Лузгин тану әдістеріне
қарай барлық әдістерді екі үлкен топқа бөлуді ұсынады: ойлау қызметімен байланысты
әдістер және әртүрлі техникалық құралдарды қолданумен байланысты әдістер.
Алғашқы топқа ол көптеген ғалым – криминалистердің жалпы ғылыми әдістер ретінде
қарастыратын әдістерін жатқызады [4].
Тергеу әрекеттерінің маңызы жалпы ғылыми әдістер арқылы ашылады. Жалпы
ғылыми әдістер әрбір тергеу әрекетін жүргізу кезінде қолданылады, бірақ олардың
кейбірін жүргізу кезінде белгілі бір жағдайда жалпы ғылыми әдістердің бүкіл
жиынтығы қажет етіледі. Бәрінен бұрын барлық жалпы ғылыми әдістерге деген
қажеттілік оқиға болған жерде тексеру кезінде туындайды немесе олардың кейбіреулері
ғана қолданылады. Әрбір тергеу әрекетінің тану мүмкіндіктерінің шегі әрбір жалпы
ғылыми әдіс арқылы анықталады және ашылады. Сондықтан біз үшін әрбір жалпы
ғылыми әдістің шектеулі мүмкіндіктерін білу аса маңызды. Ғылымның даму логикасы,
ғылыми және практикалық қызметтің алуан түрлі міндеттері алуан түрлі әдістерді
77
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
тудырады. Мұның өзі материалдық дүние обьектілерін зерттеуге арналған жаңа
әдістердің пайда болуымен немесе ғалымдардың криминалистика теориясында
бейнеленген дәстүрлі тәсілдерін нақтылаумен байланысты келеді.
Алғаш рет криминалистика теориясында жалпы ғылыми әдістер туралы 50-
жылдардың басында жазыла бастады. Осы уақытта олар ұйымдасқан түрде
қолданылған жоқ, мәселен, оқиға болған жерді тексеру немесе сол кездегі тергеу
әрекеті аясында тікелей оны жүргізу кезінде қолданылды, мұның өзі олардың
танымдық мүмкіндіктерін шектей түсті. Негізінен оларға бақылау, суреттеу, өлшеу
жатады. Эксперимент, үлгілеу сияқты мұндай әдістер 60-жылдардың басында ғана
жалпы ғылыми әдістер мәніне ие болды. Егер үлгілеу осы уақытқа дейін ғылыми-
теориялық және тәжірибелік мәнге ие болса, бірақ оның барлық мүмкіндіктері
танылмаған болса, онда әдіс ретінде эксперимент сол бір 60-жылдары теориялық және
тәжірибелік тұрғыдан ғана зор маңызға ие болып кеткен жоқ. Ол оқиға болған жерді
тексеру, тінту сияқты дәлелдемелердің басқа да көздерімен бір қатарда тұрды. Алайда,
осы жалпы ғылыми әдіске қатысы тұрғысынан сол кезде және қазіргі уақытта да
қылмыстық іс жүргізушілерде де, кримналистерде де оның маңызы мен іс жүргізу
формаларын түсіндіруде бірыңғай әдіс жоқ. Оны тергеу эксперименті немесе оқиға
болған жерді тексеру мен нақтылау немесе оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-
жайларын қайта жаңғырту сияқты түрлі іс жүргізу формаларында қарастырылып келген
және қарастырылып жүр.
Тергеу экспериментінің табиғаты мен маңызына қатысты сол кезде екі түрлі
көзқарас болды. Бірінші көзқарас өкілдерінің пікірінше, тергеу эксперименті жеке
тергеу әрекеті емес, тергеулік тексерудің бір түрі немесе тіпті тексеру немесе тануды
жүргізу кезінде дәлелдерді тексерудің тактикалық тәсілі болып табылады.
Тергеу эксперименті және айғақтарды тексеру мәселесіне арналған жоғарыда
келтірілген көзқарастар ілгері сипатта болды, криминалистік тактиканың танымдық
мүмкіндіктерін кеңейте түсті. Бірақ тергеу тәжірибесі сол уақыттағы іс жүргізу
формасымен шектелген еді.
Одақтас республикалардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасы арқылы тергеу
эксперименті, оқиға болған жерді тексеру, тану сияқты дәлел алудың жаңа тәсілдері
реттелді. Алайда, тану «Жалпы одақтық маңызға» ие болғанымен, айғақтарды тексеру
мен тергеу эксперименті бұрынғы одақтас республикалардың тергеу әрекеттері
жүйесінде әртүрлі тұрғыдан қарастырылып келді.
Уақыт өте келе «Айғақтарды тексеру » атты тергеу әрекетінің атауын
«Айғақтарды оқиға болған жердегі жай-жапсармен салыстыру» деп өзгерту туралы
ұсыныс түседі. Алайда, кейіннен В.М. Уваров атап өткеніндей «салыстыру» термині
осы тергеу әрекетінің мазмұнын толық бейнелей алмайды [5]. Оның пікірінше, осы
әрекеттің барынша дәл атауы – «Айғақтарды тексеру». Ол өз алдына дербес тергеу
әрекеті болып табылады, ал атауы оның мақсатын айқын көрсетіп, оны басқа тергеу
әрекеттерінен бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Айғақтарды тексеру арқылы сезіктінің, айыпталушының, жәбірленуші мен оқиға
болған жердегі жай-жапсар куәларының және бұрын өткізілген тексеру нәтижелерінің
сәйкестігі белгіленеді, мұның өзі жауап алынған адамның немесе оқиғаға
қатысушының хабардар болуын немесе хабарсыз болуын көрсетеді. Р.С. Белкин де
осылай деп тұжырымдайды [6].
М.М. Хлынцов айғақтарды тексеруге басқа тергеу әрекеттерінің элементтері де
енеді деп атап өтеді. Бұл элементтер өзара байланысты келеді. Оның, пікірінше бір
әрекеттің басқа бір элементтен сан жағынан басым болуы тергеу әрекетінің сапасын
өзгерте алмайды [7].
М.О. Селиванов оқиға болған жерде айғақтарды тексеру деп, тиісті оқиға болған
жерде бұрын жауап алынған адамның айғақтарды қайта жаңғыртуынан көрінетін
78
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
тергеу әрекетін түсінеді. Кейбір жағдайда әрекеттерді бейнелеп көрсетеді, бұл
әрекеттер тергелуші қылмыспен байланысты орындалады, талданушы айғақтарды
оқиға болған жердегі нақты жай-жапсармен салыстыру арқылы атқарылады [8].
Айғақтарды тексеру мәселесімен О.В. Авсюк айналысты. Ол айғақтарды
тексеру барлық одақтас республикалардың ҚІЖК-де орнығуы тиіс деп санады. О.В.
Авсюк айғақтарды тексерудің күрделі танымдық құрылымына көңіл бөлді. Оның
негізін сұрақ алу мен бақылау құрайды, олар бір ғана уақыт ішінде вербалды ақпаратты
материалдық іздермен біріктіруге мүмкіндік береді. Оқиға болған жерде айғақтарды
тексерудің басты танымдық мақсаты жеке адамның айғақтары мен нақты тұрғылықты
жердің белгілері арасындағы сәйкестіктер немесе алшақтықтарды айқындау болып
табылады [9].
Оқиғаның жай-жапсарлары мен мән-жайларын қайта жаңғыртуға қатысты
жекелеген ғалымдардың пікірлері бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, В.П. Колмаков
оқиға болған жердің жай-жапсарлар мен мән-жайларды қайта жаңғырту өз алдына
дербес әрекет болуы мүмкін, ол дәлелді тексеру мен нақтылау, тергеу болжауларын
бағалау және жаңа дәлелді материалдарды алу мақсатында арнайы тәжірибелер
жүргізуден көрінеді деп есептейді. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеруге келсек,
автор былай деп атап өтеді: осы әрекет кейбір одақтас республикалардың қылмыстық іс
жүргізу кодекстерінде қарастырылмаған болса да жүргізіледі, өйткені ол жүргізілуші
іске қатысушылардың қылмыстық іс жүргізу ережесін бұзбайды, бірақ қандай іс
жүргізу формасында іске асырылу мүмкіндігін атап көрсетпейді [10].
М.В. Салтевский оқиғаның жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғыртуды
оқиға болған жерде алдын-ала жауап алынған адамның айғақтарын тексеру ретінде
қарастырады, мұнда адам белгілі бір орында өз айғақтарын қайталайды, мұның өзі өз
кезегінде айғақтарды шынайы жағдаймен салыстыру мүмкіндігін береді. Оқиғаның
жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғыртудың маңызы бір әрекет арқылы
тәжірибелік, сондай-ақ тексеру нәжижелерін өткізуге жол береді. Сол себепті осы
тергеу әрекетінің мазмұны тергеу эксперименті мен оқиға болған жердегі айғақтарды
тексеруді қамтиды. Сөйтіп екі жеке тергеу әрекеттерінің міндеттері бірігеді [11].
Барлық айтылғандардан көріп тұрғанымыздай, пікір алшақтықтарына қарамай
криминалистика ғылымында қылмыстың мән-жайларын қайта жаңғырту арқылы таным
әдісі тергеу экспериментінің немесе айғақтардың тексерілуінің маңызын көрсете алады,
я болмаса өз алдына дербес іс жүргізу формасын иелене алады және бір уақыт ішінде
эксперимент пен оқиға болған жердегі айғақтардың тексерілу мүмкіндіктерін бейнелей
алады. Бұрынғы КСРО кеңістігінде қылмыстың мән-жайларын қайта жаңғырту әдісіне,
оның танымдық мүмкіндіктеріне жан-жақты қасиетін берген бірден-бір қазақстандық
ғалымдар В.И. Попов пен Қ.А. Бегалиев болды [12]. В.И. Попов жай-жапсарды қайта
жаңғырту, қылмыс механизмі жүйесін оқиға болған жерді тексеру шеңберінде
бейнеледі [13]. Сол дәуірдегі басқа криминалистер кейіннен тактикалық негіздер мен
оқиға болған жерді тексерудің маңызын әзірлеу кезінде, қылмыстың жай-жапсарларын
қайта жаңғырту әдісін қолдану идеясына бей-жай қарады.
КСРО-дағы зерттеулермен қатар қылмысты тергеудегі таным әдістерін әзірлеу
мен қолдану шетелде де іске асырылды. 70- жылдардың соңында неміс криминалисті
Х. Штельцер версияларды тексеру үшін эксперимент қолдануды егжей-тегжейлеп, оны
жалпы теория мен әдістанымға ендірді [14]. Басқа бір неміс криминалисті А. Форкер
«Кибернетикалық үлгілер және криминалистік тәжірибе» мақаласында оқиға болған
жерді тексеру деректері, оқиға болған жерді қайта құрастыру негізінде құрастырылған
ойлау модельдерін құрастыру туралы теорияны дамытты, соның нәтижесінде
«қылмыстың барысы туралы, белгілі бір уақыттағы белгілі бір жағдай туралы білім»
алуға болатындығын көрсетті [15].
79
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Сонымен, криминалистиканың теориясы мен тәжірибесі оқиға болған жердің
жай-жапсарлары мен мән-жайларын қайта жаңғырту ұғымының маңызы туралы
бірыңғай көзқарас жасай алмады. Қазақстан Республикасының заңнамасына, бұрынғы
Қазақ СРО заңнамасына және басқа да мемлекеттердің заңнамаларына жасалған талдау
көрсеткендей, оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта құрастыру
мәселесіне деген теориялық көзқараста өзіндік бірлік жоқ. Пікір алшақтарының себебі
мынадан көрінеді:
-
криминалистика теориясында толық емес көлемде әрбір жалпы ғылыми
әдістің танымдық маңызы ашылған, оқиғаның жай-жапсарлары мен мән-жайларын
тергеушінің қайта жаңғырту әдісі толық бұрмаланады;
-
оқиғаның жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту, бірқатар тергеу
әрекеттерінде оқиға болған жерді тексеру, тергеу эксперименті, оқиға болған жерде
айғақтарды тексеру, тінту, жауап алу сияқты орын алады, олар түрлі танымдық
мүмкіндіктерге ие, өзінің міндеттерімен ерекшеленеді, алайда бұл аспектілер толық
шамада зерттелмеген;
-
бұрынғы КСРО-ның кейбір республикаларында қылмыстың жай-жапсарлары
мен мән-жайларын қайта жаңғыртуға өз алдына дербес іс жүргізу формасы берілген
болатын, мұның өзі біздің көзқарасымыз бойынша өте даулы ұстаным болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Нургалиев Б.М. Организованная преступная деятельность (уголовно- правовые,
процессуальные и криминалистические аспекты). – Караганда, 1997. – 139 с.
2.Искаков К.Е. Проблемы расследование преступлении: Автореф. канд. дис. юрид.
наук. – Алматы, 2004. – 26 с.
3.Ратинов А.Р. Судебная психология для следователей. – М.: Юринформ, 2001. – 349 с.
4.Лузгин И.М. Методологические проблемы расследования. – М., 1973. – 215 с.
5.Уваров В.Н. Проверка показаний на месте: Учебное пособие. – М., 1982. – 61 с.
6.Белкин Р.С. Проверка и уточнение показаний на месте: Курс лекций. –М.: ВШ МООП
РСФСР, 1961.– 117 с.
7.Хлынцов М.Н. Проверка показаний на месте. – Саратов, 1971. – 120 с.
8.Селиванов Н.А. Советская криминалистика: система понятий. – М.: Юрид. лит., 1982.
– 150 с.
9.Авсюк А.В. Процессуальные и тактические особенности проверки показаний на
месте. – Минск, 1990. – 127 с.
10.Колмаков В.П. Следственный осмотр. – М., 1969. – 196 с.
Специализированный курс криминалистики / под ред. М.В. Салтевского. – Киев, 1978.
– 383 с.
11.Попов В.И., Бегалиев К.А. Теоретические вопросы осмотра места происшествия. –
Алма-Ата, 1983. – Вып.39: Вопросы борьбы с преступностью. – 60 с.
12.Попов В.И. Осмотр места происшествия: Учебное пособие. – Алма-Ата, 1974. –
Вып.1: Тактические основы следственных действий. – 101с.
13.Вариеш Г.В., Колмаков В.П. Развитие криминалистики в ГДР за 20 лет //
Криминалистика и судебная зкспертиза. – Киев, 1970. – С. 29.
14.Егоров В.Ф. Аспекты относительной самостоятельности логического познания //
Методологические проблемы научного познания. – Горький, 1970. – С. 41.
80
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
УДК 343
ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ МЕН МӘН-ЖАЙЛАРЫН ҚАЙТА
ЖАНҒЫРТУДЫҢ ҰҒЫМЫ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Р.А. Жексембаева, магистрант
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.
geksemvaeba@mail.ru
Мақалада оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғыртудың
танымдық мүмкіндіктеріне арналған көзқарастар келтірілген. Оқиға болған жердің жай-
жапсары мен мән-жайларын қайта жанғыртудың ұғымы ашылып, түрлері сараланған.
В статье расскрыт сущность тонкостеи и деталей проведения осмотра места
происшествия, как одного из видов эксперимента при проведении следственных действии.
In the article is opened the subtlety and details of investigating of the place of incident, as one
if the type of experiment in in carrying out the judicial actions.
Ключевые слова: Эксперимент, семантика, странгуляциялық ойықтар, қайта
жаңғырту.
Қылмыстық сот өндірісінде және криминалистика теориясында «оқиғаның жай-
жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту» тергеу экспериментін жүргізу кезіндегі
танымның эксперименттік әдісінің элементі ретінде, немесе оқиға болған жерде
айғақтарды тексеру кезіндегі танымның құрамдас әдісі ретінде қарастырылды.
Криминалистиканың жетекші теоретиктерінің бірі Р.С. Белкин жалпы ғылыми әдістер
тізбесінде – бақылау, өлшеу, суреттеу, салыстыру, эксперимент, үлгілеу, зертеу әдісінің
математикалық, кибернетикалық және эвристикалық әдістері [1], оқиғаның жай-
жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту, қайта құрастыру (реконструкция), қайта
жаңалау (реставрация) әдістерін көрсетпейді деп санайды. Бірақ оның «эксперимент»,
«үлгілеу» әдістерін интерпретациялауда қайта жаңғырту және қайта құрастыру
элементтері құрайды. Мәселен, ол былай деп жазады: «Эксперимент дегеніміз – бұл
басқа элементтермен байланыстыра отырып, берілген немесе өзгермелі жағдайларда
құбылысты жасанды түрде қайта жаңғырту» [1, с.349]. Үлгілеу әдісін Р.С. Белкин
былай деп атап өтеді; «Жалпы тұрғыдан алғанда, үлгілеу әдісінің мәні ғылыми таным
нысанын үлгіге орналастыру және үлгіні зерттеу, оны зерттеу нәтижелерінің таным
нысанына таралуын анықтау». Ары қарай ол былай деп жазады: «үлгілеудің бір түрі
қайта құрастыру болып табылады, яғни қайсыбір нысанның қалдықтары немесе
суреттемесі бойынша қайта жанғырту, құбылысты, оқиғаны, нысанды бастапқы күйінде
оймен емес, шынайы түрде қайта жаңғырту» [1, с.349].
Кейбір криминалистік дерек көздерінде «қайта жаңғырту» ұғымы бақылау,
эксперимент, қайта құрастыру, айғақтарды тексеру ұғымдарымен мәндес етіп
қолданылады. Материалды дүние обьектілерін танудағы ойлау қызметінде адам
көптеген әдістерді қолданады; психо-физиологиялық әдістер (бақылау, суреттеу):
логикалық тәсілдер (талдау, өңдеу, индукция, дедукция, салыстыру); шығармашылық
әдістер (қайта жаңғырту, елестету, үлгілеу, интуиция); математикалық әдістер
(арифметикалық) және т.б. [2].
Семантикалық тұрғыдан алғанда, «қайта жаңғырту», «қайта жасау», «қайта
құрастыру», «қайта жаңалау», «үлгі», «үлгілеу», сөздері келесі түсініктемелерге ие.
Орыс тілінің синонимдер сөздігінде «қайта жаңғырту» сөзінің синонимі «қайта жасау»
[3]. Қайта жаңғырту, қайта жасау сөздері етістіктен туындайтын зат есімдер. Н.Ю.
Шведованың редакциялық етуімен шыққан С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде
«қайта жаңғырту» етістігі бір ғана мағынаға ие сөз, ол былай түсіндіріледі – қайтадан
81
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
жасау (мәселен, қаланы қайта жасау). Жадында қайталау, жаңарту өткен күннің
бейнесін қайта жаңғырту [4]. «Қайта жасау» синонимінің екі мағынасы бар; біріншісі –
бір нәрсені қайта жасау: екіншісі – қайта жаңғырту, қайта жаңарту, көшірмесін
қайталау. «Қайта құрастыру» сөзі де С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведованың сөздігіне
сәйкес қос мағынаға ие: алғашқысы – түбірлі қайта орнату, бір нәрсені жаңа негізде
ұйымдастыру; екіншісі – сақталып қалған қалдықтары, бейнелеулері бойынша қайта
қалпына келтіру [4, с.438].
«Қайта жаңалау» сөзі С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведованың сөздігі бойынша
келесі екі мағынаға ие: біріншісі – бұзылған, қираған ескі, өнер ескерткішін бұрынғы
бастапқы күйінде қайта қалпына келтіру; екіншісі – бұрынғы құлатылған саяси
құрылысты қайта қалпына келтіру [4, с.469]. С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведованың
сөздігіне сәйкес «үлгі» сөзі бес мағынаға ие: бір нәрсенің үлгісі; кішірейтірілген
көшірме немесе макет; қандай да бір конструкцияның типі, маркасы; қандай да бір
құбылыс немесе физикалық обьектінің схемасы; манекен қыз [4, с.228]. «Эксперимент»
сөзі С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведованың сөздігі бойынша тәжірибе ретінде түсіндірледі
[4, с.316-596].
Сонымен, өзінің семантикалық мағынасы бойынша «қайта жаңғырту», «қайта
құрастыру», «қайта жаңалау», «үлгілеу», «эксперимент» сөздері-ұқсас емес сөздер,
алайда осы сөздерінің семантикасында бір нәрсені жасауға байланысты сәйкес
элементтер ұшырасады. «Қайта жаңғырту» және «қайта жасау» сөздері семантикалық
тұрғыдан барынша жақын келеді.
Мұның барлығы толық көлемде қайта жасауға болмайтын, болып өткен қылмыс
оқиғасын тергеу барысында тергеушінің танымдық қызметінде қолданылады, тікелей
қатынасқа ие. Бұл сөздердің әрқайсысы түсінік шеңберінде белгілі бір мағыналық
жүктемеге ие, тергеушінің танымдық қызметінің бір функциясын атқарады. Мұның өзі
қабылдау, бағалау, ой қорытындысын жасау, қорытындылау кезеңінде тергеушінің
ойлау қызметінің тәсілдерімен және материалды дүние нысандарын тану тәсілдерімен
бірге таным теориясы және криминалистикаға сәйкес байланысты болуы мүмкін.
Нақты бір қылмыс оқиғасы қылмыстық іс жүргізуде таным обьектісі ретінде
функция атқарушы және өзара әрекеттесуші элементердің өзара байланысты
жиынтықтарын біріктіретін жүйенің қажетті әрі жеткілікті белгілеріне ие болады.
Тергеу және сот талқылауы барысында фактілік деректерді зертеу шамасына қарай
тергеуші мен сот қылмыстың мән-жайлары туралы білімді игереді. Психо-
физиологиялық жақтан алғанда, тергеушінің, соттың, прокурордың білімдері
обьективті жүйенің бейнесі ретінде көрінеді. Қылмыс оқиғасын бейне жүйесі ретінде
бейнелей отырып, қылмыс туралы көріністер жиынтығы жасалушы, екінші жүйе болып
табылады, бұл жүйе обьективті жүйеге ұқсас болуы тиіс.
Обьективті жүйенің алуан түрлі құрылымдық байланыстары адам санасында
күрделі логикалық құрылымдар ретінде бейнеленеді. Әрине, обьективті жүйе барлық
кезде оймен бейнеленуден ауқымды келеді, бірақ бұл оймен бейнелену обьективті
жүйеге сәйкес болуы тиіс. Мұның өзі логиканың негізгі заңдарының бірі ұқсастық
заңында айтылған. Әрбір шынайы зат немесе процес есепсіз мол қасиеттерге,
белгілерге ие. Бейнелеу шегі біріншіден, біздің сезімімізге берілген құбылыстардың
маңызы туралы субьективті түсініктермен, екіншіден осы құбылыстардың бақылана
алуымен шектеледі [5].
Обьективті ақиқаттың негізгі мазмұны – қылмыс өткен күнге жатады, ол қазіргі
күнмен, ағымдағы танымдық қызметпен бақыланбайды. Бірақ қазіргі күн өткен күннен
қол үзбейді. Бүгінгі күн өткен күннің нәтижесін көрсетеді, осы тұрғыдан алғанда әрбір
обьект «өткеннің ізі» ретінде қаралады. Өткенді қайта қалпына келтіру әдістері оларды
тану үшін жетекші рөл атқарады.
82
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Мәселен, жәбірленушінің мәйітін тексеру кезінде тергеуші оның мойнынан
тұтас странгуляциялық ойықтарды көреді, мұның өзі оның санасында қылмыскердің
қалай жіпті жәбірленушінің мойнына салып, тартып жатқаны туралы ойға әкеледі,
немесе қылмыскердің пәтерге кірген жерін тексеру кезінде есік жақтауына күш
жұмсалғанын, оның майысқанын, есіктің сызат түскен жерлерін көре отырып,
тергеушінің санасында қылмыскердің ломмен есіктің қорабынан есікті бұзып ашып
жатқан бейнесі пайда болады.
Мынадай сұрақ туындайды: «тергеушінің ойлау қызметінде не нәрселер болып
жатады: үлгілеу ме әлде қайта жаңғырту ма? Криминалистикада қылмыс әрекетін тану
кезінде, тергеушінің ойлау процесі үлгілеу процесі ретінде қарастыру қалыптасқан .
Біздің көзқарасымыз бойынша, мұның өзі біржақты әдіс. Ойлау қызметі күрделі
құрылымға ие, ол танымдық зат ерекшеліктеріне, тергеу міндеттеріне, қылмыс оқиғасы
туралы мәліметтердің мазмұнына, таным құралдары мен тәсілдеріне байланысты
болады. Оймен елестету, оқиға туралы түсініктер, пікірлер жүйесі ақиқатты анықтау
тәсілдері туралы түсініктермен тығыз байланысты, мұның өзі қылмыс дәлелдерін
жинау және тергеу нәтижелерін бағалау бойынша тәжірибелік қызмет тұрғысынан
көрініс табады. Тергеушінің ойлау қызметінде үлгілеу элементтері мен қайта жаңғырту
элементтері бар деп атап өтуге болады.
Ойлау қызметінің тәсілі ретінде қайта жаңғырту кезінде сезімдік қабылдау
нәтижелері – мейлі, ол оқиға болған жерді тексеру немесе айғақтарды алу, я болмаса
тергеу эксперименті, немесе айғақтарды оқиға болған жерде тексеру болсын –
тергеушінің бұрынғы жеке тәжірибесінен және жалпы криминалистика ғылымынан
алған бүкіл білім жиынтығы арқылы өзара белсенді әрекетке көшеді. Бұрын
жинақталған білімдермен бірге бақылау және қабылдауда өңдеу арқылы тергеуші
санасында өткен күнге қатысты нақты оқиға бейнесі пайда болады. Мұның өзі
зерттелінуші обьектінің көшірмесі, нақты бейнесі болуы қажет. Қайта жаңғырту –
қабылдауды, бақылау нәтижелерін және тергеуші санасындағы әрекеттер, оқиғалар
туралы түсініктерді қайта өңдеудің ерекше түрі [6].
Қайта жаңғырту – тергеушінің талдау және шығармашылық қызметінің қажетті
компоненті. Қайта жаңғырту кезінде елестетудің маңызы зор. Қылмыстың мән
жайларын тану – барлық уақытта шығармашылық міндет болып табылады, оны
шешудегі әрбір қадам елестетуді талап етеді. Нәтижесінде тергеуші санасында оны өзі
бақылаған белгілі бір оқиғаның бейнесі пайда болады.
Сезімдік – көрнекілік бейнелер (көбіне құбылыстардың, заттардың,
процестердің, жағдайлардың, адамдардың көру және есту бейнелері) тергеуші
санасында оқиға болған жердегі жай-жапсарлармен, түрлі заттармен, қылмыстың ізі
қалған заттарымен, куәлардың айғақтарымен, құжаттармен және т.б. пайда болады.
Тергеушінің оймен қайта жаңғырту құрылымындағы сезімдік-көрнекілік элементтерді
логикалық элементтерден бөлек қарауға болмайды [6, с.117]. Мәселен, оқиға болған
жердегі жай-жапсарды зерттей отырып, тергеуші оқиға мен фактілердің байланыстарын
ойластырады, сезіктінің (айыпталушының), куәлардың, жәбірленушінің түсініктерін
ескереді, өз тәжірибесіне жүгінеді. Бұл жағдайда сезімдік – көрнекілік бейнелер
болжаулармен ұштасып кетеді, ал соңғылары қабылдауға және олардың
бағыттылығына әсер етеді. Сезімдік – көрнекілік бейнелер ұғымдармен жұмыс істеуге,
оларды біріктіруге, фактілер арасында байланыс орнатуға көмектеседі, тергеуші
санасында оқиға көрінісін қайта жаңғыртуға, дәлелдерді бағалауға және оларды
қылмысты тергеу міндеттерін шешу үшін қолдануға көмектеседі. Сөйтіп, оймен қайта
жаңғырту сезімдік – көрнекі бейнелер мен логикалық құрылымдардың диалектикалық
жылжымалы бірлігін көрсетеді [6, с.127].
Адамның ойлау табиғатына үздіксіз даму, өзгеру, жаңару тән, ол тергеуші
санасында қалыптасатын ойлардың қасиетін де анықтайды. Қылмыс оқиғасының мән-
83
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
жайларының зерттелу шамасына қарай, олар жаңа мазмұнмен толыға түсіп дамиды.
Қылмысты тергеу кезіндегі тергеушінің ойының динамикалығы мен ықтимал
тұрақтылығы қарама-қайшы қасиеттердің диалектикалық бірлігін құрайды [6, с.91].
Бейнені қайта жанғыртуда белгілі бір тұрақтылық болады. Олардың ішкі
құрылымы, әсіресе, сезімдік бейнелер жүйесі оларды біршама тұрақты етеді. Осыған
байланысты оймен қайта жаңғыртылған оқиғалар ақпараттын өзіне жинақтай отырып,
жадында сақтайды. Оймен, үлгілеуге қайта жаңғыртуға қарағанда, жылжымалылық
қасиеті тән болып келеді.
Оймен қайта жаңғырту үлгілеуден былай ерекшеленеді: соңғысы зерттелінуші
оқиғаның ойлау нұсқаларын, жолдарын және оны тану тәсілдерін жасау мүмкіндігін
береді. Бұл үлгілердің маңызы мынада, яғни олар тергеушінің ізденіс жұмысын
бағыттап отырады.
Оймен үлгілеу арқылы болжамдық түрде фактілер мен қылмыс құрамының
барлық элементтері, оның жіктемелік белгілері арасындағы тікелей қабылданбайтын
байланыстар туралы түсінік қалыптасады, қылмыстың барлық жақтарын қайта жасау
үшін алғы шарттар құрылады. Сондықтан, оймен үлгілеу – болжауларды құру мен
тексеруге арналған таным құралы, ал оймен қайта жаңғырту – таным құралы болып
табылады, соның көмегімен фактілер, олардың арасындағы логикалық байланыс
түпкілікті орнығады, содан соң тергеушінің айыптау немесе ақтау пікірі пайда болады.
Тергеушіге тән ойлау қызметінің ерекшелігі мыналар болып табылады:
құқықтық санасының әсерімен ойлау бейнелерінің қалыптасуы; қылмыстық және
қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсініктер мен ұғымдар; ақпаратты жинақтау,
тексеру мен пайдалануы. Белгілі бір құқықтық білімдер жүйесі ретіндегі тергеуші
санасында бейнеленген құқық нормалары өзіндік бір сүзгі қызметін атқарады.
Осы арқылы ойлау бейнелерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпарат
жіберіледі. Қайта жаңғырту кезінде ойлау бейнелерін қалыптастыру іс жүргізу
актілерінде (хаттама, схема, жоспар) таным нәтижелерін және іс жүргізілу барысын
бейнелеу арқылы бір уақытта жүргізіледі, мұның өзі үлгілеуде атқарылуы мүмкін емес.
Оймен үлгілеу және оймен қайта құрастыру арасындағы айырмашылық
шешілуші міндеттерге байланысты. Оймен үлгілеу құрылымында қылмысты тергеу
кезінде екі негізгі бағытты бөліп көрсету керек [5, с.74-87; ]. Алғашқы бағыт қылмысты
құрайтын өткен күннің фактілеріне, ал екіншісі – қылмыстың мән-жайларын анықтау
бойынша келер күннің тәжірибелік қызметіне бағытталған [5, с.74-87].
Тергеушінің ойлау қызметіндегі алғашқы бағыт – ретроспективті бағыт, екіншісі
– перспективті бағыт. Мұнда үлгілеудің логикалық конструкциялары ықтималды
сипатқа ие болуы мүмкін, қайта жаңғырту кезінде олар осы сәтте белгіленген
обьективті ақиқатқа сәйкес болуы тиіс. Қайта жаңғырту кезінде екінші бағыттың болуы
мүмкін емес, өйткені болмаған нәрсені қайта жаңғыртуға болмайды. Бірақ мұның өзі
қайта жаңғыртудың эвристикалық рөлін жоққа шығармайды.
Атап айтқанда, өткенді қайта жаңғырту тергеушіге оларды сәйкес бағалауға,
тактикалық операция, нақты тергеу әрекетін, жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін
оңтайлы тактикалық шешім қабылдауына көмектеседі. Сондай-ақ дәлелдеу
сенімділігін, аралық фактілерді анықтауға, сөйтіп айыптау қорытындысын жасауға
мүмкіндік береді. Сонымен, егер үлгілеу ретроспективті және перспективті сипатта
болса, онда қайта жаңғырту тек қана ретроспективті бола алады.
М.И. Лузгиннің пікірінше, репроспективті модель құрылымындағы логикалық
конструкциялар ретінде мыналар бола алады: қандай да бір қылмыс белгісі бойынша
қылмыстық іс қозғауға арналған негіздемелер туралы тергеушінің түсінігі мен
пікірлерінің жүйесі; осы қылмыс құрамын құрайтын элементтер туралы түсінік; жеке
фактілер арасындағы байланыстар жүйесі; жеке дәлелдемелердің мазмұны; тергелуші
қылмыстық іс бойынша бүкіл дәлелдемелердің жиынтығы; оқиғаның сипатын, оның
84
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
жеке элементтерін, фактілердің пайда болуы мен себептік маңызын түсіндіретін типтік
болжаулардың жүйесі [6, с.74-87]. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл – үлгілеу
процесінің мазмұнын шектен тыс кең түрде түсіндіру. Үлгілеу процесін бүкіл дәлелдеу
процесі қамтиды. Біздің көзқарасымыз бойынша, қылмыс құрамының жеке элементтері
мен орнатылуы тиіс мән-жайлардың жеке элементтері арасындағы мүмкін болатын
байланыс үлгілеудің логикалық конструкциясы болып табылады.
Ретроспективті жоспарды қайта жаңғырту кезінде қылмыс жасалғанға дейінгі
қылмыскердің реттелген әрекеті, кейде жәбірленушінің реттелген әрекеті, қылмыс
оқиғасын құрайтын әрекеттер, қылмыс жасалғаннан кейінгі әрекеттер, немесе қылмыс
механизмі логикалық конструкциялар болып табылады.
Перспективалық үлгілеу тергеу міндетіне қол жеткізу, оқиға жөнінде сенімді
білімдер алу тәсілдері туралы тергеушінің ой түсінігінде көрініс табады, тергеу
жоспарында белгіленеді. Ол мынадан байқалады: қандай міндеттер шешілуі және
қандай мән-жайлар анықталуы тиіс; қандай шынайы болжауларды ұсынуға болады;
қандай іс жүргізу әрекеттерімен және қандай жедел-іздестіру шараларымен бұл
міндеттер шешілуі мүмкін; қандай ұйымдастыру және техникалық шаралар қажет.
Ретроспективті қайта жаңғырту сондай-ақ осы барлық міндеттерді шешуге
ықпал етеді, перспективалық үлгілеу арқылы тергеуші өз жұмысының мүмкін болатын
нәтижелерін болжайды.
Қайта жаңғырту логика заңымен өтуі тиіс. Өткен оқиғаның іздерін бажайлау
біртіндеп жүріп отырады, тергеу барысында қылмыстың жай-жапсары мен мән-
жайларының жеке үзінділері ғана қайта жаңғыртылады, біртіндеп іздің жинақталуына
қарай қылмыс оқиғасы туралы толық бейне құрылуы мүмкін.
Сонымен, қылмыс туралы бүкіл білімдер жүйесі қайта жаңғыртылған бейнелер,
түсініктер жүйесі ретінде, болған оқиғаның бейнесін жасау ретінде пайда болып, дами
түседі. Оймен қайта жаңғырту маңызды танымдық функция болып табылады, ол тергеу
жағдайына қарай жай және күрделі болуы мүмкін.
Оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғыртудың
танымдық мүмкіндіктеріне арналған жоғарыда келтірілген көзқарастар жағдай
тұрғысынан қарастыруды қажет етеді. Криминалистік талдау көрсеткендей, кез-келген
тергеу экспериментін жүргізу барысында ғылыми ұсыныстар әзірлеуді, алгоритмдік,
шешімдерді қолдануды және компьютерлік техниканы қолдану арқылы танымдық
міндеттерді шешуді қажет ететін ұқсас жағдайлар пайда болады. Әрбір әрекеті
шеңберінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
олардың әрқайсысы үшін танымдық мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
Қайта жаңғырту кезінде қайта құрастыру мен үлгілеу және эксперимент
құрамдас бөлім ретінде келеді. Тергеуші тергелуші істің жағдайларын, құбылыстарын,
мән-жайларын анықтау және тексеру мақсатында үлгілей отырып, тәжірибе жүргізе
отырып, олардың нәтижелерін зерттей отырып, қылмыс оқиғасының белгілі бір
жағдайларын қайта жаңғырта алады.
Тергеу әрекеттері құқықтық форманы көрсетеді, соның шеңберінде тергеуші
қылмысты алдын-ала тергеу сатысында қылмыстық істегі дәлелдемелерді айқындайды,
белгілейді және тексеріп өтеді. Алдына қойылған мақсатқа қарай, бұл әрекеттер
дәлелдеме жинау немесе тексеруге бағытталуы мүмкін. Алайда, сол бір ғана тергеу
әрекеті алынған дәлелдемелерді тексеруге, сондай-ақ жаңасын алуға (мұның өзі істің
мән-жайына және тергеу жүргізілу кезеңіне байланысты), тергеу әрекетінің маңызын
тануға бағытталуы мүмкін.
Әрбір тергеу әрекетінің танымдық табиғаты оның ішкі құрлымын талдауды,
тергеу әрекетін танымдық тәсіл немесе ақпарат алу, тергеу әрекетін өткізу
барысындағы жалпы ғылыми әдісін кеңінен пайдалану тұрғысынан қарастыруды қажет
етеді. Мәселен, оқиға болған жерді тексерудің танымдық маңызы – бұл бір уақыт
85
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ішінде ақпаратты қабылдау мен қайта құрастыру. Ол қылмыстың материалдық жай-
жапсарынан, өтініш берушінің вербалды ақпаратынан және қылмыс механизмін қайта
жаңғырту жағдайына орай болатын дерек көздерінен алынады. Айғақтарды тексерудің
танымдық маңызы - бұл бір уақыт ішінде ақпаратты қабылдау мен қайта құрастыру. Ол
қайта жаңғыртылған бейнелерді салыстыру мақсатында, түрлі дерек көздерінен (оқиға
болған жерді тексеру материалдарынан, жауап алу хаттамасынан, оқиға болған жерде
қатысушының әрекетін жай ғана бейнелеп көрсету нәтижелерінен) алынады. Тергеу
экспериментінің танымдық маңызы қылмыс оқиғасының жай-жапсарлар мен мән-
жайларын қайта жаңғыртудың бір бөлігі болып табылатын белгілі бір фактілерді,
құбылыстарды, заттар немесе салдарлар себептерін анықтау мақсатында, тәжірибелік
әрекеттер жүргізуден көрінеді.
Алайда, қайта жаңғырту мазмұны бойынша бірде-бір тергеу әрекетінің (екі
тергеу әрекеті – оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылаудан және тергеу
экспериментінен басқа) танымдық мүмкіндіктеріне енбейді, барлығы басты негізде жай
ғана «оқиға болған жерді тексеру, мәйітті тексеру, құжаттарды тексеру, тінту, фактілік
деректерді сұрастыру» кезінде алынған деректерді жай ғана бекітуге жатады, мұның
өзінде осы тергеу әрекеттерінің мүмкіндіктері толық шамада пайдаланылмауда.
Қылмыс оқиғасының кейбір мән-жайларын қайта жаңғыртумен тікелей байланыста
көрсетілген тергеу әрекеттерін қолдану қайта жаңғыртуды мақсат етпейді.
Мұны тәжірибемен танысу нәтижелері дәлелдейді (қосымшаны 2 қараңыз):
сұралған тергеушілердің 83%-ы қайта жаңғыртуды бұрмалайтындықтарын айтады,
айғақтарды тексеру «адамның бұрын берген айғақтарын бекіту үшін» ғана қажет деп
санайды, 17% ғана осы тергеу әрекетін жаңа дәлелдемелер алу, версияларды тексеру
үшін жүргізеді. Тергеу экспериментін уақыт тапшылығына байланысты өткізбеуге
талпынады.
Әрине, тергеу әрекеттерінің мақсатын ықшамдау олардың танымдық
мүмкіндіктерін шектейді.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандарды негіздей отырып, мынадай қорытынды
жасауға болады:
- «оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту»
ұғымын әдіс, тәсіл ретінде қарастыра аламыз, ол дәлелдеме алу, оларды тексеру мен
нақтылау, сондай-ақ жаңа деректер алу үшін жүргізіледі;
- қайта жаңғырту – әдісі, танымдық тәсіл ретінде ойлау арқылы және
материалдық тұрғыдан іске асырылуы мүмкін. Ойлау арқылы қайта жаңғыртуды бүкіл
тергеу барысының мақсаты ретінде және шығармашылық зерттеу ретінде материалдық
жағдай мен процестерді қайта жаңғыртудан ажырата білу керек;
- қайта жаңғырту кезінде логика заңдары, соның ішінде ұқсастық заңы сақталуы
тиіс: қайта жаңғыртылған обьект (жалпы оқиға, жалпы қылмыс, оның механизмі,
жасалу орны, жай-жапсары, қылмыскер және т.б.) зерттелінуші обьектіге сәйкес, ұқсас
келуі тиіс;
- тергеу жағдайына қарай қайта жаңғыртудың құрылымы жай және күрделі
болуы мүмкін. Күрделі жағдайларда одан қайта жаңалау, қайта құрастыру, үлгілеу және
эксперимент бұрын жасалады;
- оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту кезінде
қайта жаңалаудың, қайта құрастырудың және үлгілеудің рөлін атап өте отырып, біздің
көзқарасымыз бойынша, жаңа ақпарат көздерін құру кезінде, оны процессуалдық
тұрғыдан рәсімдеп, ҚР ҚІЖК-нің 239-бабы 4-тармақшасына мыналарды енгізген жөн:
«жүргізілуші жағдайлардың сенімділік жағдайларын сақтау үшін, обьектілер қайта
жаңалануы, жай-жапсар элементтері қайта құрастырылуы, үлгілер мен макеттер
жасалуы мүмкін».
86
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
-
қайта құрастыру деп, дәлелдеуші фактілерді анықтау, сондай-ақ
дәлелдемелерді тексеру мақсатында жаңарту, я болмаса белгілі бір жағдайды бейнелеп
көрсету, я болмаса белгілі бір оқиғаны қайталау ұғынылады, қайта жаңалау
(реставрация) деп, қылмыс оқиғасымен белгілі бір байланыста тұрған обьектінің
бұрынғы бастапқы жағдайын қайта қалпына келтіруді түсіну қажет;
- эксперимент және қайта құрастыру арасында айырмашылықтар бар, сондай-ақ
олар сәйкестік және алмасулармен сипатталады. Бір жағынан алғанда, қайта құрастыру
және эксперимент арасындағы байланыс мынадан көрінеді: қайта құрастыру көбіне
эксперимент жүргізудің алдыңғы шарты болып табылады, басқа жағынан алғанда,
эксперименттің өзі белгілі бір жағдайды немесе процесті қайта құрастыруға және қайта
жаңғыртуға жатады;
- қайта құрастыру және эксперимент арасындағы байланыс мынадан көрінеді:
қайта құрастыру арқылы өлшемдері бұрын белгісіз болған жағдайлардың барынша
мүмкін болатын сәйкестігіне қол жеткізуге болады;
- экспериментті позитивті ретте өткізу кезінде оқиғаның өзін немесе оның бір
бөлігін қайта жаңғырту нәтиже бола алады. Экспериментке қарағанда қайта
құрастыруға тәжірибе сипаты тән емес, қайта құрастыру кезінде жағдайды өзгертуге
болмайды. Қайта құрастыру мен экспериментті өз алдарына дербес әрі маңызды таным
әдістері ретінде қарастырған дұрыс, мұның өзі ақиқатты орнатуға әкеледі.
Әдістердің маңызы мен оларды қолдану тәжірибесі қайта жаңғыртудың, оның
құрамдас бөлімдері – эксперименттің, қайта құрастырудың, үлгілеудің іс жүзіндегі
ерекше маңызын көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Белкин Р.С. Курс криминалистики: в 3 т. – М.: Юрист, 2007. – Т.1: Общая теория
криминалистики. – 408 с.
2.Далин В.Н. Принципы материалистической диалектики в научном познании. – М.,
1999. – 247 с.
3.Александрова З.Е. Словарь синонимов русского языка / под ред. Л.А. Чешко. – М.:
Русский язык, 1986.– 600 с.
4.Ожегов С.И. Словарь русского языка / под ред. Н.Ю. Шведовой. – М., 1988. – 748 с.
5.Хлынцов
М.Н. Криминалистическая информация и моделирование при
расследовании преступлений. – Саратов, 1982. – 159 с.
6.Коршунов А.М. Место чувственного отражения в научном познании // Марксистско-
ленинская диалектика процесса познания. – М., 1985. – С. 58.
7.Нарский И.С. К вопросу от отражении свойств внешних объектов в ощущениях //
Проблемы логики и теории познания. – М., 1968. – С. 55.
8.Лузгин И.М. Моделирование при расследовании преступлений. – М., 1981. – 152 с.
УДК 343
Достарыңызбен бөлісу: |